Адам қарады: 207970 | Жарияланды: 2017-04-20 03:01:54
Өтірікке ода
Түлкі бұлаң күліп жүрген - өтірік.
Өз жалғанын сүріп жүрген - өтірік.
Көз жасы жоқ жылап жүрген - өтірік.
Құламастан құлап жүрген- өтірік.
Көңіліңе қарамаған - өтірік.
Жүрегіңді жаралаған - өтірік.
Сараңдықты жағалаған - өтірік.
сағалаған - өтірік.
Жалғандықта зор тынысты - өтірік.
Арман құтта қорқынышты - өтірік.
Ыңырсыған алқынысты - өтірік.
Ыбырсыған салқын істі - өтірік.
Адалдықта дауда қалған - өтірік.
Жамандықта жаулап алған - өтірік.
Шыға келер қайда барсаң - өтірік.
Барасың ба, айға барсам өкіріп.
Ойындағы ызасы от - өтірік.
Бойындағы күнәсі көп - өтірік.
Жасырынған ішінде бар бір сұмдық.
Өтіріктен жапа шектік, күрсіндік.
Ал шындықта?!...
– Тек шындық!