Адам қарады: 50 | Жарияланды: 2017-09-15 15:46:02
Арылу
Маггеландай айналып жердің шарын,
Оппенгейнер сияқты оқ боратып.
Қобызымен сарнаған қорқыт зарын,
Мойыныма көтердім батпан етіп.
Доспамбеттің рухы жебеп дәйім,
Арылуға жар болар дертімізден.
Жалқаулыққа әр қашан себеп дайын,
Тайып кетіп жүрмейік сертімізден.
Махамбеттің марғасқа ерліктерін,
Кейінгі ұрпақ жадына сақтап алсын.
Таусылғанша таяздап елдік демім,
Бірін-бірін өтірік мақтап алсын.
Аю таулар, құлан жал, бөрте қырат,
Шыңғысханның бір кезде жортқан жері.
Бүгінгі есті ұрпаққа ертегі жат,
Оларға керек емес бабасы жатқан жері.
АЛАШТЫҢ ақтаңкері...