БАЛАЛЫҚТАН ЕСТЕЛІК
Есімнен бір нәрсе кетпейді. Ол кездер мен кішкентай ғана сұр қара қызбын. Рудныйға енді келген кезім. Сол жылы кыркүйек айы да біртүрлі ыстық боп, күннің көзі басыңды тесіп кетердей болған. Әрине, осының бәрі көкірек тұста тұрады ғой. Бет-пішінім ештеңе сезіне, түсіне алмайтындай бала болдым. Бесінші сыныпқа қадам басқан шағым. Қаланың көшесі түгіл мектептің қайда екенін жөнді біліп те жарытпаймын. Мектепке алыс туысқандарымыз жетелеп алып барған.
Содан кейін мектепке барар жолды бірлі жарым ескі қызғыштау келіп, тозығы жеткен автобустың жарық-жарық терезелерінен сығалап көріп қалғаным бар. Біздің сынып жетекші математика пәнінен беретін сұлуша келген жас маман екен. Аты жөні Сұлтанова Гүлсая Қоңысбайқызы. Өзі бір мінезі жұмсақ жайдары адам болатын. Алғашқы күнді әупірімдеп жүріп өткіздім, әйтеуір. Бәрі де жаңа, сондай сұсты бұрынғыдан әлдеқайда жат көрінді. Сабақтың екінші күні сіресіп ұйықтап қаппын. Көзімді ашып, бір қарасам сағат сегіз жарым тоғыздарға тақап қапты. Жатқан жерімнен ұшып тұрдым, ұйқылы ояу жүріп бет-қолды да жуғандай болдым. Ізінше апыл-ғұпыл киіндім де анамның «шай» деген сөзін естісем де қарайламастан аялдамаға қарай жүгіріп алып, тарттым. Қырсыққанда автобустың да қарасы көрінбейді. Ішімнен: «Ұят болды-ау келгенім жаңа еді. Апай мен туралы не ойлап қалы екен?» деп дызқтап тұрмын. Өзіммен-өзім сөйлесіп әуре боп тұрғанымда автобус та кеп қапты. Жан-жағымдағы адамдар апыр-топыр таласып автобусқа мніп жатыр. Аузым ашылып тұрғанда ең соңында қалып қойыппын. Ақыры қыстырылысып міндім-ау.Ішінде адамдар толып, сыйыспай тұр. Ылғи бірінін үстіне бірі мінгісіп жатқандар не, аяқтарын басып кетіп, айғайласып жатқандар не, сықырлақ есік түбінде бүрісіп, аяқ астына оралып мен тұрмын. Арқама ілген сөмкем де салмақ салып, ыйығымді төменге түсіріп барады. Әрі-бері шыдап бақтым, сөйтсем де болдырмай барады. Екі-үш аялдамадан соң мектеп. Алға қарай жылжи түсіп, кондукторға қолымдағы екі-үш тиынымды берейін десем адамдар тұрып алған. Жол беріп, бала ғой деуді білмейді. Мен болсам әлі де ішімнен «апай ұрыса ма екен» деп уайымдап келемін.Айналамда тұрғандар өңкей тұлғалы, денелі адамдар екен. Әрі беріден соң алға қарай өтпек боп едім, алдағы тұрғандар арпылдап өткізбей-ақ қойды. Демім тарылып кетті де бар күш қайратымды бойға жиып алдым да әйтеуір әркімді бір итермелеп констукторға ақшамды бердім. Автобустан, анадай адам шыдамас сығылыстан, құтылғаныма мәз болып алды-артыма қарамастан аялдаманың асфальтына секіріп түстім. Жан-жағыма зер салсам, мектепке дейін тағы бір аялдама бар екен ғой. Ендігі жерде біраз тұрып қалдым да, өзім түскн автобуспен жарыса жүгіре бастадым. Ойыма түрлі нәрселер келіп жатыр «апайға не деймін, ұрсады ма, қандай сабақ еді, сабақ кестесін кеше айтпаған еді ғой.» Зытып келем, зытып келем, артымнан біреу қуғандай жүгіріп келем. Әп дегеннен өзім жарыспақ болған автобус көзге көрінбей зуылдап өтті де шықты. Күркіреп шыққан түтінің ғана көріп қалдым. Жоқ, әйтеуір манағы қиыншылық пен құлшынып келе жатқан мектепке де жеттім-ау. Алдыңғы темір есіктен атып кірдім. Енді қайда барамын. Кабинеттерді де білмеймін. Сөйтіп вахта жанында тұрғанымда Гүлсая апай келіп «неге кешігіп жүрсің» деді, ішімнен қорқақтап басымды төмен салбыратып «кешіріңіз, ұйықтап қалыппын, қайталанбайды» дедім. Апай менімен жүр деген соң, еріп кеттім. Ол кісінің жанында өзімді біртүрлі ұятты сезініп үнсіз келемін. Апай бір кабинетке келіп тоқтады да сабақ осында болып жатыр деді. Кабинет сыртында 202 деген жазу тұр, оның астына ұсақ жазулармен қазақ тілі мен әдебиеті деп жазылыпты. Апайға ілесіп менде кабинетке кірдім. Кірсем жасы жиырма төрт-жиырма бестердегі жас мұғалімнің сабағы өтіп жатыр екен. Орныма отырған соң жан-жағымдағы балаларға алақ-жұлақ қарадым да көтеріп келген дәптерлерімді сөмкеден шығара бастадым. Өзге балалар «апай апай, Анар апай» деп әрнені сұрап қоймайды. Мен үн-түнсіз жалғыз өзім артқы партада отырмын. Әлгі сүйкімді апайдың аты жөні Ержігітова Анар Сабырқызы екенін сосын ғана білдім. Тақтаға мақал-мәтелдер деп жазылып қойылған. Сосын жаңағы жас апай маған қарады да күлімдеді. Ішімнен әлдебір өзгенің жағынан өзіме деген жылулықты сезіндім. Сол 45 минут бойы Анар апайдың аузы-аузына жұқпай сабақты түсіндіріп жатқанына аузым ашылып отырып қалыппын. Бірде ес жиғанымда балалардың улап-шулап кабинеттен шығып бара жатқандарын көрдім, сосын ғана қоңырау соғылғанын білдім. Әрине, тап сол кезде тағдыр мені нендей жанға кезіктіргенің білмейтінмін. Кейінгі күні бізге дене шынықтыру сабағы болатын. Мен өзімше ойлап ескі ауылда кейген киімдерімді көтеріп барғанмын. Байқап қарасам бәрі шетінен ортақ форма кейіп алған. Қарағанда көзге біртүрлі қаз-қатар тізілген қаздардай көрінді. Ұялсам да әкелген киімімді үстіме іле салдым да, спорт залға кіріп келдім. Сапта тұрған оқушылардың көзі маған қадалды. Қысылып кеттім, сөйтсем де саптың соңына барып тұра қалдым. Апай келді, бастан-аяғыма дейін қарап алды да «отыр» деген бірауыз сөзді қатал үнге салып қана айтты. Жалғыз өзім спорт залда қалып қойдым. Ешкімге білдірмесем де неге мені сабаққа қатыстырмағанына түсінбей ойланып отырмын. Сөйтсем әрбір оқушы да аппақ спорттық футболка болуы керек екен. Оны қыздар маған болары болғаннан соң ғана айтты. Сол күні үн-түнсіз басып салбырап үйге қарай қайттым. Басымнан шыжыған күннің сәулесі өтіп барады. Үстімде қалың қызыл күртем, иығымда салмағы өзімнен екі есе үлкен сөмкем, қолымда пакетім әй не істерімді білмей келе жатырмын. Айналадағы былай-былай өткен адамдар маған біртүрлі қарап өтеді. Оны байқап келемін бірақ ішімнен «қойш» деп ойлап та қоямын. Біз жайғасқан үй автобуспен мектепке жақын болса да, жаяу жүрген кісінің діңгесін құртып бітетін. Ішімнен: «Мына бір күн де, сентябрьдың қақ ортасы. Неге кетпейді екен?»- деп қоям. Уф, әйтеуір үйге де келдім ғой. Есіктен қарсы алған анамды көріп өлімсіреген денеме жаңадан жан біткендей болды. Шайланып алып сабақ оқуға кірістім, артынша ұйықтап кетіппін. Маубастанып жатқанымда талай уақыт өтіп, елге кеш кіруге айналыпты. Қарсы алдымдағы үстелге үйіп қойған кітаптарым сол қалпында тұр екен. Ешкім тиіспепті. Орнымнан тұрғым келмей біраз жаттым, ақыры болмаған соң өзімді қинап тұрдым да әлденіп алған соң бойыма күш дарып тау құлатардай боп алдым. Енді кітап оқығып кеп барады. Бір әңгімеден соң бірі одан соң тағы бірі. Сөйтіп отырып сол түні ұйықтамай шығыппын. Өзімнен өзім: «Әйтеуір, бір басымды алып қарағанда, анам төсек салып жатыр еді ғой.» дедім. Бір кезде Жанымда тұрған ескі кірпіш телефонның оятқышы шырылдап жер-жаһанды жағымсыз дыбысымен оятып жіберді. Енді-енді басым дел-сал болып бара жатқандай, денемнің ауырлай түскенің сезіндім. Мән бермей сабаққа қарай шығып кеттім де, бір-екі аялдамадан соң мектепке де жетіп бардым. Автобуста адам аз екен деп өзімше қуанып келемін. Кабинетті іздеп жүріп тауып та алдым. Барсам ешкім келе қоймапты. Бірінші сабақ-математика. Бөлшекттерге амалдар қолдануды өтуымыз керек менің кешегі ойлауым бойынша. Мен математикадан ауылдан жүйрік боп келгенмін. Ақсайтын пәнім бұл емес, жай-барақат отырмын. Әне-міне дегенше сабақ басталып, апай «Әлия» деп атымды айта тақтаға шығарды. Барып қиындықсыз есепті шығарып бердім. Кешегі мені жақтырмай жүрген қыздар бүгін «Әлия да Әлия» деп жанымнан шығар емес. Өзім бұларының сырын түсінгендей болдым. Бір оңаза, жалпақ көзді келген ұрысқақ бала бар болатын, математик деп кім көрінген, бәрі мақтап жататын. Ішімнен сонымен қас болып алғанмын, «менен оза алмассын, бәлем!» деп ойлаймын. Ол да қайтпайды мен тақтаға шықсам артымша ол да, ол шықса ман де, әйтеуір сөйтіп-бүйтіп жүріп бір жылымыз да өте шығыпты. Келесі жылы тәуір оқиды дегендерді «А» сыныбына көшірген. Солардың арасында мен де бармын. Басқа сынып, үйреніп алған өз сыныбыңдай емес, басында мен осының бәрін ұнатпай көп жүрдім. Амалсыздан жүрдім, сосын әсте-әсте сіңісіп, үйренісіп кеттік. Бұл күнде мен математикадан құлдилай бастағам. Бұрынғыдай жарысуымды да қойғанмын. Енді біздің сынып жетекшіміз әдебиет пәнінің мұғалімі. Менің ой-санам мен құлқым сол жақа қарай ауа бастаған. Осы күндері қамалып алып ұзақ-ұзақ кітап оқитын адаммын. Басқасы ойын қуалап жүргенде мен кітапқа шұқшайып отыратынмын. Ойымша «адам боламын»! Міне, менің жаңа мектептегі балалық өмірім осылай басталған.