Ер есімі-ел есінде!
Халқын сүю адамға ең керегі,
Елін сүйген жанға кім тең келеді.
Қапияда жан берген есіл ерлер,
Өр рухымен мыңдарды жеңген еді.
Арман еткен бар елмен теңесуді,
Ел есінде қалады ер есімі!
Дұшпанға бар айбарын көрсетті олар,
Елдік үшін атылған жебе сынды!
Аппақ бетке тіл қатқан сиялы зар,
Көңілінде халықтың қиялы бар.
«Ұлы жұт» деп аталған қиын жылда,
«Ұлытшыл» деп атанған зиялылар!
Бармастан озбыр билік байыпқа нық,
Талай жанға жіберген айып тағып.
Атанып пікірі үшін «халық жауы»,
Жалған жаламен кетті ер айыпталып.
Өр рухы бар бабаның қанымызда,
Барымыз да сол біздің, бағымыз да.
Ұлт мүддесін қорғаған тұлғалардың,
Ұмытылмас ерлігі жадымызда.
Ұрпақ барда Ақиқат бар тыңдалар,
Ғасырдан ғасырларға даңқың қалар.
Өшпейді ел жадынан батырлығың,
Тар жолда тайғақ кешкен нар тұлғалар!