Дон Кихот
Жатар уақыт, ұйқы ауылы алыс-ты,
Кітап оқу, міне, нағыз ғанибет!
Алғаш рет мен Дон Кихотпен таныстым,
Рыцарь болып келді жаумен алысқым.
Оранбаған ол үлде менен бүлдеге,
Тайсақтаудан, тайсалудан тұншықты...
Ердік те, қапыла қапырық шілдеде
Қияннан ит арқасы бір шықтық.
Кілт тоқтатты рыцарь атын желдірген,
Берік қамал алдында - жел диірмен.
Сықырлай ма қанаттары қалтылдай,
Үрейленіп, сынамын деп сендірген.
Суреттен көріп, білдік әрісін:
Найзасын рыцарь лақтырар;
Дәуіңе ол оқ қалай дарысын,
Дон Кихотқа жер қаптырар.
Соңғы рыцарь ұзын аяқ, ап-арық
Кемімейді қатары -
Сынбады сағы, мінді қайта атына,
Жүрген емес сақ ойлап;
Қосып алды ол бізді сапына,
Шықтық жолға атойлап.
Өстіп алаң-елеңнен
Өрісті кеңейттік, білікті.
Кітап пенен мен,
Бүкіл әлем біріктік.