Адам қарады: 314 | Жарияланды: 2017-07-03 02:31:47

Имранның ойы және ойыны

Мессидей жан доп тепті,

Гол салам деп қақпаға.

Мен атақты ертеңгі,

Жұлдызбын деп мақтана.

 

«Ол не деген керемет,

Деп көпшілік  мақтаса,

Одан артық не керек,

Мені  бәрі жақтаса.

 

Мінсем қымбат машина,

Кисем асыл киімді.

Бұйраланса  шашым да,

Көрсетіп зор күйімді ».

 

Имран солай ой ойлап,

Мектебіне бармады.

Доп қуалап, көп ойнап,

Кешке шаршап қалғаны.

 

Үйге кірер-кірместен,

Компьютерге таңылды.

Онда-дағы бұл кеште,

Футбол ойны  табылды.

 

Ертеңіне теңселіп,

Мектебіне келді ол.

Ой-армандар кешегі,

Орындалса  деді ол.

 

Жауап бермей қалдыда,

«Екі» деген баға алды.

Сыныптастар алдында,

Ұялғаны жаман-ды.

 

Болсын бойда талап бар,

Мейлі футбол ойнаңдар.

Бірақ,  ертең сабақ бар,

Оқуды да  ойлаңдар.

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған