Адам қарады: 117 | Жарияланды: 2017-06-23 02:19:06

Жүрегім ауырып жүргенде

Жүрегім ауырып жүргенде,

Жаным-ау сағындым өзіңді.

Түсіме нұр болып енгенде,

Ояттың ұйықтаған сезімді.

 

Айналып, толғанып, сағынып,

Аялай алмадым өзіңді.

Еркектік намысқа бағынып,

Өшірдім бір кезде сезімді.

 

Ол күндер айналып келмейді,

Білемін, сеземін жүрекпен.

Өзіңді ұмытқым келмейді,

Аңсаймын шын асық тілекпен.

 

Бағым ба ең, білмеймін сорым ба ең?!

Құс болып биіктен көрінген.

Өзіңді ұмыту керекпін

Өйткені жолымыз бөлінген.

 

Оралмас күндерді аңсаудан,

Пайда жоқ сезеді жүрегім.

Сезімге түссем де қанша алуан,

Адамдық керегін білемін.

 

Өзіңді аңсадым, жарығым,

Жарқырап нұр шашқан еңселім.

Жүректің лаулатқан жалынын

Көркіңнен айналдым мен сенің.

 

 

Қазақ тілінде жазылған