Адам қарады: 306 | Жарияланды: 2020-03-17 04:47:53

Ауылым

Қымбат-ақ  әркімге де туылған  жер,

Осы  сөз айтпаса да болад  дәлел.

Қанша ән, қанша  жырлар  жазылса да,

Жер  жоқ қой  дүниеде  оған  жетер.

 

Бізде  жоқ  заңғар  биік, Алатауың ,

Әрине  жоқ,сұлу  Көкше,Бурабайың.

Мен  үшін  басқалардың  жұмағынан,

Пір тұтамын туған жердің  «май» топырағын.

 

Ауылымның  «май» топырағы  қымбат маған,

Сол  топырақты  басқан сайын  рахаттанам...

Қайда  жүрсем,ойымнан  шықпайсың  сен,

Көрмей  сені  қалай  ғана тағат  табам!!!

 

Айтылады  жылы  сөздер,  шыным  солай,

Сағынған  соң  жүректен шығады  ғой.

Шаңғытып көше  бойлап  жүгіреміз,

Жұтатынбыз сол  шаңды,балалық  қой!...

 

Аңсап сені сағындым,алтын бесік ауылым,

Ата-анам  салған  жол,таусылмайтын  сауығым.

Ауылым аппақ сарайым,жаны  жайсаң  ағайын,

Аңсағанда  ауылды,асқақ  әнге салайын.

Қазақ тілінде жазылған