Адам қарады: 64 | Жарияланды: 2017-09-14 02:37:42

Бәрін де көтере біл

Қаста да ұлылық бар,

Қасқайып қарайтұғын,

Таста да жылылық бар,

Жаныңа тарайтұғын.

 

Гүлде де қаттылық бар,

Құламай қурайтұғын.

Түнде де жат қылық бар,

Жыламай тынбайтұғын.

 

Қоянда батылдық бар,

Қашса да жан бағады.

Ой, Алла, ақындық бар

Таста да, тауда дағы.

 

Үрей бар қасқырда да –

Жем болу – құзғын-құсқа.

Жапырақ – жас құрғаған

Ғұмыры күздің – қысқа.

 

Бәрін де көтере біл,

Себеп жоқ, жан ашуға.

Өтер де кетер өмір,

Жоқ-бардың арасында.

Қазақ тілінде жазылған