Адам қарады: 354 | Жарияланды: 2019-04-21 09:57:21
Ана ақылы
Алынса биік-асқарың,
Көп болса егер достарың,
Топшыла балам-не істің,
Қалайда, қайда бастарын.
Жабығып кейде жасыма,
Қиында, қыстау іс түссе,
Өрекпіп өрге тасыма,
Аз ғана алған асуға.
Жақсылар барын ұмытпа,
Мәресі биік-сеннен зор,
Жамандар барын ұмытпа,
Сәл сүрінсең етер қор.
Тебірене жазған анаңның,
Сөздерін-ұлым ұмытпа,
Әзірге балам тым жассың,
Ұйықта балам, ұйықта.
Өсерсің де, өнерсің,
Ұяңнан ұшып, кетерсің,
Анаңның айтқан-ақылын,
Сонда бір, талшық етерсің.
Төрт құбылам-сай болар,
Аман да болсаң, төртеуің,
Анаңның көңілі жайланар,
Адам боп-өссең өркенім!