Адам қарады: 375 | Жарияланды: 2018-09-11 02:24:49

Шымшыма

I

Тұратын біздің ауылда,

Мұрат атты бір аға.

Атағы жеткен қауымға,

Шулатып өзі бір ғана.

 

Жан жоқ-ау оны танымас,

Жер-көкті кезіп жүреді.

Ішіп алса жарым бас,

Қарая қалад жүрегі.

 

Сенделіп жүрсе Мұрат,

Қалатын сынып ашкиі,

Белдігімен жер ұрат,

Аяғында жоқ наскиі.

 

Басында жоқ бөрігі,

Бір жақ көзі көгерген.

Кимінің кетіп көрігі,

Жыртылған және көнерген.

 

Күледі кейде жылайды,

Таппайды ненің амалын?

Қайдамын деп сұрайды,

Айғайлап қырнап тамағын.

 

Теңселіп кезек билейді,

Шарап сенің не теңің?

Ала күшігі сүйрейді,

Шапанның тістеп етегін.

 

Сығалап бір топ балақай,

Күледі әне тығылып.

Екі адым басса ағатай,

Қалады екен жығылып.

 

Жылайды неге еңіреп,

Ісетін шығар көздері.

Симайды жолға кеңірек,

«Х» боп жатыр іздері.

 

II

Өртейді мұңның күйігі,

Ішеді сосын аямай.

Шығатын арман биігі,

Алыстады-ау таямай.

 

Азнаулақ тапқан ақшасын,

Жұмсайды босқа далаға.

Әйелі суарып бақшасын,

Қарайды екен балаға.

 

Арақты еш қоя алмас,

Атадан қалған асындай.

Берседе құр қоя алмас,

Алтынды ат басындай.

 

Әйелі:

Өзгеріп барад оңбаған,

Шөп салып жүр көзіме.

Өтседе жылдар ондаған,

Сеніп келгем сөзіне.

 

Бір күні сотка шыр етті,

Мас боп жатқан ол қатты.

Жүрегім менің дір етті,

Дауысты естіп тәп-тәтті.

 

Жетті бе? үйге асылым,

Деп сұрайды бір әйел.

Жауап бер дейд ғашығым,

Кім болғаны бұл әйел?!

 

«Ербол 3» деп сақталған,

Сөйлейді бірақ басқасы.

Қайтемін түрін ақталған,

Шешілді енді маскасы.

 

Үйінің болар  тіреуі,

Мас болған қара сорлыны,

Бар екен сыртта біреуі,

Осы ғой өмір қорлығы.

 

Ерболдан үшеу бар екен,

Асқардан тағы төртеуі.

Мен үшін әлем тар екен,

Езіліп жүрек өртенді.

 

Күлем бе? әлде жылаймын,

Жанарға жасым іркілді.

Білмеймін қанша шыдаймын,

Болып барам бір түрлі.

 

III

Таң атты Мұрат оянды,

Ұйқысын ашып баладай.

Ал әйелі боянды,

Әбігер болып қарадай.

 

Күйеуі:

Барасың қайда сыланып,

Шақырды сені кім ерте?

Аларсың менен сұранып,

Болмашы «Қатын» тым ерке.

 

Болар ма? ұмыт бәрі де,

Ортаға тема тасталды,

Мас сияқты анау әлі де,

Қайтадан соғыс басталды.

 

Әйелі:

Бәрін білдім ақыры,

Алдамшы, алқаш, оңбаған.

Басыңның аздау ақылы,

Көңілдесің көп оңбаған.

 

Не керекпін енді мен,

Сұрама менің  жайымды.

Өмір сүр өз еркіңмен,

Іздеймін басқа байымды.

 

Балаңды да бағып ем,

Отыра қалсам опақпын,

Отыңды да жағып ем,

Түрегелсем сопақпын.

 

Күйеуі:

Өтірік бәрі өтірік,

Тырнақтан кір іздеме.

Айтатын болсақ «Өлтіріп»

Табылар дәлел бізгеде.

 

Ішкенді көре алмайсың,

Өзіңше тұрсың басынып.

Мүмкін сенде алдайсың,

Оны, мұныңды жасырып.

 

Әйелі:

Ақымақ екем бейшара,

Айтысу сенмен не теңім?

Ұялмас саған не шара?

Төркінге қазыр кетемін.

 

Түк бітірмес боқ қарын,

Жалғыз-ақ қалшы үйіңде.

Құрғаған миың, жоқ дарын,

Іздеме маған күйінбе.

 

Күйеуі:

Тас тиген сенің басыңа,

Беретін ақшам нет деді.

Балаңды ерт қасыңа,

Жоғал құры кет деді.

 

Жиналып тезден асыға,

Егіліп әйел қарады.

Ерік беріп жасына,

Есіктен шығып барады.

 

Күйеуі:

Кетпесін білем жыраққа,

Жетеді қайда аяғы?

Төркінге жатып бір апта,

Келерсің қайтып баяғы.

 

IV

Әйелі кетті алыстап,

Қиялмен қалды Мұратым.

Енді кіммен алыспақ,

Болды ғой жалғыз тұратын.

 

Келер ме? сірә достары,

Ерболдай және Асқары.

Құрылып жаңа жоспары,

Қосылар ма? бір бастары.

 

Ербол деген Еркегүл,

Асқар деген Айжан-ау.

Айта берсек ертек бұл,

Тап-таза болар қай жан-ау?!

 

Бес күндік өтер жалғаның,

Өткен уақыт оралмас.

Болса да, қыздар арманың,

Өз жарыңдай бола алмас.

 

Өмірді тиіс мәнді ету,

Қолдағы барға шүкір де.

Не керек артық дәмету,

Албаты жерге түкірме!!!

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған