Жеңіс туы көптен күткен желбіреді...
Қолымда ұстағаным, дәптер қалам,
Ақ қағазға бар ойымды теріп салам.
Атамнан келген хатын еске алып,
Соғыс жайлы тебіреніп өлең жазам.
Ұрандатып, жалпақ жапан түзді орап,
Келеді әне, ел қорғауға мың әскер.
Терін төгіп, сағынышпен сарғайып,
Отты құшты жәудір көздер жаутаңдап,
Соғыс лебі, өрті кешкен отты жылда,
Зардап шекті майдангерлер, ағалар,
Елін қорғап сақтайтын кемел сында,
Қарсы тұрды, тайынбады батырлар.
Соққы алды әке, іні, бауыр, аға
Жалғыз ұлдан айырылды байғұс ана!
Қапаланды тыныш жатқан ауылдар,
Әкесінен жетім қалды сәби, бала.
Жауға қарап тізе бүкті қанша дарын,
Сұм соғыс ала келді елге зарын.
Ыза-кек өртеп бойын, өзегін де,
Ел қорғады, жігерленіп салды барын.
Соғыс бітіп жер құлпырып, жайнады,
Ел көркейіп, бұлбұл құстар сайрады.
Майданнан оралған барша әскер,
Көріскенде қуаныштан жылады.
Құшақ жая қарсы алды бар халайық!
Аман - есен оралған батырларын,
Жеңіс туы көптен күткен желбіреді,
Қаһармандар батыр деген атқа лайық!
Анам менің ол кезде бала еді,
Әжеммен алаңға еріп ол да барды.
Майданнан келген бірақ хаттан кейін,
Атам менің қайта елге оралмады.
72 жылда Жеңіс туы желбіреді.
Орындады барша ана тілегін.
Отан үшін болған мына зұлым шайқас,
Ұялатты естеліктің лебін.
Жеңіс деген жақсылықтың нышаны,
Оған куә отты жылдар, батырлар,
Қайсарлығын танытып барша дарын,
Түзеп кетті тыныштығын Отанның.
Қуаныштан желпілдейді жүрегім,
Береке мен бірлік болсын тілегім.
Халқым менің ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін.
Болайық, парасатты, инабатты,
Сыйлайық үлкендерді ұлағатты.
Енді соғыс болмасын елімізде,
Жоғалмасын мәңгіге ата салтым.