Адам қарады: 278 | Жарияланды: 2017-09-15 15:42:24
Қиялымның пырағындағы жазулар
Құм Қоғам Сезім
Ойқы-шойқы қым қиғаш заманның,
Піл жота жондары сауырлы.
Ақ басты ақылды адамның,
Жүрегі қоғамнан шайлықты ауырды.
Дүр қобыз үніне елітіп,
Ақшағыл арманның қиясы.
Торғын кеш түсінбес сені түк,
Тойымсыз жанардың ұясы.
Аққұйрық сәулелі сезімнің ырқында,
Құла түз жетім ай.
Орғыл-орғыл бұйра құм сыртында,
Желкен түн, күміс шаң, кетік ай.
Жал-жал құм үстінде іздері,
Түн пері кезеді сахара сайларын.
Көк бұйра суларда күз демі,
Ақбас абыздың қотарып ойларын.
Миллион-миллион ақылдың тізбегі,
Түсінсе түсінер сезімді біздегі...