Адам қарады: 414 | Жарияланды: 2019-04-20 14:48:23
Сырласу
Сұлу көктем кешегі қайда досым?
Жаз жайлапты бөктерді көремiciң.
Ғайып болып ақырын бара жатыр,
Көз тартатын кешегі көркем пiшiн.
Төгiлуде домалап жеміс-жидек.
Күн ысыған жауады жаңбыр сирек.
Шөптің басы ұзарып кеткен қурап,
Сыбдырлайды желменен бойшаң терек.
Таулар биік таласқан аспанменен.
Су ағады төменге сайларменен.
Несiбесiн таратып жан-жаhaнның,
Жер көгерер Рахманның нұрыменен.
Суретші хас шебер Құдіретті.
Неше түрлі салады суретті.
Жыл бойына түрленiп бұл табиғат,
Меңзеп айтып жүр бізге ахиреттi.