Адам қарады: 92 | Жарияланды: 2018-09-15 12:50:43

Үтір мен нүкте

 

Ей, Нүкте, -деді Үтір.

Сен білмейсің түк те.

Сөйлемнің соңында келесің.

Әркімнің соңынан ересің.

Қазір нарық,

Ешкімге сыр айтпа

Ағынан жарып,

Мені біраз күнге босат,

Сөйт, істі бітір, -деп,

Құнжыңдап Үтір,

Ақша санады  шытыр –шытыр.

Сонымен, ол Үтірді біраз күнге босатты,

(Ол үшін, әрине Үтір бірдеңе асатты.)

Қазір Үтірдің қарны тоқ болып жүр.

Бірақ онсыз сөйлемнің мәні де,

Мағынасы да жоқ болып жүр.

Үтірдің жағдайын көріп,

Нүкте де бұзылып,іштей жылап жүр

Ұятты жиып қойып,.үтірден

“Подпроцент”ақша сұрап жүр.

Үтір бере ме…әй, бермейтін сияқты.

Дегенмен, енді толық сөйлем де,

Дүниеге  келмейтін сияқты.

            .

 

Қазақ тілінде жазылған