Бағдат Гамбиті
Повесть
Кіріспе.
1984 жыл.
Бағдат. ССРО елшілігі қалашығы. Түнгі сағат үш. ССРО-ның Ирактағы елшілігінің бірінші хатшысы, ССРО ҮҚК-ты барлау резиденті, полковник Виктор Владимирович Семенов тынышсыз ұйқы құшағында жатыр, жақында ғана әйелі мен балаларын үйге, Отанына қайтарды, енді тынышталуға болар еді ғой, бірақ бір жайсыз түйсік жүрегін қысқылап маза бермей қойды, тіпті бір стакан күшті виски де көмектеспеді.
Міне енді, не болғаны әлі белгісіз, бірақ бірдеңе болғаны анық. Ол туралы металл білезікті швейцар сағаты түрінде жасалынған білекті қытықтайтын микрорадио қабылдағыш белгі берді. Мұндай тетікті чекистер «қытықшыл» - деп атайды. Виктор Владимирович сағатына көз салып, онда «8» санын көрді.
Бұл ССРО денсаулық сақтау министірлігінің санитарлық-эпидемиологиялық Бас басқармасының дәрігері, ерекше құнды агент «Пьер» - Петров Евгений Васильевич, өміріне қауіпті жайды сезініп, әлде болжам, сағатының жасырын кнопкасына басып үлгергенін білдіреді...
Иракта дипломатиялық қызметті жамылып әрекет жасап жатқан ССРО, ҮҚК-ның бір топ офицерлері Кеңес Одағының мамандары тұрып жатқан «Диана» мейманханасына келіп жеткенде, мұнда қылмыс полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатты. Петровтың бөлмесіне кіре бере Семеновтың көргені : еденде сұлайып жатқан эпидемиологтың денесі және қанға боянған стол үстінде жайпақ табаққа салынған, көздері шарасынан шыға бақырайған басы болды.
- Құдайым-ай! - полковник ойша айғай салды.- Мына соғысқа батқан сорлы елде бір жылға да толмас уақыт ішінде үш бірдей эпидемиолог өлім құшты. Ал мынау ерекше жәй, қорқыту акциясына ұқсайды...
Енді не істемекпін? «Ол» елшіден тағы бір маман эпидемиолог жіберуді сұрайды ғой.
***
1-тарау
Бұлтсыз күндер
Алматы жазы - өмір мерекесі.
Көз ала алмас Алатаудың шыңдары; көкшіл бұлтсыз аспаны, алып денелі, жаяу жүргендерге көлеңкелерін жайған емендер мен теректер; көшелер мен даңғылдары бойлай арықтарда ағып жатқан судың күміс сылдыры; және , бәрінің үстіне жер бетіндегі тіршілік біткенге жылу силаушы, еркелетуші ежелгі Египет құдайы Ра-күннің алтын шеңбері қонақтаған.
Қазақ ССР-ы мемлекеттік қауіпсіздігі комитетінің майоры Дастан Теміров үйінен шығып жұмысқа жаяу тартты. Ал ол Виноградов көшесіндегі, 1932 жылы салынған НКВД-КГБ-ның қоңыр, қапас ғимаратына ешқайда бұрылмай, тура жүріп бара алады. Осылайша, күннен-күнге, жылдан-жылға, есіктен шығып, есікке кіргенше қырық минут жылдам жүріс жалғасып келеді. Есесіне, ол қоршаған табиғат сұлулығын тамашалауға, өзінің өзекті мәселелері туралы ойға сүңгуге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, бәрі тамаша, өмірі оңға басты: сұйікті жұмыс, сүйікті жар, сүйікті балалар және ардақты ана - осы кезге дейінгі сенімді тірегі, құнсыз кеңесшісі. Ол отбасының шүбәсіз беделі, қатал да үнемді есепшісі; жанұяның кіріс-шығыстарын тек ол бекітеді.
Ол аз болса, бала жастан бергі досы, қазір милиция капитаны Владимир Татаринцевте (Вовка Татарин) осы Алматыда тұрып жатыр.
Адамға толық бақытты болу үшін тағы не керек?
Комитет ішінде де жақсы достық қатынас қалыптасқан бірнеше қызметтестер бар. Әйтсе де, Вовкамен екеуінің арасындағы үлкен достыққа балауға мүлде келмейді. Мұнда байтақ елдің бұрыш-бұрышынан әрқилы жандар жиылған. Қанша адам болса, сонша тағдыр, ал Вовка екеуіне ортақ бір тағдыр берілген.
Кабинеттес көршісі, майор Жиенов Сардарды мысалыға алсақ, бір қарағанда, мейірбан, қолы ашық жігіт сияқты көрінеді, бірге ішіп, бірге серуен құрамыз. Бірақ жақында мүлдем түсініксіз мінез көрсетті.
Дастан телефонмен Денсаулық сақтау министірлігінің бір қызметкерімен жұмыс бабымен сөйлесіп отырып, аяқ астында қызынып кетіп, анаған біраз жағымсыз сөздер айтып тастады.- Ерлер арасында ондай-ондай болып тұрмай ма?
Сол арада ол көзінің қиығымен, Сардардың жүзі бір түрлі өзгеріп, кабинеттен зып беріп жығып кеткенін байқап қалды.
Жиырма шақты минут өткенде 5-ші Басқарманың оперативтік байланыс бөлімінің бастығы полковник Сәкен Рахманов телефон соғып, Теміровты өзіне шақырып алды.
- Дастан Темірович! Маған жаңа ғана денсаулық сақтау министірінің орынбасары Грибанов қоңырау шалып, сіз оның қызметкері Арыновты телефонмен балағаттады, қорқытты деп шағым жасады. Не болғанын баяндап беріңізші.
- Мен ешқандай қоңырау соққан емеспін, әсіресе Арыновты ешқашан қорлаған емеспін, - желдің қай жақтан соққанын сезген Дастан, шімірікпестен, қатал үнмен жауап қатты.
- Қалай қоңырау соқпадыңыз? - Полковник қысылған ұң танытты.
- Әйдә, ендеше, тура сіздің кабинетіңізден жолдас Грибановқа қоңырау салып сұрайын! - бастықтың өзіне сенімсіздігін сезінген Теміров қысымын қатайта түсті.
- Жарайды, бара беріңіз, бұдан былай ешкімді қорламаңыз, ешкімді қорқытпаңыз да, - Рахманов осымен әңгімесін тамамдады.
«Негізіне келсек, Сардардың тәрбиелік әсер ету мақсатында бастыққа менің қылығым жайлы баяндағаны дұрыс та болар. Айталық бұл оның « мүндир құрметі» үшін шын көңілімен күрескен түрі болар. Бірақ ол жолдастықпен өзіме айтса да болмас па еді. Мен түсінер едім ғой. Мен қазір, онсыз да, сол сөздерім үшін қатты ұялып жүрмін» - Дастан сонда да, сосын да, осы жайды есіне алғанда, досының қылығын түсінбей- ақ қойды.
Ал Сардардың өзіне ол осы кезге дейін бұл тақырыпқа тіс жарып ештеңе айтқан, не есіне салған емес. Неге екенін өзі де білмейді. Әлде мүлдем шатасып қаламыз деп қорқа соға ма, әлде мұның тұрашылдығы мен ұстамдығы кеміген бе?
«Жә, құрып кетсін сол Сардар, өсек тасушылығымен қоса. Ештеңеге қарамай өмір жалғасып жатыр, әр түрлі жан қиналыстарын ойға ұстап, оны бұзу қажет емес» -Осындай қортынды жасаған Дастан нық қадам басып жүріп кетті.
Міне Қазақстан ҮҚК- ның ғимараты.Кезекшіге куәлігін ашып көрсетіп, екінші қабатқа көтерілді. Бұралған тар дәліздер, ал мынау - туған үйіндей болып кеткен №183 кабинет. Бәрі кәдімгідей, бәрі үйреншікті. Жұмыс дәптерін ашып, басталар күннің жоспарын қарап шықты: ерекше ештеңе жоқ, кездесу - жолығулар, аймақтық ҮҚК органдарының сұрауларына жауап жазу, әбден тойдырған, шексіз қағазбасшылық.
Оның есесіне, жұманың кешіне арналған бағдарлама екі-ақ әріппен белгіленіп, шифрленген. «БМ» - «Болаттың моншасы» - дегенді білдіреді. Азаматтық жолдасы, белгілі халық әншісінің ұлы - Болат Құрманғалиев, бізбен салыстырғанда тағдырдың нағыз еркесі: ірі құрлыс компаниясының директоры ретінде үлкен жалақы алады, жеке автокөлігі, моншасы бар, қысқаша айтқанда, майға түскен ірімшіктей тұрмыс –жайы бар. Біз Сардар екеуміз сол игіліктерден құралақан емеспіз.
Оперативтік байланыс телефоны шырылдады. Бүкіл дене бір сәтте ширылды, жүрек қағысы жиіленді, бас басқа ойлардан арылды - күтпеген жайларға дайын.
- Майор Теміров тыңдап тұр.
- Қайырлы таң, Дастан Темірович! - трубкадан 5-ші Басқарманың жұмысын қадағалаушы ҮҚК төрағасының орынбасары Перебейносов Иван Фомичтың гүрілдеген даусы естілді.
- Саулығыңызды тілеймін, жолдас генерал-майор!
- Маған кіріп шықшы Дастан, тәңір берсін. Тек ешкімге айтушы болма, жақсы ма? Хатшыны ескертем, бірден кір...
Теміровтың кіргенін көрген генерал тұлғасының ірілігіне қарамастан, орнынан атып тұрып, кабинет ортасына жете бере амандасуға қолын ұсынды. Кішіпейілдік мәнері ҮҚК басшыларына Төрағалық қызметке Қазақстан Компартиясының идеалогиялық жұмыс бойынша бұрынғы хатшысы, жұмсақ мәнерлі, нағыз зиялы, мәдениетті Зақаш Камалиденович Камалиденов келгелі қона бастаған.
- Қал қалай Дастан, үй іші аман ба, балалар өсіп келе ме? - генералдың жарқын -көгілдір көздері шынайы қызығушылығын білдіріп тұр; оның биік маңдайы, артқа қарай таралған ақсары шаштары, бет пішіні - бәрі амалсыз сүйсіну тудырады.
- Рахмет! Бәрі жақсы. - Теміров бөлшектеп, қысқаша жауап қайырып тұр, қинала күтудің әсері байқалып тұр.
- Дастан, былай ұзақ қинамай, бірден іске көшейік. Сені Орталыққа , Мәскеуге шақыртып жатыр.
- Мәскеуге? - Толқыныштан дірілдеген дауыспен Дастан қайыра сұрады.
- Иә, Орталыққа. Әуелі сенің жеке ісіңді, мінездеме сұратты. Ал кеше кешке Теміров жолдасты әңгімелесуге ССРО ҮҚК-ның кадрлар бөліміне іс сапарға жіберуді талап етті.
- Неге?
- Біле алмадым, жолдас Теміров. Біздің шаруа - бұйрықты орындау ғана.
- Түсіндім жолдас генерал-майор.
- Қарсылық, немесе бөгет болатын жағдайлар жоқ қой?
- Ешбір жоқ, жолдас генерал-майор.
- Жоқ болса, фин бөлімге бар да, жол құжат, қаражат ал, мен нұсқау берем.
- Әйтсе де, Иван Фомич, қалай ойлайсыз, мені неменеге шақырып жатыр.
Теміров Жарылғыны бұзып тұрғанын жақсы түсінді, бірақ қызметінің бірінші күнінен бері Перебейносов оған ерекше ықылас көрсетіп, басқалардан ерекше ұстап, өзіне жақын тартып, ең қызғылықты тапсырмалар беріп жүргенін есіне алып, бұл жолы да солай болады ғой деген үмітпен сұрады.
- Өзімнің Орталықта көп жылдар өткізген тәжірибием бойынша, әңгіме шетелдік іс-сапар жайлы болуы ғажап емес. Менің бар айта аларым осы ғана, Дастан. Жолға жиналып болғасын, кіріп қоштасып кет, жақсы ма? Менің көлігім сені әуежайға алып барады.
- Тыңдап тұрмын, жолдас генерал –майор!
2-тарау
Мәскеу жылағанға сенбейді.
Сол бір кездерде «Мәскеу» аты аталғанда әр кеңес азаматының тынысы кеңейіп, басын шаттық сезімі айналдырып, жүрегі мақтанышқа толатын. Ал егер «Кеңсе» сені басқа емес, бетон оранған суы лайлы Мәскеу өзенінің жағасына орналасқан «Мәскеу» мейманханасына жатқызса, онда жауырын астына қанат бітіп, сен қара жерді аяғыңмен баспай, жұмақтың бақыт құсы тәріздес көкке самғайсың.
Дастан ертерек тұрып алып, суық суға жуынғаннан соң, таңғы ас сияқты онша қажетсіз іске қымбатты уақытын бөліп жатпай, Қызыл Алаңға жаяу жол шекті.
Міне, алдында ұлы мемлекеттік тарихи мұрасы - Қызыл Алаң алдында жатыр. Василий Блаженныйдың шіркеуін орап өтіп, ол аты шулы тас төселген алаңға шығып, бір кездері әлем жұмысшы тобының көсемі болған, Владимир Ильич Лениннің кесенесіне қастерлей қарап қалған.
Сезім көкіректі керіп барады, көзге жас үйіріледі, осындай жан жағдайында, Отаның саған соншалықты қымбат, ол үшін әр сәтте өміріңді қиюға әзір екендігін жан-тәніңмен сезінесің. Және де сені кісі қатарына қосқан, мына Әлем орталығында тұруға мүмкіндік жасаған тағдырыңа алғыс айтасың, оған себеп, біздер, кеңес елі азаматтары, коммунистер үшін, Қызыл Алаң - әлем орталығынан еш кем емес.
Осындай жоғары шарықтаған көңіл күйді сақтап, салқын да жат ГУМ-ның ғимаратына жетіп, солға бұрылғанда, «темір» Феликстің ескерткіші қойылған, әлем назарын тартатын ССРО ҮҚК-ты орналасқан Лубянкаға шықты.
- Полковник Лопаткоға келдім,- Қызыл Алаңнан алған әсері басылмаған Теміров, салтанатты үнмен прапорщикке баян етті.
- Сізге уақыт белгіленген бе?- кезекші Теміровты басынан аяғына дейін барлай қарап шығып, селқос үнмен сұрады.
- Дәл осы уақытқа...- Дастан да, үстіне суық су құйып жібергендей, қысқа жауап қатты.
Прапорщик қызмет куәлігін сұрап алғасын, біреуге қоңырау шалып, қысқа ғана : «күте тұрыңыз» - деді.
Әжептәуір ұзақ мезгіл күтуге тура келді, сондықтан өз әдеті бойынша ойға шомылып, қоршаған әлемнен бөлектенді.
- Майор Теміров! - жоғары бір жақтан дауыс естілді. Дастан еріксіз селт етіп, әдет бойынша: «Мен» - деп қалды.
- Сіздің куәлігіңіз, - байланыс әскерінің капитан кимін киген, биік бойлы ер адам бұдан айрықша сыпайы үнмен сұрады-да, суреті мен бет-жүзін салыстыра қарады.
- Соңымнан еріңіз!- капитан биік баспалдақтың басқыштарымен жоғары өрлеп жүре берді.
- Ғажап, - Дастан іштей таңданды, - неге өтпе бюросы арқылы жібермеді? - бірақ сұрағын ішінде сақтап, капитан соңынан асыға басып ере берді. Ол күрделі дәліздерді бойлай, жан-жағына қастерлей қарап жүріп келеді.
«Бұл жерге бір кездері Дзержинский, Менжинский, Артузовтар жүрді. Ал мүмкін тіпті Юрий Владимирович Андроповтың өзімен жолығысып қалуым да ғажап емес қой?» - Майор Теміровтың жан құшағынан босатар емес. Осы ойлардан шамалаудан мүлдем айырылып, қайда, қай қабатта тұрғанын айыра алмас күйге түсті.
Ақыры капитан екі белгісіз, өзгелерден айырмашылығы жоқ есік алдында тоқтап, тықылдатты да Дастанды алға жіберді.
- Ә-ә, жолдас Теміров, сәлеметсыз ба!-егде тартқан, биік бойлы, кең иықты кісі үстел басынан тұрып, кірген офицерлерге жақын келді де, Дастанға сол қолын ұсынды. Оң қолы иығынан төмен түгел қара қолғап кигізілген жасанды қол екен. Қай қолымен амандасарын білмеген, жалпы мына жайға түсіне алмаған Дастан сасып қалды. Бұл қалай сонда? ССРО ҮҚК-де, Орталық аппаратта жарымжан адам жұмыс істейтіні қалай? Бізде, Қазақстанда, мұнымен әскери-медициналық комиссиядан өту мүмкін емес, талап қатал.
- Рахмет, жүре беруіңізге болады! - мүгедек капитанды жіберді.
- Жолдас Теміров, мен полковник Лопатко Виктор Степанович болам, таныс болайық. Өтіңіз, отырыңыз! - қолғапты қолымен талай отырысты көріп, қисалаңдаған орындыққа нұсқады.
- Рахым жаусын сізге! - жеңіл-желпі есі шығып, бір жағынан қысылып қалған Дастанның осы сөздерді айтуға ғана шамасы келді.
- Сізді таңдандырған мынау болар? - кабинет иесі жансыз қолын сілкіледі.
- Жо-жоқ! – Дастан, маған бәрі бір дегендей сыңай білдіріп, иығын қысты.
- Қалайша? Орталық аппаратта қолсыз жарымжан әскери қызметте!
- М -м –м, иә, бас маңыздырақ болған шығар, - мына сөздер Теміровтың аузынан шынайы шыққаны сондай, полковник рахаттана күліп алды.
- Мен полковник Градовтың тобында он үш жасымнан соғыстым ғой. Ол туралы естіп пе едің?
- Атақты партизан-диверсант полковник Ваупшасов қой? Әрине! Оперативтік дайындық курстарында оның барлау тобының жау тылында жасаған әрекеттерінің ерекшеліктерін талдайтынбыз.
- Оның тобына мен біздің қалашықтың тұрғындарын зорлап Германияға алып бара жатқан пойыздан қашып барып қосылғанмын, содан әрі ылғый соның қасында болдым. Солай міне, жардық, өлтірдік, тағы жардық, тағы өлтірдік - мұның ақыры соңы болмайтын шығар деп ойлаушы едім. Қолымнан айрылғанша жарып бақтым...-Әңгімеші қапалана күрсініп, үнсіз қалды...- Жарайды, мұның бәрі өткен жайлар, ал қазір іске жақын әңгімеге көшелік. Сонымен, сіздің азаматтық мамандығыңыз эпидемиолог - бактериолог қой?-енді қатал дауыспен сұрады полковник.
- Иә, мен біраз уақыт Көкшетау облыстық санэпидстанциясында эпидемиялық дәрігер, жарты жалақыға - бактериолог болып істедім.
- Ал оған дейін?
- Уалиханов аудандық санэпидстанциясының бас дәрігері болдым.
- Жұқпалы аурулар індет тарау кезінде жұмыс істедіңіз бе?
- Иә, іш сүзегі, дизентерия, менингит Қазақстан ҮҚК-де істеп жүріп, Гурьев облысында оба ауруының адамдар арасында тарауын зерттеуге қатыстым.
- Жақсы. Тәжірбиеңізді, медициналық біліміңізді жоғалтпаған боларсыз.
- Жоға, бізге білімді өмір бақиға миға құйып шығарды. Сосын, мен бұрынғы дәрігер ретінде республикалық медициналық мекемелеріне жетекшілік етемін ғой, денсақтау саласының басшыларымен ұдайы қатынастамын, агентурам түгел дерлік медқызметкерлер.
- Мақтауға тұрарлық. Ал арап тілін меңгерген жоқсыз ба?
- Жоқ. Өз беттіммен үйреніп көрмек болып едім, шынын айталық, уақытым да, шыдамым да жетпей қойды.
- Ал ол тіл сізге неменеге керек болды?
- Мені Құранның мазмұны қызықтырады, онда не туралы жазылғанын білгім келеді.
- Орыс, қазақ тілдеріне аудармасы жоқ па еді?
- Крачковский, Саблуковтардың аудармасын оқып, ештеңе түсіне алмадым, бәрі бір түрлі байланыссыз, бөлек-бөлек.
- Жақсы...- Лопатко өзіндік бірдеңе ойлап, саусақтарымен үстел үстін тырсылдата қағып отыр, ал Дастан болса, оған ұрлана қарап қалған, иә, өмір бұл еркекті біраз сілкіге салғанға ұқсайды: бас сүйегінің формасы өзгерген, маңдайдан басталып, бүкіл оң жақ шекесі арқылы кесілген тыртық көрінеді, қызғылт терісін жалаңаштап шаштары түсе бастаған.
- Дастан Темірович, ССРО ҮҚК-ның қай бөлімінде отырғаныңызды аңғарасыз ба тегі? - кабинет иесі ақыры созылған үнсіздікті бұзды.
- Әуелі мен 5-ші Басқарма шақыртқан болар деп болжам жасаған едім, сіздің әскери өмір тарихыңызды естігеннен кейін, 4-ші Басқарма болар деп ойлаудамын.
- Дәл таптыңыз, мен химиялық, фармацептикалық, бактериологиялық қарулармен жұмыс істейтін барлау - диверсиялық бөлімінің бастығымын. Сіз орталықтың тапсырмасымен таяушығыс елдерінің біріне баруға дайынсыз ба?
- Мен солдатпын, жолдас полковник, бұйрықтарды талқыламаймын.
- Бұл бұйрық емес, бас тартуға құқықтысыз, себебі, өзіңізде түсінесіз, тапсырма өмірге қауіпсіз емес.
- Егер ол Отан мүддесімен байланысты болса, мен кезкелген қауіпті тапсырманы орындауға әзірмін.
- Жақсы екен. Бірақ есіңізде болсын, іс сапарыңыздың шынайы мақсаты жайлы тек ССРО ҮҚК-ның Орталық аппаратының бірнеше адамы ғана білетін болады. Сіздің республикада бәрі, соның ішінде -Комитет Төрағасы да, бейхабар. Сондықтан да бұл өмір бойы сақталуға тиіс құпия іс, неге екенін сосын түсінесіз.
- Түсіндім. Мен жарияламау жайлы қолқат бердім ғой.
- Жақсы,онда іспен жақын танысайық. Созылып кеткен Иран - Ирак соғысында біз Саддам Хусеинді жақтайтынымызды сіз білесіз. Бірақ ол шығысша қу, арам ойлы адам, біздің сыртымыздан ЦРУ- мен келіссөз жүргізіп, ал бізден қайта-қайта маман бактериологтар, эпидемиологтар сұрап мазалай береді. Қазір онда біздің дәрігерлердің қомақты тобы жұмыс істеп жатыр. Бірақ міне, эпидемиологтармен бәле болып тұр, өткен айда Бағдатта үшінші дәрігер қатыгездікпен өлтірілді, үрей туғызу акциясына ұқсайды.
- Ал олар онда не істейді?
- Кім?
- Эпидемиологтар , бактериологтар.
- Ешкім білмейді. Ондағылардың бәрі казарма жағдайында өмір сүреді, ал эпидемиологтарды, мен айтқандайын, өлтірушілер, әрине, Саддам режимінің жақтастары емес.
- Қайтеміз, жұмбақты шешіп көреміз...
- Сіздің дене тәрбиеңіз қалай?
- Карате-до-ның қара белдігі...
- Бұл аса жеткіліксіз. Өкінішке орай, біздің уақытымыз шектеулі. Екі, реті келсе үш апта ішінде Балашихада арнайы дайындықтан өтіп, машықтанасыз, бұрынғы азаматтық мамандығыңызды еске түсіресіз, сосын алға, Саддам Хусейннің қасына. Ал қазір бізді басқарма бастығы күтуде...
2-тарау
Бағдат парадокстары
Шереметьев әуежайында «Мәскеу - Бағдад» бағытындағы ұшақты қалалық жолаушы тасушы автокөлігіндей ұшырмай қойды. Теміров тіркелуге бір жарым сағат ерте келіп, уақтылы ТУ-154 ұшағы қойнауына жеткізілді, ал содан кейін адам түсініп болғысыз жайлар басталды.
Ұшқыштар моторларды қыздырып, қайта сөндірді. Негізінен біздің ел азаматшалары мен жасөспірім балалары толы салонда адам төзбес қапырық. Балалар жылап, әйелдер ашу шақырып жатыр. Жолсерік қыздар жүргіншілер қатарларын аралай жүгірісе су, немесе шырын ұсынуда, және де әлі ашық тұрған әуе кемесі есігінде, ішіңкіреген соңғы жүргінші басқышпен көтеріліп кіргенін көргілері келгендер қарайлай береді.
Міне басқыш алдында сәнді, «Мерседестер» келіп тоқтап, іштерінен көтеріңкі көңілді, мұртты жігіттер тобы шығып, бір-бірімен мұсылманша үш қайтара құшақ жая, у-шу болып қоштасып жатыр. Сосын салонға бес-алты адам көтеріліп, толып жатқан дорбалар, шемодандар кіргізді, өздерін мүлде жүгенсіз ұстады.
«Арсыз дар, диктатордың малайлары! - Теміровтың ішін ыза кернеп отыр. - Бұған не істерсің? Жат елдің тәртібі кеңес ұшағының ішінде өзін көрсете бастады».
Кешікпей бәрі қалыпқа келіп, тыныштанды. Дастан тіпті қысқа мезетке ауыр ұйқыға шомып та үлгерді...
-Біздің ұшақ Бағдад әуежайына қона бастады. Рахым етіп, белдікшелеріңізді салуларыңызды сұраймыз, -орысша , арапша, ағылшынша хабарландыру берілді.
Дастан соғыс кезіндегі жайға сай көзге түртсең көрінгісіз қараңғылық көрем ғой деген болжаммен ұшақ әйнегіне қарап қалғанда, қала мен әуежайды мерекеше безендіріп тұрған оттар тізбегін, электр жарығына бөленген жолдарды көріп таң-тамаша болды...
- Жолдас Теміров? - ұшақ басқышты қоршаған, түгелімен хаки түсті әскери киімдер киген ер адамдар арасынан, сәнді кереге көз костюм киген, орта бойлы, толықша келген, шашы түсіп қасқая бастаған, және, әрине, қара мұртты кісі бөліне шығып, бұған қарай бет алды.
- Мен.
- Өзімді таныстыруға рұхсат етіңіз, дәрігер Ахмад, - бейтаныс кісі таза орыс тілінде атанып, амандасуға қолын ұсынды.
- Мен сізді қарсы алуға келдім, бұдан былай ылғый бірге боламыз. Ал қазір жүгіңізді алып, тура қонақжайға орналасуға барамыз.
Жүгін күтіп тұрып Теміров байқатпай серігіне сынай қарап қалды. Өзінен бес сантиметрдей аласа, бірақ әлдеқайда тығыз, дәлірек, семіздеу; жүрісіне, өзін ұстау мәнеріне қарағанда, арнайы қызмет офицері екені көрініп тұр. Айтқандайын бұларда да, біздікілер құрып берген мемлекет қауіпсіздігі Комитеті бар.
Теміровтың көз қарасын байқап қалған Ахмед - дәрігер тым – өзімшінген түрмен жымия күлді.
«Неғып мені ашып алды, -қорқынышты ой жыбыр етті, - жоқ, мүмкін емес, менің «аңызым» мінсіз, іс меңгеруім де күмән келтіргісіз деуге болады. Басқа бірдеңе, мені агенттікке жалдап алу мүмкіндігін ойланастыруды да мұмкін ғой. Жарар, жүре келе- көрерміз.
Ахмад - дәрігер оның қолынан шамаданын күшпен жұлып алып, алға түсіп келеді. Оның автокөлігі «Рено» маркалы болып шықты.
«Бишара» арабтар жаман тұрмайтын көрінеді – өмірінде бірінші рет мынадай қымбат көлікке мініп жатқан чекист қызғана ойланып қалды. Біздің «Жигулилер» мен «Москвичтерге» көздері үйреніп қалған кеңес адамдары үшін, көрінген шетел көліктері сәулетті де, қолжетпес болып көрінеді.
Жүргізуші көлігін орнынан қозғай бере, әуежайдан бастап, бүкіл жол бойы сүйікті көсемдері Саддам Хұсеинді әр түрде бейнеленген билбордттарды жағалай шапшаң ызғытып келеді.
-Халық көсемін сүйеді, - Дастанның көңіл күйін аңғарған серігі бас - аяғы жоқ мақұлдай сөйледі. Әйтсе де оның үнінде жасырын мысқыл бары сезілді.
«Бұл нені білдіртеді. Ол мені пікірлес етпек пе? Әй, сайтан алсын бәріңді, менің өз мақсатым бар, басқасына түкірдім, - Теміров ызаға булығып, мені арандату қажет емес дегендей теріс бұрылып терезеге қарап отыр.
Ахмад - дәрігер үнсіз қалды. Оның ерекше әдемі қой көздері кірпік қақпай жолға қараумен болды. Жалпы, тұтас алғанда, ол аса тартымды, сүйкімді адам көрінеді.
- Ал сіз мамандығыңыз бойынша кім боласыз? Қайда жұмыс істейсіз? - Теміров үнсіздіктен жолсерікпен санаспаушылықтан еш пайда жоқ деп шешіп, сөз қозғады.
- Мен Мәскуеде Патрис Лумумба атындағы университеттің медицина факультетін бітіріп, терапевт дипломын алдым. Қазір сіз жалғыз эпидемиолог болып істемек тропикалық аурулар зертханасы директорының орынбасарымын.
- Түсінікті...
- Не «түсінікті?» - Ахмадтың даусынан әзер жасырылған сезіктену байқалды.
- Сіздің сондай таза орысшаңыз қайдан екені түсінікті.
- Шын ба? Мен орыс классиктері: Толстойды, Достоевскийді, әсіресе Купринді оқуға өте жақсы көремін. Куприннің әңгімелері, мен Кавказда көрген тау бұлақтарындай сылдыр қағады. И-ә –ә, менің ең бақытты шақтарым - ССРО-да оқыған жылдарым.
- Сіз біздің Алматының тауларын көрген жоқсыз ба? Ол-нағыз ертегі.
- Мүмкін, бір сәті түскенде барып қалармын, сонда көрермін әлі, дұрыс па? - Ахмад Дастан Теміровтың көзіне тым тесіле қарағандай болды.
- Әрине! «Тау таумен бас қоспайды, ал адам адаммен әрқашанда жолығысады» - деген мәтел бар.
- Жақсы мәтел екен.
Әңгімемен отырып барар жерлеріне қалай келіп қалғандарын байқамай да қалыпты.
-Осы да ежелгі Бағдад па? - көліктен шыға жан-жағына көз жүгіркен Дастан, таңдана сұрады. Айналасы замануй көп қабатты үйлер қоршаған, ал тура алдында ағылшын тілінде «Отель Диана» - деген маңдайша жазуы бар қосқабатты көркем үй тұр.
Уақыт тым кеш болуына байланысты, төменгі қабатта тек кезекшілер ғана қалыпты, олар мен Ахмад бұйыра сөйлесті. Екінші қабатқа көтеріліп, номірге кірді. Шаруаға ұқсас жас жігіт орнынан тұрды.
- Дастан Темірович, танысып қойыңыз, сіздің оққағарыңыз Мүбарак, сізді күні-түні қорғайтын болады. Соғыс жүріп, диверсиялар болып жатқанда, бәрі де болуы ғажап емес, ал Мүбарак майдан жауынгері, жаралы болған. Орналасып, демалыңыз. Мүбарак ас қамдайды, аздап орысша сөйлейтіні бар.
- Қам жемей-ақ қою керек еді...
- Демалыңыз. Кеңсеге ертең барамыз.
- Қандай?
- Кешіріңіз қәзір айта алмаймын. Ертең білесіз. Қайырлы түн.
***
Мүбарактың сол жақ аяғына ақсайтыны көрініп тұр.
-Аяғына не болды? - деген сұраққа үнсіз балағын көтерді.
«Жарықшақ жарасы - санитарлық дәрігер осындай диагноз қойды.- И- ә-ә, мына майдангерді маған бұлар неге бекітті екен? Қандай машықтары бар екен? Кәне, қарап көрелік. Менен жарты бас биік, арықшалығына қарағанда дене жұмысына кәдігіленген сияқты. Бұлшық еттері атлетика залында қалыптаспаған - табиғи, бүкіл түрі тұтқыр, үйлесімсіз. Беті сопақ, ерекше ештеңе жоқ, теріс айналғанда түрі қандай екенін есіңе түсіре алмайсың, көздері шұңгір, түсі қандай екенін аңғару қиын, қан мен өлімді көп көрген адам көзіндей түссіз, сөнген. Және, әрине, жақсы күтілген қысқа мұрт. Алайда, жалпы, түр келбеті жағымды әсер тудырады».
«Еркектіктің осы белгісін күтуге бұлар қанша уақыт жоғалтады екен?» - Дастан байқатпай серігін бас - аяғына дейін зерттеп бола, теледидар тек Саддам Хусейінді ғана көрсетіп, арасында майдан хабарларын беріліп жатқанына көңіл аудара тұрып ойлады.
Міне Саддам Хусейн Туркияның бас-министірін өзінің сарайында қабылдауда. Камера, есігі ашылып, залға кіп-кішкене, домалақ, ұзын мұрынды бас – министр жан-жағына жаутаңдай қарап кіргенін көрсетті.
Кенет қарсы беттегі есік күрт ашылып, одан ұзын бойлы, мүсінді, қызыл погондар тағылған әскери форма киген Саддам Хусейн екпіндей басып кіріп келіп, қонағының көзіне жоғарыдан қарай, маңғаздана қолын ұсынды. Анау қолын имене берді. Хусейн оны ұстай алып, өзінің жалпақ алақанына салып, қысқышпен қысқандай, жібермей ұстап сілкілеп тұр. Түрік біраз уақыт дәрменсіз кірпіктерін жыпылықтатаып тұрды да, сосын екінші қолымен «жетер, берілдім» - дегендей оның қолының үстінен қаққылады.
«Қандай арзан бой көрсеткіштік! - Дастан «жәшікте» көргендеріне өз бағасын беруде. - Адамды осылайша қорлауға бола ма екен! Мұны істеуші мемлекеттің бірінші басшысы деп кім ойлар».
Сол екі арада Мүбарақ іске қызу кірісіп, отқа шәйнек қойып, тоңазытқыштан тағамдар шығарып, үстелге қойып, қол жайып асқа отыруын сұрады. Мүбарақтың өзі, жеген тамағының құнын есептеп отырғандай, асты аз ішті.
Мүбарақ дайындаған кешкі астан кейін, шала-пұла орыс тілінде, ишараттың көмегімен, қонақтың керуетін қабырғаға жақын, әлде терезе алдына қою керектігін сұрап алды. Теміров қабырға қасындағысын тоқтады. Жатып алып екеуі әңгіме шеріскенде, Мүбарақтың орыс тілін шын мәнінде көрсеткеннен артық білмейтіні анықталды. Ол сөздерін мұқият таңдап, бірақ ашық, шынайы сөйлеуге тырысатын сияқты. Ол Иранмен соғысты толқына есіне алады, тыңдаушысы Ирак соғыста тек мемлекет басшысының данышпандығы арқасында жеңіп шығатындығына сендіруге тырысты. Көз алдында мейірбандығы оянып, босаңсыды, ата-анасы, шаруаларды есіне алды.
Соңына салған тыңшының сенімсіздігін туғызбас үшін Теміров одан ата - анасы, жанұясы жайлы көбірек сұрастырып, сосын жолдан шаршағанын сылтау етіп, ұйқыға кетуді ұсынды.
Бастысы, Мүбарақпен түсіністілік қатынас қалыптасқан тәрізді, оның кім екенін уақыт көрсетеді. Барлық белгілері бойынша, Ирак ҮҚК-ның жансыз еместігі көрініп тұр, егер тек мәртебелі Теміров келер алдында арнайы жалданған болмаса.
***
Таңертең, жаңа жағдайға және бір-біріне әбден үйіріскен Теміров пен Мүбарақ номерде әңгіме шертіп, шәй ішіп отырғанда, өзінше бірдеңеге разы Ахмад –дәрігер кірді. Оның көздерінен қуаныш ұшқыны жарқырыса, ал домалақ беттері майдан жылтырайды. Үстінде бірінші кездесудегі киімі.
- О –о, қарасам, достасып үлгеріп те қалыпсыңдар ғой. Кеттік, таңғы ас ішуге баралық.
- Біз тойып алдық! - дегеніне қарамай, Ахмад бұларды бірінші қабаттағы мейрамханасының бөлек нөміріне алып барды.
- Мәс-саға-ан! Менің буржуй тәрізді, оққағарымды қасыма алып, мейманханада таңғы ас қабылдағанымды Вовка көрсе, бүкіл Айыртау селосына күлкі қылар еді. –Дастан Татаринцевты еріксіз есіне алды.
Үстел үсті неше түрлі тағамдарға, ішімдіктерге толы. Теміров бір кездері Хемингуэйдың шығармаларын оқығанда есінде қалған, дәмін тартып көрсем деп армандаған, Американ вискісіне еріксіз назар аударды.
«Мыналарды соғыс жүріп жатқанда, балалар аштықтан ісіп-кеуіп жатқанда, тым артықшылық екен». – Чекист - коммунист бір жағынан жақтырмас, екінші жағынан өзін жазғыра ойлап қалды.
Ойдан көңілі бұзылып, ас үнсіздікпен өтті. Тіпті Ахмадтың беті де бұрынғы ризалық кейпін жоғалтты.
Көлікке отырғасын ол салтанатты үнмен: «Ал қазір біз бір аса үлкен адамның кеңсесіне барамыз. Өте үлкен кісіге барамыз!» - деп көп нәрсені аңғартар үнмен жариялады.
Осының бәрі немене өзі? Қайда бара жатырмыз? Жалпы мені мұнда неменеге жіберді? Туған «Кеңсем» тап осылай ойға сыйғысыз іс жүргізеді деп ойлап па едім? Эпидемиолог-дәрігерге қандай роль тапсыруға боларын неліктен алдын ала анықтауға болмады? Істің барысына қарасақ, біз Хусейннің бабын табуға тиісті сияқтымыз. Оның алдында біз бүгілетіндей, кім еді ол сонша? Мына Ахмад-дәрігер де өзін мен оның кедей туысындай, болмаса мені жұмысқа жалдап алғандай, ұстайды. Көрсіз де, ол мені ең үлкен адамға әкеле жатыр, мені бақытқа бөлегендей. Түкіргенім бар оның «үлкеніне».
-Дәлірек айтуға болмай ма? Бізде, ССРО-да: «Үлкен адам» - деген ұғым жоқ. Біз бәріміз теңбіз, - Дастан ызасын жасырмай қойды.
Жауап ретінде Ахмад, мен бәрін айтып болдым, аржағын өзің біл, - дегендей күлімсіреп, иығын қысты да қойды.
Жүріс бағытына қарап, Теміров мұны әдейі жаңа құрылыстарды аралата алып келе жатқанын түсінді. Бағдадты ол Балашихида жүргенде карта мен слайдардан түп- тұрысымен толық танысқан - шамасы, бұған гүлденіп жатқан ел әсерін бергілері келетін сияқты. Шынында да, ғажайып жай, бір жыл бойы соғысып жатқан елдің астанасы бір тұтас құрлыс алаңына ұқсайды. Әсіресе Кеңес жобалары бойынша салынған және салынып жатқан бала - бақшаларының көптігі ерекше көзге түседі.
Әне, қалаға бет алып, әскери техникалар легі кетіп бара жатыр. Соғыс қимылдары кезінде қатардан шыққан, қираған қару-жарақтар мен танктерді айдап бара жатқанға ұқсайды. Тағы да, біздікі.
«Сайтан алсын! Біз немене осыларға жұмыс істеп жатырғанымыз ба, сонда?» - чекист іштей күйініп отыр.
Біраздан соң тар, бірақ жақсылап бетондалған, жан-жағында пальма ағаштары өсіп тұрған жолға бұрылды. Одан әрі нағыз пальма тоғайы басталды, ал оның ортасында биіктігі үш метрлік, үстінен тікенек сым тартылған бетонмен қоршалған бір құрылыс көрінді. Айналасы тып-тыныш, тірі жан жоқ. Көлік қомақты темір қақпа алдына келіп тоқтады.
-Аздап күте тұруға тура келеді, - Ахмад-дәрігер өкінішті үнмен ескертіп, көліктің есігін ашты. Көлік ішіне оңтүстік күніне қайнап, ұсақ құмшықтар араласқан ауа кірді.
Ахмад қақпа алдына барып, қоңырау соқты да, ашылған қақпадан өтіп жоқ болды.
Есік ашықтығына қарамай, автокөлік іші азаптау камерасына айналды. Сыртқа шықсаң, шыжып тұрған күн көзі астында болу одан да сорақы. Дастан мен Мүбарақ креслода жалқая жатып, әр қайсысы оз ойларына шомылған.
«Ал егер мені мұнда қамап тастаса ше, мен тіпті резидентке де жете алмаймын. Бұл туралы ешқандай нұсқау болған жоқ, - Теміров жалқау ойға түсіп отыр. - Жоқ, орталықтағы жолдастар, мұндай жұмыс үшін сендерге екілік баға қоюға болады, осындай шала дайындалған істі орындауға, тіпті тәжірибиелі барлаушыны да жіберуге болмайды...
Сол арада қақпадан нұрдай жайнаған Ахмад шықты да, көлігіне отырып, артында Калашников автоматын асынған төрт жауынгер тұрған қақпадан өтіп, аулаға кіріп тоқтады. Екеуі қалып , екеуі келгендерді аласа келген бір қабатты үйдің кіре берісіне жеткізіп салды. Мұнда бұларды мәймөнкелеген, елбезек офицер қарсы алып, аз-маз күте тұруға тура келеді, - деп, отыруларын өтінді. Теміровқа ол қол беріп, орысша өзін Абдулла деп таныстырды.
Теміров жұмсақ былғары креслоға жайғасып алып, жан-жағына сынай қарады. Қалыптан асқан ештеңе көре алмады. Төбе тым аласа, қабырғалары өміріне разы Саддамның бейнелерімен безендірілген. Үстел үстіндегі қоңырау шылдыр еткенде, Абдулла, ара шағып алғандай ұшып тұрып, кабинетке өтулерін сұрады.
Ахмад –дәрігер, жоғары санатты Теміров мырзаны өткізу үшін есікті ашып, алдына сала кіргізді. «Мырза», кең кабинет төрінде отырған адамға қарап қалғанда, сілейе қатып, есінен адасуға аз-ақ қалды. Қара ағаштан жасалған үстел артында Саддам Хусейннің өзі отырғанын көрді. Қателесу мүмкін емес: қызыл погон тағылған сол форма, қою шаш пен мұрт, текті ірі мұрын, қалың қас, мысқылды көз қарас - бәрі соныкі.
Кабинет иесі, келушілер жақындағанын күтіп отырып, сосын зор денесін көтере, үстел артынан шығып келіп, Теміровқа амандасуға қолын созды; чекистің жіңішке саусақтарын өзінің қысқыштарына қысып тұрып, көздерінен көз алмай қарады. Дастан бала шағынан, жас кезінен қолдарының нәзіктігіне қысылатын, бірақ туа біткен ақсүйектік кемшіліктің де өз артықшылығы болды: ол саусақтарын ерекше қалыпқа келтіре тірескенде, мектептің ең күшті деген палуандары қанша қысса да қолын ауырта алмайтын.
«Бұтыңа тышқанша қыс, мен саған бас-министр емес, чекистпін, берілмеймін» -Теміров жендеттің көзіне жымыя тіке қарай, іштей табалады. Басында «көсемнің» бет-әлпеті аңырағандық көрсетсе, ол біртіндеп абыржуға, одан соң селқостыққа ауысты; беттері ұрлап тыққан бидайдан босаған дала аламанының ұрттарындай солып қалды.
«Бас қолбасшы» бұрылып, иықтары түсе, орнына оралды.
Дастан Теміровтің соқыр сезімінде: «Бірдеңе олай емес!» - деген сезім оянды. - «Өзін аса құрметтеуші диктатор болар-болмас сәтсіздікке осынша қорлануы мүмкін емес. Назар сала қарағанда, бет-жүзі де Хусейндікіне келіңкіремейді, жәй жалпы ұқсастық қана. Яғни, сәтсіз көшірме, ұқсас тұлға. Мәскеуге Саддам түстес тұлғаларды көптеп ұстап, өзі бункерде отырып, оларды басқарады деп ескертіп еді ғой. Қайтеміз, қойылым бұдан әрі қалай дамуын көрелік. Артистер белгілі».
Ахмад - дәрігер креслоға шалқая жатқан «көсемнің» жанына келіп, асқан құрметпен бүгіліп қолын сүйді. Қуыршақ көсем патшаның мәнерімен отыруға ишарат білдірді.
Ахмад-дәрігер анда-санда иегімен Теміров жаққа меңзеп қойып, ұзақ сөйлеп, «иесіне» Теміровты таныстырып жатқан секілді.
Сосын «ел иесі» сөйледі де, Ахмад әр сөйлемін оған қарап басын шұлғып қойып аударуға кірісті. Шығыстың дәстүрі бойынша, әуелі Ирак жеріне келгеніне қошемет жасау сөздері айтылды, сосын жер өркениетінің бесігі болған ел қонаққа ұнап, оның екінші отанына айналуына тілектестік білдірілді. Әрине, Теміровтың жеке өз басының ақылдылығына, жоғары мамандығына, адамшылық қасиеттерінің молдығына арналған мақтау сөздері де аз болған жоқ. Ал сосын әңгіменің негізгі бөлігі басталды, және, майордың түсінуінше, оны жалдауға бағытталған болды.
-Иранмен арадағы соғыста әділдік біздің жағымызда, және біз, әрине, біздің халық, БААС партиясының басшылығымен жеңіп шығамыз. Бірақ елдің одан әрі дамуына қажет қымбатты уақыт босқа кетіп жатыр. Сіз барлық жерде салынып жатқан балалар бақшаларын, мектептер мен университеттерді көрген боларсыз, көрмесеңіз әлі көресіз.
Теміров келісіп басын изеді.
-Сыртқы жаулардан басқа бізге қарсы тұрған екі ішкі күш бар: шииттер мен курдтар, олардың көпшілігі дұшпанның диверсиялық - барлау топтарын құруға таптырмайтын негіз.- Кеңес «маманына» сынай қарап қойып «диктатор» сөзін әрі жалғастырды. - Турғындардың осы бөлігін бейтараптандырып, жауды бір соққымен тізе бүктірудің нақты мүмкіндігі бар. Бұл ретте сіз бізге қомақты көмек көрсете аласыз, ол туралы Ахмад-дәрігер сізге толығырақ айтып береді. Қазіргі таңда, өкінішке орай, бізде сіздің бейтіңіз бойынша талантты мамандарымыз жоқ. Біздің үмітіміз ақталған жағдайда, сіз соған сәйкес сыйланасыз. Мен қазір сыйдың дәл мөлшерін айтып жатпаймын, бірақ ол сізге қалған өміріңіз де, балаларыңызға ауқатты күнелтуге жетерлік боларына уәде беремін. Мұны сізге ұлы Ирак мемлекетінің бірінші басшысы айтып отыр.
«Көсем», ойланып кеткен түр жасап, алдын ала дайындалып ірі әріптермен басылған мәтінге көзін тағы бір жүгіртіп өтіп, Дастанның көзіне тесірейе қарап жалғады:
- Біз сіздің саналылығыңызға, бізге, біздің тарихи ұлы елімізге шын көңілмен көмек көрсеткеніңіз келетініне сенгіміз келеді. Ал қазір жүре беріңіз, бұдан арғы әрекеттеріңізді Ахмад-дәрігер көкейіңізге қондыра түсіндіріп береді. Егер маған әлде бір сұрағыңыз, өтінішіңіз болса, осы Ахмадқа айтыңыз, ол маған тығыз түрде жеткізудің ретін табады. Сұрақ бар ма?
- Менің не істеуім қажет болатынын анығырақ айтуға болмас па екен? Мен түсінбей отырмын, - Теміров әңгіме бактериологиялық қару –жарақ пайдаланып диверсия жасау туралы екенін бірден түсінсе де, сұрақ орынды, шынайы шықты.
- Мен Ахмад-дәрігер біздің стартегиялық және тактикалық жоспарларымызбен таныстырып, сізді іс барысына енгізеді деп айттым ғой. Сіз үшін ешбір қауіп жоқ. Айтпақшы, осы мүлдем залалсыз және табиғи нұсқаны бізге ұсынған, біздің кеңестік досымыз, сіздің әріптесіңіз болады. Өкінішке орай, ол тұрмыстық төбелесте қаза тапты.
- Әйтсе де, мен қолдануға бар халықаралық пактілар мен конвенцияларды бұзуға бағытталған ешқандай қимыл – әрекет жасауға бармайтынымды ескерткім келеді.
- Қымбатты дәрігер! Сізге адамзатқа қарсы ешқандай заңсыздық жасауға тура келмейді. Бірақ менің де ескерткім келеді, сіз біздің елдесіз, мұнда, басқа жерлердегідей бұлжымас ереже бар: Кім бізбен бір болмаса, сол бізге қарсы. Тағы бір рет қайталаймын, ақылды болыңыз.- «Көсем» даусынан қоқанлоққы көрсетушілік байқалды.
Ол креслодан ақырын көтеріліп, маңғаздана қоштасуға падишалық қолын созды, бірақ бұл жолы бұрынғыдай қыспады.
4-тарау
Әзәзілдің асханасы
«Саддам Хусейінмен» кездесіп шыққаннан кейін Ахмад салтанатты кейіппен рульге отырды. Ол ауық-ауық артқы орындық айнасына қарап қойып, қайдағы бір бишара дәрігерге «Көсемнің» өзімен көрісу қандай әсер қалдырғанын білуге тырысып келеді. Дастан болса, өз кезегінде, жүзінен керемет таңданған, масаттанған адамның түрін көрсетуге тырысуда. Мүбараққа келсек, мұның бәрінің оған еш қатысы жоқ адамша отыр.
Міне шығыс ертегілерінен есте қалған Бағдадтың қала маңы. Даңғыл жолдан бұрылып, тар, бірақ бетондалған жолға түсіп, бұлар аласа шарбақпен қоршалған кәдімгі бала бақшасының алдына келіп тоқтады. Бәрі әдеттегідей: қақпа, есік, күзетші үйшігі. Белгі салынбаған әскери киім киіп, қолына автомат ұстап, беліне жиырма оқты америка «Магнум» пистолетін қыстырған күзетші шықты. Дәрігер көлігінен шығып, онымен құшақтаса амандасты, арасында автокөлігіне қарай басын изеп қойып , бір мәселені ұзақ талқыласты. Орнына отыра сала, зыр етіп қақпадан өте бергенде, іште әскери киім киген тағы екі күзетші тұрғанын көзі шалып қалды.
«Соғыс кезінде бала бақшаға дейін әскери нысанға айналған түрі бар» - деген ой келді чекистке.
Балалар мекемесі ғимаратының айналасын кішігірім қалың пальма орманы қоршаған десе боларлық. Теміров көліктен шығып, жан-жағына аңырая қарады. «Қызық екен, ғимарат жаңа сияқты, ал ағаштар ескі. О, ал мынау немене? Нысан қоршаудың американдық жүйесі - бейнебақылау камерасы іспеттес, инфрақызыл сәулесімен жұмыс істейтін «Юпитер» белгі беруші ғой бұл. Қоршау бойлай, «Егоза» тектес тікенекті сымдардан жасалған жер бетілік тосқауыл және бар. Қысқасы, бала бақшасы емес, нағыз құпия нысанның өзі».
Ахмад қызметкерлер кіретін есікті электронды кілтпен ашып кіргенде, кең дәлізде бұларды капитан погонын таққан офицер қарсы алды. ( Балашихада алған дайындығы міне қайда іске асты), капитан мен Мүбарақ қалып, Ахмад Теміровпен лифтке бет алды. «Капитан менімен бойлас, тек менен он шақты келі ауырлау болар» - чекистің санасы мұны еріксіз ойға салды.
-Қазір аздаған саяхат жасап, менің шаруашылығыммен танысамыз.
Жапондық шапшаң лифт төмен қарай ысқыра зымырап, қандай тереңдікте екенін шайтан білсін, жолаушыларды нәзік тербете жүріп келіп, жұмсақ тоқтады.
-Рахым етіңіз, дәрігер мырза, келіп қалдық! - Ахмад соңына еруін сұрап басын изеді.
Ұзыннан ұзақ кең дәліз мүлдем бос. Екі жақтағы қабырғалар ақ бояумен сырланған. Дәліздің ең алыс түкпіріндегі есікке арапша жазылған тақтайша ілінген, бірақ үстінде жіліктер айқастырылған бастың қаңқасы, түсіндіруге сөз қор етуді қажет етпейді. Есікті екінші кілтпен ашқан Ахмад жолсерігін тап осы жұмбақ бөлмеге енгізді.
Бөлме – кәдімгі бөлме, ерекше ештеңе жоқ, кең, едені мен қабырғалары ақ түсті кафелмен жабылған. Қақ ортада сүт зауытында сүт залалсыздандыруға қолданылатын үш тонналық жылу өлшегіш тұр.
- Дастан Темірович, мынау не деп ойлайсыз?
- Есіңізде болса, Ахмад-дәрігер, мен зпидемиологпын, және, санэпидстанция қызметкері ретінде сүт зауыттарын тексерулер кездерінде мұндай қондырғыларды талай рет көргем.
- Оның солай екені солай, бірақ біздің жағдайда, оған химиялық - биологиялық құрамы жағынан жылу 36.6 С агар-агарға ұқсас ет сорпасы құйылған.
- Қызық екен! Сонда сіз онда соншама көп не өсіріп жатырсыз?
- Дизентерия, ішек сүзегі, сальмонеллез.
- Неменеге? Бұл нәрсіз індеттер ғой. Олардан не пайда?
- Айтпаңыз. Егер, мәселен, бір өзен бойына бекінген дұшпан әскерінің алдыңғы қатарында, дизентерия және басқа да ішек індеттеріне шалдыққан жауынгерлер шалбарларын түсіріп, бұта-бұтаның тасаларына жүгіріп жүрсе, олардан қандай пайда? Және мынаған көңіл аударыңыз, бұл бактериологиялық қару емес, бар болғаны нәрсіз індет көзі ғана, кір қолдың ауруы. Ал бұдан басқа бірдеңе қолдансақ, бүкіл әлем бізге қарсы шу көтерер еді.
- М-м-иә-ә, бұл пиғылдың маңызы бар сияқты, тек теория бойынша ғана. Ағын судың текшеметіріне жеткілікті биоматериалдың мөлшерін есептеп шығару мүмкін емес. Ал сосын, мына танктердегі дақылдар өсіп жатқанына сенімдісіз бе? Ұрықтандыру тығыздығы қандай екенін есептедіңіз бе?
- Қадірлі доктор, сіз мамансыз, карталар қолыңызда. Сондықтан да Саддам Хусейн сізді өзі қабылдап, көмек көрсетуіңізді сұрады ғой.
- Бірақ бұл бәрі бір адамшылдыққа қарсы қылмыс. Мен дәрігер антын бергем, бұл іске мен қатыспаймын.
- Сіздің бізбен қызметтес болудан басқа амалыңыз жоқ. Бұл қорқыту емес, жәй жолдастық ескертпе. Жау да қалғып жатқан жоқ, біздің жоспарларымыз жайлы кейбір ақпараттары бар. Сіздің үш бірдей әріптестеріңізді өлтірді ғой. Және бұл шиитердің ісі болуы әбден мүмкін іс. Олардың агенттік торы кең жайылған, яғни мүмкіндіктері де зор. Және, біздің білуімізше, ақпарат ССРО денсаулық сақтау Министірлігінен шығып жатыр. Біз сізбен енді бір шынжырмен байланғанбыз.
- Қорқатын ештеңе жоқ! Мені елшілікке жеткізіңіз. Іс бітті.
- Дастан Темірович, бізді де дұрыс түсінгеніңіз жөн. Егер біз қазір жедел түрде дамыл алмасақ, Иракка үш бөлікке бөліну қауіпі тұр: шииттер Иранға қосылмақ. Курдтер әне-міне автономия жариялау алдында. Көресіз бе, мен сізбен барынша ашық сөйлесіп отырмын.
- Сіздің айтқандардың бәрі полишинелдің құпиясы. Бұл туралы әлемнің барша тілшілері мен саяси жолаушылары жазып жатыр.
- Бірақ бұл тұрғыда мемлекеттік ресми өкілі аузынан есту мүлде басқа емес пе?
- Айырмашылығы қандай?
- Мен айтқандардың бәрі елдің бірінші тұлғасы аузынан шыққан сөз деп есептеңіз. Президенттің сіздің сыйақыңыз туралы айтқаны есіңізде ме? Міне сол сый жүз мың американ долларын құрайды, қомақты сома.
- Не пәлеме керек ол маған, мен онсыз да жаман тұрмаймын. Ал сосын ССРО-да оны мен не іске жаратам?
- Әңгіме сізге Швецария банкінде есепшот ашу жайлы.
- Одан да сорақы. Мені кім онда жібереді?
- Бізден кез келген елге ұшып кете аласыз, ал онда саяси қамқорлық сұрайсыз. Сонша ақшамен еш жерде құрымайсыз.
- Маған басқа отан қажет емес, мен үшін ССРО-дан артығы жоқ.
- Жарайды, жақсы, сый-марапат мәселелері сосын, іс ойдағыдай тамамдалған кезде қайта қарап, шешерміз.
- Шешіңіздер, тек менсіз.
- Дастан Темірович, қалай дегенімен, бүкіл Ирак халқының атынан, біз үшін аса қатерлі сәтте, бізге көмек беруіңізді сұраймын. Түсініңіз, сіз болмасаңыз басқа біреу бұл жұмысты атқаруға келісім береді, тек мемлекет пайдасына пайдалануға қажет қымбат уақыт бостан-босқа өтіп кетеді.
Мүмкін біздің елдерді байланыстыратын барлық жайттар мен мүдделерді біле бермейтін боларсыз, сеніңіз бұл сіздің елге де керек іс. Сіздің басшыларыңыз, естілігіңізге сеніп, тура бұйрық бермеген болар. Бірақ, адал сөзім, олар істің жай -жапсарымен таныс. Ол аз болса, соғыс барысының осы нұсқасын бізге сыйлаған, өкінішке орай, опат болған, сіздердің мамандарыңыз.
«Шынында да менің әріптестерімнің ішінен дүние құмарлау біреу табылып, бұларға керектің бәрін жанын сала жүзеге асыруы ғажап емес қой». - Чекист ақылмен кеңесіп, оның бір ретін ойлап тапқанша, процессті өз бақылыуында ұстаған жөн деген сана кеңесін жөн деп тапқан чекист:
- Жарап жатыр, мені иландырдым деп есептеңіз. Іске көшелік: мына термостаттарға қайта отырғызуға қажетті материал қайдан аласыздар?
- Сіздердің бактериологтар бактерияларды тропикалық аурулар лабораториясының қарапайым Петри шынаяқтарында өсіріп шығарады, ал мұнда біздің зертшілер агар-агардың жоғарғы қабатын кесіп алады да, құнарлы орталық - мына танктерге тастайды.
- Бірақ бұл тым ақырын және ұзақ мерзімді процесс қой. Сіздердің ыстық ауа райы жағдайында, судың табиғи қорларын пайдалану абзал болмас пе еді.
- О! Өз ісінің майталманының сөзін естіп тұрмын. Кәнеки, дәрігер мырза, қол соғысамыз ба?
ССРО мемлекеті қауіпсіздігінің майоры, Ирак мемлекеті қауіпсіздігінің бар белгілері бойынша полковник шенінен төмен емес, офицерімен үнсіз қол алмасты.
- Ахмад мырза! Біріншіден, сіздің ұлы ертіндіңіз бір миллиметрге шыққандағы ұрықтандыру тығыздығын есептеп шығару үшін, аса күшті микроскоп қажет болады. Зерханада ол табыла ма?
- Жолдас Теміров, бәрін табамыз, қалағаныңыздың бәрін табамыз!
- Бірақ мұның бәрі ертең. Тағы біраз дәрмектер қажет болады, бірақ олар сізде табылар деп ойлаймын. Ал қазір, сіз маған Бағдадты, бала кезден көруді армандаған Бағдадты көрсетесіз бе?
- Әрине, Дастан Темірович! Бүгін, былайша айтқанда, демалыс күні болады. Қаланы аралаймыз, таныстық үшін аз-маз алып қоямыз. Солай емес пе?
- Зор ғанибетпен! Демалыстың аты демалыс, ал іс шаруалар ертеңге дейін күте тұрады...
5-тарау
Жалған данасынбай-ақ
Бұл Қазақ ССР-ының майоры Теміров Дастанның өміріндегі ең сұмдық түндерінің бірі болды. Жедел, ең дұрыс, ең сенімді шешім қакбылдау.
Азапты ойлар бірінің соңынан бірі шапқылап келіп-кетіп жатыр. Төсекте бір бүйірден екіншіге аунақшығың келеді, бірақ Мубарақ-қарауылыңа, қауырсыны жұлынатын тауық құсап, түскен тордан шығудың амалын іздеп , ұйқысыз жатқаныңды білдіруге болмайды. Ахмад-дәрігер дұшпанының әскери күшін бактериологиялық қару түріне жатпайтын қарапайым ішек аурулары індетін тарату арқылы залалсыздандырғысы келсе де, бәрібір оның зардабы қандай боларын болжап білу мүмкін емес. Дені дұрыс адамның үш ұйқтаса түсіне кірмес жағдайларда патогенді бацилдер қандай мутацияға ұшырарын кім білген? Соғыс зардабынан ағзалары әлсіреген халық бұған шыдай ала ма? Жоқ, Ахмадқа оның өз әзәзілдік жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге болмайды.
Не істеу керек? Менің жағдайымда, менің мүмкіндіктеріммен не істей қоюға болады? Тіпті табельді топаншам да жоқ.
- Ұйқы қашып кетті ме? Қатты шаршағанға ұқсайсыз,- Ахмат таңғы ас үстінде қызығушылық білдірді.
- Кеше, Ахмад-дәрігер, дегенімен шектен шығып кеткен тәріздіміз. Вискиді, шынын айтсам, өмірімде бірінші ішкенім. Алайда, мәселе тек онда емес, мен ақша жайлы ойладым. Жүз мың доллар - біздің кеңес рубліне шаққанда, онша ірі сома емес, және бізде, Одақта, оларды ақылмен жұмсауға болады. Былай істесек: ақшаның аз бөлігін осында, ұшар алдында, қалғанын Мәскеуде - сіздердің елшілік өкілінің қолынан алсам қайтеді?
Ахмад ойланып қалды, ойы ұзарған сайын оның бет әлпетінен өркөкіректенуі, және өзіне деген сенімділігі арта түскені көрінді.
-Ойларыңыз мақтауға тұрарлық, Дастан Темірович, еңбек, қандай болса да нәтижесіне қарай бағалануға тиіс, егер бәрі ойдағыдай шықса, сіз ерлік жасаған боласыз. Менің Отаным оны ештене ұмытпайды, сізге мәңгі риза болады. Сіздің тілегіңізді менің ойымша, жүзеге асыруға әбден болады. Сіз зертханада кезекте тұрған істермен айналасасыз, ал мен бұл уақытта қажетті жерлерге барып, сіздің тілегіңізді орындау жайын ойластырам. Бәрі сіз қалағандай боларына сенімдімін. Қысқасы, тып-тыныш жұмысымызды бастай беріңіз.
Теміров «бойлерлік» - деп атау берген жайға микроскоп, жұмыс үстелдерін, зерханалық жылу өлшегіштер, басқа да жабдықтар кіргізіп, орнықтырғанша уақыт байқатпай түске таяпты. Тағы да сол үшеуі: Теміров, Ахмад және Мүбарақ бірінші қабаттағы буфетте тамақтанды.
- Буфетші әйел қайда?- ойнақылана сұрады Теміров. Мені , неге екені түсініксіз, буфетші әйелдерге тартып тұрады. Студенттік аш кезеңнен қалған әдет болар.
- Бірінші ереже: қарауыл басшысынан басқа ешкім сізді көрмеуі шарт. Ал ол мәселенің ретін біз келтіреміз.
- Қандай?
- Әйелдермен, әрине
- Ой, мен жәй ойнап айттым ғой.
- Доктор, доктор! Сізбен біз дәрігерміз, солай ма? Сондықтан бәрін де ақылға үйлестіре қарауымыз керек, солай емес пе? Ендеше, айтқандайын, табиғидың - ұсқынсызы болмайды.
Дастан Теміров үнсіз басын изеді. «Тіпті тамаша, сендер енді мені осы бір әлсіз жерімнен де мықтап ұстайтын болдыңдар. Өзіңнің рухани бейнеңді, жолдас Теміров, шапшаң жоғалтып келесің, тым шапшаң...»
- Иә, қарауыл офицерге ескертіңіз, маған оның көмегі қажет болып қалуы мүмкін. - Дастан бұйыра сөйледі.
- Сіздің жаныңызда тұрақты Мүбарақ болады ғой, - Ахмадтың үнінен наразылық сезілді.
- Ол, әрине, бірақ ол кезде Мүбарақтың қолы бос болмай қалуы мүмкін. Жарайды, көре жатармыз.
Ахмад «ғасыр диверсантының» ақшалай сыйлығы мәселесін шешуге жүріп кетті. Дастан мен Мүбарақ «бойлерде» жалғыз қалды.
Теміров төрт күшейтілген әскери газтұтқыш сұратып алдырып, микроскопиялық зерттеуге қажетті дәрі-дәрмектер дайындауға асықпай кірісті. Біраз уақыт өтіп, Ахмад бірдеңе ұмытып қайтып келмесі белгілі болды.
-Мен қазір зерттеуге қажет үлгі алу үшін мына танкты ашамын, ал сіз мені қорғауға әзір болыңыз, пробиркалар қолымнан түсіп кетуі мүмкін. Мұның буы аса қауыпты, сондықтан газтұтқыш киюге тура келеді.
Мүбарақ көз ілмес жылдамдықпен басына газтұтқыш киіп алды да, көнгіштік білдіріп, суқойманың жанына тұра қалды.
«Кешір қымбаттым, мен саған залал жасағым келмеді, бірақ осылай істемесем болмайды!» - деп чекист ойша ақталды да, сорлы майдангердің жетінші мойын омыртқасы тұсынан жойқын соққы бергенде, ол еденге құлап түсті. Сосын зор көлемді бактың люгын ашып, көп күш жұмсап, өлік денесін ішіне тастады.
Дем алып, тынысын дұрыстағасын, қарауыл шақыру түймесін басты. Капитан есіктен аттай бергенде, Теміров ыммен есікті жап деп белгі беріп, газтұтқышты қолына лақтырды. Капитан сөз қатпастан әскери қорғаныс сайманын басына кие сала, ешбір жаман ойсыз «ССРО-дан келген маманның» қасына келді, және сол сәтте, киім -кешегін кеңес майорына сыйға тартып, тайпаласының соңынан бактың ішіне кіріп жоқ болды.
Дастан зауыт жылу өлшегіштерінің люктерін тасқып жауып, жылыту шегін ең жоғарғы деңгейге қойды.
Асып кетсе бір сағат арасында мына жұқпалы сұйықтық жүз жиырма градусқа дейін ысыйды. Ондай ыстыққа тіпті сібір жарасы мен құрт ауруы таяқшалары да өлім табады.
Әлемнің осы сипаттас мекемелерінің бәрінде, жалпы дабылдың қызыл түймесі мен кісілер көшіру схемасы есіктердің қастарына орналасқан. Дабыл шыңғырысы тыныштықты бұзды. Осы кезге дейін көзге көрінбеген қызметкерлер, бір адамдай газтұтқыштар киіп алып, дәлізге атып шығып, әрқайсысы өзінің көтергішіне қарай кете берісті.
Капитан формасын киген Теміров, ешбір кедергісіз автокөліктер тұрағына өтіп, ұнаған көлігін ашып отырып, үздіксіз сигнал бере қақпаға тұра тартты. Газтұтқыш киген күзетші автоматты қақпаның түймесін басты.
Алда шөл даланың бұлдырын кезіп ертегі қала Бағдат елестеді.
Эпилог
ССРО-ның Ирактағы елшілігінің Бірінші хатшысы, және де ССРО ҮҚК-ның резиденті полковник Семенов Виктор Владимирович, жұмыс үстелі басында басын қос қолдап қысып алып, ұзақ үнсіздікке берілгені сондай, майор Теміров, ол ұйықтап кеткен жоқ па деп, қысылып отыр.
-Сен бізге бас қатырғыш шарада тауып бердің, майор! Сені не істесек екен, ә? «Садик», біз оны мұнда солай атаймыз, сенің қолыңмен ойдан шығарылған бактериялогиялық қару қолданғысы келді дейсің бе? Біз олай келіскен емеспіз! Бұл жерде сенің табан асты шешімің дұрыс та шығар. Әзірге дәлізде қыдыра тұр, мен Орталыққа қоңырау салып, баяндайын...
Он минут өтті.
-Міне былай, майор, сенікі жүз пайыз дұрыс болып шықты. Үйге ұшасың, бірақ Джидда арқылы. Сауд Аравиясы шекарасына дейін елшіліктің салтанатты «Мерседес» көлігінің жүк салғышына « жайланып» жатып барасың. Ал қазір саған шетелдік құжат дайындағанымша, біздің буфетке барып, дұрыстап тұрып босаңсы, стресіңді шығар. Жә, сен мені түсінесің ғой, тек тым шамадан шығып кетпе және елші жолдастың көзіне түсіп қалма...
Қолыңды берші, інішек, дұрыстап бір қысайын!
Соңы.