Адам қарады: 15 | Жарияланды: 2017-06-19 03:28:23

Түсініңдерші...

Жаралы жанның жарасын тырнап,өршітіп,
Жылы сезімді,жылы жүректі өшіріп.
Қатігезсіңдер,адамдар,сендер-тасжүрек,
Бағаламайтын,бір-бірлеріңді түсініп.

Сағыныштарын сарылтып ғашық жүректің,
Көңілін бұзып,өмірін түндей түнерттің.
Шын жүрекпенен берілген асыл жандарды,
Ұмытып өзін,сезімін ластап,кір еттің.

Кім-кімді ұғар,жанын барымен түсінер,
Құлақ сал,қара,əрбір жан ерек күрсінер.
Шертіп бір қара,көңілдің өзге пернесін,
Бəрінде мұң бар,үміт бар бір күн үзілер.

Түсініңдерші,бір-бірлеріңді қадірлеп,
Ұғыну жанды,кездеспес ерек қабілет.
Болайын жалғыз,қалайын жалғыз өзім-ақ,
Бақытты күнді маған желдейін сағым ет.

Тек қана сендер қиналмаңдаршы,адамдар,
Басыңдар алға,жетелеп арман қадамдар.
Болайын əлсіз,тек сендер əлсіз болмаңдар,
Болыңдар адам,жарасын жанның бағамдар.

Тастаңдар мені,алыс құздардан лақтырып,
Мендегі барым жалғыздық,басты тақырып.
Бəріңе рұқсат,таптаңдар мені,адамдар,
Алыңдар барлық ашуларыңды,шақырып.

Тек бір-біріңді түсініңдерші,сұрарым,
Жүрмеңдер ішкі сыр-мұңдарыңды жасырып.


 

Қазақ тілінде жазылған