Адам қарады: 289 | Жарияланды: 2019-04-21 09:39:49
Туған өлкеге сағыныш...
Туған өлке, қандай ыстық қойнауың,
Келеді әлі есейсемде ойнағым,
Тәй-тәй басып, кіндік қаным тамған жер,
Алыс кетсем, сағынумен боламан.
Анамдайсың аялаған - туған жер,
Сағым маған бейне-дейді бері кел,
Мен ешкімнен, озбасамда да көш бойы,
Сені сүйем, шын жүректен туған жер.
Жазық дала, таза ауа, құба бел,
Жәй толқиды анадайдан "Шалбар көл",
Жусан иісі, аңқиды кең даламда,
Тілегім сол, туған елім, аман бол!