Адам қарады: 79 | Жарияланды: 2018-09-15 12:46:32

Құлқын

 

Біреуі қосшы, бірісі “батыр”.

Ауыз бен асқазан ұрысып жатыр:

“Сен ауыз емес, жауыз болдың.

Келген асқа қарамайсың.

Жібергенің кесек –кесек,

Мені адамға санамайсың.”

“Асеке,

қай-қашан проблеманы тіреп тұрасың,

Бергенді соғып алып,

Дәмдісін  тілеп тұрасың.

Бәленің басы сол шығар:

Асты әкеп тығындайтын,

Бәлкім, бұған кінәлі қол шығар?

- Шынында, сумаң қағып жүр ұдай,

бәрін бүлдіретін сол сұмырай, -

деп екеуі аяқасты шығарып “тойды”.

Қолдың “жаназасын” шығарып қойды.

Мәселе осылайша анықталды,

Бұл хабарды  естіп,

Қол байғұс “талып” қалды.

 

Ал, сұрайтын да тілейтін қу Құлқын

Тасада қалып қалды.

                                                                  

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған