Адам қарады: 240 | Жарияланды: 2017-07-03 02:35:55

Ойынның салдары

Планшетте ойнап кеш жатты,

Илһам ұйқысы қанбады.

Сөз айта алмай еш тәтті,

Ұстазы ренжіп қалғаны.

 

Қалғып кетіп сабақта,

Кереметтей түс көрді.

Періште келіп заматта,

Көрсетті ғажап істерды.

 

Қолында таяқ сиқырлы,

Періште жүрді қасында:

«Балапаным  сүкімді,

Директор боласың жақында».

 

Илһам директор орнына,

Шалқая келіп отырды.

Телефон алып қолына,

Көмекшісін шақырды:

 

«Тез шақыр, кәзір жиынға,

Қатыссын барша мұғалім.

Солармен менің жанымда,

Отырсын досым Нұралым».

 

Жиын да кетті ашыла,

Бір қарап шықты баршаға.

Бастады сөзін асыға,

Үнімен өктем соншама.

 

«Осыдан бастап ешкімге,

Қоймаңдар жаман бағаны.

Көнбеген жандар сөзіме,

Жұмыстан шығып қалады.

 

Дәріс уақыты қысқарды,

Жетеді анық-бес минут.

Үзіліс уақыты ұзарды,

Болады қырық бес минут.

 

Бермейміз үйге тапсырма,

Балаға қиын болмасын.

Одан да қырдың астында,

Доп қуып, ойын ойнасын»...

 

Айтары тағы бар еді,

Ойлары бірақ шашылды.

Бір дауыс: «Жауап бер!»- деді,

Ұйқысы лезде ашылды.

 

Қараса, ұстаз қасында,

Тұр екен сұрап есебін.

«Бермейміз,- деген,- тапсырма»

Сандырақ екен кешегі.

 

«Шәкіртім , ашқын ұйқыңды,

Ұйқыңнан тездеп оянғын.

Жауабыңа бұл күнгі,

«Екілік» баға қоямын».-

 

Деген сөз кіріп құлаққа,

Ұйқыдан толық оянды.

Шыдамай  мына сынаққа,

Достарынан  ұялды.

 

Сол үшін,түзеп бойыңды,

Қызыққа балғын батайық.

Мезгілмен ойнап ойынды,

Мезгілмен ұйықтап жатайық.

 

Қазақ тілінде жазылған