Ақан сері порталы
1 актілі 10 көріністі драма
Кейпкерлер:
- Дархан – жазушы, саясаткер
- Әсел Дарханның әелі
- Дарханның шешесі
- Ақан сері
- Бөгенбай батыр
- Абай
- Науан хазірет
- Мағжан Жумабаев
- Әлия Молдағулова
- Дауыстар
1- КӨРІНІС
Шымылдық жабық. Дарханның орындауында Ақан серінің «Ләйлім шырақ» әні әйел даусымен қосыла шырқалады.
- Есен-аман жұрмісің, Ләйлім шырақ?
Жаңа таптым ауылынды көптен сурап.
Жел тимесе жан тимес деп жүргенде,
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.
Аққу едің таранған айдындағы
Ұштың ұзап қанатын жайдын-дағы.
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы.
Осылай ма ей, қалқа, айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледің,
Болмаған соң әуелде баста еркің?!
Шымылдық ашылады. Ресторанның жеке бөлмесі. Мас еркектер мен жеңілтек әйелдердің жиыны. Әйелдердің киімдері ашық-тесік. Дархан әнін аяқтайды, оны құптаған гуілдер, айғай-шу.
1-дауыс: Көкшеліктердің бәрі әнші болып келеді! Оларда ақындар мен сазгерлер де көп ақ.
2-дауыс: Олардың Көкшетауы туралы өлендері де көп. Ал бізде жалғыз «Ахау, Семей» ғана. Есесіне біз күшті билейміз. («Қара жорға» биі биленеді... «Қара жорға - ұлттық идея!» деген сияқты қоштау сөздері естіледі.)
1- дауыс: Әй, Дархан, бұл әнді шығарған кім өзі?
Дархан: Ақан сері.
2-дауыс: Ал ол кім еді?
Дархан: Сен, сорлы, Ақанның кім екенінде білмейсің бе? Сен Мағжан Жұмабаевты, Сәкен Жүнісовты оқымағансын ба? Әй,топас неме, сен жалпы бірдене оқып па едің, өзің?
1-дауыс: Жарар, Дархан, сабыр ет, одан да Ақан сері жайлы айтып берсеңші. Әнінің сөздері де, сарыны да жүрекке аса қонымды екен. Осы өленді тыңдағанда даланың ұлылығы, байтақтығын, ақын жанының кеңдігін, ақын Махаббатының жоғарлығын сезінгендей болады екенсің.
Әйел даысы: Айтқандай, махаббат жайында: «әйел-құлағымен, еркек-көзімен, тек қояндар ғана не керек болса, сонымен сүйеді» деген сентенция бар...
(қарқыл күліс)
2-дауыс: Мари, ал сен қай жеріңмен сүйесің?
Мари: Төмендеу жағыммен.
Қарқыл күліс...
1-дауыс: Әй, тынышталындаршы! Дархан, дегенмен, Ақан туралы білгеніңді айтып берші бізге!
Дархан: Оның шын аты Ақжігіт Қорамсаұлы, ал Ақан сері атын оған халык соңынан таққан.
3-дауыс: Не үшін?
1-дауыс: Эрик, бөле бермей әңгіме тыңдатшы, өтінемін. Тынышталайық! Бәрің тындандар! Әй, қатындар, неменеге у-шу болдыңдар, жабыңдар ауыздарыңды!
Дархан: Ақжігіт 13 жасқа дейін үйде Бұхардың медресесін бітірген Күнту молладан дәріс алған. Бірде екеуі ұрысып қалып, молла оны шыбықпен тартып жібереді. Ақжігіт «Шыбыққа сүйенген шариғатыңды ұрайын» - деп оқумен қош айтасады. Сол күннен бастап ол серілік құрып, мүлде басқаша өмір сүре бастайды. Оның ең тәуір деген сәйгүлік аты, иттері, бүркіті, сәнді киімдері болған.
2-дауыс: Әкесі бай адам болған болар?
Дархан: Иә, оның әкесі Қорамса бай, саудагер болған. Ақанның соңынан 15-20 шақты ақындар мен әншілер ертіп, ауыл аралап ән айтып, көпшілікке көңілді жиындар өткізумен айналысуға мүмкіндігі болған. Кешікпей оның атағы кең далаға жайылады. Қысқасы, оның әндері, сәнді өмірі халық ішінде аңызға айналады... Десекте, Ақанның мұндай өмірінің мәнін түсінбей,оны жазғырушылар ол кезде, өзі өлгеннен кейін де аз болмаған.
2-дауыс: Эй, бикештер мен мырзалар, тамағымыз кеуіп кетті ғой, ішіп қоялық!...
3- дауыс: Эрик, құйып жібер!
1-дауыс: Қазақтың ұлы ақындары үшін қалдырмай алып қоялық, ал сосын Дархан бізге көкшетаулық әндерінің тағы бірін айтып беретін болсын.
(Қоштаған дауыстар)
2 – КӨРІНІС
Дарханның жұмыс бөлмесі. Дархан киімшең диванда қорылға басып ұйқтап жатыр. Оянып, аунап түсіп, күрсіне торшерды жағады.
Дархан: Әсел, ішетін бірдеңе берші!
Әсел: Столда минералды су тұр, іш соны.
Дархан: Сен немене,түсінбейсің бе? Маған бас жазу керек.
Әсел: Қай жерде ішсең, сол жерде емдел!
Дархан: Сен не, фашистпісің? Азғана арақ тапшы.
Әсел: Ұйқта! Балаларды оятасың!
Дархан: Жарар, сен қатынмен ертең сөйлесемін.
Дархан үн-түнсіз жарықты сөндіреді. Қараңғы. Бір сәт уақыт өтеді. Кенет көгілдір сәуле пайда болып, біртіндеп көгілдір жарыққа айналады. Ұзын ақ көйлек киген, шаштары иығына жайылған мосқал әйел пайда болып, Дарханның бас жағына келіп отырады, оның басын сипайды. Дархан оның қолын еркелей сүйеді.
Дархан: Келіп қалдың ба, мама? Мен сені сондай сағындым! Сондай көргім келді!
Анасы: Неге ұлым? Менің қазір басқа әлемде екенімді білесің ғой. Онда маған өте жақсы, қасымда әкем, шешем, және басқа да сен білетін-білмейтін жандар бар.
Дархан: Ал менің халым жайсыз, мама! Қатты жалғызсырап жүрмін. Сенің алдыңда өте кінәлімін. Сені, ең болмаса, тағы бір рет көріп, даусынды естісем, кешірім сурасам, қолынды сүйсем деп армандаушы ем. Ең бастысы - сенімен сөйлесу. Қалайша ғана мен сенімен тілдесуге уақыт таппадым екен?
Анасы: Менің саған өкпем жоқтығын, балам, өзің білесің. Ал әлдеқандай бір жайлар болған болса, мен оларды әлдеқашан кешкенмін.Және де кешіру менен емес, Алладан ғой. Өзіңнің бүкіл кінәларың мен күнәларың үшін кешірім содан сұра. Алла рахымды, кешіреді.
Дархан: Мен әрбір таңда Құран сүрелерін білгенімше оқып, Алладан кешірім тілеп жүрем. Яғни, бәрі жақсы болады ғой? Демек, мен қапаланатындай ештеңе жоқ болды ғой? Сен де мені ойлап қапаланбайсың ғой?
Анасы: Жоқ, ұлым, олай емес. Онда да мен сен үшін осындағыдай қатты уайымдап жүрем. Сенің нағашы атаңда қамығады. Неге екенін өзің білесің. Ол сенің ащы суға әуестігің. Әсіресе соңғы кезде.
Дархан: Мен аз-аздап қана ішем ғой. Әшеин, қазір маған өте ауыр болып тұр. Жаза алмай қойдым. Жазылмайды. Шындықты жазуға болмайды, жұдырығыңды түйіп, тісіңді қайрағаннан басқа амал жоқ.
Анасы: Ауырлық туралы сен не білесің, балам? Білгің келсе Ақан серінің кешенесіне барып қайт. Ол да саған нағашы ата болады, мен де Қарауыл руынан шықтым ғой. Ақын-ата басында бірер сағат отыр, тек жалғыз бол. Сол жерде сен өзіңнің көптеген сұрақтарға жауап табуға тиіссің.
Дархан: Қашан бару керек? Не үшін? Менің қолым бос емес қой.
Анасы: Өмірде, ұлым, қол-аяғына тұсау болатындардың бәрінен бас тартып, жан қалауын жүзеге асыратын кезеңдер болады.
Дархан: Мен, әрине, жиналам, мама, барамын, тек кешірек, ыңғайлы жағдай туғанда...
Анасы: Ұлым, тыңдашы мені. Бар дүниені таста да, тығыз түрде Ақан серінің кесенесіне барып, оның жан тиыштығы үшін дұға оқы. Бұдан әрі кеш болады, және тек саған ғана емес... Бұл менің соңғы сөзім, енді қайтып келмеймін.
Дархан: Жоқ, мама! Тоқтай тұр! Кетпеші! Сен қайда...?!
Дархан ұшып тұрып қолдарын жаяды, бірақ анасы тұманша сейіліп ғайып болады.
Терезе сырты жарықтана бастайды.
3 – КӨРІНІС
Жапан түзде Ақан серінің кесенесі көрінеді. Кетіп жатқан машинаның гүрілі естіледі. Дархан кілемшіде отырып дұға оқуда. Алақандарымен бетін сипаған бетте етпетінен құлап тұседі, айналаны қараңғылық басады.
Қараторғай әні (дыбыс біртіндеп ұлғая береді).
Келеді қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан сәулем едің,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.
- Қараторғай,
Ұштын зорғай-ай.
Бейшара, шырылдайсың,
Жерге қонбай.
Қараңғыдан Ақан сері шығады. Өлең айтуын жалғастыра жүріп, Дарханның қасына келіп, оны жұлқылай бастайды. Дархан атып тұрып, ақынға таңдана қарайды.
Дархан: Сіз кімсіз?
Ақан: Ал сен кімге келгеніңді ұмыттын ба?
Дархан: Ой, иә, Ақан сері! Ассалау-мағалейкум!
Ақан: Уағалейкум-ас-салам! Халың қалай?
Дархан: Шынын айтқанда, онша емес. Кітаптарым басылмай жатыр, жаңасын жаза алмаймын - шабытым жоқ, отбасымның берекесі кетті, өмірім бір қисық жолға түсіп тұр.
Ақан: Бар болғаны осыма? Тек осы үшін ащы су ішуге беріліп, өзіңді қолдап келген аруақтарды ренжітуге бола ма екен? Тап осындай күйге түскен сазгерлерің Шәмші мырза да маған келген. Ештене жоқ, сұхбаттастық, білуімше. ішуді қойып, шығармашылығын жалғастырып, көптеген жаңа өлендер тұындырды. Есесіне қазір халқы қатты бағалап, туындыларын мақтан тұтады.
Дархан: Е-е, анамның мені сіздің басыңызға бар деген жолдауның мәні осында екен ғой. Онда мен әңгіме құруға әзірмін. Бірінші сауалым: осынын бәрі не нәрсе өзі, сіз бұл жерге қалай тап болдыңыз? Сіз өліксіз, мен тірі жанмын, екеуміз сөйлесіп отырмыз. Бұлай болұы мүмкін бе? Әлде мен де өлдім бе?
Ақан: Мүмкін бұл жапанда, адамдардан шалғай жерде орналасқан жалғыз мола болғандықтан болар. Қалай болғанда да, бұл сиқырлы жер, мұнда нағыз кереметтер болып тұрады, сен оған әлі көз жеткізе аласың.
Дархан: Мысалы, қандай?
Ақан: Біріншіден, «Өлік» деген сөзді қолданба, өлім жоқ, біз тек басқа дүниеге, мәңгілік әрі әділетті әлемге аусып, сол жақтан жер бетін жайлаған сендердің өмірлеріңді бақылаймыз. Тап осы жерде Алланың нұрынан тоқылған қақпа бар, сол арқылы біз сендердің әлемдеріңе шығамыз, ал сендер біздің әлемге кіре аласыңдар. Осы жерден өткен шаққа, осы шаққа және болашаққа сапар шегуге болады.
Дархан: Біздерде мұндай керемет жер «Портал» деп аталады.
Ақан: Сөзді бөлмей, ден қойып тыңда. Екіншіден, осы жерде естігенің, немесе өз көзіңмен көрген жайттарға күдік жасаушы, әсіресе тайталасып, өзіңдікі дұрыстығын дәлелдеп әуре болма. Болған жайларға сеніммен қара. Алла құдыретті!
Дархан: Дегеніңіз болсын.Әйтсе де мен осының бәрі түсім бе, өңім бе екенін біле алмай дал болып тұрмын.
Ақан: Тыныштал және өзіңнің Ақан серімен сөйлесіп тұрғаның акиқат екеніне сен. Мен туралы сен не білесің?
Дархан: Сіз туралы мен Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Жүнісовтан оқып білдім.
Ақан: Олар не жазыпты сондай-ақ?
Дархан: Ұрқия, Ақтоқты, Жамал, Құлагер, Қараторғай... Тағы не еді? Сіздің ұстазыңыз Науан Хазірет... Тағы не?
Ақан: Олардың көз қарастары бойынша менің өмірімдегі ең басты құндылық не болыпты?
Дархан(ойланып барып): Сіз өмір бойы Махаббатты жырлап өтіпсіз. Бір сезіміңіз өледі, сіз келесіні іздеп-тауып әнге қосып жүріпсіз. Бізде қазір олай болмайды.
Ақан: «Болмайды» деген не сөз? Не үшін онда өмір сүру керек? Менің соңғы ғашығым Жамал мені сүймеді, бірақ есесіне оны мен сүйдім, күні-түні соны ойлап сағынумен күн кештім, мен сол арқылы бақытты болдым. Жер бетінде осындай рухтан жоғары бірдеңе бар ма екен? (Дарханның бетіне тесіліп қарайды)
Дархан: (Екі иығын қағып) Бар шығар... Әлде, жоқ па?
Ақан: Иә, бар, әрине. Ол - туған жер. Оны анаңнаң, әйелден, балаларыңнан артық сүю қажет. Ол жалғыз. Адамдар өмірге келеді де кетеді, бүгін - біреулер, ертең - басқалар, ал жер-ана қалады. Оны қорғау, қажет болса ол үшін өміріңді қию керек.
Дархан: Иә, Сіз әсем өмір сүріп өттіңіз. Қазақ даласының бар жақсысы сіздің қолыңызда болды. Сіз ең сұлу қыз-келіншектерді сүйдіңіз, өзіңіздің Сары көлді отаршылардан барыңызша қорғап өттіңіз.
Ақан: Сары көл - менің өмір кітабымның ең қайғылы беті. Оны қорғап қала алмадым. Уақыт өткізіп алсаңдар, сондай қапалы жай сендердің бастарына да тууы ғажап емес... Жүр, өз көзіңмен көр.
Екеуі тұрып қабыр сыртына шығып кетеді.
4 - КӨРІНІС
Жаз. Сары көл жағалауындағы Ақан серінің қыстауы. Көл жағасында ақын мен оның саңырау ұлы отыр. Ақан домбыраға қосып ән айтып отыр.
Көкшетаудың биігі,
Бауырында ойнар киігі.
Ғашық болған қара көз,
Қашан тарқар күйігі.
Ау...ей, қара көз,
Сен жұбайым,
Қалдың...ау кейін,
Мен не дейін.
Көкшетаудың басында,
Қалқам тұрса қасымда.
Артық тұған бала едің,
Ғашық болған жасымда.
Кенеттен урядник бастаған бір топ казактар жетіп келеді.
Урядник: Ақан сері аталатын Ақжігіт Қорамсаұлы сіз боласыз ба?
Ақан: Иә. Не айтпақ едіңіз?
Урядник: Ақмола губерниясының генерал-губернаторы Краснов мырзаның өкіміне сай Сары көл маңайындағы жерлерімен қоса мемлекет меншігіне алынады. Бұл жерде Междуозёрск аталған казак станицасы орналасатын болады.
Ақан: Оған қандай хакыларын бар? Бұл менің, менің ата-бабаларымның жері, оны ешкімге бермек емен.
Урядник: Бүкіл Ресей империясының патша-ағзамының жоғары мәртебелі генерал-губернаторына берген құқығы бойынша. Міне бұйрық, оқый білсеңіз, танысыңыз.
Ақан сері құжатты зейін сала оқиды.
Ақан: Мен генерал-губернатордың бұл шешіміне шағым жасаймын.Маған уақыт беруді сұраймын.
Урядник: Маған жер аумағын бүгін босатып, қоныс аударушылардың үй құрылысына қажет учаскелер бөліп беру бұйырылды.
Ақан: Урядник мырза, сіз бұл жөнсіздігіңіз үшін жауап беретін боласыз. Біз генерал-губернатор мырзамен ханзада Алексеймен кездесуде бірге болғанбыз...
Урядник: Білемін оны, қисық көз кырғыз. Немене, мені, казакты қорқыткың келе ме? Жарайды, ханзадамен кездесуге бардың екен, Буре сағатын сыйға алдың екен. Онда тұрған не бар? Қазір мен дамбалыңды шештіріп, сидордың ешкісіндей қамшылатсам не істейсің маған, ә?
Ақан: Сіз заң алдында жауап бересіз...
Урядник: Мен саған қазір занды көрсетем! Байландар оны!
Бірнеше казак ақынға жабылып, қол-аяғын байлап тастайды. Ақан барынша қарсыласады, бірақ күш тең емес. Бала әкесіне көмекке ұмтылады, бірақ оны дөрекі түрде итеріп тастайды.
Урядник: Самсонов, мұнда арба келтір. Мына екеуін он шақырым жерге шығарып, сонда тастандар. Занды билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін оның дүние-мүлкі, малдары тәркіленеді.
Дархан «Хақыларың жоқ!» - деп айкай сала урядникке тұра ұмтылғанда, ол мұның ішіне жұдырықпен бір соғады.
5 – КӨРІНІС
Дархан соққыдан ұшып түсіп мазардың алдында ыңқылдап жатады. Ақан сері мазардан қайта шығып, Дарханның қасына келіп отырады.
Ақан: Міне, түған жерге шетелдіктер кіргізудің ақыры не боларын көрдің бе? Әбілхайыр мен Абылай хандар Ресеймен жасалған шартқа қол қойғанда келісім мүлде басқаша болатын... Әй, не айтатыны бар, өзің де бәрін білесің.
Дархан: И-и-я, сенбеске болмас жайт. Одандағы махаббат жайлы сұхбаттасайық.
Ақан: Жоқ. Жер, Отан, азаматтық борыш туралы әңгімені одан әрі талқылаймыз. Сен Науан Хазрет жайлы не білесің?
Дархан: Бізді ол тап жауы, Ақан серіге теріс ықпал жасады деп оқытты.
Ақан: Ой, топастар-ай! Қандай дана адамның абыройын ластаған! Оның бұкіл Орта Азияның рухани орталығы Бұқардың өзінде майталман дін маманы саналғанын сен білесің бе? Соған қарамай, ол жергілікті тұрғындардың сұрауын жерге тастамай, тұған өлкесі Көкшетауға келіп, медресе ашып, онда кедей-кепшіктің балаларына білім беріп, асырап-бақты ғой. Айтатын несі бар, оданда мен оның өзін шақырып келейін.
Ақан сері мазар сыртына кетіп, Науан Хазіретпен қайта оралады. Дархан ұшып тұрып амандасады.
Дархан: Ассалау-мағалейкум!
Науан: Уа-ғалейкум-ассалам, балам! Жазушымын дейсің бе? Не жайлы жазып жүрсің? Басқа жазушылар не жазып жатыр?
Дархан: Әр түрлі. Біреулер хандар туралы, кейбіреу президент жайлы, көпшілігі өз ата-тегін қопаруда... Ал менің өз басым, полицияның жумысы жайлы қалам тартып келдім.
Науан: Сонда қалай, олардың жұмысы жазұға тұрарлық па?
Дархан: Мен олардың қандай екені жайлы емес, өзім, халқым олар қандай ерлер екенін көргіміз келетінін көрсетіп жазамын.
Науан: Қиялға салынудың қанша қажеті бар, шындықтың бетін ашып жаз, тек солай ғана қоғамдағы кемістіктерді түзеуге болады. Ал олар, менің ойымша, сіздерде баршылық. Қазіргі таңда қазақ халқын қандай мәселелер көп толғандырады?
Дархан: Иә, әрине! Ең басты мәселе - жер мәселесі. Ел билеушілер жерді сатпақшы, шетелдіктерге жалға бермекші.
Науан: Ақжігіт мырза саған бұл болашақта неге соқтырарын көрсетті ғой. Міне сол туралы жаз.
Дархан: Бірақ бізде шындықты жазуға болмайды, бірден отырғызып қояды. Қылмыс кодексінің бір бабын табады да түрмеге қамайды. Таппаса да қамайды.
Науан: Ой-бой, тұған жер тағдыры шешіліп жатыр екен ғой. Ол сендерге қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен қан төгіп жүріп қорғаған батыр бабаларың қалдырған мұра ғой. Сендердің оны сатуға хақыларың жоқ! Ал келер ұрпаққа не қалдырасыңдар? Олардың келімсектердің құлы болғанын қалайсыңдар ма, түге?
Бірдеме ойластыр, қатын құсап жас төгіп неғып отырсың?
Дархан: Ал бұл үшін өлтіре салулары да мүмкін. Себебі мен тәсілдерін табады.
Науан: Бірақ бұлай болуға тиіс емес. Ал халық қайда қарап отыр?
Дархан: Біздің халық ұйкыда.
Науан: Олай болмас үшін халыққа білім беріп ояту қажет, қараңғы халық қорада байлаулы баспақ малға тәріздес, бәріне көне береді.
Ақан: Біздің Хазірет қазақтарға білім беру үшін Бұқардан 15 сандық кітап әкелген, мешіт, медіресе салып, балалар жиіп, оларды оқытып, ішіндіріп-киіндірген. Және бәрі өз есебінен. Ал оны соттап, итжеккенге жібергенде, оны босатуды талап етіп бүкіл Көкше көтерілген.
Науан: Жерлестер ғана емес, Алаштың бүкіл салауатты азаматтары: Абай, Әлихан Бөкейханов, ағайынды Халел мен Жаһанша Досмұхамед және басқа да белгілі тұлғалары дауыс көтерді.
Ақан: Хазіретті 5 жылға айдауға жіберген патша өкіметі оны бір жылдан соң жайдан-жай босатты деп ойлайсың ба?
Науан: Сен қаласың ба, Ақжігіт? Маған кету керек, Илияс шөберем өзінің дұғасында менен көмек тілеп жатыр.
6 - КӨРІНІС
Тағы да Ақан сері мен Дархан мазар басында.
Дархан: Сіз бұл жарық дүниеде тек Махаббат үшін ғана өмір сүруге болады деп түйдіңіз. Бірақ жас ұлғайған сайын адамның сүюге ынталылығы да, құштарлығы да,қауіп-қатерге құмарлығы да бәр-бәрі біртіндеп мұқалады емес пе? Кәртаң адамға тыныштық, жұмсақ та майлы ас, жылы төсектен басқаның құны жойылады ғой. Бұл физиологияның заңы.
Ақан: «Физиология» дегеніңің не екенің білмеймін. Бар білетінім - адам өмірді, әйелді жүрегі соғудан қалғанша сүюге тиіс. Иә, адам қартаяды, бірақ ол сүюден, махаббат іздеуден, ол тұралы қиялдаудан қалғанда ғана кәрі шалға айналады.
Дархан: Иә, біздің жұрт дүниеге басқаша қарайды. Мағжан Жұмабаев деген ақын болды. Ол сіздерден біртама жасырақ болар, ол да сіз тәрізді махаббатты, әйелді қастерлей жырлап өтті. Терең сезімге толы өлендер жазып қалдырды.
Ақан: Жоқ, ондай ақын жайлы естіген емес пін. Оған не болды?
Дархан: Атып тастады.
Акан: Кім? Не үшін?
Дархан: Үкімет, халық жауы ретінде.
Ақан: Махаббатты жырлаған ақынды атуға бола ма екен? Олар жердің кіндік темірі ғой. Ондай адамдар, мемлекет былай тұрып, ешбір жанға қиянат жасамайды ғой. Қазір оны шақырам.
Мазар сыртынан Мағжан Жұмабаев шығады.
Мағжан: Сәлем бердім, мырзалар! О, Ақан сері аға! Өмір бойы сізді көруге құштар етіп ем!
(Дарханға) Біз сізбен таныспыз ба?
Дархан: Жоқ. Әйтсе де мен сізді кітаптар, шығармаларыңыз арқылы білемін. Қазақтың жаңа поэзиясының қыры-сырына біз сіздің өлендеріңізді оқып үйрендік.
Ақан: Ал менің шығармашылығыммен, қадірлі Мағжан, сіз таныссыз ба?
Мағжан: Сіздің шығармашылығыңыз бен мен арнайы айналасып, ауылдар аралап жүріп көптеген өлеңдеріңізді тауып, жазып қалдырдым.
Ақан: Менің өлендерім туралы не айтасыз?
Мағжан: Таңғаларлық туындылар. Махаббатты сіз тәрізді жырлаған ақындар некен-саяқ. Сіздің әндеріңіз стилистика жағынан да, бейнелеу жағынан да сұлу туындылар. Әсіресе, сіздің Жамал қызға деген қайтарымсыз махаббаттыңыз және оның күйеуге кетуі жайлы шығарған «Ауылын қонған Сырымбет» әніңіз тыңдаушыны қатты тебірентеді. Тек кейбір тақырыптық өлеңдеріңізде сіз, әдебиетшілер айтқандай, «былық сөздер»: орыс, татар, фарсы сөздерін қолданатын әдетіңіз болыпты.
Ақан: Мәселен, қай жерлерде?
Мағжан: Милая, тебя вижу, қырындаймын,
Без ответ всё таки ұрынбаймын , ...
Ақан: (қысылыңқырай жөткерініп) И-ә, былайша айтқанда, біз аздап... ойнап... иә... Бұл өленді халық есінде сақтайды деп мүлде ойлаған емеспін. Ал, тағы мысалдарың бар ма?
Мағжан:
Хат жаздым қағаз алып қалам, сия
Шери зат дұхтар саһи Гүлнаһи я.
Әр нақыш мәдахымды түсінерсің,
Діл араи, діл хафзаи Гүлнаһи я.
Көптен көп поклон айттым, скажия,
Сырымды кімге айтамын, сізден зия.
Именной, искренный ескеріңіз,
Хорошенко, сестра, сватия.
Ақан сері сілесі қата күлуде, оған қосыла Мағжан мен Дархан да күлкіге батады.
Ақан: Иә, шынында да фарсы да, орысша да араласып былыққан .
Мағжан, өз туындыңан бірдене оқып, немесе айтып берші. Өз заманыңда қандай әуендер шырқалушы еді?
Мағжан: Солай, солай... бірден еске түсе қоя ма мұндайда?
Дархан: Сіз жадыңызды жаңғыртқанша, өзіме өте ұнайтын бір шумақ өлеңіңізді оқып берсем қайтеді?
Мағжан: О, құдай үшін!
Дархан:
Сүй, жан саулем, тағыда сүй, тағыда,
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ляззаттын бір минутын бермеймін,
Патша тағы, бүкіл дүние малына!
Ақан: Мағжан, осы арада өзің де орысшалап кетіпсің ғой. «Минутын» дегенің не сөз? Қазақта «Мезет» деген ұғым бар емес пе?
Мағжан: Айтуыңыз орынды, құрметті Ақан аға. Біз бәріміз де ана тілімізге немқұрайды қараймыз. Бірақ мен өзімнің бүкіл күнәмді мына өлеңіммен жуып-шайдым:
Қазақ тілі.
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр - бұгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай-алтын ана есте жөқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік,қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен тұрік балалар бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Ақан: Бәрекелды! Күшті! Әсіресе ар, бостандық, намыс жайлы тап басып айтылған. Ал менде де іліп аларлық бірдеңе бар ма екен?
Дархан: Сіз ұлы әқынсыз, сіздің туындыларыңыз ғана емес, ерекше өмір жолыңыз да ел үшін аңыз. Туындыларыңыздың ішінде «Балқадиша», әрине, ерекше тұғырда орын алған. Ол 1935 жылы Парижде өткен Дүниежұзілік фестивальде Әміре Қошаубаевтың орындауында әлемге әйгілі болды. Оны қалай, қандай жағдайда шығарғаныңызды өзіңіз айтып беруіңізді өтінемін.
Ақан: Айту неменеге керек? Оданда бәріміз бірге бұл қалай болғанын көрелік.
7 - КӨРІНІС
Жазғы кеш. Киіз үй. Ошақ басында Ақан мен Балқадиша отыр.
Балқадиша: Ақан аға, Ақан сері ақын! Сіз менің өміріме құйын болып, Көкшенің жазғы жұмсақ желі болып ендіңіз. Мен 15 жасқа жаңа толдым, бірақ менің бүгінгі күнім де, болашақ өмірім де сіздің атыңызбен байланысты болады. Мен бұдан әрі қалай өмір сүрерімді білмеймін.
Ақан: Балқадиша, жаным менің! Біз екеуміздің арамызда ортақ ештене болуы мүмкін емес. Сен құрметті Ыбырай мырзаның қызысың, мен тексіз ақынмын. Маған жеке басымның еркіндігі бәрінен қымбат, ал сенің мандайына жазылған: күйеу, балар, жанүя, шаруа. Бақытты өмір шек!
Балқадиша: Мен бәрін түсінем, Ақан аға. Күйінiшті, өкінішті-ақ, әйтсе де, бұл менің тағдырым. Ақын аға,сізден бір өтінішім, қоштасарда маған арнап өлен айтып беріңізші. Мен оны өмір бойы жадымда сақтап өтемін. Ол өмірімнің әр күнімен әр түні менің жүрегімде шырқалатын болады.
Ақан:
Қызы едің Ыбырайдың Балгадиша,
Желкілдеп көлге біткен тал Қадиша.
Сексен қыз серуенге шықса-дағы,
Ішінде шолпан жұлдыз сен, Қадиша.
1-жеңге келіп: Қарағым, Балқадиша, апатай үйге шақырып жатыр. Ұйқыға жатар кез келді. Балқадиша үнсіз қолын сілтейді. Жауап ала алмай жеңге қайтады.
Ақан сері:
Бұрандап асау тайдай жүрген басын,
Қаларсың біздің жұзде ай.
Қарағым жан Қадиша...
Енді екі женге бірдей келеді:
- Балқадиша, үйге барайық, апатай ашуланып жатыр.
Ақан сері:
Бір емес екі женген келіп отыр,
Ұрұқсат біздең сізге.
Аха хау бар Қадиша...
8 - КӨРІНІС
Сол көрініс: Ақан сері, Мағжан, Дархан мазар басында.
Ақан сері: Міне бар көрініс осы.
Мағжан:
Дегенде, Балқадиша, Балқадиша,
Күйеүін сексен бесте,
Уа, шіркің шалғадиша а-а-а-ау... - өлен жолдары қайдан шыққан?
Ақан: Ол мен емес, халық қосқан сөздер.
Дархан: «Балқадиша» әні өз кезінде асқақ махаббаттың, бақытсыз махаббаттың және әйел теңсіздігінің символы есептелінді ғой. Соған сай, әр ауылда, әр аймақта кісілер бұл өленге өз шумағын, өз көңіліне қонымды сөздерін қосып айтатын болған.
Ақан: Солайы солай ғой, достар, әйтсе де, әңгімеге қыз-келіншектердің бірін шақырып көрелік, ә? Тек менің замандастарыма тиіспелік, олар сендерге қызғылықты болмайды.
Дархан: Менің замандастарым да қажетсіз, олар сіздерді мүлде шошытып жіберуі мүмкін.
Мағжан: Солай, солай... Кімді шақырсақ дұрыс болар екен? Жәнияны ма?... Жо-оқ, қажет емес, ол ана арамза комиссарға күйеуге шыққан... Батиманы ма? ... Жоқ, ол маған өкпелі...
Дархан: Мен таптым, Совет Одағының Батыры Алия Молдағулова деген қыз болған. Ол, Мәке, сізден азырақ жастау, замандас деуге болады. Оның қазір сол кез, сол соғыс жайлы не ойлайтынын білу қызық болар еді. Кәне, шақырайық...
Ақан: Жүр, анда қыз есімін өзің атарсын...
9 – КӨРІНІС
Әскери киім киген Әлия Молдағұлова көрінеді. Қолында мерген бесатар мылтығы. Жан-жағына қадала, ақырай қарайды.
Алия: Қайырлы күн, жолдастар! Кімсіздер? Неге мен бұл жерде сіздермен жолықтым?
Дархан: Қаирлы күн, Алия! Мына мазардын ғажайып қасиетінің арқасында қазір үш ұрпақтың өкілдері бас қосып отырмыз. Мына жолдастар тұралы сіз естіген боларсыз. Бұлар: Орта жүздің аты әйгілі ақыны Ақан сері және кенес ақыны Мағжан Жұмабаев.
Алия: Ақан серіні білемін, оның өлеңі «Балқадишаны» Әміре Кошаубаев Парижде орындаған. Мағжан Жұмабаев жөнінде ештеңе білмедім. Мектепте ондай ақын жөнінде ештеңе айтылған жоқ.
Дархан: Ол қалайша, Әлия?! Ә, әрине, әрине, ол сіздің мектепте өтілген жоқ.
Әлия: Ал өзіңіз кім боласыз? Түріңіз маған таныс көрінеді...
Дархан: Мені білмейтініңіз айдан анық. Мен соғыстан кейін тұғам... Қарапайым, қатардағы азамат болам. Жазушымын.
Әлия: Жазушы? Бұл қызық екен. Не туралы жазасыз?
Дархан: Былай... жай... ертегілер, еш қызығы жоқ.
Әлия: Бұл қалай сонда? Шығармаларың құнсыз екенін біліп тұрып, қалайша жазушы атануға болады? Халықтың еңбек, әскери ерліктері, елдің зор жетістіктері қайда?
Дархан: Оның бірі де: халықтың ерлігі де, елдің жетістігі де жоқ бүгіңде.
Әлия: Сонда ел қалай күн көріп жатыр?
Дархан: Қолда бардың бәрін сатып жатырмыз.
Әлия: Ол қалай? «Қолда бардың бәрін» деген не сөз?
Дархан: Жер үстіндегі, жер астындағы бар байлықты.
Әлия: Сонда немене, Қазақстанды фашистер жаулап алды ма?
Дархан: Жоқ. Біз егемен, тәуелсіз мемлекет піз. Тек біздің экономикамыз шикізатты сыртқа шығаруға беймделген...
Әлия: Ал сонда жолдас Сталиннің қолбасшылығымен жемісті өткізілген индустрияланған өнеркәсіп, ұжымдастырылған ауыл шаруашылығы қайда?
Дархан: Қазір олардың бірі жоқ, тіпті ССРО-ның өзі де жоқ.
Мағжан: Жолдастар, тыңдаңдаршы, саясат туралы жетер енді. Бізге не керек, алар оғымызды желкемізге алып тындық, ал сізде, Дархан, өмір әлі алда...
Ақан: Жалпы біз махаббат, жаңа өлеңдер, жаңа заман жастарының әуені туралы әңгіме құруға жиналып едік қой. Ал сендер ел, жер, зауыттарды айтып мыжып кеттіңдер. Ол кімге қажет? Оданда Әлия қарындас бізге махаббат жайлы бір ән айтып берсін.
Әлия: Біздің махаббаттымыз - Отан, әніміз - жолдас Сталин.
Дархан: Таңданбаңыздар, мырзалар, сол заман жастары шынында да, Отанды, Сталинды, Жеңісті ардақтауда, тек содан кейін жанұяны, ананы, махаббатты сүюге тәрбиеленген.
Әлия: Ал бұл жаман ба? Отан сүюшіліктен, ол үшін жаныңды беруге лайымда әзір болудан артық қандай сезім бар?
Ақан: Мұның бәрі, Әлия қарындас, дұрыс ақ, бірақ біз бүгін поэзия, өлен, сезім туралы әңгіме шертпек едік...
Әлия: Онда Абай-атаны шақырыңыздар. Махаббатты одан артық кім жырлай алады?
Ақан сері мазар сыртына шығып, Абайды ертіп келеді. Мағжан, Әлия, Дастандар оның алдынан шығып қарсы алады.
- Ассалау мағалейкум, ұстаз!
- Ассалау мағалейкум, ұстаз!
- Сәлем бердік, ұстаз!
Абай: Саламат болыңыздар менің тума қазақтарым! Тағыда жер бетін басамын, қандай сүйсем, сондай жек көретін халқымнын өкілдерімен көрісем-ау деген ойымда жоқ еді.
Дархан: Иә, Әбеке, мына өзге әлемдердің, өткен мен болашақтың босағасы -оны ғалымдар «портал» дейді - кереметке толы орында бәріміз бас қосып қалдық.
Абай: Мен ғылым қарқындай дамып, адам сенбестей биікке көтерілерін білгенмін. Бірақ адамзат құдайдың кәсібіне араласа аларлық жайға келер деп ойлаған емеспін. Ал сіздің «босаға - порталыңыз» қалай жұмыс істейді?
Бәрі сұраныс түрімен Дарханға қарайды.
Дархан: Осы жерде «портал» аталатын босаға болуы мүмкін деген менің болжамым ғана. Ал оның құралымы қандай екенін, қалай әрекет ететінін мен білмеймін. Және әзір еш адам білмейды.
Абай: Ендеше, бикеш пен мырзалар танысып қоялық. Мен халық арасында Абай аталып кеткен Құнанбай ұлы Ибраһим болам.
Ақан: Дархан, бізді ұстазға таныстырушы сен болғаның дұрыс болар, әйтпесе өзімізді қалай атаудың өзі бір турлі ыңғайсыз.
Дархан: О, Әбеке, қазір біздің қазақтар елінде сіз «ұлы адам» деп таныласыз.
Абай: Мырзам, сөзіңізді бөлейін. Еш уақытта «ұлы» адамдар болған емес және болмайды да. Адам біткеннің бәрі бір Алланың туындысы және тек соның әмірін орындайды. Мен де басқалар сияқты қарапайым күнакәр адам болдым. Тек жаратқан ғана ұлы. Осыны жадыңда сақта және замандастарыңа айта бар.
Дархан: Мен сізді түсіндім. Енді хронологиялық ретке сәйкес таныстыруға кірісемін. Алдыңызда тұрған ұлы... ой, кешіріңіз, төңкеріске дейін аты елге белгілі болған ақын, халық Ақан сері атап кеткен - Ақжігіт Қорамсаұлы.
Абай: Сәлем сізге, Ақан сері! Біз сізбен құрдас болармыз, бірақ ол дүниеде көрісе алмадық, десекте сіз тұралы естіп - білгенім көп. Сіздің ғажап даусыңыз тұралы аңыздар айтылатын. Мен сізге қайдағы ұстазбын, жай «Абай» деп атаңыз.
Ақан: Барша қазақ халқы сізді «Ұстаз» атайды ғой...
Дархан: Ұстаз, өткен ғасырдың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевпен таныстыруға рахым етіңіз.
Абай: Кешіріңіз, сіз туралы ештене естімедім де, білмедім де. Және сондай жас, сондай көркем жігіт бола тұрып біздің қатарымыздан қалайша орын алдыңыз?
Дархан: Ой, бұл ұзақ та қайғылы әңгіме. Мағжан жаңа заман поэзиясының - шын мәніндегі - ұлы ақыны. Ол бірінші болып өзінің өлен құрылысын әлемдік үлгіге жақындатты. Бірақ саясатпен де айналасып, «Алаш» партиясына мүшелікте болды, сол үшін кеңес өкіметі атып тастады.
Мағжан: Жоқ, кұрметті Дархан, бәрі бірдей олай емес. Мен саяси көзқарасымнаң гөрі, өзіміздің белгілі ақын – жазушыларымыздың сыртымнан қаралауы салдарынан құдаланып, соңынан атылдым. Тағы бір толықтырар жай, ол куыс кеуделер өздерінің көрсетулерімен шынай дарынды адамдардың көздері жойылғаннан кейін ғана белгілі, атақты бола бастады. Ә – й - й, не айта беретіні бар, оның бәрі өтті - кетті.
Абай: О, шіркін! Тума қазақтарымды тани кеттім ғой! Қазақтың ең зұлым жауы - өзге қазақ.
Мағжан: Ұстаз, «Қара сөздеріңіздің» 24-ші сөзінде: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз...» делінген.
Осыны қалай түсіну болады?
Дархан: Кешіріңіз, құрметті Мағжан, кәнекей, ұстазды ортамыздағы әйел затының жалғыз өкілімен таныстырып алайық. Сонымен, бұл біздің қарындасымыз Әлия Молдағұлова болады, жауынгер, мерген, Отан сүйгіш батыр қыз, қысқа өмірінің сонғы сәтіне дейін фашистермен аяусыз алысып өткен.
Абай: Ол қалай сонда, осындай жас, сұлу қыз соғысқа түседі, ә? Елімізде қару ұстайтын каһарман жігіттер қалмағаны ма? Фашистер дегенің кім сонда?
Дархан: Ол немістер, Германия.
Абай: Немістер қайда, қазақтар қайда? Олармен не бөлісеміз? Шүршіттермен басқа жай. Айдаһары ата заманнан от құсатын аузын бізге қарай айқара ашып келеді.
Ақан: Ой, Абеке, ол ұзақ тарих. Біз мұнда Махаббат түрасында, қандай жаста болсаң да терең махаббат сезіну арқылы ғана өмір сүруге болатаны жайлы, өнер, әдебиет хақында пікір алысуға жиылған едік...
Абай: Қайдағы махаббатты айтып тұрсыз, қазақ халқында қашан да өшпенділік басым болған. Әйтсе де өзім көп сүйдім, көп сүйіндім және өмірдегі ең басты махаббат, сүю сезімі деп есептеп өттім. Тіпті «Қара сөздерімнің» 45 сөзімде: «Адамшылықтың алды махаббат, ғаделет сезім ...» - деп жазғанмын. Бірақ сосын барып, әр кезде халықтың қамы, болашағы тұралы ойлап, солар жайлы айту қажет екенін түсіндім. Әуелі ұлт дамуының жолғар іздестіру, ал сосын барып махаббат пен сезім жайлы сөз қозғауға болады.
Мағжан: Халықтың қамы, болашағы біздің қолымызда болса жәрайт...
Абай: Айтқандайым, біздің халық қалай күн көріп жатыр, қандай бәлелерді бастарынан атқаруда? Ақан сері, сіз бастаңызшы, өзіміз қалай өмір сүргенімізді еске түсіріп көрелік.
Ақан: Халықтың хал - жайы аур болды.Орыс патшасы хандықты жойды, аға сұлтандар мен болыстар билігін орнатты. Отаршылар өкіметі қазақтарды туған жерлерінен қуып шығып, барлық шұрайлы жерлерді Ресейдік, Украинадан көшіп келгендерге бөліп берді. Қазақтар қу далаға ысырылып, мал бағатын жерсіз қалды.
Абай: Иә, бізге көңілсіз өмір душар болды. Біздің Мағжан ақын не айтар екен?
Мағжан: Большевиктер біздің «Алаш» үкіметін, Қокан автономисын тас - талқан етті. Одан сорақысы, қазақ ұлтының бетке шығар өкілдері деп атауға тұрарлық «Алаш - Орданың» қайраткерлерін жойды.
Абай: Құрметті Мағжан, айтқандарыңыздың бәрі маған түсініксіз, бірақ сіздің ұрпақтың иесіне Заман ақыр тигенін жақсы түсіндім. Ал енді қазақ халқының қазіргі тұрмыс жайы туралы біздің қүрметті жазушы Дархан не айтар екен? Тыңдалық.
Дархан: Мен ең әуелі қарындасымыз, батыр - қыз Әлия Молдағұлованың айтарын тыңдап алуды ұсынамын.
Әлия: ССРО - да, соның ішінде Қазақстанда ақыры жұмысшылар мен шаруалардың өкіметі орналды. Индустрияландыру мен коллективтендіру табысты атқарылды. Осы шақта бізге фашистік Германия опасыздықпен шабуыл жасады, сонда бүкіл халық бір адамдай Отан қорғауға көтерілді.Біз соңғы деміміз шыққанша шайқасқа түстік...
Дархан: Әлия, бұл жерде мұны менен басқа ешкім тұсінбейтін тәрізді. Шамасы, сіздің ұрпақты менің замандастарым дейінгілер де, олардан кейін келер ұрпақта түсіне алмайтын болар деп пайымдаймын.Одан да сіз махаббат туралы не білесіз, не ойлайсыз, соны айтыңызшы.
Әлия: Махаббат жас коммунизм кұрысшылары арасында болатын сәулетті сезім.
Мағжан: Ал басқа санаттағы адамдарда мұндай сезім болмай ма екен?
Әлия: Білмедім. Білетінім сүйіктіңді тандауда топтық ұстанымды алға ұстау керек.
Абай: Мына бала не деп тұр?
Дархан: Э- э- й, Абеке, бұл большевиктік насихаттың нәтижиесі ғой.
Абай: Қызым, сенің өміріңде жан азабын сезінген, дүниеде өзің күшті сүетін адам барлығынан жүрегің қуаныштан кеудеден шығуға талпынған, ал жадына сырлы өленнің сөздері мен әуені келетін шақтар болмады ма? Міне, мысалы мынау:
Тәңірі қосқан жар едің сен,
Жар ете алмай кетіп ең.
Ол кезімде бала едім мен,
Аямасқа бекіп ен.
Талақ етіп бұл ғаламды,
Болды мәлім кеткенің.
Кінәсы жоқ жас адамды,
Қатты соққан не еткенің?
Алия Абайға қосылып ән айтады.
Елжіреген жас емес пе ем,
Еппен айтсан жұбанып,
Мен ғашыққа мас емес пе ем,
Кетсен еді ұзатып.
Сен жаралы жолбарыс ең,
Мең киіктің лағы ем.
Тірі қалдым, өлмей әрен,
Қатты батты тырнағың.
Әлия: И – ә - ә, Пушкин. Евгений Онегин. Татьянаның хаты. Қандай тамаша, жан тебірентер сөздер! Қандай әуен! Абай ата, сіз данышпансыз. Бұл өлеңді анам өте сүйетін және жақсы айтатын. Ал, тағы да, жолдастар, алдарыңызда мойындайын, мен Абайдың, Есениннің, Блоктың, Марина Цветаеваның лирикалық өлеңдерін өзге комсомолдар көрмесі үшін, мені тоғышар деп кінәламаулары үшін жасырын, шырақтың жарығымен оқушы едім.
Мағжан: Міне, көрдіңдер ме, біздің жауынгер қарындасымыз да адам сезімдерден, сезімтал лирикадан құр алақан болмай шықты. Бәрібір махаббат насихаттың, мемлекеттік құрылымның, идеалогияның қай түрінен болса да күштірек. Тек осы үшін ғана Адам атын мақтан тұтуға болады.
Ақан: Енді қалай! Ақын әрі ғалым Жүсіп Баласағұн: «Бұл дүние сүйіскендердікі...» - деген жоқ па еді.
Абай: Мырзалар, шамасы, біздің қызымыздың өмірі қысқа болғанынан ол әлі тұлға, жас әйел ретінде қалыптасып үлгермеген шақта. Оны ұзақ азаптамайық, оданда ол ағаларының не дейтінін тыңдасын. Дархан, енді өзіңіздің кездегі қазақ халқынын хал - жағдайынан мәлімет бергеніңіз дұрыс болар еді.
Дархан: Не айтұға болады? Біздің дәуріміздегі қазақтар да ауыр жағдайда күн кешуде. Қоғамдық экономикалық құрылыс өзгеріп, Абеке, феодализм заманына қайта көштік деуге болады.
Абай: Ал, бұрын қандай қоғамдық құрылыс болып еді?
Дархан: Дамыған социализм кезеңі.
Абай: Мен кезіңде Карл Маркстің, Энгельстің, Плехановтың, басқа да социалистердің еңбектерімен танысқам. Менің түсінуімше – социализм адамзаттың арманы. Сіз соны көрдіңіз бе? Сізге сонда не жетіспеді?
Мағжан: Менің замандастарым социалистік өндірістің қатынастардың тууы және қалыптасуы кезеңінің куәгерлері болды. Бәрі дұрыс ақ, тек пролетариат диктатурасы болшевиктер партиясының диктатурасына, ал сосын нағыз қанды балақ диктаторға айналған Сталиннің жекебасы билігіне айналғаны сорақы болды.
Әлия: Біздің барлық экономикалық әлеуметтік жетістіктеріміз тек қана ұлы Сталин жолдастың даналығының арқасында қол жеткізілді.
Ақан: Айналайын, қызым, адам ұлы болдыма, жоқ па, қан құмар диктатор болдыма, әлде реформашы болды ма, оны тек тарих бағалайды. Ал еңді, қадірлі жазушының әңгімесін тыңдауды жалғастырайық. Сіздерді тыңдап отырып, мырзалар, жаным жабырқап, үрейім күшейе түсті. Шынымен - ақ, қазақ халқы нағыз бостандық, әділетті басқаруды көрмей отыр. Дархан, сіз жаңа біздің қоғам феодализмге қайта оралды дедіңіз. Оны неден байкауға болады?
Дархан: Шұрайлы жердердің бәрін дерлік баяғының байлары сияқты шонжирлар сатып алған. Ауыл тұрғындарының дені соларға жалданып жұмыс істейді, сол үшін алған тиын - тебендері күн көріске әзер жетеді.
Абай: Ал, қорадағы мал қайда? Бишара неге мал өсіріп, күн көрмейді?
Дархан: Шаруаларда ондай мүмкіндік жоқ, себебі ауылдар мен селолардың манындағы жерлердің бәрі біреулердің жеке меншігіне берілген, мал жаяр орын жоқ.
Ақан: Біздің кезімізде де қара халықтың малы байдың отарында бағылып өсетін. Жер бәріне жететін. Солай болүға тиіс емеспе?
Мағжан: Бұл мүлде ақылға қонбас іс қой. Тіпті ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде шаруаларға жекеменшік малдарын бағұға ауыл маңында жер бөлінетін. Ал халық бұған қалай қарайды? Қарсылық көрсетпей ме?
Дархан: Қарсылас – қарсыласпа, одан келер-кетер жоқ. Халық қорқыныш құшағында, мүлдем жаншылған, ауыз ашұға қорқады. Билік иелері жалпылыма тыңыштық орнатып қойды.
Мағжан: О- О- й, бұл маған сондай таныс жай...
Абай: Ал шаруашылар не қам жасап жатыр?
Дархан: Шаруашылардың көпшілігі ірі қалаларға бас сауғалауда...
Ақан: Онда олар не істейді? Олар үлкен қалада өмір құруға бейімделмеген ғой, қалай тіршілік етеді?
Дархан: Көбі жүкші болып базарларда арба сүйретіп күн көреді, жолы болғандар - күзетшілікке жалғанады, қалғаны жол бойында жеміс - жидек сатумен айналасады. Әрине, бәріде мұқтаждықпен өмір сүреді. Солай бола тұра, билік орындарының бәрі оларға қысым жасап күн көрсетпейді. Әсірісе полиция.
Әлия: (түзетіп) Милиция!
Дархан: Жоқ, қазір полиция. Бұл қызмет орнының атағы қайта өзгергіген...
Әлия: Неге? Онда қандай мән бар? «Халық милициясы» деген атақ сондай әдемі естілуші еді ғой.
Дархан: Шындап келгенде ештеңе өзгерген жоқ. Полиция да, милиция да бәрін сатып алуға дайын қалтасы қалыңдардың жағын жоқтап келді және соларға қызмет істеуде...
Абай: Менің түсенгенім, біздің халық өзгермеген және еш кезде өзгермейді де. Қазір мен өзімнің «Қара сөздерімнің» бірнеше тарамын оқып берейін, сіздер тыңдап алып, сосын өз пікірлеріңізді айтыңыздар, келістік пе. Мәселен 3-ші сөзден үзінді: «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағаның, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғының себебі не?» Сіздер не ойлайсыздар?
Мағжан: Сіздікі хақ, Ұстаз. Сіз атаған ерекшеліктер біздің халықтың басты тауқыметтері. Әсіресе билік ұстаушылар мен қарапайым халық арасындағы үзіліс сызығы жер мен көктей.
Абай: Мен сол 3-ші сөзімде: «Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп» - жазғанмын.
Ақан: Ол біздің заманымыз еді ғой, Абай...
Дархан: Қай заман болса да біздің халық көресіні көріпті ғой. Бізде де тап солай: бай - кедейге, билік ұстаушылар мен құқықсыздарға бөліну. Айтқандайын, билік басындағылар дегеніміз сол байлар. Біріншілердікі - заңсыздық пен жазасыздық, екіншілердің үлесі құқықсыздық. Ештеңе істей алмайсың - капитализм.
Әлия: Ал біздің социалистік қоғам халық билігі, әділеттілік, бауырластық және еркіндік...
Абай: Қызым сен әлі тым жассың. Шыдамдылық жасап, ағаларыңның дегенін тыңда.
Дархан: Бұл аса қорқынышты жай. Тілсіз хаюан халіне жеткен халықты ештене қызықтырмайтыны, ештене толқытпайтыны қорқытады. Қазақстанда жер асты табиғи қазбалары жыртқыштықпен алынуы, өнеркәсіпте экологиялық лас технологиялар пайдаланылуы салдарынан табиғат түгел дерлік жойылу алдында, жануарлар әлемі құру алдында, ал халыққа бәрі бір, мұрнынан ары көрмей күн шегіп жатыр түге.
Ақан: Бұлайша өмір сүрүдің қанша қажеті бар? Өз ұятынмен, арың мен келісе алмасан, ондай өмір неге керек?
Мағжан: Есіңізде ме, Ұстаз, сіздің 29-шы сөзіңізде мынадай жолдар бар:
«Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсан, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын!» Тап басып айтылған, ұяты мен ардан ада болған адамға өмір не керек?
Дархан: Ең қорқыныштысы, осындай қалыпта біз жерімізден, мемлекетімізден айрылып, жаңа айтылғандай, от шашатын айдахарлы көршінің құлдарына айналуымыз мүмкін.
10 - КӨРІНІС
Кенеттен сарт-сүрт еткен металл шыңылы, айқай - шу естіледі. Жауынгер қару-жарағын асынып, сауыт киген Бөгенбай батыр көрінеді. Қолында қамшы, әскери ұрандар айта шығады. Мазар басындағылар арасында дүрлігіс туады. «Бұл кім?» деген дауыстар.
Абай: Менің ойымша, бұл үш жүздің әскерінің 103 шайқасында қолбасшы болып, бір де бір рет жеңіліс дәмін татпаған атышулы Бөгенбай батыр болуға тиіс.
Бөгенбай: Иә, мен қаңжығалы Бөгенбаймын.
Қатысушылар батырмен сәлемдесуге ұмтылады.
Бөгенбай: Мен сіздердің орталарыңызға қалай келіп түскенімді білмедім, бірақ мен онсыз да Отанымның кеңістігін күнде бір шарлап өтемін. Айтқан әнгімелеріңізді түгел тыңдадым. Ол ерлерге лайықсыз сөздер, сол үшін алдымда жауап беретін боласыздар. Біреулеп жақын келіп аталыңыздар!
Абай: Мен халық ішінде Абай аталатын Құнанбай ұлы Ибраһим боламын. Өз басым адал өмір сүрдім, қараңғы, надан халқымды тәрбиемен болдым, бірақ ештеңе шықпады. Өлен жазып, ән шығардым. Алдыңызда енді қандай жауап берүге тиіспін?
Бөгенбай: Сен, әрине, әуелі Әбілхайыр хан, сосын Абылай хан қол қойған шартты зұлымдықпен бұзған орыс патшасының игісінен босату үшін күреске кешіктің. Бірақ сенің әкен Құнанбайдың орыстын отаршыл әскерімен 8 жыл бойы қан төгісіп соғысқан, қазақтың соңғы ханы Кенесарыны қолдауына, қосылуына болушы еді, ал ол болыс болып қалуды қалап, рахат тартып өмір сүрді. Жара, әке үшін бала жауапкер емес. Мен оның аруағына жетем әлі!
.
Бөгенбай Абайды иығынан қағіп, құшақтап айтады:
- Ал сен өзің қазақтың жаны таза, шыншыл, Отанының бақытсыз тағдыры үшін жандары қиналғаннан жүректерін қан жуатын ақын-жазушыларына қамқор бола бер. Бар!
Ақан: Мен Қорамсаұлы Ақжігітпін, халық мені Ақан сері есіммен атайды. Мен ән салдым, махаббатты, әйел сұлулығын жырлап өлендер шығардым. Қыз- келіншектерді, аңшылықты, жүйрік сәйгүліктерді, бәйгі шабысты, сәнді киімдерді жақсы көріп өттім. (Күрсінеді)
Тұған жерді, Отанды қолға қару алып қорғау керек деген ой сынама келгенде, денсаулық мұрша бермей қойды. Құлагердің өлімі мен Жаңылдың күйеуге шығуы күш-қуатымды алып, өмірімнің қызығынан айырлылдым.
Бөгенбай: Несі бар, мұнымен де біреулер айналысып, халықтың рухын көтерулері керек қой. Сен соңғы күшіңді салып шаңырағыңды, өзіңін Сарыкөліңді қорғадың. Өкінішке орай, одан нәтиже болмады, бірақ батыл жігіт екеніңді көрсеттің. Бар, біздің елдің сазгерлеріне қамқорлық жаса, билік иелерін мадақтай бермей, нағыз халықтың туындылар шырқасын!
Мағжан: Мен Жұмабайұлы Мағжанмын. Қолымнан келгенше халқымның көзін ашуға тырысып бақтым: Өлендер, әдеби шығармалар жаздым, орыс және Еуропа классиктерін ана тіліме аудардым. Біздің «Алаш» партиямыз Қазақстанның егемендігін, тауелсіздігін алуға күш салды. Біз тіпті қазақ мемлекетін құра бастаған болатынбыз, бірақ большевиктер бізді одақтаспақ болмақ болып, зұлымдықпен алдап, сосын «Алаштың» басшыларының өзегін жойып жіберді. НКВД - да бізді азаптады. Бірақ мен ешкімді сатпадым, ешкімді көрсетпедім. Менің өз халқымның, достарымның, пікірлестерімнің алдында жаным таза. Не үшін мен жауап беруге тиіспін?
Бөгенбай: Білемін, Алматыда сен аштан өлер алдында болдың. Бірақ биліктен қаир сұрап тізе бүкпедің, арыңды сатпадан.
Мағжан: Иә, солай болды, бірақ сол кезде маған жаңа ғана қалам тарта бастаған жазушы Мұқтар Әуэзов қаржылай көмек көрсетпегенде аштан қатуым мүмкін болғанын айта кетуім жөн.
Бөгенбай: Иә, қай кезде де, тіпті қанды кезеңдерде де қадірлі жандар болған.
Мағжан: Тек, әттең, аласапырым замандарда адамдар қайнауға түскенде, барып тұрған сұмдар мен сұрқиялар бетіне көбік болып шағады.
Бөгенбай: Сенің басқа жарамды істеріңді айтпайғаңның өзінде, бір ғана «Казақ тілі» деген өлеңнің өзі ақ атыңды мәңгілік ете алады. Жүре бер, жаның жұмақтан орын алады. Мен жауынгер батыр есебінде алдыңда үлкен басымды иемін.
Бөгенбай тағзым жасап, Мағжанды құшақтайды.
Бөгенбай: Бара бер ұлым, құдайға тапсырдым! Жер бетіндегі барша сүйскендердің: кәрісінің де, жастың да қамқоршысы бол. Сендер, ақындар «Дүниені құтқарушы махаббат» дө басып айтқансыңдар. Мұны айтушы мына мен – өлімді ат үстінде қабыл алған кәрі жауынгер.
Әлия: Мен Молдағұлқызы Әлия болам, комсомол мүшесімін, мектеп бітірген бойда бірден майданға кетіп, фашистермен шайқаста қаза таптым. Не айт деп бұйырасыз маған?
Бөгенбай: Қызым, жақын келіп маңдайыңнан иіскетші. Сенің алдында мен көз жасымды төгемін. Мен шайқастарда шыңдалған жауынгермін, мен жау аяуды білмеген, мына қолдарыммен мыңдаған жонғарлар мен шүршіттердің бастарын шапқан батырмын. Жылау себебім: қалай ғана осындай сүйкімді, таза жанды жас қыз баланы қазақтың еркектері майданға жібергенін түсіне алмай қойдым. Елдің ақсақалдары қайда болған? Құрметті ерлері қайда кеткен, жау жүрек жігіттері болмағаны ма?
Бөгенбай Әлияны мандайынан тағы бір иіскеп:
Бар, қызым, тұп-тура өзің шығып келген жұмағына қайт. Барша қазақ жасөспірім балаларының: ұлдары мен қыздарының қамқоршысы бол. Қараңғы күштердің оларды ренжітуіне жол берме!
Бөгенбай батыр мен Дархан қалады.
Дастан: О, құрметті батыр-ата, сіз шүршіттердің де бастарын шаптым дедіңіз. Бұл қалай? Олардын не жазығы болды?
Бөгенбай: Шүршіттер жоңғар әскер басшыларының кеңесшілері қызметін атқарды.
Дархан: Ә-ә, енді түсінікті.
Бөгенбай: Ал сенен, жазушы, бөлекше де қатан талап болады!
Дархан: Оны қалай түсінуім керек? Нендей талап? Басқалардан менің нем кем?
Бөгенбай: Сен қазақ зиялыларының өкілісің ғой, солай ма? Яғни сен, басқа зиялылар сияқты халықтың хал-жағдайы, бақыты үшін жауап бересің, солай ғой?
Дархан: Оның солайы солай-ау, бірақ...
Бөгенбай: Ешқандай, «Бірақ»! Жауап бересің бітті-сөз! Менің бірінші сұрағым: «Неліктен қазақ халқы азып тозып отыр?» Жауап бер, тек ақиқатын айтатын бол. Болмаса мына қамшының дәмін тартасың! (сілтеп қалады)
Дархан: (бұғып, қысылып) Батыр, сабыр сақтап мені тындап алыңызшы! Бізде бүкіл билік бір адамның қолында. Ол: әуелі экономика, ал сосын саясат деп жария етті. Бұл қате нұсқау болып шықты, соның салдарынан жемқорлық, ұрлық, қазына тонаушылық кең етек алып кетті.
Бөгенбай: Ал оған: «сенікі қате» деп айтатын бір жан табылмадыма?
Дархан: Бүкіл саясаткерлер залалсыздандырғандықтан, әміршіге шындықты айтатын адам болмай қалды. Олардың біреулері өлтірілді, кейбірлері түрмеде, қалғаны шетел қашып жан сақтауда. Ал осының салдарынан мемлекет экономикасы құлдырап құлап, қазір ең төмен деңгейге түсті.
Бөгенбай: Ал сендер - зиялы қауым: ақындар, жазушылар, ғалымдар – неге үнсіз қалдындар, неге әміршіге бар шындықты жайып салмадыңдар?
Дархан: Оның алдына тек өзін асыра мақтап жыр жазушылар, кітап жазып, кино қоюшы, табақ жалағыш жарамсақтар ғана кіре алады.
Бөгенбай: Біле - білсең, Дархан, Қазахияның ен ұлы билеушісі Абылайхан болды ғой. Мен, халық жасағының 18 батыры оны «Сен» деп айтатынбыз. Ол мұны бізден өзі талап ететін. Бұхар жырау, билер, ақындар ойларын оның бетіне тұра айтатын. Ол шындықты өзі үшін қандай ащы болса да, сол қалпында қабыл алып, соған сәйкес қорытынды жасаушы еді.
Дархан: Тарихта жазылған: Әрбір қара қазақ «Дат, тақсыр!» деп леп айтып, оған өз мұқтажын жеткізе алатын. Бұл қасиетті халық құқығы барлық хандар тұсында сақталды.
Бөгенбай: Ендеше, сендер, қазақтар, қалай жүн болып түтіліп кеткенсің дер!? Немене, сендердің билеушілерің Алланың аузынан түскен бе екен?
Дархан: Оның солайы солай, әрине, бірақ....
Бөгенбай: Жап аузынды! Сені тындау жиіркенішті! Екінші сұрақ: Шаруашылардың жерін неге тартып алды? Неге олар жайылымсыз қалдырылды? Қай жерде және қалай халық малын жайып, өсіре алады? Малсыз халық қырылады ғой!
Дархан: Тағы да сол жай, бишінің түыс-тумалары, жақын-жоралары, әртүрлі әкімдер, олардың туыстары мен жақындары, жәй арамза адамдар бүкіл шұрайлы жерлерді арзан бағаға сатып алды. Халық аузын қу шөппен сүртіп қалды.
Бөгенбай: Сен мұны осындай салқын қанмен айтып тұрсын ба? Ал сендер, зиялылар, неге үнсіз қалдындар? Неге қарсы шықпадыңдар? Халық неге қарсыласпады?
Дархан: Мен билеушігеде, халыққа да сөз айтарға еш мүмкіндік болмады деп айтып тұрмын ғой, мезетте жауапқа тартады...
Бөгенбай батыр қабағын түйіп, тұрып қалады. Үзіліс.
Бөгенбай: И-ә, әңгімеміз көңілсіз болып шықты. Тіпті сабап алуға деген ынтам құрып кетті. Мен саған не істеу керегін үйретемін.
(Жақындап келіп, Дарханға бірдемелер сыбырлап айтады)
- Ал қазір құры көз алдымнан! Ашуландырма мені! Мә, қоштасарда ала кет, еңбегіне сыбай!
(Дарханды қамшымен арқасынан тартып қалады. Дархан айқайлап қалып, қараңғығы кіріп жоқ болады.)
Бөгенбай: (залға қарап) Сұрақтарым көп ақ еді, бірақ бұдан әрі оны не көруге, не тыңдауға шыдамым жетпеді!
Батыр ашулы түрмен сахнаны кезіп кетеді, қамшысымен ауаны, өзінің етіктерін сабалап жұр. Көрермендерге бұрылады.
Бөгенбай: Әй, қазақтар! Мен сендерге сөз арнап тұрмын! Мен осында, сендермен біргемін және кейін қайтпаймын! Батырлардың қанына жуылған қасиетті жерімізді сақтандар! Ол сендерге бізден, ұлы даланың ұлы жауынгерлерінен қалды, бір де бір қазақ шетелдікке құл болмайтын, аштан өлмейтін болсын! Әр қазақ өз Отанын, ардақты ата-бабаларын мақтап ететін болсын!
Әй, қазақтар! Қасиетті ұлы даламызды ұрпақтарына сақтап қалындар, ертен олар сендермен де мақтан етсін!
Шымылдық.
Соны.