Адам қарады: 25 | Жарияланды: 2017-09-12 02:39:11
Жаратқаннан алғандай бір мұң сұрап
Жаратқаннан алғандай бір мұң сұрап,
Бір күлем де жүремін бір тұнжырап.
Мен сені әлі, жаным, сүйіп келем,
Бір күн тұрып орнымнан, бір күн құлап.
Жанарымның алдында сыр тұнғанын,
Байқадың ба, байқасаң, бұл кім жаным?
Өзің ғана сезердей күрсінемін,
Өзің ғана білердей бір мұң барын.
Сүйе тұрып, отына күйе тұрып,
Жазылады көп өлең кие тұнып.
Сезінбейтін мен жақты сезе тұра,
Жүрегіме, қайтейін, ие қылық.
Сен - ғайыпсың, жоғалған жанардан шын,
Әлде, адамдар баспаған аралдансың.
Сілкіп жүрер жанымды іркіп жүрер,
Сен маған өлең үшін жаралғансың!