Жазғы демалыста
Жаз каникул басында
Ауыл жаққа бардым мен.
Ата, әжемнің қасында
Біраз жүріп қалдым мен.
Қораздар таң атқаннан
Оятады шақырып.
Түк өнбейді жатқаннан,
Тұру керек атылып.
Содан ерте оянып,
Кірісеміз жұмысқа.
Қаймақпенен шәй алып,
Жеп аламыз жұмыртқа.
Күн шығып, күн батқанша,
Ешкім қарап жатпайды.
Еңбек қызып жатқан шақ,
Әркім ісін баптайды.
Мен де қарап қалмадым,
Келдім дұрыс байламға.
Ата-әжемнің бар малын,
Айдап шықтым жайлауға.
Бұзауларға су беріп,
Тауықтарға дән шаштым.
Барлығын да үлгеріп,
Келесі іске алмастым.
Аулағада су сепіп,
Тап-таза етіп сыпырдым.
Кешке дейін түрленіп,
Талай істі бітірдім!
Атам, әжем ырза боп,
Алғысына бөледі.
Кәдімгідей мырза боп,
Құрт, майды көп же деді.
Түстен кейін балалар
Тау етегін бойлаймыз.
Секілді бал аралар,
Гүл аралап ойнаймыз.
Осылайша жайлауда,
Күшке толды билегім.
Онда еңбек қайнауда,
Жалындады жүрегім.
Қайда қашар, бауырлар,
Компьютерлік ойындар?
Сондықтан да ауылға,
Жиі бармақ ойым бар.