Реакция, реакция....
Химия мұғалімі Шнар апй арық шырайлы, сұр жүзді, маңдайын тасырайтып, шашын артына қайырып тарап, желкесіне түйіп қояды. Киімді талғаммен, ұқыпты киеді. Аяқ алысы жинақы, тықылдап шапшаң жүреді. Тілі ашты, шұқығандай сөз тапқыш, мінезі қызба, алды-артын ойлауға мұрша бермейтін ашуы тез, өзін тежей алмай аузына не келсе соны айтып салатын. Өз пәнін жақсы білгенімен мінезінің нашарлығы жұмысына зор кедргі келтіретін. Оның бетінен күлкі түгіл жылулық лебізін біз ешқашан көрген емеспіз. Мектепке сабақ беру үшн емес, ашу шашып көңіл кірбеңін басу үшін келетін сияқты болып көрінетін еді ол бізге.
Шынар апйдың бір керемет қасиеті бар болатын. Ол теріс қарап тақтаға жазу жазып тұрып, арт жағында кім, не істеп отырғанын «желкесімен көріп» тұратын. Сондықтан, біз оны «желкесінде көзі бар»дейтін едік.
Ол тақтаға қарап формула жазып, есеп шығарып жатқанда алдыңғы партада отырған оқушылар журналға жабыса кетіп, кімде қандай баға барын барласа, кейбіреулер орынында отыра алмай жүгіріп кетеді. Мұндайда апай, сол теріс қарап тұрған қалыбында:
-Отарова журналды қойып кой орнына.
-Ақжолтай, қайда барасың , отыр!
-Ұлбүбі, көшірме, есепті өзің шығар-дейді.
Кейде ол қолына сызғыш не кітап ұстап алып, бізге кезеніп, қара-сұр жүзі түнере түсіп, көздері жарқ-жұрқ етіп ызғарлана:
-Өкіметтің нанын тегін жеп жатырсыңдар,тым құрғанда «білейін» деп те ұмтылмайсыңдар! «Белі ауырмағанның, нан жесін қара» дегендей арамтамақтар!
Олай дейтіні біз Мемлекет қарауындағы мектеп интернатта оқимыз.
Өстіп айқайлап ұрсады. Әр сабақта бір оқушының жер жәбірне жетіп ұрысып алу апайдың әдеті.
Бір күні, сыныптағы ең нәзік, аурушаң қыз Жамалды тақтаға шақырды. Ол мұғалімнің сұрақтарына толық жауап бере алмай, көзін жыпылықтатып, бозарып үндемей төмен қарады. Мұғалім оған:
-Ілмиген сорлы, неге оқып келмедің?- деп ақырды.
Жамалдың бор ұстаған қолы қалтырап, әрі қарай жаза алмай тақтаға сүйеніп тұрып қалды. Мұғалім:
-Отыр, бейшара, екі! деді, бойындағы бар ызасын төгіп.
Апайдың бұл қылығы онсыз да әрең тұрған біздің ашуымызды май құйған оттай маздатты. Бір күні, бір күні......
Біздің интернатта мұғалім отыратын үстелге ақ дастархан жайып, орындыққа, арқасы қосып тігілген ақ жапқыш кигізетін дәстүр бар еді.
Кезекші әдеттегідей соларды реттеп жатқан. Кенет алдыңғы партада отырған Отарова сынып оқушыларына қулана бір қарап алды да кезекшіге:
-Тоқта!-деді.
Ол елпек қимылдап барып, бұрышта қирап жатқан орындыққа жармасты. Оның ойын түсіне қойған қыздар көмектесіп, сынық орындықтың отырғышын сирақтарына ілекерлеп бекітіп, үстелдің жанында тұрған бүтін орындықтың жапқышын сыпырып алып, сынық орындыққа кигізді. Сосын әлгі сынық орындықтың артқы сирағын, тозығы жетіп, шұрық-шұрық тесілген еденнің бір тесігіне дәлдеп қойды. Қалған оқушылар үстелдің үстін реттеп, тақтаны сүртып, сабаққа дайындық біте бергенде химия мұғалімі есіктен кірді. Ол үстелге дәптерлер мен журналды қойып, бізге бір қарап алды да:
-Кім жоқ сабақта –деді.
-Бәрі түгел-деді кезекші.
Бүгін мұғалім бізге бір түрлі жайдары секілді болып көрінді. Мен ішімнен «Апырай, бекер қылдық-ау» дей бердім. Сабақ жүріп жатты. Ал біздер «мұғалім қашан орындыққа отырар екен»-деп, оның әр қимылын аңдумен болдық. Ол әлде-қалай үстелдің жанына барып, қолын орындыққа соза қалса, біз де демімізді ішке тартып, тым-тырыс бола қаламыз.
Сабақ аяқталып оқушыларға баға қоятын сәт те келіп қалды. Мұғалім үй тапсырмасын тақтаға жазды да, жайлап орындыққа отыра берді...
Салдыр-күлдір...! Орындықтың артқы сирағы еденнің тесігіне түсіп кетті, қалған үш сирағы үш жаққа кетіп, отырғышы ортасына түсті. Шынар мұғалімнің аяғына орлаған дастархан, ол жығылғанда қоса сыпырылып, сия саут аударылып, дәптерлер жерге шашылып, журнал төңкеріліп тас-талқан болды да қалды.
«Қайтер екен» деп аңдып отырған оқушылар бір сәт тына қалды. Не болғанын түсіне алмаған мұғалім де дастархан мен дәптерлердің арасында үйме-жүйме домалап жатыр. Есін тез жия қойған бір-екі оқушы:
-Ой-бу-у-у, мұғалім! Бір жеріңіз ауырып қалмады ма?- десіп жалған жанашырлықпен оның жанына жетіп барды.
Отарова:
-Ой- бүй-и! Орындық сынық екен ғой. Кім кезекші?- деп жатыр.
Оқушылардың бірі сия төгілген журналды тазалап, екіншісі дәптерлерді жинап әбігер болып қалды. Шынар апай есіне келе түстиі ғой деймін, қолтықтап тұрғызып жатқан екі қызды екі жаққа итере салып, үн-түн жоқ журналды алды да сыныптан шыға жөнелді.
Қылаптты қылып алып «енді не болар екен?» деп қипықтап, бір бірімізге сұраулы қараймыз. Бұл оқиға сол кездің өзінде қузалмағанымен, бірталай уақыт өткен соң, Шынар мұғалім бәрі бір есесін қайтарды...
Әрине мұның барлығы әдейі істелгенін мұғалім түсінбей қойған жоқ. Өзінің бір нәрсені дұрыс істемегенін, бірақ қай қылығңының оқушыларға жақпай қалғанын ұғына алмады. Өз ойында ол, сабақты жан-тәнін салып түсіндіреді.Есі-дерті «осылар бір нәрсе білсе екен» дейді. Оқушылар сабақ білмей қалса қатты күйініп, ұрысатыны да содан. Әйтеуір ниеті таза. Көңілі түзу. Бірақ, оқушылардың өзін не себептен жақтырмайтынын біле алмай- ақ қойды. Қанша ойласа да олармен арадағы қарым-қатынасын жөнге сала алмуының тсебебі- өзінің педагогикалық сауатының жеткіліксіз екенін түсіне алмады.
Шынар апай өз пәнін көп мұғалімдерге қарағанда жақсы меңгерген. Сондықтан өзін мықты мұғалімдердің бірімін деп ойлайтын. Бірақ, міне бүгін оқушылар тарапынан қатты соққы көріп отыр...
***
Әдеттегідей, биыл да жоғары сынып оқушылары шөп шабу науқанындамыз.Түскі асымызды ішіп, күннің ыстығы қайтқанша тынығуға жайғыстық. Әркім өзі мен өзі. Біреу ұйқыға басса, біреу жуынып-шайынып, тағы біреулер жамау-жасқаумен шұғылдануда. Кейбір пысық қыздар кесте тігуге кірісті.
Әлде-қайдан келген Айнұр мен Мрипаның қолдарында үлкен-үлкен екі түйіншек бар:
-Қыздар, Қныкейдің ауылынан сәлемдеме- десті олар қосарлана қуаныштарын жасырмай түйіншектерді көрсетіп. Ұйқылы-ояу жатқан қыздар бастарын жастықтан жұлып-жұлып алды:
Ешнәрсеге сене бермейтін Бұрылқан істің мән-жайын білгісі келіп:
- Не қылған сәлемдеме?
Марипаның көздері жайнап, әлде неге шаттанып тұр.
- Қаныкейдің ауылдас құрбылары армиядан қайтыпты. Амандаса келген екен. Солар ала келіпті. Кешке осында келеді екен.
Ұйқысының шырқы бұзылған қыздар, қайта жатып тыныға алмай мазалары кетті, іске кіріскендерінің қолы жүрмей қалды. Жұмысқа шақырған мұғалімдердің дауысы жарқын-жарқын естілген соң, ақыры екіден-үштен әңгімелесе шабындыққа беттеді.
Кешке болатын ойын-сауықтың желігінен жұмысты да құлшына істедік. Қыздардың көңіл күйі көтеріңкі. Бірі ән шырқаса, кейбірлері әзіл-қалжың айтысып мәз-мейрам. Шапқан шөптерді шөмелеп болған соң, шатырға қайтып үсті-басымызды реттеп, дастархан жайып, оған әлгі сәлемдемелерді жайнатып тізіп қойып, қонақтардың келуін күтиудеміз.
Қас қарайғанда бес-алты жігіт сау етіп кіріп келді. Әр түрлі әскери белгілер, значектар мен акселбанттар, пагондармен әшекейленген әскери киімдер олардың сом денелеріне құйып қойғандай қона қалыпты. Жігіттер шатырдың төріне таман қыздармен араласа жайғасты. Танысу рәсімінен соң «сіз алыңыз, қане сіз алыңыз» деп бір- бірімізге сыйластық таныттық. Мұндай ойын-сауықтарда жүгенсіз кететін қыздарымыз көздерінің астымен қарап, сызыла қалыпты.
-домбыра бар ма?
Деді жігіттердің бірі, бізге біраз үйір болған соң.
-қазір әкелеміз. Шеткерек отырған Айнұр мен Гүлсана жүгіре басып шығып кетті.
Біздің шатырда болып жатқан отырыстан хабардар болған «Г» сыныбының оқушылары домбраны дереу берді. Бірақ сонда оқитын Есен бір топ балалармен, домбра алып келе жатқан қыздардың алдын тосып таласа кетті.
-домбра өзімізге керек-деді ол Гүлсананың қолындағы домбраны жұлқа тартып.
-домбра сенікі емес мектептікі. Сендер әнеу күннен бері ұстадыңдар, енді біздің кезегіміз. Айнұр да домбраға жармасты Гүлсанаға қосыла тартып. Есен домбраны жұлып алды. Гүлсана оған қайта жармасып тартып көріп еді шамасы жетпеді.Ызаға булығып қып-қызыл болып кеткен ол, Есенді басымен иегін таластыра сүзіп кеп қалды. Жалпасынан түскен Есен қайта жалма-жан секіріп тұрды. Бұлар үйме - жүйме, абыр - дабыр болып жұлқысып, даурығысып жатқанда бізге жетекші болып келген Химия мұғалімі Шнар апай киліге кетті:
-Әй, мыналарға не болған?
-Мұғалім мыналар шатырға көп жігіттерді кіргізіп алды. Домбрамен ойын-сауық құрмақшы. Ызаға булыққан Есеннің бет- жүзі қоңырқай тартып кетіпті. Шаң-шұң дауысқа бірнеше қыздармен біз де жетіп бардық.
- Баяғы «Б» сыныпы ма? Бұлар ұяттан безгендер!
Апай бізге ашулы қарап, ала көзімен атып жіберетіндей ызырынды:
- Қане домбраны беріңдер Есенге.
Апай бұйрық берді. Әлі де домбыраға қос қолдап жармасып тұрған Гүлсана мен Айнұр одан арман жармаса түсіп бере қоймады. Оларға сөзін өткізе алмағанына назаланған апай енді ашуға басты.
Ол Айнұрдың жанына жетіп келіп, домбраны Есенге қосылып жұлқа тартты. Өзінің бұл қылығының мұғалімдік беделіне нұқсан келтірерін ұмытып қалған ба, әйтеуір өзін ұстай алмай қалды білем.
Мінезі қызба Айнұр қатты ашуланғанда өзін-өзі басқара алмайтынын бұрында көрген едік. Міне қазір де қайсарлана қасарысып тұр. Есенмен болған қақтығыстан соң ашуы қоза түскен ол енді тіпті тоқтай алатын емес. Бірдеңені бүлдірер деп қорыққан қыздар, оны шетке қарай тартып көріп еді, домбраға жабысып қалғандай айрылмай қойды. Шынар мұғалім де бұған тайталасып домбраны жібермеді. Тегі өзінгің мұғалім екенін ұмытып кетсе керек:
-өй көргенсіз жібер!
Апай домбраны жұлып алды. Сол арада Айнұр күтпеген мінез көрсетіп, апайға қарай ұмтылды. Біз өз көзімізге өзіміз сенбей тұрған жерде қатып қалдық. Есен және оның қасындағы балалар айнұрды итермелеп, бір нәрселер айтып жатыр. Ызадан жарылып кете жаздаған мұғалім, біздің шатыр жаққа қарай жүгірді. Мұны көрген қыздар шатырға одан бұрын жетіп отырған жігіттерге.
- Қашыңдар ылдам! Мұғалім келе жатыр. Бұл хабарды естіген жігіттер шатырдың арт жағынан атып-атып шығып, зыта жөнелді. Қаныкей мен қапиза да олармен бірге кетіп қалды.
Шатырға кіріп келген мұғалім:
-Қане, жігіттер қайда? Буырқанған ашуын әзер басып, ызырынды.
-Қайдағы жігіт? Түкпірде, қараңғылау жақта отырған қыздардың бірі ақырн ғана үн қатты.
-Ата-аналарыңды шақыртам, деректірге айтам...оқудан шығартам! Сендер жігіттерді қонаққа шақырып, свидания құрып, тәртіп бұздыңдар! Деген секілді сөздерді жаудыртып жатыр. Бұл сөздер бізді одан әрмен ерегестірмесе, басындырған жоқ.
Қаныкей, Қапиза, «Г» сыныбының оқушысы Сәмида үшеуі үнемі бірге жүретін. Енді міне, кешкі түгендеуде сол үшеуі жоқ болып шықты. Бұл бәсеңдей түскен жаңжалды қайта бұрқ еткізді. Табаса қана түскен Шнар мұғалім:
- Сендер жігіттерге қыз шығарып бердіңдер.Егер осыдан қыздардың біреуі бірдеңе болатын болса, сендерді сотқа беремін-деп даурықты.
Мұғалімнің осы қылықтарының барлығының дұрыс емес екенін біз біліп тұрмыз.Шынар апй әр қилы ісі, сөйлеген сөзі арқылы біздің көзалдымызда беделін түсіріп алды.Оған ашық ешнәрсе айтып, қарсылық көрсетпегенімізбен сынып жетекшіміз келгенше «ас ішпейміз, ждұмысқа бармаймыз» деген ұйғарымға келдік.
Біз енді үнсіз егеске көштік.Ертеңінде бізді жұмысқа апаруға келген машинаның шопыры, өзіміз құралпы жігітке жағдайды айтып түсіндірдік те бізді шабындыққа емес тау аралатып қыдыртып келуге көндірдік.
Маусым айының бас кезінде көркіне келе түскен Көкбел, сарқырап таудан құлап аққан Папан өзені де, су бойындағы жаңа пісіп келе жатқан өрік, жайнаған гүлдер күркіреген тау суының дауысы біздің басылған көңілімізді серпіпі тастады.
Суға шомылып, доп ойнап, гүл теріп әп-сәтте барлық келеңсіздіктер естен шықты. Сол кеткеннен мол кетіп, қарнымыз ашып, шаршасақ та шатырға екінші күні кешке таман бірақ қайттық.
Жүк магшинаның үстінде әндетіп келе жатқан біздер, шатыр маңайындағы көптеген машиналар мен милиционерлерді, интернат директоры, тәрбиеші басқа да мұғалімдерді көріп,тасыған көңіліміз су сепкендей басылды. Әнді тоқтатып, үнсіз машинадан түсіп, шатырымызға қарай беттедік. Сөйтсек кешеден бері бүкіл ауданды шарлап, жақын маңдағы ауылдардан бізді іздеген. Таба алмаған соң енді не істейміз? Десіп тұрғандары екен.
Соңымыздан шатырға қарай беттеген сынып жетекшіміз, оған еріп кірмекші болған директор апайға:
-Апай, сіз тұра тұріңіз, алдымен мен өзім сөйлесейінші-деді. Ол болған ахауалды үнсізтыңдады да күзде, жаңа оқу жылында шара қолданатындарын айтты.
***
Жазғы демалыс өтіп интернатқа да оралдық. Сағынысқан оқушылар шұрқырасып, шуласып мәз-мейрам болып жатқанда сынып жетекшіміз келді. Оны көре салып, шөп шабындығындағы оқиға дереу есімізге түсті де, бір нәрсе күткендей үндемей қалдық.
Ағай, қысқа амандық сұраған соң, бірдемені айтуға аузы бармай тұрғандай бөгелір қалды. Біз де үнсіз күтідеміз.Ақыры біздің сыныпқа шығарылған өкімді жариялады.Ол бойынша, біздің сынып оқушыларын басқа сыныптарға бөліп жіберу керек деп шешкен екен.
Мектеп бітіруімізге бір жыл қалған, жетінші сыныптан бері бірге оқып келе жатқан біздер үшін бұдан өткен әділетсіздік жоқ секілді. Не істеу керек?
Таң атқанша кеңесіп «ешқайда бөлінбейміз, күнде өз сыныбымызға барып отырамыз, өз бөлмемізге келіп ұйықтаймыз» дедік.
Түні бойы ұйқы көрмей, өңіміз қуқылданған біздің «атақты 10-б» сыныпы бірінші қыркүйекте өтетін линейкаға ұйымшылдықпен түгел келіп «айыптылар» тұратын орынға тізілдік. Линейка басталып, директор сөз алып мән-жайды айта келіп.
-Мұғалімге бағынбай, тәртіп бұзғаны үшін, мектепке берілген тапсырманы орындауда ұйымсыздық көрсеткені үшін «10-б» сыныпының оқушылары тарқатылып, басқа сыныптарға бөлінсін-деп өз бұйрығын жариялады.
-Қане, кім сөйлейді? Мектептің оқу ісінің меңгерушісі тізілп тұрған біздерге қарады.
Мінезі салмақты, ақлды да, орынды қылықтары мен әділ де шынайы сөздерімен оқытушылар арасында беделді болып танылған класком Гүлсім т тұрған жаққа барлығы назар аударды.
-Мен, ...мен сөйлейін.Ішкі толқудан дауысы қарлығып шыққан ол:
-біз кінәлі шығармаз...Кешірімі өтінеміз...бірақ біз бөліне алмаймыз,-деді көз жасын әзер тедеп булыға сөйлеген ол.
- Мектептің педагогикалық кеңесі мен директордың шешімін бұзуға болмайды. Бүгіннен бастап басқа жатақханаға ауысып, басқа сыныптарда оқисыңдар. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орн басарының дауысы сәл босаңдау шықты. Бұл біздің санамызға біраз үміт орнықтырды. Сөз алған сынып белсендісі Мәриям:
- Біз еңбек нормаларымызды орындап отырдық және өз кінаарымызды мойындаймыз. Бірақ, Шынар апй бізді бекер айыптап тұр. Ол мәселенің мәнін түсіндірмек болды. Ол:
-шынар апй үнемі бізді ғана көре қалады...біз кіналі емеспіз.Тұрған орнымыздан дауыстап өзімізді ақтап алмақ болдық.
Бірақ біз басқа жатақханаларға көшпей, басқа сыныптарға бармай, күнде өз сыныпы бөлмемізге барып отырамыз. Сынып жетекшіміз және басқа да мұғалімдер бізді насихаттаумен болды. Сөйтіп бір апта аурешілікпен өткен соң, сынып жетешкміздің өтініші, біздің сұрауымыз бойынша сынып сақталып қалды.
Неге екені белгісіз жаңжалдың бас кейпкері айнұр мен Гүлс анаға сөгіс те берілген жоқ.Мүмкін Шынар апй оны басқа мұғалімдерге айтудан тартынды ма екен?
Әйтеуір күзде Шынар апайды біз интернаттан көрген жоқпыз.