Адам қарады: 85 | Жарияланды: 2018-09-15 12:51:37
Қызық есек
Бәрінен көп жүк тартамын деп.
Құсамен өтті әр таңым деп.
Есек бір күні бүлінді.
Сиырша өріске ғана барып келсем деп,
Мен де шелек – шелек сүт берсем деп,
Тыпырлап, тіпті жұлынды.
Ақыруды қойып, мөңіреуді үйренгісі келді.
Алакөз, дәу бұқаға “үйленгісі” келді.
Қиялға беріліп, құтырып кетті,
Жұлқынып жүгенін сыпырып кеттті.
*** *** ***
Қазір шөп жесі де, жүрісі де сиырдан аумайды,
Бірақ неге екенінін кім білсін...
Ешкім мұны саумайды.
Сонда да ол өзін сиырға есептеп жүр,
Ал жұрт бұл өзі бір “қызық” есек деп жүр
.