Орман ішін Күбір,Сыбыр аралап.
Орман ішін Күбір,Сыбыр аралап.
Тақтан түсер арыстанды қаралап.
Үміткерлер көкейінде бір сұрақ:
Хан сайлайды енді кімді бағалап?!
Әр түрлі аң, жетелері әр түрлі.
Өзі таққа отырардай алқынды.
Қойларының киер тоны, шөбі жоқ,
Жолбарысы басып отыр алтынды.
Өсек жүрді. Орынтаққа піл келер.
Жебірлермен толар енді түрмелер.
Әлсіздердің шиқылдауы басылар,
Кезең туар момындар да күн көрер.
Аяр түлкі аярлықпен байыған.
Дереу ғана ажырасты байынан.
Ол аңқаудың, хабары жоқ болатын,
Шетелдегі вилла салған жайынан.
Жасырынып бұға қашты біртіндеп.
Тойымы жоқ көмекейлер «бүлкілдек».
Байлығы бар Эмиратта, Гавайда,
Оған жетпей қасқыр қалай сілкінбек?!
Үкім шықпай інге кірді жыландар.
Зәлім, зәрлі онда қандай шыдам бар?!
Жүрегінде сыртта қалған тобырдың,
Жазылмайтын олар салған ылаң бар.
Ойы адал, қарапайым, ұстамды.
Үңгірінен қуып шықты тышқанды.
Ал бұл байғұс
Азын-аулақ топырақпен ұсталды,
Шетел асқан "алтындар"бұл үкімнен тыс қалды.
Қалды сосын жағымпаздау шибөрі.
Ол да сасық арт жалаған күйде еді.
Осындайлар қалағаны, сүйгені.
Пілдің заңы қисық кетті, тимеді.
Азын аулақ қамшыласын өкпе, сын.
Өкіметің қанат жайсын, көктесін.
Мафияның, ел тонаған құлқынның,
Жоғын жоқтап, жетегінде кетпесін!