Қара шаңырақта отырған бала қандай
Қара шаңырақта отырған бала қандай,
Көңілі тоқ ,өзі бір тәтті балдай.
Ата-анасының алдында,
Кішкентай ғана құлыншақтай.
Қара шаңырақта отырған бала қандай,
Мақсаттары жарқыраған жұлдыздай.
Ата-анасының шашылып жатқан,
Тарысын теріп жеп жүрген балапандай.
Қара шаңырақта отырған бала қандай,
Бауырмашыл ,ашық жүрек-жандай.
Ата-анасына иіліп сәлем беріп,
Шөлі қанып,өсіп жатқан талшыбықтай.
Қара шаңырақта отырған келін қандай,
Нәзік жан ,сезімтал,ақ шәлі маңдай.
Ата-енесінің алдында,
Еркелеп күлімдеген сәулелі ай .
Қара шаңырақта отырған немерелер қандай,
Аппақ арша қымыз сусындай.
Ата-әжесінің алдында.
Мөп –молдір теңіз мұхит суындай.
Қара шаңырақта отырған бала қандай,
Тірлігі жүріп тұрған сағаттай.
Ата –анасына мейірімді және жауапты,
Ер азамат,елге сыйлы тағаттай.