Бостанның басынан кешкен таңғажайып оқиғалары
Мен бүгін 20-ға толдым. Бірақ өзімді 80-ге келген кәужіреген шал сияқты сезінемін. Осы 20 жыл өмірімде көп нәрсені бастан өткеріппін. Жақсысы да, жаманы да болды. Қазір ойлап қарасам, соның бәрі қорқынышты түс сияқты... Былай қарағанда онша көп емес, ал өзіме таусылмастай ұзақ болып сезілетін өткен өмірімді екі кезеңге бөлуге болады екен: біреуі уайым-қайғысыз балалық шағым да, екіншісі тылсым қасиеттің пайда болуымен келген дерт. Иә, бұл ауру маған алғаш рет 13 жасымда білінген еді. Ол кезде 7-ші сыныпқа барып жүрген кезім. Ұмытпасам қыстың басы ғой деймін. Қорқынышты кеш Таң алдында дәрет қысып оянып кеттім. Қараңғыдан сұмдық қорқатынмын. Бірақ қуығыма толған дәрет қорқынышымды ұмыттырып, еріксіз сыртқа айдап шығарды. Дәліздің светін жағып, тысқа шықтым. Қора ішіндегі әжетханаға баруға жүрегім дауаламай, аулада дәрет сындырдым. Қараңғы түнде әлдекім шыға келіп бассалардай, бойымда белгісіз қорқыныш билеп барады. Дәрет алып бола сала үйге қарай жүгірдім. Дәлізге кіргенде ғана жүрегім орнына түсіп, қорқынышым ептеп басылғандай болды. Содан төсегіме келіп жаттым. Екінші керуетте жатқан інім ұйқы құшағында. Дегенмен, бірден ұйықтап кете алмадым. Әрнәрсені ойлап жатып, бір кезде көзім ілінген екен деймін, кенет баяу қалқып жоғары көтеріле бердім. Содан ақырын қалқыған күйі жерге түстім. Бұның өзі баяулап көрсететін кинолентаға ұқсайтын сияқты. Табаным еденге тиген кезде тізелерім салмағымнан бүгіліп отырып барып қайта тұрдым. Бөлменің іші ұзын жіңішке вагонға ұқсайды. Сүттей ұйыған жарық. Кенет төсегімде жатқан өзіме көзім түсті. Көрпем ашылып, басым бір жағына қарай қисайып қалыпты. Сол жағыма қарасам, басын көрпеге тыққан інім тып-тыныш пысылдап ұйықтап жатыр. Өңім бе, түсім бе біле алмай, аң-таңмын. Содан, ұйықтап жатқан өзіме жақындап үңіліп қарадым. Бетбейнем, тіпті ақырын алған тынысыма дейін ап-анық естіліп тұр. Шошынайын дедім. Мынау жатқан кім? –деймін өзіме өзім. Ақылымнан алжасқан шығармын, мүмкін бұл түс пе екен? Түс еместігін сезсем де, соған өзімді сендіргім келеді. Бұны анықтаудың жолы – өзімді шымшылап көрейін деген бір оғаш ой келді. Содан қолымды саныма апарып бұрап кеп жіберейін. О тоба, қолым аяғыма ілікпейді. Бейне аяғым жоғалып кеткендей. Сұмдық. Қолымды саныма тағы да апарып, шымшылап жатырмын. Алла сақтасын, жұдырығым аяғыма еніп жоқ болып кетті. Мен кіммін, бұл не сұмдық? –деймін шошынып. Сол-ақ екен аяғым аспаннан келіп шалқамнан құлап түстім. Құладым дегенім бекер, көкке көтеріліп, керуеттің үстінде қалықтай келе ұйықтап жатқан денеме қайта қосылдым. Сөйтіп мен өз денемде есімді жидым. Жіңішке вагон сияқты жарық бөлме жоқ, кәдімгі інім екеуміз ұйықтайтын кішкентай бөлмеде жатырмын. Мұның не екендігін ұқпай, есеңгіреп біраз жаттым. Қорыққанға қос көрінеді деген, түсім шығар деп жұбаттым өзімді. Содан таң алдында ғана көзім әзер ілінді. Дегенмен, бұл оқиғаны мен ешкімге айтқаным жоқ. Оған өзге түгілі, өзім де онша сенбеген едім. Құдай жоқ, адам маймылдан жаратылған дегенді жоғары сынып балаларынан естігенім бар. Биология пәнінде адамның қалай пайда болғанын тәптіштеп түсіндіреді екен. Жүз қаралы үйі бар шағын ауылымызда намаз оқитын жалғыз Қосымбек шал-тын. Ол кісі сонау сәбет заманынан намаз оқып, ораза ұстап келеді. Ал басқалар Алланы ауызға да алмайды. Оны айтасың, шалдардың көбі арақ ішеді. Сондай ауылда өскен құдайға сенбейтін материалистердің бірі мына менмін. Денемнен шығып кеттім, ұйықтап жатқан өзімді сыртымнан көрдім десем, жұрттың мазағына ұшырарым анық. Онан да «аш пәледен қаш пәле» деп үнсіз жүргенім жақсы болар деп түйдім. Емі жоқ дерт Көп ұзамай қорқынышты түнді мүлде ұмыттым. Оны түс екен дегенге жорып, енді қайталанбайды деп жүргенмін. Содан сәуір айының бір жылы кешінде әлгі пәле тағы да қайталады. Түн ортасынан ауған шақ қой деймін. Ұйқымнан оянып кеттім. Көзімді жұмып қалғып жатырмын. Бір кезде тағы да денемнен бөлініп шығып кеттім. Қалай шыққанымды өзім де білмеймін. Сол баяғы вагонға ұқсайтын ұзын жіңішке жарық бөлме. Өткендегі жағдай айна қатесіз тағы да қайталанды. Дегенмен, өткендегіден аздап тәжірибе алғандаймын ба, бұл жолы онша шошына қоймадым. Жан-жағыма қарап, өзімше зерттемек болдым. Бөлменің шектен тыс созылып, ұзарып кеткені болмаса, барлық зат орнында сияқты. Содан есікке қарай беттедім. Қызығы сол, екі аттап жететін есікке жеткенше біраз жүрдім. Қолымды тұтқаға апарғаным сол еді, ол зу етіп кедергісіз есіктің арғы жағына өте шықты. Екі қолыммен есікті итеремін дегенде екпініммен дәлізден бір-ақ шықтым. Есік маған кедергі болмады. Денем сәулеге айналып кеткен секілді. Бойымды белгісіз бір құмарлық биледі. Өмір бойы көріп, түйсініп келе жатқан түсінігіме симайтын таңғажайып жайды өзімше зерттеп, зерделегім келді. Дәлізден еш кедергісіз көкем мен апам, кіші інім және қарындасым жатқан бөлмеге қарай өттім. Олар да тып-тыныш ұйқыда жатыр. Бөлменің іші жап-жарық. Асүй атап кеткен бұл бөлме тік төртбұрышты кеңдеу болатын. Осы бөлме енді о шеті мен бұ шетіне көз жетпестей далиып, үлкейіп кетіпті. Мен енді сыртқа шыққым келді. Дала қараңғы ғой деген қорқынышты ой келгенімен, байқап көрсем қайтеді деген құмарлық еріксіз алға жетелей берді. Есіктен емес, мен енді тікелей қабырғаны көктей өттім. О тоба, қабырға маған еш кедергі болмай, арғы жағына зу етіп өте шыққанымды сезбей қалдым. Дала сүттей ұйыған жарық екен. Айнала тылсым тыныштық құшағында. Құлаққа ұрған танадай жым-жырт. Аң-таң болып аңтарылып біраз тұрдым. Күндіз бе, түн бе? Аспанға қарсам ай да, жұлдыз да зым-зия. Жерде ештеңе өзгермеген. Тек үйлер мен ағаштардың көлемі әдеттегіден үлкейіп зорайып кетіпті. Көше бойлап ақырын аяңдап жүріп келемін. Жүріп келемін дегенім болмаса, табанымның жерге тигенін онша сезіне қоймаймын. Сұмдығы сол, үстімде труси-майкадан басқа лыпам жоқ. Көктем десе де, қыстың ызғары әлі сақталған кез. Бірақ неге екені белгісіз суықты еш сезінбедім. Жалаңаяқтығым да, ішкиіммен жүргенім де ерсі көрінбейтіндей. Мен ауылды кезіп біраз жүрдім. Айналам алақанға салғандай жарық болғасын ба, қорқынышқа бой алдыра қоймадым. Кенет біздің көшенің бойындағы Серікбайдың қорасынан есектің ақырған даусы естілді. Оның үлкен сұр есегі бар-тын. Түнгі тыныштықты бұзып үзіп-үзіп ақырады. Мен өзімнің әдеттен тыс қалпыма аздап етім үйрене бастағандай. Белгісіз бір бостандықты, еркіндікті сезінемін. Бір сыныпта оқитын Жақан деген баланың үйінің жанына келіп тоқтадым. Ішке кіріп, көрсем қайтеді деген бір оғаштау ой келді. Содан еш кедергісіз бөлменің қабырғасынан көктей өтіп ішке кірдім. Үйдің іші самаладай жап-жарық екен. Ауызғы бөлмеде көкесі мен апасы және кіші қарындасы ұйықтап жатыр. Жақан ағасы екеуі төргі бөлмеде жатыр екен. Ағасы диванда, өзі еденде. Үстіне жамылған қоңыр көрпесін бүркеніп алыпты. Мен үйге оралдым. Қанша уақыт өткенін білмеймін. Төсегімнің жанына келіп, ұйықтап жатқан өзіме қарап біраз тұрдым. Оятқым келіп, иығынан жұлқып байқап көріп едім, онымнан ештеңе шықпады. Қолым денеге тимей, бос кеңістікті қармады. Содан төсекке қисайдым. Шынын айтқанда төсекке емес, керуетте жатқан өзімнің үстіме қисайдым. Құданың құдыретімен, жатқаным сол екен, денеме еніп, тәніммен қайта қосылып кеттім. Мен тән емеспін Осы оқиғадан кейін өмірге деген көзқарасым біршама өзгере бастады. Бұрын бәрі алақанға салғандай айқын сияқты еді. Мен де өзімді өзгелер сияқты тәнмін деп ойлайтынмын. Тәнім төсегімде жатқанда өзімнің ауыл кезіп қыдырып кеткен жағдайымды ойлап, мен тән емес екенмін-ау деген бір оғаштау ойға берілдім. Қатарластарымның бәрінің түсінігі маған бесенеден белгілі. Сондықтан басымнан кешкен жай туралы тіс жарып ешкімге ештеңе айтқаным жоқ. Алғашқы жолғыдай емес, екінші рет тәнімнен шыққанда мұның түс емес екендігіне көзім анық жеткен. Бірақ неге тәнімнен шықтым және бұндай жағдай тағы да қайталануы мүмкін бе? деген сауалға жауап таба алмадым. Арада екі айдай өткенде таң алдында ұйқылы-ояу жатып тағы да тәнімнен бөлініп шықтым. Дегенмен, бұл жолы оған еш шошынғаным жоқ. Енді мен бұның қандай құбылыс екендігін аздап түйсініп, тіпті, тәніме қайта кіру әдісін де біліп алған едім. Бұл жолы да көше кезіп, ауылдың түнгі көрінісін көріп тамашалап біраз жүрдім. Осылай арада екі жылдай уақыт өтті. Екі-үш айда бір рет қайталанатын құбылысқа етім өліп үйреніп кеткенім сонша, ол маған әдеттегі құбылыс сияқты сезіле бастаған. Өзімнің тән емес, басқа нәрсе екендігімді аздап түйсінгеніммен, бұл қасиет мінез-құлқыма оншалықты өзгеріс әкеле қоймады. Мен оныншы сыныпта оқып жүрмін. Қатарластарым сияқты жоғары оқу орнына түсіп, үлкен бастық немесе бай бизнесмен боламын деп армандамаймын. Өйткені оқуым орташа. Шамам өзіме белгілі. Ауылда қазір жұмыс та жоқ. Не істеймін? Шынын айтқанда, ол жайында көп бас қатырып ойлана қойғаным жоқ. Ақпан айы. Қыс аяқталып келеді. Менің өмірімде біраз өзгеріс болды. Ол не дейсіз бе? Баяғы дерт асқынып, әбден күшейіп алды. Енді тәнімнен аптасына бір-екі рет, тіпті күн аралатып шығатын күйге жеттім. Бұның себебін түсіне алмасам да, ақырындап бұл жағдайға бойым үйреніп, көндіге бастадым. Тағы бір жаңалық – әруақ-елеспен кездестім. Иә, кәдімгі шетелдік қорқынышты кинолардағыдай елес. Оны жұрт «призрак» деп атап, айналасындағылар зәрелері ұшып қорқып жүрмейтін бе еді. Міне, сондай әруақ-елес біздің ауылда да бар екен. Түнде тәнімнен шыққан кезде ауыл аралайтын әдетім барлығын жоғарыда айтқан едім ғой. Кейін келе ауылдан ұзаңқырап, ауылдың маңайын да кезетін болып алғанмын. Қыс болса да, ішкиіммен жалаңаяқ, жалаңбас жүретін мен суық дегенді мүлдем сезінбеймін. Біреу мына қалпымды көріп, күледі-ау деп те ойламаймын. Өйткені, тәнімнен шыққан мені ешкім де көре алмайды. Кәдімгі кинодағы «человек невидимка» дегеннің нағыз өзімін. Айтпақшы, мен тек жаяу жүрмей, ертегідегі желаяқ сияқты аннан-мұннан бір аттап жүгіріп, тіпті көкке көтеріліп ұша да аламын. Елес-тән мақтадай жеп-жеңіл. Рахат. Көзді ашып-жұмғанша қалаған жеріңе жетіп барасың. Бірақ қорқақтаңқырап онша алысқа ұзай қоймаймын. Ауылдың маңайын ғана шолимын. Бірде ауылдан бес-алты шақырымдай жердегі ескі қыстауға тап болдым. Кез-келген кедергіден көктей өтіп, оқтай зулайтын, тіпті көкке көтеріліп ұшатын елес-тәнім болғасын ба, анау-мынаудан қорқуды қойғанмын. Кенет әлгі қыстаудан шыққан сақал-шашы өскен, жүдеу жүзді орта жастағы біреу маған бассалсын. Бірақ елес-тәнімді ұстай алмай ауа қармап, сонда да ызалы жүзбен маған тап-тап береді. Алғашында қатты шошып қалған мен елес-тәніме ештеңе жасай алмасын білгесін батылданайын дедім. «Кімсіз, қайдан жүрген адамсыз?» деймін әлгіге. -Өзің кімсің? –деді ол маған ежірейе қарап. -Бостанмын. -Бостаның кім, Аққайнардансың ба? -Иә. -Кімнің баласысың? -Шәймерденнің. -Көсе Шәймерден бе? -Иә. -Сені танымайды екенмін. Мен қайтқанда дүниеге келмеген де шығарсың. -Қайтқаны несі? –дедім таңырқап. -Өлгенде деймін. Мені не, тірі адам деп ойлап тұрмысың? -А, а... –дедім жөпелдеме ештеңе айта алмай күрмеліп. -Иә, мен әлдеқашан өлген адаммын. Молам анау қырдың басында. -Неге? Қорымға неге қоймаған? -Мен ажалымнан өлгенім жоқ, асылып қалдым ғой. -А, а... -Солай бауырым. Ал өзің кімсің? Сен де әруақпысың? -Жоқ. -Қалай әруақ емессің, тәнің қайда? -Үйде. -А, а... –енді таңырқау кезегі оған келгендей маған аңыра қарады. -Не айтып тұрсың?. Сенің әруақ екенің көрініп тұр ғой. -Жоқ, мен әруақ емеспін. Тәнім үйде ұйықтап жатыр. Өзім осындамын. Кенет ол маған тесірейе қарап, кіндігімнің астындағы жіңішке ақ жолаққа көзі түсті. Мен бұрын байқамаған екенмін, кіндігімнің астында жіңішке машина жіптің жуандығындай ақ жолақ бар екен. Мені сол жарық жіп тәніммен байланыстырып тұратын секілді. -Иә, сен шынында тәніңмен байланысқан сияқтысың. Қызық екен, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын, -деді ол өз-өзімен сөйлескендей күбірлеп. -Тәніңнен қалай шығасың? –деді сосын таңырқап. Мен басымнан кешкен жайды түгел баяндап бердім. Ол таң қалып, басын шайқады. Қызық нәрсе екен. Мен осы өмірімде талай сойқан жағдайларды көрдім, бірақ дәл мынадай оқиғаны естіген де, көрген де емеспін. -Сіз мұндай күйге қалай тап болдыңыз? –дедім бір кезде. -Бәрі жастықтың желігі ғой. Бір қызға ғашық болдым. Ол маған қарамай, басқа жігітке шықты. Соған ерегісіп, асылып қалдым. Өзіне қол салған деп мені сол кездегі ауылдағы ақсақалдар қырдың басына апарып жеке қойғызды. Содан осындай әруаққа айналдым. Алғашында ауылды кезіп, жұрттың арасында болдым. Бірақ кейін келе адамдардан жеріндім. Қазір мынау қыстауды мекен етемін. Оның есімі Есберген екен. Серік табылып, қауқылдасып екеуміз арқа-жарқа болып қуанысып қалдық. Менің кіндігімнің астындағы ақ жолақ сым тәніммен байланыстырып тұрса керек. Ал Есбергенде ондай жолақ жоқ. Яғни, нағыз әруаққа айналған. -Қорымға жерленген адамдардың да әруағы бола ма? –деймін мен. -Жоқ. Оларды жерлегенде молда құран оқиды. Содан ба, қорымда жерленгендер мен сияқты дала кезбейді. Молаларында жатады. Осы күннен кейін мен күнде Есбергенге барып, екеуміз таң атқанша әңгіме-дүкен құрып жүрдік. Мен туғаннан екі жыл бұрын – 1982 жылы дүниеден өткен Есберген содан бергі жылдарда әруақ болып ауылды кезіпті, көрмегені-білмегені жоқ екен. Айтып отырса, таусылмайтын жыр сияқты. Аққайнардың көлеңкелі жақтары -Жүр кеттік, мен саған бір қызық көрсетейін, -деді бірде Есберген. Содан екеуміз самғай ұшып ауылға жеттік. Ауылдың арғы жақ шетінде Боқан деген шал тұратын. Жалғыз ұлы сотталып, келіні және кішкентай немересімен бірге тұрып жатқан. Үйдің қабырғасы елес-әруаққа кедергі болып па, екеуміз қабырғаны көктей өтіп үйге ендік. Пеш жағылатын ас бөлмеде кішкентай баласымен келіншек жатыр. Шал төргі бөлмеде еденге салынған төсекте ұйқы құшағында. Мұнда неге келгенімізді білмей аң-таңмын. Шынын айтқанда біраз үйлерге өзім де кіріп көріп жүрмін. Таңғалатын ештеңе жоқ. Ұйықтап жатқан адамдарға қараған да қызық болып па? -Мұнда не бар? –деймін Есбергенге қарап. -Тс...с –деп ол ерніне саусағын апарып даусыңды шығарма дегендей. -Ау, бізді болсын-болмасын ешкім де естімейді. Тіпті, бар даусыңмен айқайласаң да ешкімнің құлағына кірмейді ғой, -дедім мен таңырқап. -Жә, дәңгірлеме, -деді ол. –Кішкене күт. Сосын көресің қызықты. Біз бір сағаттай отырдық-ау деймін. Шынын айтқанда, елес-тәнмен жүргенде уақыттың қалай өткені онша сезіле қоймайды. Бір кезде төргі бөлмеде жатқан шал оянып, қақырынып-түкірініп далаға шықты. Әжетханаға бармай, есік алдында дәрет алған ол бөлмесіне емес, келіні жатқан асүйге кірді. Ол ұйқы құшағында жатқан келінін иығынан тартып жұлқылап жатыр. Оянған келін басын көтеріп үн-түнсіз шалдың соңынан ерді. Екеуі төргі бөлмеге кіріп, төсекке қисайды. Шал әй-шай жоқ бірден келінінің үстіне қона кетіп, сәлден соң құнжаңдап еркектік шаруасына кірісті. Болат деген сыныптас баланың үйіндегі видеодан көргендерім болмаса, ер адам мен әйелдің төсек жақындығын өмірі көрмеген басым аузым ашылып аңырайып қарап қалыппын. Түн қараңғы болғанымен, елес-тән үшін үйдің іші де, дала да сүттей ұйыған жарық. Ырсылға басқан шалдың екпінді қимылына сәлден кейін келіншектің аянышты ыңқылы қосылды. Көздерін тарс жұмып, екі қолын екі жағына жая шалқасынан жатқан келіншек бар дүниені ұмытқандай рахатқа батып, баяу ғана ыңырсиды. Шаруасын бітірген шал бір кезде келіннің үстінен түсіп, шалқасынан жатты. Көрпесі ашылыңқырап қалған келіншектің жалаңаш сандары жарқырап көрініп жатыр. Келіншек орнынан тұруға асықпайтын сиықты. Төсек ләззатының дәмін алғысы келгендей ашық-шашық күйі керіліп біраз жатты. -Орныңа бар, ана бала оянып кетіп жүрер, -деді бір кезде шал. Келіншек орнынан сүйретіле тұрып, асүйге кетті. -Қалай? –деді Есберген маған қарап. -Сұмдық екен, -дедім мен. –Туған келінімен қалай мұндай ұятсыздық жасайды. Өзі болса, сексенге келген шал. -Онда тұрған не бар? Сексенге келсе де шалың мығым. Көрдің бе қимылын. -Көптен бері осылай жасай ма? –дедім бір кезде. -Мен білгелі екі жылдай болды ғой деймін. Шалдың баласының аты Мұхтар. Ол ел ішінде рэкет аталып жүрген адамдарды бопсалап ақша алатындармен қосылып, біраз дүниені бүлдірген екен. Содан ақыры қолға түсіп, он жылға сотталып тынды. Кішкентай бір ұлдары бар-тын. Менің білуімше, балалары биыл мектепке барған болуы керек. Шалдың үш қыз, бір ұлы бар. Қыздары тұрмысқа шығып кеткен. Біреуі осы ауылда тұрады. Ұлының жасы менің білуімше, 32-35-тің шамасында. Ал келіншегінің жасы көп болса отыздарда шығар. Сексендегі шалдың отыздағы келіншекпен жақындасуы ақылға сиымсыз шаруа сияқты. Балаға ғашық кемпір Боқан шалдың үйінде болған іс маған қатты әсер етті. Бұрын ауыл адамдарының бәрі тамаша, ақкөңіл, ақжүрек сияқты көрінетін. Сөйтсем, неше түрлі сұмдықтар болып жатады екен ғой мұнда. Арада екі күн өткенде түнгі кездесуде мен осы жайында Есбергенге айтқанымда ол «сен білмейсің ғой, Аққайнарда неше түрлі құлақ естімеген сойқандар болып жатады» -деді. -Егер мен жазушы болсам, жұрт қырылып оқитын керемет қызық кітаптар жазар едім. -Атасы мен келінінің ойнас жасағаны да қызық болып па? –дедім таңырқап. -Неге қызық емес? Қазір адамдар «Махаббат, қызық, мол жылдардағы» Ербол мен Меңтайдың пәк махаббаты дегенге сенбейді. Оның бәрі ойдан шығарылған ертегі дейді. Өмірде бәрі басқаша болады. -Махаббат деген болмай ма сонда? Ал өзіңіз де ғашық болған жоқсыз ба? -Мен жастықпен ақымақшылық жасадым. Кейін көзім ашылды. Мен ғашық болған қыздың кейін не істегенін білесің бе? –деді сосын ол маған қарап. -Не істепті? -Ол салдақы балалары мен күйеуін тастап, курортқа барғанда танысқан дөкей бастыққа тиіп алыпты. Әлгі бастық та сұлу келіншекке қызығып, әйелі мен балаларын қаңғытып тастап кетіпті. Бірақ та олардың бағы ашылмады. Біреулерге берешек болып қалған ба, рэкет дегендер ғашығымның күйеуін өлтіріп кетіпті. Сөйтіп ол қартайған шағында жападан жалғыз қалды. -Мұның бәрін қайдан білесіз? –деймін мен таңырқап. -Ау, менің бар шаруам ауыл кезіп, жұрттың өсек-аяңын тыңдау емес пе. Солардан естідім. Жалпы, әйел дегендерге еш сенім жоқ. Оларда ұят та, ар да болмайды. -Неге бұлай дейсіз? Жақсы қыздар, келіншектер де бар ғой, -дедім мен оған келіспей. -Мен саған бүгін бір қызық көрсетейін. Содан кейін сөйлесерміз бұл жайында. Осыны айтқан ол «қане, ер соңымнан» -деп көкке көтеріліп, самғай жөнелді. Екеуміз қалқи ұшып, Күләнда деген жалғыз өзі тұратын жесір кемпірдің үйіне келдік. Қызығы сол, кемпір жататын бөлмеде диванда қалғып отыр. Свет жанып тұр. Төсек салулы. Бірқыдырау уақыт өтті. Бір кезде сықырлап сыртқы есік ашылды. Ұшып тұрған кемпір дәлізге шықты. Есік ашып үйге кірген үстінде күртесі бар көрші тұратын сегізінші сыныпта оқитын Ермек деген бала екен. -Не болды, сені күтіп таң атқанша көз ілмедім ғой, -деген кемпір күртесін шешкен бозбаланы бассалды. Құшақтап жабысып, ернінен сүйіп аймалап өліп-өшіп барады. Содан екеуі құшақтасқан қалпы төргі бөлмедегі салулы төсекке келіп жатты. Ермектің қимылы Боқан шал сияқты тегеурінді болмаса да, керісінше кемпір оны аймалап сүйіп, ыңқылдай ма, ыңырсый ма, өліп-өшіп жатыр. Болаттың үйінен тамашалаған шетелдік киноны көріп отырғандай олардың мына әрекетіне қадала қарап мен отырмын. Шаруасын аяқтаған бозбала кемпірдің үстінен түсті. Бірақ Күләнда кемпірдің мауығы басылмаған сияқты. Оны құшағынан шығармай, аймалап-сүйіп әлек. Өзімнен екі сынып төмен оқитын баланы дәл осындай іс жасайды деп ойламаған маған мынау сұмдық қатты әсер етті. Алпыстан асқан кемиек кемпірмен сүйіскені жиіркенішті-ақ. Есберген айтқандай, шынында да ауылдың мен білмейтін көлеңкелі сыры көп екен ғой деп ойладым. -Көрдің бе, -деді Есберген маған масаттана қарап. – Махаббат деген болады деп сенесің бе осыдан кейін енді? -Бұның бәрі жәй құмарлық қой, шын махаббат деген басқа, -деймін мен де беріспей. -Махаббат деген бір-біріне күйіп-жанып ғашық болу, Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш Баян сұлу сияқты дейсің бе сонда? -Иә, шын махаббат өмірде болады, -дедім мен нық сеніммен. -Мен саған қарағанда көпті көрген адаммын, бірақ бір-біріне өлердей ғашық болып, көрмесе тұра алмайтын жанды кездестірмеппін. Мен оған өзімнің уәждерімді айтып, шын махаббаттың болатынын дәледеуге тырысып беріспей жатырмын. -Мына айтқандарыңа қарағанда біреуге ғашықсың-ау? –деді Есберген бір кезде. Мынаны естігенде ұрлығым ашылып қалғандай қатты ыңғайсызданып қалдым. -Дәл үстінен түстім білем. Кімге ғашықсың, жасырма, мен бәрібір тірі жанға айта алмаймын. Елес-әруақтан ыңғайсызданып қайтемін, бәрібір ешкімге айтпайды деген ой келіп: «Күнсұлу деген қызға» -дедім. -Танымайды екенмін, кімнің қызы? -Темірбектің қызы. -Темірбектің деймісің? Оның үлкен қызы ма сонда? -Иә. Неге екені белгісіз сол-ақ екен әруақ-елес қарқылдап кеп күлсін. Ішегі түйілгендей күлкіге қарық болған ол «Күнсұлу деймісің» дейді де мәз болады келіп. -Не болды? –деймін мен оның мынасына аң-таң қалып. -Темірбектің қызы, ха-ха-ха, -деген ол –уақыты келгенде саған қызықтың көкесін көрсетемін, -деп онан сайын мәз болды. Оның мұны не себепті айтқанын түсінбеген мен жападан жалғыз жүрген елес-әруақтың жәй сандырағы шығар деп мән бермегенмін. Махаббатпен қоштасу Арада бірнеше күн өтті. Есберген маған бір күні «жүр саған қызық көрсетейін» деді. Оның қызықтары көңіліме онша ұнай қоймаса да «нем кетеді, барсам барайын» деп ойладым. Түн ортасынан ауған кез. Екеуміз Темірбектің үйіне келдік. Күнсұлу туралы ойлауым мұң екен, жүрегім атқақтай соға жөнелді ( тәнім үйде қалса да, қызығы сол елес-тәнімнің жүрегі де атқақтай соғатын сияқты). Ауызғы бөлмеде еденге салынған төсекте бірнеше бала ұйықтап жатыр. Есберген мені ішкі бөлмеге бастады. Ондағы көрініс мен үшін көктен найзағай түскендей күтпеген жай болды. Едендегі көрпеше үстінде құшақтары айқасқан екеу жатыр. Қыздың жалаңаш сандары жарқырап көрініп тұр. Бетін еркектің омырауына тығып алған оның кім екенін алғашында біле алмасам да, бір сұмдықтың боларын сезгендей сабырсыз күйге түстім. Бір кезде қимылсыз жатқан екеуге жан бітті. Алдымен еркек құшағындағы қызды шалқасынан салып, үстіне шықты. Содан кейін бірден шаруасына кірісіп кетті. Шалқасынан жатқан қыздың жүзіне көзім түскен сәт жүрегім шымырлап, бойымды белгісіз бір сезім билеп алды. Еркектің мойнынан қапсыра құшақтап, көзін ашып аспанға қадала қарап жатқан қыз Күнсұлу еді. Тән ләззатына балқыған ол бір кезде шыдай алмай ыңырсый бастады. Еркектің қимылы да үдеп, бар дүниені ұмытқан екеу рахат дүниесінде қалқып жүзіп жүргендей. Өз көзіме өзім сенбегендей аңырая қарап мен тұрмын. Қалай екен дегендей Есберген маған айызы қана қарап жымың-жымың етеді. «Көрдің бе, ғашығыңның не істеп жатқанын» деді бір кезде шыдай алмай. Тілімді тістеп үнсіз тұрмын. Не деймін. Қыз-келіншектердің арасында жан дүниесі таза, адалдары болады деп бетбақтырмаған басым, мынаған не уәж айтарымды білмей тілімді тістеп, іштей мүжіліп отырмын. Шаруасын бітірген еркек қыздың үстінен түсіп, жантайып жатты. Сол кезде ғана оның жүзін көрдім. Қырықтан асқан, бала-шағасы бар, математикадан сабақ беретін Айболат ағай екен. Сол-ақ екен жүрегім сұмдық құлазып сала берді. Сол сәт алғашқы, бәлкім соңғы болар, ақ махаббатыммен мәңгіге қош айтыстым. Менің аруға балаған қызым бала-шағалы еркекпен ашына болып, нәпсінің құлына айналған ойнасқұмар болып шықты. Есберген онсыз да жаралы жанымды онан әрі қажап «махаббат дегенге енді де сенесің бе?» дейді қылжақтап. Оған не жауап берерімді білмей үнсіз жүрегімді жегідей жеген өкінішті ойдың жетегіне еремін. -Бұрын мен де сенің жағдайыңды басымнан кешкенмін. Аруға балағаным көрінгенге көз сүзгіш салдақы болып шықты. Сол үшін жас өмірімді құрбан еттім. Енді өкінгенмен не пайда? –деді бір кезде ол күйінішін жасыра алмай көкірек жара күрсініп. Сол түнді мен ұйқысыз өткіздім. Таңертең сабақта сыптай киініп, сызылып жүрген Күнсұлудың жүзіне қарай алмай түндегі сұмдықты өзім жасағандай ыңғайсыз күйге түстім. Үшінші сабақ математика болатын. Айболат ағай ештеңе болмағандай тақтада сабақ түсіндіріп тұр. Сол сәт шыдай алмай Күнсұлуға қараған едім, ол баяғыша сызылып, түк болмағандай төмен қарап отыр. Түріне қарасаң күнәсіз пәк нәзікжанды ару екендігіне қапысыз сенгендейсің. Сол сәт көз алдыма екі көзін аспанға қадап, құмарлықтан түрі бұзылып кеткен түндегі бейнесі келе қалды. Құлағыма ыңырсыған үні естілгендей. Жүрегім сұмдық сыздап сала берді. Белгісіз сезім бойымды өртеп барады. Бәлкім бұл қызғаныш па, әлде жиіркеніш пе, білмеймін. Жердегі тамұқ Осы оқиғадан кейін мен енді Есбергенге еріп Аққайнардағы «қызықтарды» көрмейтін болдым. Есбергенге қызық көрінгенмен, маған ол жиіркеніш туғызатын жаман нәрсе сияқты сезілді. Ар-ұяттан жұрдай болып айрылған, нәпсінің құлы болған адамдардың арсыздығы да қызық болып па? Бірде мен Есбергенге ұзақ жылдар бойы елес-әруақ болып жүру қаншалықты қиын немсе қызық деген сауал қойдым. Бір қарағанда оның өмірі уайым-қайғысыз, тыныш өтіп жатқандай әсер қалдыратын. Тамақтың, ұйқының, үй-жайдың, жұмыс істеудің еш қажеті жоқ. Елес-әруақ ешқашан ауырмайды, қартаймайды және өлмейді. Рахат емес пе? Мен осы ойымды айтқанда ол көкірек жара ауыр күрсінді. -Сен білмейсің ғой, менің өмірімнің қандай екенін, -деді содан кейін. – Ең ауыр қиындық – жалғыздық екен. Мен айналамдағы адамдарды көріп, естимін. Ал олар менің бар-жоғымды да білмейді. Сен кездескелі ғана іштегі шерімді тарқатып, біршама жеңілдеп қалдым. Содан кейінгі қиындық, қиындық емес-ау нағыз азап – бұл елес-тән әкелген қолайсыздықтар. Мысалы, мен кейде қатты тоңамын. Әсіресе, қыстың күндері. Ал жылынайын десем, жылына алмаймын. Тісім тісіме тимей қалшылдап кетемін. Үйге кіріп, тіпті пештің ішіне түсіп кетсем де, жылына алмаймын. Кейде керісінше, жаздың қапырықтарында қатты ыстықтап, шөл қысады, таңдайым кеуіп, ыстықтан басым айналады. Бірақ салқындай да, су ішіп шөлімді баса да алмаймын. Құдықтың ішіндегі суға түсіп те көрдім, бірақ онан еш қайран болмады. Кейде қарның ашып, ішің шұрқырайды келіп. Тамақ ішкің келсе, іше алмайсың. Жұрттың үйіне барып, дастарханға қойған тамақтарына қолымды созып, жегім келеді. Бірақ елес тәннің қолына ештеңе ілікпейді. Жасыратын не бар, ауыл адамдарының түрлі әрекеттерін көре жүре, кейде нәпсінің жетегіне еріп, қыз-келіншектермен жақындасқың келеді. Бірақ онан не пайда? Елес-тәнде нәпсіні қанағаттандырар еш мүмкіндік жоқ. Шынымды айтсам, өлгеннен кейінгі өмірім осындай азаппен өтіп келеді. Кейде жанымды қоярға жер таппай қатты қиналамын. Сондайда, молаларында тыныш жатқан өліктерге өлердей қызығамын. Неге өзіме қол салдым, неге ақымақшылық жасадым деп өзегім өкінішке толады. -Сен ешқашан да мұндай қадамға барма, -деді содан кейін маған қарап. – Ғашық-машық дегеннің қандай болатынын көрдің ғой. Салдақы қыздарға ренжіп, соған бола өміріңді қию нағыз ақымақтық. -Бірақ моладағы адамдардың не істеп жатқанын сен білмейсің ғой? –деймін мен. –Бәлкім олар да азап тартып жатқан шығар... -Мүмкін. Бірақ олар әйтеуір молаларынан шыға алмайды. Ешкімге зияны жоқ. Тірі адамдардың өздері туралы не айтып жатқанын, ауылдастарының арасындағы естір құлаққа ерсі арсыздықтарды олар енді білмейді және көрмейді. Мен Есбергенді сол сәт қатты аяп кеттім. Елес-әруақ болып жападан жалғыз жүру оңай деймісің. Бәлкім мұның бір соңы болатын шығар? Осы ойымды айтқанымда ол «білмеймін, мүмкін мен де күндердің бір күні моладағы әруақтарға қосылармын» -деді. Сол әңгімеден кейін Есберген мені ауылдың «қызықтарын» тамашалауға шақырмайтын болды. Екеуміз жәй әжік-күжік әңгіме-дүкен құрамыз. Ауылдағы болып жатқан жаңалықтарды ол онсыз да үйлерді аралап жүріп естіп, біледі екен. Сондықтан ондайларды ауызға онша ала қоймаймыз. Ол меннен негізінен елдегі, әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды естіп білгісі келеді. Ғасырдан да ұзақ жасаған адам Мен мектепті бітірдім. Бірақ жұрттар сияқты сөмкемді арқалап үлкен қалаларға барып, оқуға түсейін деп талпынғаным жоқ. Өйткені, өз шамам өзіме белгілі еді. Сондықтан текке арамтер болғанша, ауылда қалып мал бағып, егін егіп, жұрт қатарлы қарапайым тірлік кешуді ойладым. Көкем бұған онша қарсы бола қойған жоқ. Менің ендігі бар жұмысым үйдегі оншақты қой мен үш сиырды күнұзақ жайылымға апарып бағу. Көкем осындағы серіктестікте механизатор. Жалақы бермейді. Бірақ күзде егін жиналған соң малға шөп пен бес-алты қап күріш беретіні бар. Бар табысы сол. Үйдегі малдың бабын жасау түгел менің мойнымда. Күнұзақ мал бағу өз алдына, ара-тұра жасайтын қысқа қажет шөп шауып, кепкен соң оны ат арбаға тиеп тасымалдау сияқты жұмыстарым тағы бар. Қысқасы, жұмыс бастан асады. Бойымдағы дерт (қасиет дегеннен гөрі солай деген жөн сияқты) күннен күнге асқынбаса, жазылар болмады. Енді мал соңында жүріп, күндіз де тәнімнен шығып кететін болдым. Тәнім құданың құдыретімен есектің үстінде отырады (малды жаяу емес, есекпен бағамын), ал өзім болсам аспанға көтеріліп, айналаны шолып ұшып жүремін. Бәрі алақанға салғандай анық көрініп тұрады. Мал бір жаққа кетіп қалар-ау деп еш қорықпаймын. Өйткені кез-келген сәтте тәніме қосылып, малға иелік жасай аламын. Содан бір күні ауылдан алыстаңқырап кетіппін. Қабырғасы жартылай қалқайып тұратын бір ескі там болатын. Соның жанында құданың құдыретімен бір елес-әруақты көрдім. Үстінде өткен ғасырда қазақтар киетін жаман жалбыр шапаны бар, сақалы жалбырап өсіп кеткен. Басында ескі жымырайған бөрік. Құдды сонау бір жылы ауылға келіп, әртістер қойған спектакльдің кейіпкері сияқты. Қызығы сол, Есберген де дәл сол қайтыс болар кезіндегі киімімен жүретін. Ол киімі ешқашан тозбайды да, үстінен шеше де алмайды екен. Жалбыр шапан кигеннің елес-әруақ екенін тәнімнен шығып, әдеттегіше айналаны шолып аспанда қалықтап тұрған мен бірден сезе қойдым. Тірі адам бұл жерде жүрмесе керек-ті. Үстіндегі киімі де оның елес-әруақ екенін айқындап тұрғандай. Төбесі жоқ, қалқайған жапырайған қабырғасы ғана бар тамда отырған ол көкте қалықтаған мені көрген жоқ. Оның әрекетін аңдып, біраз тұрдым. Қалғып отырғандай бүгжиіп отырған жалбыр шапан бір кезде орнынан тұрып, сыртқа шықты. Қимылына қарап, оның осы тамды көптен бері қоныс етіп келе жатқанын бағамдауға болатындай. Сол сәт төбеден түскен мен «ассалағималейкум» деп дауыстадым. Шошып кеткен ол маған бақырая қарады. Көздері шарасынан шығып кетердей аларып кетіпті. «Кі..кімсің, жынбысың?» -деді ол. -Жоқ, адаммын. -Адам болсаң қайдан жүрсің, үстіңдегің не? Тәнімнен шыққан менің үстімде күрте, басымда кепкі, аяғымда ескі крассовка. Мұндай киімді өмірі көрмеген болса керек, ол маған таңырқай қарады. -Бұл менің киімім. Қазір адамдар осылай киінеді, -дедім мен. –Өзіңіз кімсіз, айдалада неғып жүрсіз? -Неғып жүргені несі, менің мекенім осы ғой, –деді ол енді маған таңырқай қарап. -Осы төбесі жоқ жаман тамды мекен етесіз бе? –дедім мен де таң-тамаша қалып. -Төбесінің бар-жоғын қайтем, қабырғасы болса болды емес пе. Елес-әруаққа осындай жаман тамдар да жарайтын сияқты. Есберген де төбесі жапырылып құлап қалған есі үйді қоныстанады. -Есіміңіз кім? –деймін мен. -Қасқырбай. -Менің атым Бостан. -Бостан деген де ат болады екен-ау, астапыралла, -деді ол таңырқап. -Өзіңіз мұнда көптен тұрасыз ба? -Иә, біраз болды ғой. Мен Баймырза байдың малшысы болғанмын. -Қашан қайтыс болдыңыз? -Қайтыс болғаны несі? Есің дұрыс па өзіңнің? Мен оған таңырқай қарадым. Елес-әруақтың өзін тірімін деп түсінгені қызық көрінді. -Сонда сіз тірісіз бе? -Иә. Өлсем молада жатпаймын ба? -Ау, жан-жағыңызға қарап көрдіңіз бе? Басқа ауылдастарыңыз, өзіңіз малын баққан Баймырза бай қайда қазір? -Қайдам, жүрген шығар бір жерде. Мені оның мына жауабы онан әрі таңырқата түсті. -Ауылдастарыңызды іздеп, ауылға бармадыңыз ба? –дедім мен. -Барғанмын. Бірақ неге екенін білмеймін мені ешкімнің тыңдағысы келмеді. Бірдеңе айтсам, ешкім тыңдамайды. Содан біраз күн жүрдім де, осында келдім. Ол кезде төбесі бар там еді. Кейін жаңбырдан езіліп, құлап тынды. -Сонда қалай күн көресіз? Тамақ ішпейсіз, ұйықтамайсыз, солай ма? -Иә, -деді ол. –Құданың құдыретімен осылай болды. Бұрын тамақ ішетінмін. Басқа малшылармен қоста жатып қой бақтық. Содан бір күні қойға қасқыр шапты. Қойды арашалаймын деп жүргенде дәу сұр арлан өзіме тап бергені. Ұзындығы кісі бойындай күжірейген арлан мені алып ұрып, жәукемдеп тастады. Онан арғысы есімде жоқ. Қараңғы үңгірдің ішімен жүйткіп ұшып барамын. Бір кезде жарыққа шықтым. Содан жан-жағыма қарасам, малшылар тым-тырақай қашып кеткен. Қасқырлар қойларды қуып тамақтап жатыр. Зәрем ұшты. Содан мен де алды-артыма қарамай «аш пәледен қаш пәле» деп қашып құтылдым. -Кейін ауылға бардыңыз ба? -Жоқ. Оған жүрегім дауаламады. Қойды қасқырға алдырып, ауылға барсам, бай үйітіп жер деп қорықтым. Содан осы маңдағы ескі тамды бойтаса қылып, біраз күн жүрдім. Мені іздеген жан болмады. Сосын ақырындап кешкілік ауылға бардым. Мен өз үйіме барып, әке-шешеммен сөйлескім келген еді. Әлгілер мені мүлде тыңдамай қойды. Тіпті, бар-жоғымды да елемейтін сияқты. Тыңдамағасын ызаланып, бар даусыммен айқайға басайын. Бірақ құлақтарына мақта тығып алғандай, ешқайссы естімейді. Содан тәуекел деп байдың үйіне бардым. Аяғына жығылайын, мүмкін кешірер деген үміт қой менікі. Әке-шешем байдан қорқып, менімен сөйлескісі келмеген шығар деп ойлағанмын. Сөйтсем, бай да, оның бәйбішесі де мені адам келді-ау деп елең қылмады. Ақыры ауылдастарымнан күдерімді үзіп, оында келдім. Содан бері далаға шықпаймын. Осы қыстауды паналап, жүріп жатқан жайым бар. -Кейін ауылға, әке-шешеңізді көруге бармадыңыз ба? -Барғанмын. Ол бейбақтар менен әбден күдер үзіпті. Бірер күн үйде болдым. Менің бар-жоғымды олар елеп-ескермеді. Тек бір жолы «байғұс, Қасқырбай, қасқырға жем болып, денесі де көмусіз қалды ғой» деп күрсінді. Мен оның не себепті бұлай дегенін түсіне алмадым. Қасқырдың шапқаны рас, бірақ қашып құтылдым ғой. Өлгенім жоқ. Мен оның әңгіме әуенінен оқиға кеңес үкіметі орнамай тұрғанда болғанын түсіндім. Сонда бұл кісі осы жаман тамда бір ғасырдан астам уақыт бойы тұрып келген болды ғой деген ой келді. Таңғалмасқа амалың жоқ. Өмірде неше түрлі нәрселер болады екен. Тағы бір қызығы, ол сонша уақыт тұрып келе жатса да, өзінің өлі екенін әлі сезінбеген және басқа жаққа шығып, айналадағы ел-жұртты аралап көрмеген. Жапырайған ескі тамды мекен етіп, жападан жалғыз тірлік кешіп жатқан сияқты. Зомбылық Уақыт зулап өтіп жатты. Менің өмірімде анау айтқандай көп өзгеріс бола қойған жоқ. Күнұзақ мал соңында салпылдаумен өмірім өтіп жатыр. Апам мен көкем басқалар сияқты оқуға бармай, мал бағып ауылда қаланыма еш ренжіген жоқ. Қайта қолдары ұзарып, малға ие болатын адам табылғанға қуанып қалған сияқты. Бір күні отбасымыздың басына қара бұлт үйрілді. Ауылдағы бақуатты фермер Бақтиярдың жұмысын істеп, қысы-жазы тыным алмайтын көкемнің тракторы мұзға батып, әупіріммен өзі аман қалыпты. Оны шанамен қамыс әкелуге жіберген екен. Көлдің суы қатқанмен, орта тұсында бір жұқалау жері болған ба, содан трактор суға кетеді. Трактордан секіріп шыққан көкем мұзды судан әупіріммен әзер шығыпты. Үсті-басы малмандай су, ауылға жаяу келді. Ол бір жетідей ауырып, төсек тартып тұра алмай жатты. Абырой болғанда, өкпесіне суық тимепті. Бірақ, жұмыртқадан жүн қырқатын, сараңдығымен, дүниеқоңыздығымен аты шыққан Бақтияр көкемнен трактордың құнын төлейсің деп құн даулауға кірісті. «Күштінің арты диірмен тартады» деген емес пе, ол әй-шәй жоқ бір күні келіп, трактордың құны деп жан бағып отырған үш сиырымызды, оған қоса бар қойымызды сыпырып айдап әкетті. Малымызды айдап әкеткен Бақтиярдың жандайшаптары соқталдай жігіттерге жасар қайранымыз болмай, жер болып біз қалдық. Тек апам мына зомбылыққа шыдамай «әй, Бақтияр, күнкөрістік малымызды зорлықпен тартып алғаныңдай, жиған-тергеніңнен түгел айрылып, жер қауып қал» деп қарғады. Қолдан басқа не келеді. Осылайша, бар малдан айрылып, бір-ақ күнде жерге қарап қалдық. Енді мен істейтін шаруа қалмады. «Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ» дегендей, Бақтиярдың мына зомбылығы жаныма батса да, еш қайран жасай алмасымды ойлап, ызадан жарыла жаздар күйге түстім. Осы жайды Есбергенге айтқанымда ол «сенің бойыңда елде жоқ қасиетің бар, соны пайдаланып, кегіңді қайтармаймысың» деп қалды. -Қалай? –деймін мен. Сонда ол маған мынадай жайды айтты. -Бірде мен шөлден қаталап, қатты қиналған кезімде, су іше алмайтыныма күйініп, шелекті теуіп кеп жіберген едім. Қызығы сол, аяғым тиген кезде су толы шелек жерге құлап төңкеріліп қалды. Мені көрмеген үй иелері шелекке жан бітті ме, неге құлады десіп, таң-тамаша қалған еді. Елес-әруақ мен ашуланған кезімде шелекті теуіп құлатқан болсам, елес сен де қаласаң сондай шаруа жасай аласың ғой. Мына сөз мені ойландырып тастады. Құдай берген бұл қасиетті пайдаланып, жалғыз бізге емес, талайларға тізе батырып жүрген Бақтиярды неге тәубесіне түсірмеске? Осыдан кейін мен Есберген айтқандай заттарға әсер етуге тырысып тәжірибе жасап көре бастадым. Бірақ алғашында еш нәтиже шықпады. Дегенмен, біраз күннен кейін ақылымды шоғырлап, жаттығып үйренсем керек, шағын заттарды қозғалта алатын деңгейге жеттім. Енді осы жаттығуымды онан әрі жалғастырып, келе-келе үлкен заттарды да қозғайтын болдым. Біздің үйдің қазіргі бар күнкөрісі апамның зейнетақысы. Бес баласы бар әйелдің елу жаста пенсияға шығатын заңына орай, апам зейнеткерлікке шыққан. Көкем әлгі оқиғадан кейін Бақтиярдан күдер үзіп, жұмысын тастады. Тракторын суға батырған оған фермердің берер басқа жұмысы да болмады. Мен бірнеше күн бойы Бақтиярдың үйін аңдыдым. Күндіз де, түнде де оның не істейтінін, ақшасын қайда жасыратынын аңдып, бәрін біліп алдым. Тірі жанға сенбейтін ол бар ақшасын төргі бөлмедегі темір сейфте сақтайды екен. Құм толтырылған дәу темір сейфті кран болмаса, қолмен көтере алмайсың. Есігі код арқылы жабылады. Оны тек Бақтияр ғана біледі. Мен оны аңдып жүріп, сейфті ашып-жапқанын дәл жанында тұрып көрдім. Сейфтің кодын жаттап алдым. Ендігі қалғаны түнге қарай келіп, «қанды басың бері тарт» деп сараң Бақтиярдың жиған-терген бар ақшасын сыпырып әкету ғана еді. Күндегі әдетімше мен төсекке ерте жаттым. Теледидар жоқ. Содан болар үйдегілердің бәрі ерте жатады. Жұрт ұйықтады-ау деген мезгілде тәнімнен шығып, Бақтиярдың үйіне қарай тарттым. Мұнда свет самаладай жарқырап жанып тұр. Түрлі түсті теледидарды көріп, асүйде Бақтияр әйелімен және балаларымен отыр. Оның үш баласы бар-тын. Үлкені бесінші сыныпта оқыса, кенжесі тәй-тәй басып жүрген сәби. Түн ортасы ауған кезде әйел-баласы асүйде, өзі төргі бөлмеде ұйқыға жатты. Ол төсекті дәл сефтің түбіне салғызды. Бірақ қалай сақтанса да, бұның бәрі елес-әруаққа кедергі бола алмасы анық. Мен төргі бөлмедегі диванға келіп жайғастым. Бір кезде Бақтияр қорылға басып, ұйқыға кетті. Сол кезде сейфке келіп, өзім білетін кодпен есігін аштым. Шынын айтқанда сейф есігін қолмен емес (елес-әруақта қандай қол бар дейсің) ой арқылы аштым. Мен ойша кодты айтып, есікті ашуға бар назарымды шоғырлаған едім, сол-ақ екен, сейфтің есігі сырт етіп ашылды да кетті. Онан әрі ескті айқара ашып, ішіндегі пакетке салынған буда-буда ақшаларды алдым. Ақшаны кәдімгідей қолмен көтеріп ұстадым. Құданың құдыретімен менің елес қолым ой күшіне бағынып, ақша салынған пакетті жоғары ұстап көтерді. Бірақ алдын-ала ойламаппын, өзім есікті көктей өтсем де, ақша салынған пакет үйде қалып қояды екен. Оны тек есікті ашып қана шығаруға болады екен. Содан амалсыз әуелі төргі бөлменің есігін аштым. Құдай оңдағанда есік сықырламай ашылды. Содан дәлізбен келіп, сыртқа шығар есікті аштым. Есік кілтпен жабылғандықтан, кілтті бұрап ашуға тура келді. Сөйтіп мен пакетті алып сыртқа шықтым. Енді кете беруіме болар еді. Дегенмен, із қалдырмай, сараң Бақтиярды ақыл-есінен айырар амал ойладым. Ол үшін үйге қайта кіріп, әуелі сыртқы есікті жауып, ішінен кілттедім. Сосын Бақтиярды жататын бөлмесінің есігін жаптым. Онан әрі сейфке келіп, оны да жауып, код арқылы кілттеп тастадым. Мен сараң Бақтиярдан алған ақшаны сол пакетімен апарып, өзім білетін сенімді жерге жасырып қойдым. Тіпті, пакетті ашып, қанша ақша бар екендігін қарап, санағаным да жоқ. Ақшаның жоғалғанын Бақтияр араға екі күн салып қана біліпті. Сейф жабық тұрғасын ол қаперсіз жүре берген сияқты. Тек кезекті малды сатып (бәлкім біздің мал да ішінде бар болған шығар), соның ақшасын әкелгенде сейфке салмақ болған Бақтияр ақша салынған пакеттің ізім-қайым жоқтығын көріп, ойбайға басады. Бақтиярдың үйінде болған айқай-шуды айтып жеткізу қиын. Ақша үшін жанын қияр сараң бейшара жанын қоярға жер таппай аласұрды. Милиция шақырып, ауыл үйді түгел тінткізді. Милиция біздің үйге де келіп, үй ішін, қора-қопсыны түгел қарап шықты. Одан ештеңе шықпағасын учасковой ауылдың кәрі-жасын түгел жеке-жеке шақырып, сөйлесті. Бірақ мол ақшаның ізі де табылмады. Үйге ұры түспеген, сейф жабық. Сонда ақша қайда кетеді? Осы сауалдың жауабын таппай қиналған Бақтияр бар пәле өз үйінен, яғни әйелінен келген деген қортынды жасайды. Содан ол үш баласымен әйелін қуып шықты. Әйелінің ант-су ішіп, жылап-сықтағанына да қарамады. Әйел, бала-шағасын аясам да, жұрттың қанын сорып біткен сараң Бақтиярға ішім еш жылымады. Мейлі, не істесе, о істесін, жұртқа жасаған зомбылығының бір қайтарымы болар бұл деп ойладым. Боқан шалдың қазасы Наурыз келді. Оңтүстікте күн ерте жылынады. Жер қарайып, күн көтеріліп қалған. Мал болмағасын істейтін шаруа да жоқ. Жазға салым қалаға барып, жан бағар жұмыс іздеп көрсем деген ойым бар. Менімен мектеп бітірген балалардың үшеуі ғана оқуға түсті. Қалғандары ауылда. Олардың бітіретін бар шаруасы бастары қосылса арақ ішеді (ақшаны қайдан алатыны белгісіз). Мал баққан мен оларға көп қосыла қоймайтынмын. Дегенмен, соңғы кезде аздап араласатын болдым. Бір күні Боқан шал қайтыс болды. Ауруы жоқ қақаңдап жүрген шал кенет екі кештің арасында басым ауырып тұр, жата тұрайын деп төсекке қисаяды да, бақи дүниеге жүріп кетеді. Жасы сексеннен асқан кісі, бәлкім кәріліктің салдары шығар. Туған келінімен ашына болып, жүз ұялар іс істеп жүргенін білсем де, ауылдас болғасын қазасына бардым. Кеңес заманындағыдай емес, қазір жұрт аз да болса дінге бет бұра бастаған. Қосымбек молда азынатып құран оқыды. Намаз білетіндер молдамен бірге намазға тұрды. Сол сәт неге екені белгісіз сайтан азғырды ма білмеймін, тәнімнен шығып, Боқан шалдың жайын білгім келгені. Әбден машықтанып алған мен отырып та, тұрып та, тіпті жүріп келе жатып та тәнімнен шыға алатын болғанмын. Содан тәнімнен шықтым. Боқан шалдың денесі ортада табытта жатыр. Кебінге оралған мүрдені кілеммен жауып қойған. Тәнімнен шыққан сәт мен табытта жатқан мүрденің жанында сұр түсті кебінге оранған Боқан шалды көрдім. Ол өз мүрдесінің жанында жүрелеп отыр екен. Құданың құдыретімен әлгінің үстіндегі кендір сияқты сұр кебіннен мүңкіген жаман иіс шығып тұрды. Тіпті, қолқаны атып әкетіп барады. Содан қашып алысырақ барып тұрдым. Намаз оқылып болған соң табыт жүк машинасының қорабына салынды. Біраз адам сонда отырды. Жас жігіттер барып жерлеуге көмектесіңдер дегесін мен де міндім машинаға. Тәніме қайта қосылғаннан кейін бе, әлгі қолқаны атар жаман иісті сезінбедім. Ауылдан үш шақырымдай жерде үлкен қорым бар. Сонда келдік. Екі жаман «Жигулиге» мінген молда мен біраз шал да келді қорымға. Табытты жерге түсірген соң Қосымбек молда азынатып тағы да құран оқыды. Мен тәнімнен шығып, Боқан шалды тағы да байқастап көргім келді. Ол бейшара үстіндегі сасыған кендір кебінмен мүрдесінің жанында бүрісіп отыр екен. Бір кезде жан-жағына үрейлене қарай бастады. Екі көзі шарасынан шығардай аларып кеткен. Кенет маған көзі түскенде жеп жіберердей тесірейе қарады. Қорыққанымнан зәрем зәр түбіне кетсін. Кенет ол жаныма жетіп келіп «мыналарға айт, мені көрге көмбесін» -деді жан даусы шыға айғайға басып. Шошып кеткен мен кері шегіндім. -Сен мені естіп тұрсың ғой, білемін, -деді ол тағы да өршелене. –Мені мыналардың ешқайссы естімейді. Мына молда сұңқылдап намаз оқыған сайын мүрдеге байланып, тыпыр ете алар емеспін. Айт, намазын тоқтатсын. Мені көрге қоймасын. Бірақ мен олай жасай алмайтын едім. «Намаз оқымаңдар, көрге көмбеңдер» десем, жұрттың мені ақылынан айрылған жынды деп ойлары анық. Бірақ ақыл-естен айрылған бейшара шал жалынғанын қояр емес. Кенет молда құран оқуын тоқтатты. Сол-ақ екен бірнеше жігіт мүрдені көрге салды. Бір жақ бүйірін ойып жасалған лақатқа қойысымен, оны кірпішпен өріп, бекітті. Содан кейін көрге топырақ салына бастады. Сұмдығы сол, әлгінде ғана Боқан шалдың тәні қойылған көрден лапылдаған қызыл жалын шығып жатыр екен. Сол сәт дәл көрдің жанынан көрінген азу тістері ақсиған қап-қара киім киген қорқынышты мақұлық «қане, түс көріңе» деп дауыстады. Оның үнінің зәрлі, ащы болғаны сонша жүрегім тітіркеніп, бойымды айтып жеткісіз қорқыныш биледі. Менің елес тәнім қыбыр ете алмай әлгі қара киімдіге ежірей қарап тас болып қатып қалғандаймын. «Құтқарыңдар, көрге салмаңдар мені» деп зар жылаған Боқан шалдың үніне құлақ салған пенде жоқ. Кенет қара киімді құбыжық Боқан шалды ілмек темірге ұқсас ұзын таяқпен іліп алып, көрге дырылдата сүйреп түсірді. Жан дауысы шыққан байғұс шалдың денесін көрден шыққан қызыл жалын жұтып қойды. Ойбайға басқан Боқан шалдың дауысы құлақ жарардай тым ащы және өте үрейлі естілді. Иманым тас төбеме шыққандай, бойымды билеген қорқыныштан орнымнан қозғала алар емеспін. Жігіттер көрге күрекпен топырақ тастап жатыр. Соған қарамастан, көрден шыққан қызыл жалынның тілі сумаңдап көкке көтеріледі. Боқан шалдың шыңғырған дауысы топырақтың астынан күңгірлеп естіліп тұр. Топырақ биіктеп, көр бітеліп болған кезде ғана күңгірлеген дауыс тұншығып барып басылды, қызыл жалын да өшті. Мен өз тәніме қайта қосылдым. Бұл уақытта тәнім бір шетте қақшиып тұрған еді. Менің жаныма келген Серік «есіңнен танып қалдың ба, орныңнан қозғалмай қатып қалыпсың ғой» -деді. -Өлікті қойғанды бірінші рет көруім, содан ба біртүрлі қорқынышты екен, -дедім мен. -Қорқатын не бар? Өлген адам не істейді дейсің. Ертең бәріміз де сонда барамыз, -деді ол жәйбарақат. Егер менің көргенімді көріп, Боқан шалдың құлақ жарар қорқынышты ащы даусын естіген болса, дәл мынадай сөзді айтпас еді деп ойладым. Намазға қалай жығылдым Боқан шалдың қазасы маған сұмдық қатты әсер етті. Құлағымнан оның ойбайлаған ащы даусы кетпей қойды. Іштей табиғаттан тыс бір құдіреттің барлығын, Ол біздің әрбір ісімізді қалт жібермей бақылап отыратынын, жасаған жақсы-жаман әрекеттеріміз үшін жауап беретінімізді түйсіне түскендеймін. Шынын айтқанда бұрын өлім дегенге, онан кейінгі өмірге онша мән бермей келіппін. Рас, тәнімнен шығу арқылы алған тәжірибем өзімнің тән емес екендігімді аздап сезінуге әсерін тигізгенмен, санама айналамдағылар арқылы сіңген түсінігіме ол көп әсерін тигізе алмапты. Тіпті, мен Есбергеннің жанын қоярға жер таппай қатты қиналатыны туралы айтқан әңгімесіне де онша көңіл бөлмеппін. Тек Боқан шалдың өлімі санама сұмдық қатты әсерін тигізді. Әсіресе, оны көрге сүйреп түсірген қара киімді қорқынышты мақұлық (бәлкім жан алғыш әзірейлі періште болар) үрейімді алып, санамды түгел билеп алды. Ойлап қарасам, Боқан шал сияқты ойнас жасамасам да, Алламен шаруам болмай, нәпсім қалағанды жасап келіппін. Қазір өлсем әлгі қара киімді қорқынышты құбыжық мені де көрге дырылдатып сүйреп түсірері кәдік. Осы ой үрейімді онан әрі алып, ұйқымды қашырды. Мен түнде Есбергенге барып, оған көргенімді түгел айтып бердім. Ол да көзі шарасынан шығардай қатты қорқынышпен тыңдады. «Тіршілікте жасаған жақсы-жаман әрекеттеріміз үшін толықтай жауап беруге тура келетінін сезуші едім. Енді бұған көзім анық жетті» -деді содан кейін. Өзіне өзі қол салып, елес-әруаққа айналған пенденің айтқан мына сөзі үрейімді онан әрі ұшыра түсті. Өлгеннен кейін ондай азапқа түспеу үшін не істеу қажет? Осы сауал мазамды алып, жауап таба алмай қиналдым. Ертеңіне кешкісін жанымды жеген қорқынышты ойдан құтқарар деген үміт көшеде кездескенім болмаса, ешқашан араласпаған Қосымбек молданың үйіне апарды. «Ассалағималейкум» деп амандастым мен бар білетін мұсылмандығымды білдіріп. -Уағалейкимуссалам. Қай баласың? –деді ол беймезгіл уақытта жүргенімнен секем алғандай. -Бостанмын, Шәймерденнің баласы. -А, жәй ма? -Жәй, сәлем берейін деп кіргенім ғой, -дедім не айтарымды білмей сасқалақтап. -Е, жөн екен, -дей салды ол менің бөтен үйге жәйдан жәй келмегенімді біліп. -Ата, менің сізге айтар бір әңгімем бар, -дедім мен бір кезде тәуекелге басып Алла деген жанға бар сырымды ақтаруға бекіп. -Иә, айт, -деді ол менің не айтпағымды түсенбегендей таңырқай қарап. Мен өзімнің басымнан кешкен жағдайларымды түгел жасырмай жайып салдым. Тек Бақтияр фермерді тонап, ақшасын алғанымды ғана айтқаным жоқ. Әсіресе, Боқан шалдың келінімен жасаған шаруасын, оның өлімі мен қара киімді қорқынышты құбыжықтың молаға сүйреп түсіргені туралы еш бүкпесіз баяндадым. Сақалын тарақтап қалың ойға берілген Қосымбек молда мен әңгімемді бітіргеннен кейін де үндемей біршама уақыт отырды. Содан кейін «шынында мынау айтқаның таңғажайып нәрсе екен» -деп бір қойды. -Әкеңнен үлкен адамға қалжыңдап тұрмаған шығарсың, егер айтқандарың рас болса, онда шынында да адам сенбестей ғажап нәрсе екен, -деді тағы да сақалын тарақтай түсіп. Мен сөзімнің растығын айтып, ант-су ішіп жатырмын. -Жә, айтқаныңа сендім, -деді ол маған тесіле қарап. –Ал сонда меннен не тілейсің? -Ата, Боқан шал сияқты өлгеннен кейін азап шекпеу үшін не істеу қажет? Соны білгім келеді. Мынаны естігенде оның жүзі бірден жылып сала берді. Қатулы қабағы жадырап, жүзінде жылылық пайда болды. -Е, балам, мына жұрт Алланың барына да, өлгеннен кейін өмірдің болатынына да сенбейді. Содан ғой, адамдардың ар ұялар жаман істер жасайтыны. Саған Алланың шапағаты түсіпті, сен өлгеннен кейін адамды не күтіп тұратынын өз көзіңмен көрдің. Сол үшін енді тәубе десең болады. Ол сақалын тарақтап үнсіз ойланып сәл отырды. Содан кейін: Балам, тозаққа түсіп, қиналғың келмесе, оның жалғыз жолы мұсылманның парыздарын адал орындап, шариғат жолымен таза жүру болады. Басқа жол жоқ, -деді. -Сонда не істеуім қажет? -Бес уақыт намаз оқы, қасиетті рамазан айында бір ай ауыз бекіт, қайыр-садақа бер, қолыңнан келсе қасиетті жерге – Меккеге қажылыққа бар. Содан кейін Алланың адал деген тағамын жеп, арамнан бас тарт. Арақ-шарап ішпе, зина жасама, ұрлық істеме, өтірік айтпа. Міне, осыларды жасасаң, иншалла, тозақтың отынан аман боласың. Қосымбек молданың бұл сөзді соншалықты сеніммен айтқаны маған қатты әсер етті. Мен оған шүдәсіз сендім. -Ата, маған намаз оқуды үйретіңізші. Менің даусым соншалықты жалынышты шықты білем, ол маған күлімсірей жылы жүзбен қарап: әлбетте, балам, үйретемін, -деді. Маған Қсыомбек молда сол күні кәдімгі қалың оқушы дәптеріне жазылған намаз оқуға қажетті Құран аяттарын берді. -Міне, осы аяттарды түгел жаттап ал. Содан кейін намазға қалай жығылу қажеттігін, қай уақытта қалай оқылатынын айтып түсіндіремін. Мен Қосымбек молданың үйінен қанаттанып, көңілім көкке көтерілгендей ғажап сезімде шықтым. Еңсемді езген бар ауыртпалық осында қалғандай, өзімді жеңіл, қунақ сезіндім. Көңілім көтеріліп, бойымды билеген қорқыныш атаулы толайым жоқ болып кеткендей. Мен ертеңіне түске дейін дәптердегі барлық аяттарды түгел жаттап алып, Қосымбек молданың үйіне бардым. Ол сол күні маған намаз оқуды үйретті. Тұңғыш рет намазға жығылдым. Дәрет алып, намаз оқығаннан кейін бойымның жеңілдегені сонша, өзімді қанат байлап, ұшатын пырақ секілді сезіндім. Осы кезге дейін қалай білмей келгенмін, шын қуаныш, бақыт деген намаз оқып, Аллаға сену арқылы келеді екен ғой деген ойға берілдім. Бұл күн менің өмірімнің ең бақытты сәті болды десем, асыра айтқандық болмас. Көптен бері еңсемді езіп келген ауыртпалықтан, бей-жайлықтан арылғандай, өзімді дүниеге жаңа келгендей басқаша сезіндім. Шынында да, менің екінші өмірім басталған еді. Енді мен ешқашан бұрынғыдай нәпсіге беріліп, ойыма не келсе соны жасауға болады деп ойлай алмайтыным және солай өмір сүре алмайтыным анық-ты. ХХІ ғасырдағы құлдық Күнде бес уақыт намазымды қаза жібермеймін. Арақ ішетін достарыммен де араласпайтын болдым. Малдан айрылған соң үйде істейтін шаруа қалмаған. Соқталдай басыммен әке-шешемнің мойнында арамтамақ болып отыру онша ұнамсыздау сияқты көрінгенмен, басқа амал жоқ болғасын жазға дейін шыдайын деп жүрмін. Ойым жаз шыға Алматыға барып, жұмыс табу. Жаз да келді. Апамың зейнетақысынан жырып алған азын-аулақ ақшамен алыс жолға шықтым. Меннен екі жастай үлкен бір жігіт Алматыға кетіп, сонда тұрып жатқан. Соның мекен-жайын жазып алғанмын. Ақшам пойызға билет алып, Алматыға жетуге ғана жетті. «Сұрай-сұрай Меккеге де барасың» дегендей, сұрастыра жүріп, қала маңындағы ауылда біреудің времянкасын жалдап тұратын ауылдасымды да таптым ақыры. Алыстан келген мені құшақ жая қуанып қарсы алмаса да, жағдайымды білген ол «ерінбеген адамға жұмыс табылады, саспа» деп көңілімді демдеп қойды. Ертеңіне ол мені базарға апарып, қоларба беріп, жүкші жігіттердің жанына қосты. Өзі де екі жылдай жүкші болып арба сүйрепті. Жинаған азын-аулақ ақшасын салып, бірер айдай бұрын саудаға шыққан екен. Мен осылайша базарда арба тартқан жүкшіге айналдым. Жұрттың заттарын тасимын. Тапқаным тамағымнан онша артыла қоймайды. Әзірге ауылдасыммен бірге оның аядай времянкасында тұрып жатырмын. Әйтеуір, жұмыс тауып, аш қалмағаныма қуандым. Бірақ та, күнұзақ арба тартқан адамның намаз оқуға уақыты да, мүмкіндігі де болмайды екен. Намаздан қол үзгенім ғана арқамды аяздай қариды. Алланың бұл да бір сынағы шығар, шыдайын, бәрі де жүре келе түзелер деген үмітті медеу етіп, жүкші болып жүре бердім. Бір күні жылмыңдаған бір жігітпен кездестім. Кісіге туралап қарамайтын ойнақтаған көзінен секем алсам да, айтқанына сенгім келді. Өйткені, оның сөзі бірсарынды ашқұрсақ мына тірлігіме өзгеріс әкелетіндей көрінген еді. «Қол-аяғың балғадай, арба сүйреп тиын-тебен тапқанға мәз болмай, нағыз ақша тапқың келе ме» деп бастаған әлгі науқандық жұмыс барын, күзге дейін істесем, қырып ақша табатынымды айтып, басымды шыр айналдырды. Ұққаным: шалғайда салынатын құрылысқа жұмысшы жинап жүр екен. Құрылысшы маман болу міндет емес. «Келіссең, қазір менімен жүр, әйтпесе уақыт өткізбей басқа адам іздеймін» деген әлгі менің ойланып-толғануыма да мұрша қалдырмады. Арба тартып, жақсы ақша таба алмайтыныма көзім жеткен мен бейтаныс жігіттің айтқанына сенбеске амалым қалмады. Тек «арбамды ауылдасыма беріп кетейін» дедім. «Тездет, мен базарға кіре берісте тұрамын» деген бейтаныс өз жөнімен кете барды. Содан арбамды ауылдасыма берерсің деп бір таныс жігітке тапсыра сала базарға кірер ауызға асықтым. Әлгі бейтаныстың жанында тағы бір жігіт тұр екен. «Кеттік» деген ол бірден бізді шағын автобусқа отырғызып ала жөнелді. Менің «Тұрып жатқан үйге барып, киімдерімді алайын» дегеніме де қарамады. «Жұмыс киімін өздері береді, заттарыңды келгесін бір-ақ аласың» деп қысқа қайырған бейтаныс жарылқаушы сол арада екеуміздің төлқұжатымызды алып алды. Айтуынша, қожайынмен келісім-шарт жасауға қажет екен. Қаладан шыққан машина түні бойы жүріп, ереңіне түс кезінде айдаладағы бір тоқал тамның жанына келіп тоқтады. Үйдің алдында шағын темір контейнер тұр. Аулада арпылдай үріп шыққан дәу төбеттен басқа тірі жан көрінбеді. Бізді бастап әкелген жылмақай жігіт үйге кіріп біраз бөгелді. Содан бір кезде онымен бірге еңгезердей қарасұр орта жастағы еркек пен аяғын сылтып басатын елуді еңсерген біреу шықты. Бізге ұзақ жолда бір рет те көз қырын салмаған шопыр машинада қалды да, екеуміз сыртқа шықтық. Осы арада күтпеген жағдай болды. «Ассалағималейкұм» деп қолын соза амандаспақ болған менімен бірге келген сыртынан танитын базарда жүкші болып жүрген аласа бойлы сары жігіттің амандығын алудың орнына еңгезердей қарасұр оны тұмсықтан гүрзі жұдырығымен бір-ақ соқсын. Еңгезердей еркектің соққысы жіңішке сарыны қалпақтай түсірді. Мен аң-таң болып қарап тұрмын. «Ешқашанда менімен бұлай қол беріп амандаспайтын бол» -деді қарасұр бізге түйіле қарап, «Ұқтыңдар ма?» Ол мұнысын тек таяқ жеген серігіме емес, маған да қарата айтқан еді. Соны естігенде «неге?» -дедім таңырқап. «Өйткені, сендер құлсыңдар, түсіндің бе?» -Құлы несі? Бұл сөз аузымнан қалай шыққанын білмеймін. -Әй, сен әлі түсінген жоқсың ба? Онда түсіндірейін, -деген ол әй-шәй жоқ басқа-көзге бірнеше рет жұдырықпен сүйкеп өтті. Төбелесіп үйренген бе, әлде бұрын спортпен айналысқан пәле ме, соққысы мұндай ауыр болар ма, қалпақтай түсірді. Орнымнан сүйретіліп әзер тұрдым. Таяқ жеген шикілі сары екеумізде де өң-түс жоқ. Бізді әкелген жылмақай жігіт айызы қанғандай кекесін күлкімен бізге қулана қарайды. Айламды асырдым, енді не істесеңдер, о істеңдер дейтін сияқты. Жасы ғана емес, дәрежесі де үлкен болуы керек, ақсақ бізге қарап «сендерді мен қып-қызыл ақша беріп сатып алдым, енді менің жұмысымды істейтін боласыңдар, ұқтыңдар ма?» деді. «Сенбесеңдер, мынадан сұраңдар». Ол бізді әкелген жылмақайды көрсетті. «Солай ма, Жалғас» деді содан кейін. -Иә, Ореке, ол не дегеніңіз. Ақысын төледіңіз, келісімнің аты келісім. Бұлардың ендігі иесі өзіңізсіз. Естідіңдер ме дегендей Ореке аталған ақсақ бізге оқырая қарады. Еңгезердей қарсұр болса «ендігі тағдырларың мына менің қолымда» дегендей бізге сұстана қарап: «Тұратын жерлерің мына контейнер болады, жұмыстарың – мал бағу. Қашамын деп ойламаңдар. Бұл жердің қожйыны бізбіз және жақын маңда елді мекен де жоқ. Қашсаңдар ұстап алып әкелеріңді танытамын, аямаймын, ұқтыңдар ма? – деп жеп жіберердей ежірейе қадалған оның зәрлі көзіне қарауға батпай екеуміз жүзімізді тайдырып әкеттік. Міне, осылайша, көп ақша табамын деп жүріп, құлдық қамытын қалай кигенімді білмей қалдым. Бізді әкелген шағын втобус сәлден кейін ен далаға сіңіп жоқ болды. Тоқал тамда қарсұр мен ақсақтан басқа тағы бір отыздардағы арық қара келіншек тұрады екен. Арпылдаған дәу төбетті қоспағанда басқа тірі жан жоқ. Қарасұр біздің аяғымызға шынжыр кісен салды. Кәдімгі киноларда көретін құл сияқты болдық та қалдық. Кісен қысқалау салынғандықтан, адымымызды кең алып жүруге мүмкіндік болмаса да, кәдімгідей аяқ басып жүруге болатын еді. Неге бұлай жасалғанын кейін түсіндік. Кешкісін қырдан асып қалың мал көрінді. Қой мен сиыр бірге жайылады екен. Қарасы мың қаралы болып қалатын сияқты. Негізі қой болғанмен, бұзауы, қашары бар екі жүздің төңірегінде сиыр да бар екен. Малшы біздер сияқты аяғына кісен салынған шал болып шықты. Мал темір сыммен қоршалған қораға қамалды. Артық еті жоқ сүр еттей кеуіп қатқан қара келіншек бізге күйеден қожалақтанып кеткен кәстрөлге құйылған кешкі асты әкеп берді. Ас деген аты болмаса, итке берілетін атала сияқты жылымшы бірдеңе екен. Жиіркеніп ішпедік. Ал, малдан келген шал оны сыпырып-сиырып соғып алды. Содан кейін бізге қарап: «Е, көп ұзамай үйреніп кетесіңдер. Ашыққан соң не берсе де жейсің» деп қойды. Өң мен түстің арасындай күйге түсіп, ойда-жоқта тап болған мына жайға сенбегендей екеуміз аң-таң болып отырмыз. Құлдық құрсауында Арада екі айдай уақыт өтті. Осы екі айдың әрбір күні аяғына шынжыр тағылып, суық темір контейнерде түнеп, жылымшы аталаны қорек еткен, күнұзақ мал соңында жүретін біздер үшін нағыз тозақтай болып сезілетін. Жә, мал бағу, контейнердің темір тақтасында жатып ұйықтау, тіпті жүрек айнытар атала жеу де жанымызды жүдете қоймас еді, тек арақ ішкен кездерде құтырынып, ермек үшін қорғанышсыз біздерді ұрып-соғып, содан рахат алатын қарсұрдың қорлығы болмаса. Сары шалдың аты-жөні Василий Иванович Чугунов екен. Өзі Алматы маңында тұрыпты. Күкөріс қиындап базар жағалап жүрген күндерінде әлгі жылмықай кездесіп, көп ақша табасың деп азғырып, ақсаққа сатыпты. Екі рет қашпақ болып әрекеттеніп көрген. Екіншісінде, тіпті аудан орталығына дейін жеткен екен. Бірақ, көмектеседі деген полицейлер бұны қожайынына әкеп қайта тапсырыпты. Келгесін қарсұр өлімші етіп сабапты. Жүрегі содан шайлығып қалған байғұс қашу туралы әңгіме айтсаң-ақ, азар да, безер болады. Жасы алпысқа енді келсе де бет-аузы мыж-мыж болып, сексендегі шалдардай әбден қартайған. Оның осы құлдық ахуалына еті өліп кеткені сонша, қашу, бостандық алайын деу, тіпті ойына да келмейтін сияқты. Өзіммен бірге келген шикілі сары жігіт те мен сияқты ауылдан жұмыс іздеп келіп, өткен күзден бері арба сүйреп, жүкші болып жан баққан екен. Есімі – Серік. Жасы – 21-де. Өзі Семей өңірінен. Дядя Васядан үміт үзген екеуміз құлдықтан қашудың жайын ойлап, ақылдасамыз. Бірақ, құжатсыз, ақшасыз және сақал-шашымыз өскен мынау жүдеу-жадау қалпымызбен қалай, қайда қашып құтыларымызды білмейміз. Мен Серікке де, дядя Васяға да өзімнің бойымдағы қасиетім жайында ләм деп ауыз ашқан емеспін. Ойым ақырын барлап, жай-жапсарды анықтау және мүмкіндік болса басқа түскен пәледен қашып құтылу. Алғаш келген күні-ақ, түнде тоқал тамға барып, қожайындардың өмірімен танысқанмын. Тоқал тамда теледидар жоқ, бары батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш қана. Қожайындарды әлемде не болып жатқаны онша қызықтырмайтын болса керек. Кешкілік тамақтарын шікен соң аздап әжік-күжік әңгімелесіп отырады да, ұйқыға жатады. Күнұзақ далада мал соңында жүретіндіктен, оларды байқауға онша мүмкіндік жоқ. Дегенмен, кейде ара-тұра жайылған малға қарап отырған сәттерде тәнімнен шығып, заулап ұшып тоқал тамның тұрғындарының не істеп жатқанын бақылаймын. Тәннен шығып, қайта кіруге әбден машықтанып алғаным сонша, бұрынғыдай қорқақтамай ондаған, тіпті жүздеген шақырым ұзап кететін болдым. Сонда байқағаным: біз тұрған жерге ең жақын елді мекен қырық шақырым жердегі Тастысай деген ауыл екен. Ол бұрынғы мал шаруашылығымен айналысқан кеңшардың бөлімшесі болыпты. Аудан орталығының қашықтығы 170 шақырымдай. Дегенмен, дядя Васяның айтқанына қарағанда, ауданның құқық қорғаушылары Ореке аталған мал баққан кәсіпкер Орынбайдың өз адамдары сияқты. Сондықтан, құтыламыз десек, аудан аумағынан неғұрлым алысырақ кетуге күш салған жөн. 150 шақырымдай жерден қалааралық тас жол өтеді екен. Соған жетсек, әрі қарай жүргінші көліктерге отырып, алысқа ұзап кетуге болар еді. Еңгезердей қарасұр еркектің аты Жамантай екен. Оның бар міндеті күнұзақ мал соңында жүретін біздердің ізімізді аңду. Ол бізбен бірге мал бағуға шықпайды. Астында өзі түстес қарагер аты бар. Иесінің еңгезердей денесін қаңбақ құрлы көрмей, ортекедей ойқастаған нағыз сәйгүліктің өзі. Сонымен ойқастап қайдан, қалай шыққанын да сезбей қаласың. Ол малды да, мал баққан біздерді де оқта-текте сыртымыздан шолып, қарап жүреді. Сәл-пәл қиыс кетіп қалсақ жетіп келіп, жеті әкемізден асыра боқтап, қамшымен аяусыз шықпыртып алады. Содан зәрезап болған біз қайдан келіп қалар екен деп үнемі қорқақтаумен жүреміз. Әсіресе, әбден тізесі батқандықтан ба, байғұс дядя Вася оны көргенде өңі қашып, тілі күрмеліп қорқыныштан қалшылдап кетеді. Бір күні кешкілік малды айдап қайтқанымызда тоқал тамның жанында тұрған жаңа Уазикті көрдік. Серік екеуміздің көкірегімізде жасыратын не бар, машинаны көргенде бәлкім онымен келген біреулер бізге көмегін тигізер деген жалған үміт жылт еткендей болған. Бірақ та, мұндайлардың талайын көрген дядя Вася оған көз қырын да салған жоқ. Малды сым қоршаулы қораға қамап жатқанымызда үйден шыққан шала мас полиция капитаны мен ақсары келіншек темекі тартып есік алдында әңгімелесіп тұрды. Қарасұр Жамантай бізді алдына салып контейнерімізге айдап келе жатқанда келіншек бізге қарап: «о, нағыз құлдар сияқты, аяқтарына шынжыр салып қойыпты ғой» деді таңырқап. «Бұларға сенім жоқ» -деді сөзге араласқан қожайын Ореке. «Малымды алып қашып кетсе не істеймін». Сол кезде капитан келіншекке: «Орекең маладес, осындай БОМЖ-дарды асырап, бағып отыр» -деді. -Тамағын беремін, жататын орны бар, анда-санда жүз грамдарын да құйып тұрамын, одан артық не керек бұларға, -деді келіншекке қарап қожайын жалпақтай сөйлеп. -Сонда бұлар БОМЖ ба? -Иә. Үй-күйлері, құжаттары жоқ, арақ ішіп қаңғып жүрген жерлерінен осында әкеліп, адам баласы ғой деп аяп бағып отырмын, -деді Ореке қайрымды адамның кейпіне еніп бізге аянышты жүзбен қарап. -Міне, Орекең нағыз азамат. Осындай қайрымдылығы үшін медаль берсе де артық болмас еді, -деген капитан қарқ-қарқ күлді. Қонақтардан ұялды ма, бұл күні қара қатын бізге өздеріне жасаған тамақтың қалдығын әкеп берді. Күндегі аталадай емес, дәмділеу тағамды қомағайлана соғып алған біздер темір тақтаға сұлап түсіп, ұйқыға кеттік. Полиция капитанының аяғына шынжыр кісен салынған біздерді көргенде еш таңырқамағаны, керісінше қожайынды мақтап, қолпаштағаны олар үшін бұл үйреншікті нәрсе екенін анық аңғартқандай болып еді. Ертеңіне дадя Васядан осы жайында түртпектеп сұрап көрдім. Оның айтуынша, еріккен полицей қонақтар мұнда ара-тұра келіп, көңіл көтеріп тұрады екен. Өздерімен бірге қыз-келіншектер әкеліп, арақ ішіп, тіпті пистолетпен нысана көздеп атып, демалып кетеді дейді. Полицейлермен осындай қарым-қатынастағы Орекең де оңай адам емес сияқты. Дядя Васяның айтуынша, алғашында мұнда үш адам болыпты. Бір адамға сонша малды бағу оңай тимейтіні белгілі. Дядя Вася екінші рет қашпақ болып қолға түскенде Жамантай оны аяусыз ұрып, алған соққының салдарынан бір айдай тұра алмай жатыпты. Содан сағы сынған ол қашу дегенді есінен мүлдем шығарған секілді. Ал, оның екі серігі өзіне қарағанда біршама жастау екен. Олар дядя Васяның қателігін қайталамауға тырысып, ұзақ дайындалады. Содан қыстың бір боранды күнінде тәуекел деп малды өріске шығарысымен бірден қиыр шығысты бетке алып жүріп кетеді. Дядя Васяны қанша үгіттесе де, бармапты. Түс қайта малға соққан қарасұр екеуінің қашқанын білген соң соңдарына түседі. Бұрын аңшы болған пәле ізге түскенде иттен жаман көрінеді. Одан әрі оқиғаның қалай болғаны белгісіз. Әлгілер қашып кетті ме, жоқ па, оны дядя Вася білмейді. Әйтеуір, содан кейін екі серігін көрмеген. Біз келгенге дейін ол малды жалғыз бағыпты. Қашуға дайындық Дядя Васяның әңгімесінен кейін мен қашып шығудың өзім ойлағандай оңай болмасын анық ұғынғандай болдым. Содан кейін қожайындарды аңдып, олардың осал жерлерін табуды ойладым. Қара қатынның есімі – Күлше. Жасы отыздарда сияқты. Бала-шағасы, немересі бар Орекеңнің некелеспеген тоқалы. Тамағын істеп, кірін жуады, түнде төсекте нәпсісін қанағаттандырады. Мінезі есіміне сай Жамантайды әйелі балаларымен тастап кетіпті. Орекең сияқты Тастысайда бұның да үйі бар екен. Өзі Орынбайға аталас туыс болып келетін сияқты. Содан болар, сенімді көмекші етіп алған секілді. Шынжырланған құл біздерге қатыгез қожайындай көрінетін ол Орекеңнің алдында мысық көрген тышқандай тым жалтақ. Аңдып жүріп байқаған тағы бір жай – қожайыннан қанша қорықса да, нәпсісін тыюға шамасы жетпеген Жамантай қарақатынның жасырын ашынасы екен. Қожайын шаруасымен ауданға кеткен түні ол Күлшемен төсектес болып шықты. Сол күні ол, тіпті өзін осы үйдің қожайынындай сезініп, қоқырайып жүрді. Дядя Васядан естіп білгенім, жылына бір рет күзде машиналарымен мал алушылар келеді. Олар қолма-қол ақша беріп, көп мал сатып алып кететін көрінеді. Сиыр, қойдан бөлек, қожайынның екі-үш үйір жылқысы да бар дейді. Жылқы қысы-жазы тебіндеп өз бетімен жайылатын жануар емес пе. Қарасұр анда-санда сыртынан бақылап қана жүреді екен. «Іздеген жетер мұратқа» демекші, күн сайын ұйқымды қиып, аңдыған еңбегім зая кетпеді. Бірде қожайын бұрыштағы өмірі ашылмайтын қара сейфті ашып, ішінен бірдеңе іздеп жатты. Менің аңдығаным да сол емес пе, дәл жанына барып төбесінен үңіліп қарап тұрмын. Сейфте салафан қалтаға салынған бір бума ақша бар екен. Оған қоса, алтын-күмістен жасалған жүзік, білезік сияқты бұйымдарды кішкентай дорбаға салып қойыпты. Ақшаға құныққан адамдардың әдеті ме, тізтырнақтап жинап, көртышқандай тығып жүретін. Есіме бар байлығын сейфке салып тығатын Бақтияр түсті. Ол да ешкімге сенбей, сейфті ашқанда тірі жанға көрсетпей жасайтын. Орекең де сейфті қарақатын ұйықтап жатқанда ашты. Бұл күні Жамантай бір шаруамен ауылға кеткен еді. Мен сейфке үңіліп онда тағы не бар деп қарап тұрмын. Төменгі сөреде ескі қоңыр папкі тұр. Сонда құжаттар бар сияқты. Есі-дертім жеке куәлігім қайда, соны білу еді. Бірақ, оның бар-жоғын біле алмадым. Орамды ашып, қажет ақшасын алған Орынбай сейфті қайта кілттеп жауып, кілтін жанқалтасына салып алды. Мен сейфте не бар екендігін және оның кілтін қайда сақтайтынын біліп алдым. Қажеті де осы еді. Ендігі мақсат жер бетіндегі бұл тамұқтан қашып шығудың жай-жапсарын ойлап, тыңғылықты жоспарын жасау. Қатыгездік Ақшаға құнығып, өзі сияқты ет пен сүйектен жаралған адамды құл еткен Орынбай мен Жамантайдың ештеңеден тайынбайтыны айдан анық еді. Сондықтан, қашып шығудың жайын жан-жақты ойластырып, қателікке жол қалдырмайтын толымды жоспар жасау қажет болды. Мен түн болса-ақ маңайды шолып, жол жайын барынша ұңғыл-шұңғылына дейін анықтауға тырыстым. Сөйтіп жүріп бір күні біз тұрған мал қыстағынан қырық-елу шақырымдай жердегі жан-жағына қамыс өсіп кеткен суы ішуге жарамсыз сасық тұзды көлдің жағасында екі елес-әруаққа кез болдым. Қамыс ішінде отырған оларды алғашында аң ба, әлде қалқайған қарақшы ма деп ойлап назар аудармаппын. Тек өзіме әлдекімнің тесіле қарағанын сезіп, жалт бұрылғанымда жүрелеп отырған екеуді көрдім. Сақалдары өскен, үстерінде тозығы жеткен жыртық күрте, бастарында кірден қандай түс екенін ажыратуға болмайтын шаңғышылар киетін шәпкісі бар екеуі маған қорқыныштан шарасынан шығардай алайған көздерімен тесірейе қарап қалыпты. Күтпеген кездесуден менің де зәре құтым ұшып, біраз уақыт тіл қата алмай мелшиіп тұрып қалдым. Біреуінің бір көзі үңірейіп тұр, беті қисайып кеткен. Ал, екіншісінің бет-аузы мыж-мыж. Киімдері қарақошқылданып, айғыздалған дақтан көрінбейді. Оның не екендігін кейін білдім. Содан бір кезде есімді жиғандай болып «кімсіңдер, мұнда қайдан жүрсіңдер?» дедім әзер тілге келіп. «Бі..біз Орынбайдың құлдарымыз» деді кекештене сөйлеген аласа бойлысы. Олардың сырт бейнелерінен өліп қалған әруақ-елес екендіктері анық көрініп тұр еді. Дядя Вася айтқан қыста қашқан екі жігіт осы шығар деген ой келді. -Мен де Орынбайдың құлымын, -дедім. -Оның орыс құлы бар еді, -деп сол сәт сөзге жіңішке ұзынтұра араласты. -Иә, дядя Васяны айтасыз ба. -Ол тірі ме? -Тірі. Қазір малды үшеуміз бағамыз. Бізді жазда әкелген. Әруақ-елестердің біреуінің есімі Нұртай, екіншісі Әлжан екен. Әңгімелерінен естіп қаныққаным, бұлар да Алматының базарында жылмыңдаған Жалғастың тұзағына түсіпті. Олар Орынбайдың малын бір жылдай баққан. Қашып кетпек болған әрекеттері сәтсіз аяқталып, қарасұрдан өлімші болып таяқ жейді. Бірақ, сонда да алған беттерінен қайтпай, тағы да қашудың жоспарын жасайды. Сөйтіп, қыстың бір боранды күнінде ауылға қарама-қайшы бағытқа қарай тәуекел деп жолға шығады. Аяқтарында шынжыр кісен, үстерінде жұқа жыртық күрте, аш, жүдеу екеуі қанша тырысса да алысқа ұзап кете алмапты. Олар түнде осы көлдің жағасына келіп, қамыс арасын паналайды. Таңертең ұйқыдан Жамантайдың боқтаған дауысынан оянады. Әккі аңшы қашқындардың ізіне түсіп, атпен тап бастырмай қуып жеткен екен. Әбден ашуға мінген ол қамшымен емес, кесіп алған кепкен жуан дырау сойылмен екеуін соққының астына алады. Бас жарылып, көз шығады. Үсті-бастарын қан жуған екі бейбақ қансырап естерінен танып қалады. Қарасұр жендет қанға батқан екеуін арқалап жүргісі келмеген сияқты. Енді адам болмасын түсініп, елсіз көлдің жағасына тастап кете барыпты. Аштықтан, әлсіздіктен, алған соққының салдарынан есеңгіреп ұзақ жатқан бейбақтар қатты қиналып жатып жан тапсырған секілді. Енді байқадым, жүрелеп отырған екеуінің аяғында бізге салынған сияқты шынжыр кісен бар екен. Ал, күртелеріндегі айғыздалған қарақошқыл дақ кеуіп қалған қан болып шықты. -Тәнімнен бөлініп шыққанда жанымды қинаған аурудан аздап арылғандай болып едім, бірақ сәлден кейін ауру онан сайын қинап, жанымды қоярға жер таппадым, -дейді Нұртай. Алғашында не болғанын ұқпаған екеуі кейінірек қанға батқан тәндерін көргенде, өздерінің өлгенін түсінеді. Өлер алдындағы жан қиналысы, қатты қорқыныш саналарына әбден терең сіңіп қалса керек. Қарасұр жазалаушы тағы да келіп, таяқтың астына алардай зәрелері ұшып, қамыс арасынан шығуға қорқады екен. Сүйектері сынып, біреуінің көзі шықса, екіншісінің бет-аузы түгел мылжаланған, аяқтарында шынжыр кісен салынған екеуі елес-әруаққа айналса да, орындарынан қозғалмай, күндіз-түні осылай отыратын көрінеді. Менің байқап, түйгенім, өлген адам мұсылман ғұрпымен жерленбесе, сол тәні қалған жерден айналып шыға алмайтын сияқты. Белгісіз күш оны сол маңайдан шығармай шырмап ұстап тұратын болса керек. Асылып өлген Есберген де, қасқырға жем болып, сүйегі далада қалған Қасқырбай да өздерінің мүрдесі жатқан жерден алыс ұзамай, сол маңайды шырайналып жүргені осыны аңғартады. Мен кездейсоқ танысқан екеуіне кейінгі болған жайларды түгел баяндап бердім. Өзімнің қашып кету ойымда бар екендігін айтқанда: «ойбай, олай жасай көрме, қарасұр аямайды, оның қолына түскенше өліп қалған жақсы» деп зыр-зыр қақты екеуі. Жамантайдың қорлығы қатты өтсе керек, саналарына сіңген қорқыныш оларды мүлде сындырып тастаған секілді. «Есің болса қашпа, ит қорлықта жүрсең де әйтеуір тірі боласың» -дейді екеуі екі жақтан жарыса сөйлеп. Ақыл-ойын қорқыныш алған екі міскіннің көзқарасын өзгерту мүмкін еместігін біліп, үнсіз қалдым. Осы оқиғадан кейін де бір-екі рет олармен кездестім. Олар да Есберген сияқты кейде қатты жаурап, жылына алмай, кейде ыстықтап салқындай алмай, шөлін басып, тамағын тойдыра алмай қатты азап шегеді екен. Оның үстіне өлер алдында алған тән жарақаттары да әлсін-әлсін қинап, жандарын шығара ауыртатын көрінеді. Олар қазіргі ахуалдарына бой үйретіп алғаны сонша, тіпті басқа әлем, ел-жұрт барын да естен шығарған сияқты. Олар үшін бар өмір мына тұзды сасық көлмен шектелетін сыңайлы. Бұрын құдайға сенбеген, намаз оқымаған, арақ ішіп, аздап қыз-келіншекпен қыдырып, күнәкар тірлік кешкен байғұстар өлгеннен кейін не боларын ұқпайтын секілді. Боқан шалдың өлімі туралы айтқан әңгімем де екеуіне онша әсер етпеді. Әлжан әлі үйленбеген бойдақ болса, Нұртайдың әйелі, бір ұлы бар екен. Басына түскен түсініксіз жай ақыл-есін алғандай екеуі де бала-шаға, туған туыс дегенді мүлдем есінен шығарыпты. Олар үшін күн де, түн де, қыс-жаз дегеннің де еш айырмасы жоқ сияқты. Жаны мен тәнін қинаған аурудан, аштық пен суықтан әбден қалжыраған, ұйықтай да, демала да алмайтын, тіпті түрегеп жүре алмайтын, ұдайы жүрелеп отырудан басқаға қауқарлары жетпейтін бейшаралардың тірлігі шынында да өте аянышты еді. Елес-әруаққа ештеңе кедергі еместігін, тұрып жүрулеріне де, тіпті ұшуларына да болатынын айтып түсіндіре алмадым. Өрт Мен өзімше қашудың жоспарын жан-жақты жасап, қалай, қайда кету керектігін де тыңғылықты ойластырып алдым. Бұрын құл болған қарасұрдың қолынан өлген елес-әруақтар мекен еткен тұзды көлден бес-алты шақырымдай қиғаш өтетін ескі жолдың сорабымен жүріп отырып, қалааралық тас жолға шығуға болады екен. Біздің қыстаудан оған дейін 150 шақырымдай болып қалады. Әрине, мұндай жолды аяғына шынжыр кісен салынған, әлжуаз жүдеу біз сияқты адамдардың жүріп өтуі екіталай. Сонда не істемек керек? Әрі ойлап, бері ойлап жолға дейін жаяу емес, салт атпен бару керек деген шешімге келдім. Мұнда қарасұр мінетін қарагер аттан басқа, қожайынның қызыл айғыры бар. Тұсау салынған қызыл айғыр жақын маңда жайылып жүреді. Ер-тұрманы үйде. Жә, ат бар, енді керегі алыс жолға қажетті сусын мен тамақ. Оны да қыстаудан табуға болатын еді. Тоқал тамның ауызғы бөлмесінің астында жертөле бар. Сонда сары май, құрт, ірімшік, қаймақ, сүт сияқты тағам сіресіп тұрады. Тіпті, кептірілген піскен сүр ет те бар. Оның бәрін түнгі бақылауларым кезінде көріп, біліп алғанмын. Осылайша, сусын мен тамақ мәселесі де шешілетін болды. Мен үшін ең үлкен қиындық – бұл бізді аяғымызға шынжыр салып, құлдықта ұстап отырған және өле-өлгенше құл етуді ойлайтын қожайын Орекең мен оның жандайшап малайы Жамантай еді. Екеуіне ашына болып, тамақтарын істеп, кірлерін жуып беріп жүрген қарақатын Күлшені де естен шыаруға болмайды. Алғашында мен оларды өзіміз тұратын контейнерге қамап кеткен дұрыс болар деп ойлаған едім. Бірақ, олай жасасақ, тіпті қашып құтылған күннің өзінде соңымыздан іздеп тауып, кек алмасына кім кепіл деген ой келді. Адам тағдырын ойыншық санайтын, ақша-дүниеге құныққан бұларда ар да, намыс та, аяушылық та жоқтығына әбден көзім жеткен. Бұл жоспардың тағы бір әлсіздігі – ертең біз құтылып кеткен күннің өзінде, олар әлгі жылмақай Жалғас арқылы тағы бірулерді құлдыққа салары айдан анық еді. Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келе, мен қатыгездеу шешімге келдім. Адамдық қасиеттен жұрдай үшеуін ұйықтап жатқанда өртеп, көздерін жойып кетуге бел байладым. Намаз оқып, мұсылман болғалы қайрымдылық, кешірімшілдік деген қасиеттерге ден қоя бастаған мен үшін мұндай шешімге келудің оңай тимегенін атап өткен артық болмас. Биыл көктемде Болаттың үйінен видеодан «Халид ибн Валид» деген көп сериалы киноны көрген едім. Пайғамбар заманында өмір сүрген ол мұсылман болып, пұтқа табынушыларды ислам дініне кіргізу үшін соғысады. Осы кинода тіпті, пайғамбардың өзі де қолына қару ұстап соғысқандығы айтылады. Егер пайғамбарымыздың өзі әділетсіздік үшін қолына қару алып соғысса, онда Орынбек, Жамантай сияқты бар өмірін қараулықпен өткізіп келе жатқан күнакарларға қарсы неге мен де соғыспаймын деген ой келді. Осылайша, өзімді өзім қайрап, өмірі жасамаған шаруаға баруға бел байладым. Мен өз ойым мен жоспарларым туралы дядя Васяға да, Серікке де тіс жарып ештеңе айтқаным жоқ. Бәрі біткен соң бір-ақ білсін деп бар шаруаны өз мойныма алуға бекіндім. Біз бұл күні де күндегі әдетімізше малды қораға қамап, кешкі аталамызды ішіп алған соң, есігі сыртынан кілттенген қараңғы контейнерде ұйқыға жаттық. Қатты шаршаған қасымдағы екеуі бірден қорылға басса, мен ұйықтамай, ойыма алған жоспарымды орындауға дайындалдым. Арада бірер сағат өткен соң тоқал тамға кіргенімде, үйдегілер тегіс ұйқыға кеткен екен. Ең алдымен, қарасұрдың киімілгішке ілген күртесінің қалтасынан контейнердің кілтін алдым. Содан кейін төр алдында ескі диванда жатқан қожайынның жастығының астындағы кәстөмін алдым. Бұл әрине, алғашқыдай емес, біраз қиындау болды. Дегенмен, қорылға басқан қожайын жастығының астындағы кәстөмін аланымды сезген жоқ. Содан кейін кәстөмнің қалтасындағы сейфтің кілтін алып, сейфті аштым. Осы арада айта кетейін, мен бұл әрекеттің бәрін елес-тәніммен жасадым. Ойымды шоғырлап, басқаруды әбден меңгеріп алсам керек, елес тәнмен де кәдімгі тәнім істейтін шаруаларды жасай беретін болыппын. Сефтен ең алдымен астыңғы жақта жатқан қоңыр пәпкені алып қарадым. Шынында да онда құжаттар сақталатын болып шықты. Төменгі жағында менің, Серіктің, дядя Васяның, тіпті қайтыс болып кеткен Нұртай мен Әлжанның да құжаттары бар екенін көргенде иығымнан ауыр жүк түскендей жеңілейіп қалдым. Мен үшін сейфтегі ақша мен алтын бұйымдар салынған дорбаны алып шығу онша қиындық келтірген жоқ. Бақтиярдың ақшасын ұрлаған тәжірибем бар, бәрін де дәл сондағыдай етіп жасадым. Заттарды алып шығу үшін сыртқы есікті аштым. Абырой болғанда, қатты ұйқыға кеткен үшеудің ешқайссы да кедергі келтімеді. Содан кейін үйдің сыртынан жауып, ағашпен тіреп қойдым. Сосын үйге қайта кіріп, босағада тұрған канистрдегі бензинді (оны от тұтатамын деп қарақатын пайдаланатын) үйдің ішіне септім. Әсіресе, ұйықтап жатқан қожайын мен қарасұрдың көрпесіне көбірек құйдым. Есік пен терезенің алдына да аямай құйып, сосын сіріңке жағып, от тұтаттым. От лапылдап жана бастағанда сыртқа шыға қашқым келгенмен, ақырын көрейін деп өзімді өзім тежеп, тұрып қалдым. Осы арада елес-тәннің тағы бір қасиетін көріп, куәсі болудың сәті түсуке еді. Елес-тән сөйтсем, отқа жанбайды екен. Тіпті, лапылдаған оттың қызуын да сезгенім жоқ. Үстеріндегі көрпелері лап етіп тұтанып жана бастағанда жанұшыра тұрған қарасұр мен қожайын жанталасып сыртқа ұмтылғанмен, сыртынан бекітілген есікті ашып шыға алмай арпалысты. Үсті-басын өрт шалған қарақатынның жан дауысы шығып, оған өкірген қарасұр мен ойбайлаған қожайынның үні қосылғанда үйдің іші азан-қазан болды да кетті. Бірақ, олардың айқайын еститін жақын маңда тірі пенде жоқ еді. Сумаңдаған тілсіз жау әп-сәтте үйдің ішін қара көмірге, өздерін осы дүниенің қожасындай сезінген қожайын мен оның жандайшабының және ашынасының тәндерін қаракүйе төмпешікке айналдырды. Осы сәт мен тағы бір сұмдық жайдың куәсі болдым. Денелері күйіп, сүйектерінің қалдығы қаракүйе төмпешік сияқтанып қалған қожайын мен қарсұр және қарақатынның әруақ-елес тәндерін көрдім. Үстерінде ұйқыға жатарда киген көйлек-дамбалдары, өңдері қашқан үшеуі өрт шалған бөлмеге мөлие қарап мелшиіп қатып тұр екен. Кенет қарасұрдың көзі босаға жақта тұрған маған түсті. «Бұл не?» деді ол аңтарыла қарап. Оның ызбарынан әбден мезі болып, ығып қалсам керек, өзімнің елес-тәнде екенім де, оның өліп қалғаны да есімнен шығып, зәрем ұшып сөйлей алмай қалшиып қалдым. -Бұл не?- деді қарасұр тағы да ештеңенің байбына бара алмағандай аңтарыла қарап. Содан кейін әдетінше ашуға булығып, «бәрін жасап жүрген сенсің» -деп маған бассалды. Бойымды билеген қорқынышты әзер жеңіп тұра қашпақ болғанымда оның сілтеген жұдырығы ауаны қармап зу-зу ете қалды. Сол кезде ғана әруақ-елестің ұра да, залал жасай да алмайтыны есіме түсіп, оған енді кекесінді күлкімен жәйбарақат қарап тұрдым. -Иә, мен істедім. Сендердің бар жиған-терген ақшаларыңды тонап алып, үйлеріңді өртеп, өздеріңді өлтірдім. Сендер өліксіңдер. Маған енді ештеңе де жасай алмайсыңдар. Тәндерің әні, күлі жатыр, -дедім ызбарлана сөйлеп. Қожайынның үрейден аларған көзі мені тесіп жеп жіберердей жеп барады. Қарақатын да қазықтай қалшиып тұр. -Қазір мен сені, -деп ашуға булыққан қарасұр бар күшімен жұдырықты салсын келіп. Бірақ тигенін қалпақтай ұшыратын қара жұдырығы ауа қармап, далаға кетті. Өзі екпінімен үйдің қабырғасын көктей өтіп, сыртқа шығып кетті. Мынаны көрген қожайын да, қарақатын да зәрелері ұшып, не болғанын түсіне алмай қалшиып тұр. -Не болды, біз қайдамыз? –деді бір кезде қожайын. -Сендер өлдіңдер. Сүйектерің, міне күл болып жатыр. Енді осылай елес-әруақ болып ел кезіп, қаңғып жүресіңдер. Бұл сендердің өздерің сияқты адамдарды құлдыққа салып, қиянат көрсеткендеріңнің жазасы, -дедім мен. –Енді ойбайласаңдар да, байбайласаңдар да ешкім естімейді. Өздерің де ешкімге ештеңе жасай алмайсыңдар. Бұл кезде үйге қайта кірген қарасұр әлгіндегідей емес, жүні жығылып, жуасып қалыпты. Ол өзінің гүрзі жұдырығы мен қаракүшінің ешнәрсеге жарамсыз болып қалғанын түсінген сыңайлы. -Сен кімсің, егер біз өлсек, сені қалай көріп тұрмыз? –деді қожайын әлі де өзінің өлі екеніне сенбегендей. Мен кіндігімнің астындағы машина жіптің жуандығындай ақ жолақты көрсетіп «Міне мынау арқылы тәніммен байланып тұрамын. Ал сендерде мұндай жоқ. Сендер енді тәндеріңе ешқашан орала алмайсыңдар, яғни өліксіңдер» -дедім. –Молда құран шығарып, арулап көмбегендіктен, енді тәндерің осылай елес-әруақ болып тауқымет тартып жүретін боласыңдар. Қашу Мен контейнердің құлпын ашып, есікті айқара аштым. Таң атып қалған еді. Есік ашылғанда ұйқыларынан оянған серіктерім қарасұрдың әдеттегі боқтығын естиміз деп ойласа керек. Дегенмен, қарасұр да, қожайын да жоқ еді. Мен түк болмағандай орнымнан тұрдым. Біз сыртқа шыққанда күтпеген көрініске көзіміз түсті. Тоқал тамның өртенген есік-терезесі үңірейіп тұр. Бұзаудай үлкен төбет арсылдап үйді айнала шапқылап жүр. Қарагер ат қайта-қайта ішін тарта оқырана кісінейді. Серіктерім не болғанын түсінбей аңтарыла қарап қалған. Мен тоқал тамға батыл басып, өртенген есіктен ішке кірдім. Түнде көрген көрініс тағы да алдымнан шықты. Бұрышта өрт шалып, қарақошқылданған сейф қана аман қалыпты. Басқа заттардың бәрі өртеніп күлге айналған. Әржерде шашылып жатқан өртенген сүйек қалдықтары - күні кеше үреймізді алған кәрлі қожайындардан қалған соңғы жұрнақ осы ғана болыпты. Менің ізімді ала үйге кірген не болғанын түсінбей, әлі де ештеңеге сенбегендей үрейлері ұшқан серіктерімді демдеп «міне, бәрі осылай бітті» -дедім. -Біткені несі? –деді ештеңге түсінбеген Серік. -Біздің құлдығымыз осымен бітті. Қожайын жоқ. Бізді ұрып-соғатын қарасұр да жоқ. Енді біз азатпыз. -Олар қайда?- деді дядя Вася әлі де кәрлі қожайындардың өлгеніне сенбегендей. -Міне, мында жатыр, -деп мен өртенген сүйек қалдығын қолыма алып көтеріп көрсеттім. Дядя Вася сенбегендей қасыма келіп, күйген сүйекті қолымен ұстап көрді. Содан кейін «өліп қалыпты» -деді өз-өзімен күбірлеп. Одан әрі оқиға дәл шетелдік кинолардың сюжеті іспетті өрбіді. Мен осыдан бірнеше күн бұрын қожайынның тоқал тамнан әрірек бір жыраға бірдеңе тыққанын көргенімді айтып, соны қарайық дедім. Олардың келісімін күтпестен кеше ғана өзім апарып тыққан жерден салафан қалтаға салған бір бума ақша мен, алтын бұйымдар салынған дорбаны және біздің құжаттарымыз салынған қоңыр пәпкені алып шықтым. Оның ішінен табылған заттар серіктерімді таң-тамаша қалдырғанын айтпай-ақ қояйын. Онан әрі біз тоқал тамның ауызғы бөлмесінің астындағы жертөлеге (оның барлығын да мен кездейсоқ тапқан кейіп таныттым) түсіп, жолға қажетті азық-түлік алдық. Қарагер ат пен тұсалған қызыл айғырды ерттеп мініп, өзім белгілеген тұзды көлге қарай жүретін ескі жолдың сорабымен жолға шықтық. Аудан орталығына дейін барып, полицияға кіріп, бар жайды айтқанына қарамастан, ұстап алып қайта қожайынға тапсырған оқиғаны ұмытпаған дядя Васяның кетпеймін деп қиғылық салғанын, қожайындар өліп қалды, енді бізге кім қожа болады деп оны үгіттеп әзер көндіргенімізді де айта кеткен артық болмас. Біздің ең алдымен жасаған шаруамыз таспен аяғымызға салынған шынжыр кісенді бұзып ашқынымыз болды. Мал соңында біраз жыл жүріп, малсақ болып қалған дядя Вася «малды қорадан шығарып кетейік, әйтпесе аш қалады ғой» деп жанашырлық танытты. Оның сөзінің жаны бар еді. Тоқал тамға сырттан із салатындар сирек. Қорада қамалған мал аштан қырылуы мүмкін. Дядя Вася үйреніп қалған малды қимағандай өріске қарай біраз жер айдап шығарып салды. Үшеуміз екі атқа мінгесіп қыстақтан ұзай бере соңыма соңғы рет көз салдым. Біздің мұнда келіп, құлдық қамыт кигенімізге де үш айдан астам уақыт өтіпті. Ол кез жаздың ортасы еді, енді, міне қоңыр күз. Бізді онда тоқал тамның жанында арпылдай үрген дәу төбет қарсы алған. Қазір де қыстақтағы жалғыз тіршілік иесі сол Алыпсоқ атанған ақтұмсық төбет. Ол үруін қойып, енді шоқиып отырып алып үйге қарап қасқырша ұлуда. Ұлығаны жылағандай өте аянышты естіледі екен. Ит те болса иелерінің енді қайтып оралмасын сезіп, жоқтап жатыр ма, кім білсін. Сол күні кешке дейін тынымсыз жүріп, бір ойпаңдау жерге келіп атымызды тұсап, сол араға қоналқы жасуды ойладық. Шөпшек жинап, от жағып, жолға алып шыққан азығымызды жеп жан шақырдық. Күнұзақ бір-бірімізге ләм деп ауыз ашпай, есі-дертіміз қарғыс атқан қыстаудан алысырақ кету болған біздер ішімізге ел қоған соң көңіліміз көтерілгендей болып, өзіміздің азат екендігімізге әлі де сенбегендей мамыражай күйде отқа қарап отырмыз. -Менің түсінбейтінім, қожайын мен қарсұр қалай қаза тапты? –деді бір кезде өзімен өзі сөйлескендей оттан көзін алмаған Серік. Осы арада сырымды түгел жайып салар сәт келгенін түсініп, тамағымды қырнап жауап беруге оқтала бергенімде дядя Вася: «Бұны кімнің жасағанын мен білемін» деді кенет. -Кім? –деді Серік оған таңырқай қарап. -Бұны жасаған Нұртай мен Әлжан. Олар өткен қыста қашып кеткен. Құжаттары осында қалған еді. Соны алуға және қожайын мен қарсұрдан кек алу үшін келген болуы керек. -Онда неге бізге көрінбеді? –деді Серік сенбегендей оған таңырқай қарап. -Олар кісі өлтірді ғой. Қожайын мен қарасұрды өлтіріп, үйлерін өртеп жіберді. Біреу-міреудің көзіне түссе осы өңірді түгел билейтін қожайын үшін полицейлердің оларды аямасы анық. -Иә, солай, -деді Серік оның бұл уәжімен келісіп. –Қожайынның полицейлермен ымы-жымы бір. Оны өлтірген адамды полицейлер қайдан да болса тауып, аямай жазалар еді. Мынаны естігенде өзімнің енді ештеңе айтуыма болмайтынын түсіндім. Тағдырдың өзі маған тылсым сырымды ашпауға жағдай жасап тұрған сияқты екен. Тіпті, мына екеуіне бар сырымды жайып салсам да дәл қазір олар ештеңеге сенбес еді. Содан араға екі қонып, үшінші күні тас жолға жеттік. Жүдеп-жадаған түрімізге қарап көліктердің көбі тоқтамай зу етіп өте шығады. Дегенмен, құдайына қараған біреу жүк машинасының қорабына отырғызып алды ақыры. Осылайша, ілдебайлап Алматыға да жеттік-ау. Жолға шығып, алғаш түнеген жерде, олжа ақшаны теңдей етіп үшке бөліп, дорбадағы бұйымдарды да солай бөліп алған едік. Құжаттарымыз қолымызда, қалта толы ақша, оған қоса алтын, күміс білезік, жүзік сияқты қымбат бұйымдарымыз да бар. Бір сөзбен айтқанда, олжалы едік. Шынжырға байланған құлдық дәурен келмеске кектендей, әп-сәтте көңіліміз көкке көтеріліп, шалқып сала бердік. Ауылға оралу Алматының базарынан киім сатып алып, сықиып киініп алдық. Қала маңында тұратын дядя Вася үйіне қонақ болып кетуді ұсынғанмен, баруға Серік екеуміздің де құлқымыз болмады. Оның үш жылға тарта құлдық қамыт киіп, азап шеккеніне өзіміз кінәлідей біртүрлі ыңғайсыз сезінген едік. Серіктің туып өскен жері Семей өңірі. Оның ендігі арманы ауылына барып, мал алып фермер болу. Қиын күндерді басымыздан бірге өткізген олармен қимай қоштастым. Мен ауылдан кеткенде сәуір туып, күн енді ғана жылына бастаған шақ еді. Қазір қараша. Үстімде жылы күрте, қолымда үлкен жол сөмкем бар. Оның іші толы туыстарыма алған базарлық. Ал түбінде салафан қалтаға салынған бір бума ақша мен алтын, күміс бұйымдар және бар. Мен ауылдамын. Жүзім жүдеу болса да, мол базарлықпен келген мені үйдегілер қуанышпен қарсы алды. Олар өзім ойлап тапқан ертегі-әфсанаға құлай сенді. Бұл ертегі-әфсананың оқиғасы былай өрбиді: Алматыға барып, ауылдасымның үйінде тұрып арба сүйреп жүрген күндердің бірінде бір бейтаныс Рсейге барып маусымдық жұмыс жасауға ұсыныс айтады. Содан бірнеше адам жедел іргелес елге аттанып, Сібірдің бір шалғай өңірінде алтын қазатын кеніште қара күзге дейін жұмыс жасаймыз. Күніне 12-14 сағат жұмыс істейміз, жұмыс өте ауыр. Бірақ табыс шаш етектен. Содан күзде жалақымызды алып, туған елге қайтамыз. Мен тапқан ақшаға түгел дерлік мал сатып алдық. Елуге тарта қой, жеті ірі қара мен екі жылқымыз бар. Міне, осылайша, біздің отбасы орта дәулетті фермер болып шыға келді. Суға батқан трактор үшін бар малымызды тартып алған Бақтияр әйел-балаларынан ғана айрылып қоймай, малын ұрлатып, құрық ұстап қалыпты. Осылайша, апамның қарғысы айнымай келген сияқты. Арақ ішіп ауылда босқа теңселіп жүрген сыныптас достарым менің сондай мол табысты қайдан тапқанымды қазбалай сұрап, біраз қаратерге түсіргенін де айта кеткен артық болмас. Сібірдің қай жері екенін қайдан білейін, әйтеуір қалың орман. Новосібірден әрі қарай жүк машинасымен бірнеше күн жүрдік деймін мен. Ал, өзімді жалдап, онда апарған адамды онан кейін көргенім жоқ деп жабысқақ достардан әзер құтылмасым бар ма. Олар да бір жазда мен сияқты қырып ақша тауып, қарық болғылары келетін сияқты. Егер басымнан кешкенді айтсам, бәлесінен аулақ деп ат-тондарын ала қашары айдан анық. Тракторы суға кетіп, жұмыссыз қалған көкем енді малға шықты. Екеуміз малды кезектесіп бағамыз. Жүріп тұрған ескілеу бір «Жигули» сатып алдық. Жексембі күні көкем сонымен базарға барып, сүт, қаймақ, май апарып сатып келеді. Табыс жаман емес. Апамның пенсиясымен жан баққан біздің ерніміз аққа тиіп, еңсеміз тәп-тәуір көтеріліп қалды. Артылған айран-сүтті көршілерге де беріп тұрамыз. Апам мен көкем біраз уақыт мен туралы жұртқа жыр қылып айтып, алтын кеніште жұмыс істеп, ақшаны күреп тапқанымды ауыздарының суы құри әңгімелеп жүрді. Ауылға келгесін қайтадан дінге бет бұрдым. Бес уақыт намазымды қаза қылмаймын. Қосымбек атаға алғаш келген күні кіріп сәлем беріп шыққанмын. Ол қайда болдың, не істедің деп бір ауыз сұраған жоқ. Сол баяғы көп сөйлемейтін сабырлы, байыпты қалпы. Мен іштей басымнан кешкен жайларды түгел баяндауға оқталсам да, батылым бармады. Қанша зұлым болса да Орынбек те, Жамантай да, қарақатын да адамның баласы ғой. Олардың мезгілсіз қазасына өзімнің себеп болғандығым, арам жолмен болса да тізтырнақтап жиған ақшаларын тонап алғандығым – адамгершілікке де, имандылыққа да жатпайтын күнәкар іс сияқты көрініп, ол жайында айтуға дәтім бармады. Мен жоқта ауылда бірқатар жаңалықтар болыпты. Ғашық болған сыныптас Күнсұлу үш баласы мен әйелін тастаған Айболат ағайға тиіп алыпты. Ал мектеп бітірген Ермек әжесімен жасты 65-тегі Күләнда кемпірге қосылыпты. Жап-жас жігіттің мына қылығына түсінбеген жұрт «есінен адасқан шығар» деп сырттарынан неше түрлі өсек айтатын болыпты. Біреулер «басын айналдырып алған» десе, енді біреулер «дуалап алған шығар» деседі. Айтпақшы, ауылға келгесін бірнеше күннен кейін түнде ескі қыстауда тұратын Есбергенмен тағы кездестім. Көптен бері көрмеген екеуміз қуана қауышып, біраз қауқылдастық. Мен басымнан кешкендерімді түгел жыр қылып айтып бердім. Ол болса ауызын ашып, көзін жұмып таң-тамаша болып тыңдады. -Ғажап екен, нағыз ертегі сияқты, -дейді тамсанып. Оның өмірі еш өзгермеген. Сол баяғы қалпы. Түн болса ауылға келіп, үй-үйді жағалап, өсек-аяң тыңдайды немесе жұрттың жасырын жасап жатқан істерін аңдиды. Менің өсек-аяңға онша құмартпайтынымды білсе де, ауылдың жаңалықтарын жыр қылып айтып, біраз шырқады. Қыс бітіп көктем келді. Малымыз төлдеп, мал басы көбейіп жатыр. Соған орай жұмысымыз да көбейе түскен. Інім биыл мектеп бітіреді. Оның да оқуға онша құлқы жоқ. Көкем: «Мына мал бәрімізді асырауға жетеді. Егер дұрыстап бақсақ, бірнеше жылда мыңғырған бай болып шығамыз» деп інімнің оқуға барғанынан гөрі, үйде қалып мал баққанын қалайтынын аңғартты. Мен бұрынғы әдетімді тастай алмай, түн болса тәнімнен шығып, ауыл маңайын кеземін. Өзімнің елес-тәнімнің мүмкіндіктерін зерттеп, жаңа қасиеттерін ашып жатырмын. Енді ауыл маңын ғана емес, алысқа ұзап, тіпті бір-екі рет Алматыға да барып қайттым. Елес-тәнге оқтай ұшып жүздеген, тіпті мыңдаған шақырым жерге ұшып бару түкке тұрмайды екен. Таяуда Есберген маған мұңын шақты. Ескі қыстаудағы бірсарынды өмір оны әбден жалықтырса керек. Оған қоса, жанын қинайтын түрлі азаптар жиілеп, соңғы кезде қатты қиналып кеткен сияқты. Әруақ болып ел кезген тірліктің ауыртпалығы еңсесін езсе керек, ол маған: «сен Қосымбек молдадан сұрашы, әруақ болып қаңғып жүруден қалай құтылуға болады екен?» -деді бірде. Мен ертеңіне кешкілік Қосымбек атаның үйіне бардым. Содан жасырмай, Есберген жайында айтып, оның сұра дегенін сұрадым. Сақалын таулап, үнсіз біраз отырған Қосымбек молда бір кезде: «ертең жұма ғой, қабірінің басына барып құран оқиық, мүмкін жәрдемі тиер» -деді. Содан ертеңіне көкемнің ескі «Жигулиіне» отырып, Қосымбек молда екеуміз ауылдан үш шақырымдай жердегі төбе басындағы Есбергеннің қабіріне келдік. Қосымбек молда зират басында отырып, аяттарды бірінен соң бірін ұзақ оқыды. Сол күні кешкісін мен тағы да ескі қыстауға бардым. Бірақ неге екені белгісіз Есберген жоқ болып шықты. Ауылға барып, үй жағалап жүрген шығар деген ой келген. Дегенмен, одан кейінгі күндерде де Есбергенді ескі қыстаудан көре алмадым. Бәлкім, Қосымбек молданың оқыған аяттары көмектесіп, қабіріне байланған шығар деген ойға қалдым. Анда-санда әжік-күжік әңгіме-дүкен құрып, біраздан бері бауыр басып қалған одан айрылу ауырлау сияқты көрінгенмен, бір жағынан оның өзгелер сияқты қабірге байланып, қабірдегі өмірге көшкеніне қуандым. Қанша өзімді өзім ақтауға тырысқанмен, Бақтиярдың ақшасын ұрлағаным, Орынбек пен Жамантайды және қарақатынды өлтіргенім, ақшаларын алып кеткенім, жаныма маза таптырмай, қатты қинайтын. Алғашында ондай ойлар онша мазамды алмаса, кейін келе жанымды қинап, маза таптырмайтын болды. Бәлкім бұл күнде намаз оқып, ораза ұстап, дінге шындап көңіл бөлгендіктен келген имани қасиеттің бойыма орнығуының әсере ме екен, кім білсін. Мен көп ойландым. Ақыры бір шешімге келіп, еңсемді езген ауыртпалықтан түбегейлі құтылуға бел байладым. Анда-санда бір шаруалармен үйіне кіріп шығатыныма үйреніп алған Қосымбек молда бұл жолы да мені жылышыраймен қарсы алды. Менің жәй келмей, қолыма пакет ұстап келгеніме де онша таңырқай қоймады. Біз бұл кеште ұзақ отырдық. Мен Бақтиярға байланысты оқиғаны да, онан кейінгі құлдыққа сатылып, одан қашып құтылғаным жайындағы ұзын сонар әңгімені де еш бүкпесіз түгел баяндап бердім. Әдетінше сақалын тарақтай түскен Қосымбек молда әңгімем біткен соң да біраз уақыт үнсіз отырды. Содан кейін «Бәрі Алланың еркіндегі іс. Бұл дүниенің сырын адам біліп болмайды. Неге біреу жақсы, неге біреу зұлым, неге біреу иманды, неге біреу кәпір болады – бәрінің сыры жалғыз Аллаға ғана аян» -деді. -Ата, -дедім мен бір кезде бар ерік-жігерімді бойыма жинап, - мында Бақтиярдан алған ақша бар. Осыны сізге берсем деймін. Ауылда мешіт жоқ, осыған мешіт салдырсақ қайтеді. Ол ақшаны алмай, ойланған қалпы бірқыдырау уақыт үнсіз отырды. Содан кейін: «Бұның да жөн шығар. Бұл ақшаны Бақтиярға қайтарып берсең, ұры атанасың, әрі оған ақша енді игілік те әкелмес. Мешіт салса, ауыл адамдары намаз оқып, имандылық жолына түсуі мүмкін» -деді. Мен Қосымбек атаның үйінен бойымдағы ауыр жүктен арылғандай өзімді сергек, қунақ сезініп шықтым. Көптен бері еңсемді езген ауыртпалықтан арылып, моншадан шыққандай жеңіл, сергек көңіл күйдемін. Биыл көктем ерте шықты. Сәуірдің ортасы болса да, май тоңғысыз жылы. Үйге кірмей, ауладағы өз қолыммен жасаған ағаш орындықта ұзақ отырдым. Аспанда мың сан жұлдыздар жымыңдайды. Солардың арасында менің де жұлдызым бар шығар деген ой келді. «Жұлдызым жоғары» деген әлдекімнен естіген сөзді қайталай бердім. Иә, ұмытып барады екенмін, бүгін менің туған күнім екен ғой. Жасым 20-ға толды. Бірақ мен өзімді жас жігіт емес, сексенге келген өмірді көріп, әбден қалжыраған шалдай сезінетін сияқтымын. Мен шынында да өте көп нәрсені көрдім. Ет пен сүйектен жаратылған тәніммен күнделікті өмірде көріп жүргендерім өз алдына, тәнімнен шығып елес-тәнмен әлемді кезген сәттерімде көріп, куәсі болған жайлар қаншама. Олардың бәрін жазсаң бірнеше қалың кітапқа сияр еді. Сондай қалың кітаптарға жүк болар шытырман оқиғаларға толы өмір жолым кинолентасындай ақырындап көз алдымнан өтіп жатыр... Алыстағы жымыңдаған сансыз жұлдыздарға қарап, тылсым ойларға берілемін. Бәлкім, сол жұлдыздарда да мен сияқты ет пен сүйектен жаратылған сансыз жандар өмір сүріп жатқан болар. Елес-тәнге миллиардтаған шақырымдағы жұлдыз деген не тәйірі, әп-сәтте зулап ұшып бармай ма? Осындай ойдан өзім шошып кеттім. Мені түрлі әрекеттерге жетелейтін осындай әуесқой ойлар еді. Кім білсін, күндердің күнінде елес-тәніммен алыс жұлдыздарға да сапар шегетін жағдай да болар, бәлкім?.. Көрші Серікбайдың есегі ақырды. Осы үн мені көктен жерге қайта түсіргендей, өзімнің қайда отырғаным есіме түсті. Қой, демалайын, ертең ерте тұрып, мал жаюға барамын. «Қош бол, менің өмірімнің 20-шы көктемі» деймін іштей күбірлеп. Алда ұзақ өмір жолы. Жиырма жылда көргендерім аз емес, алда не күтіп тұр, оны Алла біледі. «Жә, бәрі өз уақытында, өз ретімен болады». Бұл менің Қосымбек атаның діни пәлсапасының әсерінен туған өз ой-түсінігім.