Адам қарады: 858 | Жарияланды: 2020-04-14 02:30:58

Тұзды көлдің мөлдір бұлағы

ЖЕРМАЙ ШАМНЫҢ ЖАРЫҒЫ

БІРІНШІ БӨЛІМІ

 

                                                    1 – Тарау

 

                                                 Аласталған жанұя

 

Үш күн бойы суық жаңбыр себелеп жауып тұр. Аспан әлемін шексіз-шетсіз қарақұрым бұлттар жаулап алған дерлік. Күзгі ылғалмен ісінген қара топырақ ашытқы салған қамырға ұқсайды. Солтүстіктен соққан ызғарлы  жел жоғары көтерілуге қорққандай жер бауырлай жайылуда.

Айыртау селосының жан-жандарсыз балшыққа былыққан көшелерін бойлап аяқтарын әрен-әрен басып, шөп тасуға арналған арбаға жегілген қара бие мұлкіп  басып келе жатыр. Бірақ оның қазіргі жүгі шөп емес: Шамшіқамар мен оның үш баласының «мүліктері». Арба артында қыздары: Роза мен Клараны, ертен бірінші рет мектепке бармақ ұлы Дастанды (еркелетіп айтқанда Дато) ертіп, саз балшықтан аяқтарын әзер алып аналары келеді. Тап бүгін, қырсық шалғандай, мектеп есігін ашушыларға арналған  мереке болғалы жатыр, ал оған барарлық Шәмшіқамардың да, балаларының да, жайлары да, той тойларлық көніл-күйлері де жоқ. Басты себеп: жаздың соңғы күні бұлар баспанасыз айдалада қалып тұр.

Бұл былай болған-ды. Күйеуі, төрт баланын әкесі, мемлекет қауіпсіздігі капитаны Асанов Темір бұларды тастап басқа әйелмен көңіл қосуға кеткенде, жануясы екі бөлмелі мекеме пәтерінде тұрып қалған-ды. Әйтсе де, аудан милиция басшылығы мұны жалғызбасты әйел үшін тым артық жай санап, оның бір бөлмесіне үміт артарлық жас маман, аға сержант Сахновты әйелімен кіргізді. Бұған қарсы не айталасың?  Мекеме үйі ғой. Оған да төзүге, күнелте тұрұға болар еді-ау, бірақ Сахновтың  жас келіншегі Маруся қорғансыз пәтерлестерін қуып шығуды мақсат тұтты. Сол үшін қаражүрек қатын әр түрлі қулық-сұмдықтар тауып, жанжал шығарумен болды. Тіпті басқа дінді ғұрыптаушы көршілерінің шыдамын шайқау үшін тап-тар қорашыққа шошқа әкеліп ұстады. Шәмшіқамар болса, осы секілді жүгенсіз қорлаулары мен зәбірлеушіліктерін қадірменді аталарынан рухани мұра болған ізгілік қасиетке сүйеніп, үнсіз төзіп шыдай берді. Тек, анда-санда, қолының сыртымен бетінде сорғалай аққан көз жасын жасырын сүрте салғанын көруге болар еді. Сол ғана, одан әрі жақ ашып бір ауыз сөз айтылмайды.

Ал кеше Маруся оған сұмдық саяси айып тағып шыға келді: Өзі улап өлтірген шошқаның кінәсін Шәмшіқамарға жағып, «Сен мұсылмансың, діни көзқарасың бойынша әрекет жасадың» - деп айып тақты. Бұл кінә Шәмшіқамарға төбеден ұрғандай әсер етті. Жақын жылдары ғана өріп, халықтың есінде тұтылған, нәтижесінде әкесі Жұке-Пірадар мерт болған саяси жазалауды еске алған байғус әйелді қорқыныш биледі. Келер танды көз ілмей қарсы алған ол, тұра сала өзі тігінші болып жұмыс істейтін артельге барып, басқармасынан арба сұрап алды да, барлы-жоқты бұйымдарын тией сала, балаларын ертіп қарғыс атқан үйден, зұлым ойлы Сахнова Марусядан, оның арам қатқан шошқасынан алысырақ кетуге бел байлаған-ды.

Міне, осы жайға байланысты қазір олар батпаққа батқан жүк көлігін итермелеп, суға малшынған күйде, пәтерге жіберер жанашыр іздеп Айыртаудың көшелерін кезіп келеді. Өкінішке орай, Кривоозерный аталған ескі казак станицасында ондай жандар таппайсын. Мұндағылардың әрбірі берік шаруашылық иелері. Ал қазақ отбасыларын саусақпен санауға боларлық, және бәрі түгел-жалаңаш кедейлер. Бүкіл селоны аралап шықты, тіпті жүзшақты метрдей жерде көбіктене бұрқанып жатқан көлге де жақын келіп қалды...

«Бұл қалай болды, Темір, сенің балаларың қайыршылар сияқты ашық аспан астында қалды ғой, - деп Шамшіқамар күйеуімен ойша сөйлесіп келеді. - Сен балаларды жақсы көретінсің.  Оларға Сара, Роза, Клара деп, ешкімнің сөзін тыңдамай ат қойып едің. Тек ұлына Дастанға әкең – Асан-атаға ғана досының атын қойдырттың, сосын тай сойдырып, бүкіл ауылды жиып, керемет той жасадың. Соның бәрі қайда қазір? Қара міне балаларыңа, мал-мандай су, баспанасыз, суықтан дір қағып келеді. Бір жақсы жері үлкен қызымыз Сара қалада, меірбан адамдар қолында тұрып оқу оқып жатыр. Қазір қайдасың сен, Темір? Біздің қасіретімізді көресің бе?»

Балалар әбден шаршашаған, тоңғаннан тістері біріне бірі тимей сыртыл қақсада үндемейді, тек көздерінен ғана аса қатты жабырқағандың белгісі көрінеді. Не істерсің енді? Қандай тар, қараңғы болса да, қазір бір жылы бұрыш табылса ғой, шіркін. Тірі жанға одан артық не керек?

Осы шақта біздің көшкіндер төбесі қоңыр-қызғылт түске сырланған үлкен ағаш үйдің жанына жақындаған еді. Сол кездері мұндай үйлер ішкі қабырғаларының орнатуына қарап «крестовый»  деп аталатын. Көше жаққа қараған төрт терезенің түбінде бұтақтары кең жайылған төрт терек өсіп тұр. Биік те, кең терезелерден электр шамдарының сарғылт түсті жарығы қуйылып тұр.

Осындай өмір сүретін бақыттылар бар ғой!

Бір мезетте бөрене дуалдың есігі айқара ашылып, далаға ақ, сары шашы желбіреген, иығына әскери плащ - палатка іле салып, аяғына резина етік киген, толықша жас әйел атып шықты.

- Тоқтай тұрыңдар! Тоқташы! - айғай салып келеді ол ауыр дем ала, ырсылай сөйлеп.

Әйелдің даусын естіп өзінің ауыр жүгін жеңілдетүге бір септігі тиер деп үміттенген, әбден шаршап-қалжыраған құла бие тоқтай қалды. Оған ілесе көңілсіз көштің қалған қатысушылары да тоқтады. Орыс қатындарынан қандай пәле келерін кім біледі деп ойлап қалған Шәмшіқамар құп-қу боп бозарып кетті. Қыздар мен Дастан көрікті келіншекке әуестікпен тесіре қарап қалған. Ойлары: бұдан жаман ештеңе бола қоймас.

 - Сіз капитан Асановтың жұбайысіз бе?  - деп бейтаныс әйел суық пен жүйке куйзелісінен қалтырап тұрған Шәмшіқамарға сауал қойды.

  - Иә, - шешесі орнына қыздардың үлкеңі Роза жауап  қатты.

 - Мен сіздің отбасының тарихінан хабардармын. Менің күйеуім Василенко Геннадий Ферапонтович паспорт үстелінің бастығы болып істейді. Сіздің күйеуіңізбен жақсы таныс, дәлірек айтсам, таныс болды. Жақында ол түскі асқа келгенде Сахнованың сізге қарсы не ойластырғаны жайлы айтқан. Қандай сұмпайы өзі!

 - Сенің күйеуің оны қайдан білген? -  Шамшіқамар әңгімеге араласты.

 - Шағын ғана село емес пе, мұндағылар бір-бірін жайлы бәрін біледі.  - белгісіз әйел томпиған беттерінен жаңбыр суы сорғалап, жалбыраған шаштары мүлдем суға малынса да, кете қояр сыңай көрсетер емес. Ол қой көзді, қалың кірпікті, ұзынша қоңқақ мұрынды, барқыт түсті ақ терілі жан екен. Дене салмағының артықтығына қарамай биязы, нәзік, басқаша айтқанда, нағыз орыс сұлуы екендігі көрініп  тұр.

 - Менің есімім  Зина. Ал сізді қалай атауға болады?

 - Шамшіқамар.

- Ой, қандай қиын ат. Шура десем бола ма?

Шәмшіқамар үнсіз иығын қысып, қалай атасаң өзің біл деген шырай танытты.

 - Жұмыстағылар мамамызды «Рая» атайды  -   ересектер әңгімесіне балалардың ішіндегі ең пысық әрі зерегі Роза араласты.

 - Онда мен де сізді Рая апай деп атайтын боламын, жарай ма? - деді де бірден ас үйден шығарып суық жауын астында тұруға мәжбүр еткен шаруасын айтуға кірісті.

 - Міне, мынау үй революция кезіңде кеңес үкіметі атып тастаған Харламов деген кулактын меншігі болған,  - электр жарығы  түсіп тұрған терезелер жаққа меңзеп.  - Үй төрт бөлмелі, біздің отбасымыз  - куйеуім, мен, екі балам мен шешем - үш бөлмеде тұрамыз, ал төртінші бөлмені қойма ретінде ұстаймыз. Тағы екі шошала  бар. Егер қарсы болмасаңыз, мен тап қазір сол бөлмені босата қоям, ал сіз сонда жайғасыңыз. Орын бәрімізге жетеді.

Шәмшіқамар байғұс таңғалғаны сонша, қолындағы делбесін түсіріп алды, кыздардың беттеріне жылы рең кірді, Дастан да, орысша түк түсінбесе де тұнжырауын қойып, қатты қысқан алақандарын жазып, мүлдем үлкендерше алақанымен маңдайына жабысқан бұйра шаштарын сипалап, түзеумен болды.

 

                                                     ***

Қоңырау соғылып, оқу тамамдалды. Міне, өмірдің жарқын шағының бақытты кезеңдері өте шықты, енді оның қараңғы, әлде тіпті қара сәттері басталмақ.

Жарқын жағы - Көкшетау медицина училищесінде оқитыны, үшінші курске өтті. Мұның, яғни Сара Темірқызының өмірлік арманы - дәрігер болу, адам емдеу, өмірлерін дерттен, өлімнен қорғау. Ал училище сол мақсатқа жету жолындағы сатының бірінші басқышы. Сондықтан да ол тек үздік оқуға тырысуда, әртүрлі муляждарды ақтарып, бақаларды, кейде өліктерді союға қатысады. Жанын сала латын тілін жаттайды, химиялық тәжірибелер жасайды, азаматтық қорғау сабақтарында зембіл көтеріп жүгіруге машықтанады. Бұл өмірде әр білімнің керегі аян.

Қараңғысы - тұрмыс. Сара алыс ағайын Шерханның үйінде тұрып өкиды. Айтуынша, оның мұнысы тірі әкесі тұрғанда жетім қалған қызды асырап мейірбандық жасағаны болса, шын мәнінде, үйіне тегін қызметші, малай кіргізіп алған еді. Ал Шерханның шаруашылығы  мол: ол қосымша салымдары бар  улкен үй, бірнеше сарай, үш сауын сыйыр, екі ат, оншақты қой иесі.

Аспанды ауыр бұлт басып тұр, суық жауын бетті қарып барады. Мамасының үлкен шәлісімен бетін жауып алып, Сара үйге жүгіре басып келе жатыр. Бара сала ұйқыға жатқанға дейін доңғалаққа тыққан әқ тиін тәріздес талай істер тындырып үлгеруі керек.

- Апатай, қалыңыз қалай? - табалдырықтан аттай бере Сара қуанышты үнмен үй иесі әйелмен амандаса кірді. Онсыз бәлеге қаласың - әкен өлгендей неменеге бұлтиып жүрсің, өмір бойы саған ештеңе жақпайды - деген сияқты жазғыру сөздерін жанға батыра айтып жатады. Немене, шешеңді сағындың ба? Бар, анау тұған Айыртауыңа... Жанға жағымсыз сөздер тауып айтуға көп ақыл қажет еместігі белгілі ғой.

-Қайда жоғалып кеттің, құрғыр қыз? Таң атқалы пеш жағар адам жоқ, тонып біттік бәріміз. Тезірек от жақ, шәйнек қой, тек алдымен күл шығар, -  әдеттегідей тіксіне бұйырды Ажар апай.

Сара шәйнекті қайнатып әкелді, ал арнайы шәйнекке шай салуды апай ешкімге сеніп тапсыра алмайды. Үнемділікті бұл үйде ешкім ойламайды ғой, сондықтан бұл істі тек өзі атқаруға мәжбүр. Сол сияқты нан турауды да ол Сараға сеніп тапсыра алмайды -  бойының аласалығына, дене толықтылығына қарамай, бұл қыздың асқа тәбеті тым жақсы. Екі тілім қара нан бұған әптен жетіп жатыр, болмаса, құдай сақтасын, одан әрі жуандап кетуі мүмкін ғой. Бұл он жетіге жаңа толған қыз үшін қауіпті жай!

Ал Сара болса, ыстық шайға шала-шарпы жылына сала балшық пен батпаққа қайта шықты.Үйге су тасып, мал суару қажет. Ол үйден екі жұз метр  жердегі қоғамдық құдықтан тасылады. Бүкіл үйдің жандары мен малдарын сумен қамтамасыз ету үшін иыққа салған екі шелекті иінағашпен күніне ерсілі-қарсылы қанша қатынас жасау қажеттігін, сол үшін қанша шақырым жол жүрелетін есептеген ешкім жоқ.

Иығындағы иінағашқа он литрлік екі шелек су іліп, салмағынан еңкейе басып, теңселе жүріп келе жатқан, шаршап-шалдыққан Сараның көз алдына әке-шешесі бірге тұрмыс құрған бақытты өмір кездерінең  сұреттемелер өтіп жатады.

Мінекей, мамам мен папам қонаққа жиналып жатып айна алдында күліп-ойнап тұр. Екеу де сымбатты, көңілді, бір-біріне әзіл сөздер айтып, қалжыңдасады. Мамамның үстінде бір кездері Атбасардың белгілі байы, атақты емші болған әкесінен мұра қалған алтын әшекейлер. Олардың қайтып келуін, әкелетін тәтті, дәмді тағамдарын ұйқысыз күтеді. Көнілденіп қайтқан әкелері қолына гармонь алып қазақ, татар, орыс халық әуендерін тартқанда, мамалары нәзік сырлы даусымен оны қоштап ән айтатын, ал қыздары билей жөнелетін.

О, Аллам, осының бәрі расында болып па еді? Әлде мұның бәрін түсімде көрдім бе? Әй, папашым, не істедің сен?

Екі түйір нанға тойынбаған, қарын ашып барады. Шерхан ағайдың өзінің торы айғыры Боранды жақсы көретіні сондай, оны тәулігіне бір таба қарабидай нанымен жемдейді. Осы жолы Сара мал қорада ат алдына су толы шелек қоя бергенде, алыс бұрышта төгілген арпаның үстінде жатқан үлкен кесек нанға көзі шалып қалды да, ешкім көріп қалмасын деп лезде қалтасына тыға қойды. Әбден мезі қылған құдыққа қайта бара жатып нанды жолшыбай рахаттана жеп, аз-маз болсада сөйтіп аштығын басты.

Иә, айтпақшы, бүгін Дастан інім мектепке барұға тиіс, оған сыйлық жіберуім керек қой, ойбай. Қалайша? Донор болып, қан тапсырып, ақша табуға тұра келеді. Жақсы ақы төлейді деседі, тек тәртіп бойынша, онсегіз жастан бастап қана қабылдайды екен. Жарайды, бір жас қоса салам. Кім тексерер дейсің? Шешім қабылданды, жанына жылу кіргендей тыныштана қалды.

Мамам хатында оларда бәрі жақсы, реті келгенде аздап ақша жіберетінін жазыпты.Бірақ оны қайдан алмақ?  Стипендиясы толығымен Ажар апайға беріледі, ал қан тапсырудан түскен ақшаны мамаға жіберіп тұратын болам. Дұрыс-ақ, солай жасаймыз! 

Осындай ойларға батып жүріп, Сара қалай жан мен малды суға қандырғанын, қорадағы малдың астын жиғанын байқамай да қалыпты. Тек қолдары құрығыр электр тоғы соғып тұрғандай, шаршау әсерінен гуілдей береді. Енді тек пеш жағып, кешкі ас дайындау қалды. Бұл ауыр күрекпен, немесе төрттісті айырмен жұмыс істеуден әлдеқайда жеңіл іс. Бәрі ұйқыға кетіп, қорылға басқанда, Сара қожайындарының кірін жууға кірісті. Түнгі сағат екі - рахатты тыныштық. Жермай шам сығырайа жанып тұр (Апайдың үнемшілдік саясаты бойынша электр қуатын пайдалануға болмайды). Қыздың әр қимылы, әр қадамы радио боынша беріліп жатқан жеңіл музыка әуеніне сәйкестелінген.  Радж Капурдың өзі ту-у-у алыс та жұмбақ Үндістаннан Зарамен қосылып ән шырқауға келіп қалыпты. (Зара – Сараның сахналық есімі). Міне, концерттік залдың алыс бұрышында отырған әкесі көз жасын жасырып сүртіп отыр. Қазір ол бір кезде өзінің отбасын, әсіресе үлкен қызы, әлемдегі ең сулу әнші Сараны тастап кеткеніне керемет өкінеді.

Ал қазыр ұйқының кезегі, ертең бәрі тағы қайталанады. Басы жастыққа тиуі мұң екен, естіген музыканың, армандардың әсерімен тәтті ұйқыға кіріп еді, онда да көкейіндегі ойлары түсіне енді.

Мамасы раушан гүлдерге толы бақта қолына ақ түсті гүл шоғын ұстап отыр, ал ұлы Радж Капур тізесіне шөгіп одан үлкен қызы, әлемге әйгілі әнші, теңдесі жоқ сұлу Зараның, яғни Темірқызы Сараның қолын сұрап тұр екен.

                                                    2 – Тарау

                                                  АннаВанна

 

Қазақстанның солтүстік өңірінде сирек болатын күздің жылы таны атты. Күн көзінің мейірлі шапағаты жасөспірімнің биік мандайын, суалыққы жақтарын, тас жабулы кірпіктерін мәпелей сипап отіп, таңауларын қытықтап, баланың жұқа терісі арқылы ішке кіріп, оның ысылмаған жан дүниесін жарықтап, көңілін көтергісі келетін  сияқтанды.

Ақыры Дастан ұйқыдан толық оянып, жан-жағына көз салды. Кешеден бері өзіне сондай жақын да жайлы болып кеткен тар бөлмешік күн сәулесіне малынып тұр. Енді біздің өз бұрышымыз, өз баспанамыз, сенімді, ақкөңілді көршілеріміз бар деген ойдан тұған сезімнен жүрегі қуанышқа толып, ұшып кете алмаса да, ең болмаса төбеге жеткенше секіргісі келіп кетті.

Кеше үйге кіріп жайғасқаннан кейін Зина апай  Темировтердің бәрін ас үйге шақырып  күйеуі - Гена ағаймен, шешесі - Вера әжеймен, ұлдары -  бесжасар Толикпен және үшжасар Валера мен таныстырды. 

Құдай қайырымды адамдарға кезектіріпті, мұндай көршілерді Темировтар отбасы бұдан сон ешжерде және ешқашан көрген емес...

Үйде жан жоқ, мама жұмыста, апаларым оқуда - бұл үйреншікті жай. Ал Дастан өмірінде бірінші рет мектепке баруы керек. Бір ауыз сөз орысша білмей сыныбын қалай табады? Қайтесің енді, тырысып көру керек, оқып білім алу қажет қой. Бір жақсы жері, тұңғыш мұғалимасын таниды және мектептің қай жерде екенін біледі.

Бұл салтанатты жайға байланысты мамасы бұған әскери формалы гимнастерка мен галифе-шалбар, аяғына хром етік тіктіріп қойған болатын, оған себеп - өзі тігінші болып жұмыс істейтін өндірістік артель тек қана қорғаныс министрлігі мен аудандық милиция бөлімінің тапсырысын орындаумен айналасатын.

Осынау «әсем» киім-кешекті бойына іліп, әліппе мен жаңа дәптерін салған әкесінен қалған офицер плашетін арқасына тағып алған Дастан маңызды түрмен асықпай басып орта және бастаушы мектеп орналасқан Айртау селосының орталығына қарай жұріп кетті.

Жер әлі кеппеген, жұрт бірінің ізімен бірі жүріп батпақтың ортасынан жалғызаяқ жол салып алыпты. Азғана былай бассаң аяғың желімделіп, қайта суырып алұға біраз күш керек болады.

Міне бастауышы мектеп, дәліздері бос, сабақтар жүріп жатыр. Өзіне керегін тапқанша Дастанға бірнеше есікті ашып қарап алуға тұра келді.

- Здрастите! - деген сөзді апалары үйреткендей, қатты, нықтап айтты ол, бұрынғы тұрған жердегі көршісі Анна Ваннаға бажырая қарап тұрып. Бүкіл сыныптың көңілді қарқылы мектепті басына көтергендей болды.

- Балалар! Тыныш! Бұл Дато, ол да біздің сыныпта оқитын болады, - деп тым көңілденіп кеткен шәкірттерін тыныштыққа шақырды Анна Ивановна. - Кір, Дато, отыр, - деп мұғалима соңғы қатардағы бос орынды көрсетті.

Дастан көрсеткен орынға отырған бойы уайымға түсті: бұдан әрі қалай күн көреді? Бір ауыз орысша білмей қалай оқимын? Шамасы бұл істен ештеңе шыға қоймас. Мен оқып үлкен адам болып шығады деп мамам бекер үміттенеді. Мүмкін сиыр бақташысына  көмекші болып барғаным абзал болар? Тым болмаса атқа мінуді үйренем ғой.

Оның осы секілді көңілсіз ойларын әй-шәйсіз планшетін алып, оның ішіндегілерін ақтарып парта үстіне жайып салған Анна Ивановна бұзды.

- Міне, былай істе, былай. - оқытушы жаңа дәптердің бірінші бетіне бірінші таяқ тәріздес сызықша салып көрсетті.

Осылайша Темірұлы Дастанның оқушылық күндері, тоқсандары, жылдары басталып кетті. Оның алғашқы мұғалімі жер ауып келген дворян қызы және қай жағынан қарасаң да, талантты педагог Анна Ивановна Курило болды. Дастан мен ол қанша әуреге түсті десенші! Басқа оқушыларға да күш аямай еңбек етті. Ол тек мектеп пәндерін оқытып қоймай, әр қилы мысалдар мен деректер келтіріп, шәкірттерін өмірге баулый білді. Тіпті қасық, шанышқы, пышақты қалай дұрыс ұстау, майлық қағаздарды қалай пайдалануға дейін үйрететін еді. Білім беруде тек сөзбен шектелмей, қажет болғанда соққылап алудан да тайынбайтын ұстаз болды. Дастан Анна Ивановна талай рет мұның әскери планшетінің былғары бауын алақанына  орап алып, бұл өзінің сотқарлық қылықтарымен шеттен шығып кеткен реттерде, сынып аралап жүріп қуғылдағанын ұмытқан жоқ және ешқашан ұмытпайды да. 

Оған қарамай Дастан Теміров мектеп жылдарында зердесіне қонған барлық жақсы қасиеттерді тек қана тұңғыш ұстазы - Анна Ивановна Куриломен байластырады және сол қасиеттердің ең бастылары: адамдарға қайырымдылық және кітап оқуға құштарлық деп біледі.

 

                                                   ***

 

Вовка екі сабақ кейін келіп көрші партаға жайғаскан «казачонок» баланы қызыға қарастырып отыр. Орысша бір сөз білмейтіні көрініп тұр. Сол үшін үзілісте бұған «Лещ» беру керек. Өзінің бойы қандай? Төбелесте тыйым салынған әдістер қолданбай ма екен? Оның басынан аяғына дейін әскери форма кигені сақ болуды қажет етеді. Мүмкін полк ұлы болар. Иә, жо-о-оқ! Кеше Василенколардың үйіне кірген осылар ғой. Вовка терезеден қарап бұлардың жүктерін арбадан түсіріп жатқанын көрген. Сонда мынау өзінен үлкен түйшіктерді көтерем деп әлек болғаны есіне түсті. Жоқ, «Лещ» жасауды әзірге қоя тұрған жөн.

Дастан өзіне тесірейе қарап отырған көршісіне мойнын бұрып күлімсірете, ақырын ғана «Сәлем» - деді.

-Салют –деп жауап қатқан Вовка бұл балақаймен достасарын тұсінді.

Шынында, бұлар бөлісе алмас не бар? Көрші тұрады, терезелері қарама-қарсы, бір мектепте оқиды, парталары да көршілес. Бұл бұйрашаш екен, тек қара түсті, көздері де қара, менікі ше ақсары, көздерім көгілдір. Орысшаға  болса әлі үйренеді ғой, Анна Ивановна үйретеді, ал мен, Татаринцев Вова оған көмектесемін. Шешілді: біз  Датомен, әкемнің кардондағы досы Сәлимбай сияқты «Тамыр» боламыз.

Дәлізде мыс қоңырау сылдыр қағып, бала біткен мектеп ауласына шашыла жайылды. Бірінші сынып оқушылары бір-бірімен бұрыннан таныс, тек Дастан ғана бәріне жат, жалғыз ілікті болып шықты. Ол шулы балалар тобырынан бөлектеніп, қалтасындағы шайтандар мен басқа албастыларды кууға деп мамасы ұйқы алдында бас жағына тығатын шаппа пышақты қолына қысып - тиісіп көр кім болсанда, жарып тастаймын, - деген түр көрсетіп түнеріп тұр.

Көрші партада отырған сол көк көз, бұйра шаш бала қасына келіп:

- Вовка, - деп байсалды түрмен өзін таныстырып, оң қолын созды. Оның нұрлы көкшіл көздері ұшқын шашып, көңілділік нышанын білдіріп тұрды.

- Дастан, - жауап қатылып, қол қысысты.

- Анна Ивановна сені Дато деп атады ғой.

- Дастан, о-о! - бала қолымен бой биіктігін көрсетуге тырысты, - Дато, о-от! - оның алақаны жерге жақындап, кішілік белгісін білдірді.

Әрине, сөз кемдігі бар, әйтсе де, әңгімесі қайран қаларлық тапқырлық көрсетті.

- Ә-ә-ә, яғни толық атын Дастан, ал қысқаша Дато, түсінікті.

Екі қабат ағаш мектептің табалдырығына қоныр көйлек киіп ақ фартук таққан қыз шығып, өзінше жауапкершілік пен мақтаныш толы сезіммен қонырау соқты.

- Анна Ивановна! Маған Дастанмен бір партаға отыруға бола ма? -  Вовка келесі сабақтың басында тәртіп бойынша оң қолын көтеріп, неге екене белгісіз, даусы дірілдеп, қатты обылжи сұрау жасады.

Мұғалима ойлы көзбен қарап алып, өзіне ғана тән бір ойлармен жымиып күліп алып, салтанатты үңмен:

- Отыр, Вова, отыр! Осы сәттен бастап Владимир Иванович Татаринцев және Дастан Темірович Теміров мәңгілік достар болды және болады да. - деп жариялады.

Уақыт пен Өмір, осы ұғымдардың ең жоғары мағынасында, Алғаш Ұстаздың осы сөздері қаншалықты көріпкелгендік болғанын көрсетеді әлі.

Мүмкін бұл оның бізге берген батасы шығар?

 

                                            *** 

 

Бос қалған   класс бөлмесінің есігі даңғырлай қағылды. Мұғалима күйгелектене басын есік жаққа бұрды. Қолында түтіні бұрқыраған «Беломорканал» папироса. Бұл бастауыш мектеп мұғалімі!

- Мені барлық құқықтарымнан айырды. Бірақ қалаған уақытта, қалаған жерімде темекі тарту құқығымнан мені ешкім айыра алмайды! - деп оған осынау педагогика іліміне жат әрекетіне сын айтпақ болған адамға ол қатал қарсылық айтар еді. - Балалар арасында тартпаймын, ал ұнамаған адам РайоНоға шағым жасасын, - деуге дейін баратын.

Тек оқушыларының бірі аудан партия комитетінің бірінші хатшысы болып отырған адамның үстінен арыз түсіруге кімнің батылы барады.

- Сәлеметсіз бе, Анна Ивановна! - класска мектеп формасын киген, қолында портфельге уқсата тігілген  мата сөмке ұстаған жоғары сынып оқушысы кірді.

- Ә-ә, Роза, аман бол, қымбаттым, жоғарылат! Отыр! - деп түтіні бұдақтаған папирос қыстырған саусағымен оқытушы үстелінің маңына меңзеді. – Інішегіңе келдің бе?

- Иә.

-Бүгін мен ертерек тараттым. Татаринцевпен бірге кетті.

- Ол кім?

- Сендердің көршілерің көрінеді. Василенколар аулары ортақ.

- Бұл жақсы болды. Мүмкін достасып кетер. Біздікі мүлдем жабайы: ешқайда шықпайды, ешкіммен біліспейді. Қашан көрсеңде бірдеңе ойлайды да отырады.

- Ия, мінезі ауыр сияқты көрінеді. Розажан, ал өзіңнің жайың қалай? Сен қазір қай сыныптасың?

- Сегізінші.

- Иә, иә, әрине солай. Жетекшілерің кім?

- Қаусұл Жаркенович.

- Бұл да жақсы екен. Біріншіден, ол математик. Сенің есеп пәндеріне қабілетің шамалы екендігі байқалушы еді. Екіншіден, мінезі қатандау адам болса да, есесіне әділетті, адал жан.

- Иә-ә, - десе де қыздың көздерінен жас парлап аға жөнелді.

- Розажаным, не болды саған?  Ол сені ренжітті ме?

- Жоқ, жоқ, апай, - алақанымен ыстық көз жасын сүртіп қойып, - жай, бүгін саулнама толтырғанда «әкем милиция қызметінің капитаны» - деп жазғам... Іштегі наланы баса алмаған қызбала тағы да еңіреп жіберді.

- Жа-жа, тыныштал, сен менің сыныбымда ешқашан жыламаушы едің ғой - деп Анна Ивановна орнынан тұрып бұрыңғы оқушысын құшақтап арқасынан қаққылады.

- Қаусұл Жаркенович сауалнаманы оқыды да: «Роза! Сенде әке жоқ. Есінде болсын, ол сені сатып кетті. Сенің анан бар, тамаша ана!» - деді ғой.

- Қаусұл Жаркенович дұрыс айтқан, Роза. Сендер төртеуің де ғылымды тіске басып, аналарыңды сақтауларың шарт.Тек солай ғана кісі араларына қосыла аласыңдар. Айтпақшы, менің басқа шәкірттерім Сара мең Клара қалай жүріп жатыр?

- Сара Көкшетауда, медучилищенің фельдшерлер дайындайтын арнайы факультетінде оқып жатыр. Қазір үшінші курсте, жоғарылатылған стипендия алып тұрады. Клара алтыншы сыныпта, Зоя Филипповнада оқып жүр.    

- Роза, бәрін де қадірлі адам болып өсесіңдер, тек мамаларыңа денсаулық пен қайрат берсін! Бір-біріңді қолдап, қоштап өсіңдер, онсыз құрисыңдар. Осы сөзімді жадыңда мықтап тұт.

Сол жылдары жарым жетілімдерге жылы сөздер айтып, өмірлік кеңестер, баталар берушілер аз болған жоқ, бірақ олары сол жерде ұмытылып қала беретін, себебі сол әдемі сөздер бір түрлі жаттанды, екі жүзділікпен айтылатын. Мүмкін сол жай балалардың «есіркеу» сөздерге сенбеушілік, ал кейде әр адамға тән қарама-қайшылық сезімінен тудырған болар. Тек өмірлеріндегі тұңғыш ұстазы Анна Ивановна Курилоның сөздері естеріне тасқа жазылғандай терең із қалдырды.

 

                                                    ***

 

Аспан ең бір суық, көріксіз түстерге боялған кейіптес. Жарық болса да жылуы жөқ күзгі күң одан төменірек көшіп жүрген үлкенді - кішілі, солғын - көгілдірден бастап, қара түске дейін бояулы бұлттар басқыншылар ордасының шапқынына ұқсайды.Өткен апта бойлы қүйған жаңбыр ескі селоның бүкіл көшелерін суға «қандырған». Әр жерде жалпақ та терең шалшықтар, жыралар пайда болып, олардың сулары жылғалар тауып «Саумал көл» атаулы көлге кұйып жатты.

Текті дворян, қант зауытының иесі Иван Михайлович Курилоның жалғыз қызы бастауыш сынаптар мұғалімі Анна Ивановна сол жылғаларды аттап өтіп, аяқтар мен тапталған жолменен жалғыз бөлмелі үйіне келе жатыр.

- И-ә-ә-ә! Тағдыр. Жарты ғасырдан астам өмір өтті, халық айтқандайын, үй де, күй де, күйеу де, балалар да, болашақ та жоқ. Бәрі төңкерістің дауылымен, қызыл террордың қорғасын бұршағымен жайпалды.Әкесі, бауырлары қаза тапты, кейінірек мұның қолында  айдалғандырдың сүзекті эшалоныңда анасы жан тапсырды. Жалғыз тек тәтті түс, орындалмас арман  тәрізді ата-аналармен өткізген сол күндері, Смольныйдағы бекзат қыздар иститутыңда оқыған сәттерді есте түсіру ғана қалды. 

Соның бәрі қайда? Менің бақытты шақтарым қайда қалды? Мыңа жел айдаған бұлттар секілді келмес жаққа үшып кетті, жанымнан шауып өтті. Мені не күтіп тұр? Сайдың сыртындағы белгісіз төмпешік пе? Ол жерде менің азап тартқан денем шіріп жатады, ал сонда менің түғандарымды сағыныштан жапа шеккен жаным қайда болады? Біздің шерлі жандарымыз кездесер ме екен?

Анна Ивановнаның үйінің тап қасында бүкіл ұсақ жыралар қосылып өзекшеге айналып, сарқырай ағып көлге құйылып жатады. Соған бола, Озерный көшесінің екі жағын қосу үшін арасына көпіршік салынған.

Сол көпіршік үстіне  бұл өңірде жоқ таңғаларлық қызыл плащ киген қыз шарбаққа сүйеніп ойлы жүзбен суға қарап тұр. Бұл өзінің бұрынғы шәкірті Клара Темірова ғой, тәйірі-ау.

- Сәлемет-сау барсың ба, Кларажан! Плащын қандай әдеме еді!

- Сәлеметсіз бе, Анна Ивановна. Мұны маған нағашым сыйлады.

- Міне қалай! Нағашың жарады. Ал сен мұнда неғып тұрсың? Үйлерің алысырақ, Ленин көшесінде ғой.

- Мен көл шуылын естігім келіп кетті. Мұндағы балдырлар сегізаяқтарға ұқсайды екен.

 - Дегенмен... Ал үйге неге бармайсың?

- Мамам жұмыста, үйге кеш оралады, ал Роза екеуміз ылғый ұрыса береміз.

- Міне былай, Кларочка, кеттік бізге, шай ішелік. Мен жалғыз отырудан жалығамын, әрі бүгін көңіл күйім де онша емес. Жүр!

- Рахмет! Бірақ маған ыңғайсыздау.

- Жүр, жүр, - мұғалима оқушысының жеңінен тартқылады.

Әрқайсы өз ойымен болып екеуі үнсіз аяндап келеді.

«Бір тұрлі, өзгелерден ерекше қыз. Неге мұңдай болды екен? Бұл жердегілердің бәрі прагматиктер, бәрі бір қалыпты ойлайды, сөйлейді, себебі өмірлері, тұрмыстары ұқсас, бір қалыпты.» - деп Анна Ивановна өзінің мұңлы ойларынан біртіндеп басқа терең ойларға ауысты. - « Мүмкін, бұл сорлылардың не бақшалары, не малдары жоқтықтан бос уақыттарында кітап оқи берудің салдары болар. Оған қосымша, бұлардың шешесі сауатты әйел, алыпқашпа сөздер бойынша, бір атақты байдың ұрпағы көрінеді. Бұлардың күндері енді не болмақ? Әй, Асанов, Асанов! Не бүлдірдің сен, адамсымақ неме? Төрт бірдей баланы осылай күтімсіз, меірсіз қалдыруға бола ма? Әй, сайтан алғырлар, сендерге құдайдың да, адамның да соттары әсер етпейді ғой.

- Клара, айтшы, папаларың келіп тұрама?

Қызбала еркін жымқырып, көзін одан әр сығырайтып басын шайқады.

 «У-у, қарғыс атқыр, төбет! - деп іштей балағатқа басты қаны да, білімі де ақсүйек Анна Ивановна. Теміровтер тұқымының бұдан үлкен қыздарын есіне алды.

Үлкені Сара өжет, сотқарлау, өзін де, отбасы мүшелерін де ренжіткеннің жұтқыншағын жұлып алуға, отбасын қорғауға қажет болса қолына пышақ алып қорғауға әзір бәрінің апасы. Соған қарамай, көрінген қайыршыға соңғы нан тілімін, соңғы тіынын беруге дайыр кең көңілді жан.

Ал Роза болса - байыпты да салмақты, бірақ жыламсақ, тура мінезді адал жанды, бәрін өзі істеуге құмар қыз. Оның ғұмырына жетерлік қиямет қиындықтар дайын тұрғаны қазір-ақ көрініп тұр. Ал мына ауыл қиялшылын не күтіп тұр екен болашақ өмірінде?

- Клара, сен кітап оқуды сүйесің бе?

- Иә, өте сүйем. Ылғи майшаммен жатып оқығандықтан көзімді бұзып алдым. Дәрігердің айтуымен, ақша болғанда мамам көзілдірік алып береді.

- Ал қазір не оқып жатырсың?

- Мопассанның «Сүйікті досы».

- Ұнай ма?

- Онша емес.

- Неліктен?

- Адамдар құдай, рух тұралы ойламайды. Тек ақша, ақша және пайда табу.

Енді оқытушы ұзақ ойға шомылды. Ол примус жағып, шай қайнатып, жұмыртқа қуырғанша екеуі үнсіз қалыпты сақтады. Аштықтарын басқаннан кейін әр жасты әйелдер әңгімелерін жалғастырды.

- Клара, сен адамдар құдай, рух жайлы не білесің?

- Мені оның ажалсыздығы қорқытады. Адам өмірі қысқа, ал жаны мәңгілік. Қайда, қалай, кіммен? Не істейді, қайда ұйқтайды, не жейді? Қандай қорқынышты екенін түсенесіз бе?

- Осының бәрін саған кім айтты? Қайдан естідің? Бұл барып тұрған сандырақ қой.

- Неге? Бәрі, мамам да, рух бар деседі, тек ешкім жан өледі, бұзылады демейді ғой. Олай болса, ол мәңгі тіршілік етуге тиіс емес пе?

- Міне былай етелік, қызым. Келісіп алайық, әзірше сен бала ақылына сиымсыз, түсініксіз заттар жайлы ойлауды қоя тұрасың, жақсы ма? Ал жоғары сыныптарда осы ойлардың бәріне материализм тұрғысында жауап беретін пәндер оқытылады. Міне сонда бұл мәселені қайта талқылаймыз. Келістік пе?

- Келістік.

- Ал қазір сендерге барып мамаларыңмен сұхбаттасайың.

- Ол әлі үйде жоқ, жұмыстан тым кеш келеді.

- Ештене етпес, күте тұрамыз. Маған шәкіртім Дато қандай жағдайда өмір сүретінін өз көзіммен көруім қажет қой. 

 

                                                   3 – Тарау

 

                                            Ай мен күннің нұры

 

Жер май шамның аяқ тігін машинкасының бетін жарықтауға шамасы әзер келеді, әдеттегідей электр жарығы бүгін де  жоқ: бір жерде сымы үзілді ме, әлде қуат ұнемдеу үшін бүкіл селоны сөндіріп тастады ма - белгісіз. Сол себептен, «Восход» өндірістік артелінің үй-жайы қаракөлеңкеленгең еден де, төбе де көрінбейді. Тігінші әйелдердің табанымен қозғалысқа келтірілген машинкалардың гүрілі естіледі. Тігіншілер қолмен әскери гимнастеркалардың, шалбарлар мен купайкалардың бөліктерін сырып жатыр. Әр тігіншінің өзінің операциясы бар - бұл конвеер деп аталады. Оны тоқтатып көр - табан астында «іріткі салу» деген бап бойынша басын сотқа тартылады. Сондықтан да цех май шаммен бе, шырақпен бе, не болса да жұмысын тоқтатпай тіге береді.

Шәмшіқамардың үлесіне күрделі операциялардың бірі – түп-түзу жол жүргізіп офицер кителіне тік тұратын жаға жапсыру - тиген. Есесіне еңбекақысы да жоғарыдаң, бұл төрт ауызды асырауға ауадай қажет-ақ. Міне кәзір де, әдет бойынша еңкейіп алып, машинкасын пулеметше тырылдата мата тігіп жатыр. Қолы жұмыста болса да, ойы басқа жақты шарлауда.

Әке тірі болғанда ғой, шіркін!

Қайырымды, мейірімді, кезінде бай да, билікті де болған, ел арасында Жұке-Пірадар атанған әкесі тағы міне көз алдында: орта бойлы; күн түскенде жарқырап, көленкеде қараятын қой көз; ұқыпты, көмірдей қара шошақ сақал; басына бұлғын терісімен көмкерілген жеңіл бөрік; үстінде қысқа барқыт шапан. Жергілікті ақсүйектер арасында елеулі, ерекше жан еді, марқұм.

Жұке-Пірадар ешқашан малдарының басын санап әлек болған емес: жылына екі рет, көктем мен күзде, Қарлығаш сайына жылқыларды айдап кіргіздіреді. Егер сай малға толса – түгел болғаны, толмаса - жұмыскерлер жан-жаққа шапқылап, жетіспеген мал басын іздеуге кетеді.

 Жұке - Пірадардың байлығы да, атағы да мол болды. Бірақ жарық дүниедегі ең қымбаттысы, шешесі босану кезінде қаза тауып жартылай жетім қалған қызы Шәмшіқамар болды.

Арапшадан аударғанда Шәмші - күн, Қамар - ай деген мағына береді. Міне қандай сәулелі де сазды есім берді ол жалғыз қызына.

 Шәмшіқамар бұл кісі үшін түнде ай сәулесі, тан ата күн нұры, ыстық күнде өңеш жібітер нәрі болды. Пірадар тек қызына тамақ дайындауға су алатын арнайы құдық қазуға жарлық етті. Құдықты құлыпты темір қақпақпен жаптырып, кілтін ешкімге сенбей қымбат тұмардай мойнына тағып жүретін болды.Өлкенің кәрісі де, жасы да қызы өскенде кім дәті барып, құда түсіп, мұның мирасына ие бола алады деп бас қатыратын.

Бәрі бір күнде үзілді. Байлар мен арамтамақ элементтердің мүліктерін тәркілеу жылдары  Жұке-Пірадар бар малын өз еркімен мемлекетке өткізді. Бірақ ауыл белсенділері жалғыз қызына деп Троицк жәрменкесінен сатып алдырған араптың ақ биесін тығып қойды деп күмән келтіріп, оны сарайда аяусыз ұрып-соғып өкпесі қабынғанша ұзақ қыйнады. Содан былай халық сүйктісі Жұке-Пірадар аяқ басудан қалды, бір жұмадай қан түкіріп жатып, қайтып келмес жаққа сапар шегіп кетті. Тап жантапсырар алдында ол есі кете қорықан қызына сол үшін жиған алтын және басқа да қымбат жиһаздарды қай жерге тыққанын айтып үлгерді.

  • Мен жасырған дүниелер сенің өмір бойы өзіне, балаларына, немере-шөбелеріне жетеді, - деп сыбырлады әкесі оның құлағына, көгерген ақ орамалмен еріндерінен қызыл қанын сүртіп қойып. - Тек мен көмбе тыққан жерді ұмытпай зердеңде сақта. Сен әлі тым кішкінтайсын және өте қорқып қалғансын, қызым, ұмытуың да мүмкін. Онда оны ешкім таппайды. Менің жан-тәнімен берілген қызметкерім Зәкір үлкен тапқырлық көрсетті істі атқарусуда. Өскенде ұлын бола  қалса, менің ұстазымның құрметіне «Темірболат» деп ата. Есіңде болсын, бұл менің соңғы өтінішім.

  Эх, әкем тірі болғанда ғой, шіркін!

Адам қызығарлықтан әлде қайда төмен қазіргі тұрмыс жайын көтеруге сол қазынаны пайдаланса ғой... жоқ! Ойлама да. Бірден атып тастайды ғой. Сосын, шының айтқанда, әкесінің қазынасын қай жерге жасырғаны жайлы нұсқаулары есінде толық қалмапты. Сол бақытсыз күндері мұны қорқыныш биледі, жас өспірім қыз басына түскен зор күйзелістен естен айрыла қапаланды ғой, сонымен бұл әкесінің соңғы тапсырысын орындалмаған болып шықты, енді ешқашан орындай алмайды да.

 

                                                  ***

 

Тігінші әйелдер қараңғы көшеге топырлай шығып, топ-топқа бөлініп жан-жаққа тарасып жатыр.

Аспанда күздің көгілдір жұлдыздары жымың қағысады, кедір-бұдыр ай, қайдан шыққаны белгісіз бір түйін түнгі бұлттар құшағынан шығуға әлсіз талпынады.

Жарықсыз село көшелерімен әрі жүрген сайын топтың қатары азая түседі. Міне, екі көрші ғана қалды: Руфина Самсонова мен  Шәмшіқамар. Бұлар көршілес үйде тұрады. Электр жарығы әлі берілмеген, сондықтан кейбір терезелерден майшамдардың жарығы әзер сығырайып көрінсе, кейбірінде стеорин шырақтарының әлем-жәлем көлеңкелері қылаңдайды.

Әйелдер үнсіз жүріп келеді - тіл жетімсіздігінің әсері байқалады.

Василенколар қақпасының алдында үнсіз қоштасты.

- До свидания!

- Сау бол!

Бұлардың бөлмесінің жалғыз терезесінен беслиниялық майшамның жарығы жарқырап көрінеді - балалар шам пілтесін барынша шығарып жаққанға ұқсайды. Әне-міне дегенше шам мұржасы жарылуы ғажап емес.

Шәмшіқамар ауыр күрсінді: кешікпей суық түседі, ал бөлмеде пеш жоқ, уақытша болса да буржуйка-пеш қойдырту керек болады - әкімшілікке барып, артель бастығынан тым болмаса мастер жібер деп сұрамаса болмас. О-о-о! Оған ағаш отын мен көмір керек болады ғой тағы да.

Кешкі тамақ ішкен бойды үйқыға қамдалды. Қыздар бір керуетке сиысты, ал Дастан атасының ескі сандығының үстіне жайғасты.Тығыздау, әрине, есесіне қауыіпсіз, тыныш. Аллаһ бір жөнін берер, ол қайырымшыл да меірбан.

- Мама, қарсы үйде тұратын баламен таныстым. Оның аты Вовка, менімен бір партада отырады, - Дастан жаңалығымен бөлісті.

- Ал мен Анна Ивановнамен оның үйінде шай іштім, - Клара да мақтанып қалды.

- Жақсы, жарайсыңдар! - Шәмшіқамар кезекші сөздер айта салды да, өзі ойланып қалды. Балалар өсіп келеді, кешікпей маған тірек болады. Бұлардың оқығаны, мектеп бітіріп институтқа түсулері шарт. Қандай болса да, балаларды ақысыз оқуға, мамандық алуға мүмкіндік жасайтыны үшін мемлекетке разы. Әрине, әкем тірі болғанда бәрі басқаша болар еді. Алтын толы көмбе қалдырды, бірақ ол маған неменеге керек, не істеймін оны?

Терезе тырсылы ананың күйінішті ойларың мен балалардың бейбіт пысылын бөліп жіберді.

- Кім онда? - терезеге қыздардың батылы Роза келді.

- Бұл мен, Вовка Татаринцев. Дастанмен сөйлесүге бола ма?

- Ол ұйықтап жатыр.

- Аулаға шықсыншы, менің онымен сөйлесуім керек.

Шәмшіқамар шам жағып, қалғып үлгерген ұлын оятты.

Бес минут шамасында қасына бұйра шашты, көккөз бала мен ұзын сары шашты,  көздері жасқа толы қызбаланы ертіп қайтіп оралды. Баланың солжақ көзінің асты көгеріп ісіп кетіпті. Қыздың көздері жылаудан іскен, мұрнынан қан ағып тұр, мойнында қанды сызықтар көрінеді.

- Не болды, ойбай!? - Шәмшіқамар төсектен ұшып тұрып, бейтаныс балаларға ұмтылды.

- Тятямыз үйден қуып шықты, - деп аса жабырқың үнмен сөз бастады қыз. - Ішіп алса ылғый осындай: боқтайды, ұрады,үйден қуады. Мамам бірден Ломакиндерге қашып кетті, ал біз әзер тірі қашып шықтық. Барар жер жоқ, Вовка осында досым тұрады дегесің сіздерге келдік. Тәнертең кетеміз, әкеміз қалпына келгенде қайрлы. Менің атым Галя, ал мынау - Вова.

Шәмшіқамар жақын келіп қызды кеудесіне басып, баланың бұйра басын сыйпап тұрып:

- Жақсы, Каля! Жақсы Бобка! Роза, Клара, Дастан - сендер енді дос тамырсыңдар, әр қашан, өмір бойы. Жақсы?

Бұл жас достарға берілген аналық бата еді, ол тұбінде мәңгілік ниет болып орындалды.   

 

                                     

 

 

 

 

 

 

                                                              4 – Тарау

 

                                           Түзды көлдің мөлдір бұлағы

 

       Жалғыз қабатты ағаш үйлерден құралған Айыртаудың мұқият тікбұрышты бау-бақшалары құлама жарға деін созылып, одан лай басқан, әлем-жәлем ақшыл-қызғылт түсті жапырақсыз өсімдіктер өскен жағалауға келіп тіреледі.

       Жағалауды шырмала біткен қалын шалаулар жайлаған, соның салдарынан су беті түрлі реңді түске боялған, тереңдікке  келе түсі біртіндеп көгілдірленіп, қоңыр-көк түске дейін өзгереді. Ал көлдің қақ ортасында сымбаттана көсіліп Харламка аталатын жарты арал жатыр.

       Балалар лай балшықтар арасынан кеуіп-қатқан алаңқалар іздеп тауып өздеріне жағажай жасап, күнге кептірініп жатады. Көл суы тым тұзды, сондықтан суға бату  мүмкін емес, содан да болар бәрі де малтауға шебер.  Суға батып өлгендер де болды, әрине, бірақ олар тек келімсектер болатын.

       Дастан мен Вовка шомылып шығып, енді күнге қыздырынып, карта соғып жатыр. Оқу жылының соңына дейін Дастан орыс тілін толық игеріп, ана тіліне шорқақтана бастады. Балалардың карта ойыннан кейінге басты ермегі жатып алып бұлт табиғи калейдоскоп - сансыз түрлі формалы көшкін бұлттарды бақылау.

       Егер Дастанның қолы күні бойы бос, өзіне-өзі қожа болса,  Вовканың мойына толып жатқан шаруашылық міндеттері ілінген және оларды орындауға дос көмегі қажет-ақ.

       Вовканың әкесі, Иван Семенович Татаринцев тұқым-тұқиясынан бері казак, осы өңірдегі шебер ағаш ұстасы, жазда - балықшы, қыста - аңшы, қасқыр аулаумен ауестенеді. Өз қолымен жасаған қайығы бар, достар соған мініп алып жиі-жиі балық ауласа, кейде адамсыз алыс жағалауға барып бұзаулар мен үйректер үшін таптырмас азық - жас қамыстың жасыл жапырақтарын орақпен орып үйге әкеледі. Осындай «қыдырыстар» кезінде Вовка су перісі, орман перісі, суға кеткендер жайлы қорқынышты әңгімелерді құмарлана айтуға шаршамайтын және соған өзінің сенетіні сондай, қорқаннан Дастанға қосыла дірілдеп отырып айтатын. 

        Күні бойы жағадан шықпайтын балалар, осы жерден өздерінің күнкөрісіне қажет: қаз жұмыртқалары, қоян қырыққабаты, жабайы сарымсақ секілді табиғи тағамдар тауып жеуге әптен машықтанып алған. Әсіресе,  араны ұстап, қарнын жарып, ішіндегі балшырынын жеу үлкен рахат саналады. Ал сусындарын жағадағы жалғыз тұщы су көзі Ақ Ана бұлағына барып қандырып алады.

Қазақтын  көне аңызы бойынша, бір заманда осы жақта қырғын шайқастар болып, жаулары қүғындаған бір көш Саумал көлі жағалауына аялдаса керек. Сұлу табиғат, суы ауруға шипа көл, әттен ішерге ауыз суы жөқ. Ұзақ жол жүріп абден қалжыраған адамдар шөлден азап шегіп, естерінен ауыса бастайды. Бұл жай әсіресе жаралыларды азапқа қалдырады.

       Сонда Ақ-Ана атты, баласы қатты жарақат алып ессіз сандырақтап жатқан бір әйел,  тізесіне жығылып Жаратқаннан керемет жасап, жалғыз сүйікті ұлы жатқан жерде салқын, тұщы ауыз су атқызуын жалынып сұрап, тілегі орындался, тұзды көлдің иесіне құрбан етуге әзірмін деп уәде береді.

       Жерді түн басып, шексіз азап тартып жатқан адамдардың жапа шегуін көріп, ыңқылдарын естуге дәті шыдамаған Ай алып қара бұлттың артына тығылады.

Ақ-Ана таза ақ киім киіп, алдын ала марқұмдұғасын оқып, бір дыбыс шығармай ақырын да маңғаз басып тұзы молдықтан қап-қара болып жатқан көлдің тереніне батып кете береді.

      Ал тәнертең ерте күнің алғашқы шапақтарымен бір мезгілде ауыр жаралылар мен шөлден жан бергелі жатқан жас батырдың бас жағынан дәмді, тұщы және тіс сырқыратардай суық су ауаға шапқыласа керек.

      Алланың кереметі арқылы пайда болған бұл бұлаққа халық жалғыз ұлын, туысқандары мен жақындарының өмірлерін сақтау ұшін өз өмірін құрбан еткен ананың құрметіне оның атын қойпты-мыс.

Таңқаларлық жай: бұкіл село құдықтарының суы ащы, немесе ашқылтым, бұл, әрине, тұзды көлдің жақындығының салдары. Ал мына, көлдің тап түбіндегі тұщы бұлақтың суы ғұмыры сарқылмайды. Село әйелдерінің көпшілігі жазғы кештерде мұнда келіп кірлерін шаяды. Ал енді айыртаулық балалар үшін мұны сауықтандыру орталығы және Зәм-Зәм суының көзі деп есептеуге боларлық.

Уақыт  өтіп, есейген шағында, Темірұлы Дастан өзінің азапқа толы өмірін балалық шағы өткен тұзды көлмен, көл жағасындағы мөлдір бұлаққа анасын тенейтін болды.

Өмірінде кезіккен жаулары мен дұшпандары сол тұзды көл деп білсе, Вовка Татаринцев пен достығын - мөлдір бұлақ санады.

Барлық қаирлы жандарды, жүректердің ізгілігін – Ақ-Ананың мөлдір бұлағы деп біледі.

 

                                                           ***

 

- Қыздар, тұрыңдар! Қазір күн шығады.

Шәмшіқамар еденде жатқан үш қызын жұлқылап әзер оятты. Ең үлкені Сараның онжылдық оқу бітіріп  Шортан педучилищесіне оқуға түсуді ойластырған орташа сіңлісі Розаны жолға жинауға көмектесуге келуіне байланасты төсек жерге төселген болатың.

«Жинау» дегенге не кіреді? Бірінші демалысқа дейін киетін киімдер қамдау. Бірінші стипендияға деін  жолға және тамаққа жетерлік тиін-тебен жиыстыру.   Ал оны қайдан қазып аласын? Бұкіл селодағы жалғыз өндіріс орны – мамалары жұмыс істейтін артель. Сондықтан да қыздар бір-екі күн орманға терең бойлай еніп шие жинап, оны қалааралық жолға орналасқан станцияға апарып, стакандап сатпақ.

Шәйларын іше сала қыздар бақшаларды аралап өтіп, жағамен жүріп отырып Ақ-Ана бұлағына шықты. Әрбірінің бір қолында иінағаш, екіншісінде – біріне-бірі кигізіліп, іштеріне азық-түлік салынған қос шелек.

Шығыс жақта күміс түстес жеңіл бұлттар әпсәтте қызғылт тартты, содан кейін қып-қызыл жолақ пайда болып, ол біртіндеп отты доғаға, жарты шарға, ең ақыры әлі салқын, сарғылттау күн шарына айналды. Міне, күн бар күшін жиіп жер бетіне жұмсақ сәулесін шашып жіберді, ал ол, өз кезегінде, әлі толық оянып үлгермеген қыздардың жабыңқы беттерін аймалай бастады.

Саумалкөл әлі терең ұйқыда жатыр, оның қамыстары мен шалдырлары толықсып шалпылдайды. Жағаға жақын маңнын суы жасыл көрінсе, тереңдей келе көгеріп, әр жерінде иірімдер қарайып көрінеді. Ал орта тұсында су қоймасының бүкіл ұзын бойында, неге екені белгісіз, ақ киімге оранған бойшан сұлу әйелге ұқсас жарық дақтың бейнесі қыландайды.

Бұлақтың мөлдір суы күн сәулесіне шағылысып алтын түске түсіп, қуана күлімдеп жаздың табиғатына таңғы гимн сарынын жайғандай сылдыр қағып ағып жатыр.

Қыздар ауыр темір шелектері мен иінағаштарын тастай сала отыра кетіп, еріндерін салқын да нәрлі бұлақ суына малып, қанша жұтса да қанбай қойды.

Бұл орманға барар жолдағы бірінші аялдама еді. Ақ-Ана осылайша қыздарды қиын сапарға шығарып салды.

Апалы-сіңлілердің одан арғы жолы сайдын түбімен көлден солтүстікке қарай, қалын өскен, батпақты, қайынды тоғайлар арқылы өтеді.

Орман бұларды бетке жабысқақ ағаштар арасына тартылған өрмекшілердің торларымен қарсы алды.

Бастарын қалын сатин орамалмен орап алған қыздар ештеңеге елеңдемей  биыл мол шыққан шие жинауға кірісіп кетті. Қорғаусыз ашық қолдары маса шағуынан көп ұзамай қышымалы ісікке ұқсап қалды.

Жас жидекшілер кешікпей қарындары ашып, қысқа үзіліс жасап, асқа отырды. Әрқайсы өзіне деп салынған наннан үзіп жеп, жолды шалшықтардан алған жылы сумен тандай жібітіп отыр...

Кешкі қараңғылық түсіп, жидек қайсы, қайсы жапырақ екенін айырудан қалғанша бұлар бір-бір шелек шие терген болып шықты. Қалғанын таң атқаннан түске дейін жиіп, түстен кейін үйге қайтуға шешті. Әй, шіркін-ай, тезірек Ақ-Ана бұлағына жетіп, тап-таза, мөп-мөлдір салқын суын сіміре жұтса ғой.

Тездетіп бұтақтар жиып от жақты да қыздар түнеу қамына кірісті. Тағыда мамаларының нанын жеп, жолшықтың суын ішіп қарын толтырылғасын кезек әңгімеге тиді. Ал мылжыңдасуға, қиялдасуға бұлар аса шебер жандар. Әсіресе алау қасында. Бишіл жалынның жолаушыны тыныштандырар, сабырландырар, көздерінің алдарына өткен өмір мен алыс болашақтың көріністерін келтірер ғажайып ерекшілігі бар.

- Педучилищені тамамдағасын ақша жиып КазГУ-дың юрфагына түсемін. Сосын прокурор болып әкемді отырғызам, бір кінә табам да, отырғызам. – бұл Розаның алыс мерзімге арналған бағдарламасы. Ұжымдық үнсіздік бәрінің бұл жобамен келісетінін білдірді.

- Мен профессорға күйеуге шығам, - өзінің кредосын жария етті қыздардың ең үлкені Сара, бұған құқықты екенін білдіре, әлде жауыпкершілігін сезіне.

- Неге тек қана профессорға? Егер трактористі сүйіп қалсаң ше? – қызығулық білдірді статус бойынша арманшыл, дарақылау, әлде тіпті ақымақтау болуға тиісті – ең кіші қыз Клара.

- Профессор ақша көп табады.

Тағы да келтірілген дәлелдің ақиқаттығына сенім білдіру үнсіздігі.

- Ал мен күйеуге шықпаймын, - деп қатал кесіп айтты Клара.

- Неге, неге? – десті екі жақтан бірдей.

- Байғұс балаларды жек көрем. Себепсіз шырылдап, жылап жатқанда, оларды өз қолыммен қылғындырғым келеді. Олар үнемі астарына сиіп, кәкетіп жатады. Фи-и!

Жым-жырт үнсіздік. Тек бұл әңгімеге қатысушылар мұндай адамгершілікке қарсы ерекше ұстанымды қабылдамау үнсіздік еді.

- Ал сен жанұясыз, балаларсыз қалай өмір сүрмексің? Олай болмайды ғой, - деген сұрақ қойды парасатты Роза. Ал Сара болса, ақылсыз сіңілсінің  маңдайына беріп қалғысы келіп кетсе де, маңайды қоршаған қалын қараңғылықта, әділетті болса да тым шорт қозғалыс жасауға қауіптенді.

- Неменеге керек ол? Бәрібір мұның бәрі – бір мезет. Бұкіл өмір – бір мезет қана. Ал жан мәңгілік, мені сол қорқытады. Ойға салып көріңдерші, ғалам шексіз-шетсіз – және соның бір жерінде сенің жаның қалықтап ұшып жүреді. Мәңгі. Сұмдық! Міне нағыз сұмдық сол!

- Мынау не міңгірлеп отыр, ойбай? – Сара шындап ашуға булыға сөйледі, - менімен  анатомкаға жүр, көрсетем мен саған мәңгі жаныңның қайда жүргенін! Сен маған жұмақ пен тозақ жайлы айтарсың әлі!

- Жұмақтың қайда екенін білмедім, ал тозақ, меніңше күнде.

- Мәс-с-саған! Ол ойлайды, ә! – кейде ашуы тез келіп, әдепсіз сөздерге жол беріп алатын Сара қызбаланап:

- Сен мектепте биология, ботаника, зоология деген пәндер оқыдың ба, милау неме? Дарвиннің ілімі дегеннен хабарың бар ма, ә? Қалай оқып жүрсің мектепте? Тоғызыншыға көшкен аталады, сумый! Перемін мен саған қазір!.. – сіңлісіне қолын көтере бере өзін ұстап тоқтатты. Қалай дегенмен орман іші, төнірек қараңғы, анда-санда белгісіз дыбыстар шығып қалады. Үрейлік – ақ! Соңдықтан Клараны әділетті жазаға тарту орнына үлкен ағаш түбірін ала сала ашумен  отқа лақтырып жіберді.

От жалыны лаулап аспанға атты, сансыз ұшқындар  жан-жаққа жарқырай ұшып, қыздар бір сәтке соқырланып, амалсыздан көздерін жұма тұруларына тура келді.

Апалы-сіңлілер көздерін ашқанда оттын қарама-қарсы жағында тұрған бейтаныс ер адамды көрсе де аса қатты таңданған жоқ.  Алдарында биік бойлы, сом денелі орта жастар шамалас, ақ шапан киіп, басына ақ  сәлде ораған адам тұр. Бір қарағанда тым жас көрінгенмен, сына сақалы мен кысқаша мұрттары от жарығымен күмістей жылтырайды. Қоңыр түсті үлкен көздері қайырымдылық пен мейрімділік көрсетіп тұр. Қоңқақтау мұрыны, сұлу сызылған еріндері – бәрі, бәрі әбден таныс, тіпті түғандық нышаны бар сияқты көрінсе де, бұл кісімен ешқашан жолықпағандарына  қыздар сенім.

- Қорқпандар, туғандарым! Мен ұлы аталарың Кенжеболат боламын. Мен сендерді және кішкене інілеріңді қорғап жүремін.

 Оғаш адам, жай сөзбен айтып жеткізуге болмас мейірбандылықпен үрейленіп қалған қыздарға үнсіз қарап тұр, ал аналардың құлақтарына  оның жұмсақ барқыт даусы жағып тұр.                                                                  

 – Алдарына жоғары, игі мақсат қойыңдар, жетесіңдер оған. Тату, адал өмір сүріңдер, ешқашан ешкімді алдамаңдар, сонда бақытқа кенелесіңдер. Мұны сендерге мен – киелі ұлы аталарың Кенжеболат айтып тұр.

Жалын тағыда лаулап жоғары шарпығанда қыздар көздерін мезетке жабуға мәжбүр болды да, қайта ашқан сәтте – ешкім болмағандай  бос орынға көздерін тікті.

                                                

                                                             ***

 

Біраз уақыт өтіп, естерін жиып, болған жайды ойға сала келсе, қыздардың  жандарын сұмдық  үрей билеп алды.                                                                                                                                                                        - Сендер көрдіңдер ме, естідіңдерме? - Сара қорқыныштан еріндері дірілдеп,  қалтыраған саусағымен жоқ боп кеткен көрініс орны жаққа нұсқады.                                                                   Роза шашы қысқа қырқылған басын  изей берді, мұнысы жүйке қалтырауына ұқсас болып шықты.                                                                                                                                                             Клара қалтасынан бет орамалын суырып алып, күдік тудырардай баппен көзілдірігін, шынысына түкіріп қойып сүрте бастады.                                                                                                                                    Апаларын енді кішіміз ақылынан алжасқан жоқ па деген қорқыныш биледі.                                                                - Ұлы бабамыз   не айтқанын естідіңдерме ? «Тату болыңдар, яғни ешқашан бір- біріңе қол сілтемеңдер, ұрыспаңдар» - деген жоқпа? Мен де солай ойлаймын. -   Клара атасында қонақта болып, оның өсиеттерін жеткізіп отырған адамша байыппен сөйлеп.           

 - Сен- сен- сен, немене, бұ-ұ-л  шынымен біздің атамыз болды деп ойлайсың ба?

- Өзі емес, әрине, оның  рухы. Ал сендер менің «Рух мәңгілік» дегеніме  сенбедіңдер.                               

- Атамыз қай тілде сөйлегенін аңғардыңдар ма?  - деп сұрады өзіне - өзі келе бастаған Роза.                                                                                                                                                                                       -       - Ешқандай.  Бұл телепатиялық байланыс аталады. Бұдан бұрын Кенжеболат деген атамыз болғаны жайлы естіп пе едіңдер?  - кіші сіңлінің жайшылығы біртіндеп  үлкендерге жетіп, олар да ойға салып, ақылға сиымды қортынды жасауға мүмкін жайға түсті.

– Бір жайлар менің есіме түсті,- деп Сара мүлдем сабырлы, ойлы, мұңлы дауыспен  жанған отқа қарап отырып әңгіме бастады:                                                                                      

  - Біз онда әлі Қызылтуда тұрамыз, папам НКВД  деп аталатын кеңседе істейді. Онда оның немен айналысқанын білмеймін, бірақ көп ішетін болды. Және үйде  жалғыз  отырып ішеді. Ас үйге отырып алып, ішіп- ішіп артынан еңкілдеп жылайды. Бірде ол мені шақырып, үлкендермен сөйлескендей сұраудың сатына алды. «Сен білесің бе, атаң мұғалім болмас бұрын молла болғанын?». Мен оны қайдан біліппін? Сосын «Ұлы атаң  Абдуали ишан болғанын білесің бе?» - деп сұрақ қойды. Ишан дегендер кім? Әуелі: түсіндірсе болмай ма, мен үшінші сыныпта оқып жүрген бала  емеспін бе? Ия, мастан не күтуге  болады?                                                                                                                                                    Сара  ағаштың қу бұтағын алып, отты  қопсытты. Маза бермеген ойларын қуып тастайын дегендей,  басын қатты - қатты шайқап қойып, ұзақ  сонар әңгімесін жалғастырды:                                                                                                                                                          -Содан соң мастық оның есін мүлдем шығарды білем,  қайдағы жоқты  ертегілерді айтып, қиялға батты. «Сенің ұлы атаң Кенжеболат Әулие болған, адамдар емдеп, болашақты жорып айтып, жаңбыр шақырып, бұлттар  тарататын қасиеттері болған  деседі  білген жұрт. Бір ретте  айдалада өрт шығып, ауылға жақын келіп қалды, қанша алысса да ел оны сөндіре алмай қойды. Сонда біздің бабамыз аспанға қол жайып, бір кішігірім бұлт  пайда болғанша тұрады. Сол бұлт тез арада ұлғайып аспанды түгел жабады да,  кешікпей нөсерлеткен жаңбыр жауып, өртті сөндіреді. Ойлап көріңдерші, бұған қалай сенуге болады, ә?                                                                                                                        - Сандырақ! -  бір-ақ қайырды Роза.                                                                                                                          - Оның тағы бір айтқаны, атамыз Кенжеболат екінші рет қажылық жасағанда, Меккенің ең басты молласының өзі қарсы алып, құрмет көрсетіпті.                                                                                 -Ол қалай сонда?- ауыздарын ашып тыңдап отырған сіңлерінің дауыстары бірге шықты.                                                                                                                                                              - Атамызды қарсы алуға молланы  жіберуші, түсінде, түбінде әулие болар  қазақ осында келуге тиіс, оны үлкен құрметпен қарсы алып, ерекше сый көрсетіңдер, - деген нұсқау берген шешесі болса керек.                                                                                                                           -Менің білуімше, ол жақ құр дала, қонақты қай жерде қарсы алыпты? - деп сұрай қалды,  әдебиетке бейімдірек, Клараға қарағанда  табиғат зерттеу ғылымдарынан хабары молырақ Роза.

 - Әлгі бас молла, кішірек  моллаларды ертіп, атқа отырып қала сыртына шығып тұрады, себебі оған шешесі:  Сен шығып күт, ал Аллах біздің әулие қонағымыз кім екенін өзі білдіреді. - депті- міс.                                                                                                       

 – Хм- м! - болашақ материалист - коммунист Роза  жаратпаушылық шырай білдірді, Клара болса бар ынтасын салып тыңтауда.(Сол бойы,  кейінде  материалист те, коммунист те  болмай қалды)                                                                                                                                 –Сонымен моллалар күтіп  тұрады, тіпті аттары шаршап бітеді, - әңгімесің өзі де қызына айта бастады Сара.                                                                                                                                                   - Бір сәтте соңына  кішкене ғана қара бұлт ерген арбаға көздері түседі. Бұл, яғни, келе жатқан біздің атамыз, ал бұлт оның аптап күн көзінен қорғаны. Моллалар бұл өздері күткен жихангер екенін бірден түсініп, тура шауып, құрметпен қарсы алады.                       

- Олар қалай танып алды екен? – сұрады Клара  үнсіздікті бұзып.                                                                                             - Себебі онда жаңбыр өте сирек болады, ал мұнда жауынның қара бұлты жихангердің басының үстіне шүйіліп не аспайды, не қалмайды. - ұнатпаған түрімен Сара зердесіз қызға түсініктеме берді.                                                                                                                                               -  Ал сосын не болды? -  Клараның әуестігі басылар емес.                                                                                                – Сол жақта біздің ұлы атамыз өледі және  қасиетті әруақ санатына жатқызылады. Оны жұрт Кенжеболат әулие атай бастайды. Ал қалай, неден өлгенін әкеміз сол күйі айта алмай еңіреп жылап, ақыры мені ас үйден қуып жіберді.                                                              

 Әңгімемен түнде өте шықты. Қызарып таң атты. Үлкендік  құқығына  сүйеніп, Сара командир рөлін қолына алды:                                                                                                                                 - Кәнекей, келісіп алалық: не көріп, не істегеніміз жайлы ешкімге ауыз ашып айтпаймыз. Әйтпесе бәрімізді есалаңдар емханасына тығады. Клиникада психиатриядан тәжірибе өту кезінде мен өлгендердің жандарымен кездесіп, сөйлесіп жүрген ауруларды көрдім. Оны  шизофрения деп атайды. Әсіресе сен, Клара, рух, шексіз ғалам туралы сайрауыңды тоқтат, болмаса аузыңды  жауып үлгермейсің ­-  санитарлар жубату көйлегін кигізе қояды.                                                                                                                               – Ал мамамызға айтамыз ба? - мамасының хабар тасушысы Роза  дегенімен жайды толық анықтауды жөн көрді.                                                                                                                                  – Ешқашан! - Сара кесіп айтты. - Ол сосын біз үшін қам жеп бітеді. Құдай сақтасын, бізді орманнан естерінен ауысып қайтты деп, ойлап қалуы да ғажап емес.                                                         

 – Қалай болғанда да, енді біздің өзіміздің қорғаушымыз барлығы қандай тамаша. Тек хабар алысу екі жақты болғанда, мүлдем керемет болар еді. - Клара бұл жайға ризалығын білдірді.                                                                                                                                   – Сен тағыда қиялдауды бастадың ба? Мен айттым ғой,  ұмыт бәрін, ешкімге бір ауыз, тіпті жарты ауыз сөз айтушы болма, психушкаға тығады. Түсіндің бе мені?                                                     

 - Жарайды,  түсіндім, балықша үнсіз боламын.                                                                                                                      Түске таман қыздар шелектерін қышқыл-тәтті шиеге толтырып болып, қалған нандарын қаусап алып, иықтарындағы иін ағаштарының салмағымен теңселе басып, кейін қайтар жолға шықты. Бұлар иықтарындағы жүктің мойындарын қиып, ашытуынан жол бойы үнсіз жүріп келеді.                                                                                                          Ақ- Ана бұлағына жеткен бойда, шыжыған күн астында,  ұзақ жүрістен шөлдеп қалжыраған қыздар, әлдері кетіп, жерге сұлап түсті.                                                                                        Ой, шіркін Ақ - ананың жан сергітер ылғалы-ай! Өзі дәмді, мөлдір, өзі тіс сырқыратарлықтай салқын бұлақ суына не жетсін! Рахмет саған Ақ - Ана!

 

                                                         ***

 

   Ақыры  көп күттірген жаз да келіп жетті-ау. Бесінші сыныпты бітірген достар өздерін ересек сезінеді. Дауыстарында қырыл пайда болып, бұлшық еттері қомпиып көріне бастады. Дастан  Вовканы әдетте « Татарин» атаса, ал ол бұған «Дато»  деп жуап қайырады. Маңыздарын көтере түсу үшін, балалар Вовканың әкесінің қорынан алып  тұратын махорканы тартып жүреді. Кейде моншаның ауыз бөлмесінде жатқан Паша  апайдың, толып жатқан шөлмектерінің түбінде қалған самогонның дәмін татып қоюдан да бас тартпайды. Жалпы айтқанда, деревняның нағыз сотқарлары өсіп  келеді.   Осы кездері балалар сыныпқа - сынып, көшеге - көше болып төбелесетін.  Алғаш қан шыққанша ұру, арқа жақтан ұрмау, жатқанды теппеу, қызбен жүргенде тиіспеу сияқты жазылмаған заңнамалары болды. Өткен өмірге ой жүгіртіп, бүгінгі күнмен салыстырып қарасақ:  сол жылдардың адамдары, үлкені де кішісі, қаншалықты игі ниетті болғандығын көріп таң тамаша  боласың.                                                                                                                                                 Әрине, бұрын казак  станицасы болған, қазіргі таза орыс селосында, Дастанның тұрмыстық жайларда шовинистік кемсітушіліктерді  бастан өткерген кездері болды. Кейде тіпті есі дұрыс адам түсіне алмас қисынсыз жайларды көруіне тура келді. Бірақ, мұндай бірен - саран жайлар, Дастанның сағын сындырып, жасқаншақ жасай алмады, себебі әрқашан көмекке келуге даяр досы Вовка Татавринцевпен сенімді көршілері  Василиенко жанұясы болды. Сосын  мұның өзі де жәбір көрсетпек болғандарға басындыртпай, төбелесе кеткенде, қахарлы болатыны сондай, балалар түгілі ересектер сескеніп, қарсыласуға бармайтын.                                                                                              Бір жолы Дастан мен Вовка қайыққа отырып, суға шомылып, құмшықты жағада жатып күнге күйіндірінбек болып, жолы қалың қамыс қопасы арқылы өтетін алыс ашық жағалауға жол шекті.  Вовка ескекте отыр, Дастан қайық артында отырып алып,  аузына келгенді мыжып, оң қолының алақанымен көгілдір судың бетін жыртқылап келеді.                                                                                                                                                         -    Гена ағай айтты, өткен түнде Сарбұлақ колониясынан аса қауыпты екі қарақшы қашып шығыпты және олардың айтуынша, Харламка жартыаралығында жасырынуы мүмкін. Оның үңгірлерінде,  су астына апаратын тесіктер бар екен, сол себептен иттер із ала алмайды. -  Дастан  өзінің көршісі, паспорт үстелінің бастығы( мұндай көршілестік пайдасыз емес, солай емес пе?)  Василенко Генадий Ферапонтовичтен естіген жаңалықпен бөлісіп келеді және, әрине, өзінің болжамдарын қоспай қалай айтады.  - Күндіз олар онда тынымдайды, ал түнде жағаға жүзіп шығып, селоға жасырын кіріп, тамаққа тауықтармен индюктер ұрлайды.                                                                  -  Ал селоның тауық, индюктары біткенде кімді ұрлайтын болады? - Татарин досын бір шалып қалу үшін қашанда сылтау табары сөссіз. 

- Онда олар бес сынып бітірген орыс балаларын ұрлай бастайды, -  Дато қайырып жауап қатты.                                                                                                                                       -  Неге тек орыс балалары,  қазақтар жарамай ма? -  сөзбен арпалысты Вовка әрі жалғастырды.                                                                                                                                                                        -   Себебі орыс балаларының денесіне самогон сіңген, еті өте жұмсақ көрінеді .       -  Өзің самогон дәмін татпағандай, - жауап қатты  Татарин «жәбірленген» үнмен, бірақ көп нәрсені аңғартар күлкісін жасырмай.                                                                                        

   Кенет қалың оратылған қу қамыс арасынан жүн басқан, татуировка жапқан қол созылып келіп, қайық бортына жабысып, оның жүрісін кілт тоқтатты. Тек сол шақта ғана мылжыңдасқан  достар, қамыс арасында тұрған, бірнеше бөренеден жасалған сал үстінде жатқан,   қара түсті арнайы киім киген,  европалық пішінді екі жас жігітті байқады.                                                                     

  -Қолға түстіңдер ме, балақайлар! Қайсыңды бірінші жейік?                                               Қайықты тоқтатушы сары металлдан салынған тістерін  күнге жағылыса жылтыратып, көңілді дауыспен күлімсірей сұрады.  Біздің ерлеріміздің сөйлеу қабілеті жойылды.                                                                                          

 -   Ал қазір біз былай жасаймыз: сен, қазақ- бала, біздің салға секір, ал сен бұйра бас, жағаға жүгіріп барып, бізге нан, сіріңке, темекі алып  келесің. Болмаса біз сенің досыңды шынымен-ақ жеп қоямыз. Түсіндің бе?

Алғашқы шошыныс тез тарады. Балалардың ерте жастан қалыптасқан, одан кейінгі бүкіл өмір бойы талай қиын қыстау, өмірге қауып туғызған жайларда құтқарған, құдайы сый - салқын қанды ақыл- парасаттары іске қосылды.             

- Ағатай, мен қазір қайық  есе алмаймын,  қатты шаршадым, кезек Дастандікі, сол барып келсін, - деп жыламсырай сұраған Вовка қөзінің қиығымен досына аяғы астында жатқан орақты меңзеді, ал өзі қолындағы ескекті қыса ұстады.        

 -Жап аузыңды, айтқанды орында! - қашқынның солар екеніне балалардың еш күмәні қалмады, даусында қорқыту ноткалары пайда болды.                                          -                    - Жарайды қазір қайтіп мінемін, - деді Дастан толқыныштан қырылдаған дауыспен.                                                                                                                                                  -  Мынау кім, әй? - деп қалды ол тағы да , қорқынған үнмен салдың арт жағына қадала қарап.                                                                                                                                                                        Екі қашқын бір сәт қана мойын бұрып артқа жалт қарады, сол сәт Дастанға орындық астынан қайралған орақты жып еткізіп алып, бортты ұстап тұрған  қолды шалып жіберуге жеткілікті болды. Зиян шегушінің бақыруын естіген Вовка, ескегін көсілте ескенде қайық үріккен үйрекше із қалдыра, су бетімен жылдам қалқып бара  жатті.  Қауіпсіз қашықтыққа  жеткенде, Дастан екінші ескекке отырды да, қайықтары бұл жағалауда бұған дейін ешкім жүрмеген шапшаңдықпен елге қарай құйқылжы жөнелді.                                                    

      Әбден әлсіреп  қажыған балалар, Ақ-Ана бұлағына әзер жетіп, мөлдір бұлақ түбіне құлай түсіп, шөлдерін басып, дем ала отырып, шешім қабылдады:  Вовка қайықты орнына апарып қояды, ал Дато жеңіл желпек жүгіріп милицияға, тура Гена ағайдың өзіне жетіп, болған істі баяндайды. 

Дастан әңгімесі осынша дүрлігіс туғызады деп мүлдем күткен жоқты. Гена ағай ести сала ең үлкен бастыққа жүгіріп кетті де, қайтып келіп, Дастанға құрама топқа сол орынды көрсетуге бірге барасың деді. Жасөспірімді үлкен жүк машинасының кабинасына  отырғызып, өздері автоматшы милиция тобымен, бүкіл аудан милиция басшылары машина қорабына жайғасты. Жолды жақсы білмеймін  деп сылтауратып, ол топ басшысын қайық қойған жерде күтуге келіскен Вовкаға соғып ала кетуді көндірді.                                          

    Қашқын қылмыскерлер жасырынған деп шамаланған жерге жеткен бойда, жаунгерлер машинадан атып түсіп, автоматтарын кезеніп, жағалауға жайылып тұра қалысты.                                                                                               

            - Кощеев, Носенков!  Дереу жағаға шығуларыңды бұйырамын, болмаса итше атып тастаймыз!- деп топ командирі мегафонмен айғай салды.                                        Жауап орнына  үнсіздік.    Бір ғана автоматтан атылған оқтар ондаған, мүмкін  тіпті жүздеген көпжылдық қамыстардың қоңыр сары бастарын қыйіп түсірді.

 -  Соңғы рет берілуге бұйырамын. Болмаса барлық қарудан нысаналап атамыз.                                                                                                                                            -                    - Атпа, азамат бастық! Шығамыз!...                                                                                                                      Ең қызығы - осы оқиғаның финалын бір жақтан шыға келген Гена  ағай көрсетпей қойды. Ол өзінің «Урал»  мотоцикліне балаларды отырғызып алып, тура үйге әкеліп, қоштасып тұрып:

- Ауладан мұрындарыңды шығарушы болмаңдар, -  шегелеп айтты.                                                                                          

    - Дато! Вова! Болған іс жайлы ешкімге айтушы болмаңдар. Бұл тек өздерің үшін ғана емес, бүкіл туыс - тумаларың үшін қауыпты. Зэктер аса кекшіл қалық, ал сендерге әлі өсу қажет, -  мұңды күрсініп  қойып тамамдады ер.             

 Достар   Татаринцевтер бақшасының ең алыс түпкіріне жасырынып жатып алып,  махорканы бұрқырата тартып , өткен күн оқиғаларын қызу талқыға салды.                                                                                                                                           -   Өскесін, Рамазан ағай  сияқты чекист боламын, -  кенет баяндады Дастан бас жоқ, аяқ жоқ  салтанатты түрде.    

-Ал мен Гена ағай секілді милиционер боламын, - қосылды Вовка  оданда салтанатты үнмен.

 

                                                        ***

 

Жексенбі. Жаздық аптаның түс мезгілі.                                                                                                       -     Ақ -Ана бұлағы басында жан жоқ. Орыстарда қайдағы бір мереке, қайдағы бір Троица, бәрі,  тіпті балаларға дейін самогон қылғытуда.  Ал ыстық аздап басылғанда, үйден үйге кіріп , бір бірін құттықтап, тағы ішіседі. Содан соң гармоншы Коля Жирнов үйінен шығып, есік алдында отырып алып, сырнайын барынша созып күннің ыстығында:  «Ой, мороз, мороз! Не морозь меня!» - асқақтата шырқап жібереді. Көршілер жабылып частушкалар айтып,  «Барыняны» билеп кетеді. Тіпті паспорт үстелінің бастығы Геннадий Василенко әйелі Зинаны  қолтықтап алып, сонда  барып, ән тыңдап, би қызықтап қайтады.                                                                                                                                     Тек мұның,  Жұке-Пірадардың қызы, чекист Асановтың тастап кеткен әйелі, Шәмшықамардың ғана барар жері жоқ. Міне ол тұщы сумен үйінің кірін жуып - шаюға бұлаққа келіп тұр. Басқа не істейді? Қыздары жидек теруге орманға кетті,  Дастан болса,  досы Татаринцев Вовкамен Харламов жарты аралының бір жерінде ақ гвардия адмиралы Колчактың көмбе байлықтарын іздеп жүрген болар.                                                                                                                                     Күн  тас-төбеден төмен түсіп қызыуын басып, батысқа бағытталып барады. Ыстық лептің орнын Саумалкөлден соққан тыныс сергелтер жел есе бастады.  Көлдің көбігі көпірген, кірлі толқындары,  лай басқан жағаға өжеттене шапшып, Ақ- Ананың мөлдір таза суына жеткісі келетінін дей сықай білдіреді. Бәрі өмірдегідей: ащы мен лас көп және олар ізгіге, жарқынға қызғанып маза бермейді, таптап тастауға тырысады.                                                                 

    Шамшіқамар  легенге таза су құйып алып, кірлерін шаюға кірісті. Электірлі жуу машинасын ойлап шығарыпты деседі, бірақ олар менің қолмен жуғанымдай кір тазарта алар ма?  Жалқау әйелдердің  әусалығы ғой тегі. Ал электрдің өзі күнде бола бермейді, сонда немене кір-кір болып жүре береміз бе? Ж- о- қ, қолменен істеу артық болады. Қалалықтар не болса соны ойлап шығара қояды, әйтеуір .                                                                                Айтқандайын, қала жайлы. Облыстық мемлекет қауіпсіздігі басқармасында үлкен қызмет атқаратын, шешесі жағынан немерелес аға  болатын Аушахметов Рамазан хат жазып, қызмет бабымен Алматыға ауыстырылып, кешікпей отбасымен көшетінін хабарлапты. Көкшетауда, қаланың қақ ортасында  ескі үй қалып барады. Жер  көлемі үлкен, орны да жақсы. Кең  үй салып алам деген ойы бар еді, тағдыр жазбаған болар, тастап кетуге  мәжбүр.                                                                                                                                     Сонымен, Рамазан бұған Көкшетауға көшіп келіп, осы үйге кіруді ұсынады. Бастапқы кезде бастарыңда баспана болады, ал тігінші жұмысы қалада қашан болса да табылады, есесіне Клара мен Дастан жақсы білім алады, жоғарғы білім алу туралы ойлайтын уақыт та алыс емес, - депті . Сәбисіз өмір сүрген Рамазан мен әйелі Бану, неге екені белгісіз, Клараны ерекше жақсы көріп, үйіп- төгіп ойыншықтар сыйлап, тіпті өздеріне қыз етіп алуға ниет білдірген. Бірақ, әке -шешесінің көзі тіріде қалай қиып берерсің.    

-Әй, Темір, Темір- ай! Сенің жеңіл ойлылығыңнан қанша келіссіз жайларға ұшырадық. Сен бір кезде лейтенант Аушахметов Рамазанның бастығы болып едің ғой. Ал сені капитан шенінде моральға жат қылықтарың үшін жұмыстан айдап шықты. Ал біз, сенің от басың, бұдан әрі қарай күн көрудің амалын таппай отырмыз. Мүмкін, шынымен де қалаға қөшу жөн болар. Онда пединститут ашылады, мүмкін балалардың бірі соған түсіп қалар. Иә, басқа қалаларға теміржолмен қатынасу әлдеқайда жеңіл болады.   Не істеу керек? Бұл сұрауға кім жауап тауып береді?

          Кенеттен сай  ішінен түрлі  түсті қалқанмен жабылған, қос ала ат жегілген бір арба шыға келді. Оның соңынан екінші және тағы біреуі көрінді. Сығандар!  

           Жүрегі үрейлене соғып, бәрін тастап үйге қашу қажет деген ой санасын билеп барады. Бірақ үрей бұлшық еттерінің күшін жойып, еркінен айырды. Бейтаныс адамдар келгенде отыра беруге ыңғайсызданып, Шәмшіқамар әзер-әзер орнынан тұрды.

          Сол екі арада көліктер жарты шеңбер құрып, тоқтай қалды да, іштерінен әр түрлі жастағы балалар атып түсісіп, түлкі үйіріне тиіскендегі қаздардың қиқылынан бетер, адам айтқысыз у-шу шығарды. Бірнеше алба жұлба балалар, сол қалпы не істерін білмей алжапқышын сипалап тұрған Шәмшіқамарды қоршап тұра қалды.

          «Төсек жапқыштарым қош болыңдар, онша қымбат болмаса да, бәрі бір аянышты- ақ» - деген   ой ғана қелді сорлы әйелдің басына.

           Кенет не еркек, не әйел даусы екені белгісіз, әйтеуір темекі тартудан қырылдаушы көмейден шыққан  зеку естілді. Балалар да, қыздар да қауып дабылын берген тауыққа қарай жүгірген балапандардай тұра жүгірісті. Аяқ астында тыныштық  орнай қалды.

          Шәмшіқамар  қолына түтіні бұрқыраған трубка ұстаған кемпірдің жақын келіп қалғанын енді ғана байқады. Үстіндегінің бәрі шым қара, ұзын, қең. Кемпірдің түрі адам қорқарлық: бетінің үлкендігі мен дөңгелектігі орта деңгейлі қазаншаны еске салады, бір кездерде ала - құла, ал қазір қара түсті шәлінің астынан ақ - қарасы аралас  ұйып қалған шаштары шығып тұр. Имек мұрны  торсиған  еріндерінің үстіне жыртқышша төніп тұр, бадырақ қара көздері шексіз қаталдық пен мінез күштілігін айғақтайды.

           Сыған кемпір онсызда қысылып тұрған Шәмшіқамардың көзіне кірпік қақпай ұзақ тесіле қарады да, бірнеше рет трубкасының түтүнін терең жұтып алып, көшіне бұрылып қарап, өз тілінде бірдеңе айтып ақырып  қалды. Сымбатты жас қыз екі орындық әкеліп қарама қарсы қойды. Кемпір біріне өзі отырып, Шәмшіқамарға екіншісіне отыруға әмір етті. Саусақтарын шырт еткізіп еді, бүкіл табыр су ішуге бұлаққа қарай тұра ұмтылды.

          - Таборда  еркек мүлдем жоғын байқадың ба? - деп кенет сыған әйел аса қайғылы дауыспен толғана әңгіме бастады. - Омбы түбінде қашқын зэктер бандасымен ұшырастық, олар біздің еркектерді қырып салды. Алтын іздеп қылмағандары жоқ: азаптады, қарындарын жарды, қыздарды зорлады. - Осы уақытқа дейін ауыз ашпай отырған Шәмшіқамарға күдікпен қарап, - сен өзің орысша түсінемісің? - деп сұрады. Анау басын изеді.

          - Ең тәуір аттарымызды алып кетті. И- ә- ә, солай болды. Әзер-әзер бас аяғымызды жиып, тұған өлкеміз Бадахшанға бара жатырмыз. Ондай жерді естіп пе ең? Ол Памирде. Біздің заң бойынша, табор тарап, немесе күшінен айырылғанда үйге қайтып бару  міндет. Қолыңнан келгенше бізге көмектес, құдай саған еселеп қайырады.

           Шәмшіқамардың терең ойға бойлағаны сондай, самайындағы күре тамыры ісініп шықты. Ауыр,  аса ауыр мәселе шешу үстінде отыр ол. Соғыс кезінде, күйеуі оның әкесінен қалған барлық алтын әшекейлерін жеңіс қорына тапсыруға  көндірген. Сонда ол комендатураға боднас  толы алтын апарғанда, бір ғана сақинаны естелікке алып қалған болатын. Сол сақина қазір  ортаң саусағында жарқырап тұр. (Некелік сақина салу күйеуіден айырылысқан әйелге рұхсат етілмейді.)

          Қанша қимаса да, аңғырт, әрі қайырымпаз әйел өзін-өзі жеңіп, сол ардақты сақинасын саусағынан шешіп алып, күлімсіреген түрмен кемпірге табыс етті.

Қаңғыбас сыған қайран қалып, қабағын шытты, сақинаны екі саусағының арасында  қысып ұстап, ұзақ үнсіз қарап отырды.

          - Немене байдың қызы, өмір қиын болып тұр ма? Әкеңді өлтіріліп, күйеуің төрт баламен тастап кетті ме?

          Енді таңдану кезегі Шәмшіқамарға келді. Көз жасы сорғалап бетін жуып, шеке тамырлары солқылдады.

-Бай болды әкең, өте бай, Ақалтеке тұқымдас, қазақша араптың, ақбоз атының үстінде, қызбала кезіңде отырғаныңды көремін.  Ол саған көп алтын қалдырды, бірақ сен оны таппайсың, қасыңдағы, жақын біреулердің еншісіне тиеді.  Туыстарың болар. Қазіргі тұрған жерде өзің де, балаларың да бақытты бола алмайсыңдар. Сендерге басқа жерге, қалаға көшу керек. Сонда ғана сендерге сәт күн туады, балаларың үлкен-үлкен отбасы құрып, әрқайсысы төрт балалы болады. Маған сен...

          Шәмшіқамар сиқырланған жандай тыңдады. Осы сәтте ол Жаратқанның рахымшылығына кәміл сенді. Немерелес ағайыны Рамазанның ұсынысын қабылдау-қабылдамау туралы азапты ойларына, мынау көріпкел осылай  жауап беріп тұр,- деп түсінді.

-Рахмет! – әзер естілер сыбыр етті, өмірінде тұңғыш рет өзінен үлкен адамның  көзіне тура қарап. Оның қоңыр көздері, терең ризашылық, жақсылық өзгерістер күтушілік ұшқынын шашып тұрды.

-  Сенің үш қыз, бір ұлың бар, солай ғой? – сұрады кемпір сақинаға одан әрі  үңіле түсіп. - Ең кішісі ұл, солай ма? Қыздарың жап жақсы, өздерін берік ұстайды. Ал ұлыңды қатал ұста, әкесіне тартқан тым әсершіл тұлға. Оған екі қауіп бар: ішімдік және әйелдер. Өзін ұстай білсе алысқа барады, иықтарында пагондар көріп тұрмын. Оның белгісі  барыс. Білмеймін, неге екенін түсінбедім, бұл нені білдірерін де айта алмаймын, бірақ ол жасы тола келе барысқа, қар барысына айналады.

 Ұлын сүйген ананың толқыныстан кеудесінен жүрегі атып шығардай болды: қайдағы барс, қайдағы қар? Жарайды, әйел делік, арақ делік. Мұның бәрі үйреншікті нәрсе, ал барыс деген не пәле? Неге барыс?

-Неге барыс?- сауал қойды  аузының ұшымен ғана биязы мінезді әйел.

-«Білмеймін» деп айттым ғой мен саған. Сен аса қорқа берме, ұлыңда бәрі жақсы болады, тек ішпесе болды. Қолыңды берші маған, ол емес оң қолыңды. 

Кемпір жас ананың қолын сүйді де, алтын сақинасын қайтадан саусағына кигізді.

-Былай болсын, қызым, мына сақинаны өзің тақ, ешкімге  беруші болма. Бұл сені әкеңнің аруағымен байланыстыратын соңғы зат. Бір уақытта ол белгі береді, тек өзіңе емес - балаңа, мына сақинаны көзіңнің қарашағындай сақта!

Шәмшіқамар ұшып тұрып, кәрі дана сыған кемпірді екі бетінен кезек сүйіп, тездетіп көр-жерін жиып алып, асыға үйге тартты. Оны алда ұлы істер күтіп тұр...

О, тұзы ащы Саумалкөл!

О, адамзаттың жауыз азғындары кесірінен жоқшылық көруші, кедей сорлылардың ащы өмірі!

О, ана махаббатының символы мөлдір сулы Ақ - Ана бұлағы!

О, адал адамдардың жеңімпаз махаббаты мен қайырымдылығы!

 

                                             5 – Тарау

 

                           Асфальтта өскен тұймедақ гүлдері

 

 Асфальт жамылған көркем көшелер мен көріксіз шаң басқан кішіпірім көшелерді тұншықтырар лас ауамен жаба қалаға кеш түсті. Жаяу жолдар саласында күйдіру пешінен жаңа ғана алынған кірпіш лебі тәріздес ыстық ауа тыныс тарылтып барады. Теректердің ыстық күнге жапырақтары солып, бұтақтары салбырап тұр. Көше шамдары жарығына жиылған маңайдың шыбын - шіркейінен қорғанғандай көмескі  жанып тұр.

Тігін машинкасынан кешігіп жаңа ғана босаған Шәмшіқамар, Валериан Куйбышев пен Ермек Серкебаев оқыған №1 орта мектепті жаңа ғана бітірген ұлы  Дастан мұны күтіп аш отырған үйіне асыға баса жөнелді. Құдайға шүкір, қыздары орындарын тапқан, бәрі күйеуде, бәрінің жан ұялары бар.

Үлкен қызы - Сара дәрігер, Роза мен Клара орта мектеп оқытушылары болады. Мұның үш ұйықтаса түсіне кірер арман ба еді. Сығанның дана кемпірі, сенің көріпкелдік кеңесің үшін мың да бір рахмет! Көкшетауға көшу, шынында да жанұя мүшелерінің әрқайсының тағдырына  қолайлы  жағдай жасады.

Жалғыз қапалы жай, немерелес ағасы Рамазан мен оның жұбайы Бану жол апатынан Алматыда қаза тапты. Аса қайырымды жақындар еді, жандары жұмаққа болғай! Міне Шәмшіқамар балаларымен солардың көмектері арқасында аяқтарына тұрып кетті. Қазіргі жайлары бұрынғыдан әлде қайта тәуір.

Қандай тамаша! Қаланың аты қала ғой!

 Өткен село өмірімен салыстырғанда ол жеңіл киінген: үстінде ұзын жеңді (қысқа жеңге  үйрене алмай қойды) жібек көйлек, аяғында үсті ашық жеңіл туфли, басында капрон орамал.

Осылай безеніп Айыртау көшесімен жүріп көр! Ал мұнда тамаша: үйден шыға бере тігінші болып  орналасқан ательенің кіре берісіне дейін кірсіз, шаңсыз жол төселген. Айтпақшы, ол кәзір жай тігінші емес,  тігінші - моторшы, себебі электр тігін машинкасымен жұмыс істейді. Жалақы мұнда Айыртаудың артеліндей жалпы табыс бригада мүшелеріне бірдей бөлінбей, өндірілген тауар санына сай төленеді. Қазір мұның қанша ақша алатынын айтудың өзі қорқынышты. Тек, рас, сол үшін күн шыққаннан батқанға дейін, цех бастығы, Социалистік Еңбек Ері Нағима Нұғыманова: үйіңе бар, ақша біткеннің бәрін бәрібір ала алмайсың, денсаулықты да сақтау керек деген сөздерді айтып цехтан еркелете қуғанша тер төгуге тура келеді.

Жалпы, тағы да рахмет саған, қайырлы сыған әйел!

Үйіне жақындай бере, Шәмшіқамар,  жаяу жолдың асфальт жабылған беті қолға шыққан ісік сияқты,  томпиғанына және соның салдарынан пайда болған жарықтардан оншақты бақ гүлінің бастары қылтиып шыға бастағанына назар аударды.  Әйел жанына лап беріп құйылған сезім мен ойлардан бір қадам алға баса алмай кілт тоқтап қалды.

«Нәп-нәзік гүлдер қатты асфальт қабатын тесіп өткен!  Бұлардың еркін күші, өмірге деген құштарлығы қандай зор еді! Қалағандарына жетіп, енді еріктілік сезіміне масаттануда. Біз де, осылар секілді, жоқшылық пен амалсыздықтың ең терең түбінен көтерілдік. Менің қаншама жас төккенімді ешкім көрген жоқ. Бұл әкем – Жұке - Пірадардың өлер алдындағы өсиеті еді. «Менің жалғыз қызымның қорлықтан төккен көз жасын еш пенде көрмеу шарт» - қатты тапсырып кеткен соңғы сөздері болатын.

Мен сенің  еркіңді орындадым, мені еш адам сен еріксіз, нәзік жанды болдың, - деп кінәлай алмайды, әке! Мен балаларды аяқтарына тұрғыздым, оларды  үмітсіздік пен кедейліктің терең орынан алып шықтым!»

 

                                                           ***

 

Дастан мамасы келгенде шай дайын тұрсын деп примусты екі рет тұтатты. Ол үйге кірген бойда жұмыртқа  қуыра қоймақ. Тек бір ғана ойы оны езгідей жеп барады: №1 мектеп балаларын қорлап, зорлап маза бермей қойған Мироха және оның басбұзарларымен болған шайқастың салдарынан көгерген көзі мен қанталап ісінген бетін көріп шешесі   шошып кетпесін.

Әрине, мұндай жайлар кезекті төбелестерден кейін бұрын да болып тұратын. Мұрны қанап, әлде көзінің асты көгеріп келгенде, анасына отын жарғанда шөрке ұшып тиді дей салғанда, ол да бұған сене салатын. Ал бүгін не тауып айтады?

Бұл бәленің басы ғана, жалғыз өзі қарсы тұрып, Мироханың қарақшыларымен болар қанды шайқастар әлі алда.

Мұның бар кінәсі: сыныптасы Батхан Гошаны мына жексұрындар  «Дружба»  кинотеатрының қасында ұрып - тепкілегенде соған болысқан болды.

«Әй, Вовка, Вовка қайдасың? Менің сенімді серігім, досым Татарин қайдасың? Мынадай әділетсіздікке күйініп, тығырыққа тығылғанымды айтып, бүгін оған хат салдым. Ол келеді және бірдеңе ойлап табады».

- Сен неге қараңғыда отырсың, тағы да жарық жоқ па? - Мамасы үйге дыбыссыз кіріпті.

- Бір жері тұйықталып қалған болар, ертең күндіз қараймын. - өзі бұрап сөндіріп қойған шамдардың неге жанбайтынын басқаша  қалай түсіндіреді?

- Майшам неге жақпайсың?

- Қазір жағам. Әшейін жермай үнемдегенім ғой, мүлде азайып қалыпты.

 Дастан шамның мүржесін алып, пілтесін тұтатты. Мүржені орнына салып үлгергенше мамасының үрейлі даусы шықты:

- О, Аллам! Сенің бетіңе не болған?

- Қорқынышты ештеңе бола қойған жоқ, мама. Бүгін мен отын жарып, сарай  төбесіне жеткізе үйдім. Бір ұзын шөрке дұрыс жатпаған болар шамасы, үйіндім құлап, бірнеше шөрке менің көзіме, бетіме соқты - міне қандай көрініс болды, мама. Түк етпейді, үйлену тойыма дейін жазылады. Жырылған еріндерінің ауырғанын әзер басып,  Дастан күлімсіреген болды. Мамасы  мұңды түрмен басын шайқады да, үн -түнсіз кешкі асқа отырды. Дастан, жаңа ғана іштім деп, асқа отырудан бас тартты. Аузынан қан дәмі кетпей тұрғанда ас қалай ішеді?

 

                                                        ***

Көкшетаудың көзтартарлық жерлері: жарты шеңберге ұқсас батпақты Қопа көлі мен Бұқпа шоқысы. Қазір оның басында теледидар мұнарасы мен кішігірім ресторан орналасқан. Біз айтып отырған уақытта, бұл түнде сүйіскен жастарға жасырын бас қосуға аса ыңғайлы орын болса, күні бойы мұнда қуаттарын қайда жұмсарға білмеген жасөспірімдер жиылып асыр салатын.

Дастан ортақ таныс Макс арқылы Мирохаға осы шоқы басында жекпе жек «күш сынасуға» ұсыныс жіберді. Айтқандайын, қалашық тұрғындары бір - бірін жақсы танитын секілді. Қаланың бұкіл жастары Мироха мен сойыл соғарларының қорқаулық әдістерімен жақсы таныс. Олар ешқашан әділ шайқасқа шықпайды, қарсыластарына бірінші болып арт жақтан тиісіп, басты меңзеп соққы береді...

Осы жайларды еске ала отырып, Дастан мен Татарин шоқының ұшар  басынан кішігірім тегіс алаңшақта өздеріне басымдық берер ыңғайлы орын таңдап алды. Вовка, әрине, досының хатын алған бойда қалаға жеткен болатын. Дастанға қарағанда оның қолдары «өз орнында өскен», шеберлігі мол. Бұл жолы да ол өзі- өзінен озып, әр түрлі мөлшерлі, бірінің ішіне бірі сиятын металл үтіктерден нағыз бесатар жасап шығарды. Бір түтік оқ өзегі ретінде шүріппе мен затвор серіппесімен қоса нығыздап бекітілген бұдан кеңірек түтіктің ішінде орналасқан. Кемістігі, атқаннан соң қаруды қайта оқтау қажет болады. Оған уақыт керек. Вовка мұны ескеріп, екеуіне үш-үштен мылтық жасап, мұның да ретін келтірді.  Бір жерден екі пашка патрон да тауып қойды. Ол кезде бұл аса қиын емес - ті: әр мектепте оқушыларды әскери-патриоттық тәрбие беруге, атыс өнеріне баулауға деп берілген, әскери басқарушы мұғалімдердің қолында  «малокалиберный» мылтықтар қоймасы болатын.

Міне айырылмас достар Бұқпаның шынар басында, басымдық алуға деп таңдап алған жерде, әр қилы тақырыпқа әңгіме соғып отыр. Анда–санда  «түтіктерінен» атып қойып, балалық шақтарының жаңалықтарымен бөлісуде. Дастан көбіне мектебінде бірге оқыған сыныптастары жайлы сұрастырса, Вовка қала өмірінің бүге шігесін білуге құмар: ауыз суды қайдан алады, қысқа картоп, жуа дайындай ма, қоқысты, көмір күлін қайда жібереді...

Төменде, Карл  Маркс көшесінің Валериан Куйбышевтің ескерткішімен тұйықталатын алаңқада, өздерін тым сенімді, шамдалған кейіппен ұстаған бір топ жастар пайда болды. Достардың жүректері жиі - жиі соға бастады, қорқақтықтан емес әрине, олар шайқасқа дайындықты білдіре соққылай бастады.

- Солар ма?- Айыртауда қасқыр аулағандағыдай тістене, қысқа сұрады  Татарин.

- Солар!

-Бір, екі, үш, төрт, бес... - Вовка дауыстап санап болып, - Мироха қайсы?

-  Ортада.

- Өзін жердің кіндігімін деп санайтын тәрізді, дамбалы қалай қазір шешілерін көреміз...

 Дастан мен бейтаныс баланы көріп, қарақшылар тобы тізбек құрып, кастет, финка, шынжыр сияқты суық қаруларын жолай шығарып алға жылжыды. Олар өз күшіне, саны да, сапасы да жағынан басымдылығына, жазықсыздықтарына күмәнсіз сеніп, жыртқыштарша ақсия күліп келеді.

 Қарсыластар арасы жиырма метрлік шамаға жеткенде достар орындарынан тұрып, Дастан бұйыра сөйледі:

- Тоқта! Енді бір қадам алға бассаңдар итше табан астында атып тастаймыз.

 Татарин Мироханың басынан асыра  атып қалғанда, түтік тым қысқа болды ма, әлде тағы не, әйтеуір оқ әдеттегіден өзгеше, ауада бұралаңдап, минометтен бетер  сұмдық ысқырық шығара ұшты. Мұндайды күтпеген жас қарақшылар тізе бүгіп отырыса кетті. Дастан бөлектеу тұрған жартасқа бағыттап атып, оғым тастан тайқып барып ауаға кетеді деген есеппен шүріппені басып қалғанда, оғы тайқымай жұмсақ тасқа барып жабыса қалды, және сол сәтте біреудің кеудесіне кіріп өкпесіне тиген тәріздес дыбыс шығарды. Мироха бірінші болып етпеттен түсті, қалғандары оның істегенін қайталады.

Вовка  қаруын қайта оқтап алып, дәлірек көздеу үшін тізелеп отырып, қастарын нысанаға алды. Дастан өзін зәбірлемек болғандарға таяу барып, бірінші кезекте Сорока атты жексұрынды бастан теуіп қалғанда, ол ыңқ ете қалып, бұтына жіберіп қойды.

- Шалқаңа жат! - деп  банда басшысына айбарлы бұйырды. Ол тез көніп, бұрылып жатты.

- Ал қазір сенің жұмыртқаларыңды оқпен тесемін.

- Досым, тыңдашы, керегі жоқ, біз енді саған өмірі тиіспейміз! - бірнеше  минут бұрын сондай айбарлы батыр Мироханың қорықаннан дауысы қырылдай шықты.

Дастан оның екі аяғы арасынан атып жіберді. Бұл жолы оқ сыр бермей, ысқырып топыраққа кіріп жоқ болды. Енді атаманның өзі бұтын ылғалдап алды.

Шынымен әбден ызаланған Дастан әмір етті:

- Бәрің шалбарларыңды тізеге дейін түсіріңдер! – бұл бұйрық орындалғанда, Татарин жақын келіп масқара күйде жатқан бұзақыларды түр-түрлі ракустармен суретке түсіріп алды.

- Егер бұдан былай Дастанға саусақ тигізер болсаңдар, мына суреттер үлкейтіліп Көкшетау мен Алматының әр бағанасына ілінеді. - Татарин шек келтірместей қатал дауыспен олардың одан әрі зәресін ала. - Мен түсінікті айттым ба? –   зілді сұрақпен аяқтады.

- Мен айттым ғой, біз оған енді тиіспейміз, - Мироха тағы да жалынышпен уәде берді.

- Анаңның атымен ант ет!

-Анамның атымен ант етемін, біз енді еш уақытта, Дастан, саған жоламайтын боламыз.

Ол кезде ана атымен ант беру деген қасиеті, қазір кей біреулердің Құран ұстап ант етулерінен  әлде қайта қорқынышты ғұрып болатын.

                                                  

                                                                ***      

 Мінекей, қамсыз бозбалалықтың соңғы көктемі де келді. Дастан он бірінші сыныпты тамамдап жатыр, болашақты ойластырар, өмір жолын таңдар шақ туды.

Чекист болам деген арманды қалай жүзеге асыру керек?

 ҮҚК–ның облыстық басқармасы орналасқан ғимаратты сұрап біліп алып, бір неше рет жүрегі суылдай жақындап барып, темірмен қаптаған есікке кіруге батылы жетпей, кейін бұрылып кетіп, жақын маңдағы көшелерді шарлап тәтті армандар мен іске аспас қиялдарға берілу әдетке айналған. Іскер кейіппен, жан-жағына жалтақтай жылдам басып, жұмбақ есікке бірі кіріп, бірі шығып, бір жаққа бара жатып жолда кезіккен мемлекет құпиясынан  қабарсыз қарапайым азаматтарға жеке басының маңыздылығын, кешірімпаздығын көрсетер кейіп танытар түрмен жүрген басқарма қызметкерлеріне қызғанышпен қарайтын.

Бірде, күн батысқа еңкейген мезгілде, Дастан ауыр ойлар құшағына енген бойы үйіне оралды.

«ҮҚК-ке мені алмайды, әкесі бұрынғы НКВД қызметкері - мүмкін бұларды тектен тек тастап кетпеген болар, мұны қатарымызға алудың қанша қажеті бар? - деп ойлаулары ғажап емес қой»! Осы мәселеге байланысты қалыптасқан өзін-өзі кемсіту комплексіне сай ой толғап келеді.

Кенет Дастан, неге екенін өзі де сезбестен, қаққан қазықтай бір орнында тұрып қалды. Маңайына көз салғанда ғана ғажайып көріністі көріп таң - тамаша қалды: асфальт жамылған жаяулар жолының теп-тегіс қара беті әр жерден томпиып көтеріліп, тесіктер, жарықтар пайда болыпты да, солар арқылы сыртқа бақбақ гүлдердің жүрек тәріздес бастары қылқиып шыға бастапты.

Асфальтпен бітіліп тасталған жер астынан нәзік гүлдер бостандыққа шығуға талпынуда.

Бұл тамаша нышан! Яғни, менің де үмітім мен армандарым орындалуға тиісті. Ертең-ақ көкейкесті есікті ашамын!

 Бәрі де бұл ойлағаннан әлде қайта жеңіл болып шықты. Табалдырықтан аттай бергенде прапорщик қарсы алды. Жас жігіттің нендей шаруамен келгенін сұрап біліп, біреуге қоңырау шалып, күте тұруын өтінді. Өз ойларына қайта батқан Дастан орта жастар шамасындағы, азаматтарша киінген ер адам қасына келгенін  байқамай-да қалыпты. Ол мұны өзімен кеңсеге кіруді ұсынды, өзін «капитан Саитов» деп атап, ыммен отыруын сұрады.

-Сонымен, мемлекеттің қауіпсіздік органында жұмыс істеуді қалайсыз ғой? Өзіңіз ата-аналарыңыз жайлы толығырақ айтып беріңізші. - офицер аса сыпайы үнмен сұрастыра бастады.

Орта бойлы, жинақы, сымбатты, бурыл тартқан шаштары қысқа қырқылған, шырайлы қоңыр көздері ақыл иесі екенін байқатады, тартымды жымныс - қысқасы, аса сүйкімді жан.

Дастан ішек –бауырлары жиырылып бара жатқандай сезінді және тұла бойын душарланғандық сезімі баурап алды.

Ал әкем жайлы қалай айтам? Оның қылығын қалай түсіндірем?

Бірақ капитан Саитов жағдайға түсінушілікпен қарады:

-Сен абыржыма, қысылма, әкеңнің отбасын тастап кетуінде сенің кінәң жоқ. Біз үшін де мұның еш маңызы жоқ. Керісінше, біздің мекеме жоғарғы дәрежелілердің, сол сияқты өз қызметкерлеріміздің балаларын алмауға тырысады.

Жас жігітті тыңдап жағдайға қанық болған Саитов Дастан үшін қазір екі нұсқа ұсына алатынын айтты:

-Бірінші, Алматы немесе Калининград қалаларындағы жоғарғы шекара училищесіне түсуге жолдама алу; екіншісі әскери кафедрасы бар қалаған жоғары оқу орнын тамамдап, үш жыл жұмыс істегесін ҮҚК-ның кадрлар бөліміне қайта келу, сонда барлық  формальды тексерістерден өтіп, мемлекет қауіпсіздігі комитетіне әскери қызметке қабылдана аласың.

 Бірінші нұсқа, әрине жарамсыз. Шешесін жалғыз қалдырып Дастан кете алмайды. Бесінші сыныптан бастап, апалары бірі күйеуге, қалғаны оқуға жан-жаққа тарағанда, мұның иғына: бақша қазу, отын жару, су тасу, пеш жағу сияқты бар шаруа түскен және әлі де мұның мойнында.

 Екінші нұсқа бойынша қайда оқуға барады, және де тағы да сол сұрақ: мамасын қалай жалғыз тастап кетеді?

Бір жағынан алғанда, Қарағанды мединститутының санитарлық-гигиеналық факультеті ең ыңғайлы нұсқа сияқты көрінді: әскери кафедрасы бар және Көкшетауға да жақын - әр жетіге үйге келіп тұруға болады. Бұған қоса Дастан ерекше адамға тән даналық танытып, былайша ой қорытты: болашақта бактериология жаппай қыру қаруына айналады, мен бактериолог - эпидемиолог болып алсам, ҮҚК мені құшақ жайып қарсы алады...

Алды шолып айта кетелік, сол бұйра бас жасөспірімнің болжауы қаншалықты дұрыс болғандығын өмірдің өзі дәлелдеп берді.

Сонымен, мақсат қойылды, бастағы барлық жайсыз ойлардан арылып, сынақ тапсыруға қажет пәндерді жатпай-тұрмай жаттауға кірісу керек, себебі, шынын айтқанда Дастан соңғы ұш сыныпты қалай болса солай оқыған болатын.

                                                                                                       

                                                             6- тарау

 

                                                           Білім нұры

 

Көз алдыңнан жүйткіп, сені болашағыңа бастап апаратын, жүзеге асырылған армандарыңның  түрлі – түсті көрністері шұбатыла өтіп жататын, қысқа ғана өміріңнің жаңа беттері айқара ашылатын ұйқысыз түндер болады.

Дастан өзі қалаға КарМИ-тің санитарлық - гигиеналық факультетіне қиындықсыз өтті. Сәті түсіп, тап сол жылы осы оқу орнының көшпелі комиссиясы профессор Филатовтың басшылығымен Көкшетауға келе қалмасын ба. Онымен талапкер  Теміров Дастанның арасында бірінші күннен бастап достық қатынас қалыптасты. Себебі: Дастан оған қонақ үйіне орналасуға, құжаттар сақтайтын темір сейф тауып беруге көмектесті, жалпы өзінің белсенді, өжет жігіт екенін көрсете білді.

-Сенен санэпидстанцияның жақсы бас дәрігері шығады, - деп профессор мұның болашағын алдын-ала болжап берді. Айтқаны тұп-тура келді, тек, ол кешірек, біздің кейіпкеріміз өмірінің келесі беттерінде болатын жай...

Ал қазір Дастанның ұйқысы безіп, бір бүйірінен екіншісіне аударыла беріп жатыр. Оған жанға жағымды армандар мен үрейлі ойлар маза бермей қойды, себебі: ол ертең кешкі пойызбен Қарағандыға жүрмек.

Бәрі тамаша, тек мамасы жалғыз қалып барады. Мүлдем жалғыз. Қырсық қылғандай, жақында бір жүк машинасы Верный атты иттерін басып, өлтіріп кетті, ал одан бірнеше күн бұрын  анасының сүйікті мысығы Степан жоқ болып кетті. Ойлап таппас оқиғалар!  Қысқа жетер отын дайындалды, әйтсе де көңілді үрей мен күдік құрғырлар қобалжыта береді.

Ал не істеуге болады? Үйде қалып, мехзаводқа жұмысқа кіріп, ғұмыр бойы қаражұмысшы болып өту керек пе? Онда да өсу үшін тамыр - таныстық керек. Онда -ҮҚК, қош бол! - дей бер. Балалық арман қош бол! Ә-әй, өмір шіркін күрделі дүние!

Жоқ, бару керек, екі қала аралығында қатынасты, жеңілдететін жолдарын ойластыру қажет. Оқуды тастап кетуге әрқашан да үлгересің.

Күні осындай ауыр ойлармен, жолға жеңіл-желпі дайындалумен өтті. Мамасы жұмыстан келе сала қоштасу асын қамдауға кірісті.

 Ауыр-ақ, екеуің ғана отырып, қазір анаң жалғыз қалатынын сезіну ауыр-ақ. Қой, ең болмаса Шәйза апайды шақырып келейін.

Үшеуі отырып кешкі асты ішті, үшеуі автобус аялдамасына барды.

Жеңілірек. Қош бол, мама! Қош бол, туған қалашық. Үйден шалғай шақта мені не күтіп тұр екен?

 Өзіңді сақтай гөр, мама!

 

                                                            ***

 

Әдеттегідей таң атқаннан күн батқанға дейін созылған жұмыс күні. Бірақ бүгін Шәмшіқамар ертерек босайды, оған дәлелді себеп бар: ұлы Дастан бүгін Қарағандыға оқуға жол жүреді. Көңіл күйі көтеріңкі, бірақ бір жағынан жеңіл мұң, тіпті жабырқаушылық та жоқ емес. Бәрібір мақтаныш сезімі бәрінен басымырақ. Ұлы институтқа түсті, қалайша мақтанбасқа? Ешкім сүйрелемей, көмектеспей, бәріне өзі қол жеткізді, күні-түні  бас көтермей дайындалып, бір жерлерге жүгіріп, біреулерге көмек көрсетті, келісім жасады. Міне соның қортындысы! Тек онда жалқау тартып, бұзылып кетпесе болды. Енді мұны еш пенде «күйеусіз балаларыңды аяғына тұрғыза алмадың, жоғарғы білім бермедің»  деп айыптай алмайды.

 О, кұдреті күшті Аллаһ! Сен мені балалармен жоқшылықта қалдырмадың, біз ақырында кісі қатарына қосылдық.

«Дастан оқуын бітіргенше құдай берген, киім тігіп тапқан қаржымның жартысын жіберіп тұрамын» - Бұл шешімді әйел үзілді-кесілді қабылдады.

Ер адам костюмін үтектеп болып Шәмшіхамар үтігін сөндірді. Цехта әдеттегідей басқа жан жоқ. Цех бастығы Нағима Нұғыманқызына кіріп, қоштасып, қуанышымен бөлісті. Ол естіген жаңалығына шын көңілімен қуанып, тек енді жалғыз қалай тұрасың? - деген қынжылыс білдірді.

-Ештеңе етпейді, құрымаймын, ұлым адам болып кетсе болды, - жұмыскерінің сергек жауабың естігесін, жыламсырап құшақтады.

 Иә, бұл жарық дүниеде жарқын жанды адамдар әлі бар-ғой!

Шамшіқамар үйіне дағдылы, жүздеген рет жүрген жолымен келе жатыр. Күн көзі жер ғаламшарындағы өзінің иелігіне қоштаса қарап, көкжиекте ілініп тұр. Бұтақтар арасында бірдеңе бөлісе алмағандай, ызалы үнмен шиқылдасқан беймаза шымшықтар тығылған теректердің жапырақтары сусылдайды.

Әйел өзінің екі бөлмелі ғана, ортасында пеш қоңжиған үйшігіне келе жатыр. Мейлі кішкене болсын, мейлі көріксіз болсын, бірақ өзінің үйі. Онда бұрын ылғи ұлы күтіп алатын: пешті күлден тазартып жағады, су әкеледі, сосын отырып күтеді. Ал енді қалай болады? Мүлдем бос аулаға қараңғыда қалай кіреді, қалай ғана қармалап ең жақын электрқосқышқа жетеді?

Иә, анасы, сені әлі талай –талай сынақтар күтіп тұр! Кеше ғана бар қиындық артта қалған сияқты көрініп еді, ал енді былай болып шықты. Түк етпейді, түзеледі. Бұл соңғы сынақ. Дастан оқуын бітіріп келсін, сонда лайықты тұрмыс құрамыз. Аллаһ берер, сонда бәрі түзеледі. Бұдан ауыр сынақтардан өткенбіз!

Көз алдынан өткен өмір  көріністері  қылаңдап өтті.

Міне бұлардың артелі  «Восход» шөп дайындау үстінде.

Варвара Артюхина шөп шапқыш машинадан құлап, оң аяғының табаны кесілгені есіне түскенде, сол кездегідей тұла бойы шымырлап қоя берді.

 Соғыстан кейін ерлердің азаюына, болса да көбі жарымжан, немесе маскүнемдікке салынуларына  байланысты, бәрін өз қолдарымен атқаруға тура келеді ғой. Майдандағы сияқты, әйелдер арасында да шығын болып тұрады. Садуақасова Үміттің үстіне отын дайындау кезінде кесілген бөрене құлап, сорлы әйелді аудандық ауруханаға апара жатқанда қайтып кетті. Кірпіш зауытында араластырғыш аппарат Клавдия Бойконың қолын тартып әкетіп, кесігін топыраққа араластырды. Сол күні күйдірілген кірпіштер құрамында, өмір бойы мүгедек болып қалған Клава сорлының қып-қызыл қаны болды.

Иә, көп, өте көп жайлар бастан өтті, талай-талай рет көзден қанды жас парлап ақты. Мұндайды қайта бастан өткеруден құдай өзі сақтасын!

 Жо-о-қ! Ұлым оқысын, және бұл жөнінде ешкімнің күмәні болмасын!

Бүгін мен әдеттегіше байсалды да салқынқанды, ал сырт көзге көңілді де жарқын болуға тырысамын. Дастаным ештеңеге алаңдамай, ертеңіне сенімді көңілмен жолына аттансын.

 

                                                              ***

 

- Отыз екінші Москва – Қарағанды  пойызы бірінші жолға келіп тоқтайды. Бүкіл елге жайылған дәстүрге сый анықтама бюросының қызметкері мыңқылдаған түсініксіз дауыспен вокзалды жаңғырта хабарлады.

- Вагондар саны пойыздың басынан басталады.

 Владимир Татаринцевтің жүрегі қуаныштан дүрсіл қағып, жаны кеудесіне сыймай сыртқа атып шығардай кейіпке түсті. Қазір ол вагон қасында  балалық шағынан айрылмас досымен кездеседі. Датоны - Дастан Теміровты көреді. Бұларды құттықтауға болады - екеуі де бірінші курс студенттері.

Дато қатал сынақтан өтіп, Қармедтің сангиктік факультетіне түскен, яғни кешікпей ресторандар  мен дүкендерді тексеретін болады. Міне сонда басталады біздің қызғылықты өміріміз.

 Ал ол - Татаринцев Владимир Иванович, Қарағанды  жоғарғы милиция мектебінің бірінші  курсының курсанты. Міне қалай!  Дато мектеп бітірген бойда институтқа түскен болса, бұған органға комсомолдық жолдама алу үшін сегізінші сынаптан соң, үш жыл бойы өндірісте, темір-терсек жөндеумен айналасуға тура келді. Өткен  көктемде  сынаққа қажетті пәндерді қайталап оқып шыққасын, милиция жоғарғы мектебінің жазғы лагерінде дайындық курсынан  өтті. Ал бұл шындап келгенде, әскерлік өмір, тек одан қаталырақ та, одан көрі талапқорлы. Жарайды, ештеңесі кеткен жоқ, барлық сынаптардан ойдағыдай  өтті, енді міне –курсанттыққа қабылданды. Әзірше Дастан екеуі, ақырын болса да, өз мақсаттарына жақындап келеді. Ура!

 Владимир перронға шығып, сегізінші вагон қай тұста тоқтарын шамамен есептеп алып, сол маңда пойыз келуін күтіп тоқтады. Кенет оның назары басқалардан айырықсыз, тек көз назары әр жаққа тіміскілене қараған жігітке ауды. Шуылдақ қуат пен сезім молдығынан әбігершілікке түскен тобырдың арасында ол жат, бөтен әлемдік секілді көрінді.

Қалта қағар, әлде нашақор сияқты көрінді ол  Владимирге. Жазғы лагерде алған қылмыс істер жайлы аз-кем білімі мен милициялық ерліктер мен мазасыз, қауыпты күндерге бағытталған ой-сезім іске қосылды: Ұрлық істеу үстінде, зәбірленуші мен куәгерлер  көзінше ұстау керек.

 Болашақ опер енді болжамды қылмыскерден көз жазбау үшін, ылғи оның артында болып, қажет болғанда, лагерьде үйреткендей екі аяқ арасындағы аса ауырмалы жеріне тақымнан теуіп қалып, ұрланған зат ұстаған  қолын артына қайырып, милиция патрулі келгенше ұстап тұруды жоспарлап тұр.

Қалта қағар ұры екеніне енді шүйкімдей де күмән қалмады, сол қолына іле салған пиджакпен, ештеңеден сезіксіз еркектің жан қалтасына қолын сұғып, ұзақ тінтіп, түк таппағасын жылжып барып, сөмке ұстаған әйелдің қасына жақындады.

«Кәнігі ұры»! - Татаринцев жігіттің қылмыскерлік шеберлігіне еріксіз сұқтанып тұр. - Егер бұл шынында да солақай болса, пышағы қай қалтасында екен?»

 Владимирдің именусіз ұрыны бақылауға берілгені сонша, маңында  болып жатқан жайларды көзінен мүлдем тыс қалдырып, қырылдай ысқырып келіп, тап бұл күткен жерге тоқтаған поезға да назар аудармады. Адам тобыры көк киімді жол серіктері кіре беріс басқышта паңдана сілейіп тұрған вагондарға шуылдай лап берді.

 Қылмыскер өзі көз салған  әйелдің артынан бір қадам қалмай, жабысқан күйі вагон басқышының қасына жақын келіп, басқалар сияқты аузын ашып түсіп жатқан жолаушыларға сілейе қатып қарап тұр. Бұл жолы  жігіттің табысы қомақтылау болды: сол қолында жылт еткен қызыл түсті әмиян, шылт беріп оң қолына көшті. Тек олжа зат ұрының артқы  қалтасына салыну алдында ғана Владимир оң қолымен оның білегінен шап беріп ұстап, алақанының қырымен мойнынан соққы беруге оқталып, сол қолын көтере бергенде...

 Татарин, Дастанның ең сенімді досы, арт жағынан орта жастар шамасындағы ер адам асыға басып  жақын келіп қалғанын, жолшыбай ол етігінің қонышынан  өткір қайралған фин пышағын суырып шығарғанын, көре алмады...

 

                                                         ***

Пойыз - өзінің ағымына, өзінің уақытша болса да тұрғылықты жазылмаған заңдары бар иіріміне адамды еріксіз тартып, еліктірер қасиеті бар сұмдық дүние. Бұл  өмірдің қысқа болса да өздік, жаңа байқалымдар, ашылымдар, армандар  мен үміттер міндетті түрде қатысатын кезеңі. Пойызбен жүрген әр сапарың қайталанбас шақ және есіңде мәңгі із қалдырарлық оқиға.

 Дастан өмірінде алғаш рет жайлы купенің жоғарғы сөресінде жол жүріп келеді. Қатардағы сөреде арықша келген ұшқалақ мінезді қыз, төменгі орындарды  жас жұбайлар именденген. Пойыз қозғалуы мұң екен, толық денелі әйел дорбаларынан түрлі-түрлі тағамдар, күйеуі салтанатты түрмен бір шыны арағын суырып алысты. Алдын –ала тамбурға шыға тұруға тура келді. Ілесе қызда шықты.

- Менің атым Айсұлу, ал сен ше?

- Дастан.

- Әдемі есім, қайда бара жатырсың?

   Анасымен қоштасқанан кейін, құр бос әңгімеге зауықсыз болса да, Дастан әр сөзін мұқият таңдай сөйлеп, қызға қайда және неге бара жатқанын айтып беруге өзін көндірді.

- Қандай тамаша! Ал мен Қарпедтің филология факультетінің  екінші курсында оқимын. Ақынмын, өлең жазам, таланттымын.

- И-ә -ә –ә, ибалылықтан өлетін түрің көрінбейді, - іштей қортты жас жігіт.

- Қалайсың ба, мен қазір сен туралы өлең шығарып берем?

-Ж-о-қ, жоқ, қажетсіз. Арнап өлең шығарардай мен кім едім? - Дастан қысылып қалды.

- Онда мен сен екеуміз жайлы шығарам.

 Біздің кейіпкерімізге өзімшіл, менменшіл ақынсымақтық шығармашылық дарынына үнсіз куә болу ғана қалды. Өлең, әрине, бір құлағынан кіріп, екіншіден шығып жатты, бірақ, оның   бастапқы екі жолы мәңгі есте қалды:

«Поез рельске гүрс- гүрс,

Менің жүрегім дүрс- дүрс»...

-Жатық шықты, - мақтап қойды шыдамы мол тыңдарман, әзер дегенде бетіндегі зәрлі жымыюын басып.

Әйтсе де, осы әңгіме құрудың пайдасы да болды: Дастан ауыр ойлардан арылды; қысқыш салғандай ауырып  жүрген жүрегі жазылып, кенеттен басына тан құмар ойлар келе бастады.

«Жұбайлар ұйықтағасын, сенімен ортақ тіл табысам, ақыным, тура  өзіңнің сөреңде орындаймын» - деген сотқар ой, жаңа ғана үйден  аяқ аттап шыққан, толық -пісіп жетілмеген  «Дон жуанды» меңдеп алды.

Сол кезде купе есігі жұлып алардай күшпен, сықырлай ашылып, масаңқы еркек дауысы:

- Кәнекей, жастар, асқа келіңдер! Ком цу мир (нем) -  бұйырды  ер.

 Купелес көршілері, селолық меценаттар «аш» студенттерді тойдырғылары келгенге  ұқсайды.

-Э-эх, жарықтық, орыстың кеңпейілділігі!  Әсіресе ішіп алғанда. Ол - Лысенко Генадий, әйелі - Марфа да чекушкадан аздап ұрттаған сияқты. «Отбасының» кешкі асы аса көңілді өтті, қатып піскен, шала піскен жұмыртқалар, үйдің шұжығы, қияр, қызанақ үйіліп тұр, және бәрі - өз қорасы мен өз бақшасынан. Жастар, әрине, ішімдіктен бас тартып бақты,  тек бұл жөнінде Татаринцевтер отбасынан алған тәжірбиесін қолданып, мүлде болмағасын, Дастан қырлы стакан самогонды кеудеге қабылдауға мәжбүр болды.

Думан деңгейінің жоғарғы болғаны сондай, Генадий Айсұлудың алақанын қысқылай  берді, ал Дастан: «Қажет болса салмақты Марфаны екінші сөреге көтеріп жатқыза алар ма едім?» - сияқты оймен басы қатып отырды.

Бірақ бәрі ойлағандай сыпайы да табиғи аяқталды. Марфа күйеуімен төменде қорылға басып шықты, ал жоғарғы төсек қатынасына ысылмаған екі жас, дене рахаты құшағына енді.

 Таң атқанда «аш» студенттер де, оларды асырағандар да бір - біріне лоқсусыз қарай алмайтын күйде болды.

 Дастан күні бұрын жуынып, қырынып, заттарын  жиыстырып, Татарин оны бірден көру үшін дәлізге шығып, вагон есігінің түбінен орын  алды. Жолсеріктерімен ол ағылшынша  қоштаспай айырылысуды жөн көрді.

 Терезе сыртында   бір текті ландшафты, жақын қалған үлкен қаланың белгілері ауыстырады: темір жол линиялары, электр бағаналары жиіледі, жұмысшылар бригадалары және  басқа да жол қызметкерлері  көбейді. Үш бірдей көпірлер бастарынан өткеннен кейін, аты-шулы көміршілер қаласының шеткі құрылымдары көріне басталды.  Алыстан: «Где газ – там нужен глаз!» - деп жазылған плакат көзіне ілікті. Ол Дастанды келесі жылдары да, тіпті институт бітіргеннен кейін де қарсы алатын болады.

Пойыздың тежегіші іске қосылды. Жол серік  әйел вагон есігін ашса да, басқыштың  шитін көтерген жоқ. Дастан оның қасында  жайғасып, жалпақтап жүгіре басқан пойыз қарсы алушыларды көзімен тінте қарап тұр.

 Ә, міне Татарин! Ол, шайтан, неге вагонға мүлде қарамайды? Немене, әлде кіммен ол соншама әуестеніп тұр?

О-о, құдайым- ай! Оның досы  біреудің қолдарын арқасына қайырып жатыр, сол сәтте, түрі қарақшыға бейім ер адам, оның арт жағынан шапшаң жақындап, жүре келе қонышынан фин пышағын суырып алды.

Дастан өзінің студенттік зат - мүліктері салынған спорттық сөмкесін тура перронға лақтырып жіберіп, гимнастика сабағындағыдай құштай ұшып барып қолына суық қару  ұстаған бейтаныстың үстіне түсті.

 

                                                              ***

 

Ақыры көптен күткен, үйреншікті, жұмыс таңы да атты.

Шәмшіқамар әдет бойынша қимылдап, тездете примусқа сү қайнатып, аузы мен тамағын күйдіре, қантсыз, нансыз бірнеше кесе шәй ішіп алды. Қайдағы тәбет?  Сопиып жалғыз қалғанда ауаға тойып жүретін  сияқтысың.

 Міне жалғыздықтың бірінші күні де өтті. Балаларың қасында болғанда, оның қандай қиямет екенін сезбейді екенсің ғой. Әр қайсысың өз мінезі, өзіндік ерекшіліктері бар төрт жан болды. Соның   өзі зор бақыт екен-ау!  Әрбірінің өз қалауы, өз өмірі бар, жан - жаққа бытырап көзден ғайып болды. Бұл да жақсы, Аллаға шүкір!

 Күн көзі шығар шықпас Шәмшіқамар жұмысқа бара жатты. Әкесі тірі болғанда өмірлері қалай қалыптасқан болар еді? Ол немерелерін , әсіресе Дастанды көрсе не істеген болар еді? Басымызға шаң түсірмес еді. Қандай зор бақытқа өзі де кенелер еді! Иә, Дастан да өмір бойы еркектің еркелету дегеннің не екенін білмей өтті. Атасы мұны еркелете өсіріп, нағыз еркек баулып шығарушы еді...

Терең ойға берілген ол  цехқа кіріп, бөліктерін кеше дайындап қойылған ер адам пиджагын тіге бастағанын да байқамай қалыпты. Уақыт өтіп жатыр, оның әр минуты - жиыла келе сомға айналатын тиындар, ал олар, әсіресе қазір, ұлы студент болғанда, бұған ауадай қажет.

Айтқандайын, Дастан Қарағандыға жеткен болар. Қалай  екен ол? Жақсы жері, онда жалғыз болмайды, бала шақтан бірге өскен досы Вовка Татаринцев оны тағатсыз күтуде.  Бұлардың кейбір балалық тентектіктері есіне түсіп күлімсіреді.

 Кенет белгісіз бір тылсым күш оны терезеге қарауға мәжбұр етті. Терезе алды тақтайына ақ кеуделі қара қарлығаш отырыпты. О, керемет! Мына шаң мен түтін басқан қаланың қақ ортасында, шыныдай  таза ауалы кең жазық даланы сүйетін қарлығаш неғып жүр?

«Бұл әкем  Жүке - Пірадардың рухы -  мұңая қалған әйелдің көздерінен жас парлады . - Ол қиын шақта мені қолдауға, бәрі жақсы болады, Дастан оқуын бітіріп, дәрігер болады деп маған белгі беруге ұшып келіп отыр».

 Шәмшіқамар көйлегіне тамған алмаздай ірі көз жастарын ешкімге көрсетпей басын төмен түсірді.

 

                                                                    ***

 

      Түсініксіз шуыл, құлап түскен дененің дыбысы, үрейлене шыққан әйел дауысы Татаринцевті еріксіз селт еткізіп, ол қолына түскен ұрының мойнына тым қатты соғып қалғанда, анау бетон жолға әмиінді қолынан түсіріп,  аяқ астына сылқ етіп құлай кетті.

     Дастан ұша келе дәл есеппен еркекті екі қолымен өз қозғалу бағытында кері итере түсті де, тоңқалаң аса барып аяғына тік тұрып, жерде жатып түсіріп алған пышағын алмаққа ұмытылған қарсысының шекесіне бір тепті. Еркек көзін алартып  шалқасына түсіп жатып, тұруға әлектеніп тырнақтарымен бетонды тырмалап жатыр.          -   Милиция!!! Милиция шақырыңдар! - не болып жатқанын  түсіне алмаған, қорқып кеткен азаматтардың шыңғыра шыққан айғайлары естілді.

     Қызыл әмиян иесі байлығын жалма-жал қолына ала салып, әмиясынан да бетер қызарақтап, кірпіктерін жыпылдата жан-жағына қарап қойып, алдында тұрған Татаринцевке жабыса түсуге әзір тұр.

      Спортшылар тәріздес екі жігіт Дастанның қолын бұрамақ болғып тұра ұмтынғанда, жағдайды түсінген Владимир:

     - Сендер немене, естен алжастыңдар ма? Ол пышақ ұстаған қарақшыны залалсыздандырғанын көрмедіңдер ме? Ал мен мына әйелдің қалтасынан әмияның суырып алған қалта ұрысын жер жастандырдым, - қатты дауыстап әзер  тоқтатты.

     Сол екі арада күзет милиционерлері , одан кейін жуан қарын, үстінен жағымсыз иіс аңқыған майор келіп қалды. Ол вокзал милициясының бастығы болып шықты. Тағы  да түрлері күдікті, әдейі әбігер туғызған белсенділер тобы пайда болды. Күдіктелген қылмыскерлерді және біздің ерлерді, жапа шегуші әйелді, келісім берген куәларды қоса у-шумен бөлек тұрған милиция бөлімшесіне алып келді. Және, неге екенін белгісіз, жуан майордың бұйыруымен, әлі дұрыс амандасып та үлгермеген екі досты қылмыскерлерге қосып бір торға тықты.

      Студент пен курсант үшін мұның бәрі немен тынары белгісіз болар еді, бірақ, қайдан тап болғаны белгісіз, кішірек бойлы, орта жастар шамалас, көкшіл көзді кісі майорға келіп, қызмет күәлігін көрсетіп, жағдайды түзеді.

     - Мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің капитаны Аман Баязитов болам және жеке басымның жауапкершілігімен мәлімдеймін:  мына  екі жас жігіт менің көзімше қылмыскер топты залалсыздандырды, бұлардың сыбайластары мына азаматтардың арасында болуы ғажап емес. - офицер сұқ саусағымен топырлап күдік туғызар тобырға меңзеді.

     Бұл сөздерді естіген майор бозарып кетті, бірнеше адам кілт бұрылып, көлеңкеше жылжып көшеге атып шықты.

   -Мен өз көзімше мына ұсталғандардың  қылмыс жасағандығы туралы, атап айтсақ, мына әйелдің әмиянын ұрлауға және суық қару қолданып адам өміріне қастандық жасауға әрекет еткендері туралы ресми хаттама толтыруылуын талап етемін.

      Барлық жазбашылық жұмыстары тамамдалып, қолдар қойылып болғасын достарды ақыры босатты. Ашу кернеп қызараңдаған, өйтсе де кездесулеріне, еріксіз түскен күдікті жайдан аман – есен шыққандарына балаша қуанған жігіттер  түнерген үйді тастап шықты. Таныс бейне бұларға қарсы кезікті.

     «Бұл қалай? – Дастан тағы таңданды. - Мемлекет қорғаушы капитан бола тұрып  мынадай аласа бойдың иесі. Қалай ғана бұл денелі шпиондарды меңдеп, ұстай алады, әлде, мүмкін, ұзын бойды қажет етпейтін самбоның ерекше әдістеріне үйретілген адам болар.» - күмәнгер  өз сауалына өзі жауап қайырды.

- Жарайсыңдар, жігіттер! - капитан  Баязитов оларды шын көңілімен мақтап қойды.                                                                                                                          

– Мына  қағазда менің қызымет орнымның телефон номері жазылған.                                                                                                                                      Дастан, жайғасып болғасын  маған міндетті түрде  қоңырау соқ, жақсы ма? Сөйлесуіміз керек.

-Жақсы, ағай! - қуаныш кернеген Дастан бұл  ұсынысты тағдырдың өзіне берген белгісі – деп  қабыл алды.

     Әрине солай, Қарағандыдағы бірінші күні өтпей жатып, өмірінің басты арманына бірінші нық қадам жасалды.

 

                                                                    ***

 

     Уа, шіркін, көңілді студенттік өмір кезеңіне не жетсін!

     Өмірде әлі ештеңеге қолы жеткен жоқ, миыңның түпкірінде мамандық білімінің алғашқы нысандары туа бастаған кез, ал сен өзіңді тәжірбиенің түбіне жеткен профессордай сезініп, жоғары білімі  жоқ басқалардың алдында аямпаз-менменшіл, мына мендей болу керек дегендей түр көрсетесің.   

     Ей, студенттік  аш-жалаңаш кездер- ай!

     Сембі, жексенбі күндері Дастанды  әлі күнге дейін аш қалам ба деген қорқыныш билейді. Себебі, бұл күндері қалада асханалар жұмыс істемейді, ал шахтерлар  қаласында ресторандарға кіре алмайсың және олардың қымбат астарымен тамақтануға студентке ақша қайдан?

      Тіпті  жетісінде алты күн бойы милиция жоғары мектеп асханасында тегін тамақтанатын Татарин, жексенбі сайын нан мен суды азық қылып отыратын.

      Бірінші курстан бастап  төртінші курста жоқтан өзге үшін бір жігітпен төбелесіп, студенттер кеңсесіндегі қызу талқылаудан соң жатақанадан қуылғанға дейін Дастанның баспана іздеп басы қатқан жоқ-ты.

     Сорлы студент енді қайда бармақ? Түнді вокзалда өткізіп, күні бойы қала шарлап бас тығар бұрыш іздеді. «Корейский переулок» аталатын поселкадан пенсиядағы егде орыс әйелдің  үйінен бір бөлме жалдауға тура келді.  Өмір шығыны  көбеюіне байланысты керек қаржы табу үшін қосымша жұмыс іздеу қажеттігі туды. Қайдағы бір мұнай базасына күзетшілікке кірді. Таң қалғаны, мұнда оған оқ-дәрісімен мылтық бірден сеніп берді. Сенуге қиын, бірақ бұл ақиқат. Дастан күзетті ылғый түнде атқарады да, таңертең кезекті күндізгі күзетшіге тапсыра сала, оқуына шаба жөнеледі. Осындай қарбаласта жүріп ол, анда-санда хабарласып, байланысын үзбей жүрген капитан Баязитовты ұмытып кетіпті. Айтпақшы, ол бірінші кездесулерінде–ақ өзінің арманы, Көкшетаудағы КГБ басқармасының кадр бөлімін басқаратын капитан Саитовпен болған  әңгіме жайлы, оған толығымен айтып берген болатын. Баязитов әуелде студентті агенттікке тартқысы келіп еді, соңынан бұл дерек Дастанның болашағына кесел келтіруі мүмкін деп ойынан бас тартқан-ды.

     Бірде, аудиториядан шыға бере, Дастан терезе жақтауына зеріккен түрде сүйеніп тұрған Баязитов Аманды көрді. Бар көңілімен қуанып қалып, жүгіріп барып амандасқысы  келсе де, сол сәтте болашақ чекистін конспираторлық ішкі сезімі оянып, ойландырды:  «Мүмкін ол мұнда тапсырмамен жүрген болар, болмаса біреуді аңдып жүру де ғажап емес қой», көзіне көріне, бірақ тоқтамай қасынан өтіп кетті.

      Капитан оның соңынан жүріп, басып оза бере құлағына: «Жиырма минуттан кейін «Мороженое» кафесі, екінші залда»  ақырын ған сыбыр етті.

Бұл екеуінің арасындағы, жалпы Дастанның өміріндегі жаңаша қатынас еді.

Жүрек қуана қағыла бастады, бір жағынан үрей сезімі де мазасыздандырады, тездетіп заттарын жиып, киімін алып, өміріндегі бірінші жасырын кездесуге жүріп кетті.  

- Сен қайда жоғалып кеттің? - чекистің  жасыл көздерінен көңілді жастық жалын ұшқындап тұр.

Оған шынайы түрде бәрін–бәрін: төбелесті де, жатаханадан қуылуын да, күзетшілік қызметін де, тізіп айтып беруге тура келді.

Баязитов үнсіз, қабақ түйе отырып тыңдады.

Биік маңдайлы, жақын орналасқан жасыл түсті қысыңқы көздері ақылдылық аңғартады, бүкір мұрын, қалың қара бұйра шаштары арт жаққа қарай таралған.

«Сымбатты еркек, тек бойы жағынан кемдігі бар - іштей бағалады Дастан , өз өзіне сынай қарап өтіп.  – Ал, қаласа, ол менің болашағымды бұзуы да мүмкін ғой». Органда қызмет етуді армандаушы студент, бұл ой түскенде қипылдай бастады.

-Сонымен, сен «Корейский переулок» көшесінде пәтерге тұрдым дедің бе? Ал қандай мекен жай?

-  Зеленый забор, 22

- Солай - солай, – чекист тағы ойға шомды .- Дастан, бізге бір маңызды істе сенің керегің  болып  еді. Ал қазір мүлдем басқа пікір туып, оданда өзекті, одан да маңызды іс болғалы тұр. Күтпеген жерде сенің осы ауданда тұрақ табуың, осының бәрі Хақ -тағаланың өзі бізге көмек жасағысы келгендей көрінеді. Сен аса жауапты чекистік тапсырма орындауға әзір бол, ал мен миымда жаңа ғана құрыла бастаған  жоспарымды басшылыққа баяндаймын.         

 

                                                                 ***

            

Эх,  шіркін, өмір емес, жидек десе  болатын!  

Татарин, яғни, милиция жоғары мектебінің төртінші курс студенті, топ командирі, жоғарылатылған стипендия жүлдегері Владимир Татаринцев терезе алдындағы керуетте етігін де шешпестен шалқайып жатыр. Бөлме бойынша кезекші швабрамен еден жууда, ал ол, милиция сержанты шенінің иегері ретінде, ондай әскери міндеттерден босатылған. Мейрамдар қарсаңында, мейрам кездерінде және басқа да тек бастықтарға белгілі күндері мектеп курсанттарын қала көшелерін, алаңдарын, басқа да демалыс орындарын  патрульдеуге жұмсайды. Сонда, оны, сержант  Татаринцевті, жасақ, нысан, ал кейде тіпті взвод командирлігіне тағайындайды.

     Бұл деген алтын арқау ғой! Қатардағы курсанттар мас азаматтарды, жанжалқорлар мен төбелесқұмарларды ұстап бұған әкеледі, ал  бұл олардың тағдырын шешеді. Жұрт қалай болса да құтылудың қамын ойлап, қолда барын   тыққылай бастайды.  Есі шыға ішкен маскүнемдердің қалталарын жігіттер түгел ақтарып, тапқандарын тиынына дейін әкеліп сержантқа тапсырады да, кейін өз үлесін алады. Ол , Татаринцев, қазымыр адам емес, әділ бөледі, өз  үлесін біледі.

Ақша қашанда  артық болмайды, анда-санда болса да, төбелесем деп  жатаханадан шығып қалған Датоға ақшалай көмектесіп тұруға мүмкіндік береді . Дастан сол жиналыста жексұрын курстасының мұрнын не үшін бұзғанын айтпай қойыпты. Ал ол Датоны «Чурка» деп мазақтаған және сол үшін сазайын алған. Қызығы,  «Чурка»  деп неге тек қазақтарды қорлайды және мұны кім ойлап шығарды екен, соны Татарин өз қолымен тілін кесіп, асып қояр еді. Досының өшін Татаринцев, әрине, алды, тек бұл жайлы Дастан білмейді.

Қымбатты оқырман, біздің кейіпкерлерімізді, олардың қарқынды өмірлерінде орын алған, қоғам қағидаларына сиынқырамайтын кейбір іс –әрекеттері үшін сөгуге асықпаңыздар. Өсе келе кейбір жастар моральдық қасиеттерін , адамшылығын жетілдіріп,  өзінің мінез - құлқын қалыптастырса, басқа біреулері төменге құлдырауын жалғастырып, жат қылықты жандарға айналады, ондайларды біз арамыздан жиі көреміз.  

Кезекші үй жинауды аяқтады, он адамға арналған бөлменің басқа тұрғындары келе бастады.

-  Командир! - Курсант Халилов қасына келді. -  Менің стипендиям жоғалды.

-  Ол қалай сонда? Біз кеше ғана алдық қой. Сен оны жұмсап үлгердің бе?

- Мәселе сонда, бір тиынын да шығарған жоқпын. Бәрін, және ата-анам жіберген он сомды қосып, конспирация үшін іш киімдерге орап тумбочкаға тыққанмын. Қазір қарасам ізі де жоқ.

- Қайда қойып едің, кәне көрсет .

Сырттай қарау еш  нәтиже бермеді. Сұрақ көп, жауап жоқ.

  • Үндеме , ешкімге айтушы болма, бәрі түгел жиылғанша күтелік.

Бөлмеге соңғы тұрғын кірген бойда, Татаринцев есіктің ішкі құлпын жапты да, кілтін көзге көрсете қалтасына салды.

     - Тыңдаңдар! Бәрің дамбалға дейін шешініп, төсектеріңе жатыңдар, - Татаринцев топ командирі хақында бұйыра сөйледі.

     - Бұл несі тағы да? Қалжыңың ба? Хақың жоқ! - курсанттардың ызалы дауыстары шығып жатыр.

     - Жігіттер!  Бізге, қоқысты үйден шығармау дегендей, топты ұятқа қалдырмай, мәселені өз арамызда шешіп алу керек. Мен дұрыс айтып тұрмын ба? - Володя болған жайды баяндап, ұсыныс жасады.

     - Қазір біз бәріміз бүкіл қолда бар ақшаны шығарамыз, сосын әркім ақша қайдан келіп, қайда кеткенін баяндайды. Есебі қабыспаған жұртшылыққа не болғанын түсіндіретін болсын. Келістік пе?

     Мақұлдаған дауыстар естілмеді, әйтсе де бәрі үн - түнсіз ақшаларын тумбочкалар үстіне қойып, шешіне бастады. Мұндай жайдың оңбағандығы сол - әркімге «менен  көруі мүмкін» деген қорқыныш кіреді.

     Есеп күрделі болмай шықты: көпшілігінің «байлығы» кеше түстен кейін алынған стипендия, минус ұсақ-түйекке жұмсалған тиын-тебен. Тұрғындардың бәрінің дебеттері кредитпен қатысты.

     Кезек енді мүліктер мен киімдерді тінтуге келді. Құдай-ай, курсанттарға қанша мүлік, қандай киім бітіп еді?

      Міне бірақ, курсант Белимовтың сағат салар қалташығынан, қайдан келгенін түсіндіре алмаған, елу сом шықты.

-Не істейміз, жігіттер? - Топ командирі сержант Татаринцев серіктестеріне жабырқау дауыспен қатал сауал қойды.

     Қысқаша талқылаудан соң ұжым ақшаны иесіне қайыру және Белимов, таяқ жегісі келмесе, өз ерікімен баянат жазып, оқудан кетуі туралы қаулы қабылданды.

 

                                                                 ***

 

     Шамасы Баязитовтың оперативті жоспары бекітілген болуға тиіс, себебі: Темиров Дастанға жұмыстан босанып, мүмкіндігінше уақытының көбін Зеленый бор көшесінің бойында және өзі пәтер жалдаған үйдің қасында өткізу тапсырылды. Бары осы.

     Оған қосымша ҮҚК капитаны студентке жас болсын - кәрі болсын, еркек болсын - әйел болсын, айырмасы жоқ, әйтеуір мүмкіндігінше осы маңның тұрғындарымен көбірек танысуға кеңес берді.

      Күздің бір кешінде Дастан оқуынан үйіне қайтып келе жатты. Ымырт қараңғысынан өткен адамдардың беттері анық көрінбейді. Ұсақ жаңбыр себелеп тұр. Көше де, көңіл де бұлыңғыр. Кешке қарай  барлық студенттерге ортақ бір проблема: Не ішу, не жеу? Ай сайын мамасы жіберетін ақша да, стипендия да бітуге  жақын, әлі пәтер ақы төлеу керек. Бүгін су мен нан жеп жатуға тура келеді. Ертең Баязитовтың алдында қосымша табыс көзі керек болғаның мәселе қою қажет болады.

Вагон түсіріп, немесе ет комбинатына уақытша болса да жұмысқа бармаса аштан қататын түрім бар. Оған ше уақыт керек.  Зеленый забор көшесінде бос сенделіп жүруге  қол тимейді.

      Қалың ойға шомған Дастан қарсы алдында еуропа пішінді үш жігіттің пайда болғанын байқамапты.

     - Шылым табылмас па екен? - белгілі жанрдың классикалық оқиға бастамасы.

     - Шекпеймін.

     - Митяй, қарай гөр мынаған, қандай менмен, бізбен сөйлескісі де келмейді.

     - Кімге қарау, мына абрекке ме? Қазір біз одан сұраймыз?

     Мектепте жүргенде спорттық бокстан бірінші разряд алған Дастан мынандай сөздерден кейін берілетін әдеттегі соққыны күтпестен, алдын ала өзі оң жақта тұрған сорайғанның шықшытына секіртпелі крюк соққысын беріп, сол сәтте сол аяғына салмақ салып, оң аяғын сілтеп,  ортада тұрған  Митяйдің жүйке талшықтары шоғырланған жеріне теуіп қалды.

     Осылай үш бейтаныстың екеуі залалсыздандырылды, қалған біреуі: «Бізді ұрып жатыр!» -  бар дауысымен айғайлай салып үзын аяқтарын іске басты Дастанды екі аяғынын ортасын тепкісі келіп.

Жабылған жауының соққыларына қарсы блок қоюға әзер үлгеріп жүрген Дастан, көзінің қырымен, жақын көшелердің бірінен атып шығып, жүгіре басып келе жатқан тағы екі жігітті байқап қалды.  «Эх, орынсыз өлетін болдым-ау, - сарт етіп қорқыныш ойы  келді. - Сорлы мамам мұны көтере алмайды!»   

     Сол сәтте арт жақтан әуелі автомобиль шамының жарқын жарығы, сәлден кейін сигналын ақыртып, төбелесуші жастарға қарай тура зымырап келе жатқан машинаның өзі де көрінді. Шабуылушылар алған соққыларынан кейін өз–өздеріне келе қоймаған жақтастарын сүйрелей жан-жаққа шашырай қашты.

     Дастан орнында теңселе тұрып қалды. «Футболистің» бірнеше тепкісі жай кетпеген болуға тиіс, сол жақ жамбасы шыдатпай ауырып барады.

     - Тірісің бе? – алтыншы модельді сары «Жигулидің» иесі машинадан шыға бере сұрады. – Жарайсың! Жалғыз бесеуге қарсы тұрдың.

     - Үшеуге, - Дастан сыпайы түзетті.

     - Менің анау екеуін қашырғаным  тәубе, болмағанда саған мүлде қиын болушы еді, -  «құтқарушы»  өзінше әзілдеді.

     Дастан ақыры оған көз салды: кәдімгі корейлік, қырық бес жастар шамалас, орта бойлы, бұлшұқ етті, бірақ толықтарлық түрі бар, қысқа қиылған шаш, аса қымбат костюм. Қысқасы осының бәрі оның сыйлы, өз-өзіне сенімді және өзінің құнын білетін адам екенін көрсетеді.

     - Сені бұрын кездестірмеген сияқтымын. Осында тұрасың ба?

     - Жеке меншікті үйде пәтер жалдап тұрам.

     - Кімде?

     - Кощеевтерде.

     - Боря ағайдың үйі ғой, ендеше. Клава тәтей қалай, күңкілдей  бере ме?

     - Жә, жоқ, онша  емес, ботинкаң таза болса болды.

     - Жұмыс істейсің бе?

     - Жоқ, оқимын.

     - Қайда?

     - Мединституттың төртінші курсы.

     - Ә- ә, хирург болам  де.

     - Санитарлық дәрігер.

     - Бұл жақсы. Табысы мол жұмыс.  Сау бол, байқа, мыналардың қолдарына енді түсуші  болма. Мұндайлар бізде  болмаушы еді, жарар, мен анықтаймын қайдан ұшып келген бұзақылар екенін.

     - Сізге зор рахмет, менің өмірімді сақтап қалдыңыз.

     - Жә-ә, таста, жәй өтіп бара жатып  кезіктім, мен бала жасымнан осында тұрам. Анау менің үйім.

     Дастан көрсеткен жаққа қарады, бірақ жасыл түске боялған тақтай дуалдан басқа ештеңе көре алмады.

«Міне неге бұл көше «Зеленый забор» аталады, мұнда бүкіл дуалдар, қоршаулар жасыл бояумен боялған екен ғой» - еріксіз осы поселкенің тұрғыны болған студент  мынадай ой топшылады.

 

                                                           ***

 

     - Бұл «нысанмен жүздесу жүзеге асырылды»  деп аталады. Капитан Баязитов  қуаныштан  алақандарын ысқылай жаздап өз ісіне ризалық білдіре  сөйледі.

- Сонда мұның бәрін  сіздер әдейі ұйымдастырған іс болғаны ма? Ана «бұзақылар»  сіздердің кісілеріңіз бе? Ал мен оның жағын сындырсам ше? Немесе  ана «футболшының» аяғы менің жұмыртқаларыма тиген болса ше? Мен әлі үйленген  жоқпын, балаларым да жоқ. - Дастан шынымен ашуланды.

- Бос үміттенбей-ақ қой, ол жігіттер  Астанадан әдейі келген өз ісінің шеберлері. Оны былай қойғанда сен өзің біздің органда жұмыс істеуге армандаймын деп айттың ғой. Ал бізде жұмысқа алынар адамды міндетті түрде оперативтік тапсырмалар беріп тексерістен өткізеді. Сенің сынағың басталды деп есепте. Егер тапсырысты орындап шыға алсаң, ол сенің есебіңе пайда боп қосыларына сене бер.

- Мен өз сөзімнен бас тартпаймын. Мен оперативтік жұмыстан басқа жұмысты тіпті түсімде көргім келмейді. Бірақ бәрі бір, мұны басқаша жасауға, маған білдіруге болмаушы ма еді?

- Шынын айтқанда, бұл саған жасалған сынақ та болды. Нышан өте қауіпті, бұрынғы опер, агентші, спортшы. Адамды жайдан–жай, спорт қызғылығы үшін, қолмен қылғындырып өлтіре салуға баруы мүмкін. Қаншама адам оған енгізбек болдым, маңына бір қадам жолатпайды, бірер ауыз сөзден кейін жалт бұрылып кете береді. Ал сенің  реакцияңа мен сонда, вокзалда, назар аударғанмын. Сосын, сен шын мәнінде кедей, пәтер жалдап, жартылай аш күйде күнелтуші студентсің, аңыз ойластырып бас қатырудың қажеті жоқ, қандай болсаң сондайсың. Мен шын айтып отырмын ба?

     - М –м-и -ә ә, әрине, тап солай.

     - Оған қоса, болашақ чекистсің. Меніңше, тапсырма сенің қолыңнан келеді.

     - Иә, мен өзімді қорғай аламын. Біз Вовка екеуміз жетінші сыныпта кірпішті қолмен ұрып сындыратынбыз.

     - Бұл жерде мәселе жұдырықта емес, оған қосымша әртістік шеберлік те керек. Ол жайлы кейінірек  сөйлесерміз. Бұдан былай жасырын пәтерде ғана жолығатын боламыз. Міне мекенжай, есіңе ал да, қағазды маған қайыр.  Сол жерде ертең он сегіз ноль-нольде кездесеміз. Әр түрлі мамандардың нұсқауларын аласың, есіңде болсын, нұсқа өте, өте маңызды әрі қауіпті.

     - Ол өзі кім?

     - Сен әлі пайымдаған жоқсың ба? Милиция майоры, Қарағанды  қаласының милиция басқармасының ОБХСС бастығы, кешегі сенің құтқарушың - Хван Игорь Васильевич.

     - Ә, солай ма еді? Әрі қарай не болады?

     - Бәрінің өз мезгілі бар, асықпа. Жұмысты кезек-кезекке бөліп істейтін боламыз, ұқтың ба? Бір топ кісілер қатысуымен  өткізілер оперативтік іс жаңа басталды, ал сен тек біріне ғана, бірақ аса маңызды шараға қатысасың. Алдымен арнайы дайындықтан өтесің, қалғанын кезінде көре жатармыз.

     - Мен дайынмын, әрине, бірақ менде кейбір қиындықтар туып тұр, маған түндерде бос уақыт керек.

     - Аңғардым, әңгіме вагон түсіріп табыс табу жайлы ғой? Тыныштал, сен ҮҚК-ның қаржы есебіне қойылдың. Ақшаңды тура кәзір   «оперативті шығындар» бабына сәйкес аласың, ұқтың ба?

- Тап солай, жолдас капитан!

- Айтқандайын, мен енді капитан емес, майормын.

- Тап солай, жолдас майор!  Шын жүректен құттықтаймын!

-  Ризалығымды білдіремін.

 

                                                               ***

                                         

     Бұл күні табиғаттың жаңбырлы бұлттары таусылғандай, күн көктегі өз орнына қымсына жайғасты, жел болса еріншектігі ұстап, даланың бір жерінде кеншілер қаласынан әрірек ұйқыға кеткенге  ұқсайды. Тып-тыныш.

«Бабье лето» аталған маусым туды. Тапшы табиғат пен бейғам қалалықтарды қатал қыс қарсаңындағы маужырау басқан.

Құдайым-ай, иықтарынан төмен түсіп, сымбатты дене мүшелерінің әрбір  иілістері мен дөңестерін көзге түсіретін, жұп-жұқа болонь жадағай киген жас қыздар мен әйелдер қандай көрікті болушы еді.

Студент үшін аштық күні – бүгін, жексенбі. Дастан таңертеңнен достары мен құрбыларын аралай жатахананы төрт жыл бойы бірге оқыған досы Сағи Нурбеков екеуі сүзіп шықты да қаладан тәулік бойы қарын ашпастай тығыз тамақтануға боларлық тағам табар мекеме іздеуге шықты.

Қарағандыда жол біткеннің бәрі Бейбітшілік бульварына барып тіреледі. Егер біреумен кездейсоқ кездескің келсе, сонда бар да бос орындықтардың біріне отыр -сөзсіз жолығасың, ол осы жерден міндетті түрде өтеді.

 Достар осы қағиданы ұстап, қытымыр қыстың алдында қала тұрғындарын еркелетіп алғысы келгендей жылу шашқан күн көзі астында рахаттана шалқиып отыр.  Жай ғана таныс қыздар туралы, тағы басқа да мәнсіз тақырыптарды талқылап, кешке не істейтіндерін жоспарлап, мылжың соғып отыр. Кенет қастарына бар салмағымен сылқ етіп, курстас қыз Надежда Винник отыра кетті.

- О-о-й, жігіттер, сендерге кезіккенім қандай жақсы болды. Маған анау бір тип жабысып, қалай құтыларымды білмей қойдым.

- Қайсысы?

- Анау, қоңыр балонь плащ киген, көрдіңдер ме?

- Көрдік. Ал ол не істеді? Жерлес қызды ренжітушімен төбелесуге дайын Дастан дауысы қалтырағай, ызғарлана сұрады.

- Мен диетасханадан шығып келе жатқанмын, айналада жан жоқ, тып-тыныш. Кенеттен мынау жақындап келіп: «Менікі таңертеңнен қақиып тұр»  демей ме. «Кім тұр?» - сұраймын ғой ойымда жаман ештеңе жоқ. Ал мынау плащын ашып қалды, қарасам ішінде ешбір киім жоқ, тек анау, қалай айтсам екен? Жә, сендер мені түсіндіңдер. Ойға салып көріңдерші!

- Сен бес минутсыз дәрігер адамсың, «эригированный пенис» - деп айтпайсың ба? - Дастан дөрекелікке жаттығу жасап қалуды жөн көрді.

- Ал ол трикосыз жүр ме? – өмір бойы көркем киінуге үлкен мән берген және соны таңдаудың маманы Сағи әңгімеге араласты.

- Жоқ, оның тек қалың шұлығы, әлде гамашы ғана болды.

- Кәзір анықтаймыз. - Дастан орнынан тұрып, бұзылған адамды үркітіп алмауға тырысып, ақырын баса оған жақындады. Сағи соңынан еріп келеді. Плащты еркек тұра қашты. Достар оны тұра қуды. Міне, Дастан құғынды аяғынан  шалып  жерге ұшырды және сол сәтте өзінің қолдарына курсант погонын тағып, милиция формасын киген екі жас жігіт жабыса кетті. Сағидың жайы да солай болды.

- Әй, сендер кімсіңдер өздерің?  Онанда ананы ұстаңдар, ол жынысы бұзылған адам, - дей тұра Дастан оң аяғымен оңға айналып түсіп, курсанттардың бірінің аяғын табанымен басып қалды. Мұндайды күтпеген жас жігіт шыңғырып жіберіп, оның бір қолын босатып  қойды.

- Мұнда не болып жатыр өзі? - айбарлы да сондай таныс дауыс естілді.

- Жолдас сержант! Мына екі азамат мына жолдасты қуып жетіп, жерге жыға сала тепкілегілері келіп  еді, бірақ біз ұстадық. Ал жәбірленуші  жолдас жатқан бойы әлі жатыр, қорыққаннан есі шыққан болар.

- Татарин! Сен қайдан тап болдың, сайтан! - Дастан сержантқа тура ұмытылды. Достар құшақтасып тұрып, бірін-бірі соққылап алды. Бұл, әрине көптен көріспеген  жерлестер арасында болатын жәй.

- Тағы кімді жер жастандырдың, айыртаудың басбұзары? - Татаринцев жерде жатқан еркекке зейін сала қарады.

- Эксгибиционист. Танысып қой!

- Экстици..., эксбиги..., экс немене? Дені дұрыс адам тілімен айтшы?

- Жыныс жағынан бұзылған, - Дастан етпетінен жатқан еркекке барып, аяғының ұшымен плащының етегін көтергенде, жалаңаш майлы к... көрінді.

- Cо-лай! Кәне, тұр! - сержант Татаринцев ақырып қалды.

Еркек адам жылан шағып алғандай атып тұрды.

- Курсанттар Шмелев пен Қопаев мына албастыны автобусқа, капитан Аймановқа желкелеп жеткізіңдер!

- Жігіттер, жіберіңдерші мені, құримын ғой, - аяныш шақыра қыңсылайды жас ортасын еңсеріп қалған жыныс бұзақысы. - Көп ақша берем. Мен ПМК-ның бас инженерімін ғой.  Аяңдаршы!...

- Ал, мынау балалар үшін қауіпті ме? - Татаринцев бірдеңе ойластырып үлгерген тәрізді.

- Жоқ, бұл ауру адам!

- Дато, сен дәрігерсің, біліп тұрсың. Оны отырғызғаннан кімге және қандай пайда, одан ресторанда отырып, өткен өмірді еске алу әлде қайда артық емес пе, ә?

- Дастан «Өзің білесің» - дегендей үнсіз иғын қысты.

 

                                                                        ***

 

     Ертеңіне Дастанның басы «сынғаны» сондай, оқуға бару-бармау мәселесін ұзақ шешіп жатты. Ақыры борыш сезімі жеңіп, бар ерік күшін салып, орнынан тұрып,  пеште тұрған Клава апайдың суық шәйін іше сала жүгіре жөнелген.

Студент бірінші лекцияға, дегенмен, үлгерді. Бірақ, басы сынып бара жатқанда, «аяғыңды созып тастап, ыңғайлана жатып ұйықтаса ғой, шіркін» деген ой жан–дүниеңді меңдеп алғанда, келуіңнен не пайда? Сағи бірінші лекцияға келмей қалды.

«Сағи ақылды, әрқашан да  тиімділігін ойлайды, ал мен неменеге мұнда жетіп келдім?»

Қалай қалғып кеткенін байқамай қалыпты.

«Сен тым қатты қорылдап кеттің, профессор естісе аудиториядан қуып шығады, ал сосын ешқашан оған сынақ тапсыра алмайсың, оның қандай кекшіл екенін білесің ғой» -  көрші отырған жанашыр курстасы құлағына сыбырлап бүйірінен түртіп қалғанда әзер оянды.

 «Далаға шығып сейіліп, таза ауада желпініп келмесем болмас, сірә».

Орындықтар қатарлары аралықтарымен еңкейе жүріп отырып балконға, одан әрі дәлізге шықты. Бостандық!

 Институт қасындағы дүкеннен шұлық сатып алып, гастрономда екі стакан гранат шырынын ішкеннен кейін, ол өзін жеңілдеу сезінгені сондай, өмір манағыдай қапас емес, керісінше, тамаша да көрікті көрініп кетті. Тек мына жаңа шұлықтар қалтасында жатып алып, «ки мені» дегендей маза бермей қойды. Жаңаны тап қазір киіп, ескісін қоқыс жәшігіне лақтыруға деген ынтазарлық пайда болды. Жарап жатыр, лекция соңына дейін әлі уақыт жетіп жатыр, әжетханаға кіріп тап осы шаруамды орындап шығайын.

Айтты-бітті - орындау керек. Ол көңілді түрмен санитарлық торап жаққа бара жатқанда, жолда факультет деканы Мамась Николай Никифоровичпен бетпе-бет жолығысып қалды.  Декан:

- Солай-солай, меніңше, төрт жүз төртінші группада кесте бойынша қазір лекция болуға тиіс емес пе? - қыңқылдақ дауыспен сұрақ қойды.

- И- ә, - қолға түскен студент не айтарын білмей, шындыққа жанаса не ойлап тауып айтсам, кінәмды жуып –шаяма деген ой ауру басын шардай қатырып тұр. Үнсіздік тым созылып кетті.

- Мүмкін студент Теміровтың өзіндік кестесі бар болар?

- Міне, шұлық сатып алдым. - Дастан өзінен-өзі күтпеген сөзді айтып қалды да, ол аз болғандай тауарын көзге тақап көрсетіп тұр. Басың сынып жатқанда қонымды сылтау тауып көр.

- Немене, осынша «маңызды» іске басқа уақыт табылмады ма?

Дастан үнсіз қолдарын екі жаққа жайды.

-Жарайды, Теміров, барыңыз. Лекцияны тағы бір рет  бос жіберсеңіз, стипендиядан қағыласыз...-  декан жымиюын жасыра бұрылып кете барды.

Иә, соғыс мүгедегі Николай Никифорович  Мамась тамаша адам еді. Ол бір түрлі жаны жарқын, қайырымды адам болды, уақыт та сондай болды ғой.

Шытырман оқиғалар мүнымен бітпеген болып шықты. Дастан өзі салған ізбен кейін қайтып, лекцияға баруды жөн деп  тапты.

- Ал сен неге лекцияға бармадың? - еркек дауысы көне ғимарат дәлізінің биік төбесімен жаңғырып, ашық күндегі күн күркіліндей естілді.

- Ә, бұл сіз бе едіңіз? - Дастан бұрылып қарап Баязитов Аманды көрді.

- Он тоғыз ноль-нольде Бейбітшілік көшесіндегі жасырын пәтерде, - дегенді сыбырлай айтты да, чекист ешкім көрмей тұрғанда асыға тайып тұрды.

 

                                                                            ***

 

Дастан төртінші қабатқа көтеріліп, үйреткендеріндей, ілескен «құйыршық»  жоқ па екен деп, бірнеше минут тың тыңдап тұрды. Сосын қажет пәтердің есігіне келіп, келісілгендей екі қысқа, бір ұзақ қоңырау берді.

Баязитов артында күтіп тұрғандай, есік бірден ашылды. Дастан кіре берісте шешініп, Баязитовтың соңынан еріп бөлмеге  кіргенде, диванда отырған еуропалық пішіндес тағы екі жас жігітті көрді.

- Жолдастар, біздің жас түлек көмекшіміз, бес минутсыз дәрігер және чекист Теміров Дастанмен танысып қойыңыздар, - Баязитов мәнерлеп,  көтеріңкі үнмен  айтты.

- Онша жас емес, жиырма екі жасқа толды, - Дастан берілген анықтамаға түзеу жасау қажеттігін  тапты.

Жігіттер орындарынан тұрып, студентпен бір ауыз сөз айтпай, сыпайы қол алысып, орындарына отырды. Екеуі де орта бойлы, мығым денелі, қысқа шашты, екеуінің де көздері түссіз, беттері мәнерсіз, сыртқы түрлері тым ұқсас.

- Дастан, белгілі себептермен жігіттер аттарын атаған жоқ, қажеті де жоқ. Ертең, сембіде, сағат он тоғыздар шамасында, өзіңе таныс Хван Игорь Васильевичтың он жеті жасар қызы би үйірмесінен қайтып келе жатқанда, екі бұзақы тиіседі, ал олардың рөлін мына екі жігіт орындайды. Сен қызға болысып, бұларды дұрыстап соққылайсың,... егер тек сен келіссең...

- Іске пайда болса, мен бәріне әзірмін.

- Бізге сенің сол үйге барып тұратын адам болғаның қажет. Неге? Бұл операцияның екінші кезектегі мәселе. Ал біріншіде, қыз сені үйіне сүйрегендей кіргізуіне қол жеткізу керек, айталық, жараңды таңуға, жеңіңді, болмаса жағаңды тігуге, плащыңды жууға, жалпы ретіне қарай көрерсің.

- Аңғардым: мыналар менің мұрнымды бұзады, ақ плащым ( Қарағанды халқының тоқсан тоғыз пайызы болонь киіп жүрсе де, Дастанда ол әлі жоқ) қанға боялады, қыз мені  аяп үйіне жетектеп алып барады, мүмкін тіпті, төсегіне жатқызады. Мен дұрыс түсініппін бе?

- Жалпы алғанда, иә.

- Бірақ, бұл тым қарадүрсін, үстүртін әдіс қой.

- Нысанның үйіне кірудің бұдан басқа амалы жоқ.

- Ал егер электрик, сантехник сияқты қызмет бабын пайдаланса ше?

- Жарайсың, басың істейді! «Электриктің» көмегімен бөлмелер бөлінісі схемасын біз алдық. Бірақ ол басқа ештеңе істей алмады, бір минутқа да қалдырмай қасында ылғи біреулер болыпты. Бізге, әрине, үйдің барлық тұрғындарын мекемелерге шақыртып әкетуге болар еді, бірақ аулада үш бірдей үйретілген иттер байлаусыз шапқылап жүр. Москвадан кинолог шақыртып едік, ол мен тек үй иттерімен айналысам, жабайы иттерге амалым жоқ - деп келмеді.

- Ал егер ұйықтататын оқпен атса ше?

- Оны қайдан аласың, біздің елде ол жоқ. Сосын, иттер иелері келгенше оянбай қойса ше? Олар не ойлайды?

- Жарайды, жақсы, келісемін. Тек бір сұрақ: кенет қыз жігітпен болса ше?

- Оның досы жоқ. Айтпақшы ол бай қалыңдық, мүмкін ойланарсың, ә?

- Егер сұлу болса көрерміз... Жарайды, әзілдестік, жетер. Одан әрі не болады?

- Қазір төбелеске жаттығу жасаймыз. Жас қаныңды тым көп төкпеу үшін, мынау арнайы қосынды құйылған капсуланы пайдаланамыз, ол сенің көркем плащыңды тәп-тәуір былғап бере алады. Қалай? Киіміңді игілікті іске құрбан етуіңе тура келеді, батырым.

- Қажет болса...бірақ...

- Қапаланба, мекеме саған жап-жаңа италия болонь плащын силайды. Келістік пе?

- Әрине, келісем, - байлығы онша тасымаған студент  көңілдене келісім берді.

- Ал мұрныңды шындап соққылауға тура келеді. Бүгін мұрынан қан өздігінен ақпайды  ғой? Солай ма? Шыдайсың ба?

- Үйреншікті іс, мен бала күнімнен бокспен айналысатынмын ғой.

- Міне тамаша, міне келістік. Ал қазір сендердің жаттығуларыңды өткізелік.

 

                                                                  ***

 

Клава апайдың шәйнегіне  соның өзінен алған шәйды қайнатып алған Дастан, мамасы жіберген халвамен нанын жеп, аштығын басып алды. Бірнеше қабат газетке оралған халваның сыртына газеттің текстері айқын басылып қалыпты.

Операцияға тәжірибиелі чекистердің басқаруымен қатынасарын, қауып –қатерлер болу мүмкіндігі аздығын білсе де, көңілі құрғыр бірдеңеге мазасыздана береді. Дастан  қандай жағдай болады, деген оймен ішкі киімдерін ауыстырып, жаңа шұлық киді. Үшінші курста болған бір жайдан соң, ол  шұлықтарға ерекше мән бөлетін болды.

Бірде, жексенбінің кешінде, Сағи  Нұрбеков екеуі би алаңында Большая Михайловканың екі жігітімен төбелесіп қалды. Оларды біреулер арашалап, екі жақ келісімге келіп тарасты. Дүйсенбі күні таңертең бұлар сот медициналық сараптама сабағына бара жатып, мәйітханадан өте бергенде, кешегі қарсыластарын көрді: екі бұзық екі столда қатар жатыр, бастары желке тұстан жарылған, тізесінен кесілген аяқтары үйіліп қастарында жатыр. Биден кейін үйлеріне теміржол бойымен қайтып бара жатқандарында, оларды маневр жасап жүрген тепловоз қағып кетіпті. Бұл оқиғада Дастанның есін кетірген жай - кесілген аяқтарға кигізілген шұлықтардың кір, жыртық болғаны.  Сол сәттен бастап ол, келесі мезетте адамды не күтіп тұрғаны белгісіз, сондықтан да әрқашан таза іш киіммен, жаңа шұлық киіп жүру керек деген қағиданы мықтап ұстайтын болды.

     Міне, көрінген күтпеген жайларға әзір Дастан шығар алдында соңғы рет дәліздегі айнаға қарап алды: Ал немене? Тәп-тәуір! Басқалардан кемдігі жоқ: биік маңдай, түп-түзу грек мұрын, рингтегі айқастарда талай соғылған қастарым  анық көрінбейді. Қой көздерім ақылды, тек Сағидікінен гөрі қысыңқырақ, оның есесіне тал бойымда мін жоқ, түп-түзу, бұлшық-бұлшық. Бойыма тағы  бір жиырма сантиметрдей қосса, шіркін, тіпті тамаша болар еді, әйтсе де, табиғатқа қарсы шыға алмайсың, мамамның бойына тартқан шығармын. Кім біледі, мүмкін әлі өсермін? Дастан қиқар бұйра шашын тәртіпке келтірмек болып еді, одан ештеңе шықпады, өзінің айнадағы кескінімен қоштаса көзін бір қысты да, нығыз басып  шығып жүре берді.

     Күздің күрең қызыл мұңды күнінің шеңбері Дастанның алда тұрған күрделі ісіне сәт тілеу үшін, үйінен шығуын күтіп тұрғандай, көкжиекке   іліне қалыпты. Жел айдаған қара бұлттар үйірі шығыс жаққа жиылып,  аспанды түгел басып, қаланы қара түнекке айналдыру үшін өз сағатын күтіп тұрған сияқты.

      Боря ағай мен Клава апайдың күнделікті ұрыс- қағыстарының түбірлі сылтауы - бір жағына қарай қисайып қалған қақпаны әзер жауып, келешек чекист  оқырман білетін үйге қарай аяңдап жүріп кетті.

      Сирек кезіккен өткіншілер Дастанға әуестене қарап, бұрылып қарап, көзбен шығарып салатындары байқалды.

     «Бұлардың назарларын менің неменем тартады екен. Мүмкін бет-әлпетімнен ішкі толқынысым көрініп тұрған болар. Қой, жүйкені босаңсыту керек».

     Көше қилысына жақындай келе, өткен жолы танысқан екі ҮҚК-тың қызметкерін  байқады. Олар ішіп алған сандалбайлар түріне еніп, үй бұрышында тұр екен. Осы кезде, кесте бойынша, аялдамаға автобус келіп тоқтап, одан сып етіп сымбатты корей қызы түсіп, спорттық сөмкесін   иығына іле сала «бұзақылар»   тұрған шолақ көшені бағыттап жүріп кетті.

     «Қарай гөр, минутына дейін дәл есептеген. - Дастан қайран қалып тұр. -        Автобус жүргізушісі де солардікі ме екен?»

      Міне енді «нысан» бейтаныс еркектермен қатарласа бере бір ыңғайсыздық сезініп жан–жағына алақтап қарай берді. Қызды сезімі алдамаған болып шықты: «қарақшылардың» бірі жолын кесті, екінші иығындағы сөмкесін жұлып алды.

-Көмектесіңдер!!! - қыз бар даусымен айғай салды. Алда тұрған еркек оның тамағына жармасты. Осы сәтте, оқиға орнына жүгіріп жетіп үлгерген Дастан еркекті бар күшімен кеудеден итеріп қалғанда, анау артқа ұшып барып, асфальтқа шалқасынан түсті. Екінші «бұзақы» сөмкені жерге тастай салып, боксерлік қалып қабылдап,  «қорғаушыны» жұдырықпен төмпештеп ұра бастады. Дастан да қарап  қалмай қарсы  шабуға көшті. Сол кезде бұзақыларға ес кіріп, айқас алаңын тастап қашу абзал боларын шешіп, олжа сөмкені де қалдырып, қашып берді.

     Дастан қашқындарды  қумай, өлгенше қорыққан, тамағын қос қолдап ұстаған қалпында  тұрып қалған қыздың жанына келді де, жерде жатқан сөмкені көтеріп, шаңын қағып, қолын әсем созып иесіне ұсынды.

     - Сіздің сөмкеңіз бе еді?

     - Менікі. Рахмет! Ой, сізге не болған?

Дастан мұрнының жанын кеткенін, одан аққан қан плащына сорғалап ағып жатқанын енді ғана сезінді.

«Оңбаған неме, аямай соғыпты! Мұрнымның  шеміршегін сындырған жоқ па екен? Рингте сынбаған, ал мұндағы қойылымда қалайша сына қалды, мұрын құрғыр? Плащым олардың капсуласынсыз да істен шыққан. Ертең институтқа не кием?» - Дастан іштей күйініп, ызасы келіп тұр.

     Батырымыз бет орамалын алып үсті-басын сүртпек болып еді, одан түк шықпады. Әрең-әрең ұстаған ызадан оның көздерінен жас ағып кетті. Қыз да орамалын ала сала қанды сүртпек болып еді, ол одан жаман айғыздалды.

     - Білесіз бе? Біздің үйге баралық, бетіңізді жуып, плащыңызды тазалаймыз. Алыс емес, анау дуалдың ішінде. Мына түрмен қайда барасыз, милиция алып кетеді ғой?

     - Бір түрлі ыңғайсыздау.  Ата-анаңа   не дейміз?

     - Қалай болды-солай, сіз мені қарақшылардан қорғап қалды дейміз. Қандай ер едіңіз! Папам міндетті түрде сізге сыйлық жасайды. Жүріңіз, қорықпаңыз.

     - Иә, шынында да, үй иесі қорқып мені үйге кіргізбей қоюы ғажап емес. Сіздің шақыруыңызды қабылдауға тура келеді. Ал сіздің ата-анаңыз шошып кетпей ме?

     - О не дегеніңіз? Папам милиция майоры, мамам - дәрігер .

     - Менің есімім Дастан. Мен студентпін, осы ауданда пәтерде тұрам.

     - Ал мен Ирамын. Мектепте оқимын, биыл оныншы сыныпты бітірем.

     Дастан екі орамалды қосып мұрнына жапты да, екеуі үйге бағыт алды.           Шарбаққа жақындағанда Ира сөмкесінен кілт алып есікті ашты.

-Дастан, сіз осы жерде сәл күте тұрыңыз. Мен  үйге кіріп, біздікілерге сіздің келгеніңізді білдірейін, иттерді әкетсін, жарай ма? Тек, құдай үшін, кетіп қала көрмеңізші! Мен тез оралам , жақсы ма?

     Дастан жан-жағына қаранып үлгермеді, есіктен бізге таныс Хван Игорь Васильевичтің өзі оқша атылып шыға келді.

     - А, бұл тағы сен бе, батырым?

 Дастанды  Хван да таныды.

     -Неғып мелшиіп тұрсың, үйге кір, танысамыз дұрыстап. Сені  біздің жаққа құдайдың өзі айдап әкелген болар, кір!

     Дастан үнсіз бағынды.   

 

                                                                ***

 

     Ұлттық батыр есебінде қабылданған Дастан Иринаның жанұясы мүшелерімен толық танысты. Қызын құтқарушының бұзылған мұрнын, қан-қан болған плащын көрген шешесі Вера Леонидовна санын соғып, «ах»,  «ухке»  салды.

     - Босқа айғай салуың жетер, онанда оған  суық компресс бас, - Игорь Васильевич шыдамсыз зекіп қалды.

     Үй иелері ерекше ризашылықтарын білдіріп, жуындыртып, көйлек ауыстыртып, аса дәмді корей тағамдарына тойдырды. Сосын Игорь Васильевич  екінші қабаттағы өзінің жұмыс кабинетіне шақырды. Мұндай әсемдікті ғұмыры көрмеген Дастан, айналмалы орындыққа отырып алып, жан-жаққа  алақтап қарай берді. Ең алдымен, қара ағаштан жасалған зор екі тумбалы стол еріксіз көз тартар, сынып бөлмесі секілді ұзын үш қабырғадағы кітәп сөрелері орыс және шетел классиктерінің шығармаларымен толған. Бұрышта сувенирлер қоюға арналған аласа шкаф тұр. Құдай-ау, мұнда не жоқ, тіпті самурайлар семсерлеріне дейін ілінген.

Төртінші қабырғада метлах плитасынан қаланған камин орналасқан, ал оның бүйірінде оникспен қапталған колонналар сап түзеп тұр.

     - Ұнай ма? - үй иесі масайрай күлімсіреді.

     - Енді қалай!

     - Оқуды ұнатасың ба?

     - Иә, бір кездері жазушы болуды армандаймын.

     - Сен көрші ретінде бізге келіп жүр, ұнаған кітабыңды алып оқы, тек қайтаруды ұмытпа. Мүмкін, шынымен-ақ бір күндері жазушы болып шығарсың, неге болмасқа?

     - Рахмет! Мен кітапты ұқыпты  ұстаймын.    Кітаптарыңызды бүтін күйінде сақтап, қайырып тұрам. Менің көруімше, сіздегі кейбір кітаптарды кітапханалардан таба алмайсың.

     - Иә, ақшаға жаның қалағанның бәрін табуға болады. Сенде де жақсы мамандық болады. Санэпидстанция - нақты билік, ақылмен істесең, соншама ақша табуға болады, ого-го! Әрине, тек ақылмен істесең.

     - И-ә , әуелі тек осы институтты бітіріп алсам ғой, әлі аттай екі жыл бар.

     - Уақыт тез өтеді, бұл  екі жылыңның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаласың әлі, мен де осының бәріне жету үшін бірнеше ондаған жылдар сарп еттім. Қиын-қыстау кұндер де өтті, біреуге айтсаң сенбейді. Дастан, әдепсіз сұрақ деп айып етпе, сен қазақпысың?

     - И-ә- ә...  -   қысыла жауап қатты Дастан. «Бетімнен көрініп тұрған жоқ па?» - деген ой келді.

     - Әртүрлі болады. Бірінші ретте мен сені корей тұқымынан ба деп қалдым. Жалпы мен қазақтарды өте сыйлаймын. Қарапайым дала тұрғындары біздің өмірімізді сақтап қалды.

     - Кімге? Сізге ме?

     - Қуғындалған корейлерге...

     - Сіздерді кім, қайда қуды?

     - Сендер естімедіңдер, білмейсіңдер, ал мен оны өз басымнан өткердім. Мың тоғыз жүз отыз сегізінші жылы, ССРО  өкіметінің қаулысына сәйкес, Приморск өлкесінің бүкіл корейлік тұрғындары жер аударылды.

     - Бүкіл дегені қалай? Ол мүмкін бе, не үшін?

     - Күздің бір суық түнінде, корейлер тығыз орналасқан ауданды НКВД әскері қоршап алып, мал секілді, бала-шаға, кемпір-шалдарымен қоса, «жапон милитаристерінің сыбайластары» атағын тағып, тауар вагондарына айдап тығып, Қазақстанға  жіберген. Менің бес жасқа толған кезім. Бізді Қызылорда маңындағы бір жерде түсіргені, қазіргідей есімде. Суық жел соғып тұр, бас тығып паналайтын жер жоқ, жұрттың үстінде жылы киімдері де жоқ, себебі, жолға жиналуға уақыт бермей, қайда апаратындарын айтпастан айдап әкетті ғой. Не істеуге болады?  Балаларды бір –біріне тығыстыра ортаға отырғызды, айнала әйелдер, сонан сон шал-кемпірлер,    сыртынан қоршап ерлер отырды. Әйелдер еңіреп жылауда, ерлер дұға оқуда...  Кенеттен бір атты адам пайда болды. Ол егде тартқан қазақ еді. Атты кісі бізді ақырын айналып шықты,  көзінен жас парлап ағып жатыр.

Бір кезде ақсақал  атын қамшылап шауып кетті. Соңғы үміт жойылды. Бірақ кешікпей арба жеккен   ауылдастарын ертіп қайтып оралды, бізге тамақ, киім әкелді, сосын жақын маңайдағы ауылдарға бөліп таратып, қоныс тебуге, жұмыс істеуге, жер-үйлер салып алуға мүмкіндіктер жасады. Солай, інішек. Міне енді сен қызымды  қарақшылардан қорғап қалдың. Мен сенің де, сенің халқыңның да алдында борыштымын. Мынаны ұста, бес жүз сом, алмайым деп бас тартпа, өкпелеймін. Өзіңе нағыз  Италия  болонь плащын аласың, ескің енді іске аспайды.

     - Мұныңыз не, соншама көп ақша! Жоқ алмаймын. Өзім табам оған қаржы.

     - Ал-ал, ақша түк тұрмайды және олар көбейген сайын, өкінішке орай, көңіл-күйің бұзыла  түседі...

     Осылайша, мединституттың  төртінші курс студенті Теміров Дастан Қазақ ССРО-ың ҮҚК-ты  «Шубное дело» атаған шарасына қатысы бар нысанның үйіне кірімпаз болды.

     Қарағанды түбіндегі Абай қалашығында сол кездерде ССРО-дағы ең ірі қой терісі мен қаракөлден тон тігетін фабрика жұмыс істеді. Шикізат республиканың барлық аймақтарынан, ал елтірі оңтүстік облыстардан әкелінетін. Жалпы айтқанда,   жеңіл өнеркәсіп Министірлігі басшыларының бірі жеке басқаратын, өте ірі ақша  «айналатын» бүтін бір индустрия болған.   Айтылып отырған уақыт кезеңінде бұл мүшелері есепке кірмеген өнімдерді тігу және сатудан аса бай табыс тауып, өзара бөліске салатын қылмыскерлер бірлестігі болыпты. Осы бірлестікте жетекші роль атқарушылардың бірі - Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының ОБХС бастығы милиция майоры Хван Игорь Васильевич екен. Ол жөнге қойылған өндірісті милиция органдарының тексерісінен  «бүркеуші», «табысты» жоғары жақтағыларға жеткізіп беруші, аумақтың милиция органдарымен іскерлік қатынастар жасаушы болған және мұның үйі қылмыс жолымен табылған ақша жинақталатын, сосын қалталарға бөлінетін орталық ретінде пайдалалындыған, ал үйдегі жұмыс кабинетінде синдикат басшыларының аса құпия жиындары өткізіледі. Мемлекет қауіпсіздігі  органдары осы штабқа мұрын  сұғуға мүмкіндіктері болмай келеді, себебі өзі оперативтік қызметкер - агентурист Хван  жіберген жасырын агенттерін бірден «ашып» маңайлатпай қойған. Тек талантты опер Аман Баязитов қана қарапайым студент Теміров Дастанды осы жолда ойдағыдай пайдалана алған, есебі мен жоспары мейлінше дұрыс болып шықты.

      Бір ретте Хванның кабинетінде кітаптар қарастырып жүріп Дастан Ираның бір мезетке шыққанын пайдаланып, нұсқауға сәйкес, портфелінен кішкене ғана тақтайша шығарып, жалғыз бұтағына басып қалды да, сувенирлер қойылған шкаф артына көрінбестей жерге тыға қойды. Аңғарған боларсыз, бұл  «тақтайша» аталатын радио-қондырма болатын.

     Іс-шараның қортындысы белгілі: қылмысты синдикат мүшелері ұсталып, қамалады, ҮҚК-ның көзге түскен қызметкерлері үкімет марапаттарына ұсынылды.

     Ал төртінші курс студенті Дастан Теміров бұл кезде Көкшетау облыстық санэпидстанцияда санитарлық дәрігер ретінде  мемлекеттік тәжірибеде жүріп жатты.

 

                                                                   ***

 

      Көкшеде туып-өскен адамдардың бәрінде туған қаласына қайтып оралу сезімі күшті дамыған болатын. Міне, биыл мемлекеттік, яғни дәрігерлік тәжірибие өтуге Көкшетаулық студенттердің  бәрі жергілікті санэпидстанция шаңырағы астына жиылды.

      Тамақ тоқ, көңіл көк өмір басталды. Біріншіден, үйдесің, екіншіден, бастықтар тәжірибишілерді ең былық деген қоғамдық тағам мекемелеріне жібереді. Соның арқасында, кеше ғана қарындары қабысып жүрген студенттер, енді күнде-күнде мүлде тегін ішіп-жеу мүмкіндігіне ие болды.

     - Біз санэпидстанцияданбыз! - кезекті ішімдік орнының есігінен кіре бере ішіміздегі сырт көзге ең байсалдымыз  Юрка Полежаев салтанатты түрде хабарлап, мекеменің санитарлық ахуалын тексеруге деп берілген кеңсенің нұсқама  қағазын жайып көрсетеді.

     - О-о, практиканттар?! - одан бетер салтанатты үнмен қарсы алған асхана меңгерушісі бұларды бірден жұмыс кабинетіне, болмаса  бір қоймаға сүйрей жөнеледі. - Әуелі сіздер дем басып, ауқаттанып алыңыздар, оқи-оқи ашыққан боларсыздар, - жарқын жүзді мекеме иесі осындай қамқорлық көрсетеді.

     Ал студентке көп керек пе? Және өзіңді сыйлы адам, билік өкілі ретінде сезіну ғанибет  жай екен.

     Бір сөзбен айтқанда, күндер зымырап өте шықты, мемлекеттік сынаққа дайындық кезеңі таялып қалды.

      Сынақ уақытына айрылмас достар Дастан мен Сағи Қарағандының сәнді ауданынан пәтер жалдап тұрды. Бұған, әрине, қажеттік те себеп болды, бірақ  майор Хванмен болған оқиға да өз әсерін тигізген болуы тиіс. Күнәні жасыратын не бар, Дастанды екі жақты сезім билеп жүр: бір жағынан Кеңес азаматының борышын өтеді, екінші жағынан алғанда, сол кісінің от басы өзін сондай ақкөңілдікпен қарсы алғаны еске түскенде, ылғи Иринаның  сүйсінген бет–әлпеті, көрікті тұлғасы көз алдына келеді де тұрады. Барлық жан қасіреттері мен азаптарынан Дастан бөлмеде жабылып алып, сынақ пәндерін жаттаумен құтылуға тырысты. Достар тіпті асханаға баруды қойды, өздері ас пісіруге көшті. Бұл жағынан Сағидың керемет таланты барлығы ашылды, ол тіпті гастрономның үйрегі мен макоронынан суп пісіре алады екен. Ал Дастан сол гастрономның пельменін пісіріп жеуді үйренді.

-Шынын айтқанда, сен де марапатталуға тұрасың, бірақ обылыстық ҮҚК–тың басқармасы сенің атыңа көп көңіл аудару қауіпті деп тапты... Өмірде әр қилы жайлар бола береді... – жұбату сөздер айтты  оперативті қызметтегі жетістіктері үшін мерзімінен бұрын подполковник шенін алған Баязитов, көп нәрсені ішіне бүгіп.

     Достар марапатсыз да мұңаймай күн кешуде. Сынаққа дайындалу мен кеңестер алу аралықтарында гантельдермен бұлшық еттерін ширатып, боксерлік қолғаптары ұрғыштап алатындары бар.

-Әйдә, мен саған «крюкпен» соққы жасауға үйретейін. Өмірде бәрі іске асады! -досына осындай ұсыныс жасаған Дастан, оның кешікпей-ақ қажет боларынан хабарсыз еді.

      Бұл жөнінде әлем студенттерінің бір-бірінен айырмашылығы жоқ болар: бәрі де міндетті түрде сәтті тапсырылған сынақты «жуады».

      Жұмысқа бөлуші комиссия кімді қай обылысқа, қай қалаға жіберерін білместіктен туған, кешікпей жан-жаққа кетіп айырысамыз–ау деген сезімді оған қоссақ – «жуу» міндетке айналды.

     Осы жолы да бұлар бір топ болып тып-тыныш қана ресторанда отырып, енді жиыла бастағанда, қырсық қылғандай, курстастары Аллаға батыр тұлғалы, салмағы центнерден астам бейтаныс адам жабыса бастады. Арықша келген, ұялшақ Алланы көргенде оның эротикалық  қиялы тым жоғары көтеріліп кеткен болар, ешбір сөзге құлақ аспай қойды.

     - Жігітім, жүр бұрыш артына барайық! - деп ақылға қонарлық соңғы ұсыныс жасады әбден ыза буған Сағи.

     - Әй, мен сені осы арада-ақ умаждап тастаймын ғой. - өзінің жазасыздығына әбден сенімді бұғай, аю табанындай қолдарын созып, Сағидың көзілдірігін алмақ болды. Сағи айналып түсіп, сойдыйып тұрған жақ сүйегінің астын ала  «крюк» соғып қалғанда, дәу әуелі тізесіне отырып, сосын көздерін  ойнастыра шалқасына құлап  тұсті. Дастан, өзі күтпеген жерде, аяғының ұшымен шекесін теуіп қалғанда, ананың көздері шеңберінен шыға жаздап қалды.

     - Милиция!!! Өлтірді!!! - кездейсоқ куәкерлер болып қалған ішіңкі әйелдер айғай салып, ресторанды бастарына көтерді.

Қайтесің, қашу мезгілі  келді, бұл да әскери өнер.

     - Дато  «крюк» үшін үлкен рахмет! – қауіпсіз жерге шыққанда Сағи қолын ұсынып тұрып айтты.

     - Мен саған  «бәрі де әрқашан қажет болуы мүмкін»  демедім бе.

 

                                                                ***

 

     ...Міне енді сынақтар да артта қалды, көкшіл диплом төсбелгімен бірге шамаданда жатыр. Балапан - дәрігерлер Альма-матермен  қоштасуда. Әрқайсының өз жолы бар: Сағи Москваның аспирантурасына жолдама алды. Ал Дастан болса  Көкшетау обылысында жаңа ғана құрылып жатқан Уәлиханов ауданының санитарлық - эпидемиология станциясының бас дәрігерлігіне тағайындалды.

     Қалай және қайдан тапқанын өзіне және бір құдайға белгілі, әйтеуір милиция мектебінің бесінші курс курсанты Татаринцев Владимир Иванович осы аса үлкен қуанышқа байланысты Дастанға қолтырауын терісінен тігілген сары портфель сыйға тартты.

-Мә, ұста, бас дәрігер жолдас, саған қажет болары сөзсіз, - ыңғайсыздана ұсынды сыйын Татарин досы Датоға вокзалда қоштасып тұрып. Владимир, шешесінің ауруына байланысты отпуск алып, Дастаннан бір жыл кейін бітіретін болған-ды.

     Қош бол, Қарағанды! Қош бол студенттік өмір!

 

 

 

                                                              

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       ЕКІНШІ БӨЛІМ

 

 

                                                  НҰРЛЫ ДАЛА

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            1 – Тарау

 

                                                              Саяхат

 

         Қараңғы көкжиектен сығырайып қана шыққан, әлі де салқын күнің алғаш сәулесі терезе қақпағын жасырына қиып өтіп, жатаржай бөлменің қараңғылығын бұзды. Жатаржай деп атау – көтеріп айтқандық, әйтпесе, үйдегі бөлме саны, ас үйді пешімен қосып санағанда, екеу ғана.

Шәмшіқамар жартылай жабық көздерін толық ашып, Дастан жаққа қарады: бала кезіндегідей оң бүйіріне жатып, пышыл соғуда.

«Ұйқта! Алдыңда жаңа өмірің басталатын ұзақ жол тұр». - бақытты ана ұлымен ойша сөйлесіп жатыр.

Енді қалай! Бүгін  ұлым қызмет орнына жүреді және оны аудан басшыларымен таныстыруға облыстық санэпидстанцияның бас дәрәгері Погорелыйдың өзі апармақ. Әй, осындай күрделі сөздерді айтуға тілің шалығады.

 Шәмшіқамар дыбыс шығармай ас үйге, одан әрі сенекке шығып, әбден тоздырған примусты жақты: Дастан кетер алдында бесбармақ асу керек – сонда бала сыйлы да тоқ та болады. Қазақта сондай ырым бар. Қыстан қалған жылқы етін  кешке пісіріп қойып еді, енді қамырын илеп салу ғана қалды.

Бүгін мұның күні. Дастан үмітін ақтап, институтты ойдағыдай тамамдап, жаңа ашылып жатқан ауданға бас дәрігерлікке тағайындалды. Ойлап көр озің: Бас дәрігер! Енді өмір түзеледі: пәтер  алады,  мені сонда көшіреді, үйленеді, немерелер туып-өседі. Аллаға шүкір! Тек ұлымды тіл-көзден сақтайгөр!

Дастан Қарағандыда алты жыл бойы оқығанда қанша қиыншылықтар бастан өткергені, қанша көз жасы төгілгені бір Аллаға мәлім. Колонкадан түнделетіп су тасудан бастап, желдің әрбір сыбыры мен еден астындағы тышқандардың тықылына дейін өткізген қорқынышты түндерді кім санапты. Дастансыз үйде мысық пен иттер де тұрақтамай қойды ғой. Тек әкесі Жұке-Пірадардың аманаты, тек соның «өзіңнің көз жасынды, әлсіздігіңді ешкімге көрсетуші болма» - деп жалбарынғаны ғана күшпен батылдық берді емес пе. Дастан, әрине, қолынан келгенше көмектесіп бақты. Екі жетіде үйге бір келіп кетіп жұрді, сол үшін поезда «қоян» болып жүруге әптен үйренді. Отындық ағаш,көмір дайындау соның мойнында болды. Қысқы аяздарда тас боп қатып қалған көмірді ұнтақтау тек соның қолынан келер іс болды. Міне осылай болашаққа сеніп бәріне төзіп шықты, соның бәрі енді артта.

Ұйқыдан Дастан да оянды, білдірмеуге тырысса да толқынышы байқалып тұр, бір түрлі ширақталған, жинақыланған түрі бар. Ұлым мұлде өсіп қалыпты. Ой, шіркін-ай, сені естен кетпес мәртебелі атаң көре алғанда ғой!

Асығыс-үсігіс кенеулі таңғы асын ішіп, жол бұйымдарын жиып алып, тұған үйдей болып кеткен, ертеректе немерелес ағасы Аушахметов Рамазан сыйлаған үйдің қақпасы алдындағы орындыққа келіп отырысты. 

Іштерінде айтарлары көп болса да, екуі де унсіз отыр. Жоқ, кейде үндемеген артық, ол сезімді жамандылықтан қорғайды.

Бос көшенің тыныштығын жолдын арғы жағына тоқтай қалған ақ «Москвичтің» тежегішінің сықыры бұзды. Орта жаста шамалас, байсалды жүргізуші көлігінен шығып, ізетпен басын иді. Анасы ұлына өмір мұхитында жұзуіне ақ батасын беріп, соңғы рет құшып қоштасты. Дастан заттарын жүксалғышқа салып, аз-кем ойланып барып, алдыңғы орынға отырды.

«Егер Дастан алдыңғы орынға отырса – үлкен бастық болатыны хақ» -  Шәмшіқамар алдында ғана болжам жасап қойған еді. Айтқаны келді. Сол кезде осы кішкене ғана арықша әйелдің қуаныштан жүрегі кеудесінен қарғып шыққандай болса, көздері таңғы күннің шапағымен шағыласа бақыт нұрын шашып тұрды.

 

                                                       ***

 

Погорелый Иван Арсентьевичтің Көкшетау облыстық санэпидстанциясын басқарғанына он бес жылдан асты. Қайынатасы республика қаржы министрлігінің орынбасары болуы арқасында мекемеге ұлгілі ғимарат салдыруға қарқыны жетті, лабораторияларды сол кездегі ең жаңа аспаптармен, басқа да жабдықтармен қамтамасыз етті. Одан тәжірибе алуға кенбайтақ ССРО-ның өзге өңірлерінің дәрігерлері келіп жүреді. Бір сөзбен айтқанда, басына әуре-сарсан жетіп жатыр.

Тап қазір ол бесқабатты үйдің қасында, өзінің қызмет көлігімен Уалиханов ауданың санэпидстанциясына бас дәрігерлікке тағайындалған Теміров Дастанды күтіп тұр, этикет әдеп бойынша, оны аудан басшылығына өзі апарып таныстыруға тиісті.

Погорелыйдың бойы биік, тек әттең  «өсті, өсті, сосын төмен түсті» айтқандай, бүкірлеу. Арық, омсырайған беттеріне әдеттен тыс ұзын мұрын қонжиған, жарқын-жасыл түсті көздері күннің таңертеңгі әлсіз жарығында сұрғылт реңге боялған, үлкен ауыздың жінішке еріндері анда-санда зілді жымыйғанда қыйсаяды. Ол түгелдей ойға батқан күйде, ал  ойлайтын - толғайтын мәселер бір басына жетіп жатыр.

Біріншіден, бұрын-соңды тұп-тура институт есігін енді ғана жапқан студентті, жаңа ашылып жатса да, бүкіл бір ауданның бас дәрігерлігіне тағайындау тәжірибеде болып көрмеген таңқаларлық жай.

Екіншіден, Теміров Дастан деген кім өзі? Қандай қабылеті барын кім біледі? Мінезі қандай? Ал бірдеңе бола қалса, басқа ешкім емес, басыммен жауап берер  мен болам. Қайтемін енді басқа амал жөқ. Облыстың партия комитеті жаңа ауданның  денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жақсы кадрлармен жасақтауды үзілді-кесілді талап етуде, тәжірибелі дәрігерлер болса онда баруға ықыластары жоқ – бас тартады. Проблемалары көп аудан ғой: шөлейт далалы өңір, артта қалған қой совхоздары, аудан орталығының өзінде ешқандай инфрақұрылым жоқ. Әшейн жәй бұрынғы тәртіп жөндеу колониясының орнына әуелі совхоз, сосын аудан орталығын ашқан. Онда әкімшілік ғимараттары да, мамандарға баспана да атымен жоқ. Ашқанда жоғарыдағылар не ойлады екен?

Облыс бас дәрігерінің көңілсіз ойларын автокөліктен түсіп өзімен амандасуға келе жатқан шопыры Дмитрий Сергеевич пен Дастан Теміров бөлді.

  - Иә, қалай, бас дәрігер, қобылжып жұрсіз бе? – Иван Арсентьевич әзіл айта Дастанның қолын қысты.

-  Аздаған олда бар. -  Дастан ширақ жауап қатты.

-  Ештеңе етпейді, құмыраны құдайлар күйдірмейді, бәрімізде кезінде нольден бастағанбыз. Қандай бірінші кезекті мәселелер шешу қажетін, қызметті неден бастауды бара көреміз.

-  Ал санэпидстанцияның өзі қайда орналасқан, немесе орналасады?

-  Әлі білмеймін, сол жерде шешуге тырысармыз.

- Бізді қызметпен таныстыратын біреу бар ма онда?

-  Санфельдшер. Тек, ол басқа поселкада тұрады.

Дастан үнсіз қапаланып, Уалихановқа жеткенші бұл мәселе жайды сұрауды қойды.

Погорелый жас маманның үнсіздігін  риза болмағандық деп түсініп, оны ауыр ойлардан айырғысы келді ме, әлде осындай жолмен өзінің уйымдастырушылық кемістіктерін жуып-шайғысы келді ме, әйтеуір жол бойы санитарлық қызметте тәжірибесінде болған әр қилы жайларды айтумен болды.

Жаңа аудан орталығына кіре берістегі жол шетінде орнатылған бағанада бояумен салынған қой басының суреті ілініп, астында «Авангард қой совхозы»  жазуы бар. Ал төменгі жағына жергілікті әзілқойлардың бірі «Қазбаев» деген сөз қосып қойыпты.

- Бұл Қазбаев кім екен, - сұрады Дастан белгісіз автордың оспағын бағалап.

- Жалпы, аудан ауыл шаруашылығы бастығының фамилиясы осындай, бұған дейін ол «Авангардтың» директоры болған. - Погорелый бұл анықтаманы мысқылдап, күлімсірей берді.

          Поселкенің шет жағында аудандық орта мектеп – интернаттың ғимараты орналасқан, соның бірі мектеп боп қалып, екіншісінде, ауданпарткомнан бастап, оқу бөлімімен аяқталған, бүкіл аудан үйымдары жайғасқан.

          Жолығысу, әлбетте, бірінші хатшының қабылдау бөлмесінен басталады ғой. Иван Арсентьевич қатты толқынып, төс қалтасынан тарағын суырып алып, ұзын сары шаштарын артқа қайыра тарағыштай берді. Бірінші хатшының хатшысы - орта жастар шамалас толық денелі, ашық түске  боянған әйел, одан мән-жайды сұрап білгенен кейін, жамбастарын шайқалта сырлы есікке кірді.

           Кешікпей әйел сырлы жүзбен және әлденеге күлімсірей орнына келіп,  кірулерін сұрады.

- Он бес минутыңыз бар, -  ескертіп қойды.

- Саламатсыз ба, Погорелый... - табалдырықтан аттай бере кабинет иесімен амандасып, Иван Арсентьевич қос қолын жая, үстөлға қарай қадам басты.

- Әміров, - үстөл артынан елулер шамасындағы, орта бойлы, дене құрылымы мығым, қарны аздап салпылана бастаған, ақ шашты, жалпақ жұзді  ер адам шығып, - Айтым Уалиевич, - жалғастырды кабинет иесі, сол кезде Дастанға сынай қарап қалып.

          - Айтым Уалиевич! Сізді Уалиханов ауданы санэпидстанциясының бас  дәрігері қызметіне жаңа ғана тағайындалған Дастан Теміровпен таныстырып қоюға рұхсат етіңіз...

          - Қуаныштымын! Аса қуаныштымын, бізге жас, мықты мамандар өте қажет. Институт  бітірген бойым дейсіз бе? - Бірінші хатшы кешегі студенттің қолын қыса сұрады, - ештеңе етпейді, біздің аудан да жаңа қурылу үстінде, сондықтан бәріміз бірге, ауданмен бірге үйренеміз, өсеміз. Неге тұрып қалдық, отырыңыздар, жолдастар.

          Аудан иесі ретіндегі өзінің міндеті деп есептеген болар, Әміров санитарлық дәрігерлерге ауданның құрылу тарихын, көлемін, халқының санын, т. б. деректерді ерінбестен ұзақ әңгімелеп берді. Дастанның сол отырыста есінде қалған  жалғыз дерек: Уалиханов ауданында он бес мың адам тұрып, жүзелу мың бас қой өсетіні болды.

          «Партия алдымызға қой басын үш миллионға жеткізу міндетін қойып отыр, бірақ жұмысшы қолы, шабандар жетіспей жатыр; жастар, Теміровтай емес, селоға келгісі келмейді,  еркін қонысқа шыққан зэктер еңбегін пайдалануға тура  келіп тұр. Олардың құрамы өте күрделі: негізінен, жасаған қылмыстары үшін жоғары шараларға жазаланып, соңынан рахымшылық алғандар. Бұлар сияқтыларды әдетте Гурьев обылысының бір жерінде қатаң тәртіпті колонияда он екі - он үш жыл жазасын өтегесін, еркін қонысқа бізге айдап әкеледі; ішінде қарақшылар да, зорлаушылар да бар, адам жеушілер де табылады».

          Жалпы, ауданның бірінші хатшысы  мамандарды жарқын жүзді, сүйкімді, әзілшіл адам болып қабыл алды, тіпті, тақырыпқа сай анекдот та айтып берді:

          Сұрақ: Уалиханов ауданында кімдер тұрып жатыр?

          Жауап: Арнаулы тұрғындар, айдалған коммунистер және жас мамандар.

           Бұдан әрі қызмет деңгейіне сәйкес басқыштармен төмен түсіп, ауданатком басқармасы  Леонид Васильевич Коханныйдың алдына келіп, әңгіме арасында санэпидстанцияның бас дәрігерінің  аты-жөні белгілі болған бойда, оның аудандық советтің депутаттығына, номенкулатураға сәйкес, сайланғанын паш етті.

          Аудан ұйымдарының өзге басшыларын жас маман сол  күйі есіне сақтай алмай-ақ қойды. «Ештеңе етпес, дүрістап танысуға мүмкіндік әлі болады» - өз-өзін тыныштандырды райСЭС-тың бас және жалғыз дәрігері.

          Ал түскі асқа Дастан Теміров Погорелыйды апасы Сараның үйіне қонаққа шақырды, онда бастықты ерекше «сыйлық» күтіп тұрған болатын.

    Таңертеңнен  бері Сараның көңілі көтеріңкі, жұмыстан сұранып келіп, ас үйде ынталана әуреленіп жүр. Онсыз бола ма? Жалғыз інісі келе жатыр, және жәй қонақтауға емес, аудан санэпидстанциясының бас дәрігері ретінде келе жатыр, айналайын! Оны облыс санэпидстансиясының бас дәрігері Погорелыйдың өзі қасына ертіп келе жатырған көрінеді.

          Ауданға келген күні Дастан жолсеріктерімен бірге келіп ас ішетіні жайлы күнібұрын  телефонмен келісіліп қойылған.

          Иә, енді бұл отбасымен және Дастан бір жерде тұрмыс құрып, еңбек ететін болады: жұбайы Рахматуллин  Қали қызметі көтеріліп, жаңа ауданға ауком партияның екінші хатшылығына жіберілген. Міне қандай жәй, Аллаға шүкір!

          Сара бесбармақтың қамырын жайып жатқанда, өткен шақтар өмірінің кейбір көрністері көз алдынан көлбеңдеп өтті.

          Әкелері әлі үйде кез, Дастан алты айлығында өкпе қабыну ауруына шалдығып, бәрінің көз алдында өлім халіне жетті. Оның ауыр демалысын есту, көгере бастаған жүзіне қарау мүмкін болмай қалды. Тіпті, көрші әйелдердің бірі бетіне ақ орамал жауып та қойды. Үйдің ауласында, көшеде, туысқандар жинала бастады. Сол сәтте үй қасынан Ромен атты айдауда жүрген дәріханашы өтіп бара  жатады. Жиын себебін сұрап біліп алып, ол өз еркімен Дастан  жатқан бөлмеге кіріп барып, бетіндегі орамалды жұлып тастап, дұрыстап қарай алғасын, анасын шетке шығарып, әрбір сағат сайын науқастың аузына бір ас қасық  «Кагор» шарапын құйып тұруға кеңес берді. Көмегі тиді - Дастан жазылды. Аллам, сол Роменнің балалары мен немерелеріне жақсылық жасай гөр!

           Бір жолы ақпанның боранды түндерінің бірінде, үшінші сыныпта оқып жүрген Дастан тағы да өкпесі қабынып ұшып тұсті. Ол кезде Айыртауға жедел жәрдем қайдан келіпті?  Телефон байланысы да жоқ! Таң қылаңдап ата бере мамамыз жұмысқа кетті - тек бармай көрсін! Апалары Роза мен Клара, одеялға оралған, жоғары  қызудан сандырақтап жатқан інісін, қол шанаға салып алып, селоның қарсы жағында орналасқан аудандық емханаға сүйреп ала жөнеледі. Шананы желге қарсы сүйреуге тура келеді, қыста далада қалып көрген адам, мұның не екенін түсінеді. Кенеттен алдарынан ат жеккен жайдақ шана боран пердесін бұзып шыға келді, ал шана үстінде әкелерінің бейнесі тұр. Әке! Ол кезде оның көп балалы  отбасын тастап кеткен, моральмен сиыспайтын қылығы үшін органнан қуылып, әлеуметтік қауіпсіздендіру саласында жұмыс істейтін кезеңі. Қыздар қуанып кетті, бірақ түрлерін бермей, әрі қарай не боларын күтіп тұр.

          Әкелері атын тоқтатып, шанадан түсті де, бірдеңе деп сандырақтап жатқан Дастанның қасына келіп тесіле қарап, басын шайқай:  «Мына өлімтік не өлмеді, не қоймады ғой!»  деді де, шанасына қайта мініп тайып тұрыпты.

Қаншама жылдар өтті, бәрібір осы бір жайт еске түскенде жүрегің сырқырап кете береді. О, жасаған!

          «Ей, Әке! Әкеміз, саған не болды?! Сенің екінші әйелің Зухра қандай дуалы ішімдікпен сені сиқырлады? Сен  осыншама жүрексіз - ессіз жан емес едің ғой. Дастан туғанда сенің қалай қуанғаның, қандай бақытты болғаның - әлі күнге есімде. Ішіп алып, ақпанның аязды аспанына топаншанмен салют бергеніңде, мен оғын байқамай айға, немесе басқа бір жұлдызға тиеме деп қорқып, көзімді тас жұмып тұрдым...

          Міне Дастан өсті: онды бітіріп , он біріншіге көшті. Жасына қарамай мығым, сом денелі, жаз бойы ауылдардан отын тасуға, темір жолға келген автокөліктерді тиеумен айналысады. Бір жолы жазда бүкіл апалары шешесінің үйінде бас қосты, және бәрі де ақшасыз келіпті. Күйеуім Қали туберкулезден емделуге Евпаторий шипажайына кеткен. Көкшетау пединститутында сырттан оқитын Роза жазғы сессияға келген. Ал Клара-төртінші курс студенті, демалыста. Бәріміз Дастан тапқан тиын-тебенмен күн көрдік. Ал ол әр кеште үйге аштан –аш, титықтап шаршаған, көмір шаңынан қап–қара болған күйінде, үйге кіре сала, қалтасынан умаждалған сомдарды шығарып, демалыста жүрген мамасының қолына қыстыратын. Сосын барып, аулада примусқа жылытылып, легенге құйылған жылы сумен, үсті–басындағы  көмір шаңдарын шайып кетіріп, ішіне кеткенін қақырып тастайтын.

          И-ә, біздің өмірімізде не болмады! Соған  қарамай, әуелі Алланың қолдауымен, сосын шешеміздің күшімен төртеуміз де аяғымызға нық басып тұрдық. Әркімнің өз от басы, бала – шағалары бар, енді тек Дастанды үйлендіру қалды. Басын байлаймыз! Ауданда қалыңдық көп, және бәрі жас мамандар. Иә, айтқандайын, осы санэпидстанцияның өзінде, медучилище бітірген жап-жас қыздар жұмыс істейтін болады.

 

                                                             ***

 

          Есік қағылды, келісіп алғандай, күйеуі мен қонақтары бірге кіріп келді...

    Үй иесі қатал мінезді, ұстанымды адам ретінде аты әйгілі аукомның екінші хатшысы Рахматуллин екенін білгендегі Иван Арсентьевичтың түрін көрсеңіз ғой. Погорелый көз алдында бойы аласарып, ара-тұра кекештеніп, ұзын мұрнын  қайта-қайта сүрте берді.

Қали жездесі, әрине, әсерлі тұлға: бойы екі метірге жуық, артқа қайырылған ұзын қара шаштары философтың биік маңдайын ашық көрсетеді, үлкен қой көздері, имек мұрын, шомбал иегі, қысыңқы еріндері, мінезінің қаталдығын, қиқарлығын, әкімшілдігін көрсетіп тұр. Қалекен қазір баяғыда Дато бірінші кездесуде «Америка жансызы» ретінде әшкерлеген бұйығы мінезді бухгалтер емес, әрине.

Бұл да сол  Айыртауда болған іс. Бесінші сынап оқушылары Дато Теміров пен Вовка Татаринцев аса құпия жағдайда сутегі бомбасын жасап шығарды. Қарапайым идея: мектепте химия сабағында көрсеткендей, күкірт қышқылы құйылған пробиркаға цинк түйірін салса, сутегі бөліне бастайды. Мұғалима шөлмекке жағылған шырты жақындатса, күшті болмаса да, қорқытарлық жарылыс болады. Ал егер пробирка орнына жергілікті май зауытынан  «конфескіленген» аллюминь бидон және оған түйір орнына, туған мектептен «қарызға»  алынған цинктың бір қапшығын сала қойса, не болады, ә? Тек сол бидонға от қалай жеткізуге болады? Бұл қиындық та, ағасы бір кеніште қопарушы болып істейтін, үйінде бикфорд   шнур сақтайтын, Осипов Валера арқылы оп-оңай шешілді.

Іс басталды. Бақшадағы қар омбысында окоп, қатынас жолдары қазылғасын, полигондық сынақ басталды. Тек сутегі жиналуы ең жоғары деңгейге жеткен  сәтте, бидонға отты уақытылы жеткізетін  бикфорд шнурдың ұзындығын есептеп шығару ғана қалды. Сұмдық қорқынышты, әрі сұмдық қызық сынақ болғалы тұр.

Кеш қарайғанда, сіріңке бітіп, Дастан жаңа қорабын алу үшін жүгіріп үйге келді. Кенеттен оның назары қонышы  қайырылған тым үлкен байпаққа ауды.

Бір жайсыздық  барын сезінген жасөспірім  ойлап шығарушы  қайырымға қолын ләзде сұғып жіберді. Болашақ чекист цифрлар жазылған, түтікшелеп оралған дәптер бетін алып шықты. «Тап солай! Шифровка! Үйде америка тыңшысы отыр!  Жексұрындар, біздің тәжірибеміз жайлы біліп те  үлгеріпті!» - Дастан парақты тізесі қатқан мақта шалбарының артқы қалтасына тықты, енді тек жаудың бетіне қарау қалды. Жүрегі алып ұшып, залым тыңшының қолынан өлім қабылдауға әзір күйде, ас үйге кірді. Түк етпейді! Павлик  Морозов туған ағайы –топ жауынан қаза тапқанда, менен де жас болатын.

 Стол басында Сара мен алып денелі, ақшаң жүзді жас жігіт шәй ішіп отырғандарын көрді.

- Ал мынау менің інішегім, Дато! - аудан орталығынан шалғай жатқан совхоздың ауруханасында істеп жүрген Сара орнынан атып тұрды. – Дато,   танысып қой, біздің совхоз бөлімшесінің есепшісі Қали. Сенің болашақ жездең.

 Өмірде не болмайды, әрине, бірақ жан түкпірінде осы бір зор денелі адамға деген сенімсіздік ұзақ жылдар бойы сақталып қалды.

Ал қазір, ол мамасы мен апаларынан кейінгі бұл дүниедегі ең жақын жан.

Погорелыйдың Қалидың алдында сөлпиіп қалғаны қызық. Облыста істейді, одан жоғары тұр ғой. Әзірше советтік-партиялық жүйе мен салалық орындар арасындағы күрделі қарым – қатынастан хабары жоқ, күні кешегі студент мұны түсіне алмай  қойды. Ыңғайсыз жағдайды түзеу үшін Дастан әңгіменің тақырыбын апасына бұрды.

-Иван Арсентьевич, менің апам қандай адам екенін білесіз бе? Біз Айыртауда тұрғанда, Сара Көкшетаудың  медучилищесінде оқып жүрді. Мен болсам екінші сыныпта оқимын, шаңғылы болуды қатты армандадым. Бірақ Айыртауға ондай пәле  қайдан келіпті? Бір күні кешке қарай, бір түрлі түсініксіз, алтыншы сезім мені жып – жылы үйден боранды далаға итергендей қуып шығарды. Қарасам, боран түтігі арасынан қолына шаңғы ұстаған адам келе жатыр екен. Мен аяғым жерге тимей жүгіре жөнелдім, бораннан беті көрінбесе де, түйсігім бұл қаладан шаңғы әкеле жатқан Сара апам екенін маған білдірді. Бақсақ, ол сол шаңғыны алып маған сыйлау үшін бірнеше рет қан тапсырып, ақша тауыпты. Көз алдыңызға келе ме?

Осы жерде әңгімеге өзінің балалық, студенттік ауыр шақтары жайлы айтуға мүмкіндік берсең, ішкен асын жерге қойып сағаттап айтуға жалықпайтын  Сара араласты. Кешікпей стол басында қысылыстық жойылып, Погорелый терлеуін қойды.

 

                                                                    ***

 

Түстен кейін жоспар және  алдын ала телефонмен келісім бойынша,  ауданның бас дәрігері Садуакасов Бекпен кездесу өтті. Бүкіл аудандық емхана және поликлиника колония әкімшілігінен қалған бір қабатты барак тектес үйде орналасыпты. Тығыздығы құмырсқаның илеуін еске салады, әйтседе Бек Садуақасұлы өзіне және бас есепшісінен  құрттай болса да, кабинет бөліп алып, екі стол мен оншақты орындық қойыпты.

Погорелыйдың бейнелі тұлғасын көрген Садуақасов атып тұрып, жасына сай келмес жапшандықпен облыстық басшымен және жаңа маманмен амандасуға  есікке жетіп келді. Ол тапал бойлы, көріксіз, ойлы көзді  адам екен. Жалпы, оның қарқынды қуатты, екпінді қызметкер екені түрінен көрініп тұр.

-Бек Садуакасович, әріптесіңіз аудан санэпидстанциясының бас дәрігері мен таныстыруға рұқсат етіңіз.

   Иван Арсеньтевич облыс деңгейдегі дипломат екенін одан ары көрсетіп берді.

 - Ә-ә, Теміров Дастан... Естідік... біздің Қали Рахматуловичтың балдызы...-      шыдамсыз Садуақасов «дипломаттың» сөзін бөлді.

  - Өте жақсы, сырттай таныс болсаңыз, онда... - Погорелый әңгіме тізгінін өз қолына алуға тырысты.

  - Мұнда жаңалық найзағай жылдамдығымен тарайды, - Садуакасов тағы бөліп кетті. Танысқаныма қуаныштымын, Дастан! Қызметке тағайындалуыңмен құттықтаймын! Келуіңмен! Сенің жасыңда әркімге тие бермейтін құрмет, жұмыс істесіп кетеміз деп үміттенемін.

  - Рахмет! Менде үміттімін.

  - Бек Садуакасович! Жолдас бас дәрігерге алғашқы кезде, орнығып алғанша, бір жерден кабинет, үй –жәй қалай тауып бересіз?

  - Менімен осы кабинетте бірге отыра тұрады, басқаша мүмкіндік мүлде жоқ. Жан-жағына қарайлай, үйренісе келе өзі бірдеңе табады. Қалекең көмектесер.  Мен солай ойлаймын.

  - Облздравпен келісілді, обком бекітті, екінші санитарлық дәрігер келгенше Теміровке екі жалақы төленетін болады. – қарсылыққа еш бір мұрша бермей  Иван Арсентьевич салқын  дауыспен қысқа қайырды.

   - Мен білемін. Бүгінен бастап табельде екі қызымет орны бойынша тіркелді.

   - Жақсы.  Рахмет сізге.

   - Мұнда келуге  ризашылық берген Дастанға рахмет.  Ақша деген немене,  тәйірі. Бастысы ақша емес . Мұнда біз зектерден  ауыр тұрмыс жағдайында тұрып жатырмыз.

   Көкшетау обылысы,  Уалиханов ауданының санитарлық бас дәрігері,  комсомол мүшесі , жиырма төрт жасар Теміров Дастан  Темірұлының алғашқы жұмыс күні осылай басталды...

 

 

 

 

 

 

                                                           2- тарау

 

                                                       Мөр қалтада.

 

         Аудан орталығының сол кездегі  «көркін» сымбаттауға арнайы тарау бөлуге де болар еді.  Бұған дейін, айтылғандай, бұрын бұл селода Қылмыс заңдары жинағының аса қатал баптары бойынша сотталып, оншақты жыл отырып, еркін қонысқа шыққандар орналасқан колония болған.  Айтуларынша, сол кезде қу даланың ортасындағы көгал болса керек. Зэктер екі қабатты аббатылынған  жиырма алты үйде тұрып күн көрсе, әкімшілік үшін тұтас бір коттеджді  ақшам тұрғызылған. Үйлер аралықтарын асфальт төселген жолдар, тротуарлар қосады. Адам айтқысыз тазалық орнапты, себебі әр зэкке тазалығы және онда отырғызылған ағаштар үшін жеке басымен жауап беретін участке бөлініп берілген көрінеді.

        Содан міне, колония негізінде әуелі қой өсіру совхозын, кейінірек аудан орталығы құрылыпты. Совхоз типтік орта мектеп үйін салып үлгеріпті, ол болмаса аудан ұйымдары қайда бас сұғар еді? Колония тұрғындары мен әкімшілігі үшін бір жаз ішінде барактар тұрғызып, ал олардың үйлері мен  коттедждерінде аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшылары орын тепті. Сол үйлердің бірінен санэпидстанция бастығына да үш бөлмелі пәтер тиді.

          Шындап келгенде, атылымшы уақытта, поселкеде орталықтандырған су жүйесі, канализация деген сияқы игіліктерден тек орталықтан жылу беру ғана қалыпты.  Асфальтталған жолдар мен тратуарларды көн мен ылай басқан, ағаштар  семіп  қалған. Жоба бойынша поселке орталығында салтанатты жиындарға, зэктер түгендеу тәрізді шараларға орын алған алаң қарастырылған. Осы жерге бүкіл аудан орталығы тұрғындарының табиғи қажетін өтеуге арналған, кірісі екі жақтан, дөңгелек пішінді, жалпыға белгілі  «М»,  «Ж» белгілері қойылған әжетхана салыныпты. Жергілікті әзілқойлар оған «Қрасная юрта» деп ат қойып үлгеріпті. Қысқасы, Уалиханов селосының тұрғындары үшін тазалық мәселесі ең жанға батар  мәселе екен.

          Дастан келгенше санитарлық дәрігер міндетін көрші совхоз ауруханасының фельдшері орындап келіпті. Сол кісіден ол мөр мен ГАЗ-69 автокөлігін қабылдап алды. Мемлекет мекемесінің басқа ерекше белгілері атымен жоқ. Теміров келгеннен кейінгі күндер ішінде көмекке Көкшетау медучилищесін бітірген медбикелер келе бастады. Он жеті, он сегіз жасты қыздар арасында, ол өзін кәрі сезінетін халге жетті. Және де олар аудандағы ең басты деп санаған мекеменің жұмыс орны жоқтығын мүлде түсіне алмай қойды. Бұл қалай?  Олар күн сайын қажетті қызмет орнымен қамтамасыз етуді талап етіп,  бас дәрігердің басын шар тастай  қатырып бітті.

            Осы тәріздес толып жатқан кемшіліктер әсерінен арып-талған Дастан, өз мекемесі  орын теберлік қандай да бір баспана іздеп поселкені, өндіріс орындарын аралап шарқ ұрды.

             Аудан басшыларына бару, бос әлек, себебі, Коханный бірінші сұрауына: «Бос орын тауып маған көрсет, мен соны саған алып берем» -  кекетіп бірақ қайырған болатын.

            Бірде, мектепте оқу басталар алдында байқау өткізіп жүріп, Дастан  спортзалдағы душ алдында шешіну бөлмесі атам заманнан бері қираған  жиһазға лық толтырылғанына көңіл аударды.

            Эврика!  Осы жерде бүкіл аудандық санэпидстанция сиып орналасты.  Г-әріпіне ұқсас енсіз бөлмешікке бас дәрігердің столы, сейф, көмекші қыздарға үш стол қойып, ал бұрынғы душ бөлмесіне құжаттар қоятын сөрелер жасалды, және, ең бастысы, телефон орнатылды.

            Бітті! Санитарлық-эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша кез келген мекемені жауып тастауға ерікті айбарлы ұйым іске кірісті. Бас дәрігер бес көмекші қыздарын ГАЗ-69 көлігіне отырғызып алып, сауда, тағам, білім беру, медицина салалары орындарының санитарлық жағдайларын тексеріп, қажет болғанда, айыппұл төлетіп, жұқпалы аурулар ошақтарында індетке қарсы шаралар ұйымдастырып, аудан аралап шапқылаумен болды.

Әр еңбек игілікке әкелмей қоймайды. Көп ұзамай аудандағы ең жас ұйым, тұрғындар арасында, басшылар алдында беделге ие болды.

 

                                                           ***

 

  Аудан атқару комитетінің кезекті мәжілісі жаңа салынған залында салтанатты түрде ашылды. Совет Одағының, Қазақстанның ән ұраны ойналды. Сосын қызмет баспалдағын қатаң сақтап, ауком партияның бірінші хатшысы, ауатком басқармасы, басқа да мекемелер  басшылары сөз сөйледі.

 Мінбеге шыққандардың бәрі жетістіктерді баяндап, одан әрі әлі орын алып келе жатқан кемшіліктерді атап өтіп, сөз соңын соларды жою үшін бар күш-жігерлерін салып еңбек етіп, туған Уалиханов ауданының көркеюіне үлес қосарларын айтып депутаттарды сенім көрсетуге шақыра аяқтайды.

Сөз сөйлеу кезегі аудан СЭС-нің бас дәрігері Теміровке де жетті. Бұл мінбеге жеткізер жол ауыр да, азапты да болды. Тек бір жылдан кейін ғана ол өз мекемесіне бөлек ғимарат алуға қол жеткізді. Соның өзі де тек түсінімпаз Аміровпен болған жеке кездесулерде аудан үшін күшті санэпидстанция ауадай қажет екенін айтуы арқасында іске асырылды. Жас басшыны таңдандырған жай: тура бастығы Погорелыйдың сол кеткеннен қайтып мұнда аяқ баспағаны болды. Бір ретте, Дастан арыздарымен мазалай бергесін, ол: «сенің мөрің қалтаңа сиып жүр ме, енді саған не керек?» - дегендей ауыр сөз батырды. Содан бері Дастан бірдеңе сұрап тікелей басшылардың мазасын алуды қойды.

 Ал енді жаңа үйге кіріп алғаннан кейін,  нольден бастап бактериологиялық зертхана жасауға тура келді. Әрібір сауытты, түтікті, толып жатқан термостаттар мен автоклавтарды өз басы сатып алып, сенімді серігі жүргізуші зэк  Дзортов Мұса екеуі тасыды. Олардың осылай қанша шақырым жол жүргендері бір құдайға белгілі. Мұса аңыз болар адам еді, он жеті жасар бала жігіт кезінде Костанай қаласында қарулы қарақшы топ құрып қарақшылықпен айналасқан, сол үшін жиырма бес жылға  сотталған. Оның еске аларлық  жайлары жеткілікті болса керек: бірде тіпті облыстық ауатком басқармасын қарумен шошытып, тізелетіп отырғызып тонап кетіпті. Әңгімені де шебер айта білетін. Облыс орталығынан ылғи тым кеш оралатындықтан түні бойы әңгіме шертісетін. Осылайша күндер, айлар зымырап өте берді.

Сол уақыттар  аралығында қандай жайттар болмады дейсіз. Халық айтқандайын  «бір жағынан күлкі, бір жағынан  түрпі». Біздің әңгімемізде айтылғандайын, сіздер бүкіл  поселканын тұрғындары бір ғана «Қрасная юрта» әжетханасына жүгіргендерін білесіздер. Бірақ, түн ортасында оған  жетпей-ақ кісілер, әрине, есік алдына шыға беріп, жан-жағына жалтақтап қарап алып, табиғи қажеттіктерін тура есік алдында орындай салуға үйреніп алған. Қыста, күн ерте батар шақта, поселкенің аулалары қандай күйге түсетіні көп айтып жатпай –ақ түсінікті болар.

Осы жайт әбден тығырына жеткен жолдас Әміров Дастанды әдейі кабинетіне шақырып алып, «сенің қолыңда айыппұл салу құқығың, мұндай іске ең жарамды ұжымың бар ғой, бірдеңе істеңдерші» - басын иіп өтінді.

Санэпидемстанциясы, айтты-бітті, іске кірісіп кетті. Ұжым түгел қалпында бір аулаға барып автокөлікте жасырынып отырады. Міне, шайға шылқия қанған біреудің сүйікті әйелі есік алдына шыға сала, етегін көтеріп тастап, тізесіне отыра кетті. Сол кезде, қайдан тап болғаны беймәлім, қараңғыдан санитарлық қызмет қыздарының сымбатты бейнелері шыға келіп, санитарлық ережелерді бұзушыны қолынан жетелеп, жарық мол түскен жерге апарып, хаттама жазып, айыппұл төлеміне қаулы жазып, қол қойдырады.

Егер, санитарлық жазалалау шарасының құрбаны қарсылыққа барып ашу көрсете бастаса, сол әйелге бас дәрігер жақындап келуі мұң екен, сорлы ұяттан жерге кіргендей болып, алдына қойған кез-келген  қағазды, тіпті өлім жасасы болса да, қол қоюға әзір күйге түседі.

Бірде облыстан келген мамандары санитарлық хаттамада жазылған: «... бәленше  азамат бұрыш артында дәретке отырды»  дегенді оқып күлкіден  сілелері қатты.

Біреулерге, мүмкін, күлкі болар, бірақ осы шаралар нәтижесін берді: санинспекторлардың «ұшқыш отряды» туралы хабар тез тарап поселкеның әр тұрғынының құлағына жетті, көрсетілген жөнсіздік тоқтатылды. Есесіне аудандық тұтыныс кооперациясы түнгі құмыралар сату арқылы көрсеткіштерін көтерді.

Сол жылғы қыста бұрын–соңды болмаған боран соғып, жол біткеннің бәрі  адам бойынан асатын омбы қармен жабылды. Аудан мен облыс орталықтары арасындағы жол ғана тазартылатын болды. Ең қиыр шетте жатқан «Чапаев» совхозынан облыстық  партия комитетіне «бес жетіден бері қар тұтқынындамыз және ешбір медициналық көмек көрмей жатырмыз» - рациямен арыз түсіпті.

Бұл жолы енді жолдас Коханный бас санитарлық дәрігерді өзіне шақырып алып, санэпидстанция нағыз алдыңғы шеп жауынгерлері екенін, және ең жаңа мүдірмей жүретін ГАЗ-69 көлігі барлығы тіліне тиек етіп Дастанды, халықтың көңілін көншіту үшін  сол совхоздың барлық бөлімшелерін аралап өтуге, көндірді.

 - Сен, сенің қыздарың трактористке қарағанда медицинадан хабарларың мол емес пе? Олай болса, ауруларды қабылдап,  Садуақасовтан алған дәрілерді таратып беріңдер. Қазір мен оған телефон соғам... - міне жергілікті үкімет органы басшысының өтініші, дәлірек және қысқарта айтқанда, бұйрығы  осындай болды.

Бұйрықты орындауға, тек он жеті жасар хатшы қыз Динаны телефон қасына қалдырып, түтеп тұрған боранда бүкіл мекеме болып, «Чапай» қайдасың? – деп, жүріп кеттік.

Даланың қысқы бораны дегеннің не екенін, өмірі дала көрмеген адам түсіне алмайды. Жоғарылау жерде жүріп келе жатқаныңда, жаяу борасын  доңғалақтар астымен төселе, артынан еруге шақырғандай, сана-сезіміңді уатып жылжып жатады. Ал енді еңістікке түсе бергенде қарлы боран бар күшімен бетке соғып, көзге жабысады, киім тесіктерінен өтіп сүйекке дейін жетеді.

Ал көлігің төбесіне дейін қарға көміле  қалғанда, есігін әрең ашып, бүкіл команда болып сыртқа шығып, қолға көтеріп алғандай болып мықшыңдап итеріске саласың. Сосын үсік шалған саусақтарды спиртке шайып қалпына келтіресің. Міне, жастықтың алаңғасарлығы, ержүректігі деген осындай болады екен! Қайдасыңдар қазір менің ержүрек қыздарым: Мира, Халима, Люба? Тірімісің әлі босанғасын Кавказдағы еліне қайтқан тұңғыш жүргізушім Мұса Дзортов?

Ондаған, кейде жүздеген шақырым жолдары осылай бұзып өтіп келесі бір ауылға келгенде, тұрғындары бізді орбитадан жаңа түскен ғарышкерлерді секілді қарсы алатын болды. Қуаныштары мен жанашуларында шек болмайтын. Сол арада шәй  ішіліп, бесбармақ жеумен аяқталатын. Сосын, ең кең үйлердің бірінде, көбіне бастығының кеңсесінде, науқастар қабылдау басталады. Бүкіл ауылдың жасы-кәрісі кезекке тұрып, әркім өзінің сырқаттарын баяндайды. Тіпті кейбір шал-кемпірлер үй малдарын емдеуге кеңес сұрайды. Ешбір пенде өзін қинайтын сұрақтарына жауап алмай кеткен емес. Басты маман рөлін, әрине, Дастан орындайды. Қыздар фонендоскоппен қаруланып, емделушінің дем алысын тыңдап, кеуделеріне, іштеріне перкуссия жасаумен шұғылданады. Соның бәрін бір кездері училищеде клиникалық пәндерде үйренгендерін пайдалана отырып істеуге тырысады.  Онысы жетімсіз болған жайда бастықтарының кеңсесіне жүгінетін болды. Түні бойы осылай емшілік жасап, біраз уақыт көз ілдіріп алып, жолға қайта шығады.

И- ә, и- ә, осының бәрі болды, көптеген сынақ өтілді...

Міне сол Дастан қазір мінбеде тұр. Бірінші раундтың уақыты бітті, күреске әзірлік қалпында асықпай залда отырғандарға көз жүгіртіп алды. Бәрі таныс жүздер, әрқайсысымен жұмыс бабымен талай рет кезігіскен. Біреулері санэпид бақылаудың талаптарын адал ниетпен орындауға тырысса, кейбірінің оған түкіргені бар.

-Жолдастар!  Маған берілген уақыттың шектеулі болуына байланысты ешбір алғыссөзсіз, біздің елді мекендердің санитарлық жағдайын қысқаша суреттеп өтейін...

Уалиханов ауданының санитарлық жағдайын баяндап оқырманның зейінін талдырмай-ақ қояйық, жәй  тек Теміров сөз үстінде залға көз жүгіртіп өткен сайын, кейбір  совхоз директорлары бас дәрігердің көзіне шалынып,  тіліне тиек  болмайын деп бастарын бұғып отыруға мәжбүр болды.

 - Міне енді аудандың Совет сессиясында әжетханалар  туралы әңгіме қозғайтын болдық! - Коханный сөзін залана бұзды.

 - Біз бәріміз боққа белден батып отырғанда енді қай жерде айтады! Айтсын! -  оны Айтым Уалиевич қағып тастады.

Бұл аудан санитарлық бас дәрігердің өміріндегі тұңғыш зор жеңісі болды.

 

                                                               3 – Тарау

 

                                                          Ғашықтар терегі

 

Уалиханов селосынан шығысқа, облыс орталығына қарай, яғни, өркениетті бетке алып, садақ жебесіндей түп-түзу, қазір асфальт жабылған жалғыз жол тартылған. Бұрын бұл аяқ алдырмас батпақтың үстіне биік қылып топырақ үйіп, үсті тас қиыршақтарымен  жабылған жол еді. Қалай десен де, аудан дамып, өмір алға басып барады.

  Тан әлі ата қойған жоқ, түн күн көзінің алғаш нұрымен еріп кетер алдында қарадан сұп-сұр түрге түсіп ауыстырған. Аудан орталығынан маңдай шынысына қызыл крест бейнесі салынған ГАЗ-69 автокөлік аталған жолға тусіп зымырап келеді. Жүргізуші орнында бас дәрігердің өзі, қасында кермаралдай нәзік те биязы, кен мандайлы, қой көздерінен арай шашылған қыз отыр. Теміровтар отбасы Көкшетауға облыстық кенеске бара жатыр.

Иә, өткен іс. Мына шексіз даланың жаңбырлы күзінде ол өзінің жарын кезіктірді. Аты   Сәуле. Ол да Қарағанды мединститутын тамамдап, бағыттама бойынша Уалиханов аудандық емханаға бас бала дәрігерлігіне тағайындалып келген. Тағдырдың бұйырымы солай болса керек.

Міне, алыстан, астында тұрып болашақ әйеліне сүйетіндігін паш етіп, қолы мен жүрегін бірге ұсынған жалғыз жұмбақ теректің аумақты ұшар басы көрінді. Бұл жақта осындай жаңа дәстүр пайда болды, өйткені бүкіл ауданда осы терек пен «Красная юртадан» басқа көзге көрінерлік ештене  жөқ болғасын, манынан өткендердің бәрі тоқтап, көлігінен шығып, «қасиетті ағаш»  аталып кеткен терекпен сәлемдесу салтқа айналған. Болжамдар көп, бірақ мына тұзды қу далаға мұны кім және қашан еккенің, қалай ғана осындай зор ағаш болып өсе  алғанын ешкім тап басып айта алмайды. «Әр өлкенің табиғатының өзіндік ғажайыптары болады ғой»  дегеннен басқа түсінік таппай қоясын.

- Қарайгөр, теректің түбін біреу иемденіп те үлгеріпті, - қараңғыда жеңіл көліктің сырт бейнесін көріп қалған Дастан наразылына бұрқ етті.

- Ғашықтар шығар, - жас келіншек ақкөңілді үнмен жауап қатты. – Терек тек біз екеуміздікі емес қой.

- Таң жөндеп әлі атқан да жөқ, ал бұлар келіп те қалыпты.

- Ал біз таң атқасын келіп тұрмыз ба? – Сәуле күліп жіберді.

- Біз жолшыбай, жиналысқа барар жолда соқтық. Ал мына сандалбайлар не бітіріп жүр?

- Меніңше, терекпен бір рет амандаспай қойсақ ештеңе етпес.

- Жоқ, салтты бұзуға болмайды. Айтым Уалиевичтің өзі қалай да асыққанына қарамай, әр жолы тоқтамай өтпейді. Бұрыламыз...

- Дастан, тоқташы, орынсыз барып қалсақ, ыңғайсыз болады ғой.

- Біз ешкімге кедергі болмаймыз. Терекке сәлем береміз де, жөнімізге кетеміз.

Сәуле үнсіз есік әйнегіне басын бурып отырып қалды. Таныстықтың  бірінші күндерінен бастап келіншек өзінің жанжалсыздығымен қайран қалдыруда. Осы қасиеті оны өзге таныс қыздардан, айталық, ауданда «Теміровтың қасқыр қыздары»  аталып кеткен дәрігер көмекшілерінен тым өзгешелеу көрсететін еді. Бұл жағынан Сәуле Дастанның  анасына ұқсайды. Бүкіл әлемде  шешесімен қайырылымдығымен тең келер әйел жөқ, болмаған да.

-Ой, мынау Казбеков жолдастың «Волгасығой»! - Дастан, жақсы танысына кезіккен адамша, қуанып кетті. - Ал өзі, немесе жүргізушісі қайда кеткен?

 Сол кезде  ата бастаған таң сәулесімен жерге төселген көрпе үстінде жатқан еркек пен әйелдін  пішіндері көрінді.

-Сайтан алсын, шынында да мезгілсіз келіппіз, - Дастан артқа жүріс шапшаңдығын қоспақ болғанда, әйел мен еркектің жатыстарында рабайсыздық барлығы оның назарын аударды.

Әйел басы шалқайып арқасына түсіп жатыр, еркек оның ішіне басын қойып көлденең түсіп жатыр. Оң қолы астынан аңшының қосауыз мылтығының қаһарлы ауызы үңірейіп көрінеді.

Дастан үрейлі дауыспен:

- Шықпай отыр! – бүйырды да көліктен шығып терекке жақындады.

Күн көзі кенеттен көкжиектен шыға келіп далаға алтын сәулесін төгіп жіберді. Барша табиғат сол сәтте тірілді: шегірткелер шиқылға басып, тынымсыз құмырсқалар жүгіріске түсіге, ақ қанатты көбелектер нәр үшып-қона бастады. Таңғы жел мен жарыса ұшқан боз торғай жебедей зырлап көкке шарықтай ұшып биіктен аш балапандарына көрек қарастыруда.

Дастанның көз алдына сұмдық көрініс ашылды: әйелдің сол жақ кеудесі бытыралы мылтық оғынан парша-парша, ал еркектің бас сүйегі толық дал-дал болған. Екі өлік те өз қандарына малынып жатыр.  Өзін – өзі өлтірушілік екені күмәнсіз. -  Сендерді бұған итерген не жай болды екен, сорлылар?

 Теректің ашық жасыл дінгегіне мектеп дәптерінен жұлып алынған парақ қағаз түйреушпен жапсырылған. Дастан қызыл қаламмен жазылған мәтінді оқып шыққанда,  денесін аяз шарпығандай сезінді: «Бізге өзге жол жоқ, өз еркімізбен өмірден кетіп барамыз. Ешкімді айыптамаймыз, біздің тағдырымыз осындай болды. Біз бақыттымыз!»

Мұндай жағдайда не істеуге болады? Ақыл бойынша, Сәулені мұнда күзетке қалдырып, өзі жақын жердегі телефоннан милицияға хабар беруге тиіс. Бірақ Сәулені қалай жалғыз қалдырады? Ол өмірінде өлік көрмеген жан ғой. Жоқ, не болса да бірге кетеміз.

 - Онда не болған? Олар неге тұрмайды? Қалай сонша қатты уйқтауға болады?  - жұбайы басқа уақытта сондай сүйкімді естілер, ал қазір тек кеініс тұғызар дауспен қарсы алды.

- Олар енді ешқашан тұрмайды. Кеттік... – Дастанның даусынан күйініш сазы ашық естіліп тұр.

- Қайда? – Сәуле түк түсінер емес.

-  Торатөлген селосына. Ен жақын телефон сонда.

- Ол неменеге?

- Сонда білесің. Ал қазір үнсіз отыра тұршы, менің ойымды ретке келтіруім қажет.

 

                                                 ***

Оқиға орнына аудан милиция бөлімінің бастығы подполковник Фазыл Қойшиғариннің өзі басқарған тергеу тобы келіп жетті. Қозы – Көрпеш пен Баян-сұлудан кейін қазақ даласында  ғашықтардың өз-өздеріне қол салып қаза табулары тек екінші жай болама екен?  Егер, бірінші ретте, жас қыз бен жігіт жайлы болса, ал уалихановтық трагедияның кейіпкерлері ұш ержеткен ұлдардың әкесі мен бес кәмелетке толмаған шиттей балалардың шешесі. Бұл екуінің хиқаясы, бұларға деген жеккөрушілік, Темировтарды есептегеменде жергілікті тұрғындарға көптен мәлім екен. Аудан милициясы басшысы көргендеріне көнілі қатты қынжылған Дастан мен екі көзіне ие бола алмай  еңіреп отырған Сәулеге бұл қанды драманың даму тарихын  бүге-жігелеп айтып берді.

Аудан ауыл шаруашылығы басқармасының жүргізушісі мен кеңшар бөлімшесінде тұратын үй шаруасындағы әйел бір – біріне ғашық болып қалады. Екеуі де жанұялы, көп балалы. Бірнеше жыл бойы жасырын кездесіп жүреді де, сосын отбасыларын тастап кетіп, қатынастарын зандастыруға шешім қабылдайды. Бірақ екеуін де тума -туыстары қарғап, есіктеріне жолатпай қояды. Оған қосымша еркекке жұмыстан өз еркімен кетуге арыз жазуды ұсынады.

-Бірақ бізде дені дұрыс жүргізуші таба қою оңай емес, сондықтан Қазбаев жолдас мұны бүгінгі күнге дейін шыдап, ұстап келген. Кім білген?...  Ал енді, міне, бүкіл республиканың, тіпті бүкіл Совет Одағының қылмыстық істер жайлы мәлімдемесінен орын алатын болдық, – милиция басшысының қатты қапаланғаны сондай, аузынан әдепсіз сөздер шығып кетті.

Бұл адам жайлы жаман ойлап қалмаңыздар. Жаратылысынан оперативші, жаңы адал адам – Фазыл Қойшигарин бұл сөздерді, әрине, өзі басқаратын мекеменің, ауданның абыройы үшін күйнгенен айтып қалды. Өзіне ғана белгілі бір себептермен,  аудандық милиция бастығы, жас айырмашылығына қарамай, Дастанды жақын тартып, қамқорлық жасап жүретін, бір ретте жағымсыз жайдан қорғап қалғаны да бар.

Санэпидстанция екінші жыл жұмыс істеп жатқанда, екінші дәрігер ретінде, Дастанның қурдасы, денсаулығына байланысты академотпуск алып бір жыл соң бітірген Саденов Орынбайды жіберді. Ойында не болғанын бір құдай біледі, келгеннен бастап  Дастанды аяқтан шалып, ол тұралы өсек сөздер таратып, болған жайларды бұрмалап көрсететін болды. Өткен күздін қараңғы  кешінде Орынбайдың  таныс ауылдасы сенімпаз Дастанға: Саденовтар тұкымымен оңбаған, ойлағандарына жету үшін ешнәрседен тайынбайтын адамдар екенін, әкесі НКВД – МГБ-ның «жансызы» болып талай кінәсіз жандардың өмірлеріне балта шапқанын айтып берді.

Бір жолы Дастан «Авангард» кеңшары қорасы толы шіри бастаған өлі қойларын шығысқа шығару әктісіне қол қойды. Осындай жолмен малдәрігерлік қызмет мал басы өлімін етке сойылды деп азайтып көрсетеді. Ал Сәденов ОБХСС-қа «Теміров қызмет бабын пайдаланып, әкті бойынша жойылған мал басының санын көбейтіп көрсетіп, айырмасын бас пайдасына жаратты» – деп «домалақ хат» жолдапты. Сол жолы тек подполковник Қойшыгариннің іске араласуы арқасында ғана қылмыстық іс ашылмай қалыпты, онысын Дастан сезген де жоқ.

-Дастан, тыңдашы, мына  Орынбай деген  қайдан пәле болды? Тезірек құтыл одан, ол – ОБХСС-тың тыңшысы. - Сол кездің түсінігі бойынша мұны айтқан Фазыл Қойшығарин керемет қызметтік қылмысқа барып отыр. Хабардың қупия көзін ашып берді. Жасы үлкен жолдастың осы жанкешті қылығының маңызын Дастан тек біраз жылдар өткенде түсінді.

Міне қандай, әзілден алыс жайлар Көкшетау облысының ең шалғай түкпірінде орын алып жүріп жатты.

Күнделікті ұсақ-түйек қамдар, кейде қуанышты, кейде қамығарлық оқиғалармен араласып өтіп жатты. Соның бәрі бір сөзбен «өмір» аталады.  

Арада үш жыл өтті.

Дастан Теміров институттан кейінгі тиесілі үш жылды адал атқарып шықтым, енді мемлекет қорғау органында қызмет етсем деген арманымды жүзеге асыру кезі келді деп ұйғарды. Оған қоса бұл осында, Уалиханов ауданында, коммунистік партия мүшесі қатарына қабылданды.

Тамыздың аптап күндерінің бірінде, осыдан он жыл бұрынғыдай толқыныш сезімін әзер басып, Дастан ҮҚК-ның Көкшетау облыстық басқармасысынын жаңа салынған сәнді ғимаратының табалдырығын аттады.

 

                                                          ***

 

Өмірде бақытты сәттер кезігіп тұрады. Солардың бірі – бүкіл ішкі дүниең шатықтан, лап ете оянған сезімнен сығымдалатын сәт – балалық кезгі досыңмен кездесуді күту.

Алматы – Көкшетау бағытының үшағы ауа райына байланысты белгісіз мерзімге ұшпайтын болды.

Сол үшақпен Вовка Татарин, жоқ, дәлірек айтсақ Қазақ респуликасы ІІМ-ның қылмыстық іздестіру  Басқармасының аға оперөкілі капитан Татаринцев Владимир Иванович келүге тиіс. Міне қалай!

Дастанның іші өлердей пысып отыр. Тезірек досымен қауышып, оның өмірінің қыры-сырын білгісі келеді. Анадай жерде біреулер карта ойынын соғысып отыр, түрлері алдампаздарға ұқсайды. Әркімге жабысып карта ойнауға шақырады. Бір кездері Айыртау жүгірмектері арасында бұл кең тараған ойын-ды, сондықтан оның ымы-жымы тұралы  Дастанның хабары да, тәжірибесі мол. Оған қосымша мұның әлі жас бала кезінен ұтысты алдын-ала сезінетін қабылеті болды. Ойын кезінде ол өзін қанаттанғандай сезініп, көтеріліп, массатанып кететін. Міне, сол ұмытылған сезім қайта оянып мазалай береді. Мыналарды жазаласам ба екен? Тек оған дейін жүргізушісі Мұсаны ескертіп, күтпеген жағдай бола қалғанда жасалар әрекеттері тұралы келісіп алу керек.

- Жігіттер! Ойнайық, бірақ бір шартым бар: кім ұтарына, карта келуі – келмеуіне қарамай, анықтама бюросы: «523-ші Алматы үшағы қонды» деп хабарлаған бойда, картаны үстөлге тастаймын да, ұтысымды алып жүре берем. Келістік пе?

- Жарайды, келістік! - жеңіл пайдақорлар қуана шу етті.

Ойында бес адам, айналым өскен сайын құмарлық та еселеп өсіп, ойын жүйкені қыздыруда. Банк қолдан – қолға өтуде, кезек Дастанға жетті. Ғажайып ойын басталды: үш айналым бойы карта таратқанда ешкімде «асып кету» шықпады, ал өзіне карта салғанда «очко» түсе берді. Үстөлде әжептәуір ұсақ ақшалар шоқысы үйіліп қалды. Тап осы кезде: «523 бағыт...  ... ұшақ келіп қонды...» -   хабар айтылды.

Дастан немқұрайды түрмен ақшаларды жиып, қалталарына тыға салып, «ештеңе істей алмайсың, шарт осылай болған»  дегендей қолдарын жайды. Ойыншылардың ішіндегі ең шыдамсызы атып тұра берді де, Мұсаның қадалған көздерін көріп, амалсыз орнына шөкті.

-Шарттың аты – шарт, оларды орындау қажет! – Мүса қисың күлімсірей тістері арасынан шығара ғибадат айтты. Бұл «құстар бірін-бірі ұшуынан таниған» - жағдай болды, өзгеше айтқанда: зектер көздеріне қарап бір-бірін тани кетті.

Жақындап қалған әуежай көлігінен Дастан жан досынын сары шашты бұйра басын анадайдан таныды, жұрегі құрғырдың қатты дүрсіл соққаны сондай, әне-міне кеудесінен атып шығардай көрініп кетті.

Вовка бір түрлі маңғаз, салқын келіп, қолын үнсіз ұсынды да, сосын барып Дастанды құшағына алды, онысы да бәрібір жылуысыз, хаттамалы шықты.

-Танысып қой, Дато, менің  жұбайым Людмила! – алақаны ашық қолы әрірек тұрған көзінін түсіне сай көк көйлек киген, биік бойлы, сымбатты, ұзын кірпіктері жоғары қайырылған әйел жаққа нұсқады.

«Міне, мәселе қайда жатыр!» - қызғаныш сезімі жаланаш жүрегін тіліп өткендей болды, өйтседе түр берместен бұрылып:

- Дастан - өзін атауға ерік күші жетті.

- О-ой! Сізді көрдім-ау, ақыры. Сіз тұралы айта-айта Володя менің құлағымды шірітіп бітірді. – осы сөздердің шынайы көнілмен айтылғаның дауыс ырғағынан таныған Дастан: «Өзіміздікі, достасамыз әлі» - жеңілдене тыныс алды.

- Сен, Татарин, шығарарсың! Менің тойыма келмедің, өз тойына шақырмадың.

- Той дегенің болған да жөқ. Кеттік, Дато, жолбойы бәрін толық түсіндіріп айтып береміз. Рая апай қалай? Мен ол кісіні сондай сағындым...

- Сені үйде күтіп, бесбармақ дайындап жатыр.

- Олай болса, тезірек жетелік.

 

                                                         ***

 

Жол қашық, әңгіме желісі баяу дамып келеді. Татаринцев әнгімесін өзінің Қарағанды милиция мектебін бітіргесін, жолдама бойынша, комсомол – жастар қаласы Жаңатасқа жіберілгенінен бастады. Әдеттегіше, онда жүрт бүкіл Кенес Одағынан жиылған, комсомолдардан басқа  түрмеден мерзімінен бұрын босатылғандар да әкелінген екен, қысқасы, басбұзарлар жеткілікті болыпты.

Қылмыстар, соның ішінде оның аса ауыр түрлері күн сайын болып тұрғандықтан өзін көрсеткісі келгенге мүмкіндік бастан асып жатса керек.

- Біз, айыртаулық жігіттер, өзін білесің, әрқашанда жігерлігіміз бен ұтқырлығымыз ерекше жандармыз ғой, қызметте тез көтерілдім.

- Ой-ой, Татариңцев тағы мақтанып кетті. Айыртаулық дегендер қандай тұқым өзі? – Людмила күйеуін тілмен шағып алды.

«Өте көркем жұп! - Дастан қонақтарына іштей сүйсініп отыр. - Құдайға шүкірлік, бір жандай боп өмір шегетін сияқты».

- Үш жыл ішінде бөлім басшысы дәрежесіне жетіп, мерзім толмай капитан шенін алдым. Ал бір шулы істі ашқаннан кейін мені Ішкі Істер Министрлігінің орталығына Алматыға шақырып алды. Біздің жайымыз осы, Дастан.

- Ә-ә...

- Ал Людамен біз Жаңатаста таныстық. Комсомол, спортшы және жәй ғана сұлу қыз комсомол жолдамасымен еліміздің химия өнеркәсібін көтеруге келіпті.

- Людажанның мамандығы қандай?

- Краншы болды, биыл шет ел тілдері институтының  ағылшын тілі бөліміне түсті.

- Қарай гөр бұларға, толған романтика!

- Ал сенің өзің ше, Дато, ҰҚК-де істеуді армандаушы едің ғой.

- Ұмытылған жоқ. Ақырындап сол бағыт бойынша жүріп барамын.

Осы сөздер айтылғанда рульде отырған Мұса құлақтарын тіге қалды.

- Мен қуаныштымын, Дастан, сенің қалағандарыңның бәрі орындалуын тілеймін. Ондай болашаққа әйелің қалай қарайды, бас дәрігердің әйелі болұға үйреніп қалған болар?

- Ол мұның бәрі уақытша, менікі еместігін біледі.

- Сондай ақылдыма? – Татариннің көк көздері содырлана жымын қақты.

- Ақылды.

- Темірович, мен міне қанша ойлап түсіне алмай қойдым, сіз қалай ғана он екі рет бірдей өзіңізге «Очко» жасап алдыңыз? Былай қарағанда, ешкім құлық жасаған жоқ сияқты еді, әлде математилық есеп жасадыңыз ба?

- О, Мұса, бұл әулиенің ұрпағының жаны қаласа қолынан келмейтін сиқырлық жоқ. – ішкі сезімін ұстай алмаған Володя алда отырған досынын арқасынан қақты. – Сенің әулие арғы атаңның аты кім еді, есіме салшы?

- Кенжеболат әулие.

- О, қандай қызық, Дастан, өтінемін, өзіңіздің киелі атаныз жайлы айтып беріңізші!

- Келесі жолы, Людмила, жарай ма? Ал қазір жергілікті көз тартар жерге барамыз. «Ғашықтар терегі» аталады, шығып бас иіп, сәлем береміз.

- Ауданыңда көз тартатын жерлер көп пе? Сен олар жайлы ештеңе жазған жоқсын ғой.

- Тағы біреу бар, «Красная юрта» аталады.

- Революция мұражайы ма?

- Барғасын көрерсін...

Қонақтары теректі көріп таңдана таңдай қағысып болғасын, Дастан оларға өз-өздерін өлімге қиған көп балалы қос ғашықтар хиқаясын айтып, жатқан жерлерін көрсетті.

- Бишаралар! Бұлар жаңа заманның Ромеосы мен Джульеттасы болды ғой! – Людмила көзіне еріксіз шыққан жасты ірке алмай тұр.

- Қайдағы Ромео мен Джульетта, сайтан алғыр! Онбес жаста Ромео да, Джульетта да болу мүмкін. Ал сегіз бірдей бала жетім қалды. Олардың не кінәлары бар? Әке -шешелерінің милары ауысқанына кінәлі ме? – Вовка зығырданы қайнағаннан қып-қызыл болып, жұдырықтары қысудан бозарып кетті.

- Володя, ал егер бұл махаббат болса ше?

- Табиғаттың басты заңы: ересектер ен алдымен ұрпақ қамын ойлауға тиіс,  бұл жалғыз дұрыс шешім. Ал сендердің естері ауысқан ойнасшылдарыңның істегендерін мен жауапсыздық деп есептеймін, басқа түк те емес!

 

                                                    4 – Тарау

 

                                             «Золотая Нива»

 

Дастанды кадрлер бөлімінің жаңа басшысы  майор Воронов Борис Александрович қабылдады, подполковник Саитов, айтуынша, зейнеткерлікке шығыпты. Майор орта бойлы, кейін қарай таралған  шаштары кең мандайын ашып көрсетіп тұр, қой көзді, қастары тура өскен адам екен. Оның жұмсақ, әдеппен, байыптай сөйлегенін естіп отырып, мына секілді мекемеде мынадай мейрбан адамдар істейді екен дегенге сенуің қиын. Бәріне қосымша никотиннен сарғайған тістерін ақсита көрсетіп күлімсірей береді екен.

Воронов Теміровтың өмір тарихын ықылас қойып тыңдады  және бір нәрсеге сондай қатты қуанды.

-Солай-солай, яғни, сіз, Дастан Темірович, мединститутты тамамдап, үш жыл жұмыс атқарып жүріп партия қатарына қабылдандыңыз және енді мақсатты түрде бізге келгіңіз келеді!? – Борис Александрович әркіммен «Сіз» деп сөйлесетін тәрізді. – Оған қоса ауданның санитарлық бас дәрігерсіз, яғни, аудан деңгейіндегі басшысыз! Бұл тамаша ғой! Бізге тап осындай өскін, білімді қызметкерлер керек-ақ. Былай істелік: қазір сауалнама толтырыңыз, сосын мен сізді басқарма бастығы полковник Павел Иванович Гордеевтің қабылдауына апарам! Жақсы ма?

Осындай елгезектікпен, құрмет пен қарсы алынуына қуанған Дастанның көңіл жайы көктің  жетінші қабатына шықты. Тек сауалнама толтыру барысында, ата -ана түралы тарауға келгенде көңілі суық су құйғандай басылып қалды.

-Бірдене олай емес пе? Не болды? – сезімтал кадршы тынышыздана сүрады.

Әкесі туралы бүкіл шындықты айтуына тура келді.

-Сіз әкем тастап кетті деп қынжылып отырсыз ба? Сіз емес, осындай ұлдан кетіп қалдым деп ол қынжылсын, қазір сізді мақтан тұтып жүрер еді...

Майор Вороновтың сөздері, әрине, оң әсерін тигізді, әйтсе де, көңілге кірген қаяу көпке дейін шықпай қойды.

 

                                                               ***

 

Қара былғары  креслода кителінің түймелерін ағытып тастап шалқая отырған полковник Гордеев, алты телефон қойылған столының артында орнынан тұрмастан, маңғаздана қолын созды. Елулерден асқан, шалбарынан салбырап    тұсіп тұрған жуан қарынды, қабағы ісінген көк көз еркек екен. Вороновқа қосыла ол да Теміровке үйіп-төгіп мадақ сөздер айтып жатты, тек, неге екенін Дастанның  түсіне алмағаны, бейтаныс адам алдында тым ашыла  сөйлегені болды.

Полковник Көкшетау облысы аумағында екі мемлекеттік резиденция бар, онда ауық-ауық елдің, республиканың бірінші басшылары, кейде тіпті социалистік лагерь елдері басшылары аң аулауға келіп-кетіп жүретінін тіліне тиек ете келе, соларды қорғау басқарманың міндеті екені ерекше тоқталды.

- Егер сол жұмысты зия және өзі санитарлық дәрігер Теміров сияқты тұлға басқарса мүлде тамаша болар еді, - Гордеев кенет ауыр күрсініп қалды. - Біздің басқармада кадр мәселесі жағынан жағымсыз жай туып тұр: ұсақ қала, бірін-бірі біледі, соған сәйкес бүрынғы тиянақсыз басшылық кезінде тамыр-таныстық арқылы дарынсыздарды қызметке ала берген. Кімге жолап кетсен болды, обком партияда болмаса, облаткомда байланыстары болып шығады, ешкімді орнынан қозғай алмайсын, ешқайда жібере алмайсын. - Ашу қысқаннан көздері қанталап кеткен полковник бүксие қалған Вороновқа қарап, - Борис Александрович! Жоспарлы түрде және табандылықпен бүкіл маскүнемдерден құтылу қажет!.

- Жұмыс жүргізілуде, Павел Иванович! Орталық аппаратта біздің бірнеше қызметкерге ұсыныс жатыр.

- Органда тамыр таныстыққа балта шабу орнына, сіз өзіңіз солармен ішетіңізді көрем ғой.

- Тек дәлелді себептер болғанда ғана, Павел Иванович. Тұған күндерімен қалай құттықтамайсың?

- Ондайға бару міндет емес. Мен бармаймын ғой осы!

- Бопты, жолдас полковник! Енді ешқайда бармаймын.  

- Көрдіңіз бе, не болып жатқанын? - полковник көңілденді. – Бұл да жергіліктілердің бірі, әкесі аудандардың бірінің бас хатшысы.

Бұл әзіл ме, әлде кінәлау болды ма,  Дастан сол қалпында түсінбей қалды, ал Воронов шашының түбіне дейін қып –қызыл болды.

- Дастан Темірович, тыңдаңыз! Біздің әңгімеміз ұстінде басыма бір ой келді. Уалиханов ауданында «Золотая Нива» деген  кеншар  бар, сіз онда болып тұрасыз ба?

- Әрине, аудан орталығына ең жақын  кеншар.

- Оның нендей ерекшілігі бар?

- Онда отыз шақты қытайлықтар тұрып жатыр. Ауком партия маған олардың жатаханаларына, асханаларына жұқпалы ауру тараудан, уланудан сақтану үшін тұрақты санитарлық бақылау жасап тұруды тапсырып қойған.

- Жеке жауапкершілігімде, дейсіз бе? - Гордеев бір сәтке ойланып қалды. - Бұл жақсы екен. Ал сіз олардың қытай ҰҚК-ның жансыздары екенін білесіз бе?

            - Ол қалай сонда - жансыздар? Олардың бостандықта жүруі қауыпты емес пе? - Дастан полковниктің көздеріне тесіле қарады. Ойны ма? ҮҚК қабырғасында мұндай қалжың айтылуы мүмкін бе екен?

            - Мәселе де сонда, олар ешпір жаулық әрекет жасамайды, жәй өз шекарасынан жасырын өтіп, біздің шекарашылардың қолына беріледі. Сауатсыз малшы, аспазшы бола тұрып, олар Қытай мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жолдамалы жансызымыз, ұзақ тұрақтану туралы тапсырмамыз бар дей келе, өздерінің дайындаған офицерлердің жасырын аттарын атайды және, бәрі бір ауыздан, біз тұрақтанып алғасын байланысшы нақты тапсырма алып келетінін мәлімдейді. Осындай әдіспен кытай ҰҚК біздің күшіміз бен қаржымызды теріс жаққа аударып, өздері басқа учаскеден әлгі жансыздарын бізге енгізуді көздегені анық. Бірақ, шайтан алғыр, тағы қандай айла ойлап табарын кім біледі? Сондықтан да бұлардың бәрін шекара мен ірі қалалардан шалғай, бір жерге жинақы қоныстандыру туралы шешім қабылданған болатын. Есесіне, бізде толып жатқан шешілмеген міндеттер пайда болды, және олар шешімін күтуде.  Ал сіз, мүмкіндіктеріңізді пайдалана отырып, бізге баға жетпес көмек көрсете алар едіңіз, қаласаңыз , әрине.

            Дастанның жан дүниесін шаттық билеп кетті.   «Әрине, келісемін!» -  айғайлаудан өзін әрең ұстап қалды, бірақ ұстамдылық білдіре басын изеп: 

           -Қолымнан келсе, дайынмың... -  естілер-естілмес  күбірлей айтты.

            Павел Иванович Теміровқа телміре қарай отырып, басына қандай ойлар кіріп-шығып жатқаны өзіне ғана мәлім, ал қуана естірткені:

            -Сіз келісім берген екенсіз, мен тура қазір қарсы барлау бөлімі бастығының орынбасары  Меңдібаев Адамды шақырып алам да әңгіме шертеміз.

            Вороновтың  бұған бөтен пікір айтқысы келіп отырғаны байқалды, бірақ   батылы жетпейтін тәрізді.

            - Борис Александрович, тынышсызданбай-ақ қойыңыз! Жолдас Теміровты агенттік жүйеге жалдағалы отырған ешкім жоқ. Сіз тыныш қана оның құжаттарын әзірлей беріңіз, қызметке қабылданғанға дейін кемі бір жыл өтеді емес пе?

            - Тап солай, жолдас полковник!

            - Жолдас Теміров мемлекеттік қауіпсіздік органының оперативтік тапсырмасын орындауға, мерзімінен бұрын кірісіп кетті деп есептеңіз, солай ма?

            - Тап солай, жолдас полковник!

            - Болды, жолдас майор, боссыз! - Гордеев піл сүйегі түсті  «СССР» жазуы бар телефонға қолын созды.

 

                                                                         ***

 

            Есік қатты қағылып, ішке рұқсат сұрай, ұзын бойлы, арық та сымбатты денелі, жалпақ мұрынды, бет пішіні мен көздері еске қалмас, қытайша мұрт қойған, қою шашты, азаматтарша киініп галстук таққан подполковник Меңдібаев кірді.

          -Адам, өтіңіз!  Мен шақырғанда есік қақпай-ақ кіре беруге болады ғой.- полковник шымырқана бұрқ етті, айт-айтпа, бұларда жөн жоғын көрдің ғой дегендей Дастанға есіркеу іздегендей  қарап қалды. – Міне, танысып қойыңыз, Уалиханов ауданы санэпидстанциясының бас дәрігері  Теміров  Дастан Темірович.

            Подполковниктің ұйқылы–ояулы тәріздес көздерінде ақыл–ой қабілетінің белгілері пайда болды.

            - Подполковник Меңдыбаев, - қысуына қарағанда қол иесі спортпен белсенді айналысатынын байқалды.

            - Дастан. Теміров Дастан. Танысқаныма қуаныштымын!

            - Мен де.

            - Ал енді подполковник жолдас, бізге «Золотая Нивада» қандай оперативтік жұмыстар атқару қажет еді, және қалайша сіз оны сәтсіз орындап жатқаныңыз жайлы баяндап беріңіз.

             Мендібаевтың бастығының бұл сияқты жәбір сөздеріне жаны үйреніп кеткен болуға тиіс, елең етпестен баяндауға көшті:

            -ҚССРО ҮҚК-ның бастамасына сәйкес, үкімет «қытай жансыздары» аталып кеткендерді бір жерге, дәлірек айтсақ, «Золотая Нива» кеңшар жерінде қоныстандыру туралы қаулы қабылданғаны белгілі. Бұл жақсы, бірақ, жаман жағы да жетерлік. Егер тіпті қытайлық арнайы қызмет органы бұларды біздің назарымызды басқа жаққа бағыттау үшін жіберген «шымылдық» болса да, бәрібір осы отызшақты адам арасында, нақты іс атқаруға арнайы дайындалған, ең кемі екі-үш агент болуға тиіс. Жаманы, соларға ашық әсер ете алмайсың. Сенімді агентті сырттан енгізу мүмкін емес, іштерінен біреуді сатып алу пайдасыз. Ал олар сатылуға әрқашан дайын.

            Полковник оны бөліп:

           - Әрине, оларға бар мүмкіндікті пайдаланып біздің мемлекеттік қауіпсіздік органдар жүйесіне ену тапсырылған.

            - Ол да ғажап емес, совхоз жұмысшылары мен әкімшілік - басқару қызметкерлері арасынан мұндай іс-әрекеттерге қабілетті ешкім таба алмай жүрміз. Мүмкін оларға байланысшылар келіп кеткен де болар, бірақ бұлар ешкімді ұстап бермейді, себебі, қытайда әрқайсысының жақын туыстары, бала-шағалары қалған. Ал сіздің, Дастан, олармен байланысыңыз жоқ па?

            - Иә, мен олардың өмір жайларымен таныспын, жатаханалары мен асхананы жиі-жиі тексеріп тұрамыз. Сол үшін тіпті, бірде, санитарлық ережелер бұзылғандықтан асханада болған жаппай улану дерегінен кейін сөгіс алғаным бар.

            - Тамаша! Ал олардың арасында таныстарыңыз бар ма?

            - Бірнеше кісі: бөлме басқарушылар; бірі - шебер домбырашы, мен әр жолы күй орындап беруін сұрап жүрдім; ал екінші, аты Махан, айтуынша, бұрынғы  мұғалім, менен ылғи қазақша басылымдарды әкелуімді өтінеді. Бәрі осы ғана. Менің ойымша, солардың әрқайсысы менімен достық қарым-қатынас орнатқылары келетін сияқты.

            - Неге?- полковниктің даусынан сенбеушілік сезілді.

            - Менің жеңіл-желпі тұрмыстық қажеттерді өтеуге таза спиртпен есептесетінімді  біледі, сосын мен азық түлік  дүкендер мен қоймаларға еркін кіре алам. Кірсем болды, дүкеншілер маған неше түрлі тапшы тауарлар алуға өздері ұсыныс жасайды. Соған қарап зэктердің бәрі менімен қуана-қуана амандасады.

            - Бұл жақсы екен!  Ал сіздің олардың тұрақтарында ресіми түрде медициналық аспаптар орнатуға мүмкіндігіңіз бар ма? - подполковниктің көздерінен құмарлық  ұшқыны жарқ етті.

            - Толығымен. Мәселен, әр бала бақшада гигрометр орнатылуға тиісті.

            - Ол немене тағы? - Полковниктің өзі кей мәселелерде көп артта қалғандығын мойындағысы келмейді.

            - Тәулік бойы үйдегі ауа ылғалдылығу өзгерісін  өлшеп жазып алуға арналған аспап.

            - Ал тәулік бойы бөлме ауасы ылғалдылығын өлшеудің қанша қажеті бар? - подполковник білімсіздік жағынан бастығынан қалыспауға тырысатын сияқты.

            - Ылғалдықтың ең жоғары шоғырлану игегі бар. Егер ол сан жоғары, не төмен көрсетілсе, өкпе ауруына шалыну мүмкіндігі туады.

            - Ал сол гидрометрдің көлемі қандай? - Меңдібаев тыныштық табар емес.

            - Гидрометр емес, гигрометр. Шамамен ұзындығы отыз сантиметр, биіктігі он, ені- жиырмадай болып қалады, - бұл сөздерді естіген чекистердің көздері жайнап, бір-біріне көп мәнді түрмен қуана қарасты. - Сол қарапайым аспапқа барометр қосып қоюға болады.

            - Жоқ, жоқ! - аға офицерлер қосыла қарсы бола кетті, -  сол аспаптың өзі артық.

            - Бірақ ол тым қымбат тұрады ғой.

            - Ақшаға алаңдамаңыз. Тағы бір сұрақ: оны ашуға бола ма? - шыдамсыздықтан Гордеев өзінің креслосында қыбыжықтай берді.

            - Ешқашан! Оның басты бөлшегі – майы жойылған әйел шашы, ол үзіліп қалмас үшін аспапқа пломба салынады.

            Чекистер қолдарын рахаттана үйкелеп отыр.

            - Ал базаны қайда құрамыз? - сұрақ бұл жолы подполковникке бағытталды.

            - Су геологтарының бұрғылау қондырғысын кіргіземіз - ЗИЛ-130 негізінде жасалған вагон.

            - Тамаша! - Полковник Гордеев күшті толқыныстан орнынан атып тұрып, кең кабинетінде кезіп кетті. – Тамаша! Жолдас Теміров! Сіз күмәнданбаңыз, ҮҚК органында қызыметке қабылдануыңызды біз қажетті мерзімде және жақсылап тұрып жүргіземіз. Тек сіз біздің мына «Золотая Ниваға» байланысты ісімізге көмек көрсетіңіз. Егер байланысшыны, немесе резидентті ұстай алсақ, сөз беремін, сіз мемлекеттік марапатқа ие боласыз. Ал қазір Меңдыбаев жолдастың кабинетіне барыңыз, ол тапсырма орындауға қажетті нұсқаулар береді...

            Полковник Дастаннан бір бас биік, және белі екі есе көлемді жан болып шықты. Мүмкін одан да ірі болар. Қоштасарда мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі жұмысқа  болашақ үміткердің қолын қысып ұстап, оның чекистік болашақ туралы бүкіл күмәндарын шығарғысы келгендей және екінші жағынан: «Кейін шегінуші болма, біз саған бар жанымызбен!»  деп ескерткендей, ұзақ сілкіледі.

 

                                                                     ***

 

             Жаңбырлы да жабырқаңқы күз түсті.

Дастанның осы бір шағын аумақты ауданда мінсіз санитарлық тәртіп орнатам, тұрғындарын сау-саламатты өмір құруға жетелеймін деп келгеніне үш жылдан астам уақыт өтіпті. Поселкелер мен ауылдар тазарақ, халқы медицина, санитарлық гигиена жағынан сауаттырақ болсын деп басын тауға да, тасқа да соғып бақты. Кеңшарлар директорларымен жанжалдасып, оларға және басқа да ұйымдар мен мекемелер басшысына адам айтқысыз айып пұлдар салып, аудандық басылымдарға мақалалар жазып, барлық ірі жиындар мен шараларда сөз сөйлеп, кемшіліктерді әшкерлей бетке баса бақты, бәрі құр далаға кеткендей, айнала толған кір мен лас сол қалпында, маскүнемдік ұлғаймаса кеміген жоқ. Қазір енді Уалиханов ауданының санитарлық бас дәрігері, тезірек облыстық ҮҚК басқармасына әскери қызыметке ауысуды армандаумен күн өткізуде.

            Әрине, ол енді «Золотая нива» кеңшарына баруын жиілетті. Жетісіне бір рет «Жансыздар» жатақханасына соғып, гигроөлшегіштің көрсетуін жазып алып, домбырашыдан аспабына ойнауды үйретуін сұрайтын болды. Бірақ онда да айта қаларлық оқиғаларсыз, әдеттегі бір қалыпты, іш пыстырар өмір өтіп жатты.

             Бірде қызғылықты бір жәй болды.

            Дастан жергілікті азық-түлік дүкенінен тексеріспен барып қалып жағымсыз жайттың үстінен түсті: қосалқы бөлмеде, тура еденде, жайылған газеттер үстінде шұжықтар мен нан кесінділері үйіліп жатқанын көрді. Сатушы қыздың бір жаққа шыққанын пайдаланып, Дастан жөнсіздікті фотосуретке түсіріп ала қойды. Мұндайда жасалар шараларға сәйкес табылған санитарлық заң бұзушылық туралы және  кемшіліктерді жоюдың мерзімі  бекітілген  акт   жазылды. Ал келесі тексерісте тап сол  санитарлық заң бұзушылық қайта көрінді. Санитарлық дәрігердің ызасы қайнап, фотоаппаратын ала салып, көзге көрсете көрністерді қайтала түсіріп алып, өткен жолды түсірген және оларды шығарып та үлгерген суреттерді  көрсетіп: «Мына фотокарчкелерді  мен «Крокодил» журналына жіберем, сіздердің дүкендеріңіздегі жайды барша Кеңес Одағы көріп сүйсінсін» -   сатушыны қорқытып, «естелікке» фотосуреттің бір данасын беріп кетті.

             Санэпидстанцияның автокөлігі дүкеннен ауыл сыртына шығып үлгермей  жатып, кеңшар директоры Шәріп Жуматовтың «бобигі» қуып жетіп, Жуматовтың өзі тоқтау сұрап белгі берді.

             Амандық алысып болғасын Шәріп Теміровтен фотоаппаратын көрсетуді  өтінді. Дастан оған плащының қалтасына салып жүретін қарапайым ғана латын әріпімен жазылған «Smena-8» совет аппаратын ұсынды.

            - Шетелдік екені көрініп тұр! Бірден дайын өнім береді! Сатшы, ә?! - ауданның сыйлы директорларының бірі жабыса кетті.

            - Болмайды, мекеменікі.

            - Ә-ә! Дастан Темірович, тыңдашы, мен сенің қалағаныңның бәрін орындайын, тек «Коркодилге» суреттерді жібермеші. Бізді бүкіл ел алдында масқараламашы.

            - Ал дүкенде тәртіп жасалама?

            - Тап бүгін, уәде берем!

Міне осылай кеңшар директоры ашынасы - дүкен сатушысы әрі сауда орталығының меңгерушісі әйелді бар беделін салып қорғап қалды. Іс содан кейін, шынында да, орнынан қозғалды және ол қарапайым совет аспабының арқасында жүзеге асырылды.

            Бірде жаңбыр апта бойы құйды. Жолдың бұзылғаны сондай, «Золотая Ниваға» барар жол сабындай тайғанақ болып қалды. Осы күндер ішінде қытайларын көре алмай қойған Дастанның жаны мазасыздана берді. Бірнеше рет сол жаққа тексеріспен шығуға талпынып көріп еді, ақылгөй Мұсаның: «Темірович, егер ауып қалсақ көтеріп тұрғызуға трактор да келе алмайды. Мұндай ерлік кімге қажет? - деген сөздері тоқтау салды.

            Күн көзі жарқырай шыққан бірінші күні, жолдардың бетін жұқа қабық басса да, астында балшық былқылдап жатты, сонда да қауіпті  жерлерді абайлап, айналып өте шығу  мүмкіндігі пайда болды. Соны ойлаған Дастан жолға жиналды.

            Үй жинаушы Зоя, алды мен артқы жағы томпиған, орта жастар шамалас, толық денелі, шаштарын қысқа қырыққан әйел, өзінің түссіз өгіз көздерімен Теміровтың көздеріне тесірейе қарап тұрып:

            - Сізді кассир Татьяна Васильевна сұрады, санэпидстанция салған айыппұлды төлеу жөнінде кеңес алғысы келеді. -   сыбырлай сөйлеп жеткізді.

            Бұл «қызғылықты хабар түсті, жедел кездесу қажет» дегенді білдіретін келісілген сөйлем болатын. Кездесу орны кеңшар кеңсесінің кассасы. Екі әйел де ҮҚК басқармасы Теміровтың қажетіне деп арнайы жалданған  тұлғалар: біріншісі - қытайлардың  арасына енгізілген ақпаратшы, екіншісі - жолығу орнын ұстаушы. Ал Зоя бұл іске бар ынтасын сала, жанкештілікпен кіріскені сондай, «жансыздардың» баршасының қажеттілігін әйел мейірімен қамтамасыз ететін болды. Солай қатынас жасай жүріп, денесін жеке билеуге құштар болған еркектерді ұрыстырмаудың ебін қалай тауып жүргені, тіпті чекистер де аша алмай құпия болып қалды. Есесіне, жатақхана мен асханада болған жайлардың бәрі дерлік мұның қырағы көзіне шалынбай қалмайды.

            - Неге сонша ұзақ келмей кеттіңіз? Мұнда сондай жайлар болды! - Зоя, жалған аты «Фиалка», Теміровке дүрсе қоя берді.

            - Жол бұзылды. Ал не болып қалды?

            Неге қоңырау соқпадың? - сұрау пайдасыз, себебі: кеңшар орталығындағы жалғыз телефон директордың қабылдау бөлмесінде орналасқан. Бұл жер аудан орталығымен сөйлесуге келгенде адамдарға  күндіз-түні лық толы. Оны былай қойғанда, ұзақ жаңбыр телефон жүйесін де үзіпті.

            - Тұп-тура алдыңғы күні, түнгі он екіден кейін «бобик» мінген бір еркек келді.

            - Нендей еркек?

            - Азиялық. Не қазақ, не  корейлік, не қытай. Қазақша да, орысша да, қытайша да сөйлей біледі. Ол жатаханаға кіргенде, мен екінші бөлмеде болатынмын, ашық есік арқылы барлық қытайлар тартқан сымдай қалшиып тұрғандарын көрдім. Сол кезде Ушуров жүгіріп келіп, мені тездетіп үйге кетуімді   бұйырды. Мен оған уақыт тым кеш, жалғыз жүруге қорқамын - деп көнбей қойдым. Ал ол маған: «тездетіп кет, ақымақ қатын, аман тұрғаныңда тай бұл жерден» -  түсінесің бе, орысша айтты, ал алдында орысша түк білмес болуға тырысатын. Мен қорыққаннан үйіме тура қашқанда, сіз үйреткендей көліктің номерін еске сақтауды ұмытып кетіппін.

            - Сіз неге олай еттіңіз? Бұл өте маңызды еді ғой.

            - И-ә, Ушуровтың жіті қара көздері арқаңды тесіп  өтердей сезінгенде не істеу қажет екенін ойлап көр. Мен көлікті, оның нөмерін түгелдей қарап үлгерген тәрізді едім, бірақ есімде түк қалмапты. Көлік, тұп-тура, сіздің «бобигіңіз».

            - Ал жүргізушіні көрдіңіз бе?

            - Жаңбыр жауып, суық болып тұрды ғой, тек әйнектен бет әлпетін байқай  алмадым.

            - Яғни, сіз көлікке тым жақын өттіңіз ғой?

            - Мен оны айналып өттім, себебі ол кіре беріске тым жақын қойылыпты.

            - Ал мемлекеттік тіркеу номері автокөлікте болғанын анық көрдіңіз бе?

            - Енді қалай, аққа жазылған сандар, әріптер.

            - Қандай сандар мен әріптер екенін еске түсіріп көріңіз.

            - Мен оларға бақырая қарап тұрып еске сақтадым деп ойлаған едім, расында бәрін ұмытыппын, кешіріңіз.

            - Жарайды. Ал оның өзін суреттеп бере аласыз ба?

            - Кімді?

            - Сол қонаққа  келген еркекті.

            - Қалай айтсам екен, сізге? Мен оны шала-шарпы ғана көріп үлгердім ғой. Сондай тығыз денелі, аласа бойлы, қырық - қырық бестер аралығындағы, қысық көзді, беті бір түрлі суық, шаштары сирек, қысқа қырқылған. Иә, тағы құлақтары шекесіне қысыла біткен, кең маңдайлы, әжім басқан.

           - Аса бай мәлімет емес. Ал үстінде қандай киімдер?

          - Сіздікіндей плащ, тек қара түсті. Мүмкін маған қараңғыда солай көрінген де болар.

          - Ол ұзақ болды ма?

          - Таңертен асханаға сағат алтылар кезінде келдім, автокөлік орнында болмады. Жатақханаға кірмедім, себебі ол уақытта бәрі қалың ұйқыда болады.

          - Түсінікті. Осыған да саған рахмет! Бұрынғыша тарасамыз. Кездескенше сау бол!

          - Сау болыңыз, ренжімеңіз!

 

                                                             ***

 

     Көрініс: Уалиханов ауданы. Санэпидстанция. Бас дәрігер Дастан Темірұлының қызмет бөлмесінен ең шеткей деген ауыл – селоларға баруға тапсырма алған қызметкерлер мен көмекші қыздар асыға басып шығып кетіп жатыр.

          Көкшетау облыстық ҮҚК басқармасының бастығы полковник Гордеев Иван Павлович қытайлықтармен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты оперативтік қызыметкерлермен «қызыл мәжіліс» өткізіп жатыр. Кенеттен оянған жанартау тәріздес, беттері ызадан қып-қызыл, бұрқан-талқан ашулы, әні-міне дегенше апоплексиялық соққыға ұшырайтындай түрде, қастары Иван Грозныйдың қастарындай қосылып кетіпті.

          - Адам Меңдібаевич, сіз ОТШ-ны  (оперативті-техникалық шара) жеке өзіңіз басқаруға тиіс едіңіз. Бұл дегеніңіз аса маңызды операция ғой. Ал сіз тез әрекет базасының жұмысын ұйымдастырдыңыз да, тайып тұрдыңыз. Әр ретте не істеу керегін талдап айтып жату керек, ә?

          - Бұдан басқа да жұмыстар бар ғой...- подполковник балаша қызараңдай былдырлады.

          - Қайдағы, сайтан алғыр, басқа жұмыс!!! Біз байланысшыны, мүмкін тіпті резиденттің өзін, көзден таса қылып алған болармыз. Енді бізге Орталық не істейтінін білесіңдер ме? Сола-а-й, Райханов!

- Мен!

- Жатақханадағы әңгіме жазылымы қайда?

- Іске салынған, жолдас полковник, Адам Меңдібаевичте.

- Оны айтпаймын, белгісіз келушінің қытайлықтармен арасындағы әңгіме жазылымы қайда?

- Ондай ештеңе жоқ, жолдас полковник.

- Немене жоқ? Сендер де ұят жоқ! Сол түні бақылаушылар не істеген? Ұйықтаған. Әлде мастыққа шалынған ба? Сөздері неге жазылынбаған?

- Ештеңе естілмеген, жазылмаған.

- Ол қалай болуы мүмкін, ә? Сендер не айтып тұрғандарыңды білесіңдер ме? Сол сәтте өздерің қайда болдыңдар?

- Азық-түлік алуға қалаға кеткенмін.

- Қандай азық-түлік? Сол орында селт етпей отыру керек еді ғой. Қалайша бақылаушылар жаңа тұлға пайда болғанын естімей қалған?

- Мүмкін гигрометрдің бетін жастықпен жауып қойған болар, кім білген? Агенттерден сұрау керек.

- Сіз бізді қалай жұмыс істеуге үйреткіңіз келе ме? Сіздің қызыметіңіз төмендетілетіні айдай анық, жұмыстан қуылуыңыз да ғажап емес! Дыбыс аяқ астынан жоқ болғанда, неге ешкім онда барып қарамаған?

- Қыздар радиобергіштің аккумуляторы отырып қалды деп ойлапты.

- Ойлаған! Олар басқа жерлерімен ойлаған. Эх, шіркін, біз құрығанда, сол көліктің номерін білсек қой. Дастан Темірович, біздің «Фиалка» көліктің тап жанынан өтті емес пе? Бұл қалай?! Тегі нұсқау сондай болған. Ол көзінен көрі жамбастарын көбірек бұралаңдатқан болар. Сізден не сұрарсың? Және бұл сіздің кінәңіз емес те, шығар. Адам Меңдібаевич, сіз «Фиалкамен» нұсқау өзіңіз өткіздіңіз бе? Онымен бақылау жолығуын өткіздіңіз бе?

- Жоқ, үлгермедім.

- Бұған енді не дерсің! Ол үлгермепті! Ал ол жалпы немен  айналысады, ә? Әйда, МАИ-дың аудандық бөлімшесіне шабыңыз! Мүмкін солардың бірі басқа жақтың ГАЗ-69 автокөлігіне назар аударған болар. Ондайлар ауданда онша көп болмаса керек қой. Бізге номер қажет, ол-жалғыз ілгек, жалғыз ғана жіңішке жіп, тек соны тартқылап қана байланысшыға, әлде резидеттің өзіне шыға аламыз.

- Павел  Иванович, рұхсат етіңізші?! - қалыптасқан жағдайға орай Теміров те әскерилерше сөйлей бастады.

- Тағы не айтарыңыз бар? Тек қысқаша айтыңыз.

- Сол, құрып қалғыр, көліктің номері жайлы. Оны білу аса қажет болса, бір пікір бар.

  - Тек пікір алысу ғана қалады, - полковник ойланып қалды, үнсіздік туды. -Жарайды, ортаға салыңыз, қандай ой басыңызға кіріп кетті?

- Институтта мен психиатрия үйірмесінде ден қоя айналыстым, тіпті жындылар ауруханасында кезекші «медбрат» болып та істегенім бар, медициналық гипноз техникасын меңгердім.

- Ол неменеге қажет? Не айтқыңыз келеді?

- Бірде профессор Свядощ қылмысты іс тергеу тәжірбиесінде болған, біздікіне ұқсас жайда қалай көмектескенін айтқаны есіме түсті. Менің ше, менде де бірдеңе шығуға тиіс.

- Сіз сенімдісіз бе?

- Әбден. Жетпіс пайызға.

- Соға беріңіз, сіздің профессор Свядощыңызбен болған жайды айтып беріңіз...

 

                                                                     ***

 

  ҮҚК-ның агенті  «Фиалка» - Зоя  Машикова кабинетке қорқыныштан бет-аузы қисайған қалыпта енді. Оны «Золотая Нива» кеншарынан жеткізген Мұса, масататтанған түрімен есіктен  бастығына басын изеп қойып, майдан шегінен неміс генералын  тұтқындап әкелген адамша пандана басып, кете берді. Қатысушы чекистер соңғы үміт берушіге мөлие қарап қалған. Гордеев Павел Иванович әлі  де Иван Грозныйдың бейнесін сақтап отыр. Осы көрністердің бәрі бишара әйелдің үрейін алған сондай, күтпеген жерде оның бүкіл аумақты да, торсиған денесі қалшылдап, кешірім сұраған Магдалина сияқты жүзін  сұсты  полковникке қарата, тізесімен құлап түсті.

-Кешіре көріңіз мені, мен әдейі  істеген жоқпын! Көрмедім мен, қарғыс  атқыр, сандар мен әріптерді. Жазықсыз жазаламаңыздар мен сорлыны!

Теміров агентіне жетіп барып, тізесінен көтеріп, жұбату сөздерін айтып әлек болуда.

– Сіз кінәлі емессіз, керісінше, біз сізден, қолдан келгенше көмектесуіңізді сұрамақпыз...» - жылы сөздер, әрине, әйелдің тынышталуына оң әсер етті, бірақ ең күшті әсер еткен бас дәрігердің сейфінде он литрлік шөлмекте сақталған таза спирт болды. Сосын кабинет иесі қалғандарды көп шуламауларын сұрап сыртқа шығарып жіберді, ал Павел Иванович алыс түкпірде тығыла түсіп отырып қалды. Зоя  Машикова кушеткаға шалқасына баппен жатқызылды. Қолдарын бүйіріне қысып, толық етті тізелерін Дастан тазалық сақтап өзінің монша орамалымен жаба салды. Бет әлпетімен бұлшық еттерінің болжырауна қарағанда, әйел өзін жайлы сезінетіні байқалып тұр, әйтседе ең сенімді тыныштандырғыш – манағы бір стакан спирт болды.

Әрекет басталды:

- Зоя, өзіңізді қалай сезінесіз? Жайлы жатырсыз ба? - Дастан  Темірович баяу дауыспен күлімсірей сөйледі.

- Рахмет, сондай жақсы, басым аздап айналады, әйтпесе жаныма жайлы, ғанибет.

- Бұл өте жақсы! Сізге босанысу қажет, демалыс керек, себебі екеумізді өте күрделі, әрі жауапты жұмыс атқару күтіп тұр. Сіз бізге көмектесуге дайынсызба?

- Иә, әрине!

- Онда бастаймыз. Сонымен Зоя, сіз тек менің ғана даусымды естисіз. Барлық бөгде дыбыстар кетті, барлық қоздырғыштар құрыды, сіз тек менің дауысымды қабылдайсыз. Менің даусым сізге «ұйықта!» деп бұйырады. Бүкіл денең, бүкіл бұлшық еттер босаңсиды, көз алдыңызда қызғылт тұман пайда болады.

Теміров медициналық гипноз әдісін жүрек соғысымен иық бұлшық еттерінің босанысыуын қадағалай отырып жасауда. Кешікпей арбауға алынған әйел, «бес» саны аталғанда терең ұйқыға кіруге тиіс.

- Зоя! Сол бір қараңғы, суық, жауынды түнгі жағдайды қайтадан еске түсіреміз. Тек енді біз екеуміз. Сонымен , Ушуров сізге үйге кет деп бұйырады. Сіз не істейсіз?

- Плащымды киемін, азық-түлік салған сөмкемді алып, есік алдына шығамын.

- Жақсы-ақ, ақылдысың! Мен сізбен келе жатырмын, басқыштармен төмен түсіп келеміз, терезеден  жарық көлікке түсіп тұр. Солай ма?

- Иә.

- Оған жарық жеткілікті түсіп тұр ма?

- Иә.

- Алдыңғы жағына бардық, көліктің капотын жауын шайып тұр; бояуы жақсы көрінеді. Түсі қандай?

- Жасыл. Қоңыр-жасыл.

- Жақсы, жарайсың! Басымызды оңға бұрып, төменге көз саламыз. Онда көліктің номері. Ақ рамаға қарамен сандар жазулы. Оларды көресіз бе?

- Иә.

- Көңіл қоя қараймыз. Мұқият қараңыз! Зоя! Сіз оны жақсы көрдіңіз. Дұрыстап қараңыз, бірінші қандай сан?

- Үш.

- Дәл үшпе?

- Иә, мен барлық сандарды көріп тұрмын! Қандай бақыт! Бірінші – үш, екінші -алты...

- Зоя, анықтап қараңыз, мен де қарап тұрмын, алтыдан кейінгі қандай сан?

- Төрт және сегіз. Қырық сегіз.

- Өте жақсы, Зоя! Ал енді әріптерді оқыңыз.

- К...Т... С...

- Ал енді, Зоя, бұл өте маңызды, бір сәтте тоқтамай көлік нөмерін толық оқып шығыңыз. Тағы да басыңызды оңға бұрып, көзіңізді түсіріңіз де, оқыңыз.

- Отыз алты, қырық сегіз КТС. – еріндерін әзер жыбырлатып «Фиалка» толық айтып шықты.

- Мен қайталаймын, ал сіз оқыңыз, жарайма? Отыз алты, қырық сегіз, КТС, дәл осылай ма?

- Иә, иә, - құдайым-ай, мен жақсы көріп тұрмын!

- Ал қазір, Зоя, біртіндеп ояна бастаймыз. Есеп беске жеткенде толық оянасыз, көзіңізді ашып, көңілді, сергек, шат-жарқын күйде аяғыңызды басасыз. Сонымен, бір. Бұлшық еттеріңізге қуат құйылып жатқанын сезінесіз бе? ...

Зоя кушеткадан тұрып үлгермей жатып, қуаныш құшағына бөленген полковник Гордев жетіп келіп, құшып, тура ернінен шолп еткізіп сүйіп алғанда, «Фиалка» қайта құламай аяғына әзер тұрып қалды.

- Жолдас Теміров, мен күні ертең сіздің жеке ісіңізді менің түсіндірмемен бірге ҮҚК-ның кадрлар басқару бөліміне жіберуді тапсырамын!

Эй, бақыт ай!  Міне ол қандай! Өмірінде тұңғыш рет Дастан Теміровтың жаны жиегіне дейін қуаныш пен шаттықа, өзіне деген мақтаныш сезіміне толды. Тап осы шаққа дейін ол мақтаныш деген сезім болатынын ешбір сезінбепті ғой. Мұндай да болады екен-ау.

                                          

                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            ҮШІНШІ БӨЛІМ

 

 

 

 

 

                                                      

                                                         КАЗАРМА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          

 

 

 

                                                   1 – Тарау

 

                                                     Беріктікке сынақ

 

Мұқабасының нақ ортасында алтын жұлдыз белгісі. Жоғарғы жақ бұрышында да алтындап «Аса құпия» деген жазуы бар матамен қапталған көк папкі.

Майор Воронов оны бүкіл қабырғаны жауып тұрған темір шкафтан алды да салтанатты түрмен стол үстіне қойды. Дастан арбалған адамша бұрын-соңды көрмеген затқа қарап қалған, жүрегі қуаныштан «Қара жорға» билеп жатыр.

- Ал қазір, Дастан Темирович, тура өзіңіздің көзіңізше жеке ісіңізді хаттаймын, фотосуретіңізді саламын, тағы бір рет сауалнама толтырамыз, арыз жазамыз, ал тәнертең фельдбайланыспен Қазақ ССР-ы ҰҚК –ның кадрлар бөліміне жөнелтіледі. Онда қарап шығады да Мәскеуге жібереді. Сіздің қабылдануыңыз туралы бұйрыққа ССРО ҮҚК-ның төрағасы генерал-полковник Юрий Владимирович Андропов өзі қол қоятын болады.

- Андроповтың өзі ме? – Дастан қайран қала сұрады.

- Бізде сондай тәртіп... – никотиннен сарғайған тістеріне қарамай Борис Александровичтің күлкісі сүйкімді, көз қарасы қошеметті. – Офицерлікке тек Мәскеу ғана тағайындайды. Ал, үш – төрт ай өткенде сез мемлекеттік қауыпсіздігінің лейтенанты болып шыға келесіз. Мамандығыңызға сәйкес келер іс тауып береміз. Павел Иванович сізге өте риза. Ол өз басы сіз туралы сыпаттама жазып қойды, бұл әлі болмаған жайт. Сізде бәрі ойдағыдай боларына мен сенімдімін.

- Рахмет, Борис Александрович!

- Маған не үшін? Сіздің дайындығыңызбен қызмет орныңызды тастап, бізге келуді қалағаныңыз үшін сізге рахмет, шынымды айтам, соңғы сәтке дейін сіз бас тартады ғой деген ойда болдым.

- Ол не дегеніңіз, Борис Александрович, мен бала кезімнен чекист болуды армандап өстім ғой.

- Бұл керемет қой! Арманға жету – нағыз бақыт сол...

 

                                                                ***

 

Әбден тойдырған селоға Дастан қайта оралуға өзін зорлап көндіргендей болды. Бар ойын тек ҰҚК-дағы жұмыс тұралы қиялдар биледі. Жол да шексіз ұзын болып көрініп келеді. Ал көз алдында неше түрлі көріністер көлбендеп өтуде: торулар, атыстар, ерлік істер: міне, лейтенант Теміровқа ерекше ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағын беріп жатыр; міне, генерал Теміров Дастан комсомолдармен кездесуде... Эх, шіркін, міне сонда, казіргі ұсақ-түйек мәселерді шешуден арылып, күн сайынғы ұрыс-керіссөз, мүлдем басқаша өмір басталады.

Анасы мен апасы Сара Дастанның қуанышын қолдамады, әйелі Сәуле «өзің білесің...» - деп қысқа қайырды, ал Қали жездесі: не құптау, не қарсылық білдірмей үнсіз қалды.

енің әкенді көтеріп Петропавл қаласына алғанда, бізді уақытша облыстық НКВД-ның ішкі түрмесіне орналастырды. Мен ол кезде бастауыш мектепте мұғалима болып істеймін және күнде тәңертен мектепке барамын. Түрменің ауласы арқылы өткенімде, атылған «халық жауларының» қатар-қатар үйілген мәйіттерінің қасынан өтіп жүрдім. Сол сұмдық көрініс әлі күнге дейін көз алдымда. – Бұл сөздер анасының аузынан аса мұңды шықты.

  •  Өзініз айттыңыз ғой, мама, олар халық жаулары емес пе?
  • Қайдағы «халық жаулары», тәйірі? Қарапайым шаруалар, малшылар. Араларында таныстар, алыс ағайындар да кездесетін. Сен өз басын адамдарға қастандық ойламайсын да, жасамайсың да ғой, ал анда, органдарда, соны сенен талап етеді, түсінемісің, балам?
  • Мұнда сен бастықсың, сыйлы кісісің, астыңда көлік, жаныңда хатшы қыз.  Бәрі бар, - үгіт жұмысына Сара араласты. – Сосын біз сендермен, мамаммен бірге тұруға үйреніп кеттік, ал сен көшіп кетпексің, солай істеуге бола ма екен? – үлкен апасы ең соңғы дәлелін алға тартты.
  • Адалын айтқанда, мен санитарлық дәрігерлікке тек қана ҮҚК  органына жұмысқа сөзсіз кіру үшін барған болатынмын. Сара, сен өзің дәрігерсің, егер болашақта соғыс бола қалса, бактериологиялық қарудың маңызы зор болады, ал мен, маман есебінде органдарға аса қажет болам, солай ма?
  • Соғысың құрысың, Аллам одан сақтасын, не деп кеттің өзің, Дато? – анасы кейістік білдірді.
  • Мама, мен коммунистпін, сондықтан дүние жүзінде коммунисттік идеяның жеңісі туралы қам жеуім керек!
  • Мұнымен маңызды әңгіме шертпек болсақ, бұл шайқы - мазақтық жасап, бөқсіп кетті. – Сара шындап ашуға мінді.

Дастан әрірек жылжып отырды. Қыза келе соғып жіберуі де әбден ықтимал.

-Ол ересек азамат, не істеп, не қоярын өзі білсін. – ақыр сонында жездесінің айтқан осы сөздері айтыс қызуын аздап басқандай болды.

 

                                                         ***

 

Бұрынғыдан бетер азапты күту күндері созбақтала өтіп жатты. Дастан әдет бойынша жұмысқа келіп, қамсыз түрмен кабинетіндегі телефоннан көз алмай отыратын болды, әйтсе де қызметтік істер, өндіріс процесстері  өз кезегімен жүріп жатты.

-Дастан Темірович! Сізге не болды? Ауырып қалған жоқсыз ба? Түсіңіз келмей тұр ғой! - шешесімен бірге зек - әкесімен көрісуге келіп, сол күйі осы құдайдың есінен шыққан селода тұрақтап қалған он жеті жасар хатшы қыз Дина күнде сұрап әбден мезі қылып болды.

Келісілген үш ай да, жарты жыл да өтіп кетті, ал Алматыдан хабар сол күйі жоқ. Дастан облыс орталығына барған сайын ҮҚК басқармалығына кіреді. Мұнда кезекші прапорщиктерден бастап, полковник Гордеевке дейін жылы жүзбен қарсы алып, достарынша қолын қысады.  Прапорщиктер тіпті оны Вороновтың кабинетіне рұқсат қағазсыз кіргізетін болды. Дастан жергілікті чекистердің бәрін жүздеп танитын болды.

- Не себеппен республикалық кадрлар басқармасы сіздің істі хаттауды созбалаққа салып жатқанын түсінсем бұйырмасын. – әр кездесуде кешірім сұрағандай үнмен, бірақ сенім туғыза жымиіп қойып Воронов осы сөздерді қайталап айта беретін болды.

Ақыры, күндердің күнінде, Дастан Вороновтың даусын телефоннан естіді:

- Дастан Темірович! Менде жайсыздау жаңалық бар. Алматыдан сіздің ісіңіз кейін қайтарылды. Ешбір түсініктеме жоқ. Сіз аса қапаланбаңыз, біз Павел Иванович екуміз кеңесе келе істі қайта жіберу жөн деп таптық. Егер жаңа арыз бен сауалнама толтырсаңыз мен ертен-ақ жіберемін.

Дастан, әрине, сол сәтте жиналып, сенімді серігі Мұсамен Көкшетауға жол тартты. Жүрегін қысып алған абыржу сезім бір сәт те босатпай қойды.

«Не боп қалды, анда? Маған шынымен қол сермегендері ме? Не үшін? Әкем үшін мені жарамсыздыққа шығарған шығар?» – осы сияқты ойлар миға орала беріп жанын қинағаны сондай, жол бойы Дастанның жүзі солғын тартып кетсе керек.

Асфальт жолдан көзін алмай, тек анда-санда жағына көзінін қырын салып келе жатқан Мұса, ақыры шыдамы таусылып:

- Темірович! Міне, сізге мен не айтқым келеді. Анда не болып қалғанын мен білмеймін, мүмкін қайғылы жай болып қалған шығар, бірақ ешқашан берілмеу керек. Вайнахтарда: «Ақша жоғалттың  - түк те жоғалтпадың. Арыңды жоғалттың – көп жоғалттың. Ер мінезділік жоғалттың – бәрінен айырылдын» -  деген ежелгі мақал бар. Осы дана сөздерді есте сақтаңызшы, өтінемін. Сіз әлі сондай жазсыз, бәрі әлі алдыңызда».

- Мұса! Мен жиырма жетіге келдім! Ал мен әлі күнге дейін өмірімнің ен басты мақсатына жеткен жоқпын. Кешікпей жас ортасына жетемін, сонда не істермін? Атылып өлуім керек пе?

- ҮҚК-ға қызмет қылу – міндет пе? Оңсыз да қызметіңіз жаман емес қой.

- Мәселе тек жұмыста ма екен? Кез келген жұмысты атқара беруге болады, ал идея ше, өміріңнің мәні болуы және сол үшін күресу - бұл мүлде басқа, келісесің бе?

- Не айтып отырсыз, Темірович? Қайдағы идея, сайтан алсын?! Біздің бастықтар не істеп жүргендерін көрмейсіз бе, айнала толы алдау, бұзылғандық, бәрі ұрлайды, бәрі тек өз қамын ойлайды.

- Бәрі емес, Мұса, бәрі бірдей емес! Ондай оймен өмір сүруге тұрмайды. Коммунизм идеясы мәңгі, адам баласы мыңдаған жылдар бойы сол мақсатқа бағыт алып келді, тек біз ғана оның негізін жүзеге асырып жатырмыз. Әрине, әр түрлі қателіктер болмай қоймайды, кездейсоқ адамдардың билікке қол жеткізулері мумкін, бірақ мұның бәрі ұсақ-түйек. Біздің қоғам негізінен таза.

 Бұған жауап ретінде Мұса жас серігінің көзіне қадала бір қарап алды да, терен ойға бойлап, үнсіз назарын жолға аударып әкетті...                                                     

 

Воронов бұрынғыдай жарқын жүзбен қарсы алды, бірақ оның қимылдарында сенімсіздік, әбігершілік байқаған Дастанның көңіл-күйі одан бетер бұзыла түсті. Көңілсіз күйде қажет құжаттарға қолын қойды да,  ҰҚК ғимаратынан өмір бойға қоштасқандай сезіммен шықты.

«Ей, Вовка, мақсат мұратына жеткен сен қандай бақытты жаңсын! Сен қазір қылмыскерлер аулап кеңес қоғамын жат элементтерден тазартып жүрсің. Сенің үздіксіз ішетін, өзіңді аямай соятын, есесіне, сауалнамаға бар деп жаза алатын әкен болды, ол әлі бар да...» - қызмет көлігінің алдыңғы орындығына жайғаса отырып, ара-тұра қолындағы шөлмектен таза медициналық спирттен жұтып қойып, үйге қайтып келе жатқан Дастан досымен ойша кеңесіп келеді. Оның бұл әрекеті Мұсаның  наразылығын түғызып, бұл жұтқан сайын ол аларып қарап қалады.

 

                                                     ***

 

Жетісудың көркем сұлу күзі!

Бізде, Қазақстанның сол түстік өңірінде, бұл нағыз суық меңдеген кез. Қатал, іші-сыртыңды түгел қаритын, нәзік сұлу қайыңдардың басына әзер тиместей жер бетін жанай өтіп, село тұрғындарының жандарына үрей мен мұң туғыза, сансыз бұйра бұлттарды алдына сала есетін ызғарлы жел соғар жыл мезгілі.

Ал мұнда, жер жаннаты Алматыда, көкпеңбек түпсіз аспан, күздің алтын көріністерімен көркейіп тұр, себебі, ағаш жапырақтары алғаш қар түскенге дейін шашылмай, күн саулесінің жылуына бөленіп тұра береді.      

Құлжа тас жолын бойлай тұнжыраған жүз жылдық емендер мен құдайға қол жайған діндарлар тәріздес, жапырақтары аспанға қарай бағыт алып өскен сымбатты шошайма теректер бой түзеп тұр.

Осындай көркем көріністен көз алып, жұмыс қалпына оралу оңай емес. Бірақ Есік қаласына қызмет көлігімен азаматша Еремееваның күмәнді өліміне байланысты іс сапармен бара жатқан ҚССР ішкі істер министірлігінің қылмыстық істер басқармасының жолдас капитаны Владимир Иванович Татаринцев ойын табиғат көрінісінен  жұмыс жайына аударуға міндетті.

Басында бәрі анық та, қарапайым сияқты болды.

Жұмыс күнінің соңында Алматы қаласының кезекшісіне, 02 телефон нөмеріне, белгісіз ер адам қоңырау шалып, көз жасын әзер тиіп тұрып, пәтерінде әйелі асылып өлгенін хабарлайды. Ол жалғыздан - жалғыз өлікпен қалуға   қорқатынын айтып, милиция қызметкерлері жедел жетулерін жалына сұрайды, талап етеді.

Тығыз түрде қалаға көмек ретінде ІІМ-і қызметкерлерінен оперативтік - тергеу тобы құрылып, оның ішіне капитан Татаринцев те кіргізілген.

Азамат Еремеев тергеушілерді ашық есік алдында қарсы алып, аспашам ілгегіне қосарланған кір жайғыш жібімен асылған әйел денесі бар ас үйге кіргізді.Тіпті мына сияқты рабайсыз жағдайдың өзінде оның сұлу денелі, ақ құба қолдары мен беті, күтім көрген әйел болғаны көрініп тұр. Ол о дүниеге аттанудан көрі, театрға немесе қоннаққа жиналған адамдай, үстіне сәнді қара көйлек, аяғына капрон шұлықтар киіпті.

Жанр заңына сәйкес, өлік маңында қираған аспашам мен аударылған орындық жатыр. Стол үстінде төрттен бірі ішілген арақ шынысымен хрусталды стакан тұр. Өзіне –өзі қол жұмсау екендігі күмәнсіз көрінді.

Көзге көрініп тұрған бұл версияның анықтығына тергеушінің еш күмәні болмады. Өз-өзіне қол жұмсаудың уәжі? Ашудан есінен ауысқан адамға себептер табылады емес пе?

Бәрібір, көркем, тұрмысы ауқатты әйелді, осындай жабайы әдіспен өз өміріне қастандық жасауға итерген не себеп болуы мүмкін...

- Араларыңызда ұрыс-керіс болып тұрушы ма еді? - ерекше істер бойынша аға тергеуші майор Орманов өзінің басты сұрағын осылайша қойды.

- Қайдағы ұрыс-керіс?! - сорлы күйеуі, дәлірек айтқанда, енді бойдақ еркек,  еңкілдеп бетін жауып жылағанда көз жасы еденге тамшылап жатты. - Менің көгершінім Нина періште мінезді жан болды.

Басқа тергеушілер, криминалистер оқиға орнының  нобайын сызып, суреттке түсіріп, саусақтар іздерін жиһаздардан алып жатыр, ал қылмыстық тексеріс капитаны Татаринцев арызданушыға қарама - қарсы отырып алып өзінің мазасыз ойларына берілуде.

«Мүнда бір белгісіз сыр бар тәрізді. Сұлу, гүл жайнаған, сүйген, әрі сүйікті әйел еш себепсіз асыла қалуы мүмкін емес қой.  Омаров, байқауымша істі жаба салғысы келетін сияқты. Кәзіргі шақта бұл маған да жаман болмас еді, тығыз түрде Көкшетауға жетіуім қажет, онда Дато жатырқап жүрсе керек. Рая апай хатында: «Спирт ішеді, ешкімді тыңдамайды. Сен ғана оған әсер ете аласың...» - деп жазыпты. - Әй, Дато, Дато! Саған не жетпейді? ҮҚК-не алмағанда тұрған не бар? Мүмкін бұл тіпті жақсылық болар!»

Сол сәтте Владимир Иванович, өзіне қадала бағалай қараған Еремеевтің суық көз қарасын көріп, біреу үстіне мұздай су құйып жібергендей сезінді. Бірақ Еремеев дереу бетін  қолымен басып, еңіреуге қайта кірісті.

«Э-э, жігітім, тергеушілер не қаласа соны жаза берсін, ал мен сені жайдан-жай жібермеймін, ішкі дүниеңді  ақтарып, өмір жолыңды қопарам! – Құдай талантпен талапты қосып бере салған жас опер іштей осылай шешті.

 

                                                          ***

 

Еремеевтер пәтерінде иелерінен басқа ешкімнің саусақ іздері табылмады. Арақ шөлмегі мен қырлы стаканда тек асылған әйелдің ғана саусақ іздері бары анықталды. Сот медсараптау қорытындысы бойынша, әйел күйеуі тапқаннан бір тәулік бұрын өлгенін және қанында көп мөлшерлі  ішімдік пен транквилизаторлар болғанын көрсетті. Еремеев сол жерде әйелі түсік тастағанынан кейін, бала табу мүмкіндігінен айырылған соң, күйеуінің қолдауына қарамай, қатты қасірет тартқандықтан дәрігерлер күшті әсер етуші осы  тыныштандыру дәрісін қабылдауға кеңес еткенін  айтып берді. Ал Еремеевтің өз басының дәлелдері темірдей берік: ол жетекші инженерлердің бірі болып қызмет істейтін АЗТМ зауыттынан іс сапарға  Есік  қаласының механикалық зауытына барып, сонда бір жеті болып келген. Мейманханада тұрғандығын растайтын құжаттар жеткілікті.

Шынымен - ақ, жалғызілікке, басқа да келеңсіздіктерге шыдай алмаған әйел өз өмірін  өзі қиғаны ма?

Сұрастыра келе және қарапайым оперативтік шаралар жүргізу арқылы, Татаринцев марқұм болған Еремеева Алевтинаның  республика министірліктерінің бірінде қызмет істейтін жан сүйері болғанын анықтады(оны Кузьмин деп аталық).

Мүлтіксіз орындалуға тиісті оперативтік ережелерді бұлжытпай орындай жүре, Владимир Иванович Кузьминмен сөйлесу алдында  ІІМ мен Бас прокуратураның деректерін қопарып қарап шықты. Еремеева сорлының жан сүйері тап сол күні өзінің тоғызыншы қабаттағы пәтерінен құлап мерт болған деген мәлімет қолына түскендегі  опердың таңғалысында шек болмады. Мәйіттің қан құрамында да көп мөлшерлі ішімдік пен транквилизатор табылыпты.  Аса мұқият тексерулер Кузьминнің тәні де, ой санасы да мүлде сау, ешқандай дәрі-дәрмек әсіресе транквилизаторлар  ішпегені, пәтерінде дәрі - дәрмек ұстамаған адам болғаны көрсетіпті.

     Ең аз дегенде, үш болжам туды.  Бірінші - адам сенгісіз деректер түйісуі, бірақ бұған оперативті қызыметкерлердің бір де бірі сене алмады. Екінші - өлер алдында әйел сүйіктісіне қоңырау соғып,  өз еркімен бұл дүниеден кететінін хабарлайды, ал  Кузьмин бұған шыдай алмай оның соңынан кетуге бел байлайды. Әрине, романтикалық жәй, бірақ оның қанына сол транквилизатор қайдан  келген. Қорыта келгенде, болып өткен оқиғаларға себеп болған, ең ақылға сиымсыз, әйтсе де, жалғыз мүмкін болжам мынау ғана: өзіне өзі қол жұмсаулық жайдың екеу де мұқият дайындалған, шебер бүркемелінген адамдар өлтіру. Бұлай болғанда ең қарапайым және өмірдің өзі талап етер принцип алға тартылады: Бұл кімге керек?

     Міне, осы сұрақ Татаринцевтің басшылықты Алевтина Еремееваның өлімі жайлы істі жабу ерте екеніне сендіруіне мүмкіндік берді, енді міне қызмет «УАЗ»-бен оның күйеуі Есік қаласында не бітіргенін толық зерттеу мақсатымен сапар шегіп келеді.

     Татаринцев, әрине, өзінің осы жолға шығуы кішігірім жеңіс екенін түсінеді, егер бірдеңе «қазып» шығара алса, жеңістің көкесі сонда болады. Бірақ жан дүниесі тынышсыз, бір мұң жегідей жеп келеді. Бәріне бір себеп: тығыз түрде Көкшетауға ұшып жетіп, бала кездегі досы Дастанға жәрдем көрсету қажет.  Ал мына істі қалай шала істеп тастап кетесің. Қылмыскер әділ жаза тартудан құтылып кетуі мүмкін ғой. Ешқашан олай болуға тиіс емес!

     «Үйге оралған бойда қоңырау шалып, Дастанды сергілтіуім керек. Оның өзі де қайдағы бір осал жан емес, тас түйін екенін, басқа білмесе де мен білемін ғой» -  капитан өзін өзі уақытша тыныштандырып, ой - санасына қылмыстық істің жай-жапсарына шоқталуына мүмкіндік берді.

     Есік қаласына келген бойда Владимир Иванович аудандық ішкі істер басқармасының басшысы, қылмыс тергеу бөлімінің жүргізушілігінен полковник шеніне дейін жеткен, сезімталдығы мен ойлампаздығы туралы аңыздар айтылып жүрген Сафарбеков Бекболатқа кіріп, жиып-терген деректерімен, өзінің пікірлерімен бөлісті. Сафарбеков байыппен тыңдап алып, астаналық әріптесіне көмекке үш тәжірибиелі офицер қосып берді. Онысы  Еремеевтың әр қадамын тексеріп, айтқандарының дұрыс-бұрысын анықтауға мүмкіндік жасады. Ұзамай қызғылықты жайттың беті ашылды.

     Әйелі өлген күні Еремеев ежелгідей зауытқа сағат сегізде келіп, екі сағаттан кейін осы қалада тұратын ағайындарыма барып келемін деп шығып кетеді де, түстен кейін, төрттер шамасында қайтып келіп, су жаңа токарлық станоктың жұмысын қалыптастырумен айналысады. Ал келесі күні зауыт асханасында түскі асын ішіп, директордың «Волгасына» отырып Алматыға жүріп кетеді.

     Жергілікті оперлер сол күні 10.30-дан 16.30-ға дейін суретте көрсетілген азаматты Есіктің ЦУМ-нан отырғызып,  Алматыға апарғанын, онда бірнеше мекенжайға соғып, кейін қайтып келіп, тура зауыт алдында  түсіргенін көрсеткен жүргізушіні іздеп тауыпты.

     Ал осыншама әшкерелегіш деректер қолда тұрғанда, Еремеевке кінәсін мойындату шемішкі шағудан оңай іс.

     Қанішер мол ақша төлеп такси жалдап үйіне келгенде, сыланып - сипаланған, мұның келуін күтпеген және соған қапаланған әйелін көреді. Күйеуі өзінің оралғанын атап  өтуді ұсынады. Әйелі залға қағаз майлықтар әкелуге кеткенде, оның рөмкесіне транквилизатор құйып, сосын есінен айрылған әйелді жайдан-жай төбеге аса салады. Одан әрі рөмкеге әйел саусақтарының ізін басып,  шөлмекпен бірге стол үстінде қалдырады.

     Бұл істі тындырып бола сала Евсеев әйелінің ашынасының пәтеріне келеді. Есік ашқан Кузьминге ол әдепті адамдарша дастархан басында отырып мәселе  талқылауды ұсынады. Ана байғұс келісім беріп, үстөлге тағамдар мен рюмкалар қояды. Еремеев ала келген транквилизатор қосылған арақты ішкен Кузьмин бірден естен танады. Сол сәтте Еремеев ессіз денені терезеден лақтыра салады да, өзінің іздерін толық жойып, келген көлігімен, ертең қайтып келіп «асылып өлген әйелінің денесін табылғанын» ресми хабарлауға келу үшін, Есікке қайтып барған.

     Осының бәрін айтып, кінәсін сөзсіз мойындаған кісі  өлтіруші, тергеуші Омаровтың кабинетінде долылық көрсеткені сондай, талайды көрген тергеушілер оған қайран қалысты. Мүмкін бұл Еремеевтың артистік шеберлігін соңғы рет көрсеткені болар.

     Бірақ оның «концерті» кезекті қылмысты шебер ашқан «Той иесі» капитан Татаринцев Владимир Ивановичті мүлде толғандырмады, тіпті қызықтырмады да. Қазір ол үйіне барады, кешкі ас үстінде бір стакан арақ тартып алады, ал таңертең ішкі істер  министірінің атына кезекті еңбек демалысына сұрап баянат жазады. Сосын ақыры оның қолдауын қажетсініп жүрген жан досы Дато - Дастан Теміровке жету үшін Көкшетауға ұшады...

     - Саған не болды, Люда? - Владимир әйелінің бетінің тым жарқындығы мен көкшіл көздерінің қуаныш жарқылына таңдана сұрады.

     - Ал сен залда кім тұрғанын қара!

     Сонда барып бала күнінен таныс досы Теміров Дастанның мүсінін көрді. Оның жұзінен бақыт сәулесі төгіліп тұрды...

 

                                                                     ***

 

     Тағы бір жыл өтті.

     Тағы да ешбір түсініктемесіз КССР ҮҚК-ның кадрлар басқармасы Теміровтың ісін кейін қайтарды. Борис Александрович Воронов шын мәнінде мұны түсіне алмай ашуға булығып: «Олар анда не істеп жатқандарын түсінсем бұйырмасын. Сіздің ісіңізді осылай созбалаңға салып қойғанда, органға қандай адамдар алмақ сонда?» - сөздері шын көңілмен айтылып, оны есту құлағына жағымды болса да  Дастанның көңіліне жеңілдік кірген жоқ.

     Осыдан соң ол алматылық тас жүрек шенеуніктерге жоғарғы билік орындары арқылы әсер етуге шешті. Өзінің саяси аңғырттығына  байланысты ол Комитет «Министрлер Кеңесінің жанындағы...» - деп ресми аталатындықтан, соған ҮҚК бағынышты болуға тиісті деген оймен Министрлер Кеңесінің төрағасы Әшімов Бәйкен Әшімовичтің атына өзінің мемлекеттік қауіпсіздік орғанына рәсімделу хикаясы,  онысы  бала кезден алға қойған арманы екенінен бастап, аяғына дейін толық баяндап хат жазып жіберді. Дастанға үміт берген тағы бір жәй: соғыстан оралғасын ауком партияның нұсқаушысы болып жүріп, әкесінің алыс ағайыны ретінде пәтер алғанша Бәйкең бұлардың үйінде тұрса керек. Бірақ Дастанның хаты бұл жолы да белгілі жолмен министрліктен комитетке, одан Көкшетауға айналып келді. Шеңбер тұйықталды.

     Воронов тағыда кінәлі түрмен жағдайды баяндап берді. Қасарушылық жағынан Дастан кенде емес. Енді ол бар жайды толық баяндап Мәскеуге, ССРО ҮҚК-ның төрағасы Юрий Владимирович Андроповтың атына хат жолдады. Хат Алматы арқылы тағы да Вороновқа келіп түседі, ал ол авторға жеткізеді. Шеңбер тағы бір рет тұйықталды.

     - Енді не істемексің?

     - СОКП ОК-ның Бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев жолдасқа жазамын. Ол көмектеспесе, СОКП-ның съезіне жазамын, мен де коммунистпін, партияның кез-келген сатысына арыздануыма хақым бар.

     - Сонысы солай ғой, Дастан Темірович, тек мұның бәрі пайдасыз, қағаз бәріне шыдайды, бірдеңе жаза салады.

     - Ал сонда мен не істеуім керек? Келесі жылы отызға толамын, мүмкіндігім мүлде үзіледі ғой.

     - Мен сізге, Дастан Темірович, мынадай кеңес берер едім: республика ҮҚК-ның төрағасы Шевченко Василий Тарасовичтің жеке қабылдауына барыңыз, тек, әрине, мен айтты дей көрмеңіз. Істің парқымен қағаз арқылы танысу – бір басқа, адамның өзін көзбе-көз көріп, айтқандарын өз аузынан есту - бір басқа. Меніңше, сіз ол кісіге жағымды әсер етіп, мәселенің оңынан шешілуіне жете аласыз. Айтқандай,  Шевченко сөзіне берік адам, оның Мәскеумен, жолдас Андроповпен байланысы мығым, беделі жоғары. Сеніңіз, бұл сіздің соңғы мүмкіншілігіңіз. Менің мұндай кеңес беруге хақым жоқ, бірақ сіздің жапа шегіп жүргеніңізді көріп жаным ашиды.

     - Рахмет, Борис Александрович! Мен қайтсем де Алматыға жетіп, Шевченконың алдына кірем.

     Ризалық сезімі тасыған Дастан майор Вороновты құшағына қысқанда, жабық көзіне жас үйіріліп, оның да сондай күйде болғанын көре алмады.

 

                                                             ***

 

-Өт, өт, жігітім, отыр! Маған сондай шумен, тарсыл-дүрсілмен бұзып – жарып жеттің екен, қысылмай мұқтаждығын жайлы айта бер, -  осы сөздермен жуан дауысты ҮҚК генерал - лейтенанты Василий Тарасович Шевченко Дастанды қарсы алды.

     Өмірінде тұңғыш рет мынандай республика деңгейіндегі жоғары басшының, әсіресе, мұның тағдыры қолында тұрған ҮҚК-ның генерал-лейтенанты кабинетінде отырғаны Дастанды шынымен жүрексіндірді.

-Алғысым шексіз! - даусы қарлыға шығып, - мен шу шығарған жоқпын, тек сізбен сөйлеспей осы ғимараттан, Алматыдан кетпеймін деп талап қойдым.

     Шевченко, шамасына қарағанда, аса биік денелі, бет - жүзінде қыранға ұқсастық байқалатын адам екен, болат түстес көзінің жанары ерекше есте қалады. Креслосында отырғанда үстөлінен таудай биік көрінген, Дастанға лупамен зерттегендей, жоғарыдан төмен қарай қалыпты.

-Сен хаттарыңмен бүкіл  республикалық, тіпті одақтық органдарға біздің үстімізден шағым жасап, мені мемлекеттік қауіпсіздікке әскери қызметке алмай қойды деп кінәлайтын көрінесің. Рас па?

     Бұл сөздер айтылғанда, Теміровты генералға ертіп келген кадрлер бөлімінің бастығы полковник Леонид Александрович Терентьев мейірімділікпен күлімсіреп отырды.

     Дастанның соңғы үміті жоғалғанын сезінген жүрегі бір уыс тас түйін бола қалды.

-Сен неменеге қол жеткізгің келеді? - генерал тыңдамасқа болмас командирлік дауыспен сауал қойды. - Бізге біреуді жұмысқа алу, әлде алмау туралы ешкім нұсқау, болмаса бұйрық бере алмайды. Солай ма, Леопольд Александрович?

     Полковник жымиып, басын изеді.

-Неге сен осыншама қайсарлықпен мемлекеттік қауіпсіздік органының тек оперативтік бөліміне алынуды қалайсың? Бізде медициналық қызмет бөлімі де бар, мамандығың бойынша сонда орналасасың, жарай ма?

     Дастанның көптен бері Бутейконың әдістемесі бойынша тыныс алу гимнастикасымен айналысып келгені осы сәтте пайдаға асып, өзін – өзі қолға алып, әуелі тынысын, ал сосын жүрек соғысын қалыпқа келтіре алды. Дәл қазір шешімші шақ туғанын: әлде қарама-қарсы отырған генерал-лейтенанттың өзі туралы пікірі мен шешіміне әсер етіп өзінің қорғаны мен жанашырына айналдырады, әлде генерал бір дәлел тауып Уалихановқа кейін қайтарады. Екінің бірі. Соңғысы - қош бол ҮҚК, қош бол бүкіл өмірін арнаған арманы деген сөз.

     - Мен мединститутте өмір бойы дәрігер болу үшін оқыған жоқпын.

     - Сонда қалай? - төрағасының қалың қастары жоғарыға бір-ақ шықты .  - Онда  неменеге оқыдыңыз?

     - Мен орта мектепті бітіргесін Көкшетау облыстық ҮҚК-ның басқармасына барып, мемлекеттік қауіпсіздік саласында қызмет етуді бала жастан армандайтынымды айтқам. Капитан Саитов: «Әскери кафедрасы бар кез–келген оқу орнын оқып бітір де бізге кел, біз аламыз» - деген үәде беріп еді. Мен мединституттың сангигтік факультетіне түстім, себебі, келесі әлемдік соғыста бактереологиялық қару жойқын қаруға айналуға тиіс, яғни, оны меңгерген мамандар мемлекет қорғауға ауадай қажет боларын білдім. Мен алға қойған мақсатыма жетуге  он екі  жыл өмірімді сарп еттім, ал сіз «медицина саласына бар»  дейсіз. Осы әділдік пе?

     Бұл сөздерді тыңдап отырған офицерлер еріксіз бір-біріне қарасып, қабақтарын шытысты.

-Қайсар жігіт, ә!? - Дастан жаққа басын изеп, - бұдан пайым шығуы да мүмкін... Леопольд Александрович, көздері оттай жанып тұрғанын көресің бе! ә?

     Терентьев күлімсіреп басын изеді.

-Менің айтайын дегенім, сіз орталық аппаратқа жарты жылдан кейін көздерін май басып кететін офицерлер аласыз. Ал бұл қайсар жұмыс істер еді, себебі, қалалықтардай емес, бала күнінен тер төгіп өскен адам. Менікі дұрыс па?

     Леопольд Александрович түсіністік білдіріп, әрине, қалалықтың аты қалалық, ал селолық - ол селолық - дегендей түрімен күлімсіреп қолын екі жаққа жайды.

     - Мен өмір бойы оперативтік жұмысқа өзімді дайындадым, бокспен айналыстым, бірінші разряд алдым, македондықша атуды үйрендім, - айтып қалды да, тап қазір «жүр қандай мерген екеніңді көрсет» - деп тирге сүйрей жөнеле ме деген  ойдан  шошып кетті.

     - Мен неге әкем үшін қасірет тартуға тиіспін? Бұл әділетсіздік қой, - Дастан қарсыластарының назарын жақында бір кітаптан оқыған құрығыр македонша атыстан басқа жаққа бұру үшін, қорғаныстан  шабуылға шығу қажет деп шешті.

     Осы сөздерінен кейін Терентьев орындығынан ұшып тұра жаздады, Шевченконың ашылған ауызы  сол күйі ашылып қалғанын Дастан аңғарды.

     - Онсызда біз апаларымызбен әкеміздің сол қылығы үшін өмір бойы жапа тартып  келгеніміз аз болғандай, енді міне бұл жай мен аттап өте алмас бөгетке айналды.

     - Ә, ә, сіз соны айтасыз ба? - полковник генералға сырлы түрмен қарап қалып, ақыры әңгімеге араласты.

     - Мұның әкесімен не болып еді, тағы? - Василий  Тарасович ашулана қабақ түйе сұрау қойды.

     - Ол бізді менің бір жарым жасымда тастап кеткен...-  Дастан әңгімеге араласа бергенде, генерал: «Тоқтай тұр, балам, мәселе онда емес» -  қолын бір сілтей сөзін бөлді.

     - Отызыншы форма, Василий Тарасович.

     - Ештеңе істеуге болмай ма?

     - Мәскеу бәрін біледі, ондағылар алдырмайды.

     Ауыр үнсіздік орнады. Шевченко саусақтарымен үстөлін тырсылдата үнсіздікке берілсе, Терентьев тергеуге отырған партизан тәріздес тәкаппар түрде  үнсіздік сақтауда.

     - Сондайқ не жазылыпты? - шыдамсыздана сұрады генерал.

     - Тұрмыс мәселелері тәрізді, - полковник екі ұшты жауап қатты.

     - Тәрізді, тәрізді... Міні бізді құртатын осы, Леопольд Александрович. Адам тағдыры шешілер сәт, ал сіз  «тәрізді», «сияқты»...

     - Василий Тарасович,  Асанов  Темірге ашылған 30-шы форма кабинетімде жатыр, мына жас жігіт ( иегімен Дастан жаққа меңзеп) таңертең маған кірмек болып лаң шығарғанда алдыртқанмын. Мен де бұл істі басқаша реттеу мүмкін болар деп ойлағанмын, бірақ дұрыс танысып үлгермедік.

- Кәнекей, әкел мұнда. Егер жәй тұрмыстық іс болса, мен Филип Денисовичке шығып, жәрдемдесуін сұрап көрем. Біз мынандай жігіттерді, осындай мамандарды аяқ астында қалдыра алмаймыз ғой. - көңілі  көтерілген Төрағасы мезетте жаны жайлана қалған Дастанға қарап көзін қысып қойды.

Тапал бойлы, арық денелі, төбе шашы сирей бастаған, аса ақылды қой көзді Терентьев жұмсақ кілемді дыбыссыз басып шықты да, бес - алты минут шамасында қолына қатырма қағаздар ұстап қайта  кіріп, үнсіз генералға ұсынды.

Василий Тарасович көзілдірігін киіп, оқуға кірісті.

- Немене, Дастан, әкең ұйғыр ма? - генерал күтпеген сұрақ қойды.

- Жоқ, қазақ, - Дастан мынадай жөнсіз сұраққа таң қалды.

Василий Тарасович Терентьевке бажырая қарады.

- Қазақ. - ол да құптады.

- Ал қайда тұрады?

- Алматы облысының Фабричный поселкесінде.

Тағы да полковникке ауыр көзқарас тірелді.

- Шамасы, тап солай болған шығар, - Терентьевтің сөзі сенімсіздеу шықты.

- Өй ш...- мәдениетті генералдың аузынан әдепсіз сөз шығып кетті. - Сіз қараңыз, Леопольд Александрович, Дастанның әкесінің жеке ісінде оны  Алматы облысы, Фабричный поселкесінде тұратын Асанов Темір делінген, ал отызыншы формада Шілік поселкесінде тұратын Асқанов Темір туралы жазылған. Айырмашылығын аңғарасыз ба?

- Бұл алтыншы бөлімнің былығы, Василий Тарасович. Біздің сұранысымыз бойынша олар тек  дайын пайым жібереді ғой. Егер ағайындары арасында Қытаймен хат алысатын адамдар болса, кандидатты қызметке жолатпау туралы орталықтың нұсқауы бар.

- Алтыншы бөлім...алтыншы бөлім. Мен оларға кузькиннің шешесін көрсетемін әлі (тағы да әдепсіз сөздер)... Маған Садықов Мақсұтты шұғыл түрде шақырыңыз... Бір әріп қате жіберу адам тағдырын шешетінін қайтерсің!

Ашуға мініп тас-талқан болған генерал ақыры көз алдында болып өткен қызу сценаның байыбына бара алмай мөлиіп отырған Дастанға көңіл аударды.

- Теміров жолдас, сіз жаныңызды тыныштап, үйге қайта беруіңізге болады. Менің ойымша бәрі жақсы болады, арманыңызға жетесіз. Жақында.

- Василий Тарасович! Мен оң жауап алғанымша ешқайда бармаймын, есігіңіздің табалдырығында отырып күтемін.

- Бар, бар балам, совет генералының сөзін берем, сенің ісіңді тездетіп шешу үшін қолдан келгенің бәрін  жасаймын. - бірнеше алтын тістерін жарқырата генерал-лейтенант күлімсірей қолын созды ...

-ҮҚК ғимаратынан қанат біткендей ұшып шығып, бірінші кезіккен таксиге отыра сала сендерге жеттім, - тым созылып кеткен әңгімесін Дастан осылай тамамдады.

Вовка, Владимир Иванович Татаринцев досын құшағына алып, әйелі Людмиланың  қызғанышты көз қарасын елемей, кеудесіне қысып- қысып алды.

-Құттықтаймын, мен бұл сенің кезекті жеңісің деп ойлаймын. Мен сені мақтан тұтам, досым!

 

                                                            2 – тарау

 

                                         Бақытқа бөленген күндер

 

«Ей әкем, әкемай-ай! Менің ұлы Жөке - Пірадарым! Сен осы бақытты күндерді, менің немерелерім, өзіңнің шөберелеріңді көре алғаныңда  ғой, шіркін!»

Шәмшіқамар балалар бөлмесіне кіріп мынадай бір көңіл ашар көріністің үстіне түсті:  қоныр түкті жылы киім кигенен  суырдың төліне ұқсас Данияр аяқтарын бүгіп бесігінде жатыр, ал жұмсақ көйлек киген Айнұр сондай маңғаз түрмен оны тербетіп отыр.

Бұлар Дастанның балалары. Және үш қызым – Сара, Роза, Кларада  да үш – төрт баладан бар.

«Менің балапандарым, тағдыр тәлкегіне шыдап бәрі де өсіп кісі болды. Ал, басында Шәмшіқамар сыныпты, балаларын жетім үіне береді, өзі қыдырымпаздыққа салынды деген алып қашпа сөздер қаншама айтылды. Шынында да, Темір мені төрт баламен тастап кеткенде, мен бары – жоғы жиырма сегіз ғана жаста едім ғой. Ал қазір менің кенжемнің өзі ол жастан асып кетті». - Шәмшіқамар күрсініп қойып, өзінің әжім басқан қолдарына, саусақтарына қарап мысқылмен жымиды: «Мыналар Атбасардың байы Жөке – Пірадардың жалғыз қызының қолдары  деп кім айтар? Қайтерсің енді, ештеңе тегін берілмейді, бул «Восход» артелінде, кей кездері ағаш кесіп, шөп шауып, байпақ басып өткізген ауыр жылдардың зардабы, бәрі міне осы қолдармен істелді ғой».

Әй, жарар, болған іс болды, өтті де кетті. Өмірге қатер туған да кездер болды, бірақ аман шықтық. Кісілер, негізінен әйелдер, өліп жатты: бірі ағаш астында қалса, бірі толтыра шөп тиеген көліктен құлап мерт болды; тағы бірін бетон сапырғыш тартып алып мыжғылады. Қаншама сорлы құрбыларын жерледі, қаншасы мүгедек болып қалды!?

Қазір енді қалған өмірді қызықтап өткізуге жағдай туды, әттен тек Дастанның органға орналасып, ертең ҮҚК қызметкерлерінің жылдық дайындық курсіне баруға Ташкентке жиналып жатқаны көңілді мазалайды. Немене оған жетіспей жатқанын түсіне алмай қойдым. Бәрі бар: беделді жұмыс, көрікті келіншек, екі бала. Жөқ, мен екі жүйенің күресінің алдыңғы қатарында болуым керек дегенінен танбай қойды. Күйеуім НКВД-да істегенде көргенмін, бұл екі жүйенің күресін. Енді көргізбесін. Баламнын анда не күтіп тұрғанынан хабары жоқ. Өзінің адалдығымен, қызылуғымен, жұмсақ жүрегімен қалай адамдар аталады? Мұның әкесіне өзінің туысқандарын оққа байлауға талай тура келді, онсыз болмайтын еді, ол да молланың ұлы еді ғой, әйтеуір өзі атылмай аман қалды.

Әй, Дастаным-ай, қайда бара жатырсын, ұлым? Бұл саған сай іс емес, сенікі емес! Бала шағында сен өжет, бірақ тілалғыш болып өстің. Егескенде көрінген иттің қасына барудан тайынбайтынсың. Ал бір жолы, әлі жетінші сыныпта өқып жүргеніңде, сен бүкіл селоны таң – тамаша қалдырғаның бар. Сол жылы қыс аса каһарлы болды. Қасқырлар село мал қораларына шапқындауды әдетке айналдырды, ал біздің үй Саумалкөлдің жағасында орналасқан болатын. Бір боранды кеште ауладағы төбетіміз Тұмардын қыңсылағанын естіп, көйлекшен отырған күйінде төрт аяқты досына көмекке атып шықтың. Саған аштықтан әбден әлсіреген қасқыр тұра ұмтылғанда, сен оны бөтен үйдін иті деп қалыпсың және осы ой сені аман сақтап қалғанға ұқсайды. Ешбір қорқынышсыз, үрейсіз, сен тәжірибелі аңшылар үйреткендей қолынды шынтағына дейін аузына тығып жібергеніңде ол не тістей, не қаша алмай толық сенің билігіңе түсті. Ал сен шақырусыз келген қатерлі «қонақты» аспай – саспай Татаринцевтерге «жетелеп» алып барғаныңда Вовканың әкесі тура жүрегіне қанжар сүғып өлтірген еді.

Саған, әрине, Алланың өзі демеу болды. Бұдан былайғы өмір жолың да сондағыдай оның шексіз рақымымен қорғалатын болсын!

Бақытты жол болсын, ұлым! Ташкентті жылы да, нанды қала деседі ғой, шын болғай!

 

                                                            ***

 

Оңтүстіктің шым қара қала үстін мезетте атлас жамылғымен жапты.

Стадионның тік бұрышты аумағының қараңғылығын жарқырап жанып тұрған электр шамдары одан бетер қоюландырып тұрған тәрізді. Футбол аланы, оны қоршаған бетон дуал және казарманың екі қабатты сүр түсті үй – бәрі қосылып жағымсыз әсер беріп тұр. Жатақхананың кейбір терезелерінің жұмсақ жапқыштары арқылы төменватты электршамдарынын сарғылт жарығы әзер өтіп тұр.

«Міне, осымен  менің коммунисттік партияның қарулы бөлігі –ССРО ҮҚК-ты қатарында қызметке кіріскен бірінші сағаттарым бастылды» -  мемлекет қауыпсіздігінің лейтенанты Дастан Теміров осылай өзін іштей кекетіп тұр.

Желтоқсан айында оған лейтенант шенін беріп, Көкшетау облыстық ҮҚК басқармасына оперативтік уакіл қызметіне тағайындау туралы жарлық келген болса, ал келесі жылдың ақпанында Теміровты ССРО ҮҚК-ның Ташкенттегі оперативтік және басқарушы құрамды қайта даярлау курсына жіберді.

Көрші республика астанасына түс ауа ұшып келсе де, құжаттарын рәсімдеп, жатакханаға орналасқанынша күн батты. Міне, енді кешкі ассыз, он орындық бөлмеде көршілерсіз жалғыз қалған, кешегі бүкіл бір ауданның санитарлық бас дәрігері қанырап бос тұрған стадионды айнала жүгіріп жүріп, дәл осы шаққа дейінгі ой елегінен өткізуде. Тұңғыш рет өмір жолын тандауның дұрыстығына күмәндану құрты жанын жегідей жей бастағанын сезінді...

Бәрі осы құпияланған оқу орнының бақылау – өткізу пункітінен басталды. Шаттық сезімі бойын жайлаған Теміров, жайраң қаға, биік табалдырықтың басқыштарынмен жүгіріп көтеріліп тар есікті қуана аша, ешкімге түстеп қарамастан қатты дауспен бәрімен бір-ақ амандасты. Жауап орнына – тыныштық.

-Сіздің құжаттарыңыз!? – украин акцентімен айтылған дүрүлдеген дауыс шықты.

Дастан жан – жағына қарады. Оның жолын есігі ішке қарай ашылатын ағаш кедергі бөгеп тұр. Бөгет артында екі үстөл қойылған, жақындауында ағаш орындықта жуан, салдыр – салақ келген прапорщик қонжиып отыр, ал әріректегі үстөл жанында креслоның тұтқаштарына ауа жетпеген, немесе бірдеңеге қақалған адамша, қос қолдап жабысқан, арық денелі капитан жайғасқан.

Дастан ренішін білдіртпей, сол бойы жалпиып отыра берген прапорщикке төлқұжаты мен жолдамасын ұсынды.

- Аттестат? – прапорщик бұрқ етті.

- Қандай аттестат? – Теміров сасып қалды.

-  Ақшалы – заттық.

-  Ал сізге ол неменеге қажет? – құжатты финанс бөліміне тапсыруға тиіспін деп ойлаған болашақ курсант одан бетер ақымақтық жасап алды.

- Сізге не айтылса, соны істеңіз. – үнсіз капитан ақыры аузын ашты. Тап сол жерде сандықшасын ашып, ақтарып, ең түбіне тыққан ақша мен құжаттарың шығаруға тура келді.

Бүкіл бір ауданның бас дәрігері, бокстан спорт шеберіне кандидат Дастан Теміровпен осындай тәкапарлықпен, менсінбеген түрмен ешкім сөйлесіп көрген емес. Бұл үшін ол бұрын арсыздардың мұрындарын бет қылған болар еді, ал қазір шыдауға тура келеді – амал жоқ: әскери қызмет әскери тәртіпті талап етеді.

Ал, мені алда тағы не күтіп тұр?

Мүмкін шешем орган жұмысы сен үшін емес дегенде, менің еркіндік сүйгіш,  көнгішсіз мінезімді есепке алып, дұрыс айтқан болар?

Бәрібір, жоғары мақсатқа жету, ұлы идея үшін өмір сүру, мещан болып жеке бастың қамын жеп, ұсақ – түйек жинап күн көруден әлдеқайда артық. Қарама – қарсы екі саяси жүйе күресі майданының бір сарбасы болу, адамзат бақытты болашағы үшін өміріңді сарп ету – осы емес пе адам үшін басты мақсат?

Оған қоса тағы бір құпия көкейкесті арманым бар – жақсы, белгілі жазушы болуы. Ал қызықты, өткір, көңіл тарттырар, кең мазмуңды сюжеттерді мемлекет қауыпсіздігі органынан алмағанда қайдан аласын? Нағыз ер жігітті  қай жерде атыс – шабыс, торуылдар, сенімді достар, қауіп – қатерлер күтіп тұрады? Ерсілеу болса да айту керек,  батылдығың, тапқырлығың, ортақ іске берілгендігің бағаланып, ең жоғары өкімет марапаттарына ие болуға мүмкіндікті тағы қайдан табасын, ә, Дастан? Тіпті көзін тіріде «Кенес Одағының Батыры» атағын алып қалуында ғажап емес қой.

Сондықтан, Дастан Темірұлы, шыда, бұл тек жолдың басы ғана, даңқты, ұлы істер алдында күтіп тұр.

Келесі күні тәңертең, ылғалдан сарғайған айна алдында сақал қырып тұрып, самайындағы ең бірінші ақ шашты көрді. Бәрі әлі алдыңда, жолдас лейтенант!

 

                                                              ***

 

Таңғаларлық жай. Келесі күннің орта шамасында, екі қатар қойылған он керуеттің бәріне құшақ жетпес еліміздің  әр түпкірінен жиылған офицерлер жайғасып үлгеріпті. Біз Ақтобе ҮҚК Басқармасынан келген аға лейтенант Фоменко Николай  басқарған бір әскери бөлімше құрадық. Оның бір жарым жылдық оперативтік тәжірибесі бар екен. Үш бөлімше оқу орнының қызметкері басқаратын взвод құрайды.

Ал оқу таңғы тоғызда басталып, әр дәрістен соң дәрісхана жаңа тыңдаушылармен толыға берді. Курстестерінің көбі оқуға әскери киіммен келіп кіріссе, Дастанға оны Басқарманың шаруашылық бөлімі берген шұға кесіндесінен тіктіру машақаты күтіп тұрды.

Мүлден басқа қоршаған орта, жаңа адамдар, жаңаша өмір салты деуге болады, барлауға – қарсы, барлау тақырыбы күні кешегі санитарлық дәрігердің ой – санасын түгел меңдеп алды. Мүлдем басқа өмір басталды.

Бәрінен қиыны, қалай десен де, он еркек, өзгеге ұқсамас он тұлға тұйық алаңда кезіккен, яғни бір бөлмеде бас қосып, сыйласып тұруы қажет. Егер студенттік жатақханада бір – біріңмен ұрысып, боқтасып, қажет болса жаға тартысу мүмкін болса, мұнда ұдайы төбенде Дамокл семсері ілулі тұрады: курс бітіргеннен кейін саған мінездемені бөлімше мен взводтас қызметтестерің беретін болады.

Осы жайға қарамай, дегенмен, тәртіп бұзушылық болып тұрды. Бұл жағынан ерекше тұлғалар табылды. Мәселен, шекара әскерінде мал дәрігері болып қызмет етіп, жылқы емдеу мен айналысып ҮҚК-не ауысқан лейтенант Беділбай Шамов ешбір ғылымнан түсінігі жоқ еселан болса да, бөлмеде болған дау – тартыстарда қалған тоғыздың аузын аштырмайтын көк мылжын болды. Және қайдағы бір дәлелдер тауып мыжығанда, не деріңді білмей қаласың. Тек ол мүлде кері нәтижеге жетті. Жігіттер оның «Беделбай» атын «Дебилбай» деп өзгертті.

Тағы да бір көрші тывалық Эрес Куулар ерекше қабылетті жадымен бәрін таңдандырып бітті. Бұған қоса ол тамаша әңгімешіл адам болып шықты. Үйқыға жатқаннан кейін бүкіл бөлімше демдерін іштерінен алып оның аңшылық, әсірісе, уссурия жолбарысына, қабандар мен қасқырлар аулау жайлы әңгімелерін тыңдауға құштар болды.

Семейлік Рашид Тусупов жатар алдында бүкіл топты шайға қандыруды өзінің парызы деп санайтын болды, және ол мұны біртүрлі туысқандық жылылықпен, қамқорлық пен істейді. Жалпы алғанда, бөлімшеге, әрине, Дебилбайды есептемегенде, ылғый ығай мен сығай жақсы офицерлер жиылған болып шықты.

Көктем шыға дала ойындары, атыс, бөлімшелер арасындағы әскери дайындық жарыстары, қоян – қолтық ұрыстар, қолданбалы спорт түрлерінен жаттығулар басталғанда Дастанның көңіл күйі жоғарылап, шаттық пен массатану сезімдері оның жанында жаңадан берік орын тепті.

Күнге күйген, шыныққан, өзіне жарасымды әскери киім киген Дастан түған қаласы Көкшетау әуежайында ұшақтан түсті. Үш апалары түгел және келіншегі Сәуле шыжыған күн көзі астында темір қоршауға жабыса түсіп мұны қарсы алды.

-Әкесіне қалай тартып кеткенін қарай гөр, оңбаған! – Роза апасы естірте таңқалыс білдірді. Тек бұл сөздің Ташкенттен ұшып келген інісіне, әлде бұл жерде жоқ әкелеріне арналғанын ешкім түсенбей қалды.

 

                                                                    ***

 

Ауыр ойға батқан жүзжылдық емендер жапырақтарының күміс түсті көлеңкелері перзентхананың екінші қабатындағы терезе әйнектеріне шайқала түсіп тұр. Оның жартылай ашық жармасында дүниедегі ең жақын, ең сүйікті жандар: әйелі Людмила мен тұңғышы Костя тұр. Сәби ұстаған Мадонна дерсің.

Төменде, қалын өскен көк шөп басқан төмпешік үстінде тұрған Владимир Татаринцев жүрегі аттай тулап ұлына ұзақ қарап алып, ризалыққа толы жанарын келіншегіне аударғанда, оның көздері астында қара дақ болғанын байқап: бекін, жансерігім, ең ауыры артта қалды, енді бәрі жеңілдейді – ойша рұхтандырып қояды.

Бәрі тамаша, ертең Люданы Костямен перзентханадан шығарады, бүгін пойызбен мамасы келіп жетеді. Бәрі орынша, бәрі жақсы-ақ... Тек жұмысында келеңсіз жай болып қалғаны жанын қинайды: табельдік қару қолдану дерек бойынша басшылықтың  оны атқарып жүрген қызметінен шеттету тұралы шешім бар. Сондай жайдың бола қалғанына не айтарсың?

            Владимир әдеттегіше түн ортасына жуықта үйіне қайтып келе жатты: кабинетінде ұзақ отырып қалды, сосын өзінің автобусын көп күтуге тұра келді. Көлік ішінде пединститут студенті, бір кіре беріс алаңшада тұратын Светланамен жолықты.

- Володя ағай, сізге жолыққаным қандай жақсы болды, мен аялдамадан үйге жалғыз баруға қорқып келе жатқанмын,  - қыз шынымен қатты қуанып кетті.

- Сонша кеш неге қыдырасың? – Татаринцев кейістік білдірді.

- Құрбымда болып, бірге сынаққа дайындалдым. Қырсық қылғандай, үйде телефон істемей қалды, бір сымдары зақымдалған дейді. Болмаса папам қарсы алушы еді ғой. Телефон сіздерде де істемей ме?

- Істемейді.

Владимир Иванович кейбір әзілқойлар «қызметкерлер геттосы» атап кеткен жаңа шағын ауданнан екі бөлмелі пәтер алған. Мұнда тоғыз қабатты тұрғын үйлер бір-бірінен алшақ орналасқан, аралары қазаншұңқырлар, көліктер тұрақтары сияқты құрылысқа арналған бос жерлер алып жатыр. Аудан «нашар» атағына ие болған: мұнда үй-күйсіздер, әр түрлі бұзақылар орын тепкен. Аялдамадан да шалғайлау.

 Тротуарлар әлі салынбаған, сондықтан қою қараңғыда жалғыз аяқ бұрмалаңдаған соқпақпен жүруге тура келді. Владимир әдеппен қыздың қолтығынан ұстап келеді – қалай десен де бөтен емес, көршісі ғой. Келесі гараждын қасында бір топ жас адамдар жиылып тұр. Олардың ішімдектен қызуқанды болып, жанжалға сылтау іздеп тұрғандары байқалды.

-Қарындас, саған шал не керек, бізбен қал! – қарқылдаған дауыспен арсыздардың бірі әзілдеген болды. Өздердің жазасыздықтарына сенімді мастардың қарқылы шықты.

 Татаринцев пен Светлана шектен шыққан  сандарбайлардың қылығына көніл аудармай жолдарын жалғастырды, тек Светлана Владимирдің қолынан ұстап, денесін тақай түсті.

-Бұлар тәкәпар адамдар сияқты ғой өздері, бізге пысқырмайды да! – мұндайда бір жексұрын арандатушы табыла кетеді емес пе?

- Казір біз көреміз, қызды көзінше  тартып алғанымызды көргенде қалай сайрағанын, - осы кезге дейін тізерлеп отырған алпамсадай жігіт орнынан тұрып, сол арада жатқан темір шыбықты қолына алып, біздің қосақтардың соңына түсті. Қалған жігіттер де қолға түскенмен қаруланып оның соңына ерді, бірінің қолында пышақтың  жүзі жарқ етіп көрінді. Олар маралды қоршап алған аш қасқырларша,  өздері пида етуге белгілеген екеуді айнала тұра қалған.

- Ескертемін, мен милиция қызметкерімін және қарулымын. Тиіскендерді атамын! – Владимир Иванович өз күштерінің басымдылығына сеніп, бастары айналған басбұзаларды ақылға салуға тұрысып көрді.

Татаринцев көзінің қырымен бір жігіт Светаның қолынан ұстап өзіне тартып қалғанын, екінші бүйір жақтан мұның басына соққы бермек болып темірін көтергенін көріп қалды. Не істеуге болады? Шыбықтың астына сүңгіп кетсе, соққы қыздын шекесіне тиеді, ал бұл анық өлім. Сол қолының иық тұсын бұрып әкеліп, бұлшық етінің бар күшін жиып блок қою, ал оң қолымен тапаншаны қабынан суырып алып, қастандық жасамақшынын жамбасын көздеп оқ ату ғана қалды. Екінші оқпен Светаны бар күшін салып тартқылап жатқан басбұзарды атып құлатты.

«Ә-әй, жеты бәлеге бір жауап!» - деген ой найзағайдай миын шарпып өткен Володя, қолында екі жүзді финн пышағы жарқылдаған жігіттің аяғына да бір оқ қадады. Сол арада кешкі ас үстінде қырлы стаканға самогонды толтыра құйып алып, әкесінің салтанатты үнмен: «Құдай үштікті сүйеді!» -  нақыл сөзбен ішіп алатыны орынсыз жерде есіне түсті.

Қалған «батырлар» жан-жаққа тым-тырақай қашты.

Татаринцев көйлегін жыртып, жараланғардың аяқтарын таңды, қорққаннан қалшылдап тұрған Светлананы жақын үйлердің бірінен МВД-ның оперативті – тергеу тобына телефон соғып, жедел – жәрдем шақыруға жіберді. Қызды: «тек ІІМ-ке хабарла, себебі, ол менің қызмет орным» -  бірнеше рет қатал ескертті.

Міне қандай жайт капитан Татаринцевтің басынан өтті, және басқа кезде емес, тап өміріндегі ең басты өқиға – ұлы дүниеге келіп жатқанда болып қалды. Ал Көкшетауда досы Дато Татаринцевтер жанұясын мемлекеттік қауіпсіздіқ сәтті басталуына байланысты өткізілер тойға күтіп отыр.

 

                                                      ***

Келесі күні Дастан, қалыптасқан әдет бойынша, сағат алтыда оянып алып, өз көзіне әзер сене жан – жағына қаранды. Иә, ол үйінде, өзінің төсегінде! Қасында әйелі Сәуле тәтті ұйқы құшағында, ал орталарында үш жасар ұлдары Данияр шалжиып жатыр. Дастан әйелінің көркем мүсініне еріксіз сүйсіне қарап қалды.

-Аллаһ сендерге жар болсын! –  бар көңілімен мейірлене күбір етті.

 Мұның алдында, Ташкентте оқып жүріп, Дастан талай әскери қадаммен Басқарма бастығы Гордеев Павел Ивановичтің кабинетіне кіріп, Жарғы бойынша салтанатты түрде, жоғары курсті тамамдап, оперативтік дайындық алып келгенің баяндайтының көз алдына келтіретін. Бәрі әлдеқайда қарапайым өтті.

Ең бірінші кіргені тікелей бастығы Беков Қайрат Бекович Дастанды көргенде әуелі анырай қарап қалды да, сосың қуана күлімсіреп: «Міне, сенің келгенің сондай жақсы болды, Дастан, бізде дәл бір адам жетіспейді. Кеттік акті залына» - әріптесін  алды – артына қаратпай сүйрей жөнелді.

Залда Басқарманын бүкіл оперативтік құрамы жиылыпты. Төралқа үстөлінде Павел Ивановичтің өзі жайғасқан.

-Қайрат Бекович! Кешіктіңіз. О, сіз қолғабасшы алып келіпсіз ғой. Дүрыс-ақ, оған ен момын баланы беріңіз, мейлі, соны гипноздап қойсын, - полковник  Теміровты кеше ғана көрген адамша көлгісіп айтты. Қатусышылар арасынан жарамсақ күлкілер естілді.

Осылайша, лейтенант Теміров қызметке шыққан бірінші күні-ақ Кокшетау облысы ҮҚК Басқармасы өткізген ауқымды оперативтік – техникалық шараға қатысты.  Гордеевтың баяндаунан оның ұққаны: жиырма бірінші сәуір күні белгісіз біреулер қалалық аурухана ғимараты төбесіне ақ бояумен адам бас сүйегі үстіне крестеп жамбас сүйектері, фашистік белгі – екі найзағай қоса салынған қара жалау орнатып кеткені болды. Бұл оқиға Адольф Гитлердін тұған күні орын алуына байланасты қала тұрғындары, партия, кенес органдары бұған саяси маңыз беріп жатса керек. Іс республика компартиясы ОК мен Орталықтын бақылауна алыныпты.

Бір болжам бойынша, бұл сол ауданда тұратын бұзақы жасөспірімдердің қолымен болған іс деп танылды. Осы болжамды жүзеге асыру мақсатында бүгін ҮҚКБ-сы тарихында болмаған аса ірі опреративтік – техникалык шара жүргізілмек: аймақтың жиырма бес жүгірмегі жергілікті мектепке шақырылып, жеке-жеке тергеуге алынады, ал сосын бірнеше бала тың тыңдайтын құрылғы қойылған бөлмелерде қалдырылады; мұндай істерден бейқам жастар болып жатқан уақиғаны өзара талқылай отырып, оған кінәлілерді байкамай айтып қалулары мүмкіндігі табылды.

Іс – шараға Басқарманың оперлері толыққа жұық қатысты. Теміров «Кемеден тура  тойға» келді дегендейік, басқа іс құжаттарымен әлі таныс болмауына байланысты, еншісіне мектептен де, мекен – жайынан да тек оңды мінездемелер берілген ең «үмітсіз» тұлға тиді.

-Рагозин Мишаны сан толтыру үшін алдық, сондықтан басыңызға кез келген тақырыпқа әнгіме шертіп, ұстай тұрыңыз. -  Гордеевтің  тапсырмасы осы ғана болды.

Несі бар, солай керек екен, қойылымда қосалқы тұлға ретінде ойнайтын боламыз.

- Саламатсыз ба? – тоңбойындау көрінген бала – жігіт есіктен амандасып, сынып бөлмесіне именшектене кіре бере ұнсіз тұрып қалды.

- Неге тұрып қалдың, Михаил, өт бері! – даусымен мейлінше молырақ шырайлық, ағайынгершілік білдіре шақырды Теміров. – Отыр, жақсылап тұрып сөйлесіп алалық.

- Рахмет, - Рагозин офицерге әсерлі күлімсірей орындық шетіне жасқана отыра кетті.

«Сенімен не жайлы сөйлеу жөн болар екен? Қорқыту – пайдасыз, бірдеңе білсен де бәрібір айтпайсың, одан да, кәне, біраз үнсіз отыра түрайық, ал мен сенің құжаттарына мұқият үңілген түр жасайын».

Үнсіздік тым ұзарып кетті, бала – жігіт жайсыздық сезініп, ынғайсыздау отырған орындығында қиқандай бастады.

- Ал, батырым, не және қалай болғанын айта бер! – басқа не айтарын білмеген Теміров, қалын ойдан шыға бергенде басына келе қалған сауалды қойып қалды.

- Не тұралы айту керек?

- Басқаны былай қойғанда, өзіңнің ерліктерің жайлы баянда.

- Қайдағы ерлік? Мен ешқандай ерлік жасаған емеспін. Мен ештеңе жасаған жоқпын.

Дастан мұнын даусынан абыржығандықпен бірге әрен жасырған қорқыныш сезімін байқады.

- Жасгвардияшылар Краснодонда қызыл тулар қалай ілгендігі жайлы оқып па едін?...

- Ол біз емес. Краснодонда ту тіккен біз емес! – жүйкесі жұқара бастаған бала- жігіт оның сөзін бөліп кетті.

- Ал туды қай жерде тігіп едіңдер?

- Бір ғана рет, қалалық аурухана үстіне.

- Сенімен бірге кім болды?

- Коля Климов.

- Мұны неге істедіңдер?

- Жәй, іш пысқасын ермек болсын деп, күлкі үшін жасағанбыз, ал тәнертен төбеде ақ плащ киген ағайлар бәрін суретке түсіріп жатқанын көріп қатты қорқтық және бұл жайлы ешкімге айтпаймыз деп ант берістік. Енді бізге не болады, ә?

- Ештеңе болмайды! Тек қазір бастан–аяқ қашан, неге және кіммен мұны жасағандарын жайлы толығымен жазып бер...Климовты да бәрін адал мойыңдау қажет, болмаса жаман болады - үгіттеп сендір... Өзің көріп тұрсың ғой, бұл іспен қандай күштер айналысып жатқанын, мемлекет қанша қаржы сарп еткенін  ойлаш.

Іс – шараны өзі басқарған Гордеев Теміровтың қолын қысып тұрып таңырқана: - Сен тым ақылдысың ба, әлде жолын болғыш адамсың ба, түсенбей қойдым!

Осылай лейтенант Теміров Дастан жұмысқа алғаш кіріскен күні ҮҚК Басқармасы төрағасының аузынан мақтау естіді.

 

                                                              ***

 

Шаттық пен бақытқа толы сағаттар мен күндер зымырап өтіп жатты.

Дастан қызметіне толық беріліп, жанын сала істеді. Оның мемлекеттік қауіпсіздік органның жұмысы туралы азаматтық түсінігі шынайлықтан алыс болғанына көзі жетті. Арнайы қызмет жұмысының негізгі  мақсаты – тор құру ұстанымы екен. Оперативтік қызметкерге «оперативтік шек» аталатын қарсы барлау телімі бөліп беріледі, оған шетел барлау қызметтері, жаудың идеалогиялық орталықтары немесе өз еліміз тұрғындарының оперативті маңызы бар бөлігі кіруі мүмкін. Осы жерде опер өзінің агенттік торын құрады, оперативті шұғыл жолығу амалдарын ойластырады, нұсқаулар береді, тәрбиелейді, бағыттайды және  ендігі қайсысы оперативтік маңызы бар мәлімет береді деп күтуде болады. Ал басшылар болса тұрақты түрде: іске тарту қалай? ақпар қайда? істер қайдалап – басқа ұрғылап отырады.

Бірақ лейтенант Теміровке осының бәрі ұнайды. Ол өзінің арналуына, тағдырына, сәттілігіне сенеды және бала кезінен еңбектің қай тұрі болмасын игілікті еселеп қайыратына әбден сеніп өсті ғой. Оған тіпті, қалыптасқан салт бойынша, мерекелік шерулер кезінде облыс пен қала басшылары, ардақты азаматтар тұратын мінбе түбінде  Басқарма офицерлерін сапқа тұрғызып қоятындығы да ұнады. Ессіздік, әрине, түкке қажеті жоқ, әйтсе де өзіне сондай ұнайтын және жарасатын сәнді форманы басқа қай жерде киесің.

Шынында да бұл жолы болғыш жігіт. Бірде ол, барлық жағынан сол кезде дос емес, тіпті дұшпан деп атауға болатын, мемлекеттік жасырын жансызына шықты.

Студент – агент «Жанат» бір жолығыста пайымдауынша, аса күдікті сағат жөндеу ісінің шебері («Санат» - деп аталық) жайлы ақпар берді. Сол Санат студенттік отырыстар мен кештерде ылғый ұлттық мәселе көтеріп, екпінді топтар құрып қарұлануға, «орыс басқыншыларына» соққы беруге, қолданымдағы саяси құрылысқа қарсы бағытталған үгіт жүргізетін болса керек. Және де ол әрқашан ішімдік пен жеңсік астарға ақша аямауы арқасында серіктестіктің  қошбасшысы санатына ие болған. Ол ән айту, домбыра тарту сияқты қабілеттерден де құр алақан емес екен. Жанат өзінің сырттай бақылауларымен де бөлісті: былай қарағанда Санаттың келбеті қазаққа келеді, қысық көзді, қара шашты, таза сөйлейді, бірақ кейде, әсіресе ойға кеткенде, беті бір түрлі мүлде сезімсіз, менмен, жек көріншті бола қалады, соны көргенде алдыңда тұрған жүз пайыз қытай екенін танығандай боласың.

Шетте жатқан, тыныш Көкшетау үшін мынадай ақпарат аса өзекті, Теміров, әрине, оперативік іс ашты, және оның барысында басқа да қызғылықты деректер мен мәліметтер жиналды. Мәселен мына бір жайт: оның енбек кітапшасында біраз уақыт Алматы облысының Талғар тұрмыс комбинатында сағат өңдеу шебері болып істеді деген белгі бар. Ал ҮҚК-ның орталық аппаратында істейтін әріптестері  бұл деректің растығын құптайтын мәлімет іздеп таба алмады.

Санат, шамасы қауыпсіздік органының ізге түскеніне сезіктенген болар, кешікпей курортты Щучье қаласына көшіп барып, жүмысқа орналасты. Теміров енді оның соңына бос қол мамандығының өкілі «Врубель» атты агентті салып қойды. Өңдеу толық қанды жүріп жатты, тек бір жолы Теміров «Врубельге» Щучьенің жалғыз мейрамханасында жолығу белгілеп, кешірелмес қателік жіберіп алды. Бәлкім, жас опердің  психикасына кино стереотиптері: жансыздар, көңіл көтеру орындары, сүлу қыздар әсер еткен болар. Бірақ, басқа жағынан алғанда: ыстық, баратын басқа қоғамдық орындар мүлде жоқ, және не жасыратыны бар, сыра ішкісі келіп кетті. Ол кезде оперативтік жұмыскерлерге жекеменшік көлік ұстауға тиым салынған, ал қызмет көлігі, әрине, барлығына бірдей жетпейтін. Міне, осындай себептермен салқын жерде отырып шөлін басуға шешкен болатын.

Агентпен кеңес үстінде залға ойламаған жерде Санат кіріп келді. Сыра сораптат бейбіт сөйлесіп отырған Дастан мен «Врубельді» көрген нысанның түрі өзгеріп, беті бозарып кетті, бірақ агентпен амандасты. Дастан әңгіме желісін үзбес үшін: «Сыра нәшар екен» - дей салды.

-Көкшетаудың сырасы тәуір, - сол жерде-ақ Санат жауап қатты да шығып жүре берді.

 Теміров Санат оны түрінен танитынын түсінді. Оған таңғалатын да ештене жоқ, еңбекшілердің мерекелік шеруі кезінде ҮҚКБ-ның қызметкерлері жыл саин мінбе астында тұрғандарын көретін кішкене ғана Көкшетаудың түрғыны  Дастанды жадында сақтауы ғажап емес қой.

Бір жетіден кейін жалдап тұрған үйде Санаттың асулы тұрған денесі табылды. Милиция: «Өзін-өзі өлтіру» - ешбір күмәңсыз қортынды шығарды. ҮҚК Басқармасы істі жаптырды. Ал Дастанды ұят қысып жүрді. Оның өз болжамы бойынша, Санат қатардағы агент есебінде өзінің Щучье қаласында ашылғаны жайлы менгерушісіне баяндайды, ал анау барлық жіпті бір-ақ үзу үшін  тыңшының  көзін құртуға бұйрық береді. Дастан, әрине, өзінің болжамы жайлы басшылыққа баяндаған жоқ, ал мұндай ойлар олардың бастарына келмеді.

Әрбір қарсы барлаушының арманы душпанның жасырың агенттін тауып, әшкерелеу болып табылады. Осы мұратқа жете алмауына тек өзінің есаландығы себеп болды.                                                       

 

                                                     3 – Тарау

 

                                              Шыңдарға самғау

 

Аға лейтенант, капитан – жұлдызшалар иыққа, дәлірек айтқанда, погондарға өз мезгілімен қадалып жатты. Капитан Дастан Теміровтың беделі күн санап өсе берді. Біраздан кейін Гордеев пен Воронов жұрт алдында оның мамандық шеберлігін, қайсарлығы мен табандылығын ашықтан – ашық мадақтап; мүмкін болған жердің бәріне: Басқарма парткомына, офицер құрметі сотына, қағаз бетінде ғана әрекет ететін дұшпанды іздеп табу және оларды заласыздандыру оперативтік топтың командирлігі сияқты қоғамдық жұмыстарға тыққылап бақты. Жалпы алғанда, бүкіл өмірінің мақсаты мен арманы жүзеге асты.

-Дастан Темірович, жанкештілікпен жұмыс атқарып, ең жоғары нәтижелерге жетіп жүргеніңіз белгілі, ал олар бүкіл Басқарманың көрсеткіштерін көтеріп көрсетуде. Бірақ түгелдей іске беріліп кетуге де болмайды ғой. Қалай жүдегеніңізге, көз астыңызда қара дақтар пайда болғанына қараңызшы. Мен орталықтан арнайы сіз үшін Мәскеу түбіндегі «Кратово» шипажайына жолдама сұраттым. Павел Иванович пен келісілді. Сөзсіз барыңыз, дем алыңыз! – кадрлер бөлімінің бастығы подполковник Воронов осындай «үкім» шығарды.

Міне енді «Қарағанды – Мәскеу» поезы купесінде доңғалақтар сартылына құлақ қоя жатып, Дастан ойға «шомылуда». Өзінің бүкіл өмірі, балалық шақтан бастап бүгінгі күнге дейінгі көріністер кинолента тәрізді көз алдынан көлбендеп өтуде.

Міне ол бесінші сынып оқушысы, таң атпай, сағат бестен күрекпен бақша қазуда, себебі, оларда соқа да, ат та жоқ, біреуден ат пен соқа жалдап аларлық қаржы да жоқ. Бақша үлкен, он екі жүздік, оған от басты азығы – картоп уақытылы отырғызсаң, келесі көктемге дейін аш болмайсың. Сондықтан да Дато әлі кеткенше тырыса еңбектенуде: күректі жерге шаншып қойып, табанымен тереңірек жылы жерге енгізіп, қара топырақты бар күшің сала аударуда. Және бұл сансыз рет қайталанады, тер сорғалап ағуда; көз алдында қызыл – қоңыр біртіндеп шеңберше айналатын дақтар пайда болып, одан бас айналып құлақта шуыл естіледі. Бірақ не болса да шыдау, қазу керек, Дастан, сен үйдегі жалғыз еркексің. Картоп өспей қалса қыс бойы аш отырамыз. Қаз, балақай, қаз...

Болат доңғалақтар жорық сарынына сала ұздіксіз сартыл соғып келеді, қырылмаған жағын күйдіре жалғыз тамшы көз жасы моншақша домалап барады...

Көкшетаудың қалалық бағына кеш түсті, дәлірек айтса түн ортасы болды.

Балалар қолдарына қағаз стакандар ұстап ұзын орындықта бір қатар отыр, ал Макс жағалап жүріп шөлмектен шарап құюда. «Портвейн № 12» - жақсы шарап. Бәрі ішіп салды, қалғанын Макс тура мойнынан жүтты. Оған көбірек тиді; бұл әділ де, себебі, ол пышақтасқаны үшін балалар колониясында отырып, бүгін ғана шығып келді. «Беломор – канал» папиросын шығарып уқалап темекісін анашамен араластырып қайтадан бос гильзаға үрлеп кіргізіп алып, тұтады. «Косячок» қолдан – қолға көшеді, әркім түтінді іштеріне бір рет тараң тартады. Тек Дастан ғана ешбір үгітке көнбей, бас тартады. Оның ұстанымы сондай: ішеді, бірақ шегу, ине салу – ешқашан! Осылайша ол өмірді жан-жақты зерттемек, себебі, бір кезде қазақтың Максим Горький  секілді жазушы болғанда кеңес қоғамының тұңғыйығы  туралы  бұндай тәжірибесіз қалай жазады?

«И-ә-ә! Мені әр түрлі жағымсыз зардаптардан тек Жаратқанның өзі сақтап қалғанға ұқсайды. Маған не боларын, қалай төмен құлдырығанымды көзге елестеудің өзі мүмкін емес. – Дастан қазір мемлекеттік қаупсыздық капитаны куәлігімен жайлы купеде  шалқайып жатып жеңілдене күрсінді.

- Жігітім, төмен түсіңіз, бірге кешкі ас ішейік, танысып әңгімелесейік, - көршісінің құлаққа жағымды дауысы естілді – төменгі орындарда мосқал ерлі – зайптылар келе жатыр.

- Рахмет, зауқым жоқ. Кешірек вагон – мейрамханаға барармың.

- Қандай мейрамхана? Біз балалардан қайтып келе жатырмыз, олар жолға үйіп-төгіп салған тағамдарын біз кемпіріміз екеуміз жеп бітіре алар емеспіз. Қысылудың қажеті жөқ, және де, менің байқауымша, біз кеңсенің адамдары сияқтымыз.

- Қай кеңсенің? – әуестенген Дастан жоғарғы сөреден аяғын салбырата отырып сұрақ қойды.

- Танысып қоялық, демалыстағы ССРО ҮҚК-ның полковнигі Волков Владимир Федорович, ал мынау жұбайым Валентина Николаевна.

Дастан еденге атып түсіп, үстін түзей сала қолдарын жанына созып жіберіп өз жөнін атады: «Капитан Теміров Дастан Темірович!»

Мұндайда міндетті жүз грамм қосылатын ас үстінде ұзақ та сырластық, «купе әсері» аталып кеткен, енді қайтып бір-бірін көрмейтін  жақсы білетін көрші кісілер астартын сырларын ортаға салатын әңгіме бұл жолы да қызу журіп жатты. Қыза келе Дастан тіпті түбінде жазушы болуды армандайтынын да жайып салды.

- Олай болса, мен сізге Ленинмен қалай кездескенім жайлы айтып берейін. Мүмкін бұл деректі ретін тауып бір керегіңізге жаратарсыз.

- Қандай Ленинмен? – Дастан сасып қалды.

- Владимир Ильич Ульянов – Ленинмен.

Теміров әңгімелесушіге қадал қарап  алды: алдында аласа бойлы, арық денелі, ұзынша бетті, басқалардан ешбір айырмашылығы жоқ қария отыр. Қалын әйнекті көзілдірігі оны үкіге ұқсатады, сиреген шаштары арасынан бас сүйегінің қызғылт терісі көрінеді, тек оның даусы көптеген жұртқа бұйрық  етіп үйреніп қалған жігерлі адам екенін білдіреді. Жұбайы, Валентина Николаевна ірі денелі, сымбатты әйел екен. Оның қайырымды, әжім аямай басқан беттері – сансыз көп ұйқысыз түндердің салдары екенін айтпай білдіріп тұр; жарқын – көгілдер көздері даналығының айқын белгісі; аз сөйлейді, кезінде көп кұпияларды іште сақтағаны сезіледі.

-Мың тоғыз жүз он сегізінші жылы мен, Мәскеудің тұмасы, он жеті жасымда Қызыл әскерге шақырылдым. Мені жақын жерде орын тепкен пулеметшілер ротасына курсқа жіберді. Күзгі салқын таңдардың бірінде бізді аланға сапқа қойып ұзақ ұстады. Ақыры былғары киім киіп, тістеріне дейін қаруланған біреулер келді де бес адам тандап алды, ішінде мен де бармын, - асықпай бастады әңгімесін Владимир Федорович. – Бізге оқтарымен бірге екі «Максим» пулеметімен  және «Наган» револьверлермен қаруландырды да жүк көлігіне отырғызып бір жаққа алып кетті.

Волковтың бұдан әрі айтуы бойынша, бұларды Горкиге әкеліп, тағы да сапқа қойып: «Сендерге ұлы құрмет көрсетілді – әлемдік революциясының көсемін күзететін боласындар» -  бұйырық беріліпті.

- Сонымен сіз Ленинді көрдіңіз бе? – Дастан шыдамсыздана сұрады.

- Жәй көру емес, бірге отырып ас іштік. Владимир Ильич те, Надежда Константиновна да, бір қазаннан дегендейін, күзетке арнап пісірілген асты олар да ішуші еді. Міне қандай олар ынсапты жандар болды.

Дастан шырқы бұзылмастан мынадай әнгіме соғып отырған адамға сенер – сенбесін біле алмай дал болып отыр.

-Бір жолы Надежда Констатиновна мені бөлек шығарып алып, каминге біраз ағаш жарып беруімді  өтінді. «Владимир Ильич камин қасында отырғанды сондай жақсы көреді» - өзінше ақтала сөйлеп. Біз Витька Носенков екеуміз ханымның өтінішін орындап көсемнің кабинетіне құшақ-құшақ отын кіргіздік. Біраздан соң қорққан әйелдің айғайын естіп, қаруымызды қолға ала салып кабинетке жетіп келсек, оның ішін түтін алып кетіпті. Надежда Константиновна қолдарын кеудесіне қысып боп-боз болып тұр, ал Владимир Ильич оны тыныштандырмақ болып:      «Наденька, тынышталшы,  камин сәндік үшін ғана қойылған, түтін тартары жүйесі жоқ!» - безектеп жұр.

Мына жайды естіген Дастанның, ұлы Тарихқа ортақтық сезімінен болар, тынысы тарылып кетті.

- Қайтеміз енді, бәрін айтып бітіре алмайсын, ұйқының уақыты келді, ертен бізді Мәскеу қарсы алады, ал онда таң тек ата бастайды. – Владимир Федорович сәкіде жатқан мысықша, төсегінде шағын денесін соза керіліп жата кетті.

- Рахым етіңіз, тағы бірдене еске алыңызшы!?

- Бірде Витькамен бірге үй-жайдын аумағын кезіп күзетте жүрген болатынбыз. Кенет қыдырыстан қайтып келе жатқан Ильич қасымызға келіп: «Сіздер не істеп жүрсіздер?» - қызық көріп  сауал қойды. Носенков бағанаша қақшиып тұрып: «Әлем революциясының көсемін күзетіп жүрміз!» - салтанатты түрмен баяндады. Ленин қабағын шытып: «Фу, жігітім, сізді осындай мақтан сөздер айтуға үйреткен кім?» - жауабын күтпей бұрылып жүре берді.

- Міне, Владимир Ильич осындай қарапайым, адамгершілігі зор кісі болды. – полковник Волков асықпай ұйқыға жинала бастады.

Ал мынадайды естіген Дастан қалай тып-тыныш ұйқтай алады?  Оған қоса өмірінде тұңғыш рет ел астанасы Мәскеуді көру күтіп тұр ғой.

Ура-а, жолдастар!!!

 

                                                                 ***

 

«Мынадай да жағдай болды: Швейцарияның шекара қызметінің капитаны шалқаймалы стол үстінде жатқан қабы ашылған шоколадқа тесіле қараған күйі купе есігі алдында аузын ашты да қалды.

- Бітті! Құрыдым! Біреу сатып кетті. – миын осы тәріздес ойлар торлап алған. Басқа нұсқа жоқ. Жанын қапа мен реніш басты және оған қосыла, біртіндеп: «Бәрібір бәрі бір кезде бітеді, міне, енді менің де кезегім келді...» - деген ой кіріп тыныштандыра бастады.

- Не болды? - ойнақы дауыспен, жас кезімде аулада төбелес шығарғысы келген балалардан сұрағандай, сауал қойдым.

- Шоколад! Біздің елге шоколад кіргізуге болмайды! – әлемдегі ең дамыған және әрқашан бейтарап ел билігінің өкілі имене жауап қатты. Байғус шоколад ішіне НАТО штабының сейфінен алынған қупия қужаттардын фотосуреттерімен микропленкасы жасырылғанын қайдан білсін.

- Көресіз бе, «Наполеон» коньягін шоколад пен ішіп отырмын. Мен оны сіздің елге тауар ретінде апара жатқан жоқпын. Коньякты мен онсыз қалай ішем?

- Мистер, сіз, мүмкін болса, шоколадты жеп қойыңызшы! – шамасы мынадай ерекше жағдайға бірінші рет тап болған капитан өтіне сұрады.

- Жарайды! – шөлмектен ұлкен жұтым жасап, шоколадтың бір шетінен тістеп алып, шайнай бастадым.

- Мерси, сеньор! – капитан жаны жеңілденіп, парызын орындаған адамдай купеден шығып жүре берді.

Ұзақ үнсіздік.

- Міне солай, Дастан! Бара жатқан еліңнің заңдарын білу шарт, болмаса тегіс жерде орға түсуін ықтимал. Ал сен Швейцарияға шоколад апаруға болмайтынын біліп пе едін? – Теміровтың әңгімелес серігі оған кавказдық шайыр – қара көздерін тігіп, ғибратты үнмен сауал қойды. Ал серігі басқа емес, аңыз болған барлаушы полковник Акопян Ашот Абгарович, оперативтік жалған аты «Артемнің» тап өзі. ҮҚК-ның өзін сыйлайтын әрбір қызметкерлерінің үстөлінде әйнек астында сол заманның үш ұлы барлаушылары: Рудольф Абель, Артем және Бен (Молодый) түсірілген фотосурет жатуы шарт болатын. Міне, казір Дастан соның бірімен теңдесіндей сөйлесіп отыр, бұған ол әрине есі шыққанша мәз. Мұның бағына қарай,  осы сәуір айында, дәстур бойынша, «Кратово» шипажайында негізінен бұрынғы барлаушылар дем алады екен. Дастан сол мерзімге дөп келіп қалыпты.

- Жалпы, менің Орталықтың байланысшысымен кездесуге сол жолғы барғаным жүйкемді біраз жұқартты, -  асықпай әңгімесін жалғастырды Акопян. -  Жолығысу мейманхананың белгілі бір үстөлі басында өтуге тиіс болды, байланысшы бұрын көрмеген адамым, сыртқы белгілерінен түстеп тануым керек. Келісілген жерге жарты сағат ерте келіп мен, әрине, маңайды барлап қарап шықтым. Байланысшы үстөл басында отыр, негізгі белгілері келеді, бірақ, біреуі – ең бастысы жетіспейді. Мені тағыда үрей биледі: «Бітті! Ашылдым! Байланысшыны ұстап, өздеріне жұмыс істеуге зорлап көндірген болар, ал ол мені құтқару үшін ең қомақты белгіні айтпай келген». Бір кезде сағат соқты және дәл сол сәтте байланысшы қалтасынан бинт суырып шығарып сол қолының басбармағына орай бастады – жетіспей тұрған белгі сол болатын. Мұндай ақмақпен жолығуға мен, әрине, барған жоқпын. Біздің жұмыста мұндайлар да кездеседі,  Дастан, ал сен барлауда бәрі ақылды, бәрі кемеңгер деп ойлайтын боларсың? Жоқ, достым, өкінішке орай, неше түрлілер кездеседі.

Дастан аңыз – адамды демін ішіне алып тыңдауда оның әрбір сөзін, дыбыс ырғағын, әр қимылын жадында сақтауға тырысуда.

Бұлар ойда жоқта танысты. Бұл сәуірде шипажайға демалуға келгеңдер аса көп емес, олардың да дені кәрі шалдар мен кемпірлер, сондықтан да зеріккен Дастан емдерін алып болғасын жақын маңдағы саябақта қыдырысты әдетке айналдырған

-Бозбала, мұнда кел! – шақурышы орындықта жалғыз отырған кавказдық пішінді егде тартқан адам екен.

«Мен саған бозбала емес, мемлекеттік қауыпсіздік капитаны болам! – ішін ыза кернеген Дастан, ашуын әзер басып бейтаныс адамға қарай қадам басты.

- Сен Алматыдансың ба? – ер адамның даусынан сонша мейірбандық пен жарқындық лебі сезілсе, ал өткір көздері сенің жан-тәніңді түгел көріп тұрғандай әсер береді; Дастан тез арада ашуын рақымшылыққа ауыстырып, сол сәтте-ақ оған сыйластықпен қатынас жасауға көшті.

- Иә, ал сіз оны қалай білдіңіз?

- Мен Қазақстанда, сіздердің тамаша қалаларыңызда бірнеше рет болғам. Алматылықтар басқа қалаларыңнын тұрғындарынан беттерінің күтімділігімен және табиғи жылы шырайлығымен ерекшеленеді. Бұл жергілікті питерліктің мәскеуліктен айырмашылығы тәріздес. Сенің атын кім?

- Дастан.

- Отыр, екуміз де зеріккендер екенбіз, әңгіме құралық. Мені Ашот деп атайды. Ашот Абгарович Акопян,  немесе Артем де. Мен жайлы бірдеңе естіген жоқ па едің?

Күтпегендіктен Дастан орындықтан ұшіп түсе жаздады.

Міне, енді бұлар күн артынан күн бірге өткізіп жатыр. Артем тыңдаушысына өзінің барлаушылық күнделікті істері жайлы әңгіме шертеді.

Артем НАТОның аса құпия құжаттарына қол жеткізген, әйелімен бірлесіп әрекет еткен,  аңыз бойынша саудагер болған. Дастан ұлы жолдасынан көп, өте көп қызықты жайлар білді. Мүмкін, күндердің күнінде ол шынымен-ақ жазушы бола қалса, сонда үздік барлаушы Артемнің айтқандарын түгел қағазға түсереді.

 

                                                       ***

 

«Әй, Вовка,Вовка! Енді не істеуге болады? Ішіп алу керек пе? Отбасым мамаммен Аиртауға кетті – Костяға таза ауа керек; Алматы, көресіз бе, тым газдалғандықтан гипоксия деген пәле пайда болыпты. Табельдік қару қолдануым бойынша тексеру жұмысы қисынсыз созылып кетті. Бірақ неге қисынсыз? Керісінше, бәрі түсінікті: бұл Басқарма бастығының орынбасары подполковник Сычевтің менімен есеп айырысу әрекеті. Дарынсыз, бірақ барып тұрған алаяқтың өзі. Істі көпіртіп, қылмыстық сыйпат беру үшін бастықтарға жүгіруде, тіпті кеңес сұраған болып Мәскеуге телефон шалған көрінеді». - Татаринцев келесі темекісін тұтатып терен күрсінді. – Жақсы жері, министрдің оперативтік жұмыс бойынша орынбасары полковник Серіков мені қорғауына алды, тыныштандырады: «Владимир Иванович, сенің нең кетті? Мүмкіндік барында дем алып ал! Жалақы жүріп жатыр, енді не керек?». Бірақ капитан Татаринцев қол кусырып, мемлекет мойынына масыл болып отыруға үйренбеген. Мүмкін бос уақытымды қалауымша пайдалануға мүмкіндік барда өз бетіммен ашылмай қалған істермен айналысқаным дұрыс болар? Сәті шықса – ғанибет, шықпаса – жоққа сот та жоқ. Тек әуелі маманың тапсырысын орындап: шіркеуге барып шырақ қою керек...

-Міне қайда нағыз ғанибет! – Владимир Иванович ойша сұқтануда. Көше қапырығынан, көліктердін шуылынан, трамвайлардың гүрілінен, өткіншілердің әбігері мен сенделусуінен кейін Никольск шіркеуінде өзіңді, кешір, Құдайым, тіл тигізгеніме, тозақта күналарыңды өтеп болып, жұмаққа кіргендей сезінеді екенсің. Шоқынуға келгендер танымастай өзгереді: жаңа ғана көшеде тұрмыс немесе жүмыс қиындықтарымен жадау тартқан кеңес азаматы келе жатса, ал мұнда, қарай гөр, тұла бойы босаңсыған,  беттері жарқын тартқан, көздерінен мейрбандылық пен адамсүйгіштік жарығы алаулаған мүлде басқа пенде көргендей боласың. Владимир Иванович өзі де байқамай бүкіл жанын қинайтын мәселелер мен қорқыныштарын ұмытты, жан түпкірінде бұрын бимәлім тыныштық сезімі пайда болды, көздеріне ыстық жас үйірілді.

«Мұнда жиірек келіп, қатыгезденген жанды жібітіп тұру керек екен, - осындай  ойға түсті коммунист, кеңес милициясының капитаны. -  Менде ешкімнің шаруасы болмауы тиіс, бізде қайта құру, жанаша ойлау.»

Біздің үміт артар із кесуші, дінге сенуге әзір коммунист осы күйде аз тұрды ма, ұзақ тұрды ма өзіне де белгісіз, тек бір сәтте құлағын басып қалған тапанша сияқты кеуде ішінде бірдеңе шырт ете қалғанын сезінді. Владимир лезде жинақыланды, бұлшық еттері тартулы электр сымдардай гуілдеді. Оның былжырай бастаған жанына ылан салған не болды екен? Көз қарас! Өткір, қатал.

Тоқта! Бұл қайда болып еді?

Солай-солай... Өткір, қатал... Одан әрі, меніңше, мынадай сипаттама берілген:  «Адамға ұқсамас, дәлірек, қасқырлық, жанарынын түбінде көмір қызарып жанып тұрған сияқты.»

Болды, есіме түсті. Бұл «Заря» тұрмыс аспаптары зауытының өлімнен кереметтік күшімен әзер аман қалған кассирі Лариса Моринаның көрстуінен ғой.

Қылмыс жыл басында жасалған. Морина күзетші мен жүргізушінің қорғаумен банктен қызметкерлердің жалақыларына арналған ақшаны алып, зауыт ғимаратына жақындап қалғанда, олардын ескі «Москвичін»  қарақшылар «Жигули-09» көлігі жолын кесіп тұра қалады. Беттерін перделеген екі еркек атып шығып, қақ мандайдан шолақ мылтықтан атып, үшеуін де жаратып – салып, ақша салған сөмкені қолтыққа қысып тайып тұрғаны анықталған болатын. Оққа ұшқан үшеудің ішінен тек Морина ғана тірі қалды; шабуыл жасағандардың бірінің көзінің осындай ерекшілігін сөзбен сұреттеген де сол болатын. Әдеттегідей, кейінірек қала сыртында өртенген «Жигулидің» қаңқасы табылды. Бітті! Іс ашуға қажетті деректер түгел жойылған, оперативтік – тергеу тобы әзер тірі қалған кассирдің қиялы көрсетуінен басқа ешбір ілмек, белгілер таба алмады. Іс жабылды.

Енді міне қайдағы бір көрініс, сезініс капитанның тыныштығын бұзып, мазалап тұр. Мүмкін мұны Құдіреті күштінің өзі Алматы милициясына, Татаринцетің жеке өз басына көрсетіп жатқан көмегі деп бағалау қажет болар? Қалай десен де Құдай үйінде тұр, ал адам өліміне соқтырған тонаушылық – үлкен күнә.

Жарайды, жетер жолдас капитан осы болжырағаның! Владимир шырақшам алды да мехрапқа келіп көз қиығымен «нысанды» көретіндей жерде тұра қалып,  майшамын тұтатып аузына келген сөздерді былдырлап айта бастады: «Жалғыз Ием, Ленин мен партияға құт берегөр, о Құдайым!» Татаринцев өзге тілек сөздерін мүлде жадынан шығарып, осы сияқты сөздерді қайталап айтып, қасында тұрғандардан да жиі шоқына берді.

Сөйте тұра капитан оның назарын тартқан, «Бөрі» - деп лақап ат қойған азаматтың әр қимылын бақылап үлгеріп тұр. Ол отыз бестер жастардағы; орта бойдан сәл аласа, бет әлпеті есте қалмайтын, арықша; шаштары қысқа қырқылған; сол қолынын саусақтары зағыптанған, оң қолының саусақтарына жүзіктер бейнеленген адам екен. Суық шашып тұрған, қанжардың жүзіндей өткір көздері ерекше назар аудартады. Мұндай кісіге адам өлтіру, шыбын соққанмен бірдей.

Шіркеу ғимараты қызметтен бос осы мезгілде жұрт негізінен Христостың бағанаға керіп шегеленгені  бейнеленген иконның маңында топтасқан. Сол жерге ұры сияқты жан-жағына алақтай «Бөрі» де жақындады. Міне ол қарсы келген ер адамға ешкімге байқатпай төрт бұрышты кішігірім пакетті ұсына салды да, борышын өтеген адамша сезініп шығар есікке беттеді.

Татаринцев, әрине, оның сонынан ере шықты. Нысан асықпай басып жақын аялдамаға барып, трамвайға отырып қаланың шығысындаға Малая станицаға жеткенде қарғып түсті де, жан жағына барлай қарап алып, шаң басқан көшелермен жүріп кетті.

Оның соңына түскен ерікті «ізшіл» түр-әлпетін өзгерту үшін куннен қорғағыш көзілдірігі  мен пинжагін шешіп білегіне іліп, арықтағы суға бұйыр шашын сулап маңдайына түсіріп, көйлегінің женін түріп алғанда, жеңіл көңілді село тұрғынының бірі болып шыға келді. Әзірше бәрі жып-жылмайғай өтіп жатты. Әзірге...

 

                                                           ***

 

Бүкіл Көкшетау облысы дұрлігісте: КПСС ОК-нің Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан компартиясы ОК-нің  бірінші хатшысы Димаш Ахмедович Қонаев келгелі жатыр.  Облыс аралап шыққаннан кейін бір тәулік Бурабай өлкесінде орналасқан № 14 «Карасье» мемлекеттік резиденцияда тынығады. Сол жерге шұғыл түрде ҮҚКБ-ның бір топ чекистері жіберілді. Солардын ішінде капитан Теміров та бар және оған бұрынғы санитарлық дәрігер ретінде қас элементтердін, болмаса шетел агенттерінің қастандық әрекеттерін  болдырмау үшін аспахананың жұмысын қадағалау міндеттелген.

Келді, бөлек үйде орналасты, тамақтанып алып суға шомылуға шықты.  – Ертегі көрініс, жақұттай жалтыраған, малахит түсті жүзжылдық қарағайлар қоршаған көркем көл. Ақ бұйра бұлттар көшкен аспан. Бар дауыспен: «Өмір, сен сондай тамашасың!» - даустап айғай салғын келеді де тұрады.

Ал кешке қарай әдеттегі әбігершілік басталды: резиденция қақпасына қара «Волга» жүйіткіп келіп тоқтады, соңынан баяу, маңғаз жүріспен үкіметтік қара түсті ЗИМ келіп жетті. Комиссар Горяиновтың қоштаумен Қонаев асықпай, мүсін ұстай лимузиннен түсіп, екінші қабатқа көтеріліп, өзіне тиісті  бөлмеге кіріп кетті. Кейінірек өкімет пен облыс әкімшілігінің басқа да мүшелері келе бастады. Бұдан соңғы жайларды Дастан көре алмады, себебі ол өзінің қосыны – тағам блогына кетті де, одан өзінің демалыс бөлмесіне тұнортасынан асқанда оралды.

Одан сон екі сағат өткенде екінші қосынға: Қонаевтың өзі және Министрлер Кенесінің  төрағасы Байкен Әшімов орналасқан негізгі ғимараттың дәлізінде күзет етуге келді.

Дастанның үлесіне ең ауыр таң алды мезгілі тиді. Шаршаған аяқтары гуілдеп барады; стол жанына отыра қойып еді, қалай қалғып кеткенін байқамай да қалыпты. Оны сыртқы шыны есіктің сарт жабылған дыбысы оятты. Көзін әзер ашып, басын көтергенде Дастан баспалдақтан түсіп бара жатқан Димаш Ахмедовичтің ұзұнтұра тұлғасын әйнек арқылы көрді. Ол мезетте атып тұрды да,  сыртқа шығып күзеттегі нысанның соңына ерді.

Түн әжептәуір салқын да қараңғы екен; шамдардың жарығы түн қараңғылығын дәл үшке бөліп тұр, ал оларды ұйқысыз түнгі шыбын-шіркейлер меңдеп алыпты. Жылы плащ киген Қонаев, тас төсеніш үстімен, қолдарын артына ұстап, ауыр жүк арқалаған адамша бүкірейе басып барады. Теміров ауық-ауық қолтығы астындағы тапаншаны түзеп қойып дыбыс шығармай еріп келеді.

Ох, шіркін, капитанның осы кез миын қандай қиялдармен құштарлық билеп алып келе жатты десенші. Республиканың бірінші басшысының өмірін қандай да бір кауіптен сақтау үшін ерлік іс жасауды көксеп келеді. Біреу-міреу оған қастандық жасамақ болса ғой! Ойланбастан айқасқа түсіп, қымбатты Димекенді өз денесімен жауып, жауларын атып қырар еді! Бірақ айнала меңіреу тыныштық. Тым болмаса, осы жақта қаптап жүретін сабалақ аю шыға келіп, нысанға қауіп туғызса ғой, олда жоқ.

-Жақын келші! – Қонаев қазақша ақырын, әйтсе де, анық сөйлеп шақырды.

Теміров бағынды, және дивизиянын күзетшілері полковник Каппельдің казактар отряды шабуыл жасаған мезетте ұйықтап қалғандықтан Чапаев қаза болғаны жайлы ақыл – әңгіме тындауға әзерленді.

- Сен кімсің?

- Капитан Теміров.

- Ата – анан бар ма?

-  Тек анам бар.

-  Сенімен тұра ма?

-  Әрине.

-  Балалар бар ма?

- Әзірше екеу.

- Әзірше екеу дейсің бе? Жігітім, сен бақытты жансың. Ал маған құдай бала бермей қойды.

Дастан мұндай жағдайда не айтуға, ұлы адамды қалай жұбатуға боларын біле алмай, үнсіз қолшиып тұр.

- Бәрі Димаш Ахмедович бақытты адам деп ойлайды. Жоқ, олай емес, шын бақытты жан сенсің!

- Рахмет, Димаш Ахмедович!

- Рахметті маған емес, шешеңе, тағдырына айт...Білесің бе, жігітім, айда, кеттік менімен!

Қонаев Дастанды банкет залына алып кіріп, кешеден бері жиылмаған үстөл басындағы өз орнына жайғасып алып, екі хрусталь стаканға өз қолымен «Пшеничная» арағын толтыра құйып, бірін өзі алып, екіншісіне сол қолымен нұсқап:

- Кәне, жігітім, сенің балаларың үшін, сенің шешен үшің, сенің бақытың үшін алып қоялық! – демесін бе.

- Мен ішпеуші едім, Димаш Ахмедович! Оның үстіне, қызметтемін, қосында тұрмын ғой!

- Ә-әй, жігітім, қарсыласуды қой! Бұдан кейін саған Димаш Ахмедовичтің өзімен ішу мүмкіндігі қашан тиеді деп ойлайсын, ә!? Қорқпа, іш! Ал Шевченкоға «саған тиме» деп айтамын.

Мына сияқты дәлел демелерден кейін Дастанға стаканды бірақ қағуға тура келді, бұл жағынан оның тәжірибесі жетерлік; ал Қонаев өз ыдысынан тек орталай  ұртады.

-Жарар, жігітім, кеттік ұйқыға...

Дастан столі жанына қайыра отыра беріп, қалай ұйықтап кеткенін тағы анғармай қалса керек.

- Сен немене, есіңнен мүлдем ауыстың ба? –  ауыстыруға келген майор Дулат Нұржанов, айтқандайын Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Нұржанович Әуелбековтің туған інісі, жұлқып оятты. – Қосында тұрып арақ ішу! Бұл үшін трибуналға береді.

- Димаш Ахмедович мені зорлап ішкізді.

- Жетер, былшылдауды тоқтат! - ашу қысқан Дулат тіпті әріптесіне қол көтеріп қалды, - бар, сүға түс, мүмкін көмегі тиер! Сенен жарты шақырым жерден спирт исі мүңкіп тұр.

- Коммунисттік адал сөзім! – Дастан басы салбырап қызметшілер тұратын үйге қарай жүріп кетті.

«Сау басыма сақина тілеп алдым-ау, сайтан түртіп, дәл айтқанда, Қазақстан компартиясының хатшысы түртіп, - күйінішті ой Дастанның жанын жегідей жеп келеді. 

 

                                                            ***

 

Тамызда Алматы кештері тамылжыйтыны сондай, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, оны оңтүстіктің күн нұрымен жылынған бүкіл дененмен, бүкіл балбыраған жаныңмен, бүкіл сезім мүшелеріңмен сезінуің қажет. Көше бойлай күміс түсті жапырақтарын салбыратып теректер көкке өрлей өсіп тұр; аулаларда пісіп тұрған, арасында көк шөптен тоқылған кілемге иісі мұрын жарар жемістері тырсылдап түсіп жатқан алма мен алмұрт ағаштары  солардың салмағынан ыңқыл салады. Қалын өскен өсімдіктер артына «тығылған» бір қабатты ағаш үйлер, айналада не болып жатқанын жіті бақылайтын тәрізді көрінеді.

Татаринцев «Бөріні» осындай ескіліктен қисайған, қоршауы жартылай қираған, аулада ағартылған уақытша үйшігі бар үйлердің біріне «алып келді».

«Нысан» ағаш қақпаға жетіп, есігін жартылай ашып тұрып, жан-жағына байыптап қарап алды да, қараңғы қуысқа зып беріп кіріп кетті.

«Со-лай, маңайға барлау жасаймыз». Ерікті түрде мойнына міндет тауып алған капитан шұқыр-шұқыр жаяулар жолымен жүрісін жалғай берді.

- Әжеке, айтыңызшы, мұнда ешкім пәтерге жібермей ме? – Татаринцев аула алдында алансыз отырған сақа әйелден сұрады.

- Ой, немере табыла қалды! Өзің қайдансың? Біздің жақта сендейді көргенім осы. – кемпір оның бас-аяғын бір шолып шығып, сұрақты өзіне қойды.

- Мен жат жерден, Қазақстанның солтүстігінен келдім. Алматыға жұмысқа ауыстырды. Тұрақ бергенше пәтер жалдап күн көруге тура келеді.  

- Милиционерсін бе, немене?

- Оны қайдан шығардыңыз? Мен геологпын. – Владимир мамандықпен байланысты ойына бірінші келген сөзді айтып қалды.

- Жәй, көзқарасың сенің бір түрлі ауыр, жабысқақ көрінді. Сендерге, геологтарға, оппа болды ма, немене? Әне Тонька Дундичиханың үйшігінде үш бірдей геологтар тұрып жатыр. Бірақ олар Ресейден оқуға келген деседі. Жақында кететін болар. Мүмкін ол сені де кіргізер, үйшігі оның кең. Ал сенің бала-шаған бар ма еді, болмаса, біздің учаскелік білесің бе қандай қатал екенін?

- Үйленгенмін, ұлымыз бар, Костя.

- Костя дейсің бе, ол жақсы екен. Тонька, аздап ішетіні болмаса, қайырымды қатын. Ештеңе етпес, сен онымен бала шоқындырмайсың ғой, аз уақыт тұрасың, сосын мүмкін пәтер беріп қалар.

- Тоняңызда тұратын геологтар қандай адамдар өзі? Мүмкін таныс болармыз?

- Ал сен бал ашпай бар да көр өзің. Мүмкін таныстарын болып шығар. Тек бұлардың оқулары бір түрлі оғаш: күні бойы тырайып жатады да, кеш түсе қалаға шығады.

- Мүмкін кешкі ауысымда оқитын болар.

- Сосын көздері де бұлардың оғаш. Рентген сәулесі сияқты өңменіңнен өтіп тұрады. Ал ана Гришкадан мен жайдан-жай қорқам, тура қасқырдың өзі. Сөз сөйлегені – шеге қаққандай!...

- Ж-ә-ә, әжеке, сіз қазір қорқыныш үйіп –төгесіз де, мен қашып кетем. Ал сіздің айбарлы учаскелігіңіз тұрғындарын тексермеді ме?

- Ендеше! Тонька бұлар оған, қалай еді әлгі, терісі солтүстіктен әкелінген,... құлақшын сыйлапты деп отыр.

- Ол қандай аң сонда?

- Тоньканың айтуынша, тумаған бұғы төлінің терісінен тігілген. 

- Солай екен ғой! Онда, әрине. Жарайды, мен кетейін, мүмкін тағы бір жерде  пәтер жалдаушы табылар. Рахмет сізге, сәті түссе тағы кездесіп қалармыз. Ал сізді қалай атауға болады?

- Менің атым, қарағым, саған неменеге қажет?

- Жәй, «Мыңнын түрін білгенше, бірдің атын біл» - деген бар ғой.

- Дұрыс айтасын! Кузьминичнамын мен, Евдокия Кузьминична.

- Рахмет, сау болыныз, аурманыз!

- Сен де сырқатсыз бол, қарағым!

Бірер сағат өткенде қылмыс істерінің капитаны, бұл жолы жекебас ізші, екі шөлмек шарабын жемімен қоса салған тарқапшығын ұстап, бізге таныс шарбақтын қақпасын қақты. Бақытына орай үй иесі әйелдің өзі шықты.

- Саламатсыз ба, Тоня апай! - дей сала, дұрыстап қарағасын тілін тістердей болды. Қарсы алдында қара қасты, қара көз, жасы шамасы отыз бестерден аспаған, ішімдік көбіререк ішкендіктен беті ісіңінкреген сымбатты казак әйелі тұрды. - Үш үй әрі тұратын Евдокия Кузьминична сізге жолығуға кенес берді... 

Бұдан әрі Владимир Иванович жолшыбай ойлап шығарған аңызын айтып берді, тек тұрақ әзірге қажет емес, отбасым әлі көшіп келген жоқ, қазіргі тұрғындар кеткенше күте тұра аламын дегенді қосты. Ал қазір ол тек танысып, болақ тұрағын белгілеуге және бірер стақан шарап ішіп көңіл көтеруге келген, мейманханада іші пысып бітті жалғыз тұрып. Егер, әрине Антонина қарсы болмаса.

Антонина қарсы болмады, отырыс ойдағыдай өтті. Ой, қандай тамаша өтті десеңші!...

Владимир Иванович біреу иығынан қаққандай сезініп оянып кетті. Көзін ашып жан-жағына қарады, басы таңқаларлық жеңіл,  рингте бірінші раунд алдында, қарсыласынан басымдығына сенімді, тамаша спорттың қалыпта тұрғандай бір зыңыл естілгендей болады. Антонина қабырғаға қарай бұрылып, бүкіл сымбатты денесін сымдай созып ұйқыда жатыр. Арқасынан қарағанда оның тұлғасы қолдан жасалған гитараны еске түсіреді: аса, аса құштандырарлық көрініс.

Сақтықпен төсектен тұрып киінді, сағатқа қараса түнгі екінің шамасы екен. Әйел терен ұйқыда, пысылдап қояды. Бұл қорылдағаннан артық, шашалып ұйқысын бұзбайды.

Отырыс кезінде Татаринцев тұрармандар кеткен шақты еске ұстаған болатын: екеуі бұл тұрғыда біраз күлісіп те алған. Сондықтан капитан үйшікке батыл кірді, уақыт әлі жеткілікті, егер ұсталынса болашақ тұрағыммен танысуға келдім дей салады. Шарапқа қосып сатып алған қалта фонарын жақты. Екі бөлмені де мұқият тінтіп шықты. Зат көп емес: екі кереует, жиналмалы кереует, стол және аздаған киім-кешек. Күдік туғызар түк жоқ, бір де быр сандық, жол сөмкесі көрінбейді. Түсініксіз. Антонина ағаш еден астында жертөле жоқ деген. Пышақпен тақтайларын шұқылап көріп еді, екеуі ысырылды. Табылды! Ақшаға толы екі сөмке жатыр.

Қалғаны - техниканың ісі...

Екі аптадан кейін капитан Татаринцев Владимир Ивановичке келесі милиция майоры шені мерзімінен бұрын берілді.

Ал осының алдында ғана ССРО ІІМ-нің комиссиясы Татаринцевтің  табельді қару қолдануы кұкықты және амалсыздықтан болған, оның әрекеті адамдар өмірін «бұзақы элементтердің қылмысты қастандығынан қорғауға бағытталған  дерек» - деген қортынды шығарған болатын.

Осы оқиғалар  өткеннен кейін Владимир Иванович қызметте басқа бақ қону,  сәті түсу деген құбылыстар туралы ой ойлап, талай рет бас қатырды. Кейбір зертшілер мүны сәттілік - дәйекті, қайсарлы жұмыстың қортындысы, әсері, жемісі деп түсіндіреді. Бірақ мына жағдайда аса қауіпті қылмыскерлер, қанішерлер мүлдем кездейсоқ, сезім арқылы, қайдағы бір аңыз «бөрі көзқарасысын» тәжірибелі оперативтік қызметкердің іштей сезінуі негізінде ғана құрықталып, залалсыздандырылды.

Мүмкін бар іс Құдайдың құдыретінде тұрған болар: Адам атағына лайықсыздардың Құдайы үйге кірулеріне хақтары жоқ.

 

                                                               ***

 

Дастан оянғанда үйде ешкім жоқ болды. Сұмдық сезім зәресін алып, жанын қысып барады. Бітті! Бәрі кетіп, мені масқара етуге қалдырған. Анықтап қарай келе, сөмкілерді көріп, әріптестер Қонаевты шағарып салуға кеткенін түсінді. Қайтемін, асығатын ештене жоқ, бәрібір кешіктім; жуынып, қырынып, шәй ішіп алу керек.

Мемлекет резиденциясы бас ғимаратының жаны ығы-жығы. Республика бірінші басшысының барша нөкерлері жиылған. Жоғары деңгейлі шенеуниктер дәлізде, қалғандары төменде басқыш манында топырлап тұр. Ешкім дауыс көтермейді, бәрі сыбырлап сөйлесуде: таңғы сағат он болды, ал «Ноль Бірінші» әлі жоқ. Мүмкін ұйқыда болар, ал мүмкін...

Танатқалы ешбір тапсырма алмаған Дастан бос сенделіп жұр; маңайында болып жатқан жайларға қызыға қарауімен мәз.

-Димекен әлі оянбады ма екен? – министрлер Кенесінің төрағасы Байкен Әшімов ҮҚК-ның төрағасы Шевченко Василий Тарасовичтен, сен ҮҚК-сың ғой, бәрін білуге тиіссің дегендей, жартылай сыбырлай сұрады (сыбырлау оған жараспайды).

Жоғары сенімге ие болған генерал, аяғынын ұшымен басып басқыш пен көтеріліп барады да,  өзі екінші қабатта не болып жатқанына жолай құлақ салуда, кенет, бірдеңеден шошынғандай, жылдам төмен жүгіріп түседі. Батылдығы баспалдақтың тек жартысына дейін көтерілуге жетеді. Осылай бірнеше рет.

Дастанды көрген Гордеев Павел Иванович көз жасын әрен тежеп, қайғылы үнмен: «Димаш Ахмедович кешігіп жатыр! Бұрын-сонды мұндай болып көрген жоқ! Дәрігері де ешжерде жоқ!» - ауыр күрсініп сыбрлады - Теміровтың медицина білімі бары есіне түскенге ұқсайды.

-Мен екінші қабатқа көтеріліп, онда не болып жатқанын қарасам қайтеді? – құрметті бастығы үшін отқа да, суға да әзір Дастан опертивті ынта білдірді.

Өз қызметкерінің жеңіл ойлы сөздерінен тұған теріс әсердің молдығынан полковник басын шайқап, үнсіз жұдырығын көрсетті. Сонда капитан, егер олай болса, Қонаевтың жеке басы дәрігері Ахат Аминовичті іздеп тауып, бастығына алып келуге шешім қабылдады. Осындай игілікті мақсат қойған Теміров қасарлана  баспалдаққа шығуға өзіне жол аша бастады.

Жеңілдене дем шығарыс пен қуаныш шуылы манайды алып кетті: екінші қабатқа кірер есік шалқая ашылып, республиканың бірінші басшысы баспалдақ алаңына шыға келді. Ол қоршағандарға қолын маңғаздана бұлғап басқышпен түсіп келеді. Қонаевтың өңі ширақ, әп-әдемі көрінді, көзге көрсете есінеп те қояды.

- Ох, қатты ұйқтап қалыппын! – сол сәтте оның көзі, қалайша болғаны беймәлім, бірақ, бәрінің алдында тұрған Дастанға түсті. – Бәрің ұйқыға батқанда, біз мына жігітпен бір-бір стаканнан тастап алғанбыз! – қуаттау гуілі мен жағымпаз күлістер естіліп жатты.

- Василий Тарасович, сен бұған тиісуші болма! – Димаш Ахмедовичтің аузынан бұл сөздер  жылылық пен тілектестік білдіре айқын шықты. Қуаттау күлкісі қайта гуілдеді. Және баршасы, неге екені белгісіз, капитанның қолын қысып жатты.

- Сен кімсің? – генерал - лейтенант Шевченко, қол қысуға өз кезегі келгенде, даусы гүрілдей өзінің кіші әріптесіне сұрақ қойды.

- Капитан Теміров!

- Иә, иә, есіме түстің. ҮҚК жүйесіндегі жалғыз дәрігерсің ғой, -  төраға қабағын қарс жауып. – Міне былай, капитан, бұдан былай сен Алматыда, комитеттің орталық аппаратында қызмет істейтін боласың. Мені түсіндің бе?

- Тап солай, жолдас генерал – лейтенант!

Бұған не айтуға болады. Не істерін Құдай өзі ғана біледі!

 

 

                                                

                                               

 

   

 

  

 

 

                                       

                                                                       

 

 

 

                                                            

                                              ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

 

 

 

                                                      САТҚЫН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    1 - Тарау  

   

                                       Алматы, қайран Алматым!   

 

Алма-Арасан. Үлкен Алма-Атинка.

Бұл шатқалдын, әлде болмаса тау өзегінің атақтарын білдіретін сөздер құрамасы ғана емес: бұл дегенің – музыка, әуен, рапсодия ғой.  

Өзек крейсерлік жылдамдыққа көшкен әуе кемесіндей бір сарынды гүріл салып жатыр. Көкпіңбек аспанда бір шоқым да бұлт жоқ. Тек алыс батыста ғана бірдеңе ағарыңдайды: әлде өмірге жаңа бұлт келіп жатыр ма, мүмкін реактивті үшақтың  артында қалған ізі тарқап жатқаны ма, белгісіз. Күздің ерке күні ақырын жылжып,  жер алқа отарына қоштасы көз тастап, оларды жарық пен көлеңкеге бөле, бату орнына бара жатыр.  Бұл, әсіресе мына шатқалдың қапшағайында көзге ерекше түседі.

Әзірше жабайы табиғаттың асқақ сұлулығымен арбалған Дастан күн көзіне ысынған тастан тұра алмай әлі отыр. – Құдайым, мына жерлерді адамның қыйратушылық әрекетінен сақтай гөр!

Қандай керемет!

Батар алдындағы күннің сәулесімен аласа қайындардың бастары алтындалып; күміс түсті теректердің жапырақтары, мұхиттын құбыжық тұрғындарының қабыршықтарына ұқсап қалтырайды; өзек бүргіндерінің моншақтары әзер сарғайып көрінеді. Ал қарсы беттегі тау баурайының қалын көлеңкесінде, жасырыңған жаудың батырларына ұқсас тянь – шань жүз жылдық шыршаларының биік діңгектері түнеріп тұр. Әне-міне шабуылға шығатындай көрінеді. Олардың арасына қыстырылып, биік бойлы, сымбатты, жасыл сарафан киген тұтқындалған ақ денелі қыздарға ұқсап, солтүстіктің қайындары өсіп тұр.

Әр жексенбіде, түске таман, ұйқысын әбден қалдырған Дастан шатқалды бойлай жоғары көтеріліп, осы жартасқа жетіп, ыңғайлана отырып, ойға шомылады.

Үй-күйсіз ол басқа не істе алады? Аллаға шүкір, пәтер бергенше жатақ ханада күн көруде. Оның есесіне, ол ҚССР ҮҚК-ның орталық аппаратында қызмет атқарады және республика астанасының тұрғыны саналады. Тек осы үшін-ақ өмір сарп етуге болады!

Тыныш, шет аймақ Көкшетаумен салыстырғанда, мұндағы, астанадағы өмір  қарқыны, шешімін күтіп тұрған мәселелер көлемі әрине әлдеқайда жоғары, күрделі. Дастан Теміров 5-ші Басқарманың оперативтік уәкілі қызметіне тағайындалған. Мұның басты міндеті: зиялылар қауымы арасында қарсы барлау әрекетін ұйымдастыру және шетелдік идеалогиялық қаскүнем орталықтар мен үйымдардар әрекеттерін залалсыздандыру, мамандығына байланысты, ол аз болса, республиканың барлық медициналық мекемелерінің жұмысын қадағалауға міндетті.

Теміров «шаруасын» қабылдап үлгермей жатып, республика денсаулық сақтау Министрлігіне қарасты санитарлық – эпидемиологиялық басқармасының бұрынғы бастығы Кузнецова кездесіп сөйлесуге ұсыныс жасады.

Алғашқы жексенбі күні-ақ Дастан автобусқа отырып, арызданушы тұрып жатқан Алатау поселкесіне жол шекті. Әңгіме барысында Кузнецова адам сенгісіз деректер мен дәлелдер жайып салды. Оның айтуынша, республиканың бас санитарлық дәрігері, министрдің орынбасары К. жасырын зиякестікпен айналасатын елдің жауы көрінеді. Басты дәлелдердің бірі: Алматының төменгі бөлігін сумен қамтамасыз ету үшін Талғардың маңынан су тартатын құбыр салу жобасын қолдап құжаттарына қол қойыпты. Бұл жобаны жүзеге асыруға мүлде болмайды, себебі оған жақын маңдағы қаланың қоқыс үйінділері су қоймасынан жоғары деңгейде орналасқан, яғни, жер асты суларының улануы арқылы астана тұрғындары арасында жаппай ішек аурулары індеті тарау қауіпі зор. 

Кузнецова өз қызметі тарапынан бұл жобаға ашық тұрде қарсы шыққан, бірақ ол жүйке ауруына шалдыққан деп табылып жұмыстан аластатылған. Денсаулық министрлігінің бұрынғы бас маманы осы тәріздес жаһандық мәселелерден хабары жоқ оперативтік қызметкерге көп шағым айтып, құлағының құрышын қандырды. Ал кеңесетін ешкім жоқ, себебі жоғарғы басшылар медицина мәселелерінен мүлдем хабарсыз, тіпті терминдерін де түсінбейді. Бәрін толығымен капитан Теміровтың мойнына іліп, сен дәрігерсің, ұсынысыңды жаса, біз қараймыз – деген сияқты ұстаным ұстауда.

Міне, осындай жай-күйге түскен Дастан, табиғат төріне шығып, өзінің өмірдегі орны, соның ішінде Кузнецованың ақпараты жайлы қалың ойға түсіп отыр. Берілген ақпаратты қалай тексерген жөн болады? Министрдің орынбасарымен қалай жүздесуге болады? Агентердің қайсысын оның ізін басуға қойған дұрыс және осындайлық тұлғаның «өнін» ашуға қабілеті жетеме? Жасырын тыңдау аппаратын «тығуға» негіз жоқ және бастықтар да қарсы шығады.  Жоба құжаттарын «сүзіп» шығуға өзінің миы жетпейді. Сонда не істеуі керек?  Сәті түсуін күтіп отыра беру керек пе? Ойла, опер ойла, сол үшін де адамға ми берілген.

Қиын ба? Әрине! Бірақ одан өмір де қызықтана түседі емес пе, Дастан?  Бұл саған алыс түпкірдегі Көкшетау емес! Жәй ғана астананың көшелерімен жүріп өтудің  өзі қандай рахат! Аиртау мен Уалихановтағы өмір осындайда еріксіз еске түседі. Құдайым-ай, қаншама кемтарлық бастан атқаруға тура келді, әсіресе бала кезінде. Соның бәрі ізсіз кеткен жоқ, мінез қалыптаусына әсер етті. Жетімдік, кедейлік, Айыртау селосының шовинистік тұрғыда тәрбиеленген кейбір жасөспірімдерінің жасаған қысымдары қосылып мүның жан дуниесінде терең жасырынған төзімсіздік, шыдамсыздық, өзін төмен бағалаушылық комплекс сияқты қасиеттер қалыптастырды. Бір қызық жері, сол жасқаншақтың сезімі, кейде пайда болатын өзінің басқалардан артықтығына сенімділік сезімімен кеудесінде сиысады.  Міне осылай, бір адамға өзін-өзі кемсіту мен меймендікке ұласатын өз басына сенімділік қатар дамып әрекет етеді. Эх, шіркін, әкеміз бізбен тұрғанда, бәрі басқаша болар еді ғой.

Тоқта, Дато, қазбалай беруді қой. Жетер! Іс жайын ойлар кез келді. Сонымен, Кузнецованың қаққан дабылын не істейсің?!  

 

                                                       ***   

Көлемі жақсы кітап шкапынан кем келмес динамиктерден Ниагара сарқырамасының гүріліне тендес поп музыка сана есеңгіретіп, құлақ тұндыруда. Түрлі түсті жымың қаққан жарықтар адамды жазықтықта бағдарлау мүмкіндігінен айыра көз қарашығына қысым жасап «соқырландыруда». Пьедестал тектес биік қондырмада музыка ырғағына сай қисаңдап, көздерін тастай жұмған, құлақтарын құлаққаппен жапқан ди-джей тұр, ол нирвана күйінде. Оның қасында былғары пинжак киген көңіл көтеру кешінің екі ұйымдастырушылары риза болған кейіппен залға барлай қарап тұр. Мұнда жастар естен танып жатқан жоқ, мұнда  олардың қалталарына қаражет құйылып жатыр. Бұл партия мен үкімет жариялаған «Қайта құру» саясатына сай біздің өмірімізде пайда болған жаналық – «астыртын дискотека», ал бүгін жобалау институтының залында мына екі адам өткізіп жатыр.

Көзге түспес үшін Теміров ең үлкен динамиктің жанынан орын тепті. Оның, дәлірек айтсақ, оның есту мүшесінің, қандай жаппа шеккенін ойға сыйғызу мүмкін емес. Ол анау екеуін көзінен таса етпеуге тырысуда, өйткені біреуі «ТТ» тапаншасымен қаруланған, ал екіншісінде ҮҚК қызметкерінің  жасанды күәлігі бар. Бұл ақпаратты Дастанға «Жмых» атты агенті дәрігерлер білімін жетілдіру институтының жатақханасындағы бөлмесінде ұйқыға жата бергенде жеткізді. Теміров «Жмыхты» бұдан біраз уақыт бұрын басқа бір іс бойынша қылмыстық ортадан жалдаған болатын, содаң сон ол қажет болмады және өзі де зым-зия боп кеткен. Енді міне бүгін мынадай хабармен қайта пайда болды. Бостан-босқа шу көтеріп  масқара болмақ үшін, әуелі түскен ақпараттың анықтығын тексеріп алу керек қой. Тек қалай? Ойла, опер, ойла, бас сол үшін берілген! Уақыт тығыз, ұйымдастырушылар кешті қашан жабарын кім білген. Олар сосын қайда барады, олардың соңына түсуге мүмкіндік бола ма, жоқ па?

Қайтеміз, барлауды ұрыспен жүргізуге тура келеді.

Ыңғайлы сәт тауып, Теміров вахтерге байқатпай екінші қабатқа көтеріліп, шарқ ұрып телефоны бар есігі ашық кабинет іздеді. Бәрі кілтке жабылған, ал кейбіріне тіпті мөрлі қағаз жапсырылған.

Жақындағы бір есікті құлпын қарапайым қалта бәкісінің бұрғысымен шұқылап ашты, тек енді қағаз кесіндісін не істейді? Егер жыртса кез келген өткінші қызметкер көріп, шу шығарады. Ә-әй-й, не болса, сол болсын,  шорт тартып қалды, о ғажайып! – қағаз тұтас күйі есіктен босанды. Егер желімін сілекеймен сулап жіберсе, жапырақша есікке қайта жабыса қалады.

Біреудің сәнді қызмет кабинетіне кіріп алған Дастан, «02» алып қала милициясының кезекшісіне иститутта тиым салған дискотека жұріп жатқанда бір топ жастар арасында пышақ жұмсалған төбелес болып, зардап шеккендер бар деген хабар түсіріп, өзі сол бәкімен есікті жауып, қағазын желімдеп, залдағы орнына келді. Онда кештін ең қызу шағы екен, жұртты иығымен қағып – соғып ол ұйымдастырушылар тұрған мінбеге, мас адамның қалпына түсе, жақын келді.

- Тыңдашы, жігітім, «Суликоны» қойып жіберші, - Теміров аса қымбат бағалы былғары киім киген екеудің біріне ұсыныс жасады. Ал оның сол қолының қимылы шектеулі екені байқалды, қолтық астындағы тапаншаның салдары болуы да ықтимал.

- Қайдағы тағы Сулико?! – шанқ ете қалды анау, құрыш түсті көзінің оты жарқ етіп.

- Сталиннің сүйкті әні.

- Қайдағы тағы Сталин? – мынадай озбыр өтініштен жігіт онсыз да кедей сөз қорын мүлде шашып алған сияқты. - Бүтін тұрғаныңда жоғал бұл арадан!

- Сен Сталинді сыйламайсың ба? – Дастан әдепсіз әңгімелесшісін пинжагінің жағасынан ұстап қапыл тартып қалғанда, оның түймелері ұшып кетіп, киімі айқара ашылды. Сол жақ қолтығының астынан қарудың болаты жарқ етіп көрінді.

«Командирлік, никельденген «ТТ». Ендігі басты шаруа – оған тапаншаны шығаруға мүмкіндік бермеу, ол үшін оң қол жеңіне жабысып, айырлмай ұстау керек».

«Жмыхтын» айтуынша ҮҚК қызметкерінің күәлігі бар екінші «былғары пинжак» иесі, Дастанды сыртынан қапсыра құшып, өзінің серіктесінен айырмақ болып, тарқылауда. Оны Дастан екі аяғы арасына бір періп қатардан шығарды.

Сол шақта үшеуін де әскер күзетінің айбарлы жігіттері байлап ала қойды.

-Мен ҮҚК капитаны Теміровпін - Дастан женілдене мәлім етті. – Қалтамнан куәлігімді алып қара. - жап-жас аға лейтенантқа бұйыра сөйлеп. – Ал мыналар – қарақшылар, қаттырақ ұстандар, оңбағандарды!

Әлі күнге дейін осы ақпаратты «Жмых» қайдан алғаны, «ағайындарын» неге ұстаттырғаны және бұдан кейін өзі қайда жоғалып кеткені жұмбақ күйде қалды.

 

                                                  ***

 

Таисия Сергеевна Нехлюдова жиырма жасар қызы Вероникамен трамвайдан түсе сала тездетіп «28 панфиловшылар» атындағы саябақ салқынына сүңгіп кетті. Сарылдап жатқан арық жағасына қойлған отырғышқа тізе бүгіп, тыныс алысты; алда округтік офицерлер үйі (ООУ) директорының орынбасары полковник Радмоновскийдің  үстінен бұлар жазған шағым бойынша Мәскеуден келген ССРО қорғаныс Министрінің өкілімен болатын ауыр да, маңызды әңгіме тұр.

Вероника техникум бітіргесін ООУ-ға кітапханашы болып орналысты. Оған Ауғанстан соғысында қаза тапқан әкесі Нехлюдов Игорь Павловичтің достары көмектесті. Қандай да бір кір істері үшін төмендетілген Радмоновский келгенше бәрі жақсы болды. Алғашкы күндерден бастап ол бірде уәделерімен жарылғап, бірде қорқытып Вероника ашына болуға көндіруге тырысты. Ал март айында ұжымдық отырыстан сон қызды кабинетіне алдап шақырып алып, зорлап жыныстық қатынас жасамақ болды.

Шешесінің айтуымен Вероника жоғары орындарға шағым жазып көрді, бірақ оған өзі зардап шекті – себеп тауып жұмыстан шығарып жіберді.

Содан бері шешесі мен қызы шындық пен әділдік іздеуде: кімге ғана   бармады, ақыр соңында біздің жерлесіміз, ССРО қорғаныс Министрі, армия генералы Язовтың атына арыз – хат жолдады. Міне кеше, үй телефонына қоңырау шалып, Мәскеуден арнайы комиссия келді, сіздерді ертең сағат үште күтеді деп хабарлады. Әділеттік ақыры женіп шығатын болар, бұлар, қалай дегенмен, Отан үшін көз жұмған кеңес елі офицерінің жанұясы емес пе?

Кезекші офицер сыпайы қарсы алып, бірден басшысына хабар берді. Бірінші қабаттың күту залына бейтаныс майор түсіп , Верониканың төлқұжатын ұзақ қарап шығып, өзімен бірге төртінші қабатқа көтерілуге шақырды; Таисия Сергеевна осында күте тұрыңыз, абыржымаңыз, бәрі жақсы болады деп сендіріп кетті.

Зарықтыра күттерген минуттар, сағаттар өтіп жатыр, ал қызы әлі жоқ. Таисия Сергеевнаның мазасыздануы үрейленуге ұласты; байланысы жоқ болжамдар мен қорқытулар айтып айғай шығара бастады. Сол кезде, құдайға шүкір, әлгі майор қайта көрінді. Сорлы  шеше туған інісін көргендей қуана, тұра умтылды.

- Қобалжымаңыз, Таисия Сергеевна, комиссия мүшелерімен әңгіме үстінде қызыныздың жүйкесі бұзылып, оны республикалық жүйке ауралыры емханасына алып кетуге мәжбұр болдық, - офицер бұл сөздерді ананың көзіне адал көзбен тұра қарап тұрып, жан толғандырар, есіркеген дауыспен айтты.

- Қандай жүйке бұзылуы тағы?!  Менің қызым жүйке ауруына ешқашан шалдыққан емес! – әлден айрылған әйелге дауыстап еңіреуден басқа амал қалмады.

- Мұндай жай әркіммен де болуы ықтимал. Ауру – сырқауға ешкім кепілдік бере алмайды, оған қоса, қызыңыздың басына көптен бері сандырақ идеялар ұялаған тәрізді.

- Сіз не айтып тұрсыз? Қайдағы сандырақ? Менің қызым қайда? Қызымды қайтарыңдар! – әйел майордың кеудесіне жабысты.

- Мен айттым ғой: республикалық жүйке аурулары емханасынан іздеңіз, - офицер егде әйелдің қолын ауырта қысып, сосын өзінен әрі итеріп жіберді...

Жүйке аурулары емханасының қабылдау бөлімшесінде Нехлюдова Вероника Николаевнаны жедел көмектің тоғызыншы бригадасы офицерлер үйінен есінен адасқан және санасы тұмандаған халде жеткізгенін растады. Және тап сол мезгілде, мүлдем кездейсоқ, қабылдау бөлімшеге профессор Кац Игорь Моисеевич кіре қалып, науқасты қарап: «Обострение вялотекущей шубообразной шизофрении» - деген диагноз қойып беріпті. Ал Кацтың қортындысына ешкім шек келтіре алмайтыны белгілі.

-Сол себептен, мамасы, тынышталыңыз, үйге барып тән тазалығына қажет заттары мен шәркелерін алып келіңіз...

 

                                                                    ***

 

Ашық аспанда – күн күркірі!

Мунира Актямова есеңгіреп отыр.

Мына дүниеде не болып жатыр өзі? Шынымен-ақ мынадай мүмкін болғаны ма? Онтоғыз  жыл отасқан күйеуі Рафаил, оның Рафигі, бір сәтте заттарын жинады да, мен басқа әйелге барамын деп түра жөнелді. Екі бірдей мектеп жасындағы қыздары бар, ешқашан екеуі негізсіз ұрысып көрген емес, араларында ешуақытта ешқандай келіспейшілік туған емес.

- Сен ірі кәсіпорынның басшысы, коммунист ретінде бағыныштыларыңа  қандай өнеге көрсетесің? Өзіңді жат қылықтарың үшін партиядан, сосын қызметтен қуып шығады ғой, -  ашынған әйел, осы дәлелдер тоқтатар мүмкін деген оймен, айғайлап айтып қалды.

- Мен үшін алан болма, барлық мәселе парткоммен, райкоммен келісілген, олар менің жайымды түсінді, маған қояр кінәлары жоқ. Бас пайдаңды ойласан, тым көп шулама, директорлықта қалсам, қыздармен тәп-тәуір алимент алып тұратын боласын. - Рафаил салқынқандылықпен жағдайдың қандай боларын түсіндіріп берді.

- Әлі кеңес соты бар. Мен айрылысуға келісім ешқашан бермеймін! – Мунира  өзінің соңғы қаруын іске қосты.

- Заң бойынша, жұбайлардың бірі жүйке аурына шалдыққан болса, ажырасуға рұқсат беріледі.

- Жүйкесі ауру кім екен сонда? Сен бе?

- Неге мен? Керісінше, сенде ғой шизофрения...

– Менде? Оны қайдан шығардың? Бұл неткен сандырақ?

- Есіне алшы, сен қала емханасының жүрек емдеу бөлімшесінде жаттың ғой?

- Күрделі зерттеуден өтіп ал деп болмаған өзін емес пе?

- Сені профессор Кац қараппа еді?

- Маған көптеген мамандар он күн ішінде зерт жасады. Іштерінде докторлар да, профессорлар да бар. Онда не тұр?

- Профессор Кац психиатр. Ол өз мамандығы бойынша саған диагноз қойған.

- Психиатрияның мұнда нендей қатысы бар? Мен ештеңеге шағымданған жоқпын, ешкімді тістемедім де.

- Оған қарамай, Кац саған аса мұқият зерт жасап: «Вялотекущая шизофрения...» - деген диагноз қойған. Медициналық картанды оқымап па едің?

- Мұны сен әдейі істедің ғой. Нағыз сұмырай екенсің!

Әбден қалжыраған бишара әйел ұзақ ұрысты, бірақ...

Ал Рафаил Актямов барлық ережелерге сай ажырас хаттап, өзінен жиырма жас кіші келіншекпен бақытты ғұмыр сүруде.

Және де күні бүгінге дейін өзінің кәсіпорнын ойдағыдай басқарып келеді.

 

                                                         ***

 

 

                                                                                                                    Қупия

                                                                                                                   № 1 дана

                                                                

                       Қазақ ССР-ы денсаулық сақтау Министрлігінің

             психиатриялық қызметіндегі оперативтік жағдай туралы

                                                     МӘЛІМЕТ

 

Көптеген агенттік хабарлары негізіне, сенімді тұлғалардың мәлімдеріне, ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау Министрлігінің (ДСМ) тексерістері қортындыларына (көшірмелері қосылулы), және сол сияқты, шағымдық құжаттарға сүйене отырып, республика психиатриялық қызмет саласында мамандардын қызмет бабын қиянатпен пайдалануы, кейбір жағдайларға материалдық пайда табу мақсатында тура қылмыстық әрекеттер жасайтын тұрақты жүйе қалыптасқаны туралы дәделді қортынды жасауға болады.

Соның ішінде:

- Қылмысты істерге қатысты тұлғаларды, қылмыс жасалған шақта ессіз болған деп тауып, жазадан құтқарып алу (Естен адасу, санасынын тұмандауы және т.б.),  сот -психиатриялық зертке жолдаманы тергеуші ғана беретініне байланысты, аталған әрекеттер ІІМ мен ДСМ-ның қызметкерінің қылмыскер тобымен келісіп іске асырылады, немесе тәжірибелі психиатрдың басшылығымен қылмыскердің өзі ауру рөлін сендірте ойнап шығады.

- Кейбір санасы төмен ата – анамен келісім жасап, қарулы күштер қатарына шақырылған балаларын әскери – медициналық байқаудан өткізгенде, психикасын жарамсыздыққа келтіріп әскерге алдырмай қояды.

- Біреулердің пайдасы үшін әлдебір азаматтарды жүйке ауруына шалдыққан деп тауып заңсыз түрде психиатриялық есепке қойып, олардын беделін түсіріп, азаматтық құқықтары мен бостандығынан айырады.

Азаматтардың арыз –шағымдары мен айтыс – тартыстарын қарайтын жоғарғы соты болып, басқаруы профессор Кац Игорь Моисеевичке сеніп тапсырылған  Республикалық сот – психиатриялық комиссиясы саналады. Бізге түскен оперативті деректер бойынша, Кац біздің еліміздегі қылмыстық жүйенің ұйымдастырушы және дем берушісі. ССРО ҮҚК-ның 5-ші Басқармасының оперативтік дерегі бойынша, осы тәріздес қылмыстық жүйелер  барлық одақтас республикаларда, сол сияқты Сербский атындағы институт (Мәскеу) бүкілодақтық  орталығы деңгейде құрылған.

Жоғарыда айтылған жайды еске ала отырып, қылмыстық топтық әрекетіне оперативті тексеріс жүргізуге, ҚазССР-ы ҮҚК-ның оныншы бөлімінде тіркелген іс ашу орынды деп есептеймін.

ҚазССР-ы ҮҚК-ның

5-ші Басқармасының 1 бөлім бастығы

Полковник  Д. Теміров

Қолы                         Күні

 

Бұрыштама:

(Қызыл фломастермен) Жолдас Теміров! Барлық құжаттармен маған кіріңіз.

 

Қол қоюшы: ҚазССР-ы ҮҚК-ның Төрағасының орынбасары

Генерал – майор                      Перебейносов Иван Фомич

 

                                                   ***

 

О, Дастан, жоғарылат! Қалай орналастың? Пәтер ұнай ма? Отбасынды көшіріп әкелдің бе? Шешен қалай? Алматыға үйреністі ме? – генерал алғашқы минуттан бастап Теміровты сұрақтын астына алды.

- Рахмет, Иван Фомич, жанұямды көшіріп әкелдім. Пәтерге бәрі дән риза.

- Тұрғын комиссиясы шешкендей жаңа үйден төрт бөлме алдың ғой?

- Иә, Иван Фомич, пәтер төрт бөлмелі, өте кен, жып – жылы.

- Толыққанды бақытты болу үшін енді не жетіспейді? Халық айтқандайын, бәрі бар, тек денсаулық бере гөр!

ҮҚК Төрағасының бірінші орынбасарлығына генерал – майор Перебейносов ССРО ҮҚК-сы орталық аппаратынан Шевченко Василий Тарасович зейнеткерлікке кетіп, оның орнына қазақ Камалиденов Закаш Камалиденович тағайылуына байланасты жіберілген. Міне қандай ССРО –да ұлттық саясат!

Өзіне ғана белгілі бір ойлармен Перебейносов Комитет қызметкерлерінің ішінен Теміровты ерекшелеп, өзіне жақындатуға бар күшін салып бағатын болды.  Дастанға ең қиын, күрделі тапсырмалар беруімен қатар, оның өз басының, жанұясының тұрмыс жағдайы жақсаруына ат салысып жүр. Тіпті қызметінің жоғарылауна да себепкер болған осы кісі. 5-ші Басқарма бастығының орынбасарының бірі баршаға естірте: «Теміров полковникті тек менің өлігімді аттап қана алады» дегеніне қарамай, осындай да жоғары шен  Дастанның иығына тағылды. Кейбірулер бұл жайды өзінше түсіндеріді: Теміров Мәскеу өкіліне әріптестерінің үстінен «ақпар» түсіріп тұрады, сол үшін де Перебейносов оны ерекше дәріптейді – деседі.

Бірақ Дастан бұған аса қынжылмады, болған жайды әркім өзінің бұзылу деңгейіне сай қабылдайды –деп қол сілтеп жүре береді.

-Жә, отыр! – осынша жылы қабылдауға қысылып тұрған полковникке кабинет иесі орын нұсқады. – Психиатрларға қарсы жиған – тергендерінді көрсете бер. Жоқ, дұрысы, әуелі бәрін баппен айтып шық. Жиырма минут жете ме?

Теміров ең алғашқы агентуралық хабардан бастап, хроникалық реттілік сақтай отырып, қызғылықты деген жерлерін құжаттардан оқып баяндады және бастығына хабардын тиген әсерін бетінен бақылап отырды. 

Қырық бес минут өтті, бірақ генерал бір де бір рет бөлмей, қабақ түйіп мелшие қараған күйі, жүмған жұдырығын ашпастан ұйып тыңдады; тек ақшыл жүзі сұрланып кетті. Дастан баяндауын тамамдап бастығана сүраныспен қарады.

Перебейносов үстөлінен атып түрып, бір керілді де, ойлы түрмен, аздап бүкшиіп, кабинет кезіп кетті. Жасына, бойының биіктігіне қарамай, жас адамдай сымбатты еді.

-Қарай гөр сен, мына оңбағандарға! – ақыры жаралы аюдың қырылындай, толқынғаннан қарлыққан дауыс шығарды ашуланған генерал. – Бұл дегенің бүкілодақтық мафия ғой. Анау Кац Мәскеу мен байланысты дейсің бе?

- Тағы бір мысал, Иван Фомич! Психиатрияда іс былай қойылған: егер дәрігер, әсіресе профессор диагноз қойған болса, оны ешкім өзгерте алмайды. Егер тек Сербский атындағы институт диагнозына күдік түғызбаса. Міне солай, мен атап өткен Нехлюдова, қызының масқара диагнозын жойдырмақ болып, сол институтқа жетіп, бас кеңесші, медицина ғылымдарының докторы Гольдманға кіруге жазылады да, қабылдау бөлмесінде күтіп отырады. Сол арада Гольдманның өзі кабинетінен шығып: «Сізді қараған кім?» - деп сұрамай ма.

- Профессор Кац...

- Игорь Моисеевич!? – психиатрия ғылымның мәскеулік жарығы қайыра сұрап біледі де, бұрылып кете береді.

- Ха-ха-ха! – қара көзді, қара шашты хатшы әйел қарқылдай күледі. – Ол сендер, орыс ақымақтары, бір-біріңді шалып жүресіңдер, ал біз, еврейлер, өзіміздікіне ешқашан қарсы шықпаймыз...

- Ал немене сонда? – генерал Дастанның өз басы мына оңбағандыққа қатысы бардай, каһарлы түрмен ызалана сұрады.

- Нехлюдова қолын бірақ сілтеп Алматыға қайтып келіп, маған жолыққаннан кейін ҮҚК Төрағасының атына арыз жазды.

- Мұндай оқиғалар сенде көп жиналды ма?

- Әзірге елуден астам.

- Дастан Темірович! Бүкіл кеңес Одағы бойынша барша психиатрларға тексеріс жұмысын бастауға үсыныс жасап орталық үшін жақсылап түрып анықтама дайында. Бір сәтте, оперативтік деректер боынша кінәлары айқындалғандардың бәрін тұтқынға алу жақсы болар еді. Ал біздің республикада саған және сенің бөліміне барлық жағдайлар жасаймын, техникалық мүмкіндіктер беремін. Батыл да табанды қимылда. Құдай жар болсын!

 

                                                       2 – Тарау

 

                                                     Бал мен шер

 

Самғап ұшу, жетістіктер, атақ Дастанның басын айналдырды, шыр айналдырды! Ол өзін аңыз полковник Бауржан Момышұлының бейнесіне тен болмаса, жақын тұлғадай сезінді. Қызметтестерімен де, отбасыдағылармен де тек бұйыра сөйлесуге көшты. Қарапайым азаматтармен қатынас жасағанда әр сөзінен тәкаппарлық, масайраушылық, өзін дәріптеушілік белгілері байқалып тұратын болды.

Өзін бәрінен артық санау ауруы, әсіресе майор Теміров Орталықтың  жолдауымен соғыс жүріп жатқан Иракка іс-сапарға барып, тапсырманы ойдағыдай орындап келгесін, ерекше тереңдей түсті. Оны тіпті үкімет сыйлығына ұсынғылары келіп еді, бірақ дана, Дастанға шын жүрегімен жаны ашыйтын ҮҚК Төрағасы Закаш Камалиденов қарсы болды.

-Теміровқа аса көп көніл бөле берудің қажеті жоқ. Бұл ол ұшін, онын төрт баласы үшін өте қауіпті. Ал марапатталуға әлі ұлгереді, тек аман болсын. – ССРО ҮҚК-ның Коллегиясында айтқан сөзі.

Дастан тәтті өмір құшағына енді. Жиі-жиі қыдырыс, ішімдік, монша... Кім оны тоқтатып қалпына түсіре алады? Қарапайым бөлім бастығы болса да, бірде Төрағаның, бірде оның бірінші орынбасарының жанында сағаттап отырады. Ал сендер кімсіндер? Сондай маңызды не істей алдыңдар?  Өздеріңнің ұсақ – түйек іссымақтарыңмен , идеяларыңмен бас қатырып жүресіңдер, түге. Полковник Теміров қазір немен айналусыда? Дұрыс, ССРО ҮҚК-ның құпия бұйрығының жоғалу жайын тергеп жатыр. Өзінің  жоспарлары мен әрекеттері түралы тіке генерал Перебейносовқа баяндайды, ал ол бірінші басшының құлағына жеткізеді. Бітті! Полковник Теміров қандай іс – шаралар жүргізіп жатқанын басқа ешкім білмейді.

Психиатрлар ісін ашуда да солай болды: істің барысы тек Иван Фомичке баяндалды, генерал ше Орталықпен алдағы жоспарларды келісіп отырды. Бір сөзбен, қымбатты бастықсымақтар, менің кім екенімді біліп қойындар!

Біз әлі әлем қарсы барлау тарихына кіретін, оның тас беттеріне ойылып жазылатын талай істер атқарамыз, көрерсіңдер!...

 Бірақ өмір қандай мығым адамның да мінез – құлқын өзгертіп, өз орнына қоя алады...

Бір кезде шешем науқастана бастады: тоқтамайтын  жөтел, әлсіздік пайда болды, жүдеп кетті. 

Міне, мама, ең тәуір, ешжерде жөқ дәрілер, іш, өзің емдел, менің сенімен емхана аралап жүре беретің уақытым жоқ. Қаласан, сені денсақтау Министрлігінің ең білікті мамандары үйде қарап, емдейтін болады. Міне республика клиникалық ауруханасының атақты терапевті Тамара сені тындап, аллергиясы асқынып кетіпті дейді. Көрдің бе, қорқынышты ештеңе жоқ!

Кенеттен профессор Иоффенің естен тандрарлық диагнозы: «Онкологиялық дерт».

Дастан шешесінің қасында табжылмай отыр. Иван Фомич: «Анаңның қасынан шықпа, жанында бол, әйтпесе сосын өмір бойы өкінесің. Жұмысқа аландама, ешқайда қашпайды» –  өз еркімен бұйырды.

Иә, тек одан не пайда?! Эх, уақытты кейін бұруға болса ғой, шіркін! Егер тағдырдан кешірім өтініп алуға болса ғой! Мамасын емханадан емханаға қолына көтеріп апарып жүрген болар еді. Тұған Көкшетаудан ешқайда шықпас еді: сен, санитарлық дәрігер ретінде, алпыстан асқасын климат ауыстыруға болмайды деген алтын ережені есіңде сақтауын керек еді ғой. Ал мен шен қуалап жүріп бәрін ұмыттым, анам тұралы тіпті ойламадым да. Енді қалай өмір сүре аламын?

Тағдыр аяусыз. Өзінен басқа ешкім сезбеген соңғы сағат та таянды: тәнертен ақырын тұрып, тісін тазалады, айна алдында шашын да тарады. Жазылып келеді деп бәрі қуанысып қалды. Жоқ бірақ, төсекте жатып Дастанды ымдап шақырып алып қолынан сипады – басқаға күші жетпеді, кірпіктерін жауып, ернін қысты да о дүниеге кете берді.

Қош бол, анам, қош бол және кешір!

 

                                                                    ***

 

Memento mori!...

Өлім есінде болсын!...

Дастан ежелгі аталардың дана сөздерін естен шығарып алыпты. Бұл жай ғана даналық емес, бұл ескертпе. Бізге, барша тірілерге, өмір мәнгі еместігін ескерту сөздері. Әрбір сәтте сен, болмаса саған ең жақын, ең қымбат адам мәңгілікке кетулері ғажап емес. Сондықтан да, туғандарың мен жақындарыңа жақсылық жасап қалуға асық, оларды қамықтырма, ренжітпе. Біздің жарық дүниені сүй, өйткені әр уақытта артында сыйлы атынды қалдырып о дүниеге аттануың мүмкін. Ал, қалдыра алмасан ше?...

Өлім есіңде болсын!

Эх, бұл тұралы ертерек ойласам ғой. Әттен...

Кешіре гөр мені, анашым! Мен нашар ұл болдым. Жас шағымдағы төбелестер, ішушілік сияқты оңбағандық істерім сенің өміріңді ондаған жылдарға қысқартты ғой. Енді ешқашан сенің өткір қара көздедеріңді көре алмаймын, ауыр жұмыстармен түрпіленген қолдарың ешқашан менің басымнан сипамайтын болады.

Менің өр көкіректігімді Құдай кешірмеді, мама! Сенің өміріңді қиып мені жазалады. Бірақ неге! Неге менің өзімді алмады?

Біреудің көленкесі стол үстіне түсті.

- Ә-ә, Вовка, сенбісің? Отыр, менімен ішіп жібер. Не, Сәулеша шағымданды ма? Көрдің бе, ішіп отырмын! Іштім, ішем, және іше берем! Солай қалаймын.

- Құй, Дато! Рая – апаның жарқын бейнесін есте сақтау үшін!

Ішілді. Үнсіздік.

- Вовка! Сенің әке-шешеңді жерлесуге бармадым, кешір мені. Екуі бір күні иіс тиіп бақыл болғаны қалай? Мұнда қастандық жоқ па?

- Жоқ, Дато. Бәрі жәй әншейін: әкем әдеттегідей мас бола ішеді, пештің түтін жапқышын жауып қояды, жылу үнемдегісі келген болар. Ал мамам екінші инсульттан сон тұрмай, төсек тартып жататын.

-  Мені сол кезде жәйдан-жәй жібермей қойды. Генерал Маркенов «Жақын туыстар» санатына тек сауалнамада көрсетілгендер ғана кіреді деп болмады. Сенесің бе, Вовка?

- Әрине, Дато. Біздің министрлікте де сондай тәртіп.

- Қатты тырысқанымда, мүмкін, жіберер де еді... Ә-ә-й, енді не айта беретіні бар, Вовка, мен көп адамдар алдында кінәлімін.

- Дато! Бұл жай айта салған сөздер емес, бұл менің, әйеліңнің, балаларыңның жан айғайы – өзіңді қолға ал! Өмір жалғасып жүріп жатыр, және енді біздің жекеменшігіміз емес, ол отбасымыздың иелігі. Сен балаларың әкесіз өскенін қалайсың ба? Неғып сен оның не екенін ұмытып қалдың?

 - Вовка, сен менің жүрегімді ауыр жаралап отырсың.

- Ал сен менің жүрегіме жара салмайсың ба? Сен қашан соңғы рет менің үйімде болдың, немесе жай, дос ретінде, телефон соғып сөйлестің? Мемлекеттік істерден қолын тимейді. Ал қазір сенде қайғы. Және тек сенде ғана. Сәуле қайғырмай ма? Ал балалар ше? Олар сүйікті әжелерінен айрылды. Сенің апаларыңда қайғы жоқ па? Енді олар жалғыз інілерін жоғалтса не боларын көз алдына келтіре аласың ба?

- Түсенесің бе, Вовка, менің ішім күйіп барады. Құй, бірдене құйып сөндір деп талап етеді. Ішем де, келесі стаканды қайдан алам деп жан – жағыма қаралай берем.

- Мұнын қалай аталатының білесің бе?

- Қалай?

- Салынып ішу. Ішімқорлық.

- Қойшы, Вовка! Мен қандай алқашпын? Мені білесің ғой...

- Мен емес, сен қой! Ішуді таста, сен Дато екеніңді дәлелде, Дастан Теміров.

- Дәлелдеймін. Есіңде ме, менің қалай темекі тастағаным. Қорабынан бір сигарет алдым да: «Мына сұмпайыны енді аузыма алмаймын» - деп лақтырып едім ғой.

- Әрине, есімде. Мен сонда сені шын жүрегіммен мақтан тұтып, достарыма үлгі тартып жүрдім.

- Олай болса, қара...

Дастан жартылай ішкен коньяк шөлмегін қолына ұстап, жуынғышқа сырылдатып төгіп тұрып: «Мына сұмпайыны енді аузыма алмаймын» - ант сөзін айтты.

Татаринцев орнынан тұрып қолын созды. Достар құшақтасты.

-Саулеша, тәнір жарылғасын, бізге шай жасай қойшы! - Владимир қуанышты үнмен,  айғайлай сөйледі, - сенің тәтті шәйіңді ішпегеніме көп болды.

- Құнды ұсыныс, - Дастан да оны көнілдене қолдады.

- Жұмыс қалай? Тиыштық па? – Татаринцев даусында үрей барын жасыра сұрау қойды.

- Кеше Төраға шақырды...

- Закаш Камалиденович пе?

- Құдайға шүкір, әзірге бізде басқа Төраға жоқ.

- Не дейді?

- Тілдейді ғой деп барсам, ол: «Дастан, сен анан үшін қатты қапаланып жүр – дегенді естідім. Түсін, сенің еш кінән жоқ! Сен жақсы ұлсың! Мынадай деңгейге басқа кімнің баласы көтеріліп жатыр? Сенің арқанда  шешен, аз уақыт болса да, астанада, Алматыда тұрып кетті. Күйеусіз төрт баламен қалғанда ондайды армандай да алмаған болар. Ауырына келер болсақ: ұзақ уақыт тігін машинкасымен жұмыс істеп, әр түрлі маталардың микробөлшектерін көп жұтқан болар. Осы себеп онкологияға әкеп соқтырған. Сенің оған қатысың жоқ, түсіндің бе?  Үш күн тағы дем ал да, жұмысқа шық...»

- М-м-и-ә, данышпан адам...

- Ұлы тұлға!

- Олай болса, Дато, «ұлы тұлғаны» ұятқа қалдыр ма!

- Ешқашан, Вовка! Теміров Дастан ешкімді, ешқашан ұятқа қалдырған емес, қалдырмайды да!

 

                                                       ***

 

«Келді бәле – қақпанды аш» - дейді орыстың мәтелі.

Дастан аз-аздап қайғысынан арыла бергенде республика ҰҚК-де өзгерістер басталды. Мәскеу стратегтері Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Қонаевты ауыстырар алдында мемлекеттік қауіпсіздік жүйесін бейтараптандыруға шешім қабылдады. Төрағасы Закаш Камалиденов бұрынғы орыны, КП-ның Орталық комитетінің идеология бойынша хатшысы қызметіне қайтарылды; оның орнына ССРО ҮҚК-ның орталық аппаратынан генерал-майор Мирошник жіберілді. Бірінші басшы орыс тілді болғасын, оның орынбасары қазақ болуға тиісті. Перебейносовты Мәскеуге қайтарып, орнына көпке дейін басына құлап түскен бақытқа сене алмай койған Абдрахманов Сәкенді тағайындады. Міне, ССРО-да осындай ұлттық саясат болды.

Тап кетер алдында, ыңғайлы уақыт тауып Перебейносов Теміровтың кабинетіне кіріп, есік жабуға бұйырды. Сосын портпелінен ҚСРО ҮҚК-ның жоғалған бұйрығымен байланысты Дастанның комитет қызметкерлерімен жүргізген гипноз сеансы жазылған магнитофон кассетасын шығарды.

- Дастан! Мынаны бір сенімді жерге жасыр. Егер бір күндері сенің дұшпандарың мазалайтын болса, қажетіне жарар, - Иван Фомич жеңілдене күрсінді.

- Солай болып шықты, мен әдейі істеген жоқпын ғой, Иван Фомич.

- Психиатрлардың істері қайда?

- Менің сейфімде.

- Дереу көзін құрт! Мезгілін кейін көрсетіп жою актісін дайында, мен қол қоямын. Кейінге қалдырмай, тап бүгін өрте.

- Қалайша!? Орталықтағы майор Скворцовтың іс-шара жоспары бойынша ССРО-ның он төрт қаласында, соның ішінде біздің республикада бір мезгілде тұтқындаулар жүргізілуге тиісті еді ғой. Біздің тізім полковник Ловягинде.

- Мен оны жойып үлгердім. Сізді, яғни, бізді сатып кетті.  Ана психиатрлардың партия Орталық Комитетпен жоғары байланыстары бар екен, олар ірі саяси шу дайындап жатқан көрінеді. Скворцов та бұл іске байланысты құжаттарды жойды.

- Бұл қалай сонда? Мына сұмдар бұдан былай да өздерінің пасық істерін жалғастыра бере ме?

- Дастан! Сенші маған, кешікпей бәріміздің басымызға мұнсыз да ауыр күндер туады. Сен өзінді сақта, отбасын үлкен, солар үшін өмір сүру керек!

Генерал Перебейносов бізден кетті. Қазақстанда бір жақсы адамның саны кеміді. Полковник Теміровтың жағдайы қиындады. Мүлдем қиындады. Жаңадан жоғарылағандар мен ескі дұшпандары оны жан – жағынан қыспаққа алды.

Және сол шақта 1986 жылдың желтоқсан дауылы соқты.

 

                                                       3 – Тарау

 

                                        Желтоқсанның ызғарлы желі

 

Алматы. 1986 жылдың он жетінші желтоқсаны. Тұнжыр тан.

Брежнев атындағы алаң ІІМ-гі қызметкерлерімен айнала қоршалған. Мұнда үкімет қолда бар күшті төккені көзге түседі: офицерлер сержанттармен, қатарлы жауынгерлермен аралас сап құрып тұр. Мәрмәр тасты үкімет мінбесі маңында үш жүз – төрт жүз шамалас жастар тобы жиылған; бәрінің өңдері әсерленгендік, шаттық сезімін білдіреді; «Менің Қазақстаным» әнін шырқап тұр. Жандарын сала, шалқыта салуда.

Қоршаудын алдында да біраз адам жиналып, оларды да өздерін алаңға кіргізулерін талап етуде. Бірақ милиционерлер қайсарып, тек қызыл куәліктері бар ІІМ мен ҮҚК қызметкерлерін ғана жіберіп тұр. Басқа да чекистер ішінде осылайша алаңға Дастан да өтті. Мұның алдында, ештеңе айтып түсіндірместен, жұмысқа келген оперлерді ҮҚК-ның сұр ғимараты алдында қарсы алып: «Брежнев алаңына барыңдар, сол жерде бір жай болып жатыр» - бұйіріп кейін қайырған болатын-ды.

Міне, енді чекистер мұнда не болып жатқанын анықтауда.

Сол кезде үкімет мінбесі маңындағы тобыр біртіндеп көбейіп келеді: біреулер күшпен, біреулер өзіне ғана белгілі жолдармен өтіп жатыр. Жиылғандар қолдарына қазақша, орысша: «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр халыққа – өз көсемі!», тағы сол сияқты, партия мен үкімет үгіт – насихатына сай келерлік бейбіт ұрандар жазылған плакаттар ұстаған. Біреулер алдын ала, кешегі Дінмұхамед Қонаевтың орнына Мәскеудің қол шоқпары Геннадий Колбинді бекіткен КПК ОК пленумынан кейінгі кештен бастап  бүлік дайындағанға ұқсайды.

- И-ә-ә, өздерінің икемсіз әрекеттерімен халықты оятып алды. – Теміров ызалана түкірінді.

- Ж-ә-ә, бір – екі сағаттан соң өздері-ақ тарайды, - майор Кабышев өзінше болжам жасаған болды.

- Ж-о-о-қ, Уалихан! Он алтыншы жылды есіне ал, қантөгізсіз іс бітпейді. Қазақтарды орнынан көтеру қиын, ал егер олар ашуға мініп, қозғалар болса - ешқандай күш тоқтата алмайды. – Дастан күйіне күрсінді.

Бір кезде неғайбыл айдап салушылардың басшылығымен жастар шеп құрып, алаңда ерсілі – қарсылы жүре бастады: олар ең көп адам жиылған жаққа лықсып барып, қоршауды бұзып, адам санын толықтырып, қарсы жаққа қарай лықсыйды. Кешікпей бүкіл алаң үкімет саясатына қарсыларға толды. 

Осы алаңға келіп қалған чекистер, қолдан келгенінше, коммунистік партияның, оның басқару органдарының ішкі істеріне кірісуге жастардын еш құқықтары жоқ екендігіне түсіндіруге тырысып бақты. Мұндай үгітшілер маңына жігіттер мен қыздар әп сәтте жиылып, ауыздарын аша тыңдап, ақпаратты ой таразысынан өткізуге үлгермей , сол арада қарсы пікір білдіруші табыла кетеді де, тыңдаушылар шындықты соңғыдан естіп-білгілері келіп, соны қоршап, соған құлақ түреді.

Аяқ астында, беймәлім режисерлерден құпия нұсқау келгендей, гүілдеген, дүрліккен тобыр ұйымдасқан түрде  шеп құрып, Фурманов көшесін бойлай, алаңды тастап жүріп кетті. Чекистердің бір бөлігі солардың қатарына енсе, қалғаны алаңда қалды.Ешкім, соның ішінде қоршау құрған милиция қызметкерлері де, не істерлерін білмей топ-топ болып жиылып, болып жатқан жайды, ал кейбірі тұрмыстық мәселелерді талқылап тұрып қалды. 

- Мен латышпын, іс сапарымен жүрген суретшімін. Мұнда болып жатқан жайды мен қасиетті іс деп есептеймін. Жастар  құқықты...- сөз бастап еді ұзын бойлы, мамандығына сай шоқша сақалды, тері тон киген адам, бірақ оған сөзін аяқтауға мұрша бермей, қызыл жағалылар жүгіріп жетіп, қолын бұрап, жақын маңда тұрған «автозакке» апарып тықты. Міне олар, енді ол да тері тон киген, бірақ қазақ азаматын ұстап, әйнегі торланған көлікке апара жатыр. Ол кезде байлықтың белгісі саналатын қыс киімінің осы түрі иелеріне таптық өшпенділік көрсетіліп жатқан сияқты көрініп кетті. Осылайша, аспай-саспай, іскерлікпен милиция қызметкерлері алаңда түрып қалған кінәсіз адамдармен бір автокөлік толтырды.

- Сайлау Серикович! - жақында ғана ішкі істер министірінің орынбасарлығына тағайындалған, шамасы бұл жерге оперативтік жағдайды өз көзімен көруге келген басшының атын атап, - сіздің қызметкерлеріңіз, алаңға жүрек қалауымен келіп қалған, еш бір айыпты іс жасамаған азаматтарды ұстап, екі автокөлік толтырды. – Дастан  шағым жасады.

- Қайда? - министр орынбасары селк ете қалып, амандасуға қолын ұсынды,- бұлар полковник Серіков  Фрунзе аудандық ішкі істер басқармасының бастығы кезіңнен оперативтік істер бойынша таныс болатын.

- Жүріңіз! - Теміров жоғары шенді милиционерді тор көзді автокөліктерге бастап алып барды.

- Ден саулығыңызды тілеймін, жолдас ішкі істер министірінің орынбасары! -милиция формасын кигендер тобының ішінен бір полковник  шығып, саптық қадыммен  Серіковке жақын келді.

- Кімдерді ұстадыңыздар? - министр орынбасары айбарлы түрімен қабақ түйе сұрады.

- Жәй, халық қой..., - қызараңдаған полковник иғын қысты.

- Халық болса! - Сайлау Серіковичты ашу кернеді. Тез арада босат!

- Бәрін бе? - офицер сене алмай тұр.

- Бәрін, және тап қазір!!! - министірдің орынбасары ақырып қалды. Полковник жүгіре басып орындауға кетті.

Бұл арада айта кету жөн: халық аралық бітімгер қызыметін атқаруы кезінде, Таулы Қарабахта опат болған, халқының адал ұлы, ардақты азамат - генерал–майор Сайлау Серіковтың жарқын бейнесі мәңгі есте болсын! Әмин!

Түске таман елдің  бас алаңы тағы да толды. Қаланың орталық көшелерін  жүріп өтіп, жол бойы ерік білдірген студенттермен, басқа да қала тұрғындарымен толығып көп мыңдық болған колонналар Бейбітшілік даңғылымен алаңға қайтып оралды. Жағдай ушыға түсті, батылырақ ұрандар естіле бастады.

- Біздің Димаш Ахмедовичты   өлтіріп тастаған жоқпа? – бір қария әйел жастар топтарын аралай сұрау салып жүр.

- Тек байқап көрсін! - жастар аты –жөні жоқ біреулерге қызына  қыр көрсетіп, қарғыс айтып жауап қатты.

Міне, мінбеге жоғарғы деңгейлі партия - кеңес қызметкерлері мен үкімет мүшелері, бас прокурор, сол сияқты өндіріс озаттары, атақты белгілі артистер, жазушылар көтерілді. Олар жиылған азаматтарды үйлеріне тарауға үгіттеді, бірақ  айтқан сөздері, ұсыныстары біртүрлі сылбыр, сенімсіздеу шығып жатты.

Ал сосын басталды...

Басында милиция қызметкерлері мен ішкі әскер солдаттарының қорқыту айласы қолданылды,  алаңдағылар олардың бас киімдерін  жұлып тастап, пластикалық тақтайларын сындырды...   Содан кейін құқық қорғау органдарының өкілдері шерушілерді қуу үшін шоқпарлар қолдана бастағанда, оларға жауап ретінде тас лақтырылды. Осылай нағыз шайқас басталып кетті.

Кешікпей билік өрт машиналарын, десанттық әскер бөлімдерін, брондалған транспортерлерді іске қосты. Үш күн, үш түнге созылған қанды оқиға жүріп жатты. Тек бұл басқа әңгіменің тақырыбы...

Жәй  ғана атап өтерміз: Осы күннен бастап көптеген қазақстандықтар, соның ішінде полковник Дастан Теміров үшін уақыт жаңаша  есептелетін болды.

 

                                                                   ***

 

1986 жылдың 18 желтоқсаны. Алматының тұнжыр таңы. Леонид Ильич Брежнев атындағы алаң.

Аспан бір жиектен қарсы жиекке дейін жер шарының түкпір – түкпірінен айдап әкелгендей, астана үстін  қорғасындай ауыр бұлттар жауып  алып тұр. Жердің алыс  шетіне барып жасырынған күн көзінің қыс кезіндегі суық сәулесі жерге, айналаны қанқызыл түске бояп, шақырусыз келген аспан қуғыншысының тығыз қабаты арқылы түсіп тұр. Қарасұр жамылғы оранған ақбасты таулар төменде, елдің бас алаңында болып жатқан қайғылы оқиғаға айбарлы жүзбен көз тігуде.

Ал кешеден бері мемлекеттік жүйеге қарсы көтерілген қазақтың ұл - қыздары жайлаған алаңда, ең қорқынышты деген түсіне де кірмейтін, сұмдық жайлар болып жатыр. Оларды қуып тарату үшін үкімет десанттық және ішкі әскер бөлімдерін әскери ұшақтармен байтақ ССРО-ның түкпір –түкпірінен тасып жеткізді, жергілікті шекара жоғары училищесінің курсанттарын, халық жасақтарын, сол сияқты жұмыстан қолдары бос ішкі істер органдарының қызметкерлерін түгел жұмылдырды.

Кеше, 17 желтоқсанда Владимир Татаринцев телефон, теледидар, радиолардың бәрін ағытып тастап, үйде өткізді.  Зайыбы Людмила ұлы Костя мен поезға отырып Благовещенскіде тұратын апасына кеткені оңды болды. Сондықтан да демалыстың аты демалыс, аз болса да, демалуға құқықты. Оған тағы бір себеп бар, ол үш тәулік ішінде ойланып - толғанып, от басымен кеңесіп жауап беруге тиіс: Ауғанстанға ұзақ мерзімді іс сапарға баруға келісім бере ме, жоқ па? Маңызды іс  шөлмексіз шешілмейді, сондықтан кеше кеш бойы жалғыз отырып, шешімі асығыстық пен әбігершілікті жаратпайтын осы сұраққа жауап іздеп бас қатырды. Ал бүгін таңертең басқарма бастығының орынбасары полковник Сычев қоңырау соғып, телефонын ағытқаны үшін боқтап алып, Татаринцевке формаңды киіп Брежнев алаңына, министірдің орынбасары полковник Сайлау Серіковтың қол астына бар деп бұйырды.

«Неге?»- деген сұраққа,  «анда көресің!» - қырсығып қысқа қайырды.

Қылмыстық істер қызметкерлері тек ұлы мейрамдарда, онда да мемлекеттік сыйлықтар берілерде ғана формалы киім киетінін есепке алғанда, бұл Володяға оғаш бұйрық болып көрінді.

Трамвайда келе жатып-ақ Владимир Иванович айналада түсініксіз бір жайт болып жатқанын сезінді: жұрттың бәрі елеңдеулі, ерекше үнсіздікке батқан, тіпті тұнжыраған деуге болады; славян ұлттығы өкілдерінің көздерінен қырағылық талабы байқалса, қазақтардың және басқа да азиялық ұлттар  өкілдерінің көздерінен  ашықтан – ашық жек көрушілік көрінеді.

«Менің үстімдегі милиция формасы кісілерге әсер еткені ме? – Володяны қоркыныш биледі, - құрып қалғырды енді кимеймін».

Подполковник трамвайдың алыс бұрышында бұға түсіп, жан-жағана қарауды қойып, күн тәртібіндегі келелі мәселе – соғысып жатқан Ауғанстанға бару жайлы ұсынысқа жауап тұралы ойға қайта ауысты.

Шевченко көшесімен Мир даңғылы бұрышында трамвайдан түсіп, Татаринцев даңғыл бойымен алаңға бағытталып, жоғары көтерілді. Сол жаққа қарай қолдарына біреулері темір шыбықтар, кейбірі жоғары вольтті сымнын кесінділерін ұстаған бір топ үнсіз түнерген еркектер кетіп бара жатыр.

«Мұнда не болып жатыр өзі?» - Владимир Иванович шындап үрейлене бастады. «Жана төңкеріс болмаса кетті?».

Қүрманғазы көшесі екі қатар қойылған милициямен жабылыпты.

-Не болып жатыр? – Татаринцев бейтаныс капитанға сұрақ қойды.

- Сіз әлі күнге дейн хабарсыз ба? – жақтырмағанын жасырмаған үнмен, сұраққа сұрақпен жауап қатты.

Владимир Иванович түк түсінбеген күйі иығын бір қысып, әрі кетті.

-Чуркаларды ұрып жатырмыз! – капитан өзіне тән емес ашулы дауыспен подполковниктің артынан айғай салды.

Владимир Иванович, «сен не көкіп тұрсын нақұрыс?» - дегендей оған тесірейі қарады да, ештене айтпай кете берді, тек оның сырт бейнесін есіне мықтап сақтады.

Ал аланда нағыз қолма-қол шайқас жүріп жатты. Иық тіресіп тұрған қазақ жігіттері мен қыздарының ішінде де, сондай темір шыбықтармен, сойылдармен, күрек сабы сынықтарымен қаруланғандары бар екен. Бойлары екі метрлік, айбарлы, көк берет киген десанттықтар тобыр ішіне сына боп кіріп, бар даусымен бақырып тұрған жастардың бір бөлігін бөліп алады, сол сәтте оларды жасыл белгі таққан курсанттар саперлік күректермен соққыға алады, сосын аяқтарын  әрең басып тұрған жас бүлікшілерді милиционерлер қағып алып, дайын тұрған көліктереге тией береді. Жерде ессіз жатқандарға да осы үлес тиді.

-Әй, не істеп жатырсындар? Бұлайша өлтіруге болады ғой! – осы учаскеде басшы болып жүрген шекарашылар полковнигіне Татаринцев тоқтай сала осындай сауал салды.

- Ал сен, немене, жаның ашып кетті ме? Кеше бұлар біздікілерді қалай ұрғанын ұмыттың ба? – полковник ашумен сөз қайырды.

- Мен жаңа ғана келдім, не болып жатқанын хабарсызбын...

- Өз жолынмен жүре бер, подполковник, бөгет болма. Ең дұрысы – өзіңнің парызынды орында. – полковник жек көрген түрмен теріс айналды. 

- Штаб қай жерде жайғасқанын айтпайсыз ба? Мені министірдің орынбасары  Серіковтың қарауына жіберді.

Мінбе Алматы милиция орта мектебінің  курсанттары мен ІІМ-жоғары шенді офицерлер құрамының үш қатар қоршауына алынған. Қоршау мен  үкімет  мінбесінің арасындағы кеңістік бас киімсіз, қолдарын желкелеріне ұстай, қар үстінде  қатар-қатар тізіліп отырған қара шашты ұлдар мен қыздарға толы. Қатарлар арасында аяңдай басып бірнеше милиция офицерлері жүр, және өздеріне ғана белгілі себептермен жастардың беттерінен тебеді.

- Әй, Мищенко, сен, аюан, не істеп жүрсің? -  Владимир Иванович  өзінің бір қызметкерін тани кетті.

- Ә-ә, Владимир Иванович, сәлеметсіз ба! – майор қуанып қалды, -  міне мәмбеттерді тәрбиелеп  жүрміз, бұдан былай бой көтермесін деп.

- Мищенко, сен нағыз оңбағансың! - Татаринцев жүрек тұсын ұстай алды. Көз алдында бәрі қараңғы тартып, жүзіп бара жатты, басы айналып,  құлап түсуден әзер қалды. Бір неше рет демін тартып – шығарғаннан кейін, жеңілдегендей болды.

«Жетпегені енді осы жерде инфаркт ұстауы еді» - Владимир Иванович шұғыл бұрылып, кері бағытта жүріп кетті.

«Сайтан алсын бәріңді! Үйге барам да, бәрі тынышталғанша жатам». -подполковник Татаринцев осындай шешім қабылдады. «Ертең –ақ  Ауғанстанға қызымет өтеуге дайынмын –деп келісім берем. Бәрі бір  одан алысқа жібере алмайсыңдар. Ал қазір үйге... Жоқ, әуелі Теміровтерге соғып, олардың жайын білуім керек».

                               

                                                               4-тарау

 

                                                         Оның шайқасы

 

Көктем! Тағыда көктем келіп жетті. Ештеңеге: жақында ғана қазақ жастарының қаны жазықсыз төгілгеніне, олардың ата-аналарының қайғы –қасіретіне, ойдан шығарған себептер негізінде жоғары және орта оқу орындарынан шығарылған студенттер зарына, жұмыстан қуылғандардың көз жастарына, жел тоқсан оқиғасына қатынасқандар мен күнде жүргізіліп жатқан соттар әділетсіздігіне қарамай, келіп қалды.

Бұл мұз тауының көзге көрінер бөлігі ғана, мемлекеттік қауіпсіздік органында, ішкі істер министірлігі ішінде қандай жұмыс қайнап жатқанын, олардың қызметкерлері күні-түні өткен қарсылық көрсету акциясының шын ұйымдастырушыларын, басқа да белсенді қатысушыларын іздеп шарқ ұрып жүргендерін, қазақ ұлтшылдығы сияқты аса қауіпты  құбылыстар тамырларына балта шабу мақсатымен, әр түрлі жоспарлар мен тұжырымдар жасап, оперативтік есептер құрып жатқандарын көпшілік жұрт білмейді. Олардың өздерін де күн сайын: белгілер бер,  жалдау бер,  шулы іс аш,  бер-берлеп жоғарыдан соққылап жатады.

Бір күн ішінде Республика екіге: «желтоқсаншыларды» жасырын , әлде ашық қолдаушылар және олардың қарсыластарына бөлініп шыға келді.

Біріншілер қатарына Дастан Теміровтың өзін өзі жатқызды. Міне неге:

Сол үрейлі күндері Қазақстан ҮҚК-ның 5-ші Басқармасы бір топ қазақ зияларының ең көрнекті деген өкілдеріне «Көшпенділер» аталған оперативтік іс қозғады. Чекистер қайғылы белгілі НКВД-ның 1937 жылғы тәжірибесін қайта жандандырып, қаруды бірақ сермеп, үкімет пен партияның саясатына қарсылық білдіруші, халқын сүйген азаматтарын залалсыздандырғылары келді. Әрине, бұл бүкіл  қолданылмалы заңдарды жөнсіз бұзушылық еді, бірақ бізде әрқашан да жәриялау бар да, оны орындау жоқ қой. Тек ана жылдардағыдай жаппай ату болмаса да, жапа шегуішілер болуы сөзсіз еді.

Жаңа саясаттың алғашқы құрбаны, қазақша шығатын сықақ журналдың бас редакторы «Ш» болды.

Егер адам оперативтік тізімге іліккен болса, оперативтік қызметкер оған қатысты барлық техникалық жабдықтар мен күштерді қолдануға, сырттай бақылауға алуға, жұмыс орны мен тұрағында айтылған әңгімелерді тыңдауға, тағы басқа әрекеттерге құқықты.

Чекистер «Ш» - ны толық торлап алды: кабинетінде, қабылдау бөлмесінде жасырын тыңдау аппараттарын тықты, телефон жүйесін орталықтық бақылауына қосып қойды, жоғарғы қабаттан арнайы фото аппараттар үшін  саңылаулар тесіп орнатты, және, әрине  оның әр қадамын сырттай бақылаушылар аңдып, баяндап жүрды.

Әркім өзінше босаңсығысы келеді. Бір жұманың кешінде оперативтік- техникалық бөлімнің қызметкерлері «Ш»-ның хатшы қызбен ашына қатынасын бейнелеген сурет түсіріп алыпты. Арғы жағы – оңай шаруа: фотосуреттер әйелінің қолына тиеді, кінәласу,  жанжалдасу, ал қортындысы - «Ш» жүрек ұстамасынан қайтыс болады.

 Мемлекеттік қауіпсіздік органдарының зұлымдық әрекеттері «Көшпенділер» жоспарына енгізілген әрбір нысанның өмірінен бір   шикілік тауып, сол әшкерлеуші материалды негіз етіп, қылмыстық заңдар жинағының тиісті бабына сәйкес іс қозғауға бағытталған. Мүлде күнәсіз адам бар ма?

Ұзақ ойлап-толғаудың, ауыр ой күресінің нәтижесінде, Дастан Темірович бұдан әрі өз Отанының және оның асыл  ұлдарын тағдырларына немқұрайлы қала беруге болмайды деп шешті. Қалай болғанда да , не істесе де Отанның адал ұлдарын қорғау керек.

                                                               

                                                                 ***

 

 Бүкіл қала, бүкіл қоршаған орта ымырт қараңғылығына малынған. Таулар, қыстан қалған қоңыр көрпеге оранып, ұйқыда жатыр. Бірақ көктем тақалып қалды, көрпесі көп кешікпей ашық көк түске боянады. Қайда қарама, көктемнің белгілерін сезінесің; ауа жылынған күн сәулесін шыдамсыздана күтіп зыңылдайды, жапырақсыз жалаңаш қалған ағаштар ыңқыл қағады, тіпті ерте жолға шыққан жаяу жүргіншінің тақасы астындағы тротуар тырсылы да күрсілдеп естіледі. Еріген қар суымен толыққан  Есентай өзеншесі енді ешкімге көңіл  аудармай  төменге күркірей ағып жатыр.

Мынау міне «Көктем» шағын ауданы, ал мынау үйде  «Білім-Знание» журналының бас редакторы Ақселеу  Сейдімбеков тұрады. Үйді жағалап, кірер есігін тауып алайық. Солай, яғни, ойлағандай, үшінші есік болып шықты. Ал  «сыртқы күзет» жігіттері қайда? Иә, әрине, анау қоңыр  «алтылық» Жигули  қой. Сорлылар шаршаған болар, ұйықтап кетіпті. Ештеңе етпейді, кешікпей таң атады, ауыстырушылар келеді де дем алуға үйлеріне кетесіңдер.  Ал  кәзір тыныш ұйықтаңдар  және подъезге кіруші болмаңдар.

Дастан дыбыс шығармай үшінші қабатқа көтеріліп, елу бірінші пәтердің есігін құлағына тақады. Тыныштық. Сейдімбеков Ақселеу жолдастың жанұясы ұйқыда.

«Ұйықтаңдар достар, енді бәрі жақсы болады. Мен сендердің әкелеріңді, жұбайыңды өзімнің әріптестерімнің азаптауына бермеймін». – Дастан Теміров монологын іштей айтып тұр. Оны «Көшпенділер» жобасының бас авторы, подполковник Валентин Чугаев ерекше жек көреді, себебі Ақселеу ағай ақпарат құралдарына бәрінен көп жазады. Қазақтарды орыстандыруға, қазақ тілін жоюға қарсы минтингілер өткізеді. Ал бұған себеп - оның тынымсыздығы, батылдығы, мұндай адамдарды сақтау керек - Дастан, осылай өз-өзімен кеңесу арқылы, жанымен тәнін қысып алып, жібермей қойған ішіндегі жексұрын қорқыныш сезімін басқысы келетін сияқты. Өзінің осы қадамын ол саналы түрде, жан –жақты ойластырып, алдын ала болжап болмас жағдайлар мен қиыншылықтардан өзін қауыпсіздендірген сияқты, бірақ оқиға қалай дамырын кім білген?

Теміров төменгі баспалдақтың сатысына түсіп, терезе алдына жайғасып отырды. Айнасын алып, жүзін шолып шықты. Бәрі жөнді секілді: париктің ұзын шаштары иғына түсіп тұр; мұрты мен сақалы сәйкестеле жапсырылған, кәдімгідей көрінеді. Бұларды табу қиындық түсірген жоқ, ондағанда, жақын туысы Жүнісов Орал «Қазақ фильм» студиясының беделді режиссерлерінің бірі, ал қажет киім табуға бас қатыруға тура келді: Теміровта бір  киер сырт киім жоқ, күздік пальтосының етегін, Отан соғысы жауынгерлері қолма-қол шайқасқа шығар алдында шинелдерінің етектерін түргендей, ішке қарай бүгіп алуға тура келді. Ол «Москвичка» атанып кеткен  қысқа пальтоға ұқсап қалды. Иә, тағы бірдеңе жетпей тұрған тәрізді. Дастан күннен қорғағыш үлкен көзілдірік киіп көрді. Міне, енді болды, ресторанда қосымша жұмыс істеп, таң атар алдында аяқтарын әзер басып, үйіне қайтып келе жатқан суретшіге, немесе музыкантқа әбден ұқсайды.

Ой толғауымен, әсерленумен - ҮҚК-ның опасыздықты кешірмейтіні, батылы барғанды әскери сот, әлде жұмбақ жағдайдағы өлім күтіп аларын ойлап отырғанда уақыт байқалмай өтіп кетті.  Міне, ағаш есік сықырлай ашылып, Ақселеу Сейдімбековтың ұзын бойлы, шымыр денелі, философша кең маңдайлы тұлғасы көрінді. Соның өзі екені сөзсіз. Терезе алдында отырған бейтаныс адамды көріп, халыққа белгілі ақын сескенді, жүрісін сәл баяулатты, бірақ қасарып алға жүре берді.

- Сәлеметсіз бе,  Сейдімбеков жолдас! – Теміров қолын қалтасына салған күйі қарсы жүрді.

- Сәлем, сіз кім боласыз? – Валентин Чугаевтың кабинетінде талай рет магнитофон жазылмасынан естілген дауыс, ішкі толқыныстан бұл жолы қарлығыңқырап шықты.

- Жолдас Сейдімбеков, біздің уақытымыз өте аз, сондықтанда менің қазір айтар сөздеріме қалтқысыз сенуіңізді сұраймын. Және, тәңір жарылқасын, менің аты – жөнімді сұрамаңыз. Қазір мен сізге басымды қатерге тігіп келіп тұрғанымды өзіңіз түсінесіз. Келістік пе?

- Қайтеміз, айта беріңіз.  Қызық шығар.

- Біріншіден, ана автокөлікке қараңызшы, көрдіңіз бе?

- Иә, оның несі бар? Кәдімгі  «алтылық».

- Оның ішінде сізді аңдып жүрген ҮҚК қызметкерлері отыр.

- Солай болсын делік. Аржағы немене?

- Сіздің жұмыс кабинетіңізде, қызметтегі кабинетіңізде, қабылдау бөлмесінде, жатын бөлмеңізде тың тыңдайтын құрылғылар орнатылған.

- Мен өзім де солай болар деп ойлағам, тек жатаржайға неге керек?

- Көптеген адамдардың ең маңызды құпиялары мен әйелдерімен және тек төсекте бөлісетін әдеттері бар.

- Қарай гөр, білген жоқпын.

- Осындай әдістермен сіздің жолдастарыңыз да аңдуға алынған...(Теміров олардың аттарын атап берді). Сіздің міндетіңіз олардың бәріне аталған жерлерде артық ештеңе  айтпауды, ойланбай ешбір  әрекет жасамауды ескерту...

- Ал мен неге сізге сенуге тиістімін? Қалаған адамға саған ҮҚК тыншылық жасауда деп айтуға болады,  ал  ол мұның шындығына кәміл келтіре алмайды.

- Міне сізге мысалы: кеше , түскі үзіліс кезінде, сіз Раушан есімді әйелге алдағы сенбіде, сағат кешкі  бестен кейін, Армениядағы досыңыз жіберген «Ереван» коньягын алып оған баратыныңызды айтып телефон соқтыңыз. Солай ма?

- Иә, иланарлық мысал. Ол қоңырау туралы әрине Раушанның өзінен өзге жан білуі мүмкін емес.

- Олай болса, рахым етіп, мен атаған кісілердің бәрін түгел ҮҚК калпағы астында жүрміз деп ескертіңіз: менің өз басым олардың бәрін аралап шыға алмайтынымды түсінетін шығарсыз, қымбатты Асеке.

- Олар ҰҚК бақылауында екенін өздері де білу тиісті ғой...

- Онда сіздің жақын досыңыз Шон неге мұндай жеңіл ойлы қылық жасады?

- Иә, иә, сіздікі жөн, мен бәрін ескертемін, алаң болмаңыз...

- Тағы бір мәселе. Тура бір тәуліктен кейін, таңғы алтыда, сіздің пәтерде ҮҚК қызметкерлері тінту жасайды. Бас прокурордың орынбасары Мызников рұқсат қағазға қол қойды. Сізді, достарыңызды, ниеттеріңізді әшкерлейтін және сізге қарсы қолдануға болатын заттардың бәрін жойыңыз.

- Рахмет сізге, сіз ұлы адамсыз. Бірақ сіз кімсіз?

- Мен сұрадым ғой...

- Ең болмаса айтыңызшы, қазақпысыз?

- Мен ҮҚК қызметкерімін. Бары осы.

- Қолыңызды қысуға рұхсат етіңіз.

- Кешіріңіз, оның қажеті жоқ. Қолдан кісіні оңай тануға болады.

- Ах, солай ма еді! Ешқашан ойлаған  емеспін.

- Егер аса қажет болып қалса, мұнда тағы да келуім мүмкін, тек сыртқы түрімді өзгертем. Ал енді қош болыңыз!  Менен кейін  он минуттан соң шығыңыз.

- Рахмет сізге, Отанның ардақты азаматы! Сізді Аллаһ сақтасын!

- Соны тілеймін! Өзіңізді сақтаңыз!

- Сіз де сақтаныңыз. Бір кездерде кездесеміз, танысамыз деп сенемін...

- Мен де.

 

                                                                       ***

 

Май мерекесіне дейін Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Генадий Васильевич Колбин өзінің жергілікті көсем ролімен және қоршаған ортамен азды-көпті үйренісіп үлгеріпті. Жағдай жасаушы адамдар, дәлірек айтқанда, партия қызметкерлері, ал олар Грузияда ма, Қазақстанда ма, бәрі бір тектес, оларды тек көздерінің қиылысы, терілерінің түсінен айыруға болады. Болмаса, қайда қарасақта, сол жағымпаздық, құлдық психология, әз-әзілдік, өсектеу, шен құмарлық және сол үшін өлік таптап өте беруге әзір жандардың жиынтығын көресің.

Алғашқы уақытта желтоқсан уақиғасы, сонда төгілген қазақ жастарының қаны, қалай десең де, өзінің атымен байланысты болғанын түсініп, опыныс сезімі жанын қинаған болса, уақыт өте келе бере бәрі есінен шыға бастады; ол былай тұрсын, шерушілерді тарату, одан кейінгі жазалау шаралары әділ, тарихи қажеттілік болғанына сенімі  арта түсті. Оның да, орталықтың да, осы пікірдің ақиқаттығына сенуіне қазақ зиялыларының кейбір өкілдері: жазушылар, артистер және басқа да қайраткерлердің бір-бірімен жарыса, өздерінің берілгендіктерін, бастаған реформаларын қостайтындықтарын білдіруге шапқылап  келе бастағандары себеп болды. Олар бәрі қосылып, кеше ғана құдайларындай табынған Конаевты жерден алып, жерге сала жамандап, атына кір құйып жатты.

Қайтерсің оған, қасқыр үйірінің заңдары да қасқырша...

Ал бүгін мейрам. Ол Қазақстанға келген сәттен, бүкіл сол қорқыныштардан, толқыныстардан, күмәндардан кейінгі бірінші мейрам. Бүгін 1-Май, астана еңбекшілерінің шеруі басталады.

Генадий Васильевич қызмет кабинетінен шығып, комиссар Сергеевке еріп жеке лифтпен КПК ОК –ті ғимаратының бірінші қабатына түсті.

 Бұл жерде оны Орталық  комитет Бюросы, үкімет мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, еңбегі сіңген мәдениет пен көркемөнер қайраткерлері, бір сөзбен, онымен бірге мінбеге көтерілуге тиісті тұлғалар күтіп тұрды.

Бүкіл осы тобыр шаттана дабырласып, ұлықтың қолын қысып қалуға асыға, оған қарай тұра ұмтылды. Бүгін міне осылай, уақыты келгенде - боржалауға ұмтыларлары сөзсіз. О-о! Аман – есенінде, тездетіп кетсе ғой осы жерден.

Көсемді құрметпен қарсы алу процесі белгіленген әдеп пен уақыт шеңберінде өтті, бәрі сыртқа шығып, мінбеге түсе бастады.

Май айының күні жарқырап тұр, аспанда бір шөкім бұлт жоқ.

Брежнев алаңына транспараттарын, ұрандарын, көрнекті үгіт құралдарын ұстаған астананың барлық ұжымдарының өкілдері жиылған.

Үкімет мінбесінің бірінші  қабатында Колбинді, азаматша киінген, мына ең басты  №1 қосын сеніп  тапсырылған, ҮҚК қызметкері  қарсы алуда.

- Полковник Теміров! - чекист өзін атады.

«Неге мұнда қазақты қойған?» - Генадий Васильевич іштей ызаланса да, сыртқа оны білдірмеді. «Бәріне демократияшылықтың тәлімін көрсету керек».

- Сәлеметсіз бе, жолдас Теміров! Мерекеңізбен! -  Колбин маңғаздана қолын созды.

- Сізді де, Генадий Васильевич! - жасандылықсыз ризашылық сезіммен Дастан жауап қатып, созылған қолды қысты.

Нөкерлер де полковниктің қолын қысуға асыға ұмытылысты...

 

                                                               ***

 

 Үкімет трибунасы алдынан әлем еңбекшілері ынтымақтастығы халықаралық күнін атап өтуге келген бақыт пен шатыққа бөленген қалалықтар топтары лек-лек болып өтіп жатыр. Алаң жалаулар мен ұрандардан қып-қызыл түске бөленген. Халық шаттануда, динамиктерден марштар мен патриоттық әндер құлақ жаңғырта шығып тұр.

 Сонда, желтоқсанда да қызыл түс көп болған, тек ол қарға және мына мінбенің мәрмәр тасына жағылған қан болатын.

Дастан үкімет байланысы бөлмесінің емен есігін ашыңқырап, сыртқа көз салды. Осы жерден бүкіл мінбе айқын көрінеді: төралқы мүшелері ұзын тізбек құрып  тұр, дәл ортасында елдің жаңа  «иесі» - Генадий Васильевич Колбиннің зор тұлғасы ерекше көзге ілінеді. Былай қарағанда, ол өзінше сүйкімді жан: бет-әлпеті, нұрлы көкшіл көздері, кейін қарай таралған сарғылт шаштары, дене бітіміне қосыла оны орыс батырларының ұрпағына ұқсастырады.

Теміров өзінің ұжымымен оның қала, ел тұрғындары мен кездесулеріне талай рет еріп барып жүрді. Колбин жазушы болсын, студент болсын, әлде қарапайым жұмысшылар болсын, бәрімен ортақ тіл табыса білетін, сөз сөйлеп, әзіл айтуға қабілетті адам екенін көрсетті.

... Сонымен, Колбин қақ ортада  жайғасқан, артында, үш метрдей жерде оның жеке оңқағары Сергей Задорнов, нұсқау бойынша бір жақтан екінші жаққа теңселіп тұр...

Теміров түкті кілем үстімен дыбыссыз басып келіп, Задорновты тапаншаның сабымен шекесіне соққы берді. Жігіт жүз пайыз істен шығаралды.  Аянышты, әрине, бірақ...

Сосын Теміров Колбинге таяу келіп, тапаншасын шекесіне тақай: «Микрофон! Дереу маған микрофон беріңіз!» - жан-жағына қарай айғай салды.

Әрине, сол сәтте-ақ шеру басқарушының микрорфонын әкеп берді.

-Халқым менің! Айтыңдаршы, мынаған не істеуім керек? - чекист алаңда орнатылған динамиктер арқылы күтпегендіктен аңтарылып тұрған шереушілерге жария салды. - Қаласаңыздар мен оны қазір өлтірем...

Дастан жабысқақ ойлары бойынша құрылған, әрекеттері мен жоспарларының сценариін кілт тоқтатты. Бірдеңе олай емес...

«Жоқ, өлтірем деген сөз жарамайды. Мен қарақшы емеспін ғой, ал бұл өмірге жәй қастандық емес, саяси акт. –Теміров ойын одан әрі жалғастырды. – Мүмкін, былай: Халқым менің! Біздің ұлдарымыз бен қыздарымыздың төгілген қаны мен тартқан қасіреттері үшін, Мәскеудің отарлық саясатына қарсылық білдіре, мен жолдас  Колбинді өлім жасасына кесемін...»

Қатты ойға шомған Теміров орнына қайтып келіп, піл сүйегінен жасалған телефон қорабы өзін мазалап біткен сұрақтарға жауап сонда жасырынғандай тесіле қарап, мелшиіп отыр.

«Бұл мәселеге Колбин жолдастың қатысы қандай? Ол КПСС Саяси бюросы әмірін қатардағы орындаушы ғана. Бұйыр алды - Қазақстанға келді. Бізге дейін Грузияда болды. Не үшін оны өлімге қию керек. Оның әйелі, қызы, немерелері бар.  Өзі де жаман адам емес екенін көріп жүрсың. Дастан, бұлай мәселе шешуге болмайды, шектен тыс шара қолдану қате болады».

Дастан мінбеге шығар есіктің жақтауына сүйеніп, қолдарын кеудесіне айыстыра ұстап тұр. Сергей Задорнов бұрылып қарап, барлық отыз екі тісін көрсете күлімсіреді. Ол аз болса, кенет Генадий Васильевич те артына бұрылып,  полковникке күлімдей қарап, қолын бұлғады.

 Сайтан алсын, жолдас полковник, қайдағы экстремистік акция? Қандай өш алу? Өмір сүре жүріп, біздің қоғамның денесін жайлаған ірің ошағын бірігіп тазарту керек! Ал әзірге бәрі бір қазанда қайнап, «мыстан аулау» ойыны жүріп жатқанда, жалғыз сен ғана мемлекеттік кауіпсіздік органының жазалау шараларынан кінәсіз азаматтарды құтқара аласың. Басқаларды қорғау үшін, өзіңді сақта, сен халыққа қазіргі кейпіңде қажетсің.

Және бұл лепірмес сөздер емес, Дастан  Темірұлы, бұл ақиқат.

 

                                                                  ***

 

Салтанат үш жылдан бері пәтерінде тұрып жатқан Райхан апай, жаратпай тыржынып, сұқтана бір қарап алғаннан кейін ғана қырылдай дауысымен бұрқ етті: «Бұл тағы да саған».  Оны осы қыздың бітпейтін саяси ойындары әбден тойдырды, бірақ басқа ештеңе істей алмайды - осы көңілді, мұңаймайтын әдемі қызға тым үйренісіп қалыпты. Жатақ ақыны да, жаңа жағдайларға сүйеніп саудаласпай, ұқыпты төлеп тұрады.

Райхан апай трубканы  орнына қойды да, ілмек мұрнының ұстіндегі көзілдірігін тұзеп, онсыз да еңкек денесін одан  әрі бүкірейте, жорғалай басып ас үйге кіріп кетті.

Соңғы уақытта өзін маңызды мемлекет қайраткері сезініп жүрген Салтанат асықпай басып аппаратқа келіп, маңғаздана: «Мен сізді тыңдап тұрмын» .

- Сәлеметсіз бе, Салтанат! - сенім туғызарлық, тартымды әйел даусы естілді.

- Сәлеметсіз бе, - салқын жауап  қатты Салтанат.

- Салтанат, аса маңызды іске байланысты бізге шұғыл кездесу қажет. - әр сөзін нақты сөйлеп тұр бейтаныс әйел.

«Мақамына қарағанда мұғалім болуға тиіс» - іштей ойлап қалды Салтанат.

- Мен неге белгісіз адамның шақырғанына өкпем қабына тұра жүгіруге тиіспін?

- Әңгіме сіздің және достарыңыздың қауіпсіздігі жайлы болады, - ресми дауыспен жалғастырды Салтанаттың ойын оқығандай. 

- Жақсы, қашан және қайда?

- Тап қазір.

- Жақсы, қай жерде?

- Сіз пәтер  алып тұрған үйдің жанында түрлі-түсті суатқыш бар. Білесіз ғой?

- Әрине.- Салтанатты құмарлық биледі. Бейтаныс әйел мұның жеке өмірінен хабардар екенін білдіріп тұр.

- Қызғылт суатқыштың шығыс жағындағы екінші орындыққа отырып мені күтіңіз. Сіз мені түсіндіңіз бе? Қалайда күтіңіз? Мен қажет деп тапқан мезгілінде келемін.

- Мен сізді  қалай танимын?

- Мен сіздің бейнеңізді жадымда жақсы сақтадым.

«Десек те, қайсар қатын екен» - Салтанат іштей осылай бағалады да, көнгіштене жауап қатты:

-Келістім, мен шығамын...

Салтанат Бекішева, ағайынды Арон және  Рашид Нутушевтер құрған  «Жас алаш» жастар қозғалысының белсенді мүшесі ғана емес,  өзінің екпінділігі, табандылығы, харизмі арқасында ол ұйымдағы үшінші тұлға болып есептеледі. Ал  «Алаш» қозғалысы күннен – күнге нығайып, өз тарихында тұңғыш рет бостандық дәмін сезінген Республика тұрғындары арасында танымалы да тартымды ұйымға айналып келеді.

 Міне  Салтанат келісілген жерде, белгіленген кезде келіп отыр. Күн тас төбеге шығып, отты сәулесі түскен жерін аяусыз күйдіріп барады. Бірақ ойға шомған емендер түбінде және суатқыштар ылғалының әсерінен бұл жер салқын, әрі жайлы екен.

Салтанат ауық-ауық жан-жағына шыдамсыздана қарап қояды, қалай дегенімен, ол елге белгілі адам, ал мұнда кім екені, неге екені белгісіз біреуді күтуге мәжбүр.

Бір кезде артжағынан әтірдің бас айналдырар хош иісі шықты да, орындыққа жиырма бестер шамалас, нәзік денелі, сымбатты, сәнді киінген, көзін үлкен қара көзілдірікпен жапқан қазақ қызы келіп жайғасты.

-Сәлеметсіз бе, Салтанат? Сізге қоңырау соққан мен,- сұлу қыздың үні толқыныстан сәл қырылдап шықты. - Мені  көңіл қойып тыңдаңыз және ештеңе сұраушы болмаңыз. Кәзір мен хат берем, сіз оны зейін сала оқып, әр сөзін жадыңызда сақтап, Арон мен  Рашидқа жеткізуге тырысыңыз, ал хатты маған қайтарасыз. Келістік пе?

 Салтанат келісе басын изеді. Қыз сөмкесінен форматты парақ қағаз шығарып ұсынды.

Парақшада қара түсті қаламмен, баспа әріптерімен төмендегі мәтін жазылыпты:

 

1) Сіздердің Каблуков көшесі, 125 үйдің, 17  пәтерінде орналасқан штабтарыңызда қойылған тың тыңдау қондырысы арқылы  сондағы барлық әңгімелерді, телефон арқылы байланыстарыңызды ҮҚК тыңдап отырады. Микрофондар жоғарғы қабаттағы пәтерден тартылған.

2) Аронның пәтерінде, сол сияқты, Рашид тұратын әке –шешелерінің Әуезов, 53, жекеменшік үйде де сондай қондырғылар орнатылған.

3) Арон мен Рашидтің соңдарына салынған сыртқы бақылау қызметі олардың әр қадамын, әр кездесулерін қадағалауда. Осыны есте сақтап, бейқам болыңыздар.

4) Сіздердің ұйымдарыңыздың белсенді мүшелері Райханов Азамат пен Мурсалиев Бекмахан ҮҚК-ның жансыздары, оперлеріне сіздердің әр шешімдеріңізді, жоспарларыңызды баяндап тұрады. Сақ болыңыздар, бірақ олардың рөлін білетіндіктеріңізді байқатпай, солар арқылы жалған ақпарат жіберуге тырысыңыздар.

5) Сіздердің Азербайжанға қару жіберу мен айналысу жайлы шешімдеріңіз ҮҚК-не белгілі және сіздердің өмірлеріңізге қауіпты, сондықтан бұл шешімнен бас тартыңыздар.

 Сақ болыңыздар, өздеріңізді сақтаңыздар!

                                                                  Тілектес

 

-Жаттап алдыңыз ба?- қыз тілектес жымыйып, қолын қағазға созды.

Салтанат тағы да көндігіс білдіріп, серіктестеріне көрсетуге қанша құмар болса да, парақты қайырды.

 Бейтаныс қыз жан-жағына мұқият қарап, күдік туғызар ештеңе көрмегесін,  сөмкесінен оттық шығарып алып, еңкейіп отырып парақты жағып, күлін аяғымен таптады. Бұл «Мен өз ісімді атқардым, қалғаны сенің міндетің. Мен жасырындығымды толық сақтадым, сен де менің істегенімді істе» - деген ишарат бергендей көрінді.

-Ал енді қош болыңыз! Мен сізді, сіз мені көрген жоқпыз. Мына орыннан тек он минуттан соң тұрыңыз.

 Қыз қалай келді, солай білдірместен кетті. Тек, біраз уақыт ауада оның француз әтірінің нәзік иісі шығып тұрды.

 

                                                                  ***

 

- Сен бәрін дұрыс істедің, Зайражан! Сен батыл, әрі өжет қызсың! – Дастан қыздың аққу мойнын мейірлене сипап, иегіне дейін ұяла жапқан ақжайманы иығынан төмен түсірді. -  Сенен мықты Мата Хари ( Германияның атақты жансызы) шыққан болар еді.

- Мені мазақ қылуың жетер. Салтанат сенің нұсқауларыңды оқып болғанша мен қалай қорқып отырғанымды білесің бе? Маған қайдағы бір чекист немесе милиционер жетіп келіп, Салтанаттың қолынан қағазды жұлып алатындай көрінді, ал сен оны өз қолыңмен жаздың ғой, солай емес пе? Сосын сен өзің олардың бәрінің соңына салынған бақылаушы бар дедің ғой.

- Солайы солай ғой, бірақ тап кеше Алматыға Семей полигонында ядролық қару сынауды тоқтату мәселесі бойынша халықаралық конференцияға көптеген шетелдіктер келуіне байланысты, олардан бақылау алынған болатын. Сенің толық қауіпсіздігіңе сенімсіз бола тұрып, сені кездесуге қалайша жіберді деп ойлайсың?

- Ал мүмкін мен сені тойдырып, сен менен құтылғың  келген болар.

-Мен сені...

- Жалғастырмауыңа болады. Мен сені бәрібір ұстап бермес едім.

- Неге?

- Соны да аңғармайсың ба? Себебі мен сені сүйемін.

- Онда неменеге ылғый ақжайлыққа орана бересің? Мен сенің теңдесі жоқ сұлу денеңе сүйсінгім келеді. Сенің терің сондай аппақ, жұқа, балғын, мұндай тері, әдетте , сары әйелдерде болады.

- Сен  өзіңнің осы мәселе бойынша біліміңнің молдығын жария етпей –ақ қойсаң  да болады. Қатын құмар неме!

- Ол не дегенің Зайра-жаным, сен менде  жалғызсың...

- Ал әйелің ше?

Дастан өзін-өзі бұрышқа тыққанын кеш түсініп, тілін бір тістеп, қабырғаға бетін беріп жатып қалды. «Тілім менің, жауым менің! - чекист ойша өзін жерлеп жатыр,- жарым ес неме, тым мыжып кетесің!»

Теміров еркелете «Зайражан» атайтын Зайра  Курманова, бір ғылыми - зерттеу институтының  қызметкері, екі жылдан астам уақыт кездесіп жүрген ашынасы. Енді міне оны аса маңызды тапсырмалар орындайтын агент ретінде пайдалануда. Әлі жиырма беске де толмаған Зайра, қыз күйінде, басына ақ кіре бастаған, бірақ қайраты тасыған полковникке ғашық болып, құлай сүйді, берілді. Ал Теміров оны сүйе ме? Оны бұл айта алмайды. Ұнай ма? – Ессіз. Сүйе ме? - Білмейді. Мұны қалай айтуға болады? Мамандықтың талабы?  Мүмкін. Бірақ бұл өмір шындығы.

- Кешір мені жаным, мен сені ренжіткім келген жоқ,- махаббат сезімі есін шығарған қыз қайтадан еркелей бастады.- Мен сен үйреткендей бәрін дұрыс істедім ғой, солай емес пе? Саған қауіп жоқ па?

- Қуанышым менің ,сен бәрін керемет атқардың. Тек...

- Ол не  «тек», сүйіктім? Мен қандай қателік жасадым?

- Тыныштал, мәселе сенде емес.- полковник күрсініп алып, терең ойға шомды...

-Көзіңе елестететіп көрші Зайражан, сенімен кездесуден кейін, Салтанат жасалашылардың штаб пәтеріне барып, табалдырықтан аттай бере:

- Арон , Рашид, мен жаңа ғана өте  қызық қызбен кездестім. Ол мені телефонмен суатқыштар қасына шақырып алып, мазмұнын сіздерге айтып барамын деген шарт қойып бір хат ұсынды.

- Ол сөзбе-сөз менің хатымда жазылған сөздерді қайталап айтып береді, түсінесің бе? – Дастан өкінішпен күрсініп қойды.

- Тың тыңдау аспаптары бар жерде ме?

- Дәл солай. Тура сол тың тыңдағыш және суретке түсіру құралдары қойылған залда.

- Ол немене, сондайлық ақымақ па?

- Соған ұқсайды.

- Енді немене?

- Бүгін 5-ші басқарма негізінде біздің арамыздағы сатқынды іздеп тауып, залалсыздандыру тобы құрылды, соның ішінде полковник Теміров та қосылған.

- Енді не болмақ?

- Сатқынды іздейміз, - Теміров қапалана күлімсірей сөзін әрі жалғастырды.- Біздің кездесулеріміз әзірше тоқтатылады. Есіңде сақта, біз тіпті таныста емеспіз, менімен байланысты заттың бәрін жой. Қоғамдық орындарда азырақ болуға тырыс.

- Сені  қанша уақыт көре алмаймын? Мен есімнен танып, жынданып кетем ғой.

- Салтанаттың қателігінің себептері ашылғанша, жағдай аса ауыр, Қазақстан ҮҚК-інде болып көрмеген сатқындық.

Зайра, ақжайлықтың мүлдем ашылғанына көңіл аудармай теріс қарап жатыр, оның нәзік тұлғасы өкси жылаудан қалшылданды...

 

                                                                  ***

 

«Қай кезде де міне осылай, біреулерге жақсылық жаса да, сосын соның зардабын тарт». - Дастан Темірович өзінің тар қараңғы кабинетінің терезесінен төмен қарап тұр. Тағдырдың тәлкегі  бойынша, терезесінен мемлекеттік кауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторының бой жазу  ауласының желпінгіш тәріздес, үстері металл тормен жабылған дәліздері алақанға салғандай көрінеді. Сұмдық көрініс.        «Торлы аспан» деген ұғымды халық тегін шығармағаны анық.

Салтанат бұдан әрі де жұмбақ қыз жайлы ойлай беретін болса, мына торға келіп түсер мүмкіндігі зор. Оны ұстайды, Зайраның пішінін зорлап айтқызады -  күмән жоқ - агенттерді ізге салады; бітті  ісін, жолдас полковник.

Салтанатпен не істеуге болады? Оны қалай  бейтараптандыру мүмкін?

 Бір кезде Ақселеу Сейдімбековқа шыққандай, «Жас Алаштағы» ең есті, жауапкер Арон Нутушевтің өзіне тура шығуға жөн болар. Сайтан алғыр, маған тек сол ғана қалды!...

Үш күннен кейін Салтанат жоқ болып кетті, және оның қайда құрып кеткенін ешбір жан білмей қойды.

Одан әрі үш күн өткенде Қазақ ССР-сы ҮҚК-ты «күнәдән  әрі болу» дегендейін, «Жас Алаш» белсенділерін қудалауды тоқтатты, себебі, ССРО көлемінде орынды да қарқынды түрде демократияландыру, ашықтық, қайта құру процесстері басталып кетті.

Ал «соғыс дәмін» татуға дағдыланып қалған полковник Дастан Теміров, шайқасын әрі жалғастырумен болды, көптеген адамдарды «ҮҚК қалпағы» астына түскендерін уақытылы ескертіп, жазықсыз жазаланудан сақтап қалды.

 Елде өршіген қайта құру, демократияландырулар ағымына еліктеген Теміров өжет әрекетке барды: ССРО Халық депутаттарының бірінші съезіне, оның төр ағасы Михаил Сергеевич Горбачевтың атына  ҮҚК органдары жұмысын қайта құру туралы өзінің ұсыныстарымен съезде сөз сөйлеуге мүмкіндік беруді сұрап жедел хат жіберді. Әдеттегідей, жауап созбалаңға салынды, жедел хат Қазақстанның өкіл депутаты генерал-майор Мирошник Виктор Михайловичтің қолына «анықтауға» берілді. Шеңбер жабылды. Бұл жайға ерегісіп Дастан Теміров мемлекеттік қауіпсіздік жүйесіне  реформалар жүргізудің қажеттігін дәлелдеп «Аргументы и факты» газетінде мақала жариялады.

Бұл полковник Теміровтың  оперативтік қызметкерлігіне нүкте қойылуына соқтырды, кешікпей ол зейнеткерлікке шығарылды.

Әр нәрсенің басы да, аяғы да болады.

 

                                                              5-тарау

                                               «Барысқа» сүрлеуі жолы

 

Алматы қаласының  Алатау аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары милиция подполковнигі Владимир Иванович Татаринцев қызмет кабинеті терезесі алдында қолдарын кеудесіне айқастырып, ойлы түрмен дамылсыз жауып тұрған қарға сұйсіне қарап тұр. Қар - айтып жеткілерсіз, жан тебірентер сұлулық, қар -жан тыныштығы, қар - өмір жаңғырту.  Жапалақтап ақ ұлпа қары жауып тұрған табиғат мәңгілік болсын!

Міне мынау біздің қыс. Бұл ауғанның ызғары үстегі киімді тесіп  өтетін, тас  қиыршықтарын үрлеп әкеліп бетке соқтыратын суық қысы емес. Көкжиек артында күтіп тұрған жау - душманда жоқ...

Подполковник Татаринцев түған өлкеге  ауыр зақым алып, Сібір әскери емханаларында қалпына келгесін, арып-талып, блиндаждар мен окоптарда алтын түсті бұйра шаштарының жартысын қалдырып, қалғанын ала түске боятып, оралды.

 Келсе, мұнда бәрі танымастай өзгерген, бәрі, бәрі! Мүлдем басқа ел. Тіпті атауы мен астанасы да өзгерген. Адамдары жайлы айтпасада түсінікті.

«Туған»  Министірлігінде мұны жәй салқын емес, дұшпанындай қарсы алды. Бірден зейнеткерлікке шығарғылары келіп еді, бірақ Ауғанстандағы  іс-сапары мен госпиталда өткерген ұзақ жылдары үшін, үстеме қосудың есебін шатастырып алып, Ресейден мұның әуре-сарсаңын дәлелдейтін құжаттар келгенше, осы жұмысқа жіберген болатын.

Қайтеміз енді, әзірге мүмкіндік беріп тұрғанда қызмет атқару керек. Бірақ бір кезде елге белгілі ізші Татаринцев өз өмірін оперативтік жұмыссыз, агенттермен жасырын жолығусыз, торуылсыз, атыс-шабыссыз өткізуді тіпті елестете алмайды. Не істеуге болады? Ескі қызметтестерінен дені дұрыс ешкім қалмапты. Ал қалған таптырмас мамандар сенімсіз сезініп, өздерін кеміс тұтатын сияқты.

Есесіне бұрын көрінбеген жас  өскіндер толып кетіпті. Кілең жалпақ бетті озбырлар, бәрі сәнді көлік мінген: күш пен ақшадан басқадан ештеңе мойындамайтын жаңа заман қорғаушылары. Бұларды бір ғана ой билейді: кімнен көбірек ақша сыпырса болады. Өздері айтқандай, мол «бабкалар» үшін ауыр қылмысқа барудан бас тартпайтын «оперлер».

Бірақ басты бәле бұл да емес. Ал олардың қылмыстық ортамен байланысты болуы, қарақшы топтарға қосылып әрекет жасайтындары, мемлекетке қауіп төндіреді. Ел көлемінде әлек салатын ұйымдасқан қылмыс неге әкеп соғатынын Владимир Иванович Ауғанстан мен Тәжікстаннан көріп келді. Құдай содан сақтасын!

Владимир Иванович ауыр күрсінді. Оны кәзір мәңгі өлмес, толғақты «не істеу керек?» деген сұрақ қинауда. Осы орнында жарты жылға жуық жұмыс істеп жиған-терген ақпаратына үңілсең, шалқаңнан түсердей, қасқырша  ұлырдей боласың.

Басқаны былай  қойғанда, өзінің тіке бастығы  Куницын   Борис Абрамович пен оның  тергеу бойынша орынбасары Ким Сергей Анатольевичтың өздері не тұрады. Олардың айналысатын істері дені дұрыс адамның ақылына симайды.

Бәрі мынадан басталды. Күз күндерінің бірінде, Куницынның  қабылдау бөлмесінде,  Владимир Иванович бұрыннан Заңдар жинағының «ұйымдасқан қылмыстық әрекет» аталатын бабына сәйкес таныс болған Мамаев Хасан дегеннің отырғанын көзі шалды. Агентура деректері бойынша, ол сол қылмыстық қауымда тұрақты жендет ролін атқарған, шектен тыс қаталдығымен, қаныпезділігімен ерекше бағаланған. Өзі Ауғанстанға кеткенде, сол істің  немен тамамдалғаны Татаринцевке белгісіз.

Ал қазір Мамедов орта қол табысқа жеткен бизнес иесіне ұқсайды: май басқан салмақты денесіне етегі өкшесіне дейін түскен сары ламадан тігілген пальто киілген, қолына ұялы телефон мен шетелдік көліктің кілтін ұстап отыр. Оның бүкіл түр-келбеті, арсыз, топас кескіні, бәрі бұның алдында бірдеңеге міндеттідей өзін жоғары ұстау мәнері, шектен шыққан өз-өзіне сенімділігін, жазасыздығын көрсетіп тұр. Жанр  заңы бойынша тергелуші тергеушіні түстен білмеуге тиіс, сол себепті, Мамедов Татаринцевке еш көңіл бөлген жоқ, және де ол формасыз жүрген болатын.

 Есесіне Владимир Иванович ойға батты: аудандық милиция басқармасы бастығының қабылдау бөлмесінде қарақшы, жендет адам не бітіре отыруы мүмкін?

Және Куницынның өзі де мұның көңілінде жағымсыз әсер қалдырды: бір түрлі құбылмалы, әдепсіз, көздері суық, өткір, қанға, өлімге үйреніскен адамдардың көздеріне ұқсайды. Осы тәріздес тұлғаларды қалтқысыз тануға оперлік ұзақ жылғы  қызмет атқаруы барысында Владимир Иванович үйренген.

- Ал не, Владимир Иванович, маған орынбасарлыққа қайдағы бір «чурканы» жібермей, сізді бергеніне өте қуаныштымын, - Татаринцев оған өзін таныстыруға кіргенде осындай сөздер естіді.

- «Чурка» - деген не сөз? Мен сізді түсінбедім.- Владимир Иванович шыныменен таңданып қалды.

- Жә, болды, менің өзімізше, өз арамызда айтқаным ғой. Жасыратыным жоқ, мен жергіліктілерді  жаратпаймын.

- Сіздің пікіріңізді құптамаймын. Бала кезімнен ең жақын досым - қазақ.                         – Татаринцев мұңайып қалды.

«Бұл неткен іс, менен не қалайды өзі?  - іштей ойлады подполковник, - мынау жәй емес, кір істері көп болуға тиіс. Жарар, жүре келе көрерміз» - көне опердің ішкі түйсігі сыбыр еткендей болды.

-Жарар, Владимир Иванович, жүре-тұра көрерміз, - [i]Куницын Татаринцевтің ойын естірте қайталады.

Міне енді осы күмән шақыратын басшынын қызмет кабинетіне салқын қанды, баскесер атағы бар тұлға келіп отыр. Бұл нені білдіруді мүмкін? Мұны анықтау қажет болады.

Күн әдеттегі жұмыс ырғағымен өтіп жатты, бірақ Мамедовтың келуі туралы ой бір мезетте шықпай қойды.

 Кешке, ІІАБ ғимаратында кезекшілерден өзге ешкім қалмаған шақта, Владимир Иванович тергеу бөліміне келушілер мен шақырылғандарды тіркеу журналдарын кабинетіне алып, қарап шықты. Мамедов Хасан - деген есім, әрине, кездеспеді. Ал басқа бір журналда Низамов Вольдемар деген біреудің шақырумен  11 сағат 30 минутта келгені көрсетіліп, шыққан уақыты тіркелмегені анықталды.

«Асығыста ұмытылған болар» -  Татаринцевтың ойына келді.

Осыдан екі жеті өткесін хабар - ошарсыз жоғалғандар тізімінің ішінен Владимир Иванович ірі бизнес иегері Низамов Вальдемар деген фамилияға көзі түсті. Аты - жөні жадында жақсы жатталынған.

 Сол күннен бастап Татаринцев тергеу бөліміне шақыру бойынша келіп, кейін кетуі көрсетілмегендерге бөлек тізім жасай бастады.

Не тапты? Осы тізімге кірген екеуі, істері өрге басып тұрған бизнес иелері хабар -ошарсыз жоқ болып кетті. Міне қандай  мағлұмат! Оны енді қалай іске асыруға болады? Бұл арада әңгіме қорқыту үшін адам ұрлау туралы екені, ал Мамедовтың қандай тұлға екенін есепке алсақ - айуандықпен өлтіру туралы болуы бес инедей белгілі жәй.

«Мен  осы Дастанға кіріп шығайыншы. Коньяк сұраптап отырып сөйлесейік, кеңес сұрайын. Күн сенбі, үйінде шығар. - Владимир Иванович қызмет көлігін шақырып алды. - Айтқандайын, бір бас жақсы, екі бас одан да артық».

- Сәлем, Сәулеша! - Владимир Иванович есік ашқан досының жұбайының бетінен сүйді.- Өзі қайда?

- Ол кісі қапа шегуде, - әйел сөзін мысқыл араластыра жауап қатты.

«Ғажап! Қанша жыл өтті, ал Сауле сол күйі: өз-өзіне сенімді, белі аздап толыққаны болмаса, сымбатты, ақылды, ұстамды, әзілқой әйел. Бұлар менің Людкаммен жиірек кездесіп тұрса жақсы болар еді, тек ылғи уақыт жетпей қояды».- сырт киімін шешіп жатып, Татаринцев қамыға ойлады.

-Володя, дер кезінде келдің, анда, фирмаларында бірдеңе болып қалса керек, қортындысы мынау: бір шөлмек коньякты алдына қойып ас үйде отыр, оған бүкіл дүние қапас. Қолыңды жу да, кіріп досыңа серік бол, біз ол рөлге жарамаймыз.

 Татаринцев өзімен мәселелер шешкенде басқа анық ойлар туғызуға ала келген, досының сүйікті ішімдігі - бес жұлдызды «Белый аист» коньягын қалтасына тереңірек тығып кірді.

- Не ұайымдап отырсың, мейірбанды жас жігіт? - Владимир Иванович кіре бере досымен осылайша тіл қатысты.

- Вовка! Басқа жауған қардай жетіп келгенің қандай тамаша болды. Маған сенімен ақылдасу қажет  болып отыр еді.

- Қарай гөр, қандай түйісу, ал маған сен керексің.

- Әйдә, онда айта бер шешілмес мәселелерің жайлы. Түкте емес, Вовка, біз екеуміз, әр кездегідей, шешеміз бәрін.

- Ж-о  -о  -қ, үй иесі хақында, әуелі өзіңді сүре жолдан не жағдай  шығарғанын сен айтып бересің.

- Жақсы. Тек әуелі бір жұтымнан.

- Қарсы емеспін.

Достар жұтып алысты.

- Вовка, сен білесің ғой, мен  «Меридиан» фирмасында бес жылдан бері кадрлар бөлімін басқарып келемін. Онда мен оңбағандықтың неше түрін көріп келдім.

- Мәселен?

- Онда адамды адам деп есептемейді. Көрінген басшы жұмыскерін атасынан бастап боқтап алуға, жалақысын азайтуға, мүлде бермей қоюға құқықты. Ол сорлы бала - шағасын қалай асырайды деп мүлде ойламайды. Ал бұл мұз тауының аз бөлігі - шыңы ғана.

- Оған түк істей алмайсың, Дато, бұл капитализмнің аюанша ақсыюы ғой.

- Мен бұдан арі шыдай алатын  емеспін, кететін шығармын. Тек қайда баруға? Мен әділдік  үшін алыс - алыса титықтап шаршадым.

- Тым қапаланба. Қасқырлармен тұрсақ – қасқырша ұлы - деген ережені білесің ғой.

- Татарин, көз алдыңа елестетіп көрші, өткен түні түсімде мамам Ақ-Ана бұлағынан су алып келе жатыр екен, бір қолында су толы шелек, екінші қолымен кішкентай ғана қар барсы - ирбистің күшігін кеудесіне қыса ұстап келеді. Сен екеуміз біздің үйдің қасында оны күтіп тұрғандаймыз.  Мамам жақын келіп маған күшікті ұсынады.

- Ал сен ше?

- Мен, әрине, алып мысықтың баласындай сипалай бастадым.

- Көріпкел болмасамда  айтайын, менің білуімше, бұл жақсы жаңалыққа  меңзеп тұр, себебі: мұнда су, толық шелек Ақ-Ананың суы түске еніп тұр. Солай емес-пе?

- И- ә-ә, бір жаңалық, шынында маған жетті. Тек оның жақсы жаңалық екеніне шүбәм бар. Фирманың вице-президенті орталық кеңсеге менің үстімнен шағым түсірді деген хабар бар.

- Білесің бе, Дато, сен кадр бөлімі басшысы болудан кетсең, мен тек қуанам. Бұл іс сенікі емес! Сен екеуміздің ісіміз - із кесу, қылмысқа қарсы күрес, әділдіктің, заңның жоғарылығын қамтамасыз ету.

- Ондай  қызметті мен қайдан табам?  Мені сол үшін де ҮҚК-нен айдап шыққандарын өзің білесің ғой. Жарайды бірдеңе жасап күнелтерміз. Бірінші рет емес. Ал енді айта бер, сенде не болып қалды?

Владимир Иванович досына тағдыр айдап апарып, қызмет атқаруға жазған ІІАБ -де жасалып жатқан қара істері бойынша өзінің бақылаулары, қортындылары мен болжамдары  жайлы айтып берді.

Тыныштық орнады,  құйып жіберіп, алып  қойысты.

- И-ә, Вовка сен аса қауіпті бикфорд жібін қолына іліпсің. Бұған , өкінішті жері таңданатын ештеңе жоқ. Сен жоқта өмір, заман өзгерді. Алғашқы капитал жинақтау дәуір туды.  Бүгін кейбір адамдар біз түсімізге көрмеген қылмыстарға барып жатыр. Қайда қарасаңда органдар қызыметкерлері араласқан қарақшы  құрылымдарынан іс-әрекеттері ашылып жатқанын көресің.  Сенесің бе, тіпті  кейбір ҮҚК қызметкерлері де солардың сойылдарын соғады. Қазір енді кімге  шағымданарыңды, кім сені  сатпасын білмейсің. Сен осы қауіпті жағдайға  килігіпсің, егер бір күдік білінсе, өзімдікі дегендердің өзі ойланбастан  оққа байлайды. Ал олардың ақпаратшылары тым жоғарыда  отырулары мүмкін.

- Сонда енді немене, үндемей, қашан ұзақ демалысқа жібереді деп отыра беру керек пе?

- Саған, Вовка,  кету керек, және меніңше тезірек. Басқа жағынан алғанда сен үнсіз қала алмайтыныңды да білем, яғни, бірдеме істеу қажет. Тек міне не істеу?...

- Қайда бара алам мен, Дато?  Не істей аламын? Кесте тігіп отырамын ба?

- Тыңдашы Вовка, айда, өзіміздің дедективтік агенттік ашайық. Бұл біз екеуміз үшін таптырмас амал ғой. Бізге ғана емес. Қаншама тәжірибиелі оперлер сүйікті істерінен айырылып, тауқымет тартып жүргендерін еске алшы. Агенттігімізге тәір-тәуір оперлерді тартамыз, жапа шеккен, немесе шеккелі тұрған қарапайым адамдарға  тіреніш боламыз. Бұл керемет емес пе, ә?

- Дато, мынауың құнды ой! Тек қиындық мынау, Қазақстанда жекеменшік дедективтік қызмет туралы заң жоқ қой. Ал Ресейде бар.

- Сен Қазақстанда рұхсат беретін  заң жоқ дегің келеді ғой, бірақ тиым салатын заң да жоқ . Яғни...

- Яғни, тиым салынбағанның бәріне рұхсат етілген - деген заңнама күшіне енеді ғой.

 - Жақсы, Володя, әзірге сенің зейнеткерлікке шығыуыңды хаттау процесі біткенше,  мен агенттікті тіркеуге қажетті құжаттарды әзірлеумен айналысамын. Тек сен Астанаға барып, ішкі істер министірі Сакеновтың өзіне күмәндарыңды ашық айтып кел. Ол таза, адал адам, жақында ІІМ-ҮҚК-ның жоғары шенді офицерлерін тұтқынға алуға жеке өз басы қатысты.

- Ал жұмысты не істеймін?

- Элементарно, Ватсон! Емделуге шығасың. Сәуле жасап берер кардиограмма бойынша, Куницынның өзі сені аурухана койкасына көтеріп апарып жатқызады.

- Ақылға сиымды.

- Сакеновпен  сен қашанда жақсы қатыныста болдың ғой, солай емес пе?

- Ол Аәуезов ауданының ІІБ-сы бастығы болғаннан бері.

- Біз де жақсы таныспыз. Бірнеше рет ІІМ мен ҮҚК-нің біріккен оперативтік шараларына бірге қатыстық. Ол да мені еске тұтқан болуға тиіс. Мұны мен неге айтып отырмын? Мүмкіндік бола қалса,  юстиция басқармасына өтініш, әлде ұсыныс жазып берсін. Олар біздің агенттік  Жарғысының «Қызмет түрі» деген бабына: «Жекенменшіктік детективтік ісі» - жазылуына рұхсат беретін болсын. Тәжірибе ретінде көрсетсін.

- Ой, Дато, сенікі бас емес «кеңес үйі»! Мынадай ой басыңа қалай келе қалды?  Менің ойымша, жоқ, мен  Бекқайыр Шоқанович мұндай хат жазып береріне әбден сенімдімін.

- Яғни, сен  бұл жобаны қолдайсың ғой?

- Әрине, Дато, еш күмәнсіз. Егер фирманы жолға қоя алсақ, сосын оны балаларымызға енші етеміз ғой.  Сенің Даниярың, менің Костям біз екеуміз  секілді өмір бойы бірге болады.  Көзіне елестетіп көрші.

- Ал мамандандыру жағынан біз оларды жетілдіреміз, солай ғой? Тек, Құдай денсаулық бере  гөрсін. Вовка, тыңдашы,  біз агенттікті қалай атасақ екен, ә?

- Бас қатыратын ештеңе жоқ! Түсіңде мамаң саған не әкеліп еді?

- Барыс, дәлірек  күшігі...

- «Барыс» - деп атаймыз. –«Барыс» дедективтік агенттігі. Үнді ме?

 -Әбден!

Тағы да тыныштық орнады. Тағы ішіп алысты.

- «Барыс» жасасын!

- Сондай ақ  барыстар, кәрілер, ақбастылар, тек бәрібір барыстар!

- Ура!

- Ура!

- Жақсы, Татарин, мамам әкелген  барысқа орын тапқан сияқтымыз. Ал бұлақтан алынған бір шелек су нені білдіреді?

- Сен білесің бе, Дато, соңғы уақытта, неге екенін білмеймін, мен біздің Айыртауды,  Саумалкөлді, Ақ-Ана бұлағын, әсіресе госпиталдарда жатқанда, жиі еске алатын болдым. Бір байланыс пайда болды: өзімді мөлдір бұлақпен , ал өмірімді ащы көлмен теңейтін болдым. Сен , Дато, тек күлме!

- Неменеге күлем, менің өзіме де ұқсас ойлар жиі келіп кетеді.

- Ал қазір  мен былай ойлаймын. Сенің мамаң Рая апай: «Балалар, сендердің өмірлерің – Саумал ащы көлі, достықтарың - мөлдір бұлақ Ақ-Ана. Ал бірге –барыссыңдар» - дегісі келген болар.

- Ойбай, сен, Владимир Иванович, тәжірибиелі түс  жортуші көрінесің, тура әулие дерсің! Тост ұсынам: «Достық үшін!»

- Біздің достығымыз үшін!

- Ура!

- Ура!

 

                                                               СОНЫ                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілінде жазылған