Адам қарады: 224 | Жарияланды: 2017-08-22 03:00:35

 Сандар сөйлейді

                

 Нөлден жетіге дейін

             НӨЛ.

НӨЛМІНҒОЙ мен,білсеңіз,

Дос болуға келсеңіз,

Атымды мен айтуға

Ұяламын,сенсеңіз.

       Жоқ нәрсені «НӨЛ» дейді

       Сөйтіп көзге ілмейді,

       Керек кезде болмаса

       Қызметімді білмейді.

 Жасырар сыр жоқ бұнда

 Мағынасын ұққанға,

 Арттырамын бар санды

 Оң жағына шыққанда.

       Кескінімін О – ның да,

       Айту керек щынында,

       БІР боп қалар мен жоқта

       МИЛЛИОН да,МЫҢЫҢ да.

                      БІР.

Білесіңдер,БІРМІНҒОЙ,

Елеусіз боп жүрмінғой,

Санау менен тізімнің

Ең басында тұрмынғой.

      Жайы жоққой ақталар.

      Күпсінбесін басқалар,

      Санақтардың бәрі де

      Мына менен басталар.

Жалғызды да БІР дейді,

«Шаңы шықпас,біл» дейді,

«ЖАЛҚЫСЫҢ сен,ТАҚСЫҢ» деп.

Кейбіреулер тілдейді.

        Қадірімді кім білер,

        Достар дәйім БІР жүрер,

       «БІРЛЕС»,«БІРЛІК» сөздері

        Ынтымақты білдірер.

БІРІНШІГЕ барғаның -

Білімге жол салғаның,

Қасиетімді көрсетер

Сен БІР СӨЗДІ болғаның.

              ЕКІ.

ЕКІ санымын танымал,

Танымасаң танып ал,

«ЕГІЗ»,«ЖҰП»,«ҚОС» десең де,

Қасиетім танылар.

    Біліп қойшы,қарағым,

    ЕКІ көзің – шырағың,

    Адамдықты аңдатар

    ЕКІ қол мен аяғың.

Жүреді ылғи қосылып,

Бойымдағы осы мін,

Баға болсам сабақта

Жалқаулардың досымын.

        Сол үшін бе,балалар

        Ұнатпайды – ау ,алалар,

        «ТАҚ болмасын,ЖҰП болсын»

        Десіп халық бағалар.

                      ҮШ.

Мен ҮШ едім,ҮШ едім,

«БІР,ЕКІ,ҮШ» деп күшендім.

«ТӨРТ» пен «БЕСКЕ» қарап мен

Үнемі бой түзедім.

           Мақтанба деп «ҮШІҢЕ»

           Айтады көп кісі де,

           Бойыма емес,әрдайым

            Қарасын менің ісіме.

Көп қасиет не деген

ҮШ санымен тежелген,

Құралады ҮШ ЖҮЗДЕН

Қазақ халқы ежелден.

            Сағатта ҮШ тіл тексерсең

            Дәл уақытты көрсеткен,

            Бағдаршамда ҮШ көз бар

            Жол тәртібін ескерткен.

              ТӨРТ.

ТӨРТПІН,санмын төрелі,

Барша жақсы көреді,

Оқу жылын үнемі

ТӨРТ тоқсанға бөледі.

         «ЖАҚСЫ» баға алғаның

          Жақсы бала болғаның,

          ТӨРТ ТҮЛІКТІ  танысаң,

          Жас балаға мол таным.

ТӨРТЕУ  түгел бір шеппен

Жүрген дұрыс есеппен,

БІР жылдың ТӨРТ мезгілі

Айналады кезекпен.

                               БЕС.

БЕС санымын белгілі,

Мінез – құлқым ҮЛГІЛІ,

Килікпеймін орынсыз

Ескереді ел мұны.

          «ӨТЕ ЖАҚСЫ» дегенім -

          «БЕС» бағасын ілгенің,

          Әр қолыңда БЕС саусақ

          Жөн болады білгенің.

БЕС ДҰШПАН бар,қараңыз,

БЕС АСЫЛДЫ санаңыз,

Өсиет етіп ұрпаққа

Айтқан Абай данамыз.

                             АЛТЫ.

Алыппын мен,АЛТЫМЫН,

Күшті менің қарқыным,

Белгісізғой бұл сан деп

Кейбіреулер тапты мін.

        Ұмтылмаған кезінде

         Кінә,бәлкім,өзімде.

        Кездестіріп таңданба

        «АЛТЫБАҚАН» сөзінде.

БЕСТІҢ жақын досымын,

ЖЕТІДЕН  сәл кішімін,

 Жіңішкелік белгіге

Ұсап кетер пішінім.

       АЛТЫ құрлық арасын

      Бейбітшілік жалғасын,

      АЛТЫ АЛАШ БІР болып

      АЛТАУ  ала болмасын.

                     ЖЕТІ.

Танып ЖЕТІ ҒАЛАМЫН

Ойы өсер баланың,

Киелі сан қазақта

ЖЕТІ деген боламын.

      Көзің дереу шалды ма,

      Ұсап тұрмын шалғыға,

      ЖЕТІ түстен тұратын

      Кемпірқосақ салдың ба?

 Атаң берер батаны

 Білсең ЖЕТІ АТАНЫ,

 ЖЕТІ ҚАЗЫНА бар тағы

  Оларды да біл,таны.

       Жаңылыспай жүр жаттап,

       ЖЕТІ күнің – бір апта,

       ЖЕТІ тіл біл,

       Ұмытпа

       Өз тіліңді бірақ та.

 

 

Қазақ тілінде жазылған