Адам қарады: 334 | Жарияланды: 2017-03-06 04:28:31
Тосын сұрақ
Түйіп қалғандай төбеден,
Сұрақ қойды немерем.
-Ата, сіз айтасыз:
Көйлегіңнің етегі,
Желбең, желбең етеді.
Ал кітапта жазылған,
Асқар таудың етегі.
Түсіндірдім өзімше,
Дүйім жұрттың көзінше:
-Таудың да болады басы,
Болады және етегі.
-Тауда етек бола ма?
Шапаны жоқ қой киетін.
Таудың басы бола ма?
Бөркі де жоқ киетін.
Тауда бас бар дегеніңіз,
Мүлде дұрыс емес қой.
Бұл мағынада тұрғанда,
Бас: ұғым, елес қой.
-Біліп тұрсаң бәрін,
Сөздің мәнін, құрамын.
Атаңның басын қатырып,
Несіне сұрайсың шырағым?
Дейді маған немерем,-
Сіздің біліміңізді сынадым.
Өзімше өлең құрадым:
Жайқалған жасыл құрағым,
Таудан аққан бұлағым.
Шырқала берсін жыр-әнің,
Таусылмасын сұрағың.
Тіпті жүзден асқанша,
Жауап беріп тұрамын.