Адам қарады: 259 | Жарияланды: 2017-03-14 03:20:09

Қарызға ұят бар ма?

Жақында «Біз тауып береміз» атты жоқ іздеушілердің жоғын

жоқтайтын, қол ұшын беретін фирма аштым. Фирма ашылған

бойда есік қағушылар көбейді. Ең алдымен бізге қаладағы бе-

делді мекеменің басшысы Ойранбек Сатыпалғанов келді. Фир-

маға келе сала ойранды салды. Хатшы қызымды ұрып жықты.

Столды сындырды. Дөрекілігі сондай аузына келгенін айтып,

әкемізден боқтады. Амалсыздан полиция бөліміне көмекке

жүгіндік. Бірақ, олар Ойранбектің атынан үркіп қарасын көрсет-

педі. Екі сағаттан соң жын ұрған бастықтың аузынан атқылаған

көбігі басылып, сөзге келді. Сүйтсек, ол кісі осыдан бір жыл

бұрын ұятын жоғалтып алған екен. Бізге ұятсыз басшыны әйелі

ертіп әкеліпті.

- Ойранбекпен отау құрғаныма отыз бес жыл болды. Бұрын

ақ көңіл, адал жан еді. Басшылыққа көтерілгеннен кейін, мінезі

күрт өзгерді. «Адамнан жасырғанды құдайдан жасыра алмай-

сың» демекші, соңғы кездері үй-іші қымбат жиһаздарға тола

бастады. Мекеменің қаражатын оңды-солды шашуды әдетке

айналдырды. Көкірегі өсіп адам баласынан қорықпады, көрінген-

ге жекірді. Секірді. Кейін, емшіге суретін апарып едім, ұяты

жоғалып қалыпты деген соң, сіздерге әкеліп отырмын-деп, ба-

секеңнің әйелі еңіреп жіберді. Рас мына түрімен отағасы түрме-

ден, не жындыханадан бір шығуы мүмкін.

Ұятын іздеп келген басшыға кәдімгідей риза болдым. Өзге-

лерге үлгі боларлықтай оқиға.

- Мен осылай бір сағат отырамын да, қайтадан жындана-

мын. Бойымда бір грамм ұят жоқ. Соның кесірінен мекемедегі

іскер мамандардың соңына түсіп, жұмысқа ағайын-туыстарды

жиып алдым. Кабинетіме келгендерді жағадан алып сабадым.

Өте ұятсыз болдым. Ұятым бар кезде мұндай емес едім. Сіздер-

ден өтінерім маған тез арада ұят тауып беріңдер, көмектесің-

дерші- деп, Ойранбек ағамыз да өкіріп тізерлеп, екі қолымен

жер сабады.

Байғұсты қатты аяп кеттім. Пенде ғой қателескен шығар.

Уақыт аз тез арада ұят тауып бермесек қиын болайын деп тұр. Фирмада ұят тез өтіп кетеді. Шет елден келген ұяттар сапасыз.

Мекемеде еден сыпыратын Қиғаш деген әйел бар еді. Сол кісіге

жалындым

- Апай, ұятыңды мына Ойранбек Сатыпалғановқа бере

тұрыңызшы, сізге жуық арада ұят тауып береміз –дедім.

- Ойбай көтек, ұят өзіме де керек қой. Үйдегі ағаңда да ұят жоқ еді- деді Қиғаш апамыз шошынып.

- Ертең сізге ұят тауып беремін. Мына кісі дырдай мекеменің басшысы ғой, апа, көмектесіңізші-дедім. Ол кісі көнді. Ұятын бере салды.

Ойранбек бойына ұят кірген бойда жүзіне қан жүгіріп,

күлімсіреп қайта-қайта алғысын жаудырды. Көгеріп қатып қал-

ған екі беті жыбырлай бастады. Екі езуінің екі жаққа ыржиып

керілмегеніне де біраз болған екен. Түйіліп қалған қабағы

бұлттан шыққан күн секілді жарқ етті. Шіркін, басшылардың

бәрі осындай ақ жарқын, ақ көңіл болса ғой...

- Өмір деген қамшының сабындай, халықтан артық бай-

лық жоқ екен. Мен мекемедегі барлық жұмысшыларымнан

кешірім сұраймын, жағдайларын жасаймын- деп Орекең бізді

қуантып кетті.

Артынан іле-шала жас шамасы алпысты жүгендеген бір

ақ қалпақты егделеу кісі кірді.

- Айналайын, мен даусымды жоғалтып алдым- деді ол

күрсініп.

- Сіз әнші ма, едіңіз?

- Жоқ, депутат...

- Әнші депутатсыз ба?

- Қайдағы әнші, мен сайлау кезінде халықтың маған бер-

ген дауыстарын жоғалтып алдым. Соның кесірінен парламент-

ке өте алмай қалдым. Естуімше сендердің таппайтындарың жоқ

екен. Өтінемін, жоғалып кеткен дауыстарымды тауып беріңдерші

- деді ақ қалпақты ағамыз.

- Аға, бір сағат уақыт беріңіз ауданға, облысқа шығып да-

уыстарыңызды тауып беруге тырысамыз. Сол-ақ екен біздің

фирманың жігіттері дауысты іздеуге кірісіп кетті.

250 дауысты ауылдың шетіндегі сайдың ішінен тауыпты.

159 дауысты мектептің қоймасынан тапты. 376 дауыс жергілікті

сайлау бөлімшесінің тартпасынан шықты. Жоғалған дауыста-

рын тапқан депутат ағамыз қуанғанынан ақ қалпағын аспанға

лақтырды.

- Ой жарайсыңдар жігіттер, мен енді сендердің еңбек-

теріңді ақтаймын. Еңбек ақының өсуіне ат салысамын. Жастар-

ды жұмыспен қамтамасыз етуді бірінші кезекке қоямын. Азық-

түліктің қымбаттауына шек жасаймын - деп уәдесін үйіп-төгіп

шығып кетті.

Бүгін жоқ іздеушілердің шегі жоқ. Отанын, санасын, жүрегін,

жоғалтқан жандар да келіп жатыр. Ата-салты мен дәстүрлі

діннен айырылғандар да бар. Бұл жағынан жастар жағы өте

көп. Қаншама қыз – жігіттерге отансүйгіштік пен адамгершілік

қасиеттерін тауып бердік. Тіпті таусылар емес. Бір кезде есікті

полиция қызметкері қақты. Өзін бір ауылдың учаскелік поли-

цейімін деп таныстырған ол, жақын арада қылмыскерін жоғал-

тып алғанын айтып, жүрегімізді ауыртты. Екі көзінен жас пар-

лап, қылмыскерін жоқтағанда, байы өлген қатынның дауысы

жолда қалады. Дереу іске кірістік. Фирма жігіттері іздегенін тез

арада тауып берді. Қашқынды көргенде полицейдің қуанғаны

сонша оны құшақтап, бетінен сүйіп-сүйіп алды. Өмірімде поли-

ция қызметкері мен қылмыскердің құшақтасқанын бірінші рет

көруім. Көңілім босап кетіп, көзімнен еріксіз жас шықты.

Жұмыс уақыты аяқталып қалды. Кабинетімде отыр едім,

бір айқайлаған қатынның ащы дауысы шықты. Жүгіріп шықтым.

Қақ маңдайымнан темір шелек тарс ете қалды. Енді түсіндім.

Бұл еден жуатын Қиғаш апай еді. Мана бұл кісінің ұятын Ой-

ранбек Сатыпалғановқа беріп жіберген едім. Жеті баланың ана-

сы дем арасында ұятсыз адамға айналды. Қатипаш алдына

келгенді тістеп, артына келгенді теуіп жатыр. Қатты састым.

Қабылдау бөлмесінде отырған хатшы қызға жалындым:

- Қарындас, ертеңге дейін, ұятыңды Қиғаш

апаңа бере тұршы.

- Ағай, мен ұятсыз қалай жүремін?

- Сен жассың ғой, мұның үйінде бала-шағасы бар. Саған

қалай болғанда да ертеңге дейін ұят тауып беремін –дедім.

Хатшы қыз бастығы жалынып тұрғасын «отказ» жасасын ба,

бере салды...Жүрегім орныма түсті. Кабинетімнен шыға алмай

біраз отырдым. Тез арада ұят табу керек. Жан-жаққа телефон

шалдым. Қызметкерлерім де ұят іздеп кетті. Жоқтың бәрін тап-

сақта, адамның ұятын табу қиын екен. Өте таптырмайтын зат.

Бір кезде кабинетімнің есігі сықырлап ашылды. Масқара, хат-

шы қыз алдымда тыр-жалаңаш тұр.

- Ойбай, аналайын саған не болған?- деп, орындығымнан ұшып тұрдым.

- Ағай, менде ұят жоқ қой...

Басқа амалым болмады, өз ұятымның жартысын хатшы

қызға бердім де, үйге қарай тұра жүгірдім. Ұятсыз адамға ай-

налғанша үйіме жетіп алайын дедім. Алдымнан аузынан арақ

сасып жүретін құрдасым Томарбек шықты. Құрдасымнан ұятын

сұрап едім. Алқаштарда мүлдем ұят болмайды екен. Қазір

жартылай ұятпен үйде отырмын. Ертең жұмыс.

Ұятынан безгендерден қарызға ұят сұраймын..

Қазақ тілінде жазылған