Адам қарады: 1333 | Жарияланды: 2017-06-22 04:17:36
Балалар салған суреттер
Оларға немқұрайды
Қарай алмаймын, білесің:
Балалар салған суреттер
Болмаса да жүйесі,
Салынған сәби жүрекпен.
Олардың
Шабытын жақсы түсінем,
Әлбетте
Дөп.
Бала салған суретте
Аю көк,
Қасқыр сары,
Піл қызыл –
Дарын!
Жылқылары шыбындай,
Жүре алмайды ұрынбай!...
Ізденгендерін байқадық,
Алаңдамай, бұрылмай,
Төзіммен!
Мұның бәрі таныс маған,
Мен өзім де
Жақтырмаймын өнерді
Шындықтан алыстаған.
Серпіледі сан қалам,
Мені де бір үйретші,
Қызыл түсті таңдаған
Барлық балғын суретші!
Көп жайды түсінбейді,
Білмейді -
Мен де бүгін үлкейдім,
Бірақ та қызыл дақтардан
Қаныққамдай ақпарға.
Бола берсін қызыл піл,
Ал шағала қап-қара -
Қолдарында құзыр тұр,
Мойындайды ақ парақ.