Таза сезім оттай жанады
Таза сезім оттай жанады
Күйреп бірақ күлі қалады,
Аялай алмасаң сезімді,
Бұл сезім сені әуреге салады!
Мен осы сезімге сенемін,
Махаббат- білемін керегін!
Сен де мені түсінсең болар еді!
Ғаламат бақ құсы онда қонар еді.
Күндей болып күлімдер ем мен,
Жарық күндей қуат төгер ем,
Таза махаббат менен қашты-мау
Саған енді кездесер ме екен !
Сен енді маған келмегін !
Сен енді маған еркелемегін !
Сен енді менен аулақ жүр !
Өз жөніммен менде жүремін !
Күйдірдің мені ,босқа күйдірдің !
Сезімді сен солай сөндірдің !
Енді сезім жылап кетті !
Оған тек өзің себепті !
Бақыттың құшағында едік,
өзіміз бақытты сезінбедік,
Қолдан ұшты бақыт ,
Енді осыған көнейік !
Жыласын жүрек ,енді жыласын !
Осыған жүрек қайтіп шыдасын !
Оның күткені бұл емес еді ,
Білерсің бәрі сұрықсыз қалғанын !