Адам қарады: 213 | Жарияланды: 2017-07-11 02:21:03

Мектеп хикаялары

                                                                1

            Бұл оқиға 1993 жылы 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау күні болатын. Алғашқы қоңырау салтанатын 1-ші класқа жаңа барған Біржан мен Әйгерім атты екі оқушы қол ұстасып соғуды сынып жетекшісі Бақыт мұғалім нұсқады. Сағат 10:00 де алғашқы қоңырау салтанаты басталды. Біржан мен Әйгерім қоладан жасалған қоңырауды қолға алып соға жөнелді. Біржанның тез жүгіргені соншалықты Әйгерім ілесе алмай жерге құлап түсті. Бұған жиналған оқушылар,ұстаздар, ата-аналар дауыстары шығып, кейбірі қысылып күліп жатты...

                                                                  2

            Биология сабағы. Бақтығайша мұғалім жер бетінде өсетін жеміс ағаштары жайлы мағұлматтар айтып тақтада тұр. Бір уақытта шетелде «кис» деген ағаш өседі деп айтқан еді. Оқушы Біржан «брис» деп айғай салды. Сол кезде сыныпта 25 оқушы күлкіге қанық болды. Бақтығайша мұғалім оқушы Біржанды кластан шығарып жіберді. Біржанның кластастары осыны ұмытар емес.

                                                                   3

            География пәні сабағы болатын. Оқушылар аладын-ала мұғалім отаратын орындықты тақта сүртетін тряпкамен ақ борға толтырып қойды. Сабаққа Тілеуғайша мұғалім кіріп отыра бергенде оқушылар іштей мәз болып күлді. Өзі ұрысқақтау мұғалім бұны көре ашуланды... Біз еске алып арасында күліп аламыз...

                                                                     4

            Әртүрлі спорттан аудандық спартакиядадан мектеп оқушылары арасындағы жабылу салтанаты. Жоғарғы сынып оқушылары қатысытын. Оқушылар екі қатар сап түзеуде. Алдынғы қатарда қыздар, екінші қатарда ұлдар. Оқушы Біржанның жанында оқушы Жасұлан тұр. Жасұланның дәл алдында Малика есімді оқушы қыз бала тұр. Біржан Жасұланның алдында тұрған Маликаның артынан шапалқпен ақырын ұрып қалды. Біржан түк білмегендей қабағын түйіп алдыға қарап білмегендей кейіп танытып тұр.  Бұған шыдамаған Малика Жасұлан екен деп бетінен шапалқпен қатты тартып жіберді. Жасұлан антан не болғанын өзіде білмейді. Маликадан не үшін ұрғанын сұрап жатыр. Біржан іштей күлкі қысып тұр. Жарты жыл өткен соң Біржан Жасұланға болған жайды айтып берді. Жасұланның күлкісі келді...

                                                                    5

            Химия сабағы болатын. Аққайша мұғалім сабақ түсіндіріп жатыр. Оқушы ұлдардың біреуі жөтелді бастады. Біраздан соң ақылдасып кластағы 25 оқушының 13 ұлы қатты-қатты жөтеліуді бастады. Сабақ бойы өтірік жөтелдік. Аққайша мұғалім қызарып, жылағысы келіп кетті. Ұлдарды қырындады деп ойлады. Оқушы қыздар күлкіден шектері түйіліп қалды...     

Қазақ тілінде жазылған