Адам қарады: 243 | Жарияланды:

МАХАББАТ МАРСФОНЫ

Мөлтек фантастика

Ақбас Алатауға асылған алма бақ ішіне қарай беттегені сол, Заманбек Батыс Жарты шарындағы Нью-Йорк университетінің магистры, ғашығы Зулияның ғайыптан «жанына келгенін» сезді... Марсфонның жасыл түймелеріндегі шапақ шашқан «электр өрістері» оның осында «тұрғанынан» хабар берді... Жер серігінің «Биоғарышзаряд - 7» қондырғысы сәулеленуі арқылы жеткен «Электрлік Махаббат өрісі» Заманбектің заматта жүрегіне  Махаббаттың мақпал шуағын төгіп, бойын бір үбе ыстық леп шарпып, балқытып қоя берді...

Заманбек Зулияның өзінің қос иығына басылған таныс «сүйріктей саусақтарын» да... төсіне әкеп қойған жезкиік «маңдайын да» ... қолаң шашының «жұпар иісін де» анық сезінді... Ілкімде ғайыптан «келіп тұрған» махаббат сезіміне масаң Заманбек: «Хош иісті дистанциямен дарытуды сон-а-у ХХ ғасырдың өзінде жәдігөй жапондықтар таппап па еді... Зулия «ғажайып кездесу де» оны да «іске қосуды» ұмытпапты ғой», - деп тәтті,  жылы  жымиып  қойды...

Ғайыптан тіпті жанынан:

- Жа-ны-ы-м! – деген Зулияның сүйкімді үні де құлағына құйылды...  Тура құлақ түбінен... ғапылда бүкіл әлем «нәзік  үлбіреп», «бал» татып бара жатты...  Бұл – ХХІ  ғасырдың 2053 жылдың ғаламат туындысы «Биоғарышзаряд-7» Махаббат Марсфоны ғажайыбы еді...

Жерліктер «әуеде қарманған» Заманбектің бұл «стерео-махаббат кездесуін» әдеттегі тірліктей көңіл аударған жоқ...

Қазақ тілінде жазылған