Адам қарады: 42 | Жарияланды: 2017-08-25 04:40:26

Қаз дауысты Қазыбек

Дала данышпанының туғанына 350 жыл

                                    Болмайды шын жауһардың азы-көбі,

                                   Саңлақтар сахараның сазы деді.

                                   Мың жылда бір туатын дарабозым –

                                   Қазақтың қаз дауысты Қазыбегі.

 

                                   Атадан озып туған ел егесі,

                                   Үлгідей жалпақ жұртқа өнегесі.

                                   Қазыбек сол ғасырда дара туған -

                                   Бұлбұлдың немересі, Шаншардың шөбересі.

 

                                   Олардан ұрпақ енді өрді көптей,

Әкесі кенен ойлы Келдібектей.

Анасы алтын құрсақ Тоқмейілдей

Алты ұлды тауып берген, ерді бектей.

 

Шешендер дау-шарларда күйлі қайтқан,

Қазыбек жеті жаста билік айтқан.

Күрмеуі қиын істі әділ шешіп,

Қалмаған қалыс ерім сыйлы жайттан.

 

Хас батыр тасты жарып, тауды бұзған,

Самсаған қолы сансыз жауды қуған.

Ал Қазыбек жастайынан мәмілегердей

Он төртінде қалмақтың аузын буған.

 

 

Маздақ от жылу болар тоңғандарға,

Оңды істі бір Құдайым оңғарған ба.

«Біз қазақ жай жатқан елміз»

деген ол кәрлі-зәрлі Жоңғар-ханға.

 

«Шын ерлер жерімейді қағынан,

Мен арыстан, сен қабылан.

Жауым болсаң алысам да атысам,

Досым болсаң мен қасыңнан табылам».

 

Иығынан түсіріп бір салмақты,

Сөйтіп жеңген сөзіменен қалмақты.

Көрген емес қазақ біткен сол кезең,

Қазыбектей ардакүрең арғымақты.

 

Абызым-ай, айтса сөзі нөпірдей,

Нағызым-ай, мәмілегер көпірдей.

Бітім айтар өткір тілер қылыштай,

Ақыл айтар елге жайлап жекірмей.

 

Артқа тастап қайғы-мұңды, қапаны,

Жетті бізге бидің зерлі шапаны.

Сақтап келген осы күнге дейін де

Алтын атты ұрпағы екен баталы.

 

Сақтаймыз сан мыңдаған асылды мың,

Біздерден отаршылдар жасырды шын.

Қазақ хандығының тойлағанбыз

Бес жарым жылдық ғасырлығын.

 

Қазақтың дархандығы, кеңдігі ме,

Еске алдық ескі жұртты, елді міне.

Тойлаймыз Қаз дауысты Қазыбектің

Үш жарым ғасырлығын ендігіде.

 

О, дара, дана бабаларым,

О, абзал, алтын құрсақ аналарым.

Сендердің арқаларың арқаланып

Рухымды тазаладым, жаңаладым.

 

Уа, дана би Қазыбегім, қаз дауысым,

Шарлады атың дүния, саз дабысың.

Тәуелсіздік төріне жеттік, қара,

Осы жолда ұрпағың көрді құқай, азбады шын.

 

Арайлы таңым мына сазы деп кел,

Табиғат тамылжытып жазы деп бер.

Жасасын рухы мәңгі төл бабамның,

Жүректе мәңгі бізде Қаз дауыс Қазыбектер!

Қазақ тілінде жазылған