Адам қарады: 203147 | Жарияланды: 2017-04-20 03:01:06

Мен сені сағынғанда

Мен сені сағынғанда - мұңлы болам.

Мұңлы болам тұнжырап күллі ғалам.

Мен сені сағынғанда - жынды болам,

Жынды болам кешемін күнді қараң.

 

Мен сені сағынғанда - қызғанамын.

Қызғаныштан келеді тұз жалағым.

Мен сені сағынғанда - жек көремін.

Қасқыры боп ұлимын Көктөбенің.

 

Мен сені сағынғанда - күліп алам.

Есі кеткен ғашықтың бірі болам.

Мен сені сағынғанда - жылап алам.

Алатаудай жауынға құламаған.

 

Әр ойымды түсініп, дұрыстаған.

Мен сені сағынғанда - тынышталам!

Қазақ тілінде жазылған