Суыды...ол да суыды
Жалындап тұрсың,жылуы қатты-Жарық Күн,
Армансыз қалған,қиялсыз қалған ғаріппін.
Несіне сенем,несіне төзем бақ күтіп,
Сенімінен де,үмітінен де жалықтым.
Қай күні бітер,тоқтаусыз алған тынысым,
Кетеді кейде,мазасыз ойдан тынышым.
Ұмытайыншы,бір сəтке тағат табайын,
Қиялы дағы,шабыты дағы құрысын!
Күтемін кімнен,сұраймын кімнен жылуды,
Ыстық сезімдер,үміттер өшіп,суыды.
Бар болса бақыт,келеді өзі,күтпеймін,
Өмірге адам өзі бақыт боп туылды.
Қай жолға түстім,барамын қайда ендігі?
Жетпейтіндейін,мына ғаламның кеңдігі.
Сыймай барамын,тулайды жаным кеудемде,
Түзер мені де,мынау əлемнің теңдігі.
Жалын емеспін,жаныңды өртеп жылытар,
Сағым емеспін,көзіңді байлап құбылтар.
Мен адаммын ғой,менде де жүрек бар еді,
Жараланатын,қайғыға кейде тұтылар.
Қуыппын сағым,адастым білем жолымнан,
Жүрегім қызып,енді тұр,міне,суынған.
Бір күні тоқтап алармын тағат.Ғайыптан,
Шабытым келер,арман суымен жуынған.
Таңдарым атсын,тамылжып арай шығыстан,
Күндерім батсын,сығалап ақ ай қуыстан.
Ендігі маған,ешбірі əсер сыйламас,
Пендемін мен де,ойы мен тойы тоғысқан.
Сезімдер енді жүректі елеңдетпейді,
Бəрібір маған,ештеңем енді кетпейді.
Жараладым ғой,жүрекке салып мың жара,
Ол енді қанды,қаралы жасын төкпейді.
Кімдерден күтем,махаббат пенен жылуды?
Кеш енді бəрі,жүрегім менің суыды.
Сезбейді түк те,суыды..ол да суыды.......