Адам қарады: 29 | Жарияланды: 2017-06-16 19:48:48

Шаңырақтан түскен нұр

Лай келтірме рухыңа ақша үшін,

Билік үшін жоғалтпа иман күшін .

Əділетті Алладан ақ жол тіле .

Есек мінез болмашы бұны біле.

Талпын,тарпын байқа өмір жарысын

Анық жолды ажырату бəр ісің

Рухың Қазақ ! Еркіндіктен айрылма !

Өткен тарих - үлгі ,оған бекер қайғырма.

Рухың өссін жеміс талдай зəулім болып ,

Махабатқа , иманға жүрек толып ,

Аз болсаңда нəр жина, қалма солып ,

Құстай ұшып , арман шыңға еркін қонып.

Тек бір Алла тіл , жер ,тағдыр , елді берді !

Кең даланы махабатпен құшақ керді!

Шанырақтан түскен нұр Қазақ сөзі --

Ойы терең , əділет пен ақыл көзі.

 

Қазақ тілінде жазылған