Адам қарады: 133611 | Жарияланды: 2017-06-22 04:15:45

Ажарсыз қыз бала туралы өлең

Осы бір қыз, осы бір өзге

Арзанқолдау мата ма, бөз бе?

Ойнап жүрген бір топ бала

Арасында түсер көзге.

Айтпассыз көзге түспеді,

Аударарсыз назар сіз.

Аузы үлкен, қисық тістері,

Бет әлпеті ажарсыз.

Ап-арық өзі, жадау да,

Қабырғасы ырсиған.

Тұрар ма екен қарауға

Табиғат берген бұл сыйға?

Екі ер бала желіккен

(Әкелер сатып әперді-ау!)

Тайраңдап жүр великпен

(Ана қызды ертпейді,

Есесіне «Кет»! дейді)

Ондай ой жоқ қаперде-ау!

Ал мына бір қыз дуалы,

Ал мына бір қыз жат бала

Ұлдармен бірге қуанып,

Арсалаңдап жүр шаттана.

Осы бір сәби періште

Қызғанышты да білмейді, сұмдықты.

Ол үшін әлем әсем, келіскен,

Көруге бәрін әзір, әрі ынтық-ты.

Күндер өтер. Қашанғы

Ажарсыздығын жасырар?

Айналасы жасанды,

Ащы шындық ашылар.

Сенемін:

Жүрегі оның төзеді

Мазаққа да, азапқа.

Өйткені алтын өзегі,

Жаны жайсаң, азат та!

Болмаса да бәденді,

Ол қызға құтты шақ өмір.

Нұрландырған әлемді

Сондай таза, пәк көңіл!

Сендермен бірге, туыстар,

Сұлудың көңлін аулағам.

Түсінбен:

Сырты сұлу ол қуыс па,

Әлде ыдыс па

Ішінде

Оты лаулаған?

Қазақ тілінде жазылған