Ертегі өмір
Мен оны алғаш рет өте үлкен бір жиналыстан көрдім. Ол сән үшгісіне мән береді екен.
Және дауысқа өте ерекше мән беретін жас жігіт екен.
Оны көргенде ерекше қуана бастайтын болдым. Мен оны көрген кездегі сол бір күндер туралы жазбақ едім.
Кез-келген әрбір адам өзінше бір керемет бақытқа қол жеткізгісі келетіні ақиқат.
Мен де....
Менің ертегі әлемім бір әдемі бір қаланы аңсайтындай, ондай қала жер бетінде бар ма екен десеңізші , әрине бар!!
Мен ол қаланы Әль-Фараби секілді «қайырымды қала» деп атағым келетіндей. Ол қалада мәдениетті де қайырымды ететін әрине адамдар ғой.
Жан-жағына тек жақсылық жасайтын адамдар тұрса деп ойлаймын. Олай болу үшін не істеу қажет деп ойлаймын.
Бәрі де біздің өзімізге, алған тәрбиемізге байланысты болмай ма?
Біз әдемі киінген жандарды көрсек көңілімізге ұнасымды әсер қалатыны анық.
Әдепті жастарды көрсек бір көргеннен –ақ жақсы әсер алатынымыз анық.
Менің аса бір ерекше танысым бар еді, ол мен үшін аса сүйкімді,аса ұнасымды, әрі жаныма сондай жағымды әсер қалдырады.
Ол тек маған ғана емес бүкіл кішкентай қаладағы үлкендерге және жастарға сондай ұнайтын еді. Сол бір жастың әсіресе дауысы маған ерекше әсерлі еді, ол дауыс сондай жағымды естілетін еді.Ол озі сондай әдемі және көрікті, ол ханзада сияқты ерекше тартымды .
Мен оны көргенде сондай қуанып кетемін және ол сәл кейде тәкаппарлау, кейде сондай ойнақы және кейде сондай әдемі және әсерлі ол бір көрген жанға ұнамауы да мүмкін емес .
Мен биыл ауырып жүрдім де көпшілік жерлерге бара алмай қалған едім де, сондай бір кезде ол маған алыстан қарап, «не ,ауырып қалдыңыз ба әпке ?» деді ,оның көздерінен мен не көрдім десеңізші,мен тек әдемі бір сондай нұр қуатын көргендей болдым.
Ол мұнан жас кезінде тек әдемі киінгенді,әдемі болып жүргенді әдемі көлікте отырғанды ұнатушы еді .
Қазір ол ақылды болып келеді,ол қазір тіпті бөлек, ол кішіпейіл және өте мейірімді болып келеді, мен ол үшін сондай қуаныштымын.
Тараз қаласына қызым екеуміз барған едік, мен қызым үшін бардым да, сол кезде қызым былай деді, «мама , менің Таразға сондай барғым кеп тұр» деді, мен болсам, «жоқ бармай –ақ қояйық» деп едім, жолда ол туралы ойлап келе жатқан едім, Тараздағы ең үлкен адам көп жиналатын базарда қызым екеуміз киім алмақ боп жүрген жерден, оны көріп қалдым. Ол өте таң қалды.
Ол екеуміз бір ауыз ғана сөйлестік.
Апырмай оны көрмегеніме тағы да көп уақыт өтіпті –ау.