Адам қарады: 286 | Жарияланды: 2019-04-09 03:31:31

Оқу жылы аяғында

Парталар шаршады,

 Тақта шаршады.

 Швабра да,

Бор да.

Қабырғалар тұр зорға, 

Еден тақтайы.

Ар жағын айтпайын,

Шаршады

Тіпті оқу озаты - қыздар да!

Тек ұстаздар 

Титтей де шаршамады! 

Күштері

Жоқ дегенде де,

Бар шамалы.

Қандай олар ұлыстан?

Қандай берік жасағы!

Тот баспайтын құрыштан 

Оларды, бәлкім, жасады.

 

 

Қазақ тілінде жазылған