Адам қарады: 240 | Жарияланды: 2020-04-17 05:43:44

Көк күмбездер панасында

1 – Тарау

Жұма намазы

 

-Бисмилляхи – Рахмани-р-Рахим, - жайыла өскен ғасырлық қарағаш түбінде қойылған ағаш орындықта шалқия отырған Дастан Теміровичтің жанының ең терен түкпіріне жете, елдің бас мешітінің көк күмбездеріне айнала ойналатылған оншақты динамиктер бос қалған алаңды жаңғыртуда.

Барша діңдар – мұсылмандар үшін міндетті жұма намазы басталды.

 Ал ол, отставкадағы  ҰҚК-тің полковнигі, «Барыс» детективтік агенттігінің директоры Теміров Дастан Темірович өздерін тақуа санаушыларға қосылмастан, табылдырықтың бері жағында қалды, оның уақыты әлі келмеген болар.

 Қазір Дастан Темірович мешіт алдында құрметті Баязит қажының намаздан соң шығып, маңызды ақпарат беруін күтіп отыр.

Баязит Хамитов  ұзақ уақыт бойы ҰҚК-ның жансызы ретінде Теміровпен тығыс байланыста болған, белсенді, іске берілген, босқа мазаламайтын адам.

Бірақ бүгін тәңертең, соншама уақыт пен уақиғалар өткенде, екеуі де шексіз демалыста жүргенде, ол Теміровтың үй телефонына қоңрау шалып, менде аса маңызды ақпарат бар деп сендіріп, бұрынғыдай жолығу орны мен уақытың белгіледі.

Бір қызық жері, Дастан Теміровичтің бір себеп тауып кездесуден бас тарту ойына да келмеді, себеп: егер сен қашанда бір оперативтік ойынмен айналысқан болсаң, оған деген құмарлық қалған өмір бойы жадында қалады екен.

Намаз аяқталды, міндеттерін орындап шыққан жұрт мешіттен шығып жан-жаққа тарасуда.

Байсалды, толғыңқыраған, қаба сақалды Баязит қажыны, бұрынғыша адамды басынан аяғына дейін тіміскелей қарайтын көздері болмағанда, танымай қалу да мүмкін екен.

Конспирация ережелерін толық сақтап, ол ұшып тұрып амандаспақ болған Теміровті қатан қарап тоқтатып, кездейсоқ адамдай орындыққа қатар жайғасты.

-Анау үш жас жігіттерге қараңызшы, - қажы еріндерін әзер жыбырлыта, ақырын, бірақ анық айтты.

- Көрдім.

- Өте оғаш адамдар, маған аса қауіпті боп көрінеді.

- Неге?

- Неге, неге, - ерікті ақпарат беруші кенет кейіс білдірді. – Олар өздерін моджахедтерміз деп атайды, жарамды пәтер іздеуде, әзірше туыстарында тұрып жатыр.

- Бұл ақпарат қайдан алынды?

 Баязит қажы, мамандығынды жойғансын ба, чекист, дегендей жеркене түкіріп қалды.

-Бұлар қашан пайда болды?

- Үш-төрт күн бұрын.

- Қызметтегі оперлерге неге хабар бермедіңіз?

Әңгімелес көп нәрсені білдіре иықтарын қиқан еткізді. Онысы келесі жайларды білдіруі мүмкін-ді: Мен қазір ешкімді білмеймін, себебі бұл істен кеткеніме көп болды, ал саған мынадай жаңалық айттым екен, қалғанын өзіңнің үжданың білсін.

-Кімдер бұларың?

- Аттарын білуден сізге еш пайда жоқ. Меніңше анау екеуі қазақтар, ал ұзыншасы – өзбек.

- Олармен қалай жақындасуға болады?

- Ойлаңыз, полковник, бұл сіздің шаруаңыз, ал мен кеттім, онсызда тым отырып қалдым. Сау болыңыз.

- Егер...

- Егер қосымша бірдеңе білсем, әрине, қоңырау соғам.

- Алғыс айтам! Кездескенше!                                       

 

                                                           2 –Тарау

                                                Мағынасына қарамай

 

Бату алдындағы күн шеңбері адасып келген бұлт артына жасырына қалып, оны көкшіл-қызғыл түске бояп жіберді. Таудан жан жайландырар салқын жел есіп, ағаштар түстен кейінгі талудан біртіндеп оңдалып жапырақтарын желпілдете бастады.

Дастан Темірович бұл жолы да агенттік кеңсе терезесі алдында қолдарын кеудесіне айқастырып алып, күн батысына сүйсінуге құштарланып еді, бірақ ауыр ойлар мазалай берді.

«Не істеу керек? – әрекет адамының байырғы сұрағы. – Баязит қажы қозғаған мәселеге не істеуге болады?»

Мүмкін ҰҚК департаментіне барып, генералмен кездесіп  бұрынғы агентпен болған әңгіменің мазмұнын айтқан жөн болар.

Ондай жағдайда не болатының да Теміров жақсы біледі: генерал семіз қолдарын ысқылап қойып, тәлім берер сөздерін  айтады: бәрінен бұрын деректер жинау қажет, сосын қылмысты әрекеттер белгілерін, орнын, уақытын, күалар базасын анықтау керек болады. Ал сіздің айтқандаңырыздың бәрі бос сөз.

Оларды Баязит қажиға айдап салсам ше? Бірақ, мұндай іс үшін ол кездескен жерде бетіме түкіруге қақылы болады.

«Құрып қалсын бәрі» - деп қолды бірақ сілтеп қоя салсам не болады? Бұл, әрине, жақсы шешім, бірақ көп ұлтты қала үшін, тіпті бүкіл республика үшін мұндай істің ақыры қандай зардабы боларын кім біле алады?

Теміров бір кезде өзінің бөлімшесімен «Братья мусульмане» аталатын Алматыда қастандылық әрекеттер жасауға келген ұйымды ашып, әрекеттерінің алдын алғанын түп-түгел есіне түсірді.

Ол жолы да бәрі күтпеген жерде басталды: солтүстік Африка елдерінің бірінен келген политехникалық инститтуттың үш студенті жалдамалы пәтерде Құранның негіздерімен таныстыру үйірмесін ашып, оған жергілікті жастарды тартады. Біраз адамның басын құрап, «бестіктерге» бөліп, басшылар тағайындап, жалған аттар беріп, конспирациялық әрекеттермен айналысуға баулайды.

Сосын Орта Азияның басқа қалаларындағы осы бағыттағы ұйымдармен байланысқа шығады. Сол кездегі ҮҚК-ның күші мен қуаты болмағанда істің немен тамамдалатының ешкім біле алмаған болар еді.

Теміров өздеріндей тәжірибелі, Отанына жан-тәнімен берілген оперативтік қызметкерлер қазір жоқ және енді болмайды да деп мақтана ойлады.

Қысқасы, жолдас, яғни полковник мырза, қалған ақпаратты өз күшінмен жинап, сосын барып, қажет болса, ұлттық қауіпсіздік органына хабар бересің.

Сонымен, қолымызда не бар? Ең алдымен, әрине, инспектор-детектив Әлібек. Ауылда туып – өскен жігіт, халық пен діннің салт-дәстүрлерінен хабары бар, бірнеше сүре жатқа біледі. Ең бастысы, ол Алматы-1 ақшамында  жалдамалы жеке үйде тұрады.

Енді қалғаны: оған мінсіз аңыз жасап беріп, бізге керек топқа ебін тауып енгізу, сонда сонау жылдардағыдан кем түспес оперативтік жұмыс қызу жүріп кетуге тиіс.

Шешім: «Барыс» детективтік агенттігі түскен дабылды жан-жақ тексеріске қабылдайды.

Лездеме жиында жастар шефтің ұсынысы ұнамайтыңдығын ашық білдірді.

-Чекистер мұндай істер үшін жалақы алады және айта кету керек, аз алмайды, - бірінші боп ұлы Данияр қарсылығын ашулана білдірді.

- Біздің мақсатымыз – ақша табу, ал мына істе тек шығын болатын түрі бар, - инспектор – детектив Коля Кузеев өз ұлесін қосты.

Тіпті балашақ кезден досым болған, бірінші орынбасарым Татаринцев Владимир Ивановичте аузына су құйғандай, үнсіз мелшиіп қабағын түйіп отыр.

-Ал егер әлемде болып жатқандай қалада жарылыстар басталса ше? – екінші орынбасарым Болат Атабаевтың дауысы қатал шықты. Ол да өзімдей отставкадағы ҰҚК полковнигі.

Ашық, немесе іштей наразылық білдіруші «барыстардың» бәрі ыңғайсызданып қалды.

-Ал сен өзің не ойлайсың? – Теміров болашақ операцияның басты орындаушысына сауал қойды.

- Мен келісем! – запастағы прапорщик әскери адамша қысқа жауап қатты.

- Шешім қабылданды, - Дастан Темірович айтысты доғарды.

Алдағы операцияны ұжымдық талқылау басталды.

 

                                                      3 – Тарау

                                       Көп үміт күттірер кездесу

 

Қарағаш түбіндегі орындықта отырған Теміров: «Қарандар, мынау солар!» - деген белгі берді. Әлібектің өзі да «моджахеттер» мешіт ауласына кіре бергенде-ақ оларды «сезінген» болатын. Біздің адамдар көздерінен шынайы аққөңілдік, алаңсыздық оттары ұшқындап тұратын болса, бұлар сақтана да, сұқтана да қарайды.

Әлібек «нысандар» соңынан еріп, мешіттің кіші залына кірді, олардың орын таңдауын, намазға дайындалуын күтіп, содан сон тап алдарына барып жайғасты.

«Құдайшыл» детектив тізесне отырып алып, көзін тас жұмып, бала кезде жатталған Құран аяттарын міңгірлеп айта бастады. Арқасы мен мойыны, шашының әр талы арқылы желкесін үш пар көз тескілеп жатқанын сезінумен болды.

Жалпы намаз оқу басталды.

Әлібекті құлшылық ету процесс өзіне тартуы сондай, ол басқа дүниені түгел ұмытты. Жасағанға жан – тәндерімен табынған намазшылардың шыққан қуат күші оның опасыз денесін, өмірде дөрекіленген санасын мыңдаған инелерімен шаншылап берді.

«Мұнда жиі-жиі келіп күнделікті өмірдің қамдарынан сейіліп, тазарынып шығып тұру керек екен» - асқақ ойлар жан дүниесін жаулап  билеп алды.

 Ей-ей, менің жалғыз өмірім-ай!

Бұдан әрі қалай өмір сүру керек? Сосын қайта келмес жастықты жоқтамас үшін қандай жол таңдағаным жөн? Құдайға ғана қызмет етсем бе, бірақ мені кім асырайды? Әлібек бетін парлап аққан жас жапқанын байқамады да.

-Бауырым, саған не болды? Жүрегін қысып түр ма? – үшеудің бірінің  қолы иығын есіркей сипады.

- Жоқ, жоқ! Ештеңе емес, қазір өтеді. – Әлібек алақанымен бетін басып біраз отырды да, кенет ұшып тұрды.

- Көңіл көрсетулеріңе көп рахмет, жігіттер. Бәрі қалпында, жай, әр түрлі жайттар еске түсті.

- Мешітте адам жаны ашылатыны өте жақсы. Барша мұсылмандар – бауырластар, соңдықтан бір-біріне көмек көрсету міндет. Таңысып қоялық. Менің есімім Төлеу. Мыналар: Махан мен Әлішер.

- Әлібек, - жас болса да талайды бастан атқарған детектив қолын созды және тап сол сәтте ішінде бір серіппе қысылғандай сезініп, ол енді барлық күтпеген жайларға, тағдыр оғаштықтарына дайын екенін түсінді.

Жастар мешіт алдындағы сатыларға тұрып алып, шетел туристеріндей сүретке түсіп жатқан ауылдан келген ағайындар жиылған алаңға шықты. Қасиетті орынның аурасы әсер етті ме, аяқасты таныстық байланыстырды ма, кім білген, әйтеуір жігіттер тектен-тек ажыраса алмай тұр.

Әңгіме шегісті. Жаңа таныстар сұрастыра келе Әлібектің өміртарихын толық біліп алды, ал ол «аңызын» айтып берді: ешжерде жұмыс істемейді; көлігімен жүргінші тасумен айналысады; уақытша жалдамалы үйде жалғыз тұрып жатыр; әйелі екі қабат болып, бала табуға және оны бірінші кезеңде бағып-қағуға ауылдағы туғандарына кетті.

-Сен қазір машинадасың ба? – топ басқарушы ролін орындаушы тәрізді Төлеу сұрақ қойды.

- Иә, сіздерді жеткізіп салайын ба?

- Бізге бірер ай тұра тұруға пәтер, немесе жеке үй керек еді, - Төлеу сөзін жалғастырды.

- Ендеше мен сіздерді Мақатаев – Қонаев қиылысына алып барайын.

- Біз онда болғанбыз: тым шулы, қолайсыз. Әлібек тыңдашы, ал сенің әйелің туғандарында ұзақ бола ма? – бетінен қайтпас Төлеу түпкі ойына жетуге төсеніш жайды.

- Босануына екі-үш ай бар, егер бәрі дүрыс болса қайта апарып тастаймын. Сәбиді жалғыз күте алмайды.

- Әлібек, біз мүмкін сенімен бірге тұра тұрармыз, айлықты біз төлейміз. – Төлеу «барыстар» күткен жерден шықты.

- Осының бәрі бір түрлі ... аяқ астында...

- Созбақтай беретін несі бар, егер, әрине, үй иесі қарсы болмаса, - Төлеу батылырақ қысымға ала бастады.

- Оның қандай шаруасы бар? Уақытылы төленсе болды ғой.

- Қалай, келістік пе? Оған қоса, біз іс – шаруамен сыртқа көп шығамыз, бізді тасыйтын боласын, ақылы, әрине,  міне саған тұрақты жүргіншілер.

- Ал сіздер немен айналасыздар?

- Шағын бизнеспен. Айтпақшы сен басқа қалаларға шыға аласын ба?

- Маған не кедергі бола алады? Көлік – шетел маркасы, сенімді, жанармай қазір қайда да баршылық.

- Міне, тамаша! Жігіттер, білесіңдер ме? Базарға барып қой етін алайық, Әлішер дәмді өзбек палауын пісіреді.

- Ә-ә-й, кеттік! – қолын санына бір соғып детектив келісті.

Жастар көтеріңкі көңілмен машина тұрағына беттеді.

Әлібек, мен бәрін түсіндім, жолын болуын тілеймін дегенді білдіріп басын кеудесіне еңкейткен Теміровпен қоштаса көз алысты.

 

                                                              4 – Тарау

                                                    Бірегей ерлер отбасы

 

Міне осылай Әлібек, Әлішер, Махан және Төлеу бір шаңырақ астында күнелте бастады. Жаңа достары Әлібектің өткен өмірі, тұысқандары, байланыстары, дүниеге, дінге көзқарастары, Қазақстанның, көршілес Ортаазиялық елдер үкіметтерінің саясаттары жайлы сұрастырып біліп алуға тырысуда. Әлібекті «қараңғыда ұстап», өздері жайлы мәнді ештеңе айтпайды.

-Бауырым, сені бірдеңе мазалайтын секілді, бар ауырлықты ішіңде ұстамай, достарыңмен бөліс, - төртеуі енді бәріне ортақ үйдін ауласында жұмақтай жылы кеште демалып қарбыз жеп отырғанда, Төлеу Әлібектің ішіне кіріп, сырын ашуға қайла жасап көрді.

- Жігіттер, менің мойнымда қан бар. Мен бірнеші адамның өмірін қыйған кісімін.

- Не үшін, ойбай?

- Әкем үшін, өзім үшін кек алдым.

- Оған жеткілікті себеп болды ма?

- Бір аюандар әкемнің сонына түсіп, ақыры өлтірді,  мені де өлтірмек болды.

- Шынайы іс үшін кек алу – қасиетті міндет. Құранның «Бақара» аталатын сүресінің 194 аятында: «Кім сізге қарсы шықса, сізде оған қарсы тұрыңыз», ал «Аралар» аталатын сүренің 126 аятында: «Егер сіз біреуді жазалағыңыз келсе, сізді қалай жазалаған болса, солай жазалаңыз» - делінген. Сондықтан, сенікі жөн бауырым.

- Қарай гөр, ал мен адам өлтіру кешірілмес күнә деп ойлап жүруші едім ғой.

- Құранда тағы былай айтылған: Егер шын көңілмен өкінсен, кешірілмес күнә болмайды.

- Рахмет, бауырлар. Мен соңғы уақытта, әсіресе әйелім кеткелі қатты қыйналып жүр едім. Сіздермен жолықпағанда не істер едім?

Әлібек түрып әрқайсысын үш қайыра құшағына қысты.

Осы жан ашусыдан кейін тұрғындар өздерін кенірек, сенімдірек ұстайтын болды. Бірде Әлібек кезекті «табыс табу жорығынан» оралғанда аулада ілінген боксер қапшығымен пышақ лақтыруға арнап кесіп орнатылған зор дөңбекке көзі түсті.

-Жауларын болса – айт, біз оны көп қыйналмай-ақ жойып береміз, - миығынан күле Махан пышағын лақтырып қалды. Сол сәтте оның көздері қынынан суырылған семсердей жарқ ете түсті.

«Бұл олардың баскесері» - Әлібек іштен түйді. – «Дайындықты қайда өтті екен?»

Жас детектив ағаштан пышақты жұлып алып, айналдыра қарап алды да, айнала беріп лақтырғанда, нысанаға дәл қадады.

-ССРО әуе – десанттық әскері, - маңғаздана  айтты. – Бізді әлемнің ең таңдаулы нұсқаушылары дайындады.

- Біздікі де жаман болған жоқ. – Махан қызбалана жауап қатты.

- «Біздікің» қай жерде?

- Тора – Бора, естіп пе едің?

- Әрине, - үй иесі ысқырып қалды.

«Осы да жетер, «қонақтарды» қорқытып алармын» - Әлібек өзіне тоқтам жасады да, әңгімені басқа арнаға аударды.

Кешкі ас үстінде Төлеу Қазақстанда халық қазынасының арсыз тоналуына соқтырған жекешелендіру науқаны жайлы ұзақ әңгіме қозғады.

-Ал сондықтан да, - қорытындылады ол, - өзімізге заңды тиесіліні күшпен қайтарып алуымыз қажет.

- Ол қалай сонда? – Әлібек таңданыс білдірді.

- Сен достарын арқылы, «жаңа қазақтардың» қайсы үйлерінде мол ақша ұстайтынын біліп бер, ал қалғанын көре жатармыз» - даусынан қоқан-лоққылық лебі байқалды.

- Жоқ, мен қылмысқа бармаймын және сендерге де кеңес етпеймін. Алматының полициясы күшті.

- Бізге, біздің ұйымға қаражат қажет. Көп ақша керек. Қасиетті іске – Орта Азия халықтарына бостандық алып беру үшін керек. – Төлеудің даусы салтанатты, тіпті ресми шықты деуге болады.

- Қандай ұйым? Не айтып отырсың, Төлеу? – Әлібек сасып қалған түр көрсетті.

- Тыңда, Әлібек, сенің ардақты ата-бабаларың мұсылман болды, сен өзін де нағыз мұсылман ретінде Аллаға табынасың, Құран оқисын. Біз саған сенеміз. Бірақ біздің ісіміздің егжей – тегжейімен сеңі толық таныстырар уақыт жеткен жоқ. Сен өкпелемейсің бе?

- Жоқ, - Әлібек менменсіне еріндерін жымқырды.

- Сен Ислам діңі үшін күресуге, қажет болса ол үшін жаныңды беруге әзірсің бе?

- Жоқ.

- Әлібек, біз бәріміз бауырласпыз, бір-бірімізді қолдаумыз қажет. Солай ғой?

- Солай.

- Уақыты келгенде біз сенен жәрдем сұраймыз, көмектесесің бе?

- Иә.

- Әлібек, бізге жақында қасиетті жерлерге бару керек болады. Апарасын ба? Жағармай мен көлік шығындарын өтейміз.

 - Қай жаққа?

- Біз «кіші қажылық» жасай аламыз.

- Ол қалай?

- Ол үшін әуелі Арыстан – Бабтың кесенесінде түнеп шығып, танертең құрбандыққа қой шалып, қажыларға ас беріп, қалғанын кедейлерге бөліп беруіміз керек болады. Ал сосын киелі Қажы Ахмет Яссауидің Түркістандағы мазарында дуға оқуға тиіспіз.

- Түсінікті.

- Келісесің бе?

- Әрине. Тек оған дейін әйеліме барып, қоштасып келем.

- Яғни, келістік?

- Келістік.

 

                                                      5 – Тарау

                                       Құдайды асығыс еске алма

 

Жолға түн қараңғылығы тарамай, таң алдында шықты. Көк аспанның тек шығыс жақ жиегі аздап ағарандаған, ал жұлдыздар күндізгі тұрақтарына бара жатып, жер тұрғындарымен қоштаса жымыңдасады.

Қордай асуына дейінгі жол бойы жүргіншілер ұйқыға басты. Қауыптілігіне жол жиектерінде сұлып жатқан ауыр автоколіктер дәлел болатын құламалы еңістер мен тіп-тік қиялар олардың ұйқыларын шайдай ашты.

Таңғы Қордай жүргіншілерді рақатқа бөлей және әр жүз метр сайын тұрған МАИ-лықтарымен қарсы алды.

-Бірдеңе болған ба? – Әлібек таңқалды.

- Рэкет жасап тұр, - Төлеу мырс етті.

 -Әлібек, әйда Бішкекке соға кетейік, - Төлеу кенеттен ұсыныс жасады. – Бір шаруа бар, аздап тынығып, ас ішіп алайық.

Екі елдің де шекара қосындарымен Әлібек өзін ожар ұстады; солдаттарға әкіреңдей сөйлеп асықтырды, мазақ етті. Соған қарамай бекет тексерісінен бұлар кідіріссіз өтті.

Бішкекте қаланы біраз шарлауға тура келді, Төлеу көшелерді шатастырып алыпты. Бірақ бұл Әлібектің ойынша сырт көзге ғана, ал шын мәніңде достар соңдарына ерген «құйрық» бар – жоғын тексерген тәрізді.

Қаланың жекеменшіктік бөлігінде бұлар тастан қалаған биік дуалдын алдына келіп тоқтады. Қақпа қорғаныс өнеркәсібінде пайдаланалатын болат тақтылардан пісіріліп жасапты.

-Қорған ғой мынау! Мынадай қоршау қанша тұрады екен? -  Әлібектің бұлай таң-тамаша болуы үй иесіне – аласа бойлы, толық денелі, беті мен даусы қатындарға ұқсас еркекке ұнамай қалғаны байқалды.

- Жергілікті материал, жұмыс күші арзан, сондықтан тиын – тебенге салдыруға болады. – қабағын түйе түсіндірді ол.

Дәстүрлі шай ішілген бойда қоштасу басталды. Әлішер мен Махан иесіне еріп үйге кірді де, кешікпей көлемі аса үлкен болмаса да, салмақты екені байқалатын картон қораб алып шықты. Оны көліктің жүксалғышына салып, үстін сол сияқты, бірақ жеңіл қораптармен жапты.

-Нендей жүк әкеле жатырмыз? – Әлібек көлік иесі хақында сұрақ қойды.

- Иірілген жіп. Италияның жақсы мохері. Түркістанда қымбат тұрады, - жылпылдай жауап қатты Әлішер.

Машинаға отырғасын Махан Әлібектен сұрады: «Бесінші бригаданы басып Таразға барар тұра жолды білесің бе?». «Жоқ» - деген жауап алғасын, жолды өзі көрсететінін айтты.

Еш жерде тоқтамай жүріп отырса да, Арыстан – Баб хазіреттің кешеніне тек түнортасы ауа жетті.

Қою қараңғылықты, көліктің шамдары жекеменшік үйлердің қарауытқан тұлғаларын әзер көрсетеді.

Жолға үйіне шақырып қолдарын бұлғаған әйел жүгіріп шықты. Тоқтауға тура келді.

-Қолдарыңды жуып, дастарқанға келіңіздер, - тек осылардың келуің күтіп отырған адамша әйел бұйыра сөйледі.

Бүкіл тобырды шамасы қабылдауға арналған алғы бөлмеге ертіп кіргізді. Аласа, тік бұрышты үстелде айнала қоршай түрлі жастағы онбес шақты әйелдер бесбармақ жеп отыр.

-Саламатсыздар ма, жоғары шығыңыздар. Сіздерді біздің құрбандық беру асымызға Құдай жіберген шығар, - әйелдер қуана шақырды.

Ас ішіп алып төртеуі де мазарға беттеді. Қасиетті хазіреттің басында дұға оқып алып, түн өткізуге арналған кішігірім залда жайғасты. 10х6 метрлік бөлме қабырғасына бас сүйеген қажыларға толы. Біреулері ұйқыда, кейбірі ақырын сөйлеп әңгіме шертісуде. Үшінші біреулер төбеге қарап жатып ойға батқан.

Достар еденге жайылған кілемдер үстіне арқаларын ағаш бағаналарға тірей отырыса кетті. Жол жүрістен қажып келген Әлібек ұйықтап кеткенін байқамады да.

Түсінде өзінің Жеңіс мерекесінде өкімет мінбесінде тұрғаның көрді. Кенет Генералиссимус формасын киген Сталин пайда болды. Жеңіс тұралы оған баяндауға тиіс маршал Жуков бірдеңе болып қысылып, бөгеліп қалды. Ыңғайсыз тыныштық орнады.

-Жолдас Сталин! Біз жеңдік! – бір қадам алға аттап, бас киімсіз болса да қолын шекесіне таяп, Әлібек қатты дауыстап, салтанатты үнмен баяндады.

- Жарайсың! – оның істегенін құптап, көсем өз кеудесінен жұлып алған орденді Әлібекке қадады, ал ол жаны толық шаттықтан оянып кетті.

«Бұл нені білдіргені?» - жасырын детектив тынышсызданып кетті. – Қайдағы бір шатақ тұс! Жоқ, мұнда тағы бір рет, тек таза оймен келу керек болады.

Оғаш түстің Әлібекке әсер етуі сондай, одан әрі не болғаны оның есінде шала-пұла қалыпты. Оның ожданы әлем мұсылмандары қадір тұтатын киелі орында қайдағы бір тұрмыстық шаруаға бола келгені үшін жанын қинап бітті. Жанын жабырқаулық басып, жата қалып өле кеткісі келеді. Оның сырқыраған жандүниесіне өлім ғана ем болардай көрінді.

                                                     6 – Тарау

 

                                          Түркістанның қара түні

 

Ізден адастыру мақсатында  біздің жолаушылар қараңғы түскесін қаланы айналып шығып, биіктігі екі адам бойына жуық дуалмен қоршаған шолақ көшеге шықты. Мұның алдында Әлібектің назары қызыл жұлдызшылар салынған жасыл қақпасы бар, жарығы сөнбеген үйге түскен болатын.

«Не аудандық әскери комиссариат, не ҰҚК,» - жас детектив риза болып түйіндеді, - бұл да болса бір нысана ғой. Құдайға шүкір!»

Дуалдын артына терең тығылған, бірақ өзен ұлутасымен қабырғалары жабылған үйдің алдында тоқтады. Төлеу мен Алішер үй иелерімен аз-кем сөйлескеннен соң, төбетейлі ұзынтұра еркек қақпа ашып кіруге ишарат жасады.

Қорабтарды түсіріп, кешке асқа дайындалық басталды. Әлібек үйде, қонақтардан өзге алты адам санады: әкесі, төрт ұлы және бір, шамасы жалшы болар, аласа бойлы бірақ мығым денелі, отыздар шамалас, түсі каһарлы жігіт. Ал әйелдер санын есептеп шығару мүмкін болмады, олар жертөледе тұрады екен, біреулеп жүгіре басып аулаға шығады да, қараңғы жерде бірдеңе жасап, сол жолмен жылп етіп кейін оралады.

«Иә-ә-ә, бірдеңе бола қалса, есеп менің пайдама емес» - Әлібек мұңая ойлады, бірақ сол сәтте қажетсіз ойларды құып тастады.

Дастархан басында Әлібекті сыйлы орынға отырғызды. Үй иесі,  жетпістер шамалас, бірақ әлі тың, жас адамша сымбатты Ибрагим-ака, қазақша таза сөйлей отырып, үй жандармен таныстырып, асықпастан Әлібектің тұқымын, тұмаларын, білімін, жұмысын сұрап біліп алды.

Біртіндеп әңгіме ортақ тақырыпқа ауысты. Негізінен діни мәселелер талқыланды. Ибрагим-ака бірте-бірте Әлібектің дүниетанымын, Исламның, Құранның негіздеріне қатынасын анықтап отырғаны белгілі болды.

-Мұның жүрегінде Иман жоқ, ол мұсылман бола алмайды, - кенет Әлішердің каһарлы дауысы шықты.

- Ол неге сонда? – Әлібек қабағын шытты.

- Сен Арыстан-Баб пен Яссауидің сүйектері жатқан қасиетті жерді қастерлемедің, - мемлекеттік айыпкер даусымен Төлеу кіна тақты.

«Басталған тәрізді, - детектив шошынып қалды. – Міне неге әкеп соқтырды жендет қолынан алған марапат» - Әлібек «Халықтар көсеміне» қатты ашулы отыр.

-Біздің қонағымыз әлде де өзінің ойлары мен істерінің тазалығын дәлелдей алады, - бітістіре, бірақ даусына қорқыту нышан бере, Ибрагим-ака тартысты жалғастырмай, тоқтау салды.

Кешкі ас толық унсіздікпен тамамдалды.

«Аулаға шығам да, машинаны тастап, қоршаудан секіріп өтіп тайып тұрам, тапсын сосын мені» - базғы десантшы алдын ала шешім жасады.

-Жүріңдер, біздің баспахананы көріп келейік, - Әлішер отырғандарды түгел шақырып, бейбіт қалыппен соңына ертіп кете берді. Түкпір бөлмеде компьютерді шұқылап мүлдем жас бала – жігіт отыр.

«Міне саған, сектанттар» - Әлібек сыртқа білдірмей таңданды. 

Ибрагим-аканың ұлдарының бірі еденде тұрған қоқыс салынған жәшіктердің бірін ысырды, астында жасырын люк бар болып шықты. Оның темір қақпағын ашып, жігіт тесікке қолын тығып электр шамын жақты.

Әлішер тізелей отырып одан бірдеңе іздеп қарап алды да, орнын Әлібекке беріп, «қара» деп ым жасады. Әлібек те солай отырып, төменге көз салды...

Көздерінен мыңдаған ұшқындар шашылып, «ох» деуге ғана шамасы келген ол Ибрагим-аканың тамұғына барып топетті.

                                                

                                                                      7 – Тарау

                                                            Жаңғырған өмір

 

-Қайталауға жалықпаймын, Дастан Темірович, бұл аса қатерлі топ болатын, - Мұрат Әлімов шынысын сындырмауға тырысып, бірақ қолын құлаштай сермеп үстелді соғып қалды.

Әңгіме ҰҚК-ның діни экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы полковник Әлімов Мұрат Әлімовичтің кабинетінде өтіп жатыр.

-Бүгінгі күнге біз топтық басшыларын, мүшелерін, дем берушілерін – барлығы он төрт адамын түтқындап, қалғандарын іздеп жатырмыз...

- Кешір, Мұрат, бұл топтың атауы қандай? – қызу қанды әңгімелесушісі түкірігіне шашалып қалғанын пайдаланып Дастан Темірович сұрақ қыстырып үлгерді.

- «Джамаат аль-мұслими»

- Ондай халықаралық ұйым бар деп естімедім.

- Бұл атышулы «Ал-Каеданың», Орта Азия мен Қазақстанда әрекет жасауға бағыттылған бұтағы.

Теміров таңданған және ұғынбаған түрмен бас шайқады.

Қонағының қызығушылығы шабыттандырған полковник топта қалыптасқан әскери тәртіп, қатал конспирация, жасырын әрекеттер, шетелдің қаржыландыру, терроршылар мен «өлімшілер» дайындау жайлы әңгімесін жалғастырды. Осының бәрі – оның өмірі; оның аққу әні; оның мойнына ілінген бұғауы... Ол жұмысын өлердей сүйеді, бірақ бірінші кезекте ол халқын сүйеді, күні – түні оны басына келер бәледен құтқару жайын ойлайды.

Бүгін Әлімов – ҰҚК полковнигі.

-Ағай, менің осы қызметте отырғаныма он жыл толды. Осы жылдар ішінде үйленіп, КазМУ бітіріп үлгердім, -  ҰҚК-ның коменданттық қызмет прапорщигі Әлімов Мұрат омырауына тағылған ромбикті түрткілеп көрсетті. – Бірақ орнымнан жылжи алмай қойдым – «Жүнді қол» керек. Ал оны мен қайдан аламын – жетімекпін ғой.

- Жақсы, Мұрат, мен сені өз бөліміме офицерлік қызметке алайын, - ҰҚК орталық аппаратының бөлім бастығы полковник Теміров күлімсіреді.

«Бұл әңгіме қай жылы болып еді?» - Теміров өткенді еске алуға қалай тырысса да, базғы шәкіртін жаудырған деректері мен сандары жадын жаңғартуға мүмкіндік бермей қойды.

«Бірақ, құдайға шүкір, ол болған іс, бұған өміріне жолдама берген мен» - зейнеткер – полковник өзіне риза болып отырып, «Барыс» агенттігінің қызметкері Есімов Әлібек  туралы әңгімені бар ықыласын салып әрі қарай тыңдай берді.

-Сіздің мені ертеректе Әлібекпен ойламаған жерде таныстырғаныңыз қандай жақсы болды, әйтпегенде біз Түркістанда ол серіктерінен босап кафенің әжетханасына кіргенде сағат алмастыра алмаған болар едік.

- Құдайдың жазмышы солай шығар.

- Мен оған бұлар бір маркалы сағаттар, бірақ мынаған радиоқабылдағыш орнатылған, қолыннан шешпе – деп түсіндіріп сізден сәлем айтқам.

- Ол зейінді жігіт, - Теміров мақтап қалды әріптесін.

- «Арыстандағы» жігіттер ана үйге басып кіргенде қарақшылар Әлібекті жаңа ғана азаптай бастаған екен.

Дастан Темірович бозараңдап еріндері мен жұдырықтарын түйіп алды.

-Сіз онша қасіреттенбеңіз, Дәке, - Әлімов стаканға су құйып жатып алып бүркітше үстел үстіне төнді. – Бәрі жақсы! Клиникада біраз жатып, психикалық бейімделу курсын өтеді – сосын базғы қалпына келеді.

Теміров су ұрттап, жүрек тұсына массаж жасады.

-Міне осылай, сендер үшін күйіп-пісіп жүреміз, - ол Әлімовқа кінәрат арта сөйледі.

- Қай жерде ол өзін ашып алды екен?

- Белгісіз. Мүмкін сақтандырылған түрлері, мүмкін көлігін иелену үшін болар.

- Әлібек, әрине, маман емес, және тақуа да емес. Бірақ, Құдай қолдаса, одан нағыз опер шығады.

- Дастан Темірович, мен басшылыққа баяндадым, Әлібегіңізді марапаттауға ұсынбақпыз. Оның түсіне де кірмеген...

- Түсіне кіру, кірмеу деген не сөз, Әлібек бұл іс үшін орден да тағуға тиіс, - күлім қаққан Теміров қолын ұсынды.

Полковник Әлімов, ризалық білдірген ұлындай, өзінің ескі ұстазының қолын екі қолымен ұстап сілкілей қысты.

 Өмір жаңғыруда, мырзалар!

 

                                                           СОНЫ

Қазақ тілінде жазылған