Болғанда мен бүлдіршін
Махаббатты сезінгім келетін,
Жылы қолға езілгім келетін.
Тұңғышпын, Тұңғышымын немеренің,
Әжеңнің қызысын деп серт беретін.
Есейе келе бауыр басқан жүрегім,
Әжесінің қайтара алмай сөздерін,
Ата-анаңмен тұра ғой, солар сенің тірегің.
Өкінбеймін, өксімеймін шыдаймын,
Түнде ғана естіртпей мен жылаймын.
Әжемнің тек құлыны болсам деген,
Бірақ сол күн әлі есімде тұрады.
Әжетай-ау, мені неге тумадың?
Сенің қызың болайын деп сұрадым.
Тумасаңда айта салшы қызым деп,
Бауыр басқан жүрегімді тырнадың!
Неге ендеше, әжетай-ау, қасыңа алып жатқыздың?
Неге мені кішкентайдан бауырыңа басқыздың?
Сенен басқан ешкімді, елемейтін су жүрек,
Қайнап жатыр, буға айналып жұдырықтай құр жүрек.
Айыптамаймын,
Сөкпеймін сені әжем-ау!
Өмірдің заңы солай шығар, қайтем-ау!
Қанша сабақ, дәріс алдым сол кезде.
Өзара махаббаттың болмайтынын білгем-ау!
Ерте алыппан сол сабақты, тым ерте,
Өзегімнен шықпай қойды сол мәрте.
Жадымдағы жүрегімді суырып ап,
Бере салдың қолыма менің, ай қате.
Қателікті жасамайсыз деп едім,
Бірақ сізде адамсыз ғой,
Әлде кім?
Қателіксіз болмайды адам, түсінемін.
Түсінбейтінмін тателерімді, сізге қарсы сөйлеген.
Ойлайтынмын мінсіз жансыз Сіз деген.
Қалай ғана дәті барады өкпелеуге, күйреуге?
Ақ пейілді жанашырым, әжетайды Пір дегем.
Сүйдім сізді, құлай сүйдім,
Бар жанымды жұбатып.
Қарсы келдім анашыма,
Сіздің сөзді ұнатып!
Есі ауысқан жан секілді,
көрмедім бұл өмірді.
Қызықтырмады ештеңеде,
Санам сізге ұмтылды.
Қалай ғана, қалай ғана
Бала жүрек аңсайды?
Сізсіз өмір құрығындай,
Ештеңе елестете алмаймын!
Балғын шақта айтушы ем бәріне,
Сүйемін, тек бір әжетайды мәңгі мен.
Мәңгі, мәңгі сүйіп өтем ол жанды.
Не болсада жүрегімнің жартысы!
Білемін-ау, білемін ғой мен бәрін,
Сеземін мен, сезімталды мен жанмын.
Ең алғашқы болсамдағы әулетте,
Менен асқан сүйкімділер бар дағын!
Менен асқан пысықтау кей немере,
Қылықтылау, көңілденшықты бәрі де!
Ал мен болсам,
Ал мен болсам, сондаймын,
Көңілшекпін, тез жұбанып қоймаймын.
Басқаларға бөлеген ықыласыңызды,
Қызғанамын, қимаймын мен қимаймын!
Сүйдім сізді, құлай сүйдім,
Бар ғаламға тарататын лүпілмен,
Бала жүрек қалай сүйер?
Мәңгі өмірді алатындай сезіммен.
Төзер жүрек, көнер көңіл
Апыр-ай!
Ұмытылмас сол бір сәттер
Шіркін-ай!
Жақсы затты есіңе алшы дегенмен,
Қалды өкпе, қара дақтай
Құрғыр-ай!
Жо-жоқ, әже!
Ренжімеймін, шын айтам,
Мүмкін емес, бұл өмірде,
Барлығын бірдей мұңайтпау!
Сіздің ғана кінәңіз ба бұл жерде?
Табиғатым солай шығар,
Тез қабылдап алатын болсам егерде,
Кешіремін, сүйемін
Сіз деп суғада, отқада,
Тоңып, жанып жүремін!
Кешіріңіз сіз де мені,
Қайырымсыз жүректі,
Жала-жапсам осы өлеңмен,
Қара түндей түнекті!
Ауырмаңыз, аман болып әжем-ау!
Сіз десе сыздайды кеудедегі еттер-ау,
Елжірейді, балқиды есіме түссе мүсінің,
Еріксіз күлемдағы, жылайым дағы қайтем-ау!
Сіз десе әрдайым тілек тілеймін,
Ұзақ жасап ғұмыр жасасаңыз деймін-ау!
*****