Адам қарады: 482 | Жарияланды: 2019-04-20 15:46:11

Кешiрiңдер

Адамға керек әдет кешiрiм ғой.

Көрсетер кешipгенде мейiрiм бой.

Бір-бірiн кешiре алмай жүргендердiң,

Талабы бірiн-бipi өшipy ғой.

Сипаты Iбiлicтiң сол адамда.

Бауырын кешipуге қия алмаса.

Iштегi дертiменен әуре болып,

Нәпсісiн ақылға сап тия алмаса.

Келгенбiз сынақ үшін бұл жалғанға.

Не жетсін тіршілікте сыйласқанға.

Алланың шексіз нығмет махаббатын,

Көздерін шел басқандар көре алар ма?

Сұраймын кешірімді Тәңipiмнен!

Сұраймын кешірімді бәрiңiзден!

Тiлiммен, iciмменен зиян етсем,

Сұраймын кешірімді жүрегіммен!

Қазақ тілінде жазылған