Адам қарады: 329 | Жарияланды: 2017-03-14 03:37:30

Командос

 

                            (САТИРАЛЫҚ  МЕГА  МИНИАТЮРА)

 

 

ҚАТЫСАТЫНДАР:

 

1. АМАНДОС (ерке, жылауық басшы)

2. КЕМПІР  (жас шамасы 70-те)

3. ХАТШЫ ҚЫЗ (Гүлбақыраш)

4. ТАМЫРГҮЛ (тазалықшы еден жуатын әйел)

5. ФИНПОЛ (жігіт)

6. ҚАЙРАҚБАЙ (шал, жасы 70-те)

7. ҚАРАШАШ (әнші қыз)

8. БОЛҒАНБАЙ ( жасы 60-та, кадр бөлімінің меңгерушісі)

9. 4-ЖІГІТ (Кемпірдің көмекшілері)

 

 

                                               БІРІНШІ  БӨЛІМ

          /Шымылдық жабық тұр. Музыка жіберіліп бір шал шығады. Біреуді іздеп жүр/

Шал:-  Осында ма? Мен бір керемет жанды іздегенімп қаншама жыл болды. Әлі таба алмаджым. Бірақ, қалай болғанда да табамын. Үмітімді үзбеймін ғой. Біреуден сұрасам, осында кетті дейді. Мұнда келсем жоқ. Қайда барарымды білмеймін. Мында бар, анда бар, ортаға бар дейді. Таба алмай жүрмін ғой. Бірақ, не болғанда да табам. Сіздер көрген жоқсыздар ма? А? Бірақ сіздер танымайсыздар ғой. Мына жақтан іздеп көрейін. Қазір табам.

(Шымылдық ашылады. Мектеп директорының кабинеті. Ортада кішігірім

              кресло теріс қарап тұр. Музыка жіберіліп сахнаға үш-төрт жігіт портфелмен билеп  шығады. Би біткен соң, кресло бері қарап бұрылады. Ұялы телефонмен

               сөйлесіп кемпір ортаға шығады)

Кемпір:- Иә. Жақсы. Бұл да әнгіме болып па? Қай ауданға барам дейді?

               Соны маған анықтап бер. Қалғанын өзім қатырамын.../тарқылдап

               күледі/ Ақысын төлесе, отыруға қақысы бар. Ол жағынан қам

               жемеңіз, өзім тікелей қадағалап отырамын. Жақсы сау болып тұр.

                 (Сахна сыртынан  «әжеме айтамын» деп, жылаған адамның дауысы естіледі)

             - Ой, тұқымың жайылғыр, мынау менің балам Амандостың дауысы

                ғой, жеті құрсақ көтердім, алтауы алты мекеменің тұтқасын

                айырылмай  ұстап отыр, ал менің осы балам сұмдық ерке, үйдің сүт  

               кенжесі жетінші ұл, бірақ, осы ауданда бақандай директор. Дырдай

               мектеп директоры. Амандосыма жылама,жылама деп, қашаңғы

               айтсам да, миына қонбайды, құрғыр тағы не болып қалды екен?

              /Сахнаға еңіреп жылап баласы келеді. Қолында дәу сұры портфель./

Амандос: - Апа, апа-ау.

Кемпір:- Не болды жылап емшек сұрап тұрсың ба? Жұмыста жүргенде

              жылама дегенім қайда? Сен ауданда бақандай бір мектептің

              директорысың. Мына мұғалімдерден оқушылардан, айналадан

              ұялмайсың ба?

Амандос: - Апа, мен директормын ба? (жыламсырап)

Кемпір:- Енді кімсің? Саған біреу директор емессің деді ма?

Амандос:- Ана, Балтабай деген шал айтады, «осы сені кім директор

                 қылған? Қолыңнан түк келмейді, шалқасынан

                 жатқан шіріген бөренесің» дейді.../тағы жылайды /

Кемпір: - Көтек, Балтабай  дейді, ойпырмай ол алдымен  өзіне қарап алсын,

                 екі баласы бірдей алқаш, жұмыс таба алмай сенделіп қаңғып

                 жүрген жоқ па?

Амандос:- Қоңқыштың шешесі бар емес пе? Сол айтады.

Кемпір:- Ол не дейді?

Амандос:- Тоң майға піскен шикі бауырсақсың- дейді /еңіреп жылайды/

Кемпір:- Ол әдірам қалсын ей, ол пұшық кемпірге не жоқ? Бет-аузы умаж-  

                 умаж болған екі жүз теңге құсап, ааа...

Амандос:-Ана Мұрындық деген әйел айтады

Кемпір:- Ойыбай, Базарбайдың нанға жарымай жүрген жаман қара қатыны

                ма? Иә, ол не дейді?

Амандос:- Баяғыда әкеңде жылауық еді, сынықтан басқаның бәрі жұғады

                  деген, ып рас екен- ау, жылауық-жылауық деп мазақтайды./Одан            

                     сайын жылайды/

Кемпір:- Оттапты, өзіне қарап алсын, косу мен бөлуді, косинус пен синусты

               біліп алсын...Сен шамалы 5-6 ай осы жерде мектепте директор

               болып отыра тұр. Сосын жоғарыға звандап өзім өсіремін. Жоғарлау

               үшін стаж керек ұқтың ба?

Амандос:- Қойшы апа, директор болмаймын мен. /өкіріп жер тепкілеп   

                     жылайды.Әжейдің соткасы шырылдайды//

Кемпір:- Әй, тоқтай тұршы, звандап жатыр, Әлеу, иә,иә...Әй, не қылған

              адамсыңдар бір миллионды Атырауға, екі миллионды Астанаға, бес

              миллионды маған әкеліп тастаңдар...Кубаль дейді, ол қайдан шыққан

              мықты. Атпаңдар, алып тастаңдар...Желкесін қиыңдар.

Амандос:- Апа...Сөйлесе бермеші...Сөйлесе бересін сен.

Кемпір:- (Амандосты креслоға қарай әкеледі) Ал, портфелді. Отыр.   

               (креслоға отырғызады)Мында маңызды шаруалар шешіп жатқанда

                басты қатырдың ау,еркелеп. Сенің қатарларың ел билеп, жоғары

                қызметте жүр.

Амандос:- Қойшы апа, мен директор болмаймын../жерге портфелін

                лақтырып тастайды. Портфелдің ішінен музыка естіледі./

Кемпір: -Көтек, бұл ненің дауысы? Сөндір мынаны, сөндір. Мен саған бұл

               ойыншықты таста деген жоқпын ба?!Содан кейін, мен саған бұл

               портфелді жерге лақтырма дегенім қайда? Бұл ата-бабаңнан келе

               жатқан киелі портфель. Жүр, мында жүр. (мінбеден түсіреді)

               Кабинетіңде отыра бермей мектептің ішін арала. Мұғалімдердің

                жұмысын қадағалап қой.  Маған тығыз шаруалар шығып тұр, қазір 

                келемін. Астанадан адамдар келіп жатыр.

Амандос:- Қойшы апа, кетпеші...

Кемпір: - Не болды?

Амандос: -Қорқам...

Кемпір: - Неден қорқасың? Балам-ау, енді маған арқала деп тұрсың ба?

Амандос: -Арқалашы.

Кемпір: - Балам-ау, мен сені отыз жыл арқаладым емес пе а? Отыз жыл..

Амандос: - Тағы бір жыл арқалашы.

Кемпір:- Болды, кабинетіңе біреу кіріп келсе ұят емес па? Босқа еркелеме,

                жұмыстағы қағаздарыңды ертеңге реттеп қой...Түсіндің ба? Мен   

               осы мектептің ішінде жүремін. Айтпақшы, біздің әулеттің ұраны

               қалай еді?

Амандос:- Талтаңбаевтар, алға...

Кемпір:- Дұрыс, Ал-ға! Ал-ға..(Апасы кетеді. Амандос төс қалтасынан қонжықты

                   алып әнгімелеседі).

Амандос:- Қонжығым, апама ренжіп қалған жоқсың ба? Апама ренжіме. Ол

                  түсінбейді бәрібір. Мені директор қылып қойды. Сен директор

                  боласың ба? Мынау саған жарасады екен. Сен директор болсайшы.

                  Рас айтамын.Шыныңды айтшы қонжығым, осы мен директорға

                  ұқсаймын ба? Неге мені апам бастық қылуға құмар, ал менің жәй

                  ғана өнер адамы әнші болғым келеді. Есіңде ме, маған сені

                  кішкентай кезімде әкем сыйлады. Мен ол уақытта кішкентай ерке

                  болатынмын. Әкемнің туған күнінде сені құшақтап тұрып өлең

                  айттым. Сол күндер, менің әлі есімде.  /Әке туралы ән айтады/

                     Керемет ән ғой. Тамаша ән емес па, айтшы, сондықтан да мен сені

                  қасымнан тастамай бірге алып жүремін. Өйткені, сен маған өте  

                 қымбат сыйлықсың. Қонжығым.../деп жатқанда манағы шал келеді/

Шал:- Амансың ба қарағым?

Амандос:- Ассаламағалейкум ата,

Шал:-  Кіммен сөйлесіп жатсың?

Амандос:- Жәй, әншейін. Өзіммен өзім, мұнда жәй жүрсіз ба?

Шал:- Мен бір керемет жанды іздеп жүр едім?

Амандос:- Кімді?

Шал:- Мен бір керемет жанды іздеп жүр едім?

Амандос:- Ол адамды неге менің кабинетімнен іздейсіз?

Шал:- Жаңа біреу осы мектепке кетті деп еді. Көрмедің   бе?

Амандос:- Жоқ, көрмедім.

Шал:- Ол бір керемет жан еді ғой. Қаншама жерден ізедім.

Амандос:-Басқа жерден іздеңіз.

Шал:- Ааа, жарайды айналайын. (алдыға қарай беттейді).

Амандос:- Қайда барасыз? Ол жақ буфет. Жол жоқ. Мына жақпен шығасыз.

Шал:- Айтпақшы, інім-ай. Келіп жатса, көріп жатсаң айтшы. Мені іздеп жүр

           деші. Жарай ма? Қаншама жыл болды. Ұмытпай айт. Сені іздеп 

           жүрде. /шал кетеді/

Амандос:- Айтам, айтам. (орнынан атып тұрып) Кімге айтам? Әу, кімге

                  айтам? / осы кезде бір жігіт келеді/

Амандос: -Мынау не сендерге кіріп-шығып жүре беретін ? Қарамайсызба?

Финпол:- Саламатсызба?

Амандос:- Саламатсызба! Иә? Біреуді іздеп жүрсіз ба?

Финпол:- Иә. Сізді іздеп жүрмін. (жан-жағына қарап) Мектеп директоры

                  болып жұмыс жасайсыз ғой.

Амандос:- Апам біледі?

Финпол:- Жақында мектеп күрделі жөндеуден өтті ма?

Амандос:- Апам біледі деймін.

Финпол:- Қалай апаң біледі?

Амандос:-  Солай, апам біледі...Апааа...Апа/айқайлайды/

Финпол: - Әй, сіз неменеге айқайлап жатсыз? Маған апаң емес, мектеп

                 директоры сен керексің.  Мен қаржы полициясынан келіп тұрмын,

                 осы мектептің қаражатын түгендеуге жіберді. /Торсық шошып кетеді/

Амандос:- Апа, апа, апааа /деп апасын бақырып телефонмен шақырады/

                       /Торсықтың дауысын естіп апасы қайтып келеді/

Кемпір:- Құдай-ай, тағы не болып қалды? Мен саған жылама дедім ғой,

                сен үйде маған бала болғанмен сыртта дырдай директорсың.

Амандос:- Мені тексеруге адамдар келіп жатыр.

Кемпір: -Тексеруге... так..тұра тұр.Шырағым, сен кімсің? Тапа тал түсте               

                менің баламды өлтірдің ғой. Әлде мекеме тонайтын қарақшысың   

                ба? Қәнекей, бұл жерден тез тайып тұр. Әйтпесе осы арада аяғыңды  

                 аспаннан келтіремін.

Финпол:-  Өй апа. Қайдағы қарақшыны айтып тұрсыз? Мен қаржы

                  басқармасынан келіп тұрмын. Талтаңбаев Амандос деген сіздің  

                  балаңыз ба?

Кемпір:- Шырағым, қайдан келсеңде, айдан келсеңде  маған бәрі-бір, тапа тал

                түсте менің баламды жерге  ұрып құлаттың ғой.

Финпол:- Қойыңыз апа, мен әлі оған тиіскен жоқпын. Мен енді тексеремін.

Кемпір:- Немене?! Сенбізді тексеруге келмеген шығарсың. Сен анау,  

                жоғалған қаражатты  таппайсың ба?

Амандос:- (еркелей ұрсып)-Таппайсың ба соны?!

Финпол:- Сол қаражатты табу үшін мен сіздің балаңызды тексеру керекпін.

Амандос: (апасын айналып қашып) -Апа.. апа.. мені текерем деп жатыр.  

                  /жылайды/

Кемпір:- Қазір, тыныш. Мен телефон соғып жіберейін.../қалтасынан телефон  

                 алады/ -Әлеу, әлөө..балам, амансың ба?  Қалай шаруа жүріп жатыр  

                  ма? Мында біреу финполициядан келдім дей ма, басымызды

                  қатырып тұр, трубканы берейін ба?  Жақсы, иә. Әй, мә сөйлес...

Финпол:- Иә, сәлеметсіз бе? Ааа, ассалаумағалейкум. Тыңдап

                 тұрмын, Иә, иә, иә, иә, аха. иә..иәә...иә.иәәә..иәәәә, иәәәә аха./Иә,иә,  

                    деп бір әуменмен әндетіп    билеп кетіп қалады. Үш жігіт те бірге билейді/

                  Кемпір мен Амандос бірге: (келеке етіп): - иә..иәә...иә. иәәә..иәәәә,  

                  иәәәә аха.

Кемпір:- Балам-ау, бұндайлардың талайын әнші қылғанбыз...Былай дауысы

                жақсы екен. Құлаққа жағымды. Әуені де тамаша екен, иә?

Амандос:- Дауысы онша емес, жаман-ақ. Аудандық мәдениет үйінде ән бір  

                 керемет әнші қыз бар...Апа, мен мектеп директоры болмай-ақ

                 қояйыншы, ааа...

Кемпір:- Құлыным-ау, сонда кім болғың келеді?

Амандос:- Аудандағы «Жылтыр» мәдениет үйінің директоры болайыншы.

Кемпір:- Сен не айтып тұрсың? Басыңа салқын тиген жоқ па? Есі дұрыс адам

                мәдениет үйіне директор бола ма? Не  қаражаты жоқ, не атақ-  

                абыройы жоқ. Көзіңнен қан ағып, «апалааап»  жер тепкілеп

                жылағанның көкесі сонда болады.

Амандос:- Апа, мәдениет үйіне директор болсам жыламаймын, уәде

                  беремін...

Кемпір:- Сені түлен түртті ма? Ол орынға неменеге қызығып тұрсың?

Амандос:- Мәдениет үйінде Қарашаш деген кермет әнші қыз жұмыс

                   жасайды.

Кемпір:- Ол не қылған қыз? Қарашаш емес, тіпті Қызылшаш болса да, мен

                 саған қызды текті жерден әперемін. Қыл кеңірдек әнші қыздың

                 маған түкке керегі жоқ...  Керегі жоқ.. Керегі жоқ! (шығып кетеді)

Амандос: - Түкке түсінбейді апам. Қарашаш деген ақылды, әдемі. Оның

                    даусы бақтағы бұлбұлдай сайрайды. Жүрегіңді елжіретіп

                    жібереді. Қарашаш... /ауладан ән айтқан қыздың дауысы

                    естіледі//Қарашаш ән айтып келеді. 4 жігіт бірге билейді/

Кемпір:- Тоқтат. Немене сендер сахнаны қойып, енді мектепке келіп ән

                айтатын  болғансыңдар ма?

Қарашаш:- Сәлем бердік апа... Жоқ, бүгін ауа-райы сондай керемет тамаша

                   болып тұр. Ән салғың келеді.

Кемпір:- Құдайдың күні күнде керемет, сонда не ән айта бересіңдер ма? Әлде

                сендерде  басқа жұмыс жоқ па?

Амандос:- Туу, апа қойшы, ұрыспаңызшы. Қарашаштың даусы керемет

                   қой.Сондай керемет, Қарашаш сенің даусың.

Қарашаш: Рахмет Амандос.

Кемпір: (Қарашаштың қолынан ұстап тұрған Амандосқа) Шық мына жаққа.

               Бол!

Қарашаш:- Апа, жақында Астанаға ән байқауына барамын. Соған осы «Ақ

                    шағала» әнін апарсам деймін.

Кемпір:- Шырағым, Астанаға барып не айтсаңда шаруам жоқ. Сен менің

                баламды қайдан танисың?

Қарашаш:- Біз Амандос екеуміз 5 сыныпқа дейін бірге оқыдық. Ән айтауға

                    вокалға бірге қатысып жүрдік. Хорда ән айттық. Кейін Амандос

                    гимназияға ауысып кетті. Амандос та керемет ән айтатын. Солай  

                    емес па?

Амандос:- Иә, тап солай.

Кемпір:-Хорда ән айттың ба? Жетіскен екенсің. Хорда ән салып қор болдым

                   десейші, қор болдым...

 

               /Қарашаш пен Амандос екеуі  қосылып ән салады/.

Кемпір:- Тоқтатыңдар, миымды ашытып жібердіңдер ғой.

Қарашаш:- Апа, Амандос әнді өте керемет айтады, иә?

Кемпір:- Сонда сен қыз, не дегің келіп тұр? /қызға ожырая қарап/

Қарашаш:- Біздің мәдениет үйінің директоры Балзия апай әдетінше тағы д

                   декретке кетті.

Кемпір:- Сол қатын хронический екі қабат ау деймін. Жылда-жылда тумаса

               іші ауырады. Мейлі, туса туа берсін.

Қарашаш:- Директордың орны бос.

Амандос:- Иә, апа, мен сонда директор болайыншы...

Кемпір:- Ааа, түсінікті болды. «Мектептің директоры болмаймын,

               болмаймын» деп жылауың жаман еді. Директордың орны бос  деп,

               мына қыз айтқан екен ғой саған. Болмайсың! Отыр! (Қарашашқа)

               Бері кел. Айналайын менің балам мына сенің теңің емес. Өйткені, ол

               барып тұрған жылауық... Әй не істеп тұрсың жыламай,жыласай...

Амандос:- Неге жылаймын? Не айтып тұрсыз? Қашан жыладым  мен...Ұят

                  емес па?

Кемпір:- Жыламаймын деуін қара...Осы күнге дейін емшек еметініңді

                мына жұрт білмей ма? Сен қыз білесің ба? /Қызды кетіру үшін ұлының

                   еркелігін жайып салады/

Қарашаш: - (сасқалақтап) Білемін. Ааа апа, Амандостың ерке екенін білемін. Бірақ, ол сіздің қасыңызда ғана ерке. Ал, менің қасымда ол серке.../күледі/

Кемпір:- Жоқ, тоқтатыңдар. Бұл саған концерт қоятын мәдениет үйі емес.

                Бұл- мектеп директоры менің баламның кабинеті. Қәне, шық, тайып

                 тұрыңыз бұл жерден...

Қарашаш:- Сау болыңыз, апа. / Қыз кетеді/

Амандос:- Қарашаш, Қарашаш... (жылайды) Бәрін құрттың ғой, өзі келіп тұр

                   еді

Кемпір:- Айналайын Торсықжан, адамға бірінші қызмет керек, қыз деген

                 табылады. Ең сұлу қызға өзім орамал саламын. /тарқылдап күледі/

Амандос:- Жоқ, әже Қарашашқа ешкім жетпейді. /Мұңайып қалады/

Кемпір:- Сен не, Қарашаш, Қарашаш деп есің ауысып кеткен бе? Мектебіңде   

                жап-жас мұғалімдер де толып жүр. Соларды байқап көр.

Амандос:- Қарашаш келсе, жігіт сияқты сезінем өзімді. Ал, сіздің қасыңызда

                  тұрсам бала сияқтымын. (жылайды) Толып кетті...

Кемпір: - Не толып кетті?

Амандос: - Көзіме жас толып кетті.

Кемпір:- Шіркін, әке-шеше қасыңда болса, өмір бойы еркелейсің, менің  

                аналық міндетім сені жоғарлату. Биікке өрмелету. Салмақты майлы

                креслоға отырғызу. Ал, сен болсаң қайдағы бір мәдениет үйіндег            

                әнші қызды айтасың. Осы мен сен үшін отқа түсіп, сен үшін

                жүйкемді жұқартып, айналаммен алысып- жұлысып жүрген жоқпын

                ба? Әкең болса ерте кетті. Сендерді жеткіземін деп, шашым  

                ағарды.../жылайды/

Амандос:- Жыламашы апа, сіз жыласаңыз мен дежылағым келеді../ Екеуі

                      қосылып жылайды. Осы кезде мектептің қоңырауы шырылдайды/

Кемпір:- Болды, тоқтат жылауыңды. Мен сені ертең басқа жерге яғни,

                «Балқаймақ» май зауытына бас директор қыламын...

        /Музыка жіберіледі.Шымылдық жабылады Бірінші бөлім бітеді. /

 

                                            ЕКІНШІ БӨЛІМ

 

               (Шымылдық жабық. Авансценаға манағы шал

                     шығады.Қолында үлкен фотосурет бар)

Шал:- Іздемеген жерім қалмады... Міне, менің іздеп жүрген адамым (суретін

           көрсетеді). Көрген жоқсыздар ма? /деп залға түседі/Айналайын, мына

           кісіні көрмедің ба? Қайдан тапсам екен мен сені?! Бірақ, мен сені қалай

           болғанда да табамын. Сіз танымайсыз ба? /деп залдағы

           көрермендерден сұрайды да залдың есігінен шығып кетеді/

(Сахна ашылады. Директордың кабинетінің іші. Кресло бұрынғыдар үлкен.  Қаптаған жұмыс телефондары. Телефондар әр түрлі. Қызыл, жасыл. Формалары үлкен-кіші. Үлкен телефоннан дауыс жуан шығады. Кішкентай телефоннан дауыс жіңішке шығады.Үш-төрт жігіт билеп шығады.)

Кемпір:-Міне сенің жап-жаңа жұмысың. Көрдің бе? Бүгіннен бастап

              «Балқаймақ» май зауытының бас директоры болып тағайындалдың.

              Кәне, маңдайды әкел. (маңдайынан сүйеді). Сенің қарамағыңда жүзге

              жуық жұмысшылар бар. Енді бір секіртсем аудан әкімінің

              орынбасары боласың, кейін әрі қарай жолың ашылады.

Амандос: - Жүздеген?

Кемпір: - Мынау үлкен мекеме ғой. Мыңдаған адам бар. Балам, жүре ғой,

                креслоңа отыр.

Амандос:- Апа, мына крсесло мектептің креслосынанбиік қой.../ Кресло биік

                  отыра алмайды/

Кемпір:- Секір, көтер аяғыңды../деп Торсықты көтеріп демеп отырғызады.

                Торсық теріс қарап отырып алады./ Әй, балам. Қалай қарап отырып

                 алдың? Түс, былай қара.

Амандос:- Мынаған міне алмамын ғой. Ұста. Апа, мынау деген қоспақ

                   түйенің үстінде отырған сияқты. Керемет жұп-жүмсақ екен.

Кемпір:- Бұдан да үлкен тақтар болады, бұйырса оғанда отырасың.

Амандос:- Апа, менің қарным әлі де өсе ма не? /еркелеп/

Кемпір:- Ол кезде доп-домалақ шар болып кетеді ғой.

Амандос:- (қарнын көрсетіп) Былай өсе ма не? /мәз болып тұрғанда қолынан

                  портфелі түсіп кетеді. /Қайтадан ойыншық аюдың музыкасы

                   шығады/

Кемпір:- Өшір, өшір. Әкел маған өртеп жіберейін. Мынаған не болған-ай, ә?

                Неге түсіресің мына киелі портфелді? Ұста! Жоқ қыл! Бүгіннен  

                бастап жоқ қыл! (ашуы тарқап) Балам,Біздің ұранымыз қалай еді?

Амандос:- Талтаңбаевтар, алға...

Кемпір:- Олай болса, алға.../кемпір кетеді/

Амандос:-Апам ақыры дегеніне жетті-ау. Бақ пен тақ қатар жүреді деген рас

                екен-ау. Осындай үлкен мекемеге директор болдым. Мәдениет

                үйіне директор болып керегі жоқ. /телефондарды көріп/ Мәссаған.

                Мынау, не деген қаптаған телефон?

               - Әлө, Амандос Талтаңбаев қой, иә. Ааа, шама келсе береміз ғой.

              Ақша? Ой, ақша сұрай беретіндерің не құрсын. Давай, жақсы. Менде  

               жиналыс болып жатыр. Оңай емес. Жақсы.

            -Досыма телефон соғып жіберейінші.

            -Әлеу, Қапан бұл мен ғой, Амандос. Қалайсың? Торсығың не сенің-ей!

             Мен Амандос Талтаңбаев. Қой, мектеп директорың не? Мен қазір

            «Балқаймақ» май зауытына бас директор болдым...Иә, иә, әрине апам.

             Әй, апама айтпа сен. Шаруаң болса маған келесің ғой. Мен ғой

             директор. Мен шешемін ғой. Иә, жұмыста? Давай-давай.  

             Хабарлассайшы. Ана жақта кісілер келіп жатыр. Жақсы. /трубканы

             қояды/ Рахат екен ғой.... Үйге қайтқым келмейді, кабинетімде отыра

             бергім келеді. Бәрі апамның арқасы ғой. Апама рахмет... (Кенет

             апасының даусы жаңғырып естіледі.) «Әй, Балам. Жұмысыңды

             бастамас бұрын айналаңа өз командаңды жинап алуың керек»

Амандос: -Мен өз командамды жинауым керек. Жұмысты содан байстаймын.  

                /осы кезде еден жуушы әйел аяғын түртеді/

Тамыргүл: - Жолдан былай тұр.

Амандос: - Есікті қағып кірмейсіңдер ма? Бар!

Тамыргүл: - Өзім білемін.

Амандос: - Қалай өзің білесің? Сен кімсің соншама?

Тамыргүл: - Кім екенімді көрмей тұрсың ба?

Амандос: - Қалай-қалай сөйлейді өзі? Сіздерде мәдениет деген бар ма? Мәдениет сақтау керек.

Тамыргүл: - Мәдениет сақтау үшін мына қалпақты шешіп қояды. /шешіп  

                      қолына береді/. Былай тұр!

Амандос: - Білесіз ба? Мен директормын. Мен директормын!

Тамыргүл: - Сен сияқты директорлардың талайының қалпағын қайырып

                     жібергенбіз.

Амандос: - Не айтып тұрсыз? Шығыңыз!

Тамыргүл: - Шығам

Амандос: - Шық!

Тамыргүл: - Шығам.

Амандос: - Шық дедім ғой!

Тамыргүл: - Жұмысым бітсін! Былай тұр!

Амандос: - Шық дедім ғой сізге!

Тамыргүл: - Сен кімсің маған?! /келеке етіп/ Біреулер келер, біреулер кетер..

Амандос: - Доғарыңыз, шығыңыз!

Тамыргүл: - Бәрі де бекер, бәрі де бекер...

Амандос: - Немене бәле, ішіп алған ба? Бассыздық қой мынау! Офицант!

                   Тфу! А, хатшы! Хатшы қыз!

Хатшы:- Сәлеметсіз ба, ағай, орныңыз құтты болсын...

Амандос:- Хатшы деген қыз бала болатын сияқты еді, сен не еркекбісің?

Хатшы:- Ағай, не қызға ұқсамаймын ба?

Амандос:- Ұқсамайсың...

Хатшы:- Қызға ұқсасам сөз айтайын деп пе, едіңіз? Сізді бойдақ деп естідік.

               Ағай.

Амандос:- Қарамаңыз, қарамаңыз маған.

Хатшы:- Жарайды, ағай. Ренжіп қалдыңыз ба? Менің есімім – Гүлбақыраш.

Амандос:- Гүл бақыраш. Гүлді алып тастап, Бақыраш десем ше? Сол

                  жарасады саған.

Хатшы:- Өзіңізге қалай ыңғайлы солай атай беріңіз ағай.

Амандос:- Маған қарама олай. Так, былай болсын, маған шатат кестесін

                  беріңіз.

Хатшы:- Бір минут /апарып береді/

Амандос:- Офицантқа ұқсайды екен.

Хатшы:- Кешке офицант, күндіз хатшы дегендей. Ағай.

Амандос:- Олай қарамаңыз дедәм ғой. Барыңыз! Штат кестесі. Айтпақшы,

                  сендерде әнші дейтін штат жоқ па?

Хатшы:- Әнші.../таңданып/ «Балқаймақ» май зауытына әнші не керек ағай?  

               Бұл клуб емес.

Амандос:- Мерекелерде керек болмай ма?

Хатшы:- Мейрамдарда мен айтамын әнді, міне былай.../ән айтады/

Амандос:- Доғарыңыз, даусың қандай жаман. Қарашаштың даусына жетпейді

                  бәрібір.

Хатшы:- Қарашаш? Ол кім ағай?

Амандос:- Аудандық мәдениет үйінде әнші қыз ғой.

Хатшы:- Бізде осы мекеменің бетке ұстар әншісі мен бишісіміз.(тағы айтады)

Амандос: - Болды. Доғар, доғарыңыз. Қарама маған. Гүлбақыраш, мен мына  

          кадр өзгерту мәселесін жоғарыдан бастайын ба, төменнен бастайын ба?

Хатшы:-Төменнен бастайсыз ба, жоғарыдан бастайсыз ба, өзіңіз біліңіз,

              ағай.

Амандос:- Так, мынау не деген қаптаған  бөлім меңгерушілері, цехтың

                 бастықтары, өзі сендерде қарапайым жұмысшы бар ма?

Хатшы:- Бізде бір адамға бір бастық, ағай.

Амандос:- Бұл не деген масқара, жауапсыздық. Бүгіннен бастап бәрін

                  өзгертемін.

Хатшы:- Сүйтіңізші ағай, бірақ, әй қайдам.../Торсық штат кестесін әрі-бері

                аударып қарайды/

Амандос:-  Неге жасамаймын? Жасайм. Сосын ана,еден сыпыратын

                   келіншектің аты-жөні кім?

Хатшы:- Тамыргүл Тазалықова...

Амандос:- Ендеше, қазірден бастап бұйрық, әзірле, Тамыргүл Тазалықова

                  жұмыстан босатылсын. Міне. /хатшы қыз қағазды алуға барады/.

Амандос:- Барыңыз, бұйрықты орындаңыз../хатшы қыз кетеді/  Так, еден

                   сыпыруға кімді алсам екен? О! Қарашашты алам! Шыныменде              

                    Қарашашқа айтып көрсем. Бірақ, сонда ол еден жуып жүріп ән

                  айта ма? Қой ренжіп қалар Не айтып тұрмын мен. Қарашаш. Мен

                  сені сағындым.../Қарашатың айтқан әні естіледі.Торсық әнге еріп

                     креслосын құшақтап билейді Билеп жүргенде кадр бөлімінің меңгерушісі

                     Болғанбай аға келеді/

Болғанбай:- Браво,браво! Өте әдемі билейді екенсіз.

Амандос:- Рахмет, сіз кім боласыз?

Болғанбай:- Мен осы мекемеде қырық жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан

                   Болғанбай деген ағаң боламын.

Амандос:- Болғанбай? Болғанбай десе болған адам екенсіз. Қырық жыл

                  дейсіз ба? Ұзақ отырған екенсіз.

Болғанбай:- Біздегілер солай ұзақ отырады. Сізді шақырды дегесін әдейі

                    келдім.

Амандос: - Иә, иә шақырдым.

Болғанбай: - Әлгі еден жуатын сары келіншек Тамыргүл Тазалықованы

                   жұмыстан босату туралы  бұйрық шығар дегенсіз бе...?

Амандос;- Иә, шығар дедім.

Болғанбай:- Әй сол болмайды-ау деймін.

Амандос:- Қалай болмайды?

Болғанбай:- Анау, айтып жүр ғой...

Амандос:- Кім? Кім айтты?

Болғанбай:- Іштегі барлық қызметкерлер айтып жатыр.

Амандос:- Болғанбай аға, кешіріңіз мұнда директор мен...Менің еденімді кім

                 сыпырады, кім жуады оны өзім білемін..

Болғанбай:- Шешімді қабылдайтын өзіңіз. Бұйрық шығар десеңіз шығарамыз.

Амандос:- Барыңыз.

Болғанбай:- Кімнің орнына барайын...

Амандос: -Жұмыс орныңызға барыңыз.

Болғанбай: - Ашулана бермеңіз. Ауырып қаласыз. /кетеді/             

Амандос:- Мыналары қызық қой. Сонда мен кіммін. Мен пілдей қолымда

                 мөрім бар дырдай директормын. Бұйрығыңыз артықтау деп қояды.

                 Керек десең өзін шығарып жібермін. /кабинеттегі телефон шыр ете

                 қалады/ О, жұмыс басталды!

                 -Әлеу, әлө.

Телефон: Әлө, бұл акиматтан.Бұл қай бала?

Амандос- Амандос Талтаңбаев қой...

Телефон: - Маған кім болсаңда бәрі-бір, мекемеңде еден сыпыратын Тамыргүл Тазалықовадан аулақ жүр. Ұқтың ба? Ұқтың ба деймін? Аулақ

                  жүр, аулақ! /телефон үзіліп кетеді/

Амандос: - Мен өз командамды жинамаймын ба.. / қоңырау тағышыр ете

                   қалады/

Телефон: - Әлеу, бұл қаржы басқармасынан Бәкең ғой. Саған не болған еден

                   Сыпыратын сары келіншекті неге қозғайсың? Әлде қаржыдан  

                   қағылғың келіптұр ма?

Амандос:- Жо, жоқ, мен өз айналама өз командамды жинағалы оймен...

Телефон:- Алло, мұқият тыңдап ал. Бұл саған Астанадан хабарласып тұр.  

                  Немене еден жуатын Тамыргүл Тазалықова сенің егініңе түсті ме?

Амандос:- Жоқ...

Телефон:- Жеріңді өртеді ме?

Амандос:- Жоқ...

Телефон:- Әлде, еденіңді жумады ма?

Амандос:- Жоқ.

Телефон: - Неге үндемейсің, тіліңді жұтып қойдың ба? /телефон тыңк-тыңк/

                     /Торсық қорқа бастайды. Жан-жағына қарайды.  Телефон тағы шыр етеді/.

Амандос: - Алло...

Телефон:- Інім, сізге не болған? Мен Оңтүстік Қазақстан облысы,

                  Түлкібастан хабарласып тұр едім ғой. Өләә, неменеге Тамыргүл

                   апайды жұмыстан шығарып жібергенсіз. Ұят емес пе? Қайтадан

                   алыңызшы. Жарай ма? Ағааай? Алыңызшы.

Амандос: - Жарайды енді...Уф, қайта мына Шымкенттен телефон шалған

                 былай жұмсақ, мәдениетті екен/телефон шырылдайды/

Телефон: - Саламалейкум бауырым, Шалқардан хабарласып тұр едім ғой. Не

                   болды ана Тамыргүл апаны жұмыстан шығарып жіберді дей ма?

                   Не болды қатайып? Саған сенем, шеше.

Амандос:- Бақырашгүл..Бақырашгүл.  /хатшы қызды шақырады/

 Хатшы:- Не болды ағай? Бақырашгүлді де шақырайын ба?

Амандос:-Ол кім?

Хатшы: - Экономист.

Амандос: - Экономист керек емес, Бақырашгүл сен керексің маған.

Хатшы:- Мен Гүлбақырашпын, ал Бақырашгүл менің сіңілім.

Амандос:- Маған жаңағы жұмыстан босаған Тамыргүл Тазалықова туралы не

білесің, айтшы берші.

Хатшы:- Тамыргул Тазалықова туралы сізге ертегі айтып берейін бе, ағай?

Амандос:- Қалжыңдамаңыз. Мен шын айтып тұрмын...

Хатшы:- Ол туралы мене гөрі Болғанбай ағай жақсы біледі.

Амандос: - Болғанбай деген кім?

Хатшы: - Менің нағашым.

Амандос:- А, болған адам ғой. Иә,иә. Шақыр оны тез...  /Хатшы қыз  

                   шақырып келеді/

Хатшы: - Құп болады.  /телефон шыр етеді. Хатшы алмақшы болады/

Амандос: / шошып кетеді/ - Тимеңіз. Өзім аламын. Барыңыз. /жан-жақтан

                 барлық телефондар шырылдап маза бермейді. Амандос қаша  

                 бастайды. Тығылып қалады/

Болғанбай:- Басеке, басекее. /жан-жағына қарайды. Амандостың орнына

                     жайлап отыра береді./

Амандос: - Келдіңіз бе?  /Амандос шошып кетеді/.

Болғанбай: - Мынау қайдан келді?

Амандос:- Тамыргүл Тазалықова туралы не білесіз?

Болғанбай:- Тамыргүл Тазалықова? Ой менде Тамыргүл Тазалықова туралы

                     деректер өте көп. Оның жақсы қасиеттері туралы айтайын ба,

                      әлде жаман қасиеттері туралы айтайын ба?

Амандос:- Жақсы қасиеттері туралы айтыңыз?

Болғанбай:- Ммм, қысқаша түрде айтайын ба, әлде ұзағырақ айтайын ба?

Амандос:- Қысқартып айтсаңызшы.

Болғанбай: - Орысша айтайын ба әлде қазақша айтайын ба?

Амандос: - Қазақша айтыңыз.

Болғанбай:- Жазбаша түрде айтайын ба, әлде ауызша түрде айтайын ба?

Амандос:- Ойбай-ай, мейлі қандай түрде болса да айта беріңізші...

Болғанбай:- Ендеше тыңдаңыз, /айтып отырып, жайлап Амандостың орнына

                     жайғасады/ Тамыргүл Тазалықованың  нағашы ағасы Астанада

                     Министрдің орынбасары, нағашы апасы Алматының  «Алатау»  

                     базарының бастығы ал бір ағасы облыстық білім басқармасының

                     бастығы, бір ағасы денсаулық басқармасының бастығы, ал енді

                     бір ағасы Обл. СЭС-тің бастығы, айтпақшы, ұмытып барады  

                     екенмін жиендері бар. Жиендері жынды../дей бергенде Торсық

                     жерге тізерлеп отыра кетеді/ Шалқардан. Қабырғаңды

                     қайыстырады. Рэкет. Құдашалары... құдашалары.

Амандос:- Болды. Тоқтаңыз.

Болғанбай: - Құдашаларын айтайын да..

Амандос: - Жоқ, айтпаңыз.

Болғанбай: - Айтпа десең айтпай-ақ қоямыз. Айт десеңіз айтамыз.

Амандос: - Айтпа деймін. Қажеті жоқ.

Болғанбай: - Құдашаларын айтуым керек еді.

Амандос: - Мынаның бәрін шын айтып тұрсыз ба?

Болғанбай:- Біз жалған ақпараттар жинамаймыз. /ыңғасызданып/ Аа, келіңіз,

                     отырыңыз.

Амандос: /орнына барғанша еңбектеп барады/. - Министрдің орынбасары...

                 Білім басқармасы... денсаулық барқармасы... жиендері. Тамыргүл

                 Тазалықова өсіп тұрған алып бәйтеректің тамыры екен ғой, иә?!  

                 Оның тамырына балта шапқан мына  мен қандай  ақымақпын,  

                 ұятсызбын, көргенсізбін, топаспын /өз басын өзі ұрып сабалайды/

Хатшы:-/келеке етіп күліп/ Сондай екеніңізді келген кезде біліп едім.

               /Оған Болғанбай қосылып күледі./

Амандос:-Осы сен де бір тегін емес сияқтысың, сенің командаң қандай?

Хатшы:- Менің командам шет елде...Ағай.

Амандос:-Сенің де тамырың тереңге жайылған ба?

Хатшы: -Терең болғанда қандай,  осы арадан тура жердің арғы беті  

               Африкадан шығып тұр, жартысы Америкада.

Болғанбай:- Бұл хатшы қыз туралы да деректер көп. Бұл қыздың командасы

                      шет елде...

Амандос:- Африка, әуелі өзімізді қарық қылып алайық, сен онда былай жаса,    

                    ана еден сыпыратын келіншекті маған тез шақыршы.

Хатшы:- Құп болады. /жүгіріп кетеді/

Амандос: - Болғанбай аға, сіздің командаңыз қандай?

Болғанбай: - Менің командам ба? Мен совет үкіметі құлағаннан бері келе

                     жатқан аралас-құралас құрама командасынан боламын шырағым.

Амандос: - Құрама команда.. Барыңыз.

Болғанбай: - Қайда барайын?

Амандос: - /шыдамы жетпей/ Орныңызға.

Болғанбай:- Ааа. Айғайламаңыз...Ашулана бермеңіз..Ауырып қаласыз.

                    /Тамыргүл келеді.Болғанбай кетеді/

Тамыргүл: - Ағай? Сәлеметсіз бе?

Амандос: - Аа, иә-иә. Бас киімді шешу керек. Мәдениет сақтау керек қой.

Тамыргүл:- Ағай, еденді сыпыра берейін бе?

Амандос:- Жоқ, керек емес өзім сыпырамын. Маған беріңіз.

Тамыргүл:- Мәссаған, дырдай директор еден сыпыра ма не?

Амандос:- Неге сыпырмайды? Сыпырамыз. Беріңіз.... /есін жиып/ А, Тамыргүл оңаша әңгіме бар еді сізбен.Тамыргүл: - Менімен бе? Оңаша?

Амандос: - Сен өзі не бітірдің?

Тамыргүл: Бүгіндікке еден сыпырғаннан басқа дым бітірген жоқпын.

Амандос: - Жооқ, олай емес. Қандай оқу бітірдің? Қандай дипломың бар?

Тамыргүл: - Оқу? Мен ба? Қайдан болсын. 8-ші класты шаққа деп өзім

                   бітірейін деп жатқанда күйеуге алып қашып кетті. Иә. Содан  

                   қалдық қой.

Амандос:- Дипломыңыз жоқ, оқымаған, білімсіз, ойбай-ау, сіздей сауатсыз  

                  адамдар бізге керек қой. Қайда жүрсіз? Таптырмайтын мамансыз  

                  ғой. Тамыргүл Тазалықова. Сіз бүгіннен бастап  менің бірінші  

                  орынбасарым боласыз...

Тамыргүл:- Орынбасар...Орын-басар. Сонда қалай сіз өлгенде орныңызды   

                    мен басамын ба?

Амандос:- Жоқ, олай емес, өлгені несі?  Сіз менен кейінгі бастықсыз...

Тамыргүл:- Ойбай ағай, еденді кім сыпырады? Мен бір күн болмасам  

                    кабинеттер азып кетеді.

Амандос:- Еденді басқа біреулер сыпырады, хатшы қыз сыпырады.

Хатшы:- Сыпырмаймын. Керек болса өзіңіз сыпырыңыз../ ренжіп қалады/

Тамыргүл:- Өзім сыпырам.

Амандос: - Беріңіз. Сізге болмайды.

Тамыргүл: - Нан тауып жүрген... /екеуі таласып, билеп кетеді/.

                      Екеуін қосып істеуге болмай ма?

Амандос:- Олай болмайды...Сіз мекемеде менен кейінгі бастық боласыз,     

                   бұйрық шығарасыз.

Тамыргүл:- Ойбай, құйрық шығарғаны қалай?

Амандос:- Не айтып тұрсың? Бұйрық шығарасыз. Мекемеде үлкен мәселелер  

                   шешесіз.

Тамыргүл:- Иә шешемін, шешуді тіпті қатырам ғой, сосын ағай, керек десеңіз  

                     бәрін сыпырып тастаймын...

Амандос:- Жаңа айттым ғой, сізге еден сыпыруға болмайды деп. Сіздің  

                   орныңыз жоғарыда. Жүріңіз.

Тамыргүл: /таң қалып/ - Анау ма? Ыңғайсыз ғой. Бұрын шығып көрмегесін.  

                   Аа, сыпырғышымды не істеймін?

Амандос: - Отқа өртеп жіберіңіз.

Тамыргүл: - Өзіммен бірге алып жүрейін. Қолым босағанда, ішім пысқанда  

                      сыпыра саламын ғой. Үйреншікті..

Амандос: - Жүріңіз, орныңызға отырыңыз.

Тамыргүл: - Гүлбақыраш.. Жоғарылап бара жатырмын.

Амандос: - Осы жерде сіз баяғыда отыруыңыз керек еді. Сіздің орныңыз ғой.

Тамыргүл: - Рахат. Бәрі көрінеді екен ғой. Сізді төбеңізден көріп тұрмын.  

                    /сыпыртқысын алып/ мына жерді былай сыпыруға болады.

                    Рахмет ағай.

Амандос: - Енді маған қауіп жоқ. Ох, Гүлбақыраш, / айқайлап шақырады/.

Хатшы:- Не болды ағай, даусыңыз қатты шығып кетті, жаныңызда отырмын.

Амандос:- Мені тыңда Гүлбақыраш. Бұйрық. Нөмірі бесінші бұйрық.

                   Бүгіннен бастап Тамыргүл Тазалықова осы мекеменің

                   басшысының бірініші орынбасары болып тағайындалсын...

Хатшы:-Ағай, одан да мені, орынбасар қылып мені алмайсыз ба?

                  Сізге айттым ғой, менің командам шет елде деп.../ренжиді/

Амандос:- Көп сөзді доғарыңыз, бұйрықты орындаңыз...

Амандос:-  Бұл бұйрығым енді дұрыс болды...Енді маған сырттан келетін жау

                  жоқ.../тағы телефон шыр ете қалады/

Телефон: - Алло Амандос. Добрый день! Я вас много слышал. Вас

                   беспокойть Россий из минестерству сельскую хозяйство....

Амандос:- Ааа Ресей...

Телефон: - У меня не большая просьба к вам. У вас работает Гулбакыраш.  

                   Немогли бы, вы ее течение трех-четерых дней повесить по  

                   должности. Блогодарю вас заранее. До связи! /тыңқ-тыңқ/

Амандос: - Там уже Тамыргул сидит.  Дұрыс айттым ба өзі?/қоңырау  

                    соғылады/

Телефон: - Хелоу, май неейм изДжон, Айм президент оф Америка.

Амандос:- Америка?

Телефон:- Ес. Гүлбакыраш..Гүлбакыраш. Щу беком ту презинт...ок?

Амандос: - Ок. Ок. Гүлбақыраш? Сәлеметсізбе? А, мана көрдім ғой. Мен  

                   байқамаппын.  Сен өзі тегін адам емес екенсің. Командаң шет

                   елде...

Хатшы: -Айттым ғой сізге.

Амандос: - Иә, айттың. Басым жасамайды сол. /басын ұрады/. Сіз бүгіннен

                   бастап менің екінші орынбасарым боласыз. Жүріңіз.

Хатшы: - Қарама маған. Қарама. Қарама дедім ғой.

Амандос:- Енді қытайдан хабарласпай тұрғанда апама хабарласып

                   жіберейінші../апасына телефон шалады/.

                  - Ало, апа. Мен ғой Амандос. Апа мені алып кетші мына

                  жерден.../жылайды/. Жұмыс жасатпайды екен мыналар. Жаман.

                 Иә, тез келіңізші иә. Алып кетші. Тез кел. Иә.

Қарашаш:- Амандос, кіруге бола ма?

Амандос: /шошып кетеді/. - Апа.

Амандос:-Кімді іздеп жүрсіз? Тамыргүл ма?

Қарашаш:-Амандос, саған не болған, сенің есің  аусқан ба? Түріңде өзгеріп

                   кеткен. Мен Қарашашпын ғой. Қарашаш...

Амандос:- Қарашаш..Қарашаш...Кешірші, сені танымай қалдым. Сен мұнда  

                   неғып жүрсің?

Қарашаш:- Мен сені осы жерге директор болды деп теледидардан көрдім.  

                    Жағдайыңды сұрайын деп келдім. Амандос, сосын бар ғой, мен

                    Астанадағы ән байқауынан бірінші орынды жеңіп алдым.

Амандос: - 1-ші орын! /екеуі құшақтасады. Амандостың папкасы түсіп кетіп,  

                    ішінен музыка ойнайды. Алып сөндіреді де, Қарашашқа береді/. –  

                    Бұл өте қымбат сыйлық қой. Мұны маған кішкентай кезімде әкем  

                    сыйлады. Соны саған берем ба деп жүргенмін.

Қарашаш: - Рахмет. Сондай керемет әдемі сыйлық.

Амандос: - Ұнады ма?

Қарашаш: - Рахмет, саған Амандос. Ұнады /Манағы шал келеді/

Шал:- Сені іздеп таба алмадым-ау..

Қарашаш:- Сәлеметсіз бе?

Амандос: - Сіз тағы келдіңіз ба?

Шал: - Әй сен, өткенде мектеп директоры болып отыр едің. Енді бүгін мында  

             директорсың ба? Жүрмейтін жерің жоқ екен сенің.

Амандос:- Кімді іздеп жүрсіз?

Шал:- Мен бір керемет жанды іздеп таба алмай жүрмін.

Амандос:- Тамыргүл Тазалықованы іздеп жүрген шығарсыз?

Тамыргүл:- Саламатсыз ба?

Шал: - Бұл емес.

Амандос:- Гүлбақыраш шығар.

Хатшы: Саламатсыз ба?!

Шал: - Бұл да емес.

Шал:- Бір керемет жанды. Бала күнімізде бірге оқыдық. Кейін ол тұрмысқа

            шықты. Балалы болды. Күйеуі қайтыс болды деп  естігем. /Ентігіп

            кемпір келеді/

Кемпір:- Балам? Не болды бұл жерге де жұмыс жасағың келмей тұр ма?

Қарашаш:- Сәлеметсіз бе, апа.

Кемпір:- Амансың ба? Мына қыз қайдан жүр?

Қарашаш:- Амандосты осында директор болғанын естіп, арнайы құттықтай

                   келдім. /күліп/

Амандос: -Сосын апа, Қарашаш деген бас жүлдені жеңіп алды.

Шал:- Бақыт...

Кемпір:- Сен кімсің? /шошып кетеді/.

Шал:- Мен ғой, Қайрақбаймын ғой.

Кемпір:- Қайрақбай../үндемей ойланып қалады/ Сен әлі тірімісің? /Екеуі  

                 құшақтасады/

Шал: - Тірімін ғой.

Кемпір: - Сен баяғыда менің соңымнан қалмаушы едің ғой. Бала-шағаң аман  

                 ба?

Шал: - Қайдағы бала-шаға? Мен әлі үйленген де жоқпын.

Амандос:- Апа, сен де қарап жүрмеген екенсіз ғой.

Кемпір.- Қойшы, ей, қайдағыны айтып, екеуіміз көрші болдық, бір мектепте

               оқыдық. Бұл сенің әкеңнің кластасы. Әкеңнің көзін көрген адам...

               /жыламсырап/

Амандос: - Апа, сонда бұл кісі біздің командадан ба? Командос. Амандос. Не

                   болып кетті апа өзі? Мен Командоспын ба әлде Амандоспын ба?

                   Апа мені мәдениет үйіне директор қылыңызшы. /Кемпір тақта       

                   отырған Болғанбайға қарайды/.

Болғанбай: - Болсын, болсын.

Кемпір:- Болсаң болшы.

 /Музыка жіберіліп кейіпкерлер биллей жөнеледі. Амандос портфелі мен шляпасын әжесіне дирежер бола қалады /

                                

СОҢЫ...2015 жыл

Қазақ тілінде жазылған