Адам қарады: 47 | Жарияланды: 2017-06-15 02:05:46

Күнәһар

            Егер моральдық жауапкершілік жайлы сөз етер болсақ, санаулы сәттерде қырылған 350 мың жапондық үшін (бұл екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының барлық шайқастарында АҚШ айырылған адамдардан көбірек) және бомбылаудан кейін 43 жыл өткен соң, соның зардаптарынан өлген, қазір де қайтыс болып жатқандар үшін бұл жауапкершілікті американ майоры Клод Изерли өз мойнына алды - оның ұшағы 1945 жылдың 6-тамызында Хиросима үстінде барлау жасаған болатын. Изерли өзін "қылмыскер" деп есептеп, соттауды талап етті. Сөйте тұра ол былай деген еді: "Қоғам менен әлдеқайда кінәлі екенін мойындамай тұрып, мені кінәлі деп есептей алмайды". Изерли Хиросима балаларына ақша жібере отырып, өзін кешіруді өтінген.

(газеттен алынған үзінді)

 

Ойлар, ойлар ой әлемін кезетін

Кейбір сәттер жіберерсің мезі етіп.

Әсемдіктің гүл бау-бағын жүр бойлап,

Қара басын ой шырмаған бір бейбақ.

 

Тек заманда һәм құлпырған бәз осы

Бәлкім бардай ішті өртеген азасы.

Соңғы уақтар дегі берсіз жай таппай,

Түзде де үйде мүлдем қашты мазасы.

 

Бейне бірден тарылғандай тынысы

Бойы жанып, әбден кетер тынышы.

Тарамысты құр қайыстай құрысып,

Жатар еді сандырақтап түн іші.

 

Тәуліктердің кезек келген түнінде

Изерли ғой міңгірлейтің күбірлеп.

Оқтын-оқтын шошынады селт етіп,

Ту сыртынан қалғандай бір дүбір кеп!

 

АРЫ:

Ей, Изерли, тартпай жүрген жазасын

Ар алдында қалайша сен тазасың!

Жатыр бүгін Жапон халқы еске алып,

Апат болған бауырластар қазасын!

 

Есіңде ме "АҚШ соғыс мектебін

Соңғы уақыт атомға қол жеткенін.

Көрсетем"-деп, шүйлігіп кеп, аспаннан

Бейбіт елге ажал уын сепкенің!

 

"Осыменен қайтты біздің кек",-дедің

Терді сүрттің келген жаққа беттедің.

Сол бір мезет ойладың ба қаншама,

Бейбіт адам отқа жанып кеткенің!

 

Әр жорықта нысанаңа жеткенің

Өскені ғой сенің шенің, шекпенің.

Білесің бе сол ісіңнен бір халық

Жылдар бойы ауыр зардап шеккенін!

 

Хайуандық істеріңнен не шықты

Қателігін Трумен де кеш ұқты.

Әлем халқы зауал айтып сендерге

"Сүйектері көрде өкіргір",-десіпті!

 

Сөйтіп тегін адамзаттың уладың

Қалайша өзің сол адамнан тумадың?!

 

КЛОД ИЗЕРЛИ:

Ой! Құдірет, даусың неткен өр үнді

Сабыр етші мен табармын жөнімді!

Қыспаққа алып, ит жанымды сорлатпай

Берсең етті пышақ кесті өлімді!

 

Көз алдыма тақап беріп, шамыңды

Жегідей жеп, жүндей түттің жанымды.

Кәрілікте мақтаменен бауыздап,

Ағыздың ғой бойдағы арам қанымды!

 

Рас шындық бар ақталмас менде мін

Бірақ, жаным, еске аларсың, пендемін!

Қарсы тұрар сол кездегі апатқа,

Президентпен Ақ үйдегі теңбе едім!

 

Кілең жыртқыш саясатқа оранған

Әділеттен оңбай мүлде тоналған.

Неге, неге опат жандар жауабын

Сұрамайсың мына жалған қоғамнан?!

 

"Қайтсем ғана ақтаймын",-деп, күнәмді

Пол Брегмен өліп қана тына алды.

Булықтырды бүріп алып жанымды,

Торын жайған қайғы бұлты тұманды.

 

Талай түндер зәбірледің, қинадың,

Зәбіріңнен тар үйшікке симадым.

Әрбір уақ бетке басып күнәмді

Мен бейбаққа бір өлімді қимадың.

 

АРЫ:

Тыңда, Клод-Труменнің ұланы

Өлімге де алыс емес күн әлі

АҚШ соғыс жүйесінің ақаусыз

Болыпсың ғой ең сапалы құралы.

 

Төмен санап, өз санасын шектеген

Азаматтық еркін ойға жетпеген.

Өмір сүрген басың емес, Изерли,

Қызу қанды, құрал сынды тек денең

 

Бассыз дене, жүрек біткен шойыннан,

Қанды білек, қолындағы сойыл қан.

Жыртқыш едің шынжыр балақ, шұбар төс

Әлсіз елдің есебінен тойынған.

 

Жүрдің өзің кәсібіңді ұнатып,

Жүргендей бір аңшылықта құр атып.

Енді міне ар алдында тайсақтап,

Мүсіркейсің өз-өзіңді жұбатып.

 

Қырық бес жыл, өтті қырық бес белең,

Есте бәрі ұмыт емес ештеңе.

Кешірімді өтінгенмен қаншама

Мәңгі бақи күнәңді жұрт кешпеген.

 

Ұрпағына алтын апар, пұл апар,

Сен қайтасың жер астымен күнәһар?!

 

КЛОД ИЗЕРЛИ:

Сол бір кездер қайғы апатын ескермей

Өмір бойы жүрмін міне күнә артып.

Сөзге келіп, жауап қатсам дес бермей

Мені жаным, қыспақтама тым артық.

 

Сақтап келген тарихтағы өкпесін

Жас ұрпақтар біз бейбақты сөкпесін.

Тілегім бар: бейбіт өмір орнығып,

Бақталайы адамзаттың көктесін!

 

АВТОР:

Болсадағы жұмыр жердің жері кең

Клод мүлде тіршіліктен жеріген.

Бұл өмірде адамдармен ортада

Азаматтық беделі оның кеміген.

 

Айырылып, қасиеттен әкелік

Күнәһар боп, жүрді артынан ат еріп,

Тиді өңменнен қасырет боп, түбінде

Жастығында жіберілген қателік.

 

Оны әзірде ар азабы меңдеген

Құрық бермес қазіргі озық емге де.

Бастан кешкен соңғы өмірін пәниде.

Көрсетпесін жұмыр басты пендеге.

 

Өкін, өкін дүниені шайқап-ап,

Адам атың бәлкім саған қайтар-ақ,

Еш сезбестен жүр ақымақ Тибетс

Бомба тастау маневрін қайталап.

 

Ізгілікпен шамалы оның саудасы

Өмірінде ауырмайды сау басы.

Одан көрі жаны науқас бұл күнде

Изерлидің бар екен де тәубасы.

 

"Азаматтар құлақ сал",- деп, үніме

Тілек айтқан жапон елшілігіне.

"Зор апаттан шеккен ауыр зардабын

адамың",-деп, жауапкершілігіме!

 

"АҚШ-тағы сұм жыртқыштар өкілі ем

Қазір мүлде ол ісіме өкінем!

Зор апаттан өліп кеткен жандардың

Ұрпағынан кешіруін өтінем!

 

Ашып айтып, іштегі бар тілегін,

Зор үмітте жауап күтіп жүреді.

Мазасыз кеп, байыз таппай тағатсыз

Елшілікке күн құрғатпай кіреді.

 

Кеудедегі соққылайды жан жүрек

Жақсы хабар әкелердей таңғы леп!

Бірақ, әттең бұл бейбақтың күнәсін

Шығыстағы ел кешірмепті мәңгіге!

 

Содан былай өмір бұдан алыстап,

Клод жүрді тіршіліктен қағыс қап.

Меңіреу тұл ұзақ сонар түндерде

Үйреншікті жан азабы тағы ұстап.

 

Жылт-жылт еткен бар үміттер күйреді.

"Бір өлім" боп, көкейіне түйгені.

Кей күндері жан қайғысын бөлісіп,

Аяп жүрді жан қосағы, сүйгені.

 

Шексіз ойлар тереңіне шоматын.

Жұмыр басқа не бір ойлар қонатын.

Бірде естиді ол газеттерден нақ күнін

Ядролық байқауының болатын.

 

Жүрген әркез түн түнектей түнеріп,

Жан сотының шешіміне тіреліп.

"Бикиниде болатұғын сынаққа

Қатысам"- деп кетті аттанып, тіленіп.

 

Отаны оған зор сенімін жүктеген

Әлде қандай оғаш істер күтпеген.

Клод болса көтеріліп аспанға

Ойнап кетті радиоактивті бұлтпенен.

 

Улы бұлттан бірде кетіп, алыстап,

Қайта ұшады самолетін бағыштап.

Жердегілер іштен тілеп бір сауға

Қондырды ақыр самолетті ап құрсауға.

 

Көтере алмай зор күнәсін қан жұтқан

Болмады адам бұл бейшара жанды ұққан.

Медицина ғалымдары деп, шешті:

"Психика ауруына шалдыққан".

 

Белгісіз ед өмір сүрер, сүрмесі,

Клод жатты кіріп-шығып, бірде есі.

Күбірлейді еріндері жыбырлап,

Бөгде жанмен жатқандай бір тілдесіп.

 

АРЫ:

Клод, Клод маңдай соры қап-қалың.

Қателігін сонау жастық шақтағы.

Жұрт алдында өлім іздеп, аспаннан

Зор күнәңнің бір түйірін ақтадың.

 

АВТОР:

Қалыс қалып, ізгілікті ортақ іс,

Доңыз болдық көп бұйрықтан қорқа біз.

Бәске өткізген ядролық сынақты

Ауыру ғой паң қоғамдық ортамыз!

Пол Брегмен, Тибетс-соғыс ұшқыштары.

1990ж.

Қазақ тілінде жазылған