Адам қарады: 16 | Жарияланды: 2017-07-27 03:48:32

Алдану

Бəлду-бəлду өтірікті
Шын екен деп алдандым.
Салмағы жоқ көпірікті
Зіл екен деп алдандым.

 

Тақпақтекті тілектерді
Жыр екен деп алдандым.
Иманы жоқ жүректерді
Діл екен деп алдандым.

 

Арабтанған «əулиелерді»
Пір екен деп алдандым.
Жылуы жоқ сəулелерді
Нұр екен деп алдандым.

 

Адастырар ағымдарды
Дін екен деп алдандым.
Пəтуəсі жоқ «ғалымдарды»
Дүр екен деп алдандым.

 

Көлгірсіген көздің жасын
Мұң екен деп алдандым.
Қасиеті жоқ сөздің басын
Сыр екен деп алдандым.

 

Құны кеткен қағаздарды
Пұл екен деп алдандым.
Қайыры жоқ сабаздарды
Біл екен деп алдандым.

 

Ішін ұрдым жалғанның!..

Қазақ тілінде жазылған