Жезденің батасы
Біздің ауылда елге силы жасы елулерге келіп қалған, сол ауылға күйеу болып келетін Нүсіп деген ағай бір күні тобығын шығарып алып үйінде жатқан екен.Сол жезделерінің көңілін сұрап келуге екі қайнысы келіпті. Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін жезделерін сөзден ұстамақ болып:
-Жездеке, қартайғанда тобықтан кеткен жаман болушы еді, егер олай-бұлай бола кетсеңіз алладан не сұрар едіңіз –депті, Нұртай деген әкім қайнысы.
-Бәрі бір алланың қолында-ғой, егер олай-бұлай кетсем сол алладан артымда қалған пұшық қайныма мұрын бере көр - деп сұрар едім депті Нүсікең қайнысының мұрнының пұшықтығын меңзеп. Сол кезде тыныш отырмай екінші қайнысы Нұрлан:
-Мына жездемнің тілін жұмсарту үшін сүлік (пиавки) салғызу керек шығар депті.
-Әй балдыздарымай, сол сүліктерің мына үйдегі сүліктен мықты емес шығар деп әкпелерін көрсеткен кезде:
-Жездеке, сізге дауа жоқ шығар деп екі қайнысы жезделерінін кешірім сұрапты.
Сол Нүсікең бір күні әкімшілікке келіп бір шаруамен Нұртайға жолығыпты. Шаруасы бітпей қалғанына ренжіген Нүсікең ертесінде біртоп ауыл адамдарының арасында тұрған әкімге келіп:
-Шырағым Нұртай, мен әкпеңді алған кезде ақшам жетпей банкіден кредит алған едім. Сол кредитімді төлей алмай пайызы өсіп кетіп банкіге үш жүз доллар қарыз болып қалдым. Сен сол әкпеңнің кредитін төлеп бер немесе әкпеңді алып кет деген кезде:
-Жездеке,мына сөзіңізді ешкім естімесін, кешегі жұмысыңызды шешіп берейін –депті Нұртай қайнысы жездесінің қолтығынан ұстап.
Бірде Нұртай жездесі Нүсікеңді соғым басына шақырады. Тамақтан соң Нұртай Нүсікеңе қалжыңдап:
-Жездеке! Бүгін бір современный бата беріңізші дейді.Нүсікең дереу алақанын жайып жіберіп: Мен берейін батамды, танушы едім папаңды, папаң ішкен кезінде , тыңдамайтын мамаңды,өзің жақсы жігітсің,қолдайтын Нұротанды,су тартам деп ауылға,су мұрабың ішіп ап, көшені түгел қопарды,өтірік беріп ақпарды,орындадың жоспарды,мектебің бітпей он жылда, құрлысы түгел тоқтады,немерелер шаң-шаң боп,бақшаларын жоқтады, ақсақалдар жиылып, сыртыңнан сені боқтады, ішкендерің сок болсын,қайғыларың жоқ болсын, халқымның қарындары тоқ болсын, телефоның айпат болсын, түк бітірмей жүрсеңде,жүрген жерің айқай болсын,ноутбугың жаңа болсын,балаларың дана болсын,елімде тыныш заман болсын, сен не болсаң сол болғын, халқым түгел аман болсын! –Аллауәкпәр! деп бата берген кезде Нұртай –Ай жездеке, Ай жездеке-ай, Сізге дауа жоқ екен,мына батаңыз осы жерде қалсын,менен басқа ешкім естімесін деп, алақанмен бетін сипапты.